«Еуразиялық банк» АҚ директорлар кеңесі 2015 ж. «15» желтоқсандағы №135 хаттама


-тарау. Кіріс және шығыс ақша аударымдары



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата12.03.2017
өлшемі0,92 Mb.
#9125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2-тарау. Кіріс және шығыс ақша аударымдары 

26. Барлық ақша төлемдері мен аударымдарын Банк ҚР валюталық заңнамасында  қарастырылған 

талаптарды  ескере  отырып,  осындай  Операцияларды  әзірлеу  үшін  қажетті  мерзімге  сәйкес 

орындауы тиіс.  

27.  Шоттағы  ақшаны  иелену  Банк  белгілеген  стандартты  нысандар  бойынша  Клиенттің  жазбаша 

нұсқаулары  /  төлем  құжаттары  (бұдан  әрі  –  нұсқаулықтар)  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Нұсқаулықтарды электронды тасымалдағышта ұсыну Клиентке қашықтықтан қызмет көрсету үшін 

осы Стандартты талаптарда (осы Стандартты талаптардың VI бөлігі) белгіленген тәртіпте жүзеге 

асырылады.    

28. Банк келесі төлем құжаттарын (нұсқаулықтарды) орындамайды: 

 



түсініксіз  нұсқаулықтар;  толтырылмаған  /  Клиент  қол  қоймаған  /  Клиенттің  атынан  қол 

қойылмаған; 

 

ҚР заңнамасымен қарастырылған мәліметтерден тұрмайды; 



 

қаламмен толтырылған; 



 

түзулерден тұратын; 



 

ҚР заңнамасын бұзатын Операцияларды орындау бойынша нұсқаулықтардан тұратын; 



 

ҚР заңнамасымен, Банктің ІНҚ мен осы Шартпен қарастырылған өзге жағдайларда. 



Банк  Клиентке  осы  тармақта  айтылған  төлем  құжаттарын  қайтарады  және  Банктің  осындай 

нұсқаулықтарды  орындаудан  бас  тартуына  байланысты  Клиенттің  шығындары  үшін 

жауапкершілікте болмайды. 


29.  Банк  Шот  бойынша  Операцияларды  Шоттағы  ақша  қалдығы,  оның  ішінде  берілген  Қарыз 

(Кредит) шегінде немесе Тараптар арасында Стандартты талаптар шеңберінде жасалған шарт бар 

болғанда ғана рұқсат берілетін Банкпен келісілген овердрафт балансы шеңберінде жүзеге асырады.   

30. Банк Клиент нұсқаулықтарын ішінара орындамайды. 

31. Клиенттің Операциялық күннен кейін берген нұсқаулықтарын Банк келесі Операциялық күннің 

нұсқаулығы  ретінде  қабылдайды,  сол  себепті  Банкке  салық  және  бюджетке  төленетін  басқа 

төлемдер  бойынша  нұсқаулықтарын  қосқандағы  нұсқаулықтарды  Операциялық  күннің  соңында 

беруге байланысты барлық тәуекелдер мен жауапкершілікті Клиент өзі қабылдайды.   

32. Осы арқылы Клиент төлем құжаттарындағы қате деректемелерге байланысты барлық тәуекелдер 

мен  жауапкершілікті  өзіне  қабылдауды  растайды  және  кепілдік  береді.  Банк  Шот  бойынша 

жазбаларда, растауларда, Шот бойынша үзінді-көшірмелерде және/немесе Банктің Клиентке берген 

кез  келген  басқа  ақпараттарында  Клиенттің  жіберген  қателіктерін  анықтаса,          Банк  Клиентке 

барынша аз мерзімде  бұл туралы хабарлауға міндетті. Банк Клиенттің алдын ала келісімінсіз Шотқа 

ашқа есептеу немесе есептен шығару арқылы есептеулерді түзетуге құқылы. Бұл ретте Банк осы 

түзетулер нәтижесінде келтірілген шығындар үшін жауапкершілікте болмайды.  

33. Осы арқылы Клиент келесілерді ескереді және келіседі: 

 

Банк 



осы 

Шартта 


көрсетілген 

талаптарды 

қанағаттандырмайтын 

ақша 


төлемдерін/аударымдарын анықтаудың электронды және басқа әдістерін қолдана алады; 

 



осындай ақша төлемдерін/аударымдарын анықтаған кезде Банк Клиенттің төлем құжаттарын 

қабылдаудан  бас  тартуға  және/немесе  жоғарыда  көрсетілген  төлемді/аударымды  талдау  үшін 

қажетті  кез  келген  қосымша  ақпаратты  беруді  талап  етуге  құқылы.  Егер  осындай  ақпарат  Банк 

белгілеген мерзімде берілмесе, Банк Клиенттің атынан аударылған ақшаны қайтаруға немесе төлем 

құжатын / Клиенттің пайдасына сырттан түскен ақшаны қабылдаудан бас тартуға құқылы.   

34.  Осы  Стандартты  талаптарға  қосыла  отырып,  Клиент  Банкке  келесілер  туралы  сөзсіз  және 

қайтарымсыз келісімін береді: 

 



ҚР  заңнамасында  қарастырылған  жағдайларда  құқық  қорғау  органдарына,  уәкілетті 

органдарға,  сондай-ақ  басқа  мемлекеттік  органдар  мен  мекемелерге  төлемдер/аударымдар/төлем 

құжаттары туралы ақпаратты беру; 

 



Банктің  Қарыз  және  өзге  Операциялар  бойынша  ақпараттарды  Кредит  бюросына  ашуы; 

аталған келісім Банк белгілеген нысан бойынша сәйкес құжаттармен ресімделеді; 

 

ҚР  заңнамасына  сәйкес  «Азаматтарға  арналған  үкімет»  мемлекеттік  корпорациясы» 



коммерциялық емес  АҚ ұсынатын Клиенттің жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы 

жарналарын есептеу туралы ақпаратты алу; 

 

коллекторлық  компанияларға  келесі  шарттар  бойынша  талап  ету  құқықтарын  беру  кезінде 



оларға  мерзімі  кешіктірілген  Қарыздар,  Банктік  қарыз  шарттарының  талаптары  бойынша 

ақпараттар беру; 

 

ҚР  заңнамасы  нормаларының  шеңберінде  Шотқа  қате  есептелген  ақша  сомасын  Шоттан 



тікелей дебеттеу; 

 



Клиенттің 

Банк 


алдындағы 

Берешек 


сомасын, 

растайтын 

құжаттардың 

көшірмелерін/түпнұсқаларын  қосымша  сала  отырып  төлем  талап-тапсырмалары  немесе  төлем 

ордерлері негізінде Шоттан тікелей дебеттеу. 

35.  Клиент  Шотты  шетел  валютасында  ашуға,  жүргізуге  және  жабуға  байланысты    тәуекелді, 

сондай-ақ мемлекеттік органдардың шетел валютасына қатысты шектеулерді сақтауға байланысты 

ықтимал  тәуекелді  өзіне  қабылдайды.  Бұл  шектеулерге  басқалардан  басқа  валюталық  бақылау 

немесе валюталық шектеулер жүргізу, сондай-ақ салықтар мен Шотта орналасқан ақшаға қатысты 

басқа міндетті төлемдер кіруі мүмкін.    

36.  Клиенттің  өкімімен  бір  валютадағы  Шоттан  үшінші  тұлғалардың  немесе  Клиенттің  басқа 

валютадағы  Шотына  ақша  аудару  жүргізілсе,  Тараптар  өзгесін  белгілемесе,  Банк  Операцияны 

жүзеге  асыру  күндегі  жағдай  бойынша  Банк  ақшаны  белгілеген  ағымдағы  айырбастау  бағамына 

сәйкес  аударады.  Бұл  Операциялар  ҚР  валюталық  заңнамасының  талаптарына  сәйкес  жүзеге 

асырылады. 

37.  Банк  үшінші  тұлғалардан  төлем  құжаттарын  (Клиенттің  акцепті  талап  етілмейтін)  орындауға 

қабылдайды және ҚР уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімдері, сондай-ақ ҚР заңнамасында 

қарастырылған  өзге  негіздемелер  бойынша  үшінші  тұлғалардың  растаушы  құжаттары  негізінде 

Клиенттің қосымша келісімінсіз орындалады.   


38.  Банк  Шот  бойынша  Операцияларды  тоқтата  тұруды  және/немесе  Шоттағы  ақшаға  тыйым 

салуды  тиісті  түрде  ресімделген  және  Банкке  ұсынылған  құжаттар  негізінде  ҚР  заңнамасында  

қарастырылған тәртіпте және мерзімде жүзеге асырады.   

38-1.  Шот(-тар)ды  кәсіпкерлік,  адвокаттық,  нотариалдық  қызмет  үшін  немесе  атқарушылық 

құжаттарды орындау қызметі (жеке сот орындаушысы қызметі) үшін пайдаланған жағдайда Клиент 

Қазақстан  Республикасының  салық  және  банктік  заңнама  талаптарын  бұзғаны  үшін      дербес 

жауапкершілікте  болады,  сондай-ақ  Банкке  осы  міндеттемені  бұзуға  байланысты  Банк  шеккен 

барлық/кез келген шығындарды өтейді, оларды Банк Клиенттің Шоттарын тікелей дебеттеу арқылы 

өндіріп алуға құқылы, оған Клиент өзінің сөзсіз келісімін береді.    

 

III БӨЛІМ. САЛЫМДАРДЫ САҚТАУҒА АРНАЛҒАН ЖИНАҚ ШОТЫН АШУ ЖӘНЕ 



ЖҮРГІЗУ 

 

39. Банк Салымшыдан / Салымшының атына Салым ашатын үшінші тұлғадан ақшаны (Салымды) 

сақтауға қабылдайды (мерзімді, шартты Салымдар, талап етілгенге дейінгі Салымдар).  

40. Салым  «SMARTBANK» қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесінде ашылған жағдайды – 

бұл  кезде  Салымды  қабылдау  негіздемесі  Банктік  салым  шарты  мен  Қосылу  шарты  болады  -     

санамағанда, Банк Салымдарды Банк белгілеген нысан бойынша банктік салым ашу туралы Өтініш-

оферта негізінде (бұдан әрі -  Өтініш-оферта) қабылдайды.  

Банк  Салымдарды  Банк  белгілеген  нысан  бойынша  Жинақ  шот  ашу  туралы  өтініш  негізінде 

қабылдайды.      

41.  Банк  бірнеше  Өтініштер  негізінде  Салымшының  Салымдарды  орналастыруға  офертасын 

акцептіленген кезде Банк Салымшыға қажетті мөлшерде Жинақ шоттарын ашады.     

42. Банк өз таңдауымен Банктің ІНҚ сәйкес, Банктік салым шартында/Өтініш-офертада, осы Қосылу 

шартында  және  Өтініште  көрсетілген  талаптар  бойынша  өз  міндеттемелерін  тиісті  түрде 

орындайтын  Клиентке шығын келтірместен банктік  өнімдер ретінде Салымдардың жаңа  түрлерін 

жасауға және бұрынырақ әрекет еткен түрлерін жоюға құқылы.     

43.  Банк  Салым  сомасын  Салымдарды  қайтару  мерзімі  туралы  ҚР  заңнама  талаптарын  ескере 

отырып, Банктік салым шартында/Өтініш-офертада белгіленген мерзімде қайтарады.   

44. Салымшы Банктің Шотқа қашықтықтан қызмет көрсету қызметін қолдануға құқылы. Аталған 

қызметті көрсету тәртібі мен талабы осы Стандартты талаптардың VI бөлігінде келісіледі.   

45. Уәкілетті органдар ҚР заңнамасына сәйкес Салымға тыйым салғанда және/немесе  Шот бойынша 

шығыс  операцияларын  тоқтатқанда,  тыйым  салу  немесе  Операцияларды  тоқтату  кезінде  Сыйақы 

есептеу  тоқтата  тұрылуы  мүмкін  және  Салымға  «Талап  етілгенге  дейін»  мөлшерлемесі  бойынша 

Сыйақы есептеле алады. Тыйым салу алынғаннан кейін Шот бойынша шығыс операциялары қайта 

басталған  соң  Банктік  салым  шартымен/Өтініш-офертамен  белгіленген  Сыйақы  есептеу  қайта 

басталуы мүмкін. Үшінші тұлғалар Шоттан ақша өндіріп алған жағдайда, Сыйақы Банктік салым 

шартында/Өтініш-офертада  белгіленген  мөлшерлеме  бойынша  немесе  аталған  Шартта 

белгіленгендей,  «Талап  етілгенге  дейін»  мөлшерлемесі  бойынша  Шоттағы  ақша  қалдығына  ғана 

есептеледі.  

46.  Банк  алдындағы  міндеттемелерді  орындауды  қамтамасыз  ету  ретінде  ұсынылған  Салымды 

қайтару талаптары мен тәртібі (кепіл, өтеу және басқасы) Банк бекіткен нысан бойынша жасалатын 

тиісті қамтамасыз ету шарттарында белгіленеді.   

46-1.


  Шарт  пен  Банк  алдындағы  өзге  орындалмаған  міндеттемелерге  сәйкес  депозит  кепіліне 

берілген карточка  бойынша  кредиттік  лимит  болған  жағдайда  Салымды  үшінші  тұлғаның  атына 

қайта ресімдеу жүргізілмейді.   

47.  Егер  Банктік  салым  шартында/Өтініш-офертада  басқасы  белгіленбесе,  Банктік  салым 

шартының/Өтініш-офертаның әрекет ету мерзімінің соңында Сыйақы мен Салымның негізгі сомасы 

талап етілмеген жағдайда: 

1) Банктік салым шарты/Өтініш-оферта осы Салым түрі бойынша мерзімін ұзарту сәтінде Банкте 

қолданылатын Сыйақы мөлшерлемесі бойынша тиісті валютада Банктік салым шартында/Өтініш-

офертада  көрсетілген мерзімге автоматты түрде ұзартылады; 

2) алынып тасталған; 

3)  Банктік  салым  шартының/

Өтініш-офертаның 

мерзімін  ұзарту  күнінен  бастап  белгіленген 

Сыйақы мөлшерлемесі мерзімі ұзартылған Банктік салым шартында/

Өтініш-офертада

  көрсетілген 

әрекет ету мерзімінің соңына дейін сақталады;   

4) алынып тасталған. 



47-1. СМС – хабарландыру Банктің қолданыстағы тарифтерінде белгіленген сомаға тең немесе одан 

асатын  сомада  (банктік  шот  түріне  байланысты  –  шетелдік  валютадағы  баламасы)  шығыс 

операциясын жүргізу туралы ескерту болып табылады.  

Банк  ұялы  байланыс  операторының  Банк  жолдаған  СМС-хабарламаны  жеткізбегені  үшін 

жауапкершілікте болмайды.  

Банктің ұялы операторлар қызметін пайдалануына байланысты бұл операторлардың Салымшының 

банктік шоты бойынша банктік құпияны құрайтын ақпараттан тұратын  СМС-хабарлама мәтініне 

техникалық қолжетімділігі болады.    

Банк Өтініште көрсетілген телефон нөміріне СМС-хабарлама арқылы банктік шот(-тар) бойынша 

шығыс  операцияларын  жүргізу  туралы  үшінші  тұлғаларға    ақпарат  беру  үшін  жауапкершілікте 

болмайды,  сондай-ақ  егер  Салымшы  Банкті  осындай  телефоннан  ұялы  телефондарды,  SIM-

карталарды  жоғалту,  ұрлату  және  басқа  да  жоғалту  жағдайлары  немесе  оларды  кез  келген 

негіздемелер  бойынша  үшінші  тұлғаларға  беру  туралы    жазбаша  нысанда  уақтылы 

хабарландырмаған болса, Банктің осы әрекеттері банктік құпияны ашу болып табылмайды.  



48. Банктің міндеттері:  

А) Салымшыға Шот ашу және оған Салымды есепке алу; 

Б) Салымның сақталуын қамтамасыз ету;  

В) Шоттағы ақшаның болуы және қозғалысы туралы құпияны сақтау және олар туралы мәліметтерді 

үшінші тұлғаларға ҚР заңнамасында қарастырылған тәртіпте және жағдайларда ғана беру. Клиентке 

Шоттағы  ақшаның  болуы  және  қозғалысы  туралы  ақпаратты  телефон  арқылы  Шотты 

санкцияланбаған қолжетімділіктен (код сөзін қолдану және т.б.) сақтау талаптарын ескере отырып 

беру;  


Г) Шот  бойынша операцияларды Банктік  салым шартына/Өтініш-офертаға, осы  Қосылу шартына 

және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізу;  

Д) Салымшының талап етуі бойынша әрбір жүргізілген операция бойынша үзінді-көшірмелер беру 

немесе Салымшының тілегі бойынша операцияларды жинақ кітапшасында көрсету;  

Е)  Салымды  есептелген  Сыйақысымен  Банктік  салым  шартында/Өтініш-офертада,  осы  Қосылу 

Шартында  белгіленген  талаптарда  Салымшы  Салымды  қайтару  туралы  еркін  нысанда  жазылған 

өтініш берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару;  

Ж) егер есептелген Сыйақыны аудару демалыс немесе мейрам күніне келсе, Сыйақыны келесі жұмыс 

күні аудару;  

З) Салымды сақтау мерзімін ұзартуды, ҚР заңнамасында, осы Қосылу шартында және Банктік салым 

шартында/Өтініш-офертада 

қарастырылған 

жағдайларды 

санамағанда, 

Банктік 

салым 


шартында/Өтініш-офертада белгіленген Сыйақы мөлшерлемесін өзгертпеу; 

И)    Салымшыға  Банктік  салым  шартында/Өтініш-офертада  көрсетілген  деректемелер  бойынша 

Салымда Банктік салым шартында/Өтініш-офертада белгіленген төмендетілмейтін қалдықтан кем 

мөлшерде  соманың  пайда  болуы  туралы  аталған  жағдай  туындаған  сәттен  бастап  14  (он  төрт) 

күнтізбелік күннен аспай, тапсырыс хат жолдау арқылы Салымшыны жазбаша хабардар ету.  

К)  Салымшының  шотына  Салым/қосымша  жарна  енгізген  күннен  кейінгі  күннен  бастап  сыйақы 

есептеу. Сыйақы есептеген кезде жыл 360 күнге, «Турбо Депозит» бойынша  – 365 күнге тең деп 

саналады.  

49. Банктің құқықтары:   

А) Салымшыдан Шот ашу және жүргізілетін операциялар үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды 

талап ету;  ақша енгізушінің/ Салымшының дербес деректерін жинау және өңдеу жүргізу; 

Б)  жасалған  Банктік  салым  шартында/

Өтініш-офертада,

  ҚР  заңнамасында      қарастырылған 

жағдайларда, мұндайға ҚР заңнамасымен уәкілетті үшінші тұлғалардың өкімдері бойынша Клиент 

Шотын, оның ішінде Салым бойынша есептелген Сыйақыны, оған қоса ол бойынша жүргізілетін 

операциялар бойынша комиссиялық Сыйақыны, сондай-ақ Тараптар арасында жасалған мәмілелер 

берешек сомаларын тікелей дебеттеу;  

В)  ҚР  Азаматтық  кодексіне  сәйкес  және  Клиент  Банктің  Қазақстан  Республикасының  заңсыз 

жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы 

іс-қимыл туралы заңнамасының және АҚШ-тың «Шетелдік шоттарға салық салу туралы»  Заңының 

талаптарын  орындау  үшін  Клиентті  сәйкестендіруге  қажетті  ақпаратты  немесе  құжаттарды 

бермеген  жағдайда  немесе  клиенттің  ақшасымен  және  (немесе)  өзге  мүліктерімен  жүргізілетін 

операциялары  Қазақстан  Республикасының  заңсыз  жолмен  алынған  кірістерді  заңдастыруға 

(жылыстатуға)  және  терроризмді  қаржыландыруға  қарсы  іс-қимыл  туралы  заңнамасына  сәйкес 

заңсыз  жолмен  алған  кірістерді  заңдастырумен    (жылыстатумен)  және  (немесе)  терроризмді 



қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға Банктің негіздемесі болған жағдайда Банктік салым 

шартын/Өтініш-офертаны және осы Қосылу шартын орындаудан (операция жүргізуден бас тартуға) 

біржақты тәртіпте бас тарту

Бұл ретте Банк Шартты бұзу күнінен кемінде бір ай бұрын Клиентке алдын ала хабарлаумен Шартты 

бір жақты тәртіпте бұзуға құқылы. 

Г) Салымды сақтау мерзімін ұзарту кезінде, сондай-ақ  ҚР заңнамасында, осы Қосылу шартында 

және Банктік Салым шартында/

Өтініш-офертада

 қарастырылған  жағдайларда  Салым бойынша 

сыйақы мөлшерлемесін өзгерту; 

Д) Салымның  анықталған түрі бойынша сыйақы мөлшерлемесі азайту жағына  өзгерген жағдайда,  

бұқаралық    ақпарат  құралдары  арқылы  немесе  Банктің    филиалдарында  және/немесе  сайтында, 

өзінің  қалауы  бойынша,  Салымның  осы  түрі  бойынша  банктік  Салым  шарттардың/

Өтініш-


оферталардың  мерзімін 

ұзарту  кезінде    7  (жеті)  күнтізбелік  күннен  бұрын  Салымшыларға 

хабарлау; 

Е) алынып тасталған. 

Ж)  Шотта  төмендетілмейтін  қалдықтың  ең  төменгі  мөлшерінен  аз  сомада    түзілгенге  дейін 

Салымшының қажетті соманы енгізген күніне дейін Салымшыға Банк тиісті хабарлама жіберген 

күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күннің аяқталуынан бастап  Шотта Салымның ең төменгі 

бекітілген мөлшерінен аз сома түзілген жағдайда, Салым  бойынша сыйақы «Талап етілгенге дейін» 

Салымының мөлшерлемесі бойынша есептеледі.  

З) Шот ашқан кезде Клиентке келесі қызмет түрлері көрсетіледі:  

-    Клиент  өзінің  Шоты  бойынша  клиенттік  карточкаға  ақпарат  алу  үшін  "Contact  Center-ге" 

хабарласқан кезде оны сәйкестендіру үшін қажетті код сөзін орнату;  

- Шот бойынша шығыс операцияларын жүргізген кезде Клиенттің Шоттарын қосымша қорғау үшін 

қажетті Шотқа қолжетімділік кодын орнату;   

(шығыс  операциясын  Сенім  білдірілген  тұлға  жүргізген  кезде  Клиент  Сенім  білдірілген  тұлғаға 

қолжетімділік кодын хабарлайды);    

-  СМС-хабарландыруға  қосу  –  Шот  бойынша шығыс  операцияларын  орындаған  кезде,  сондай-ақ 

Шотқа қаражат түскен кезде Клиенттің ұялы телефонға хабарлама алуы үшін қажет.      

И)  Клиент Шот ашқан кезде Шотқа қолжетімділік кодын орнатудан бас тартуға, сондай-ақ Банк 

белгілеген нысан бойынша өтініш беру арқылы осы қызметтерді алып тастауға құқылы. Клиенттік 

карточкаға код сөзін орнату міндетті параметр болып табылады.  

50. Салымшының міндеттері:  

А) Шот ашу үшін Банкке АҚШ-тың «Шетелдік шоттарға салық салу туралы» Заңында, Қазақстан 

Республикасының  заңнамасында  және  Банктің  ішкі құжаттарында  қарастырылған    құжаттар  мен 

ақпаратты  ұсыну,  сондай-ақ  Банктің  талап  етуі  бойынша  Клиенттің  құқықтық  мәртебесін 

(резиденттік/азаматтық) растайтын құжаттар мен ақпаратты беру

Б)  Шот  бойынша  операцияларды  қолданыстағы  заңнамаға,  Банктік  Салым  шартының/

Өтініш-


офертаның

  және осы Қосылу шартының талаптарына сәйкес жүргізу; 

В) Банктің қызметтеріне операция жасалған сәттегі қолданыстағы Банктің тарифтеріне сәйкес ақы 

төлеу. Есептелген сыйақы Банктің ағымдағы шоттар мен төлем карточкасы қолданылатын шоттар 

үшін белгілеген талаптар мен тарифтерге сәйкес алынуы мүмкін;   

Г)  Шотты  кәсіпкерлікті,  адвокаттықты,  жеке  нотариалдық  қызметті,  сондай-ақ  жеке  сот 

орындаушысының,  шаруа  қожалығының  қызметін  жүргізу  мақсаттарына  пайдаланбау.  Қарсы 

жағдайда, Салымшы Банк осы міндетті бұзумен байланысты Банкке келтірілген барлық/кез келген 

залалдардың орнын толтырады, оны Банк банктік шотты тікелей дебеттеу жолымен өндіріп алуға 

құқылы; 


Д)  Салымда  Банктік  Салым  шартында/

Өтініш-офертада

  бекітілен  төмендетілмейтін  қалдықтан 

кем мөлшердегі сома түзілген жағдайда, Банк тиісті хабарлама жіберген күннен бастап 14 (он төрт) 

күнтізбелік  күннің  ішінде  төмендетілмейтін  қалдықтың  ең  төменгі  мөлшерін  Банктік  Салым 

шартында/

Өтініш-офертада

  белгіленгеннен  кем  емес  сома  түзілгенге  дейін  Салымның  қажетті 

сомасын енгізу. 

Е) Банктік салым шартына/Өтініш-офертаға қол қойған күні Шотқа қолма-қол ақша және/немесе 

қолма-қол  ақшасыз  нысанда  Банктік  салым  шартында/  Өтініш-офертада  көрсетілген  Салым 

сомасын енгізу. Егер Салушы шотқа Салым сомасын уақтылы аудармаған болса немесе аударылған 

сома  Банктік  салым  шартында/Өтініш-офертада  белгіленген  Салым  сомасынан  аз  болса,  онда 

сыйақы  «Талап  етілгенге  дейін»  салым  мөлшерлемесі  бойынша  есептелетін  болады.  Егер 



аударылған сома Банктік салым шартында/Өтініш-офертада белгіленген Салым сомасынан артық 

болатын  болса,  онда  Шотқа  нақты  түскен  сома  Салым  сомасы  болып  саналады.  Бұл  жағдайда 

Банктік салым шартына/Өтініш-офертаға Қосымша келісім/Қосымша жасалады.  

Ж) Банкті мекенжайының, телефондарының өзгергені және Қосылу шартының орындалуына әсер 

ете алатын басқа да өзгерістер туралы жазбаша ақпараттандыру. 

З) Алынып тасталды.  

51. Салымшының құқықтары: 

А) 


Банктің  Шот  ашылған  филиалында/бөлімшесінде  Шоттың  жағдайы  туралы  ақпарат  алу  (Шот 

бойынша үзінді-көшірмелер); 

Б) Салымға жасалған Банктік салым шарты/Өтініш-оферта мен осы Қосылу шартының талаптарына 

сәйкес иелік ету; 

В)  Банкті  мәжбүрлі  таратқан  жағдайда,  Салым  бойынша  кепілдік  өтеуді  ҚР  қолданыстағы  

заңнамасында  бекітілген мөлшерде және тәртіпте алу; 

Г) Банктік салым шартында/Өтініш-офертада және осы Қосылу шартында  қарастырылған тәртіпте 

Шотта Салымның нақты болған уақытына Салымның сомасы мен есептелген сыйақыны алу; 

Д) Банкте бекітілген нысан бойынша Салымшының жазбаша Өтінішінің негізінде Шот бойынша  

шығыс операциялары бойынша (Банктің қолданыстағы тарифтерінде бекітілген сомаға тең не одан 

асырылған мөлшердегі  операцияларға)  СМС-хабарлама алу немесе одан бас  тарту. 

Е)  Салымды  Өтініш  негізінде  үшінші  тұлғаға  комиссия  төлемей  және  есептелген  сыйақыларды 

жоғалтпай    қайта  ресімдеу.  Бұл  ретте  Тараптар  арасында  Қосымша  келісім/Қосымша  жасалады. 

Салымды үшінші тұлғаға қайта ресімдеу Банктік салым шартының/Өтініш-офертаның талаптарына  

сәйкес депозит кепіліне Салымшыға, сондай-ақ жалақылық жоба ұйымдарының қызметкерлеріне 

берілген карточка бойынша  кредиттік  лимит және  Салымшының  Банк  алдындағы  орындалмаған 

өзге де міндеттемелері  болған кезде жүргізілмейді;   

Ж) Клиенттің атына үшінші тұлғалардың Шот ашу және/немесе жүргізу/жабу, ол үшінші тұлғаның 

жеке  басын  куәландыратын  құжат  негізінде  және  осы  үшінші  тұлғаның  атына  Клиент  берген 

нотариалды  расталған  сенімхат  негізінде  жүргізіледі.  Клиент  үшінші  тұлғалардың  Клиенттің 

Шоттарына санкцияланбаған қолжетімділікті (қолжетімділікті) болдырмау үшін Банктің сенімхат 

тұпнұсқаларын өзінде қалдыруға және Банктің ІНҚ сәйкес өзге  де құжаттарды сұратуға құқылы 

екендігімен  сөзсіз  келіседі.  Банк  филиалында/бөлімшесінде  сенімхатты  тіркеу  үшін  Клиенттен 

талап етілетіні:      

- Клиент пен сенім жүктелген тұлғаның өздерінің болуы;  

- Банк қызметкеріне сенімхаттың түпнұсқасын беру;    

- алынып тасталған; 

- Клиенттің карточкасына телефон арқылы өзінің шоты бойынша ақпарат алуы үшін клиент Банкке 

("Contact Center") хабарласқан кезде оны сәйкестендіру үшін қажетті код сөзін белгілеу;  

-  шот  бойынша  шығыс  операциясын  растау  үшін  қажетті  шотқа  қолжетімділік  кодын  белгілеу 

(клиент сенім жүктелген тұлғаға шот бойынша шығыс операциясын жүргізу үшін хабарлайды). 

З) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шоттар ашуға уәкілетті жеке тұлғаларға – ата-

анасына немесе өзге заңды өкілдеріне сенімхат беру талап етілмейді.  

И) Салымшы /сенім жүктелген тұлға Банк белгілеген нысан бойынша ақша алуға өтініш білдірген 

соң ағымдағы шот бойынша 50 000 USD (немесе басқа валютадағы баламасы) артық сомаға шығыс 

операциясын жүргізген кезде 2 күн ішінде қызмет көрсету (соның ішінде Сенімхат бойынша).   

52. Тараптардың жауапкершілігі: 

А) Банктік салым шартының / Өтініш-офертаның және осы Қосылу шартының талаптарын бұзған 

кезде Тараптар ҚР қолданыстағы  заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады. Бұл ретте Банктің 

жауапкершілігі  тікелей келтірілген залалдың сомасымен шектеледі; 

Б)  Банк  Салымшының  Шотынан  оның  келісімінсіз  Қазақстан  Республикасының      заңнамасында 

қарастырылған  жағдайларда  және  тәртіпте  ақша  алған  кезде  Салымшының  алдында 

жауапкершілікте болмайды. 

53. Басқа талаптар: 

А) Банктік  салым  шарты /Өтініш-оферта Салым  сомасы  Шотқа  түскен күннен  бастап күшіне 

енеді; 


Б) Банктік  салым  шартына/ Өтініш-офертаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, егер олар 

жазбаша нысанда ресімделсе және Тараптардың уәкілетті  өкілдері қол қойғанда жарамды болып 

табылады; 

В) Банктік  салым  шартына/ Өтініш-офертаға қойылған Салымшының қолы Салымшының Қосылу 

шартының  талаптарымен,  Банк  көрсететін  комиссиялық  Сыйақы  тарифтерімен,  Банктік    салым  

шартының  талаптарымен  танысқанын және келіскенін  растайды.  Салушы/ Салымшы  және  басқа 

барлық мүдделі тұлғалар осы Стандартты талаптарға қосылу арқылы Салымшының электрондық 

сандық қол қоюы  немесе  серпінді  сәйкестендіру  құралдарын  пайдалануы  Салымшының (үшінші 

тұлғаның  –  салушының)  қағаз  тасымалдаушыда  өзінің  қойған  қолына  теңестірілетінін  сөзсіз 

растайды; 

Г) Алынып тасталды. 

Д)  Сыйақы  есептеу  Салымшының  шотына  Салымды  енгізген  күнінің  келесі  күнінен  бастап 

жүргізіледі; 

Е) Салымшы  осы арқылы Банктен жарнамалық таратулар алуға келісім береді

Е-1) Клиент Банкке өзі туралы ақпаратты АҚШ-тың Салық Қызметіне жария етуге сөзсіз келісімін 

береді,  соның  ішінде  нәтижесінде  Клиент  АҚШ  персонасы/резиденті  (грин-карта  иесі)  болып 

табылатындай  пайымдауға  негіздеме  беретін  бір  немесе  бірнеше  белгі  пайда  болған  жағдайлар  

өзгергенде  және  егер  Клиенттің  Банкте  ашқан  Шотындағы  ақша  сомасы  (қалдығы)  күнтізбелік 

жылдың  соңғы  күнінде  АҚШ-тың  «Шетелдік  шоттарға  салық  алу  туралы»  Заңында  анықталған 

сомадан асатын болса. 

Ж)  Сыйақы  есептеу  Банктік  Салым  шартында/  Өтініш-офертада  қарастырылған  мөлшерлеме 

бойынша Салымды нақты орналастырған мерзім үшін жүргізіледі; 

З)  Шот  бойынша  операциялар    Банк  берген  үзінді-көшірмелерде  немесе  Салымшының  қалауы 

бойынша – жинақ кітапшасында бейнеленеді; 

И) Салымға  иелік  ететіндер: 

- Салымшы; 

- нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде  – Салымшының  өкілдері; 

-Салымшы  қайтыс  болған  жағдайда  -  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес                        

мұрагерлері; 

К) келесі жағдайларда осы Шарттың  әрекеті тоқтатылады  және Шот  жабылады: 

-  Банктік  Салым  шартының/  Өтініш-офертаның  және/немесе  ҚР  қолданыстағы    заңнама 

талаптарына сәйкес сыйақы төлеумен бірге

- Салымшы төмендетілмейтін Салым қалдығының сомасын мерзімінен бұрын алып алған кезде;  

- Банктік Салым шартында/ Өтініш-офертада бекітілген Салымның мөлшерінен аз сома түзілгенге 

дейін Салымның бастапқы сомасын Салымшы өз уақытында енгізбеген кезде; 

Л) ҚР заңнамасына сәйкес Банктік мәжбүрлі таратқан жағдайда, Салымды қайтару бойынша оның 

міндеттемелері депозиттерді міндетті кепілдендірудің объектісі болып табылғанда; 

М)  Банктік  Салым  шартында/  Өтініш-офертада,  осы  Қосылу  шартында  реттелмегендердің 

барлығында Тараптар  ҚР қолданыстағы  заңнамасын басшылыққа алады; 

Н)  Банктік  Салым  шартының/  Өтініш-офертаның  мемлекеттік,  орыс    және  басқа  тілдеріндегі 

мәтіндерінің арасында айырмашылық туындаған жағдайда, Тараптар, егер Тараптармен (Салымшы 

және Банк) өзгедей шешім қабылданбаса, орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет