«Еуразиялық банк» АҚ директорлар кеңесі 2015 ж. «15» желтоқсандағы №135 хаттама


IV БӨЛІМ. КАРТОЧКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата12.03.2017
өлшемі0,92 Mb.
#9125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

IV БӨЛІМ. КАРТОЧКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР 

 

1-тарау. Терминдер глоссарийі 

54.

 

Стандартты  талаптардың  басқа  бөлімдерінде  және  өзге  (ілеспелі)  құжаттарда  қолданылған 



терминдер осы Тарауда келтірілген терминдермен бірдей – ҚР заңнамасында/ банктік тәжірибеде 

іскерлік  айналым  рәсімінде  сәйкес  қолданылатын  терминологияға  сәйкес  келеді,  бірақ  келесі 

анықтамаларға/өлшемдерге  сәйкес  келсе  ғана  Карточкалық  операцияларға  қатысты  қолданылуы 

мүмкін:  

1)

 

Авторландыру  –  Банктің  Операцияны  жүзеге  асыруға  рұқсаты.  Сәтті  (оң)  Авторландыру 



нәтижесінде Шығыстар лимиті Авторландыру сомасына азаяды.    

2)

 



Картаны  белсендендіру  –  Қолжетімді  лимитке  немесе  қандай  да  бір  басқа  талаптарға 

байланыссыз    Банк  таңдайтын  кез  келген  әдіспен  Банктің  Авторландырудан  бас  тартуымен 

уағдаласылған  Клиенттің  Операцияны  жасауға  техникалық  шектеуді  Банктің  жоятын  рәсімі. 


Активтеу Клиенттің ДСН-кодты енгізумен Картаны қолдана отырып бірінші шығыс Операциясын 

жүргізу арқылы жүзеге асырылады; 

3)

 

Банк – «Еуразиялық банк» АҚ, оның ішінде Карта Эмитенті мен меншік иесі. Бұл түсінікке 



Банк  филиалдары  мен  бөлімшелері  және  Банктің,  оның  филиалдары  мен  бөлімшелерінің 

қызметкерлері кіреді.    

4)

 

Банкомат – Операцияларды жүзеге асыруға арналған электронды-механикалық құрылғы. 



5)

 

Картаны оқшаулау – Операцияларды жүргізуге толық немесе уақытша тыйым салу. 

6)

 

Сыйақы – Банкке тиесілі ақшаның жылдық мөлшері есебінен Кредит сомасына пайыздық 



қатынасымен анықталған, Кредитті қолданғаны үшін алынатын ақы. 

7)

 



Үзінді-көшірме  –  Банк  құрастыратын  және  оның  ішінде  Өтініш  талаптары  мен  Банк 

Тарифтеріне  сәйкес  ұсынылатын  өткен  Есеп  айырысу  кезеңі  ішінде  жүргізілген  Операциялар 

көрсетілетін  Шот бойынша ай сайынғы және/немесе қосымша үзінді-көшірме. 

8)

 



Болашақта  түсетін  ақша  –  Клиенттің  Шотқа  түсетін/  түскен  жалақысы,  үстемесі, 

сыйлықақылары,  Сыйақылары,  материалдық  көмек,  ынталандырушы  және  өтемдік  сипаттағы 

төлемдер, жәрдемақылар, қосымша ақылар мен барлық өзге төлем сомалары. 

9)

 



Қосымша  Карта  –  Шот  бойынша  Клиент  Картасына  ресімделген  және  Клиентке  немесе  

Клиенттің Сенім білдірілген тұлғасына берілетін карта. Қосымша карталар бойынша операциялар 

Қолжетімді лимит шегінде ғана, Клиенттің Қосымша картаны ұстаушысына рұқсат берген сомада 

ғана жүзеге асырылады. Кредит лимиті/Кредит сомасы шегіндегі Операцияларды қосқанда, Клиент 

болып  табылмайтын  Қосымша  картаны  ұстаушысы  жүргізген  барлық  операциялар  үшін  Клиент 

жауапкершілікте болады және міндеттемелер көтереді.        

10)

 

Қолжетімді  Лимит  –  Тарифтерге  сәйкес  есептелген,  бірақ  төленбеген  Сыйақы  мен  өзге 



төлемдер  (айыппұлдар)  және  Банк  қаржылық  растау  алмаған  оқшауландырылған  Операциялар 

сомалары шегерімімен Шоттағы меншік ақша және Кредит лимитінің (бар болса) қалдық сомасы. 

11)

 

Клиенттің Сенім білдірілген тұлғасы – жеке тұлға, Клиент Шотына Қосымша карта арқылы 



толық  немесе  шектеулі  қолжетімділікке  құқылы  Қосымша  карта  ұстаушысы.  Қосымша  картаны 

қолданудың тәртібі мен талаптарын (Шығыстар лимиті, Операциялар лимиті) Банкте белгіленген 

нысандар бойынша сәйкес құжаттар ресімдеу арқылы Клиент белгілейді. 

12)


 

Тіркелген  телефон  нөмірі  –  Банк  Клиенттің  сәйкестендіру/түпнұсқаландыруын  тексеру 

кезінде қолданатын Клиенттің телефон нөмірі.   

13)

 

Өтініш  –    Клиент  толтырып,  Банкке  беретін  және  Клиенттің  оферта  түріндегі  түрлі 



ұсыныстарынан тұруы мүмкін және Клиенттің Банкке Кредит беру туралы ұсынысынан тұратын 

арнайы  нысан  (Клиенттің  өтініші  мен  Клиент  пен  Банк  арасында  жасалған  төлем  картасын 

қолданумен банктік шот ашу және төлем картасын беру шарты немесе төлем картасын қолданумен 

банктік шот ашуға, төлем картасын шығаруға және «Еуразиялық банк» АҚ банктік және өзге қызмет 

көрсетудің стандарты талаптарына (Қосылу шарты) қосылуға өтініш; 

14)


 

Сәйкестендіру – Банктің Клиенттің жеке басын Карта деректерінің, оның ішінде Карта ДСН-

кодын,  Интернет-банктің  Логині  мен  Паролін,  Мобильді  банктің  Логині  мен  Паролін, 

Қолжетімділік кодтарын  енгізумен расталатын анықтау және/немесе Клиенттің Интернет-банкке, 

Мобильді банкке кіруі, IVR арқылы қызметтер алу үшін немесе Клиентке сәйкесінше Телефон-банк 

және SMS-банкті қолданумен қызмет көрсету мақсатында қолданылатын өзге ақпараттар негізінде 

куәландыруы.   

14-1)  АТТ  –  көрсетілген  банктік  қызметтер  үшін  өзіне-өзі  қызмет  көрсету  тәртібінде  жеке 

тұлғалардың  төлемдерін  одан  әрі  жүргізу  үшін  банкноттарды  қабылдауды,  түпнұсқалығына 

тексеруді  және  сақтауды  қамтамасыз  ететін  ақпараттық  төлем  терминалы,  электрондық-

механикалық құрылғы.  

15)

 

Карта – Банктің Клиентке/Клиенттің сенім білдірілген тұлғасына Өтініш және өзге құжаттар 



негізінде беретін төлем жүйесінің Банк айналысқа шығаратын пластикалық төлем картасы. Карта 

Шоттағы ақшаға электронды терминалдар және/немесе өзге электронды-механикалық құрылғылар 

арқылы  қолжетімділік  құралы  болып  табылады  және  Карта  ұстаушысына  Карточкалық 

операцияларды  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  ақпараттан  тұрады.  Карта  дебеттік  және 

Кредиттік болып бөлінеді. Карта атаулы немесе шұғыл шығарылатын атаусыз немесе  алдын ала 

төленген төлем картасы болуы мүмкін. 

16)

 

Клиент  (Карта  ұстаушы)  –  Банкке  Өтініш  берген  және  Шартқа  қосылған  жеке  тұлға,  ҚР 



резиденті.  Клиент  Картаны  алғаннан  кейін  Карта  ұстаушысы  болады.  Егер  өзгесі  тікелей 

белгіленбесе, Стандартты талаптарда Карта ұстаушы деп Қосымша картаны ұстаушыны айтады.   



17)

 

Анықтау  коды  –  Банктің  дауыстық  меню  қызметіне  қоңырау  шалғанда  Клиентті 

сәйкестендіру үшін қажетті, Банктің Клиентке беретін коды. 

18)


 

Код сөзі – Клиент Өтінішті толтыру кезінде белгілейтін және Банкке ауызша жүгінген кезде 

Клиентті сәйкестендіру үшін қажетті құпия сөз.  

19)

 

Кредит – Банк Клиентке Карта бойынша Кредит лимиті шегінде, Өтініш/ Клиентке Кредит 



лимитін  беру  шартының  талаптарына  байланысты  анықталатын  мерзімділік,  төлемділік, 

жаңғыртпалы және қайтарымдылық талаптарында берілетін банктік қарыз (негізгі борыш сомасы). 

Клиент  Шот  бойынша  бірінші  шығыс  операциясын  жасаған  мезеттен  бастап  Кредит  берілген 

(игерілген) болып есептелінеді.     

20)

 

Кредит  лимиті  –  Банк  Клиенттің  меншік  ақшасынан  бөлек  белгілейтін,  Клиенттің  Кредит 



бойынша біржолғы берешегінің ең жоғары рұқсат етілген мөлшері. Шотқа есептелген/ Банк оның 

сомасын белгілеген мезеттен бастап кредит лимиті берілген болып есептеледі.  

21)

 

Операциялар  Лимиті  –  Банк  және/немесе  Карта  ұстаушысының  өзі  анықтаған  уақыт 



кезеңінде және Операциялардың белгілі бір түрлеріне Карта ұстаушысы жаратуы мүмкін сома. 

22)


 

Жеңілдік  кезеңі  –  Клиент  Тарифтерде  белгіленген  талаптарды  орындағанда  Сыйақы 

есептелмейтін және Клиенттен өндірілмейтін кезең. 

23)

 

Ең төменгі төлем – Төлем кезеңі ішінде және Шартта және Банк Тарифтерінде анықталған 



және  Үзінді-көшірмеде  көрсетілген  Төлем  күніне  дейін  (осыны  қосқанда)  Шотты  толықтыру 

көзделген Жалпы берешектің бөлігі.     

24)

 

Картаны заңсыз қолдану – Картаны немесе оның деректерін: 



 

Авторландыруды жүргізу кезінде ҚР заңнамасына немесе Картаға қызмет көрсету орнындағы 



талаптарға қарсы қолдану; 

 



Картаны Банктің немесе ТЖ беделіне нұқсан келтіретіндей түрде қолдану; 

 



үшінші тұлғалардың Картаны немесе Картаның кез келген деректерін Клиенттің рұқсатынсыз 

қолдануы; 

 

Картаны Стандартты талаптарға сәйкес қолданбау. 



25)

 

Рұқсат  етілмеген  овердрафт  –  Карта  ұстаушысының  Шоттан  есептен  шығарылған 

Операциялар сомасының Қолжетімді лимиттен асуы нәтижесінде қалыптасқан Клиент берешегі. 

26)


 

Қамтамасыз  ету  –  Клиенттің  Шарт,  Кредит  лимитін  беру  туралы  шарт  бойынша  Банк 

алдындағы міндеттемелерін орындауының қамтамасыз ету әдісі. Сақтандыру депозиті және/немесе 

кепілдік және/немесе Клиенттің Банкте /басқа банктердегі кез келген өзге банктік шоттағы ақша 

қалдығы  және/немесе  Шоттағы  ақша  және/немесе  Шотқа  болашақта  түсетін  ақша  Карта  мен 

кредиттің қамтамасыз етуі болып табылады. Клиент немесе өзге тұлғалар (заттық кепілгер, кепілдік 

берушілер)  қамтамасыз  етуді  Шарттың  әрекет  ету  уақытында  Банкке  Клиенттің  (және  Қосымша 

карталарды ұстаушылардың) Банк алдындағы міндеттемелерін тиісті түрде орындау үшін береді.         

27)


 

Жалпы берешек – Кредит; есептелген, бірақ төленбеген Сыйақы; комиссиялар (бар болса) 

және Клиенттің Банк алдындағы өзге міндеттемелері бойынша берешектер, оның ішінде Қосымша 

картаны  ұстаушы  жүргізген  Операциялар  салдарынан  жиналған  берешек  кіретін  Клиенттің  Банк 

алдындағы жиынтық берешегі. 

28)

 

Операция (Карточкалық операция) –  



 

Карта/оның деректері арқылы жүзеге асырылған транзакция



 

Клиенттің/үшінші  тұлғалардың  тапсырмаларын  орындау,  Картаны  сатып  алынған  тауарлар 



мен қызметтерге төлеу үшін қолдану; қолма-қол ақшаны алу; Шотты толықтыру; Шот бойынша 

Шығыс операциялары; банктік комиссиялар, Банк Тарифтері бойынша Сыйақы төлеу, Сыйақыны 

Шартта  белгіленген  мөлшерде  және  тәртіпте  төлеу;  ҚР  заңнамасында  белгіленген  негіздемелер 

бойынша ақшаны алып алу кезінде Шотты дебеттеу немесе кредит беру; 

 

ҚР заңнамасында және Шартта қарастырылған Клиентке өзге банктік қызмет көрсетуді жүзеге 



асыру. 

29)


 

Негізгі борыш – капиталдандырылған комиссиялары мен Клиенттің Банкке Төлем кезеңінде 

толық/ішінара  (Кредиттің  талаптарына  сәйкес)  төлеуі  тиіс  өзге  төлемдері  сомасын  қосқанда 

жасалған Қарыз операцияларының сомасын білдіретін Клиенттің жалпы берешегінің бөлігі. 

30)


 

ДСН-конверт  –  Карта/Қосымша  карта  ұстаушыға  берілген,  ішінде  ДСН-код  жазылған 

қосымша парағы бар жапсырылған арнайы конверт

31)

 

ДСН-код  –  Карта  ұстаушыға  берілетін  және  Карта  ұстаушыны  сәйкестендіруге  арналған 



дербес сәйкестендіруші нөмірі. ДСН-кодты дұрыс енгізу (Банктің немесе ТЖ АТ жүйе деректеріне 

сәйкес) Карта ұстаушысының өз қолымен қойған қолына теңестіріледі. 



32)

 

Мерзімі  кешіктірілген  төлем  үшін  ақы  –  Төлем  кезеңі  ішінде  Ең  төменгі  төлемді  толық 

енгізбегені және/немесе енгізбегені үшін Клиенттің Банкке төлейтін тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, 

айыппұл). 

33)

 

Төлем  жүйесі  (ТЖ)  –  Операцияларды  ТЖ  ережелеріне/нұсқаулықтарына  сәйкес  жүзеге 



асырылуын  қамтамасыз  ететін  бағдарламалық-техникалық  құралдардың,  құжаттардың  және 

ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың жиынтығы. Стандартты талаптар шеңберіндегі ТЖ: 

 

American Expres халықаралық төлем жүйесі; 



 

MasterCard International халықаралық төлем жүйесі; 



 

Visa International халықаралық төлем жүйесі. 



34)

 

Төлем кезеңі  –  Клиент  Шотқа  Ең  төменгі  төлемді/Берешектің жалпы  сомасын  енгізуі  тиіс 

уақыт кезеңі.  

35)


 

Картаны  қолдану  ережесі  (Ереже)  –  Стандартты  талаптардың  осы  бөлімінің  2-тарауында 

көрсетілген Клиенттің Картаны қолдануына, сақтауына қойылатын талаптар.  

35-1) Карта / шот бойынша қозғалыстар туралы ақпараттарды SMS-хабарлама арқылы беру – жеке 

тұлғалар  –  негізгі  карта/  қосымша  карта  ұстаушыларға  ұсынылатын  қызмет.  Негізгі  карта 

ұстаушының ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама арқылы картаны немесе оның деректемелері 

қолданылып жүргізілген шот бойынша операциялардың әрқайсысы туралы хабарлама, сондай-ақ 

картаны қолданумен байланысты кейбір сервистік операциялар туралы ақпарат жолданады.  

Қосымша карта ұстаушының ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама арқылы картаны немесе оның 

деректемелері қолданылып жүргізілген шот бойынша шығыс операциялардың әрқайсысы туралы 

хабарлама жолданады.  

36)

 

Мерзімі кешіктірілген Негізгі борыш – Клиенттің Жалпы берешегінің бөлігі, ол осы сома 



Клиентке  өтеуге  қойылған  кезең  ішінде  Клиент  қайтармаған  (төлемеген)  капиталдандырылған 

комиссиялар  және  басқа  төлемдер  сомасын  қоса,  жүргізілген  Қарыз  операцияларының  сомасын 

білдіреді. 

37)


 

Карталарға Қызмет көрсету орны (ҚО) – Карталар қолма-қол ақша алу немесе тауарлар мен 

қызметтер  сатып  алу  үшін,  с.і.  Картаны    көрсетпей  де  (Интернет-саудагерлер  және  т.б.) 

пайдаланылады.  

38)


 

Рұқсат етілген овердрафт – Клиент Картасы бойынша Кредит лимиті шеңберінде берілетін 

Кредит түрі, ол бойынша Есеп айырысатын күндегі Жалпы берешектің барлық сомасы ай сайын 

өтелуі тиіс.  

39)


 

Есеп  айырысатын  күн  –  Есеп  айырысу  кезеңі  ішінде  Кредитті  пайдаланғаны  үшін  Банк 

Сыйақы есептейтін күн.  

40)

 

Есеп  айырысатын  кезең  –  осы  кезеңде  ескерілген  Операциялар  кезекті  Үзінді-көшірмеге 



енгізілетін уақыт кезеңі.  

41)


 

Жаңартпалы  (Револьверлік)    Кредит  –  Клиент  Картасы  бойынша  Кредит  лимиті 

шеңберінде  берілетін  Кредит  түрі, ол  бойынша  Есеп  айырысатын    кезең  үшін  Есеп  айырысатын 

күндегі  Негізгі  борыш  бөлігі  мен  Банк  есептеген  Сыйақыға  пайыздық  қатынасымен  белгіленген 

сома ай сайын өтеуге шығарылады. 

42)

 

POS-терминал  –  «Point  of  sale»  (сауда/  сервис  орны)  ағылшын  сөз  тіркесінің  қысқартуы: 



тауарлар  мен  қызметтер ақысын  төлегенде,  қолма-қол  ақша  алғанда,  Шотты  қолма-қол  ақшамен 

толтырғанда Авторландыруға арналған құрылғы.  

43)

 

Құпия  код  (CVV2)  –  ҚО-да  Картаны  пайдаланбай  жүргізілген  Картаның  кері  бетіндегі 



Операцияларды  растауға  арналған  Карта  Ұстаушының  қол  қоюына  арналған  панелдің  жанында 

орналасқан үш саннан тұратын код. Құпия кодты енгізу Карта Ұстаушының өз қолымен қол қоюмен 

теңестіріледі. 

44)


 

Слип – Операцияны растайтын құжат (POS-терминал чегі, Импринтер, ATM, немесе чек). 

45)


 

Дауыстық меню қызметі (IVR - Interactive Voice Response) – дауыстық меню қызметі, оның 

көмегімен Клиент ДСН-кодты белгілеу, Шот бойынша қолжетімді лимитті сұрату және басқалар  

сияқты  Банк  қызметтерін  ала  алады.  Банк  дауыстық  меню  қызметі  арқылы  ұсынатын  қызметтер 

тізбесі Банктің қарастыруымен кеңейтілуі/өзгертілуі мүмкін. 

46)

 

Карта ұстаушыларға қолдау көрсету қызметі – Клиенттің қоңырау шалуларын қабылдауды 



және өңдеуді, Банк өнімдері мен қызметтері туралы ақпараттандыруды, активтендіруді, Карталарды 

оқшаулауды  және  Клиетке/Қосымша  Карта  ұстаушыға  ағымдағы  қызмет  көрсету  үшін  Банк 

анықтайтын басқа қызметтерді іске асыратын Банктің құрылымдық бөлімшесі. 


47)

 

Сақтандыру депозиті  –  Клиент Банкте жеке шотқа салатын және Банк Шарттың әрекет ету 

мерзімі  аяқталғанға  дейін  оқшаулайтын  сома.  Сақтандыру  депозитін  Қамтамасыз  ету  ретінде 

пайдалануға болады. 

48)

 

Стоп-тізім  –  бүлінген,  тоқтатыла  тұрған  және  жоғалған  Карталар  тізімі.    Стоп-тізімдегі 



Карталар әрекеті  тоқтатыла тұрады және Картаны пайдалануға тыйым салынады.  

49)


 

Шарттың  әрекет  ету  мерзімі  –  Тараптардың  Шарт  бойынша  міндеттемелері  толық 

орындалғанша Шарт әрекет ететін уақыт кезеңі. 

50)

 

Шот (Ағымдағы шот) – Банк Клиентке Карточкалық операцияларды орындау үшін ашатын 



Картаны пайдаланатын банктік шот. 

51)


 

Банк Тарифтері – Банктің уәкілетті органдары бекіткен Банк Шотты ашу, жүргізу, қызмет 

көрсету,  жабу  қызметтерін  көрсеткені  үшін,  Карта  бойынша  Кредит  лимиті  шеңберінде  қызмет 

көрсету  және  Кредит  берудің  кейбір  талаптары  мен  түрлерін  анықтай  алатын  Шарт  бойынша 

міндеттемелерді  бұзғаны  үшін  Банк  комиссияларының/тұрақсыздық  айыптарының  мөлшері. 

Тарифтер  Банк  сайтында  жарияланады,  ал  Кредит  лимиттері бойынша  Тарифтер  Кредит желісін 

беру туралы шартта басқа қағаздық және/немесе электрондық тасымалдағыштарда көрсетіледі.  

52)

 

Картаны жоғалту – Картаның жоғалуы, ұрлануы, алып алынуы, сондай-ақ Картаның нөмірі, 



әрекет  ету  мерзімі,  үшінші  тұлғаның  магнит  жолағын  кодтау  немесе  Карта  чипінің  мәліметтері 

туралы ақпарат алу, оның ішінде Заңсыз пайдалану мақсатында.   

53)

 

ЭСҚ  –  электрондық-сандық  қол.  Банк  беретін  логин,  пароль  және  басқа  кодтар  Карта 



Ұстаушының өз қолымен қол қоюмен теңестіріледі. 

54)


 

CashBack  (бұдан  әрі  –  Қайтару  немесе  CashBack)  –  тауарлар  мен  қызметтерге  қолма-қол 

ақшасыз  төлем  жасау  операцияларын  жүргізген  кездегі  ақшаны  қайтару  функциясы  (сатып  алу 

құнының бір бөлігін), оның мөлшері мен талаптары Банктің тарифтерінде анықталады.  

55)


 

МСС  (Merchant  Category  Code  –  сатушы  санатының  коды)  –  сауда  және  сервис  кәсіпорны 

қызметінің түрін топтастыратын және Карта қолданылатын немесе ол туралы электрондық ақпарат 

беру кезінде оның деректемелері бар операцияларда қолданылатын 4 таңбалы нөмірді білдіреді. 

 

2-тарау. Картаны пайдалану ережесі  

55.


 

Банк  дайындалған  Картаны  тікелей  Клиентке  немесе  Клиенттің  Сенім  білдірілген 

тұлғасына  береді.  Картаны  алу  кезінде  Карта  Ұстаушы  Картаның  кері  бетіндегі  арнайы 

қарастырылған жолға қол қоюға міндетті. 

56.

 

Банк  Картаны  шығаруды  және  беруді  Клиент  Өтініш  берген және Банкке Тарифтерге  сәйкес 



Картаға  жылдық  қызмет  көрсету  үшін  комиссия  төлеген  күннен  бастап  іске  асырады.  Картаны 

Өтініш  бойынша  әп-сәтте  беруді  Банк  Клиент  Тарифтерге  сәйкес  қызмет  ақысын  төлегенде  іске 

асырады.  

57.


 

Клиент Картаның пайдалану мерзімі аяқталғанда  пайдаланудан бас тартқан жағдайда мерзімі 

аяқталғанға дейін 30 күн бұрын Банкті хабардар етуге тиіс. Мерзімінде хабардар етпеген және Банк 

жаңа нөмірімен және әрекет ету мерзімімен жаңа Картаны дайындаған жағдайда Банк Клиенттен 

Картаның  келесі  әрекет  ету  мерзімі  үшін  ақы  ұстап  қалады.  Клиент  Картаны  пайдаланудан  бас 

тартқан жағдайда Банкке уақытында хабарламағанда, Банк Карта қайта шығарылғаны үшін алынған 

ақыны қайтармайды. 

58.


 

Клиент   Банкке  Өтінішті  уақытында бергенде және  Банкке  оның  тарифтеріне  сәйкес  Картаға 

жылдық қызмет көрсетілгені үшін сыйақыны төлегенде, егер мұндай Тарифтерде қарастырылған 

болса,  Банк төлем Картасын әп-сәтте шығаруды іске асыра алады. 

58-1. Банк мультивалюталық карта шығарған кезде теңгеде ашылған Шотқа қосымша ретінде АҚШ 

долларында және еурода қосымша шот (қосалқы шот) аша алады.  

Транзакциялар  жүргізілген  кезде  транзакция  сомасы  бірінші  кезекте  транзакция  валютасында 

ашылған шоттан есептен шығарылады, қаражат жеткіліксіз жағдайда ақша келесі тәртіпте есептен 

шығарылады: 

Транзакция  

валютасы  

Ақшаны есептен шығару 

тәртібі 

KZT 


KZT > USD > EUR 

USD 


USD > KZT > EUR 

EUR 


EUR > KZT > USD 

Бұл  ретте  рұқсат  етілмеген  овердрафтты  есепке  алу  және  өтеу,  сондай-ақ  рұқсат  етілмеген 

овердрафт үшін сыйақы және өсімпұл Банк тарифтеріне сәйкес теңгеде жүргізіледі (негізгі Шотта 

сома  жеткіліксіз  болған  жағдайда  рұқсат  етілмеген  овердрафтты  өтеу,  сондай-ақ  сыйақы  мен 

өсімпұл (бар болса) жоғарыда көрсетілген тәртіпте жүзеге асырылады). 

59.

 

Банк    көрсететін  қызметтер,  Банк  бекіткен  Операциялардың  Лимиттері  және  осы  қызметтер 



үшін  Банк  Тарифтері,  сондай-ақ  Банк  Тарифтеріндегі  өзгерістер  (ҚР  заңнамасымен  белгіленген 

шектеулерді қоспағанда) туралы Банктің операциялық залдарында, сондай-ақ  Интернет желісіндегі  

Банктің  WEB-сайтында  www.eubank.kz  мекенжайы  бойынша  айтылған  өзгерістер күшіне  енетін 

күнге  дейін  7  (жеті)  күнтізбелік  күн  бұрын  орналастырылған  жағдайда,  егер  Банк  пен  Клиент 

арасында  басқа  мерзім  шартпен  белгіленбесе,  Банк  Клиентті  тиісті  түрде  ақпараттандырған  деп 

есептеледі.  Клиент  Банктің  міндеті  көрсетілген  тәсілдермен  уақытында  ақпараттандырумен  ғана 

шектелетінін түсінеді және сөзсіз келіседі; ал Клиент барлық қажетті ақпаратпен дербес танысуға 

және Банкпен байланыста болуға міндетті. Осы тармақтың әрекеті Банк Клиентке берген Кредитке 

қызмет  көрсетуі  бойынша  Тарифтерге  қолданылмайды:  Кредит  желілері/Кредиттер  бойынша 

Тарифтерге  өзгерістерді  Тараптар    ҚР  заңнамасында  өзгеше  белгіленбесе,  Кредит  лимитін  беру 

туралы шарттың Қосымша келісіміне қол қою арқылы белгіленеді.   

60.


 

Клиент  шот  бойынша  1  (бір)  күнтізбелік  жыл  ішінде  Операциялар  (қозғалыстар)  жоқ  болған 

және Шотты жабу кезінде ондағы 500 (бес жүз) теңгеге дейінгі сома  Банктің қарастыруымен Банк 

табысының есебіне алынған жағдайда Шотты жабуға келісім береді. 

61.

 

Клиент үшінші тұлғалар Қосымша карталармен жасалатын барлық Операциялар үшін, сондай-



ақ  Шот  бойынша  жалпы  борышты  өтеу,  Банкке  келтірілген  шығын/залал  және  т.б.  үшін 

жауапкершілікте болады.  

62.

 

Банк  Шартқа  және  Операция  жүргізілген  күндегі  қолданыстағы  Тарифтерге  сәйкес  Сыйақы, 



комиссиялық және  басқа  төлем сомаларын  алады.  Өтініш  Шоттан  барлық төлемдерді,  сондай-ақ 

Банкке  Картаны  /  Қосымша  карталарды    ұстаушылар  келтірген  шығындарды  алып  алуға  Банкке 

берілген  тапсырма  болып  табылады.  Бұл  тапсырма    Клиент  міндеттемесі  болып  табылады  және 

біржақты тәртіппен қайтарып алынбайды. Көрсетілген сомаларды алып алу Банктің Клиент Шотын 

тікелей  дебеттеу  арқылы  іске  асырылады.  Шотта  ақша  жоқ  болғанда  Шарт  бойынша,  Кредит 

лимитін  беру  туралы  шарт,  Тарифтер  бойынша  берешек  сомасын  Банк  Клиенттің  басқа  банктік 

шоттарынан оларды тікелей дебеттеу арқылы және/немесе төлем талаптары негізінде өндіріп алады.  

Стандартты талаптарға қосыла отырып, Клиент Банкке тікелей, сөзсіз және қайтарып алынбайтын, 

оның ішінде тиісті шарттарда/келісімдерде және басқа ілеспе құжаттарда айтылған келісімін береді. 

63.


 

Шартқа қол қоя отырып, Клиент Шотта орналастырылған және Шотқа түсетін ақшаның пайда 

алушысы екенін  және Шотқа түсетін ақша көзі заңды екенін растайды.  

64.


 

ҚР заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Шотқа үшінші тұлғалардың ақша салуына рұқсат етіледі. 

65.

 

Қосымша картаны ұстаушының Картаны пайдаланып жасаған барлық Операцияларын Клиент 



жүргізген деп есептеледі.  

66.


 

Клиент Картаны пайдаланып, шығыс Операцияларын жүргізуді бастау үшін Клиентке Картаны 

іске  қосу  қажет.  Картаны  іске  қосу  бірінші  Операция  кезінде  ДСН-кодты  енгізу  арқылы  іске 

асырылады.  

67.

 

Карта, оның ішінде Қосымша карта, Клиент Өтініште көрсеткен тұратын мекенжайы бойынша 



поштамен  жөнелту  арқылы  немесе  Клиент  Банкке  жеке  өтініш  жасағанда  беріледі  немесе  Банк 

Клиентпен келіскен басқа тәсілмен беріледі. 

68.

 

ДСН-код, оның ішінде қосымша Карта бойынша Клиентке өзі Банкке жеке өтініш жасағанда 



ДСН-конвертпен берілуі немесе Банктің Клиентпен келісуімен  Клиент IVR жүйесі арқылы алуы 

мүмкін. 


69.

 

Шартқа  сәйкес  шығарылған  барлық  Карталар  Банк  меншігі  болып  табылады  және  Клиент 



Банктің  бірінші  талап  етуі  бойынша  Банкке  қайтаруы  тиіс.  Картаны  ұстаушының  оны    басқа 

Ұстаушыға немесе үшінші тұлғаларға пайдалануға беруіне рұқсат етілмейді. 

70.

 

Карточкалық  Операциялар  үшін  банктік  Шоттар  ашуға,  жабуға  және  жүргізуге  қатысты  ҚР 



заңнамасымен қатар және оған қайшы келмейтін бөлігінде халықаралық төлем жүйелерінің ережесі, 

халықаралық  банктік  тәжірибе,  іскерлік  айналым  дәстүрлері,  Банктің  ІНҚ  қолданылады. 

Халықаралық төлем жүйелерінің ережесі мен осы Стандартты талаптар және/немесе Кредит лимитін 

және/немесе басқа шарттар арасында кез келген алшақтықтар туындаған жағдайда тиісті халықаралық 

төлем жүйелерінің ережесі қолданылады. 

71.


 

Клиенттің жазбаша өтініші бойынша Банк үшінші тұлғаларға Қосымша карталар бере алады. 

Клиент  Қосымша  карталармен  үшінші  тұлғалар жүргізетін  барлық  Операциялар  үшін,  сондай-ақ 


Шот  бойынша  жалпы  борышты  өтеу  үшін  жауапкершілікте  болады.    Қосымша  карталарды 

ұстаушылар кінәсінен туындаған шығындар Клиент Шотының есебінен шығарылады. 

72.

 

Картаны үшінші тұлғалардың пайдалануына және/немесе кепілге беруге тыйым салынады.  



73.

 

Уәкілетті етілмеген тұлға көрсеткен Карта алып алынуы тиіс. 



74.

 

Карта  ұстаушы  ДСН-кодты  ұмытып  қалған  жағдайда,  Банкке  жаңа  ДСН-кодты 



өзгерту және алу үшін Банкке өтініш жасай алады.   

75.


 

Банк  Картаға  жүйелер  мен  электронды  құрылғылардың  (Банкомат  пен  АТТ  қоса) 

үздіксіз  қызмет  істеуі  арқылы  қызмет  көрсетуді  қамтамасыз  етеді,  оларды  тікелей 

бақылайды және Банкке байланыссыз себептермен ол тоқтатыла тұрған жағдайда қызмет 

көрсетуді қалпына келтіру үшін мүмкін болатын шараларды қабылдауға міндеттенеді. 

76.


 

Банк  Карточкалық  Операцияларды  жүргізгенде  оларды  іске  асырмаған  немесе 

қателік жіберген жағдайда Кәсіпкер қызметкерлерінің (кассирлерінің) әрекеттері үшін, 

атап айтқанда кассир Карта ұстаушыны сәйкестендіруді және оның төлем құжатындағы 

қолын    Картадағы  және/немесе  жеке  басын  куәландыратын  құжаттағы  қолымен 

салыстырып тексермесе, жауапкершілікте болмайды. 

77.

 

Карточкалық  Операцияларды  жүргізу  үшін  Карта  ұстаушы  Кәсіпкердің  немесе  қолма-қол 



ақша  беру  орнының  кассиріне  Картаны  көрсетеді  немесе  Банкоматтың/басқа  да  электрондық 

құрылғылардың  көмегімен  өздігінен  қызмет  көрсету  режимінде  әрекеттер  жүргізеді  немесе 

Карточкалық  Операцияларды  Карта  деректемелерін  пайдалану  арқылы  басқа  тәсілмен  іске 

асырады. 

78.

 

Кассир Карта ұстаушыдан жеке басын куәландыратын құжатты талап етуге құқылы. 



Мұндай құжат жоқ болғанда кассир Карта ұстаушыға Операция жүргізуден бас тартуға, 

сондай-ақ Картаны жағдайды анықтағанға дейін ұстап қалуға құқылы.   

79.

 

Клиент Стандартты талаптарға қосыла отырып, электронды құрылғыларды (Банкомат 



пен  АТТ  қоса)  пайдаланумен  және  ДСН-кодты  теру  арқылы  расталатын  барлық 

Операцияларды  Тараптар  Карта  ұстаушы  жүргізген  Операциялар  ретінде  қарастырады. 

Сондықтан ДСН-кодты дұрыс терудің және/немесе слиптерге және чектерге қол қоюдың 

әрбір  фактісі  Картаны  (Қосымша  картаны)    ұстаушының  Шоттан  карточкалық 

Операцияны іске асыруға ақша алып алуға тікелей келісімін растау болып табылады. 

80.


 

Карта  ұстаушы  карточкалық  Операциялар  бойынша  барлық  құжаттарды  кемінде  6  (алты)  ай 

сақтауға және оларды мынадай орындарға беруге міндетті: 

 



Банкке оның талап етуі бойынша даулы мәселелерді реттеу үшін; 

 



Салықтық және  кедендік қызмет  органдарына,  сондай-ақ  басқа  уәкілетті  мемлекеттік  органдарға 

ақша алу және оларды жұмсаудың  заңдылығын негіздеу ретінде; 

 

ҚР заңнамасында қарастырылған басқа жағдайларда. 



81.

 

Карта ұстаушы толық көлемде Картаның сақталуын, оның деректемелерінің (Карта ұстаушының 



ТАӘ,  Карта  нөмірі,  Картаның  әрекет  ету  мерзімі  және  т.б.)  құпиялылығын  қамтамасыз  ету  үшін 

жауапкершілікте болады.   

82.

 

Түрлі төлем жүйелері ережелерінің айрықшалануы мүмкін екенімен байланысты Банк сондай-ақ 



қолма-қол  ақшаны  беру  орындарының  қандай  да  бір  қосымша  Сыйақы  (Тарифтерге  жатпайтын) 

алғаны үшін жауапкершілікте болмайды. 

83.

 

Төлем  жүйелері  ережелері  бойынша  Кәсіпкер  Картаны  қабылдау  кезінде  қолма-қол  есеп 



айырысумен салыстырғанда тауарлар немесе қызмет құнын көтеруге құқылы емес. Карта ұстаушы 

Банкті барлық тауарлар немесе қызмет құнын көтеру жағдайлары туралы хабардар етуге міндетті. 

84.

 

Тиісті  түрде  тіркелген  Талап  жоқ  болғанда  Карта  ұстаушының  иелігіндегі  және 



пайдалануындағы  Карта,  ал  Банк  Талапты  тиісті  түрде  тіркегенге  дейін  Картаны 

пайдаланумен  жасалған  Карточкалық  операцияларды  Карточка  ұстаушы    тиісті  түрде 

санкциялаған деп есептелетінімен сөзсіз келіседі. Карта ұстаушы Картаны оқшаулау күшіне 

енгенге  дейін  жасалған  Карточкалық  операцияларға  қатысты  тәуекелді  және  жауапкершілікті 

көтереді.  

84-1.  Банк  төлем  картасын  қолданумен  жүргізілетін  операциялар  кезінде  операциялардың  келесі 

түрлері бойынша Cashback есептемейді:  

 



ойынхана, тотализаторлар мен лотерея қызметтерін төлеу; 

 



бюджетке төленетін төлемдер; 

 



ақша қаражатын аудару. 

85.


 

Банктің қарастыруымен ауызша Талап Банкке ауызша Талап қойылған күннен бастап екі Жұмыс 

күні ішінде Банкке берілетін Карта ұстаушының келесі жазбаша өтінішімен расталады. Жазбаша 


Талапты  жоғарыда  соңғы  мерзімде  беру  мүмкін  болмаған  жағдайда  Карта  ұстаушы  бұл  туралы 

жазбаша Талапты беру мүмкін еместігінің себептерін көрсете отырып, Банкті алдын ала ескертуге 

және бірінші мүмкіндік бойынша Банкке ауызшаға ұқсас жазбаша Талапты беруге міндетті. 

86.


 

Клиент  Стандартты  талаптарға  қосыла  отырып,  Банктің  Карта  ұстаушының  Банкке 

телефонмен жасаған өтінішін,  оның ішінде қандай да бір даулы жағдайдың туындауын болдырмау 

үшін  тіркеуге және жазып алуға құқылы. Бұл ретте Карта ұстаушының Банк жүргізген телефонмен 

жасалған  өтініш  жазуы    Карта  ұстаушыдан  түскен  осы  Стандартты  талаптарға  сәйкес  мұндай 

Талапты жазбаша растаған сәтке дейін түскен ауызша Талап мазмұнының  жеткілікті дәлелдемесі 

болып табылады. 

87.


 

Талап Банк филиалына немесе тиісті төлем жүйесінің кез келген мүшесіне жіберілген жағдайда  

Картаны оқшаулау Банктің осы филиалы немесе тиісті төлем жүйесінің мүшесі Карта ұстаушы атынан 

берген Талапты Банк тіркегеннен кейін күшіне енеді. 

88.

 

Талап  Карта  ұстаушыдан  шыққан  деп  есептеледі,  ол  Талаптың  оның  тілек  білдіруіне  сәйкес 



болмауы үшін, сондай-ақ Банктің Картаны оқшаулау салдары үшін тәуекелді және жауапкершілікті 

көтереді.      Банк  осы  Шартта  айтылған  талаптарға  сәйкес  телефон/  телекс/  факс  бойынша  Карта 

ұстаушы  атынан  берілген  Талап  негізінде  жүргізілген  Картаны  оқшаулау  салдары  үшін 

жауапкершілікте болмайды.   

89.

 

Карта ұстаушының жазбаша келісім негізінде Карта оқшауланғаннан кейін Банк берілген Карта 



ұстаушының жазбаша өтініш негізінде жаңа нөмірмен және ДСН-кодпен жаңа Карта шығарады.   

90.


 

Банк Картаны сақтау және пайдалану талаптары сақталмаған жағдайда, сондай-ақ ДСН-кодтың 

құпиялығы  сақталмаған  жағдайда  (оның  ішінде  Картаны  оқшаулағаннан  кейін),  сондай-ақ  Карта 

ұстаушының  қасақана  заңға  қарсы  әрекеттері  анықталған  жағдайда    Карта  ұстаушыға  наразылық 

білдіру құқығын сақтайды. 

91.


 

Бұрын  жоғалған  деп  мәлімденген  Карта  табылғанда  Карта  ұстаушы  Банкті  бұл  туралы  дереу 

хабардар етуге және Картаны Банкке қайтаруға міндетті. Табылған Карта қайтарылмаған жағдайда 

Карта  ұстаушы  Банкке  Картаны  мұндай  қайтармаудан  болатын  барлық  тәуекелді  қабылдайды, 

сондай-ақ Банктің картаны алып алуымен байланысты шегетін кез келген қосымша шығыстарының 

бәрін  өтеуге міндетті.  

92.

 

Егер Банктің Клиенттің Ағымдағы шоты бойынша санкцияланбаған (рұқсат етілмеген) алаяқтық 



Операциялар  жүргізілуі  қаупі  бар  деп  пайымдауына  негіздеме  бар  болса,  Банк  алдына  ала 

хабарландырусыз Шотты оқшаулауға құқылы.   

92-1. Клиент ҚР салық органдарымен барлық есеп айырысуларды дербес жүргізеді және Банк төлеген 

Қайтаруды қоса, Шоттағы ақшаға қатысты қолданылатын салықтарға және басқа міндетті төлемдерге 

қатысты  мемлекеттік  органдар  белгілеген  талаптарды  сақтауға  байланысты  ықтимал  тәуекелді  өзі 

қабылдайды.   

92-2. Банк осы Шартты орындаудан біржақты тәртіпте бас тартуға (операция жүргізуден бас тартуға) 

келесі жағдайларда құқылы: 

-

 

Клиент  Банктің  Қазақстан  Республикасының  заңсыз  жолмен  алынған  кірістерді  заңдастыруға 



(жылыстатуға)  және  терроризмді  қаржыландыруға  қарсы  іс-қимыл  туралы  заңнамасының  және 

АҚШ-тың  «Шетелдік  шоттарға  салық  салу  туралы»    Заңының  талаптарын  орындау  мақсатында 

Клиентті сәйкестендіру үшін қажетті ақпаратты немесе құжаттарды бермеген жағдайда; 

-

 



клиенттің  ақшасымен  және  (немесе)  өзге  мүліктерімен  жүргізілетін  операциялары  Қазақстан 

Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді 

қаржыландыруға  қарсы  іс-қимыл  туралы  заңнамасына  сәйкес  заңсыз  жолмен  алған  кірістерді 

заңдастырумен    (жылыстатумен)  және  (немесе)  терроризмді  қаржыландырумен  байланысты  деп 

пайымдауға Банктің негіздемесі болған жағдайда. 

Бұл ретте Банк Шартты бұзу күнінен кемінде бір ай бұрын Клиентке алдын ала хабарлаумен Шартты 

бір жақты тәртіпте бұзуға құқылы.   

92-3. Банк төлем жүйесінен алған Операциялардың электрондық деректеріндегі МСС-тің, сауда және 

сервис кәсіпорнының нақты қызметінің сәйкессіздігіне  жауапкершілікте болмайды.  

92-4. Клиент Банкке өзі туралы ақпаратты АҚШ-тың Салық қызметіне жария етуге, соның ішінде, 

Клиент  АҚШ  персонасы/резиденті  (грин-карта  иесі)  деп  пайымдауға  негіз  беретін  бір  немесе 

бірнеше  белгі  пайда  болатын  жағдайлар  өзгерген  кезде  және  егер  Клиенттің  Банкте  ашқан 

Шотындағы  ақша  сомасы  (қалдық)  күнтізбелік  жылдың  соңғы  күнінде  АҚШ-тың    «Шетелдік 

шоттарға салық салу туралы» Заңында белгіленген сомадан асатын болса, өзінің сөзсіз келісімін 

береді.  


92-5.  «Карта  /  шот  бойынша  қозғалыстар  туралы  ақпараттарды  SMS-хабарлама  арқылы  беру» 

қызметіне қосылу Клиенттің жазбаша өтініші (оның ішінде Өтініш оферта) негізінде жүргізіледі. 

92-6.    SMS-хабарлама  шот  /  карта  бойынша  қозғалыстар  жүргізілгені  туралы  хабарлама  болып 

табылады.  

Банк  жолдаған  SMS-хабарламаны  ұялы  байланыс  операторының  жеткізбегені  үшін  Банк 

жауапкершілікте болмайды.  

Банктің  ұялы  операторлар  қызметтерін  пайдалануына  байланысты,  аталған  операторлардың 

клиенттің шоты бойынша банктік құпия болып табылатын ақпараттан тұратын SMS-хабарламаның 

мәтініне техникалық қолжетімділіктері болады.  

92-7. Банк Өтініште (оның ішінде Өтініш офертада) көрсетілген телефон нөміріне SMS-хабарлама 

арқылы  жолданған  банктік  шот  /  шоттар  бойынша  шығыс  операциялар  жүргізу  туралы 

ақпараттардың  үшінші  тұлғаларға  берілуіне  Банк  жауапкершілікте  болмайды,  сондай-ақ  Клиент 

Банкке  ұялы  телефондардың,  осындай  телефонның  SIM-карталарының  жоғалғаны,  ұрланғаны 

немесе  жоғалтудың  өзге  жағдайлары  немесе  оларды  кез  келген  негіздемелер  бойынша  үшінші 

тұлғаларға беру туралы уақтылы жазбаша хабарламаса Банктің осы әрекеттері банктік құпияны ашу 

болып есептелмейді. Ұялы телефондардың, осындай телефонның SIM-карталарының жоғалғаны, 

ұрланғаны немесе жоғалтудың өзге жағдайлары немесе оларды кез келген негіздемелер бойынша 

үшінші тұлғаларға берудің нәтижесінде Клиент операциялары туралы ақпараттың ашылу салдары 

үшін Клиент жауапкершілікте болады.      

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет