Көшпенділер 2



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата12.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#9265
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

Екінші бӨлім 
 
І 
 
 
 
Қазақ  елінің  батыс  тұсында  дәл  қазір  алып-жұлып  бара  жатқан  бәлендей 
қорқыныш  болмағанмен,  солтүстік  жағы  тағдырына  елеулі  әсер  етердей 
уақиғаларға  толы  еді.  Ұшы-қиыры  жоқ  сұсты  Сібір  өлкесінде  ежелден-ақ  мал 
шаруашылығымен шұғылданатын, балықшылық пен аңшылықты кәсіп ететін түрік 
және  монғол  тектес  көшпелі  халықтар  мекен  ететін.  Бірақ  бұларда  баяғы  Түрік 
Қағанатынан кейін қалыптасқан мемлекет болмай келген. 
 
Сол  себептен  о  жаққа  өзара  ру  таластарынан  таяқ  жеген  қазақтың  ер-
азаматтары  ғана  емес,  өз  елінде  жапа шеккен  Қазан,  Астрахань  хандықтарының, 
көне Еділ бойы мен башқұрт, татар төрелерінің сан түрлі адамдары қашып барған. 
Со жақтан пана іздеген құл-төлеңгіттер, ұлтын айырып білуге болмайтын не қилы 
босқын  тұтқындар,  боярлар  мен  князьдардың  қыспағына  шыдай  алмаған  орыс 
жігіттері  Сібір  жерін  атам  заманнан  әбден  бауыр  басып  алған-ды.  Бұлар  аздай, 
патша  ағзамның  қиянатына  шыдамаған  кейбір  орыс  қара  шекпендері  ауыл-
аймағымен  Орал  тауынан  аса,  тірі  жан  басып  көрмеген  Сібірдің    мылқау 
түкпірлеріне қарай шұбыруды шығарған. Соңғы кезде әсіресе бұ жаққа патшаның 
әділетсіз  заңы  қыр  соңына  түскен,  патша  жандармдарының  таяғы  етінен  өтіп, 
сүйегіне  жеткен  жәбірленген  соқа  басты  адамдар  да  көп  қашқан.  Бұлар  әр  түрлі 
ұлттан  еді,  бірақ  тез  тіл  табысып,  заматта  ұғысып  кететін.  Бәрі  бірігіп,  өздеріне 
казак деген ат қойып, тіршілік етуге кіріскен. Бұлар көне қазақ елінің атын алғанда
өздерінің сол жауынгер көшпелі елдің ешкімге бағынбайтын еркін салтымен өмір 
сүретіндерін  аңғартқан.  Олардың  жасақтағы  бағыну  тәртібі  де  қазақтың  көне 
кездегі өз батырларына ғана бас иетін әдеттеріне ұқсас еді. 
 
Осындай,  әрқайсысының  жеке  атамандары  бар  ондаған,  жүздеген  жасақтар 
көшпелі  елдердің  аламандары  тәрізді  көршілерінің  малын  барымталап,  бай 

98 
Әдеби KZ 
саудагерлердің керуендерін тонап, тіпті болмаса бірімен бірі айқасып, ұшы-қиыры 
жоқ еркін далада ойларына келгенін істеп жатты. 
 
әйткенмен,  бұлар  ежелгі  көшпелі  елдермен  араласып,  біртіндеп  отырықшы 
жұртқа  айнала  бастаған.  Сөйтіп  Сібір  жері  ерте  кезден-ақ  ұлы  Россияның  бір 
бөлегіне  айналды.  Бертін  келе  орыс  патшасы  бұдан  түсер  пайданы  бірден  ұқты. 
Ұшы-қиыры  жоқ  Сібір  жерін  тек  әскери  күшпен  билеудің  қиындығын  түсінген  ақ 
патша,  енді  осынау  бас  кесер  өжет  казак  жасақтарын  өз  саясатына  жұмсауды 
ойлады.  Осылар  арқылы  бүкіл  Сібірді  өз  қолына  алмақ  болды.  Енді  оларды 
шекара күзету ісіне де пайдалануға кірісті. 
 
 
 
 
Осы кезде, бүкіл Сібір жерінде Строган деген кісінің аты жер жарды. Бұл Сібір 
жерін ақ  патша қанауға берген Строганов саудагердің есімі еді. Ол  бүкіл  Сібірдің 
шетіне  сауда  қалаларын,  қоймаларын  сала  бастады.  Сол  қоймаларды  және  жан-
жаққа  жүргізе  бастаған  сауда  керуендерін  қорғауға  Строганов  тек  казак-орыс 
жасақтарын пайдаланып қойған жоқ, көршілес қазақ ауылдарының көп жігіттерін 
де  жалдады.  Бұл  қазақ  жігіттері  Сібір  саудагерлеріне  қазақ  елінің  жылқысын, 
қойын,  жүн-терісін  бірінші  сатушылары  болды.  Әрине,  орыс  шекарасындағы 
саудагерлер  қазақ  елінің  өлі  затын  тым  арзан  бағамен  алды,  бірақ  бұл  сауда-
саттық дала жұртына тек Бұхар, Хиуа, Үргеніштерге ғана емес, өзімен  шекаралас 
орыс  еліне  де  өзінің  артық  малын,  шикізатын  сатуға  мүмкіндік  берді.  Осындай 
сауда  жолы  арқылы,  қазақ  халқының  орыс  елімен  алғашқы  қарым-қатынас 
әрекеттері басталған. 
 
Ал  Жоңғар  әскерінің  қазақ  жеріне  енуі  тек  қазақ  халқына  ғана  емес,  онымен 
көршілес  елдерге  де  қиын  тиді.  Сібір  қалаларында  суық  желдің  лебі  сезілді. 
Қырғыздар тау арасына қашуға мәжбүр болды. Қарақалпақтар ығысып, қазақтың 
босқын  ауылдарына  қоныс  берді.  Жоңғарларды  енді  Ташкенттен  бері  қарай 
аттанар деп қауіптенген өзбектердің де берекесі күні бұрын кетті... 

99 
Әдеби KZ 
 
Әсіресе  бұл  жағдай  Еділ  бойындағы  қалмақтарға  қиын  тиді.  Еділ  мен  Жайық 
бойындағы  қазақтардың  жайылымын  басып  қалуды  арман  еткен  қалмақтар, 
Жоңғар шабуылының алғашқы кезінде қазақтардың ойраттардан жеңілуін тілеген-
ақ  еді.  Бірақ  бұл  үміттері  ақталмады.  Жоңғардан  шегінген  қазақтар  малына 
жайылым іздеп, енді Еділ мен Жайық өзенінің бойына қарай беттеуге шықты. Ал 
Россия  саясатшылары  күншығыс-оңтүстік  жағындағы  қазақтың  ұлы  даласында 
болып  жатқан  уақиғаларды  сырттай  бақылаумен  болды.  Россияның  бұл  кездегі 
әрекеттері  өзге  кездегісінен  тіпті  басқаша  келді.  Оның  әр  қимылында  енді 
сабырлылық, алыстың артын бағушылық байқалды. 
 
Әрине,  қазақ  елінің  басына  қара  түнек  туған  қилы  кезеңде,  күншығысынан 
Жоңғар әскері, күнбатысынан — Еділ бойындағы қалмақ нояндары, солтүстігінен  
башқұрт  бекзадалары,  оңтүстігінен  Орта  Азия  хандары  қазақ  даласын  борша-
борша  етіп  бөліп  алса  —  Россия  секілді  ұлы  мемлекет  өзінің  қомақты  үлесін, 
арыстан  үлесін,  өзгелерден  әлдеқашан  тартып  әкеткен  болар  еді.  Сөйтудің  қазір 
де  кезі  келіп  тұр.  Сөз  жоқ,  Бірінші  Петрден  бұрынғы  Россия  патшаларының 
қайсысы  болса  да  дәл  осылай  істер  де  еді.  Ал,  Бірінші  Петр  патшадан  бастап 
Шығыс  істеріндегі  Россия  саясаты  басқаша  құрыла  бастаған.  Бұл  терең  де  және 
алысқа  қол  сермеген  саясат  еді.  Оның  көп  шешімдері  сонау  төрт  мұхиттың 
жағаларына  бірдей  қанат  жайған  өзге  ұлы  мемлекеттердің  саясаттарымен  қат-
қабат келіп түйісіп жатқан. Сол себептен Россия, Азияның жүрегі — Орта Азиядағы 
әрекеттерін  әзірге  достық  қарым-қатынас  пен  сауда-саттықты  жөндеуге  жұмсап, 
алдағы болашақ уақиғалардың табиғи шешімдерін күтуде еді. 
 
Бірақ  бұл  саясат  қазақ  елін  басып  алуға  шыққан  жоңғар  шабуылын  тоқтатқан 
жоқ. Қазақ елі батысынан да, шығысынан да тікелей жәрдем ала алмады. Тек өз 
күшіне сенуге тура келді. 
 
 
 
 
Бөгенбай  батыр  қатты  толқу  үстінде  еді.  Ол  ауыл  сыртына  шығып,  көп  жүрді. 
Қазір, міне, төбе басында отыр. Ой-қиялы сан саққа жүгіріп, көз алдынан Жоңғар 

100 
Әдеби KZ 
шабуылы  басталғаннан  бергі  талай  шайқастар  елестеп  өтті,  әсіресе  Шұно-Дабо 
ноянмен екеуінің арасындағы айқас есінен кетпеді. 
 
... Құз басына біткен шынардай, мызғымас берік Бөгенбай атының басын кейін 
бұрып алды. Астындағы омырауы есіктей биік күрең айғыр, орағыта бұрылды да, 
тұяғының астындағы құмды ошақтай ойып, қайтадан шапты. 
 
 Нардай  ақ  боз  текежаумыт  мінген  Шұно-Дабо  ноян  да  атының  басын  бұрып 
үлгірген екен. О да азынатып келе жатыр... 
 
Бөгенбай  мен  Шұно-Дабо  аттары  үзеңгілесе  тақалып  кеп  қалғанда, 
қолдарындағы  бұзаубас  қара  шоқпарларын  біріне-бірі  тағы  сілтеді.  Бұ  жолы 
шоқпарлардың  шойын  бастары  біріне  бірі  дәл  тиді,  аямай  ұрған  қос  батырдың 
алып күшіне шыдай алмай қыл мойындарынан шорт сынып, екі жаққа ұшып түсті. 
 
Аттарының  басын  қайта  бұрып,  екі  батыр  бір-біріне  қарсы  ұмтылғанда, 
бұлардың  қолдарында  енді  сала  құлаш  көк  құрыш  алдаспандары  жарқ-жұрқ 
ойнады.  Үзеңгілес  келіп  екеуі  алдаспандарын  қатар  сермеді.  Бірақ  қылшылдаған 
көк құрыш қанша қан сағынғанымен, екі батырдың денелеріне дарымады. Бірінің 
жүзіне бірі тиіп, шақ етіп өте берді. Батырлар аттарының басын бұрып алып қайта 
шапты.  Бұл  жолы  олар  ақ  көбік  атып,  қара  терге  малынған  жүйріктерін  бір 
орнында  шыр  көбелек  ойнатып,  ұзақ  уақыт  қылыштасты...  Ақырында 
алдаспандарының  жүздері  майырылып,  екеуі  де  бұл  алыс-жұлыстан  айнып 
шықты.  Екі  батыр  ең  алғашқы  кездескен  беттерінде-ақ  садақ  тартысып,  найза 
салысқан.  Садақтарының  жебелері  шынжыр  сауыттарын  бұзып  өте  алмады.  Ал 
найзаларының сүмбіл ұштары болат қалқандарына шақ-шұқ тиіп, тез-ақ майысып, 
істен шығып қалды. 
 
Осындай  бірін-бірі  жеңе  алмаған  теке-тірес,  биенің  екі  сауымындай  уақытқа 
созылды.  Өздері  де  әбден  әлсіреп,  қара  терге  малынды,  аттары  да  болдыруға 
айналды. 
 
Енді  бұлар  аттарынан  созыла  түсіп,  қылшылдаған  ақ  семсерлерін  жалаңдата 
бір-біріне қарсы жаяу ұмтылды. Тең күш бұ жолы да бірін-бірі жібермеді. Қарулы 
қолдардың  сығуына  шыдаспай,  алақандары  жазылып,  болат  қанжарлар  жерге 

101 
Әдеби KZ 
сусып  түсіп,  ақыры  бұлар  қоян-қолтық  алыса  кетті.  Тобықтан  келетін  жұмсақ 
құмды кешіп жүріп, бірін-бірі жамбасқа да алды, іштен де шалды, көтеріп ап жерге 
де ұрды. Бірақ бұдан да ештеңе шықпады. Пара-пар келген алып күш бірін-біріне 
жеңдірмеген. Күн шыға алысқан қос арлан сәске ауған уақытта ғана барып, әбден 
дымдары  құрып,  екеуі  екі  төбешік  құмның  үстіне  әлсірей  құлады.  Біріне-бірі 
алдырмайтынын  сезген  қос  батыр  майданға  қайта  шықпады.  Орындарынан 
тәлтіректей  түрегеліп,  анадай  жерде  тұрған  аттарына  кетіп  бара  жатып, 
уәделескендей екеуі де бірдей кілт тоқтап, арттарына қарады. 
 
—  Бөгенбай  батыр,  —  деді  Шұно-Дабо,  —  жекпе-жек  алысып  көрдік, 
екеуміздің  де  арымыз  таза.  Ендігі  жерде  кімде-кім  жолын  табады,  сол  өлтіреді. 
Абайсыз жүріп, қапы қалма! 
 
— Жарар. Сен де арманда кеттім деме! 
 
Осыдан кейін екеуі аттарына мініп, бірі күншығысқа, екіншісі солтүстікке қарай 
желе жортып кете барған. 
 
Бұл  екеуінің  арасындағы  өшпенділік,  жас  Шұно-Дабоның  қазақ  жеріне  ең 
алғашқы шабуылға шыққан кезінен басталған. Содан бері бұлар сан айқаста бетпе-
бет  кездесті.  Бірақ  бірін-бірі  жеңе  алмай-ақ  қойды.  Бойға  біткен  алып  қуат  пен 
ызалы кек ақыры әкеп жекпе-жекке шығарды. Бірақ бұ да ерегес бәсін шешпеді. 
 
Әйткенмен  қастасқан  қос  батыр  бес  жылдан  кейін  қайта  кездесті.  Арыс  пен 
Бадам  өзенінің  арасындағы  адырлы,  бұйратты  ойлы-қырлы  кең  дала  Үш  жүздің 
атты  әскеріне  лық  толған.  Бадам  өзенінен  бес  шақырым  жердегі  «Орда  басы» 
деген биіктің үстінде қазақ жасақтарының қолбасшысы — ақ боз атты Әбілқайыр 
тұр.  Алды  да,  арты  да,  көз  жеткен  жерге  дейін,  алақандағыдай  айқын  көрінеді. 
Күнгей жағында қара бұлттай тұтасқан жоңғар әскері. Бәрінің алдында Шұно-Дабо 
ноянның  өзі.  Тау  етегінде  есік  пен  төрдей  қара  көк  сәйгүлік  мінген  Бөгенбай.  Екі 
көзі  әскерінің  алдында  жүрген  Шұно-Дабода.  Сәске  көтеріле  дабыл  ұрылды.  Екі 
жақ бірдей лап қойды. 
 
Бұ жолы ұрысқа отыз мыңдай жауынгер қатысты. Соғыс бесінге дейін созылды. 
Адам қаны тағы да судай ақты. Тағы сан ана баласыз, сан бала әкесіз қалды. Бұл 

102 
Әдеби KZ 
Аңырақайдан  кейінгі  ең  үлкен  айқас  еді.  Қазақтар  бұ  жолы  да  жоңғар  әскерін 
оңдырмай  жеңді.  Күн  ұясына  қона  жоңғар  әскері  Бадам  өзенінің  арғы  бетіне 
қарай қашты. Міне, осы арада Бөгенбай мен Шұно-Дабо тағы кездесті. Бұлардың 
бұ жолғы кездесуі ұзаққа созылмады. Әдісін тапқан Бөгенбай, жоңғар ноянының 
дәл  қолтығының  астынан  көк  сүмбілі  найзасын  мықтап қадады.  Қолтық  астының 
сауыты жұқалау еді, ұшы біздей көк құрыш Шұно-Дабоның өңменіне бір-ақ жетті. 
Ноян  ат жалын  құшып  қалды. Жерге  құлап  та  түсетін  еді,  иесінің  тізгінін  босатып 
жібергенінен  бір  сұмдықтың  болғанын  сезген  қара  айғыр  мол  сулы,  көбік  атқан 
Бадамға күмп берді. 
 
Қолтығынан  шапшыған  қызыл  қаны  ат  жалын  бояған  Шұно-Дабо  кенет  есін 
жиды. Арғы бетке таяп қалған екен. Бұның келуін күтіп жағада тұрған немере інісі 
Қалден  Церенді  көрді.  Қолында  шойын  басты  шоқпары.  Шұно-Дабо  жанталасып 
атының  басын  кейін  бұрғысы  келді.  Бірақ  сол  сәтте  есінен  қайта  танып  кетті. 
Астындағы айғыры қос аяғын жар ернеуіне зорға іліндіріп, арғы бетке шыға берді. 
Сол сәтте Қалден Церен де шойын шоқпарымен Шұно-Дабоның дәл маңдайынан 
қос қолдап кеп ұрды. Миы бұрқырап, басы күл-талқан боп ұшып кеткен ноянның 
денесі ат үстінен сырғып, сұрғылт толқынға күмп етті. Көбік атып бұрқыраған асау 
ағыс тірісінде қолы жетпеген қазақ жеріне енді оның өлігін алып кетті. 
 
— Бар! Бар! — деді Қалден Церен, сұрғылт суды қызыл қанға бояп ағып бара 
жатқан өліктің сыртынан шоқпарын білеп, — көр енді алтын тақтан дәметіп! 
 
Сөйтті  де  күншығысқа  қарай  шаба  жөнелді.  Өзен  жағасынан  ұзай  бере,  оған 
басқа бір ноян қарсы кездесті. 
 
—  Шұно-Дабо  баһадЇрді  көрмедіңіз  бе?  —  деді  ол.  —  Аты  әскер  соңынан 
шауып барады... Жау қолынан қаза таппаса игі еді. 
 
—  Қаза  тапса  естілер  еді  ғой,  —  деді  Қалден  Церен.  —  Аты  бос  кетіп    бара 
жатса, өзі қазақ арасында қалған болар... 
 
Қалден Церен артына бұрылып қарамастан, атын тебініп жүріп кетті. 
 
«Шұно-Дабо қазақ жерінде қалып қойыпты» деген аңыз, міне, осылай туған. 

103 
Әдеби KZ 
 
Бөгенбай батыр халқын қан-жоса еткен қасынан, Қалден Церен өзінің Жоңғар 
тағына бәсекелес туысынан осылай құтылған. 
 
Төбе басында отырған Бөгенбайдың есіне енді Бұқар жырау айтқан бір әңгіме 
оралды.  «Осы  біздің  Бұқар  шынында  әулие  ғой!»  деп  ойлады  ішінен.  Ол  сонау 
«Ақтабан шұбырынды» кезінің өзінде-ақ: «Біз жоңғарларды түбінде жеңеміз» деп 
еді. Сол айтқаны дәл келді. 
 
Шұно-Дабо  өлген  ұрыс  шынында  да,  Жоңғар  басқыншыларының  қазақ 
қолдарынан мықтап тойтарыс алуының басы еді. 
 
Тәуке  ханды  өз  көзімен  көрген  Бұқар  жырау  бірде  жорықтан  келе  жатып, 
бұған: 
 
—  Есіңде  болсын,  құртамын  деп  қылышын  сүйретіп  келген  жау,  әрқашан  да 
өзіне  сол  жерден  ажал  табады.  Халқы  қоштамаған  әділетсіз  соғыс,  түбі,  Жоңғар 
қонтайшысының күйреуімен бітуге тиіс. 
 
— Сыбан Раптанның бұл шабуылын халқы қолдамай отыр ма? 
 
—  Қолдаса,  соғыстан  олжа  табам  деп,  бала-шағасын  шұбыртып,  бар  жоңғар 
осы маңға көшпес пе еді?.. Қазақ жеріне қонтайшыларының дүмпуімен тек әскері 
ғана келді... Бірақ басқыншы әскер, қанша айбарлы болғанменен, жат жерде ұзақ 
орнығып  отыра  алмайды.  Халқы  жақтамаған  соғыс  қашан  да  шапқыншылардың 
күйреуімен біткен. Бұл — тарих қағидасы. Әттең не керек, ел басқарушы күштілер 
сол  тарихи  сабақты  естерінен  шығарып  алады.  Басқаны  былай  қойып,  қазақ 
хандарының кейбіреуі бөтеннің жерін басып алам деп жүріп,  сол жат жерде қаза 
тапқан. 
 
— Сіз кімді айтып отырсыз? Сонау көне заманда болмаса, өзім ес білгелі қазақ 
әскері бөтен елді шапты дегенді естігем жоқ. 
 
— Естімесең мен айтайын, тыңда. 
 
Бөгенбай  қоржынын  шынтағының  астына  сап,  ыңғайланып  жатты.  Бұл  әңгіме 
Жоңғар қолын аңдыған бір үлкен жорықта болған. Жырау Хақназар хан өлгеннен 
кейінгі хикаяны бастап та кетті. 
 
 

104 
Әдеби KZ 
 
 
—  Ер  азбай,  ел  азса  —  айдын  көлдің  суалғаны.  Ел  азбай,  ер  азса  —  зор  
бәйтеректің құлағаны,  — деп бастады Бұқар жырау қазақ елінің ұлы шежіресінің 
бір тармағын. — Бәйтерегің құласа — ағаш орнына ағаш өседі. Айдын көлің суалса 
немен  толар  есесі?  Ер  бұзылса  да  ел  бұзылмасын.  Бұзылғанды  түзетеді. 
Түзелмесін жер етеді. 
 
— Тәуекел сұлтан Абдолла ханнан қашқан бетімен, — деді ол сөзін жалғап, — 
Талас  өзенінің  бойындағы  Дулат  еліне  келген.  Мұнда  Есім  сұлтанның  шешесі, 
Шағайдың  өзіне  ермей  қалған  бәйбішесі  Балғайым  Бикенің  аулы  бар  еді.  Содан 
кейін  Тәуекел  қайын  жұрты  Қараспандағы  Қыпшаққа  барды.  Одан  Сарайшыққа 
сапар шекті. Мұнда әмеңгерлік дәстүрімен, Хақназардан айрылса да, әлі де болса 
толықсып  отырған  Ақторғынды  тоқалдыққа  алды.  Ақыры,  адуынды  Балғайым 
Бикенің  ықпалы  жүретін  Жетісудың  теріскей  өңіріндегі  Ұлы  жүздің  рулары  мен 
Ноғайлы,  Қыпшақ,  Қоңырат  билерінің  қолдауы  арқылы  арада  үш  жыл  өткенде 
Үлкен Орда тағына хан боп көтерілді. 
 
—  Қазақ  елі  Тәуекелдің  өткен  күнәсін  кешіріп,  Үлкен  Орда  төңірегіне 
шоғырлана  бастады,  —  деді  Бұқар  жырау.  —  Өйткені  оған басын  қосар  ер  керек 
еді.  Ойпатты  тасқын  басқанда,  не  орманды  өрт  алғанда  қасқыр  мен  қоян,  бұғы 
мен  жолбарыс  апаттан  құтылмақ  боп  бірге  қашады.  Қазақ  елі  ол  кезде  осындай 
жағдайда еді. Жан-жағынан қаптаған жаудан құтылудың жолы — тағы да тек бас 
бірлігі.  Бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығарып,  бір  ердің  соңынан  еру  қажет 
болатын. Ондай адам Абдолла жағындағы әкесі Шағайдан бөлінген бақ-дәулетке 
қарамаған  ер  азамат  Тәуекел.  Осылай  деп  бекзадалар  халықты  ұғындырған. 
Осылай  деп  бүкіл  туған-туысы,  аға-інілері  де  дәріптейді.  Жалғыз  қауіп  Шағай 
болса, о да жақында дүние салған. 
 
Бұл кезде, әрине, Бұхар ханы Абдолла да текке қарап жатпады. 
 
Бұхарға  қарсы  көтерілген  еңбекші  жұртты  қанға  бояп,  басты.  Хандығының 
оңтүстігіндегі  Бадахшанды,  батысындағы  Қорасан,  Гилян,  Хорезмді  өзіне 
біржолата бағындырып алды. Шығыс Түркістанға аттанып, Қашқар мен Жаркентті 

105 
Әдеби KZ 
аямай  шауып,  көп  мал-мүліктерін  олжаланды.  Енді  алдында  Сырдың  орта  және 
аяқ шеніндегі қалаларды бағындыру ғана қалды. 
 
Осы  екі  арада  Абдолла  хан  мен  оның  баласы  әбді-Мумин  арасында  бір 
хандықты  екіге  бөлген  араздық  қаулап  кетті.  Абдолла  хан  болған  күннен  бастап, 
әбді-Мумин бүкіл Балхыны меңгеріп келген. Оған енді бұл билік аз көрінді, бүкіл 
хандықты билегісі келді. 
 
Сөйтіп Бұхара хандығының күші екіге бөлінді. 
 
Осы  жағдай  енді  қазақ  хандығының  күшеюіне,  Түркістан  саясатына  тікелей  
қатынасуына көп көмек берді. 
 
Сөйткенмен  де  қазақ  даласының  халі  қиындай  бастады.  Қытай  боғдыханы 
айдап салған Жоңғар әскері қазақ ауылдарын шабуды үдетті. Сан түрлі жауыздық 
әдіс  қолданып,  Қытай  саясаткерлері  көшпелі  халықтардың  арасына  от  жағып, 
біріне-бірін  айдап  салып,  олардың  шұрайлы  жерлерін  өзіне  ала  берді.  Өзара 
айқаспен  қалжырауға  айналған  бұл  халықтар  Қытайдың  тәртіпке  қойылған 
әскерлеріне  ұзақ  қарсылық  білдіре  алмады.  Қытай  айдаһары  созыла  жылжып, 
қазақ жеріне түсті. 
 
Ал құбыласы мен теріскей жағынан дәл  қазір төніп тұрған қауіпті Тәуекел хан 
көрмеді.  Түбі  Қытай  боғдыханымен,  Жоңғар  қонтайшысымен  алыса  қалар  күн 
туса,  бұл  жақтағы  айбарлы  көршісі  Россияның  керегі  болар  деп  ойлады  ол.  Тіпті 
Абдолламен соғысқан кезде де орыс патшасының тыныш жатқаны қажет-ақ. Осы 
жағдайларды есепке ап, ол Түменге өзінің немере ағасы Оразмұхаммед батырды 
елшілікке жіберді. Бірақ Оразмұхаммед Түмен қаласына барған соң, осы қаладағы 
Мәскеуге  қарсы  әрекет  жасап  жүрген  Ноғайлы  билерінің  тобына  қосылып  кетіп, 
қолға  түскен.  Орыс  патшасы  тұтқындарды  айдап  Мәскеуге  алып  келіп,  Ноғайлы 
елінің билерін өлім жазасына бұйырып, «Джамши әл-тарихиды» жазған Жалайыр 
Қадір  әлби  мен  Оразмұхаммедті  тірі  қалдырады.  Оразмұхаммедтің  әкесі  Борис 
Годуновтың қарамағында біраз жыл қызмет істеп, патшаға еңбегі сіңген адам еді. 
Сол  себептен  оның  баласына  тимеген.  Ал  Тәуекел  хан  немере  ағасы 
Оразмұхаммедті  босатып  аламын  деп  көп  әрекеттенді.  Мәскеу  патшалығымен 

106 
Әдеби KZ 
келісім сөз де жүргізді. Елшілік те жіберді. Бірақ патша Оразмұхаммедті босатпады 
да және өлтірмеді де. Ақырында орыс жеріне қуылып  барып, қызметімен ұнаған 
Тоқтамыс  ханның  немересі  Қасым  сұлтанның  аты  берілген  Касимовка  (Кармек-
Шахар)  қаласына  Оразмұхаммедті  әмірші  етті.  Енді  Тәуекел  хан  тыныш  жатқан 
жолбарыстың  құйрығын  басқысы  келмей,  Мәскеу  патшасы  Борис  Годуновпен  тіл 
табуға  тырысты.  Бұған  Оразмұхаммед  те  аз  жәрдем  берген  жоқ.  Құбыласы 
тынышталған Тәуекел, әкесі мен баласының арасындағы өшпендікті пайдаланып, 
Абдоллаға  қарсы  соғыс  ашпақ  болды.  Әрине,  соғыс  ашуға  хандарға  қашан  да 
болса себеп табылады, түбі Сыр бойындағы қазақ шаһарларына туатын қауіп осы 
хан  жағынан  туады  деп  сенген  Тәуекел.  Содан  кейін  барып,  қазақ  жеріне  көзін 
тіккен Қытай, Ойрат хандықтарымен алыспақ болды. 
 
 
 
 
—  Яссы  шаһары  бұл  кезде  Түркістан  шаһары  деп  аталған.  Тәуекел  ханның 
астанасы  да  осы  Түркістан.  Хан  сарайы  Қожа  Ахмет  Яссауи  мешітінің  күншығыс 
жағында,  қалың  бау-бақшаның  арасына  салынған.  Күйген  кірпішке  сан  түрлі 
бояумен әшекейлеп жазылған құран сүрелері, сырлы әдемі өрнектер. Оңтүстіктің 
аңызақ ыстық желі еш әсер ете алмас, қалың қабырғалы кең бөлмелер. Түркістан 
хан сарайы Самарқант пен Бұхар патша сарайларындай алтын күмбезді, айбарлы 
болмағанмен, біркелкі сыпайы, салтанатты. 
 
Ал қазір, жасыл төккен майдың сәулетіне қарамай, соғысқа дайындалған қала 
әдеттегісінен  бір  түрлі  суық,  ызғарлы.  Жасақ  жалғыз  Түркістан  ішінде  ғана  емес, 
сонау  Қарнақ  пен  Сукенттен  бастап,  Түркістан  маңындағы  дих,  қышлақтардың 
бәріне  де  лықылдап  толған.  Ақ  Жайық,  Есіл,  Нұрадан  келген  жуан  қоныш 
батырлар, Жаркент, Ақсудан да келген Қытайы қылыш безенген жауынгерлер. 
 
Кеше  хан  кеңесі  болған.  Бұл  кеңесте  Тәуекелдің  қарамағындағы  қалың  әскер 
үш  сапқа  бөлініп,  Абдоллаға  күш  жинауға  мүмкіндік  бере  алдымен  Ташкентке, 
онан кейін Самарқантқа аттанылсын деп шешілген. Бұл қалаларды алғаннан кейін 
барып Бұхар ханымен келісім сөз жүргізілсін делінген. 
 

107 
Әдеби KZ 
 
Түркістаннан шығатын әскердің басшылары әрине хан тұқымынан болмақ: оң 
қолын  Тәуекелдің  інісі  батыр  Құджек,  сол  қолын  қазір  жиырмаға  жеткен,  жұрт: 
«Еңселі  бойлы  ер  Есім»  деп  атай  бастаған  Есім  сұлтан  басқармақ.  Әскердің 
ортадағы  кіндік  қолының  туын  Тәуекел  хан  өз  шатырына  тікпек.  Осылай  үш  тісті 
өткір  айырдай  қалың  қол  Ташкентті  қоршамақ.  Бұндай  жағдайда  қандай  үлкен 
шаһар  болмасын,  тек  өз  күшімен  ғана қарсыласа  алады.  Оларға  сырттан  жәрдем 
келмейді. Ал Абдолла  әскерінің  дені жалдама  әскер.  Сан  түрлі  ұлттың қанқұмар, 
бұзық,  тентектерінен  құрылған.  Бұндай  жалдама  әскердің  өзінен  күшті  қолға 
қарсы  жанқиярлық  көрсете  қоюы  екіталай.  Оның  үстіне  қала  тұрғындары  Бұхар 
хандығының  ауыр  алым-салығынан  әбден  жадап-жүдеген.  Бұған  шыдай  алмаған 
шаруалар  қатын,  баласын  шұбыртып  қазақ  даласына  қарай  қашатын.  Абдоллаға 
бір  кезде  қызмет  істеп,  Бұхар  жұртшылығының  қандай  ауыр  күйде  екенімен 
жақсы  таныс  Тәуекел,  Ташкент,  Самарқант  жатақтарына:  егер  шаһарлары  бұған 
көшетіндей  күн  туса,  алым-салықтан  мүлдем  босатамын  деп  уәде  берді.  Бұ  да 
қала тұрғындарының бірігуіне ірткі салды. 
 
Жеңіс  өз  жағында  болатынына  көзі  жеткен  Тәуекел  ғибадат  бөлмесіне  кіріп, 
Ақторғынның төсегінде ұйқысы қанып шыққан. 
 
Бірақ  таңертеңгі  асқа  отырар  алдында  оған  тағы  бір  жаман  хабар  жетті.  Ол 
өзіне серік адамдардың бірде-бірін шақыртпай, хан сарайына Жиембет жырауды 
алғызды. 
 
Таңертеңгі  намазын  оқып,  шайын  ішіп  хан  сарайына  келсе,  Жиембет  жырау 
есік алдындағы бауда күтіп отыр екен. 
 
Тәуекел уәзіріне: 
 
— Жырау кірсін, — деді. 
 
Бұл  баяғы  ұстай  қалсаң  шоқтай  күйіп  тұрған  Жиембет  емес.  Түрі  солғын, 
отыздан жаңа асып бара жатса да қою қара сақалына ақ түсе бастаған. Басындағы 
бөркі  де  жас  кезіндегідей  қып-қызыл  қыр  түлкісінің  терісінен  көмкерілмеген, 
сұрғылт жүнді Қаратау қарсағының пұшпағынан жасалған. Үстіндегі шекпенінің  де 

108 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет