«Еуразиялық банк» АҚ директорлар кеңесі 2015 ж. «15» желтоқсандағы №135 хаттама



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата12.03.2017
өлшемі0,92 Mb.
#9125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3-тарау. Тараптардың құқықтары 

220.

 

Банктің құқықтары: 

1)

 



Қарыз алушыға келесі жағдайларда Қарыз беруден  бас тарту: 

 



Қарыз алушының соманы мерзімінде қайтармайтыны туралы анық куәландырушы жағдайлардың 

болуы кезінде; 

 

 Қарыз алушының қаржылық жағдайы нашарлаған кезде;  



 

Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, банктердің Банктік 



қарыз шартын тиісті орындауына әсер ететін ҚР заңнамаларының талаптарының өзгеруінде. 

2)

 



Ертеректе жасалған БҚШ шеңберінде жаңа Қарыздарды берудің біржақты тәртіпте тоқтатылуы: 

-  Банктік  қарыз  шартында  қарастырылған  Банкте,  банктік  операциялардың  жекелеген  түрлерін 

жүзеге асыратын ұйымдарда жаңа Қарыздарды беруді жүргізбеу құқығының туындауы; 

-  Қарыз  алушының    Банктің,  банктік  операциялардың  жекелеген  түрлерін  жүзеге  асыратын 

ұйымдардың алдындағы, Банктік қарыз шарты бойынша өзінің міндеттемелерін бұзуы; 

-уәкілетті органның нормативтік құқықтық талаптарына сәйкес, Қарыз алушының   Банктің, банктік 

операциялардың  жекелеген  түрлерін  жүзеге  асыратын  ұйымдардың  жүргізген  мониторингі 

нәтижелері бойынша айқындалған  қаржылық жағдайының  нашарлауы; 

3)

 

Қарыз  алушының      қаржылық  жағдайына,  Қарызды  мақсатты  пайдалануына,    Банктік  қарыз 



шарты  бойынша  Қамтамасыз  етуге    кез  келген  уақытта  тексеру  жүргізу;  Шартқа  қол  қойғаннан 

кейін Қарыз алушыға Қарыз беруден бас тарту: 



 

Қарыз алушының соманы мерзімінде қайтармайтыны туралы анық куәландырушы жағдайлардың 



болуы кезінде; 

 



Қарыз алушының қаржылық жағдайының  нашарлағаны Банкке белгілі болған кезде; 

 



Қамтамасыз ету жағдайы нашарлаған кезде, оның өтімділігі төмендеген кезде және/немесе оның 

бағалау құны кеміген кезде; 

 

Қарыз алушы  Шарттың талаптарын сақтамаған кезде,  Қарыз алушы  осы Шарт бойынша, оның 



ішінде Қамтамасыз етуге қатысты  міндеттемелерін орындамаған (тиісті орындамаған) кезде 

4)

 



Қарыз алушыдан  Кредиттік  досье қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды талап ету, сондай-ақ 

Шарттың/БҚШ  қолданылуының  барлық  мерзімінің  ішінде  кез  келген  уақытта  Банк  қажетті  деп 

санаған құжаттамалар мен ақпараттарды сұрау. 

5)  Алынып тасталды. 

6)  Қарыз  алушы  қырық  күнтізбелік  күннен  астам  мерзімге  Қарыздың  кезекті  бөлігін  өтеу 

және/немесе  Банкке  Қарыз  бойынша  тиесілі  Сыйақыны  төлеу  мерзімін  бұзған  жағдайда,  Қарыз 

алушыдан  БҚШ    міндеттемелерін  мерзімінен  бұрын  орындауын  және  негізгі  борыш  қалдығын 

қайтаруды, Сыйақыны және БҚШ бойынша басқа Берешекті  төлеуді талап ету. 

Ипотекалық  тұрғын  үй  қарыздары  бойынша  Банк  БҚШ  бойынша  Негізгі  борыш  және  (немесе) 

Сыйақы  сомалары  бойынша  төлемдердің  кез  келгенін  өтеу  міндеттемелерін  орындау  мерзімін 

кешіктірген  жүйелі  жүз  сексен  күнтізбелік  күн  аяқталғанда  есептелген  Сыйақыны,  сондай-ақ 

тұрақсыздық айыбын (айыппұлдар, өсімпұлдар) төлеуді талап етуге құқылы емес. 

7) Қарыздың жалпы сомасына комиссиялар және сақтандыру сыйлықақыларының  сомасы қосылған 

жағдайда, ақша аударылғанда  аудару сомасынан -  Банкке БҚШ бойынша тиесілі комиссиялардың 

сомасын  және  әрі  қарай  сақтандыру  компанияларының    пайдасына  аудару  үшін  сақтандыру 

сыйлықақыларының сомасын алып алу.  

8)    Мерзімі  кешіктірілген  Берешек  туындаған  әрбір  жағдайда,  қарыз  алуға    Өтініште  нөмірлері 

көрсетілген телефондар бойынша Қарыз алушыға хабарлау. 

9) ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген, сондай-ақ Шартта, БҚШ-да белгіленген жағдайларда 

Шарт, БҚШ талаптарын Қарыз алушы үшін жақсару жағына қарай біржақты тәртіпте өзгерту.  

9-1)  ҚР  қолданыстағы  заңнамасында  қарастырылған  жағдайларда  және  тәртіпте  шартты(-тарды) 

біржақты тәртіпте бұзу.  

10) Қарыз алушы (Қарыз алушының қызметкері/ «Қазпошта» АҚ/өзге Банктің серіктестері) олармен 

жасасқан Шарттарға сәйкес ай сайынғы төлем сомасынан асатын соманы төлеген жағдайда, Банк 

мұндай  айырмашылықты  Қарыз  алушының  болашақтағы  төлемдерінің  есебіне  алуға  не  мерзімі 

кешіктірілген берешек (бар болуында) есебіне алуға құқылы. 

11) Осы Шарттың  талаптарын Қарыз алушының орындамау және/немесе тиісті түрде орындамау 

нәтижесінде жинақталған Берешек сомасын Қарыз алушының Банкте, ҚР  аумағындағы, одан тыс 

жерлердегі кез келген банктерде және банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын 

ұйымдарда ашылған кез келген банктік шоттарынан Қарыз алушының қосымша келісімінсіз Қарыз 

алушының банктік шотын тікелей дебеттеу  арқылы төлем талабын орындау. Осы арқылы Қарыз 

алушы келесідей берешек сомасын өндіруге өзінің келісімін береді: Қарыз алушының мемлекеттік 

бюджеттен және  (немесе)  Мемлекеттiк  әлеуметтiк  сақтандыру  қорынан  төленетін жәрдемақылар 

мен әлеуметтік төлемақы, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңымен қарастырылған тұрғын үй 

төлемақысы түрінде алатын ақшаны, нотариусқа депозит талаптарында берілген ақшаны және ҚР 

«Мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесі туралы» Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау 

салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, Банкте, ҚР  аумағындағы, 

одан тыс жерлердегі кез келген банктерде және банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске 

асыратын  ұйымдарда  ашылған  кез  келген  банктік  шоттарын  акцептсіз  (даусыз)  тікелей  дебеттеу 

арқылы    Қарыз  сомасы,  есептелген  Сыйақы,  шығындар  мен  шығыстар,  сондай-ақ  есептелген 

тұрақсыздық айыбының сомасын өндіру; 

11-1)  егер  Банк  Қарыз  алушы  осы  Шарт  талаптарын  орындамағаны  және/немесе  тиісті  түрде 

орындамағаны  нәтижесінде  жиналған  оның  Берешегін  өтеу  есебіне  Қарыз  алушының  шоттарын 

тікелей дебеттеу арқылы төлем талабын Қарыз валютасынан басқа валютада орындаған жағдайда 

ақшаны  айырбастауды  жүргізу.  Қарыз  алушы  осы  арқылы  мұндай  ақшаны  Банк  ақша 

айырбасталатын күні белгілейтін Қарыз валютасын сатып алу бағамы бойынша айырбастауға және 

Банкте,  ҚР  аумағындағы  және  одан  тыс  жердегі  басқа  банктерде  және  банктік  операциялардың 

жекелеген  түрлерін  іске  асыратын  ұйымдарда  ашылған  Қарыз  алушының  кез  келген  банктік 

шоттарынан ақша айырбасталғаны үшін алынатын комиссия сомаларын Қарыз алушының қосымша 

акцептісіз (келісімінсіз) тікелей дебеттеуге келісімін береді; 


12)  Осы  Шарт  бойынша  Қарыз  алушы  міндеттемелерін  орындамаған  және/немесе  тиісті 

орындамаған жағдайда, ҚР қолданыстағы заңнамаларына сәйкес соттан тыс тәртіпте Қамтамасыз 

ету есебінен өзінің талаптарын мерзімінен бұрын қанағаттандыру. Бұл ретте Банк  Қарыз алушыға, 

Қарыздың сомасын, есептелген Сыйақыны, тұрақсыздық (айыппұл, өсімпұл) айыппұлдарын, осы  

Шарт  бойынша  міндеттемелерін  орындамауымен  және/немесе  тиісті  орындамауымен    келтірген 

залалдарды,  шығыстарды  және  өзге  шығындардың  орнын  толтыруды,  Қамтамасыз  етуді  ұстау 

бойынша  залалдарды,  Берешекті  өндіру  бойынша  шығындарды  қоса    алғанда  өзінің  талаптарын 

нақтылы қанағаттандыру сәтінде бар көлемде  қанағаттандыруға құқылы; 

13)клиенттің  ақшасымен  және  (немесе)  өзге  мүліктерімен  жүргізілетін  операциялары  Қазақстан 

Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді 

қаржыландыруға  қарсы  іс-қимыл  туралы  заңнамасына  сәйкес  заңсыз  жолмен  алған  кірістерді 

заңдастырумен    (жылыстатумен)  және  (немесе)  терроризмді  қаржыландырумен  байланысты  деп 

пайымдауға Банктің негіздемесі болған жағдайда осы Шартты орындаудан (операция жүргізуден бас 

тартуға) біржақты тәртіпте бас тарту. Бұл ретте Банк Шартты бұзу күнінен кемінде бір ай бұрын 

Клиентке алдын ала хабарлаумен Шартты бір жақты тәртіпте бұзуға құқылы. 

221. Қарыз алушының құқықтары

1)  Қарызды пайдаланған нақты күндерінің саны үшін Сыйақы төлеп, осы Шарттың (тұрақсыздық 

айыптары  туралы,  демалыс/мереке  күндері  туралы  және  т.б.)  ережелерінің  есебімен, 

Қарызды/Қарыз бойынша Берешекті (ішінара немесе толық көлемде) кез келген уақытта өтеу.   

2)  БҚШ жасаған  күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде, сондай-ақ 1 (бір) жылға дейінгі 

мерзімге берілген Қарызды алған Күннен бастап 6 (алты) ай аяқталғанда,   1 (бір) жылдан асатын 

мерзімге берілген Қарызды алған Күннен бастап 1 (бір) жыл аяқталғанда  Қарыз берген  Күннен 

бастап  Банк есептеген  Сыйақы  төлеумен  Қарызды  қайтару; бұл  ретте  Банк  Қарызды  қайтарғаны 

үшін тұрақсыздық айыбы мен айыппұл санкцияларын алмайды. 

3)  Өтініш бойынша  үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ақысыз, бірақ кемінде айына бір рет 

жазбаша  нысанда  БҚШ    бойынша  борышты  өтеу  есебіне  кезекті  түсетін  ақшаны  бөлу  (негізгі 

борышқа, Сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдарға және басқа төленуі тиіс 

сомаларға), сондай-ақ Банкке төленген ақша сомасы мен кредит беру лимиті (бар болғанда)   туралы 

жазбаша нысанда ақпаратты алу.   

4)  Банкке БҚШ  бойынша берілген ақшаны ішінара немесе толық мерзімінен бұрын қайтару туралы 

өтініш  бойынша  3  (үш)  жұмыс  күнінен  аспайтын  мерзімде  өтеусіз    жазбаша  нысанда  негізгі 

борышқа, Сыйақыға, комиссияға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдарға және мерзімі кешіктірілген 

төлемдерді  көрсете  отырып,  төленуі  тиіс  басқа  сомаларға  бөлінген  қайтарылуы  тиіс  соманың 

мөлшері туралы мәліметті алу. 

5)  Алынатын қызметтер бойынша даулы жағдайлар туындағанда Банкке жазбаша   өтініш жасау 

және жауапты ҚР заңнамаларында  белгіленген мерзімде алу.  

6)    Жұмыс  берушіге  БҚШ  бойынша  Банктің  алдындағы  Берешегін  өтеу  шотына  Өтеу  кестесіне 

сәйкес ай сайынғы төлем сомасын жалақыдан ұстауға және/немесе есептеу күнінде уәкілетті жұмыс 

берушіге  жазбаша  өтініш  беру  және  осындай  соманы  Қарыз  алушының  атынан  Банктің  шотына  

аудару. 

7)  Банкке  БҚШ  бойынша  Қарыз  беру  туралы  Өтініште  көрсетілген    жеке  басын  куәландыратын 

мәліметтер, БҚШ    нөмірі  және кодтық  сөз хабарланған  кезде, БҚШ  бойынша ақпаратты  ауызша 

немесе жазбаша нысанда алу. 

 8)  Егер  негізгі  борыш  немесе  Сыйақыны  өтеу  күні    демалыс  не  мереке  күндеріне  түсетін  болса, 

төлемді одан кейінгі келесі жұмыс күні жүргізу. 

9) Шарт бойынша келіспеушіліктер  туындаған жағдайда,  банктік  омбудсманға   (Банк пен Қарыз 

алушының заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарын  қанағаттандыру туралы келісімге қол 

жеткізу мақсатында   Қарыз алушы –  оның жеке тұлғаға жүгінуі бойынша  Банк пен Қарыз алушы 

арасындағы  Ипотекалық    қарыз  шартынан  туындайтын  келіспеушіліктерді  реттеуді  жүзеге 

асыратын өзінің қызметінде тәуелсіз жеке тұлғаға) жүгіну.  

10) Бір жылға дейін мерзіммен берілген қарыз алынған күннен бастап 6 (ай) өткеннен кейін, бір 

жылдан  артық  мерзіммен  берілген  қарыз  алынған  күннен  бастап  бір  жыл  өткеннен  кейін 

тұрақсыздық  айыптарын  немесе  айыппұл  санкцияларының  өзге  түрлерін  төлеместен  қарызды 

ішінара немесе толық көлемде мерзімінен бұрын өтеу.  

11) Шарт талаптарының қарыз алушы үшін жақсарту жағына қарай өзгертілгені туралы хабарлама 

алынған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде банк ұсынған жақсарған талаптардан бас 


тарту. Бұл ретте Қарыз алушы бұл туралы Банк хабарлаған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн 

ішінде Банкке жазбана нысанда хабарлауы қажет.   



 

4-тарау. Тараптардың міндеттері 

222. Банктің міндеттері

1)

 



БҚШ-да белгіленген жағдайларда БҚШ жасалған  күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн 

ішінде, сондай-ақ  1 (бір) жылға дейінгі мерзімге берілген Қарызды алған күннен бастап 6 (алты) ай 

аяқталғанда,   1 (бір) жылдан асатын мерзімге берілген Қарызды алған күннен бастап 1 (бір) жыл 

аяқталғанда Қарыз берілген Күннен бастап  есептелген Сыйақыны ұстай отырып, қайтарғаны үшін 

тұрақсыздық  айыбын    немесе  айыппұл  санкцияларының  басқа  түрлерін    ұстамай,  Қарызды 

қабылдау; 

2)

 

Қарыз  алушының  өтініші  бойынша  үш  жұмыс  күнінен  аспайтын  мерзімде  өтеусіз,  бірақ 



кемінде  айына  бір  рет  жазбаша  нысанда  Шарт  бойынша  борышты  өтеу  есебіне  кезекті  түсетін 

ақшаны  бөлу  (негізгі  борышқа,  Сыйақыға,  комиссияларға,  тұрақсыздық  айыбына,  айыппұлдарға 

және басқа мерзімі кешіктірілген төлемдерді көрсетумен төленуі тиіс сомаларға), сондай-ақ Банкке 

төленген ақша сомасы мен кредит беру лимиті (бар болғанда) туралы ақпаратты беру.   

3)

 

Қарыз  алушының  өтініші  бойынша  Банкке  БҚШ  бойынша  берілген  ақшаны  ішінара  немесе 



толық мерзімінен бұрын қайтару туралы  үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ақысыз жазбаша 

нысанда  негізгі  борышқа,  Сыйақыға,  комиссияға,  тұрақсыздық  айыбына,  айыппұлдарға  және 

мерзімі  кешіктірілген  төлемдерді  көрсете  отырып,  төленуі  тиіс  басқа  сомаларға  бөлінген 

қайтарылуы тиіс соманың мөлшері туралы мәліметті алу. 

4)  Қарыз алушы берешектерді өтеу міндеттемелерін БҚШ-ның ажырамас бөлігі болып табылатын 

Өтеу кестесінде белгіленген мерзімде орындауды кешіктірген болса, Банк Қарыз алушыны  әрбір 

осындай міндеттемелерді орындау мерзімін кешіктіру фактісі мен БҚШ бойынша төлемдерді БҚШ-

да/осы  Стандартты  талаптарда  белгіленген  тәсілдермен,  келесі  мерзімде:  Кесте  бойынша  тиісті 

Өтеу күнінен кейінгі келесі күннен бастап, бірақ міндеттемелерді орындауды кешіктіру басталған 

күннен 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей, мерзімі кешіктірілген Берешекті нақты өтеу Күнімен 

аяқтай келе,  енгізу қажеттілігі туралы  хабардар етуге міндетті. Бұл ретте Банк келесі тәсілдермен 

хабардар  етеді:  пошталық  курьерлік  немесе  факсимильдік  хабарлама,  электрондық  хабарлама 

жолдау  арқылы,  Қарыз  беру  туралы  Өтініште  көрсетілген  телефондар  бойынша  хабарлау 

және/немесе SMS-хабарландыру түрінде және/немесе ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де 

тәсілдер арқылы.   

5)  Қарыз алушының жазбаша өтінішін ҚР заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде жазбаша 

жауап қарастыру және дайындау. 

6)   БҚШ бойынша құқықты (талап қою) үшінші тұлғаларға бергенде үш жұмыс күнінің  ішінде бұл 

туралы Қарыз алушыға (оның уәкілетті тұлғасына) берілген талап қою құқығының толық көлемін,  

негізгі  борышқа,Сыйақыға,  комиссияға,  тұрақсыздық  айыбына,  айыппұлдарға  және  төленуі  тиіс 

басқа сомаларға бөлінген ағымдағы және мерзімі  кешіктірілген қалдықты көрсете отырып, сондай-

ақ Қарызды өтеу бойынша бұдан кейінгі  төлемдер мақсатын – Банкке немесе талап қою құқығы 

берілген тұлғаны хабардар ету.  

7) Қарыз бойынша соңғы төлем жасау сәтінде БҚШ бойынша ағымдағы және мерзімі кешіктірілген 

берешек жоқ болған жағдайда, Банк Қарыз алушының жазбаша өтініші негізінде артық төленген 

соманы Қарыз алушыға қайтаруға міндетті. Ақшаны қайтару ақшаны Қарыз алушы шотына банктік 

аударым жасау арқылы жүргізіледі. Бұл ретте Банк қайтарылуы тиіс сомадан банктік шығыстарды 

ұстап қалуға құқылы. 

8)  қарыз  алушыға  Шарт,  БҚШ  талаптарының  жақсару  жағына  қарай  өзгергені  туралы  хабарлау. 

Шарттағы,  БҚШ-дағы  өзгерістер  туралы  Банк  қарыз  алушыға  осындай  өзгерістер  күшіне  енетін 

күнге дейін кемінде 14 (он төрт) күнтізбелік бұрын өзінің қарастыруы бойынша бұқаралық ақпарат 

құралдары  немесе  филиалдарда  және/немесе  Банктің  сайтында  хабарландыру  орналастыру  не 

пошта бойынша хабарламалар жолдау арқылы алдын ала хабарлайды.  

223. Қарыз алушының міндеттері

1) Қарыздың мерзімділік, қайтарымдылық және төлемдік шарттарын қатаң  сақтау. 

2) Банкке Қарыз алушының қаржылық жай-күйін тексеруге барынша қолғабыс көрсету. 

          3) Банктің бірінші талап етуі бойынша, Қарыз алушыдан кредит досьесін қалыптастыруға қажетті 

құжаттарды, сондай-ақ  Қарыз алушыдан Банк Шарттың/ БҚШ әрекет ету мерзімі ішінде кез келген 

уақытта қажет деп есептейтін кез келген құжаттама мен ақпаратты беру. 

4) Осы Шартта/БҚШ-да қарастырылған толық көлемде, түрде, мерзімде, тәртіпте және мөлшерде 


Қарызды төлеу және ол бойынша есептелген Сыйақыны, сондай-ақ басқа төлемдерді өтеу.  

5)  Банк  Қарызды  және  Шарт/БҚШ  талаптарына  сәйкес  есептелген  Сыйақыны  мерзімінен  бұрын 

қайтаруды талап еткенде, Банк талабын алған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде  Банктің 

көрсетілген талабын орындау. 

6)  Банкті 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде мекенжайының өзгертілгені туралы, Шартқа қоса берілген 

Өтініште  көрсетілген  басқа  мәліметтерді  қоса  және/немесе  Қарыз  алушының  жұмыс  берушімен 

еңбек шартын бұзғаны немесе тоқтатқаны туралы және/немесе Қарыз алушының БҚШ бойынша 

кезекті төлемді өтеуге ақшасының жоқ екендігі туралы және/немесе Қарыз алушының қандай да бір 

соттық  процеске  тартылғандығы  туралы    және/немесе  Қарыз  алушының  мүлкіне  тыйым 

салынғандығы  және/немесе  ауыртпалық  салынғандығы  (немесе  мұндай  жағдайдың  туындауына 

нақты қауіп бар екендігі)  туралы;  БҚШ бойынша міндеттемелердің орындалуы үшін тәуекелдің 

туындағаны туралы жазбаша түрде хабарлау.  Сондай-ақ үшінші тұлғалардан  олардың алдындағы 

Берешек сомасынан 50 (елу) пайыз және одан асатын сомадағы міндеттемелерін орындау туралы 

Қарыз алушыға талап қойған жағдайда,  Банкті Қарыз алушының Банк алдындағы міндеттемелерін 

уақытында орындауға әсер ететін барлық жағдайлар туралы уақытында хабардар ету. 

7)  Қарыз  алушы  БҚШ  бойынша  міндеттемелерін  орындамаған  және/немесе  тиісті  түрде 

орындамаған жағдайда Банкке тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу.  

8)  Банкті  7  (жеті)    күнтізбелік  күннің    ішінде  басқа  банктерде  банктік  шот  ашылғандығы,                  

сондай-ақ кез келген кредиторлық Берешектің бар екендігі және оның мөлшері туралы хабардар 

етуге.  


9) Шарт/ БҚШ бойынша міндеттемелерін Қарыз алушының кез келген үшінші тұлғалар алдындағы 

барлық басқа міндеттемелерге қатысты бірінші кезекте орындау. 

10) Банктің жазбаша талабын алған сәттен бастап БҚШ-ға қол қоюға және орындауға байланысты 

барлық  шығыстарды  және/немесе  Банк  Қарыз  алушының  БҚШ  бойынша  міндеттемелерінің  кез 

келгенін орындамау және/немесе тиісті түрде орындамау нәтижесінде шеккен, сондай-ақ Шартта/ 

БҚШ-да  белгіленген  басқа  шығыстарды  Банктің  жазбаша  талабын  алған  күннен  бастап  7  (жеті) 

жұмыс күні ішінде төлеу. 

11) Қарызды алған сәтте, сондай-ақ басқа жағдайларда Банк берген және Қарыз алушыға қолайлы 

Өтеу кестесіне қол қоюға, оған сәйкес Қарызды өтеу және ол бойынша Сыйақыны төлеуді жүргізеді. 

12)  Барлық міндеттемелер бойынша өзінің барлық мүлкімен жауап беруге (ақшаны, жылжымалы  

және жылжымайтын мүлікті, мүліктік құқықты, құқықты (талаптарды), бағалы қағаздарды, сондай-

ақ  Қарыз  алушыға  тиесілі  кез  келген  басқа  мүлікті),  ол  мүліктен  ҚР  қолданыстағы  заңнамасына 

сәйкес құн өндіріледі. Қарыз алушы міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған 

жағдайда тұрақсыздық айыбын төлеу және шығындарды өтеу оны Шартты/ БҚШ-ны орындаудан 

босатпайды.  Тұрақсыздық  айыбын  төлеу  туралы  талап  бойынша  Банк  өзіне  келтірілген  залалды 

дәлелдеуге міндетті емес.  

13)  Қарыз  алушы  Шартқа/БҚШ-ға  қол  қоюға  және  орындауға  байланысты  барлық  шығыстарды, 

Банк  комиссияларын  төлеумен,  сондай-ақ  Қарыз  алушының  Шарт/БҚШ  бойынша 

міндеттемелерінің  кез  келгенін  орындамау  және/немесе  тиісті  түрде  орындамау  нәтижесінде 

шеккен шығыстармен, шығындармен, залалдармен байланысты барлық шығыстарды көтереді; ал 

Қарыз алушы Банк белгілеген мерзімде оларды өтеуге міндеттенеді. 

14)  Банктің  бірінші  талап  етуі  бойынша,  Шарттың/БҚШ  талаптарына  сәйкес  (бар  болуында) 

Қамтамасыз етуді беру және көрсетілген талаптар бойынша барлық басқа міндеттемелерді орындау; 

сондай-ақ  Банктің  бірінші  талап  етуі  бойынша  БҚШ  әрекет  ету  мерзіміне  Қарызды  қайтару 

міндеттемелерінің  орындалмау  тәуекелін  сақтандыру;  және  сақтандыру  жағдайы  басталған 

жағдайда Пайда алушы етіп Банкті белгілеу.   

15) Банкке осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде Қамтамасыз  етуді ұсыну; Қарызды 

тек  оның  мақсатты  тағайындалуына  сәйкес  пайдалану  және    Қарызды  мақсатты  пайдалану, 

Қамтамасыз    етудің  нақты  күйін,  сонымен  қатар Қарыз  алушының қаржылық күйіне жасалатын 

тексерулерде  Банкке  барлық  жақтан  септігін  тигізуге.  Банктің  бірінші  талабы  бойынша  заңнама 

талаптарына және осы Шарттың   талаптарына сәйкес, Қамтамасыз етуді сақтандыру. 

16)  Банктің  талабы  бойынша  Қамтамасыз  етуді  жоғалтқан  жағдайда  (ұрлану,  жоғалу,  заңды 

негіздерде  жекеменшік  құқығынан  айрылу  және  басқа  жағдайлар),  сонымен  қатар  тозған, 

жағдайының  нашарлаған,  бағасы  төмендеген  және  осы  Шартта  және  Қамтамасыз  ету  шартында 

белгіленген басқа да жағдайларда Банкке Банк үшін қолайлы қосымша Қамтамасыз етуді ұсыну.   

17)   Банктің талап етуі бойынша,  ҚР заңнамаларында және осы Стандартты талаптарда бекітілген 

жағдайларда,    осы  Шарт  бойынша  міндеттемелерін  мерзімінен  бұрын  орындауға  және  негізгі 


борыштың қалдығын қайтаруға, Сыйақыны және Шарт бойынша өзге Берешектерді төлеу. 

18) Қарыз алушы осы арқылы Шарт пен БҚШ, сондай-ақ өзге ілеспелі құжаттарды жасауға барлық 

құқығы  барлығына  және  қол  қоюға  толық  қабілетті  екендігіне  кепілдік  береді.  Қарыз  алушы 

қабілетті  тұлға  бола  отырып,  Шарттың,  БҚШ  және  өзге  құқықтық  құжаттардың  барлық 

талаптарымен танысқандығын; Шарттың/БҚШ  және барлық өзге ілеспе  құжаттардың ережелері 

оған түсінікті және ол Шарт талаптарына қатысты жаңылыстырылмаған екендігін растайды. Қарыз 

алушы  өз  әрекеттерінің  мәнін  толық  шамада  мойындайды,  Шарттың,  БҚШ  және  өзге  құқықтық 

құжаттардың  талаптарымен  келіседі  және  оның  талаптарын  толық  көлемде  қабылдайды.  Қарыз 

алушы,  сондай-ақ  Шарттың/БҚШ  алдау,  күш  көрсету,  қоқан-лоққы  көрсету  әсерінен  және  өзіне 

пайдасы аса аз талаптармен ауыр жағдайлар салдарынан жасалмағандығын растайды.  

19)  Код сөзді үшінші тұлғаларға жария етпеу. Қарыз алушының кодтық сөзі оның кінәсінен немесе 

басқаша жария етілген жағдайда,  Қарыз алушы ең таяудағы тәуліктер ішінде Банкке кодтық сөзді 

жаңасына ауыстыру  мақсатында   бұл  факті  туралы  хабарлауға  міндетті. Бұл  ретте  Банк    кодтық 

сөзді жариялаумен байланыстырылған жағымсыз салдарлар үшін жауапкершілікте болмайды.  

20)    БҚШ    бойынша  ай  сайынғы  төлемдер  аударылғаны  үшін  алынатын  кез  келген  түрдегі 

комиссиялар  мен  алымдарды  төлеу  шығыстарын,  егер  мұндай  төлемдер  басқа  банктердің 

бөлімшелері немесе «Қазпошта» АҚ арқылы жүргізілсе, өз бетінше көтеру. 

21) Жұмыс берушімен  еңбек шартын бұзған жағдайда немесе  кез келген себеп бойынша жалақысы 

түспегенде,  Банкке  ай  сайынғы  төлемдерді  өз  бетінше,  кез  келген  заңды  негіздерден  өтеуді 

жалғастыру. 

22) Тараптардың еркінен тыс  жағдайларда, егер  Қарыз алушының жұмыс берушісі  жалақы төлеуді 

кешіктірсе және/немесе «Қазпошта» АҚ /банк-серіктес  ұстамаса және/немесе Банкке ай сайын 5 

(бес)  жұмыс  күнінен  аса  кешіктірсе,  Қарыз  алушы  Шартта/БҚШ-да  қарастырылған  туындаған 

мерзімі  кешіктіруді  Банкті  санкциялар  қолдануға    мәжбүрлемей,  Берешекті  өтеуді  өз  бетінше 

жүргізуге міндетті. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет