64
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
Ұлт-ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткен өткен мен бүгінгіні байланыстыратын
баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. сондықтан оны үйренудің күнделікті
тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.
паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР
1. Қазақстан республикасында дене шынықтыруды және спорты дамытудың 2001-2005
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2. Тәнекеев м.Т. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. -Алматы: мектеп, 1999. -58 б.
3. Толыбаев Қ. Ұлттық ойындар. -Алматы: мектеп, 1996. -83 б.
4. Таникеев м. Педагогика народной игры. -улан-Батор: 1992. -с.48-56.
5. Таникеев м. игры в народной педагогике физического воспитания. 1993,
6. Құралбеков А. Халық педагогикасындағы қазақтың ұлттық ойындары. оқу құралы. - Алматы:
каз мсТА, 2000. -с.95.
редакцияға 31.08.2009 қабылданды.
н.Ә. тоЙбазаРова
ШаҒын ЖинаҚты бастауыШ мектепте аҚпаРаттыҚ-
коммуникаЦиялыҚ технологиялаРДы ҚолДану тиІмДІлІгІ
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – жеке тұлғаны тек біліммен қаруландырып қана
қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік
тудыру. Білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін
ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.
елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі,
оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге өзгертулер енгізіп,
мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Білім беру жүйесінің алдына қойылған мақсаты - адамзаттың прогрестік
ерекшелігіне, қоғамдық-тарихи, саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайына сай
негізделеді. Қоғам ілгері дамыған сайын адамдардың өмірге деген көзқарастары өзгеруде,
білім алуға, тілдерді үйренуге деген ынтасы арта түсуде. Білім беруді ақпараттандыру,
пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаты алға қойылуда. кез-келген
мемлекеттің дамуы ақпараттық мәдениетінің деңгейіне байланысты. Білім беру жүйесін
ақпараттандыру бағыты - жаңа ақпараттық –коммуникациялық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта және дистанционды (қашықтан оқыту)жеке тұлғаға бағыттап
оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің
тиімділігі мен сапасын көтеруді көздейді.
Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты
– оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының
практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету
жолында электронды оқулықтар, тексеру бағдарламалары, оқыту бағдарламалары
сияқты бағдарламалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін
оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. оның қолданылуы нәтижелі
болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына
қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз етуі керек.
компьютeр және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үдерісі
оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен
65
№ 1 (74) 2010
заңдылықтарды табуға итермелеп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциялдарының
қалыптасуына жол ашуы керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы
оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютeрлік оқыту ісін дамытатын
жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары
деп есептейміз.
Қазіргі таңда республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты –
бұл қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде біртұтас
білім = ақпараттық орта құру арқылы Қазақстанның білім сапасын арттыру.
Ақпараттық-коммуникациялық технология оқушының ынтасын арттырады. олардың
көмегімен оқу үдерісін икемді басқара отырып, оқушылардың іс- әрекетін бақылауды
сапалық жағынан өзгертуге болады.
Қазақстан және ТмД елдері білім саласында тұлғалық-бағдарлы оқытуға және
ізгілендіруге көшуде. осы тұста шешуші рөл ақпараттандыруға берілген.
Ақпараттандыру – бұл оқыту мен тәрбиенің психологиялық-педагогикалық
міндеттерін жүзеге асыруда білім беру жүйесінде қазіргі ақпараттық қолдаудың теориясы
және практикасымен қамтамасыз ету.
Білімді ақпараттандыру – білім жүйелерін реформалаудың барлық негізгі бағыттарын
қамтитын маңызды механизмі болып табылады. еліміздің білім жүйесінің даму деңгейі
білімді ақпараттандыру проблемасымен байланысты. осыған орай, білім беруді
ақпараттандыру - экономиканың, ғылым мен мәдениеттің жедел дамуын анықтайтын
түйінді шарты болып қарастырылады [1].
Бүгінгі іргелі жаңалықтар мен ақпараттық технологияларға толы ақпараттық қоғамда
маңызды әлеуметтік мақсат – бұл жаңа ойлау стилін қалыптастыру. интеллектінің
аса үдетпелі дамуы бастауыш мектеп жасында жүзеге асады және зейін ерікті болып,
ойлаудың көрнекі - бейнеліктен сөздік логикалыққа ауысуы жүреді, қабылдау талдамалы,
дифференциалды сипатқа ие болады.
Білім беруді жаңарту құралы есебінде компьютердің рөлі ұдайы өсуде, ал ол өз
кезегінде оқушыларды оның сауатты қолданушысы болуға мәжбүр етеді. компьютерді
сабақта орынды қолданудың бірқатар артықшылықтары бар. компьтерлік технологияны
қолдану барысында оқытушының әр оқушымен жеке жұмыс жасауға, әрқайсысына әр
түрлі тапсырмалар беріп, барлық оқушының білімін бағалауға мүмкіндігі болады,
кімнің қай тақырыпты меңгермегенін немесе қай жерде білімінің осал екенін байқап,
соны жүйелі түрде жою үшін көмек көрсете алады.
компьютерді пайдалану оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйретеді.
Әр оқушы өзі еңбек етеді. оқушымен оқытушы қызметінде ақпараттық мәдениет
қалыптасады.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам – ақпараттың қажет екенін сезіну, оны тауып
алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және
автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны
шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі
мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты
болып отыр. интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін
кері үдеріске күннен-күнге артып бара жатқаны байқалады.
Қазіргі таңда балалар үшін интернет – бұл қажетті ақпараттарға оңай қол жеткізу
көзі болып отырғаны баршамызға мәлім. интернетті пайдалана отырып, бала өзіне
қажетті, терең зерттегісі келетін, қызығушылық танытқан мағлұматтарды таңдайды.
Қай жағдайда болмасын бала интернетпен өз бетімен жұмыс жасағанда, оған мұғалімнің
ақыл кеңесі өте маңызды. мұндай жұмыс түрлерін жеке, топпен және жұппен жүргізуге
болады. Бұл жұмыстарды педагог маманның басшылыққа алып, бірлесе талдағаны
дұрыс, дегенмен оқушының өзіндік жұмыстары қолдануы керек.
66
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
Қазір білімді компьютерлендіру жағдайында, мұғалімнің атқаратын қызметі аса
маңызды. Өйткені, өз бетімен алынған білім оқушыны байқаусызда жүйесіз бағытқа
жетелеп, өзіндік пікірі қалыптасып, оқу пәндерін меңгеруде ғылыми негіздерге көңіл
аудармайтындай, кері пікірлерге әкеп соқтыруы мүмкін. сондықтан мұғалім тарапынан
үнемі басшылық, бағыт нұсқау беріліп отыруы керек.
Шағын жинақты бастауыш мектептің (ШЖБм) оқу үдерісіне ақпараттық-
коммуникациялық технология құралдарын қолдану өте тиімді. Қолданудағы мақсат -
оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.оқушыларда
танымдық қызығушылықтың болуы – олардың сабақта белсенді, білімінің сапалы
болуына, оқуға жағымды түрткісін қалыптастыруға, оқыту үрдісінің тиімділігін
арттыруға, белсенді өміршең позицияны ұстануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын ШЖБм-те оқыту үдерісінің
барлық кезеңдерінде, атап айтқанда, жаңа тақырыпты түсіндіруде, алынған білімді
бекітуде, қайталауда, білім, білік, дағдысын бақылау барысында қолдануға болады.
сондықтан оқытудың АкТ құралдарын интерактивті деп атайды, себебі ол оқытушы мен
оқушының өзара қарым-қатынас іс-әрекетіне мүмкіндік береді.
1.оқу үдерісіне қолдану барысында:
- оқыту құралы;
- көрнекілік құрал;
- дидактикалық құрал;
- диагностикалау және бақылау құралы;
2.Жұмыс жасау барысында:
- тестті дайындау және оны сақтау құралы;
- графикалық ақпараттарды өңдеу құралы;
- пікірді дайындау құралы;
- есептеу құралы қызметін атқарады.
Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдануда шағын жинақты
мектептің бастауыш сынып оқушылары ақпаратты тек қабылдаушы ғана емес, сонымен
бірге оны өңдеп, жеткізу әрекеттерін орындайды. Бұл жағдайда оқытушының мақсаты
оқушыларда қажетті ақпаратты табу, сұрыптап, оны жүйелеу мен жеткізу дағдыларын
қалыптастыруға бағытталады. ол оқу пәнінің тақырыбын қоршаған ортада болып жатқан
түрлі құбылыстар мен жағдайларды және проблемаларды шешумен байланыстыра
отырып, оқушыларға жобаны дайындау тапсырмасын ұсынады. Бұл тапсырманы орындау
мен оны қорғау кезеңі оқушылардың топ алдында сөйлеу мәдениетін, пікірталасу
арқылы ойын жүйелей білу мен өзіндік көзқарасын және ой-пікірлерін қорғай білу
дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. мұндай тапсырмаларды қорғау топтың
алдында орындалады және олардың өзара қарым-қатынасын талап етеді. сонымен
мультимедиалық жобаны құру – оқушыларға қажетті теориялық білім мен танымдық
қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді әдіс болып табылады [2].
АкТ құралдары ШЖБм-тің оқу үдерісінде оқушының оқуға әуестігін, білуге
құштарлығын, қызығушылығын дамыту негізінде ұйымдастырылып, таным құралы
ретінде пайдаланылса, онда ақпараттық –коммуникациялық технологиялар құралдары
оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі
тұжырымдалды.ол үшін бастауыш сынып оқушысынан:
- өз іс-әрекетінің құрылымын жоспарлай білу;
- объекті мен үрдістің ақпараттың үлгісін құра білу іскерлігі;
- әртүрлі жағдайларда АкТ құралдарын қолдана білу білігі;
- АкТ құралдары арқылы ақпараттармен жұмыс жасау дағдысы талап етіледі;
ШЖБм мұғалімдерінің алдында тұрған міндет – бұл оқушыларды түрлі ағымдағы
67
№ 1 (74) 2010
ақпараттарды саналы, сапалы түрде қолдана білуге үйрету. Бастауыш сынып оқушыларын
алғашқы күннен бастап -ақ ақпарат көздерін тиімді пайдалануға бағыттау керек.
Әрине, оқушының жас ерекшелігі мұндай шығармашылықтарды ұйымдастыруда табиғи
шектеулерін байқатады. Дегенмен осындай жұмыс міндетті түрде жүргізілуі керек,
өйткені осы кезде оқушылардың жеке қасиеттері мен құндылықтары қалыптаса бастайды.
Түрлі ақпарат көздерін қолдана білу машықтарын қалыптастыруда бастауыш сынып
оқушыларының жас және психо-физикалық ерекшеліктерін ескеру қажет. Ақпаратты
іздеу тақырыптарын оқу пәндерінен немесе оның төңірегінен қарастырған жөн. Өйткені,
мұндай жұмысқа ШЖБм оқушыларының өздеріне етене жақын және таныс мәселелер
қарастырылуы қажет.
Ақпарат көздерінің қайсысы болмасын зерттеу әдісін қажет етеді. Барлық танымдық
жұмыстар мәтіннің мағынасын ашуға, өзара байланысын, мәселенің мән жайын ұғынуға
жұмсалады. осы тұста түсіндірмелі - көрнекілік, ойын әдістері, тәжірибелер, бақылаулар
мен жобалау әдістері қолданылады.
сонымен бірге бастауыш мектепте компьютерді оқушылардың іс әрекетін
жедел бақылауды ұйымдастыру құралы ретінде пайдалануға болады. оның мынадай
артықшылықтары бар:
- әрбір оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді;
- тексерушіге жеке сынау беру мүмкіндігі бар;
- компьютер нәтижелерді бағалаудың шынайылығын қамтамасыз етеді;
- уақытты үнемдейді;
- қолайлы интерфейспен қамтамасыз етеді;
- ақпараттың аздығымен ерекшеленеді;
- сынау нәтижесін автоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді;
- мұғалімнің жетекшілігі өзгереді, енді ол бақылаушыдан кеңес берушіге ауысады.
Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану - ШЖБм
мұғалімдерінің даярлығын жетілдіруге және оқушылардың білім сапасын көтеруге
көп септігін тигізері сөзсіз. Әсіресе мұғалімнің сабақта электронды оқулықтар мен оқу
құралдарын пайдалануы ерекше маңызды. мұндағы мақсат - мұғалім оқытудың жаңаша
әдістерін қолдана отырып, өз бетімен ойлай алатын, тұжырымдап қорытынды жасай
алатын, білім мен қабілетін қолдана білетін оқушыларды тәрбиелейді.
Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыруда ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану өте тиімді.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі ерекшелігі – оқушының берілген тапсырманы
мұғалімнің көмегінсіз орындауы. Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін,
мұғалім оқушының іскерлік дағдысын, бақылай білу қабілетін, ойлауын, тапсырманы
орындау жолдарын дұрыс таңдай білуін байқап көреді. мұғалім оқушының өзіндік
жұмыс істеу барысын жетекшілікке алып, оны орындауға тапсырма беріп отыруы қажет.
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде кеңінен қолданылып, айтарлықтай нәтиже
беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялардың бірі - дамыта оқыту технологиясы.
(Л. занков, Д. Эльконин, в. Давыдов, в. репин). Дамыта оқыту тікелей баланы (субъекті
ретінде қарап) жан-жақты дамыта отырып (жеке басын, дүниетанымын, ойлауын, т.б)
оқытуға негізделеді [3].
осы мақсатта дамыта оқыту технологиясын басшылыққа ала отырып, қазақ тілі
пәнінен шағын жинақты бастауыш сынып оқушыларына арналған «морфология әлеміне
саяхат» атты электронды оқулық жасалынды. оқулықта сабақтың құрылымы, өту барысы
толық берілген.
Бұл оқулық оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға
бағытталған. мұнда оқушылардың өз бетімен орындайтын жаттығу жұмыстары:
бақылау, шығармашылық жұмыстар, тестілер берілген және өздері ізденіп орындайтын
68
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
жұмыстар қамтылған. оқулық қазақ тілі пәнінен алған білім, білік, дағдыларын
толықтыру, жетілдіру, дамыту мақсатында және сабақ үстіндегі өзіндік жұмыс ретінде,
өткен материалды қайталауға, сонымен қатар бағдарламалық білімдерін жете меңгеруге,
практикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған құрал болып табылады. сонымен
қатар оқулықта ойын жаттығулары да қарастырылған. ойын – оқушылардың оқуға
деген ынтасын, қызығушылығын оятып, ойлау белсенділігін арттырады. сондықтан да
бастауыш сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды қажет етеді. осы мақсатта
«Жануарларды құтқару», «Ай-сандық», «Тамшыларды көлшікке түсір» және т.б. ойын
түрлері ұсынылды. Бұл оқулықты қолданар алдында оқушы алдымен өзінің аты-
жөнін пароль ретінде енгізеді. Электронды оқулық мұғалім үшін де, оқушы үшін өте
тиімді. сонымен оқулықтың құрылымына назар аударайық: оқушылардың қызығу-
шылығын ояту мақсатында оқулыққа кіріспе төмендегідей ертегі желісінде құрылған:
«ертеде морфология деген үлкен ел болыпты. ол елге баруға әр бала құштар-ақ.
сарыарқадағы есіл өзені сол елге барудың бірден-бір жолы екен. Бізді есіл өзенінде 9
желкенді қайық күтіп тұр. олармен қазір танысамыз. олар: зат есім. етістік. сан есім.
сын есім. Шылау. есімдік.Үстеу. одағай. еліктеу сөздер. Қалаған желкеніңізге отырып
морфология еліне бара аласыздар. сіздерді сол жолда түрлі қызықты тапсырмалар
күтіп тұр. Тапсырмалардың қиыны да, жеңілі де кездеседі. сол қиындықтарға мойымай
жеңе білсеңдер, табиғаты тамаша, керемет қызықтарға толы «морфология еліне» тап
боласыңдар. Жүріңдер, морфология еліне бірге барайық, достар!» деп ашылады.
оқулықта оқушыларға арналған өз бетінше орындайтын танымдық, тілдік,граммати
калық,шығармашылық, рефлексиялық тапсырмалар, ойын жаттығулары және сызбалар,
кестелер, тест жұмыстары т.б. тапсырмалар берілген. Әр бөлім соңында тапсырмалардың
дұрыстығын тексеру бағдарламасы арқылы, оқушының жинаған ұпай саны көрсетіліп
тұрады.
сабақтар дамыта оқыту технологиясы бойынша құрылған. сабақтың құрылымы 3
үлкен кезеңге бөлінеді. Әр кезеңдегі тапсырмаларға жеке тоқтала кететін болсақ:
1- кезең. Бағдарлау – мотивациялық кезеңі.
Бұл кезеңде мұғалім дәстүрлі сабақтағыдай үй тапсырмасын сұраудың орнына оқу
міндеттерін жаңа тақырыпқа байланысты қою жұмысы жүргізіледі. мұғалім тарапынан
оқушылардың білімін теңдестіру мақсатында өткен тақырып бойынша проблемалық
сұрақтар беріліп, мынадай жұмыс түрлері қамтылған:
- тақырыпқа байланысты сызбалар, кестелер (мағынасына қарай жасалу жолдары);
- әр сөз табының түрлеріне қатысты тапсырмалар (берілген сөздерге сұрақ қою;
керекті сөздерді табу, т.б.)
2-кезең. операциялық – орындаушылық кезең.
Бұл кезеңде берілген барлық тапсырма – сабақтың негізгі проблемасын шешуге
тікелей жол ашады. яғни барлық тапсырмалар оқушының өз бетінше жұмыс жасауына
негізделген.сондықтан электронды оқулықтың осы кезеңінде төмендегідей тапсырмалар
берілген:
- суретке қарап тиісті сөздерді табу, оларға сұрақ қою;
- сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату;
- берілген сөз табын қатыстырып сөйлем құрау;
- жұмбақ және сөзжұмбақтар шешу ;
- диктордың оқылуындағы өлеңдер мен оларға қатысты тапсырмалар;
- сөйлемдерді берілген сөздермен толықтыру;
- сөйлемдерден тиісті сөздерді ұяшыққа орналастыру;
- мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер және оларға қатысты тапсырмалар;
69
№ 1 (74) 2010
- өлеңдегі санмен берілген сөздерді кестеге сөзбен жазу;
- сөздерді шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқу арқылы жасырынған мақал-
мәтелді табу, т.б.
ойын ой өсіреді айдарымен «Ай-сандық», «сен білесің бе?» ойыны (8 сұрақтан
тұрады); тиісті шарларды ұстау; (дұрыс болмаса шар жарылады); «Жануарларды
құтқару», Өз үйіңді тап, көбелектерді өз гүліне қондыр, «Тамшыларды көлшікке түсір»
және т.б. ойын түрлері ұсынылды.
3-кезең. рефлексиялық –бағалау кезеңі.
Бұл кезеңде тақырыпқа байланысты қорытындылау тест жұмыстары алынады. Тест
6 сұрақтан тұрады. Әр сұрақтың жауабы тексеру бағдарламасымен тексеріліп, ұпай саны
анықталады. Жинаған ұпай санына байланысты оқушы өзін-өзі бағалайды.
оқушылардың өзіндік бағалауы, өзінің іс-әрекетіне жауап беру, өзінің мүмкіндіктерін
білуі, істеген бағытын анықтау, өзіне талап қойғыштық сияқты бағалау белгілері
бар. рефлексиялық – бағалау кезеңі өзіндік қасиеттерді қамтиды.
содан бірте-бір-
те оқушының белсенді таным әрекетіне байланысты өздігінен жұмыс істеу баланың
қажетіне айналады. яғни, өздігінен білім алу, өзін-өзі басқару,өзін-өзі тану, бағалау
сияқты әрекет дәрежесіне көтеріледі [4].
ШЖБм-те ақпараттық технологиялар негізінде өзіндік жұмысты ұйымдастыру-
қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін
түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір
жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде, оқушының жалпы психологиялық
дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізуде және білім сапасын арттыруда маңызы
өте зор.
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар құралдарын қолдану арқылы
бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруға, теориялық білім беруге
және практикалық дағдыны қалыптастыруға, берілген білімді ізгілендіру мен
демократияландыруға, дамыта оқытудың негізгі мәселелерін қалыптастыруға болады.
паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР
1. Полат е.с. Новые педагогические и информационные технологии в системе
образования. – москва: Аcademia, 2000. -171с.
2. информатизация начальной школы. объединенный научный журнал. -москва, 2008.
-№3.
3. Құрманова Н. Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы. – Астана, 2007. -57 б.
4. матрос Д.Ш., Полев Д.м., мельникова Н.Н. управление качеством образования на
основе новых информационных технологий. -москва, 2001. -30-33 б.
редакцияға 29.08.2009 қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |