№3(75)/2014 Серия история. Философия


Георгий Катанаевтің еңбектеріндегі сібір казачествосы жəне Саржан



Pdf көрінісі
бет9/25
Дата15.03.2017
өлшемі4,16 Mb.
#9295
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

Георгий Катанаевтің еңбектеріндегі сібір казачествосы жəне Саржан,  
Кенесары Касымұлдары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс тарихынан түсінік 
Мақала сібір казачествосының тарихын ресми зерттеушісі Георгий  Катанаевтің тұлғасына арналған. 
Автор  Г.Катанаевтің  шығармашылығына  жəне  ғылыми  зерттеулеріне  шолу  жасады. XІХ  ғ.  бірінші 
ширегіндегі  Абылай  ханның  ұрпақтары  Саржан  жəне  Кенесары  сұлтандар  бастаған  Ресей 
империясының  отаршылдық  саясатына  қарсы  бағытталған  ұлт-азаттық  қозғалыс  мəселелеріне  Ресей 
Федерациясы  Омбы  облысының  Мемлекеттік  мұрағат  құжаттарын  талдау  негізінде 1824–1836 жж. 
сібір казактары мен қазақтардың қарым-қатынастарының беймəлім тұстарын қарастырған. Тақырыпқа 
қатысты  Омбы  облысының  мұрағатында  табылған  Г.Катанаевтің  жеке  қорында  сақталған  кейбір 
деректердің тізбесі берілген. 

Из истории сибирского казачества ... 
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014 
57 
K.A.Aubakirova 
From the history of Siberian Cossacks and the national liberation movement  
of sultans Sarzhan and Kenessary Kassymovs in the work of Georgy Katanayev 
The given article deals with the personality of Georgy Katanayev, the researcher of matters concerning the 
history of Siberian Cossacks. G.Katanayev was the Cossack’s officer and he was considered to be an official 
historian of Siberian Cossacks who wrote a large number of scientific works devoted to the studying of the 
Cossack’s past life. The materials of the State archive of Omsk region of the Russian Federation were studied 
by the author of the given article. The aspects of relationship of Siberian Cossacks and Kazakhs in the first 
half of the XIX century during the national liberation movement of Kazakh people under the leadership of 
descendants of Khan Abylay- sultans Sarzhan and Kenessary in 1824–1836 are considered on their basis. The 
author provides the list of separate documents concerning the research subject. 
 
References 
1  Katanayev G.Е. Son of Atbasar land // Severnyi Каzаkhstan, 2005, 12 оkt., р. 6. 
2  Katanayev G.Е. West Siberian Cossacks serviceman and its role in the survey and occupation by Russian from Siberia and 
Central Asia

Omsk, 1899, 115 р.; Katanayev G.Е. Officers and ordinary Cossacks our, Omsk, 1918, 152 р. 
3  Katanayev G.Е. Kirghiz question in the Siberian Cossack Army, Omsk: Tipografiya Okruzhnogo shtaba, 1904, 201 р. 
4  Katanayev G.Е.  Short historical survey on the Siberian Cossack Army service from 1582 to 1908, Omsk: Tipografiya 
Sibirskogo voennogo okruga, 1908, 67 р. 
5  Central State Archives of the Republic of Kazakhstan, fond 345, opis 1, delo 229, list 8. 
6  Petrov V.I. To the question on the social origin of Siberian Cossack (XVIII – the first half of XIX centuries) // Ekonomika, 
upravlenie i kultura Sibiri XVI–XIX vv., Novosibirsk: Nauka, 1965, 366 р. 
7  State Archives
 
of Omsk region of Russian Federation
.
 Fond 366. Lichniy fond G.Е Katanayeva. 493 dd. 1657–1921 gg. 
 
 
 
 
 
ƏОЖ 327.82 (55) 
Б.М.Балаубаева
1
, А.Қабдулинова
2
  
1
Əл-Фараби атындағы
 
Қазақ ұлттық университеті, Алматы; 
2
Назарбаев Университеті, Астана (E-mail: a_kabdulinov@mail.ru) 
Иранның ядролық бағдарламасы айналасындағы  
саяси-дипломатиялық күрестер 
Мақалада  қазіргі  замаңғы  өзекті  мəселелердің  бірі — Иран  ядролық  бағдарламасы  айналасындағы 
саяси-дипломатиялық күрес жаң-жақты қарастырылды. Иран өзінің ядролық бағдарламасы тек бейбіт 
мақсатқа  негізделгенін  сендіруде.  Алайда  батыстық  елдер  Тегеран  жаппай  қыру  қаруын  əзірлеуге 
ниеттеніп жүр деген күдікті алға тартуда. Авторлар Иранның халықаралық қауымдастық өкілдерімен 
ядролық  бағдарламасына  қатысты  қарым-қатынастарының  даму  эволюциясына  шолу  жасап,  Ислам 
Республикасының  АҚШ-пен  қарама-қайшы  қатынастарына  толығырақ  тоқталды.  Иран  ядролық 
мəселесі айналасындағы қазіргі жағдайды сараптай отырып, Иран ядролық бағдарламасына қатысты 
«алтылық» мемлекеттер арасында келіссөздер барысында қабылданған тарихи маңызы бар Уақытша 
келісім жан-жақты зерттелді. 
Кілт сөздер: Иран Ислам Республикасы, АҚШ, ЕО, «алтылық» өкілдері, Иран ядролық бағдарламасы, 
саяси-дипломатиялық  күрес,  ядролық  қаруды  таратпау  туралы  келісім,  МАГАТЭ,  Кепілдіктер 
жөніндегі келісім, БҰҰ ҚК, уранды байыту, Иранға қарсы санкциялар, Женевалық жоспар. 
 
Азияның  оңтүстік-батысында  орналасқан,  əлемдегі  ең  көне  мемлекеттердің  бірі  болып 
саналатын  Иранда 1979 жылғы  төңкерістің  нəтижесінде  монархиялық  жүйенің  орнына  Иран  Ислам 
Республикасы құрылған. Сол кезден бері Иран Ислам Республикасы халықаралық саясаттың «өзекті 
мəселелерінің»  біріне  айналды.  Бұлай  болудың  басты  себебі — Иранның  ұстанған  сыртқы  саясаты 
жəне  ядролық  қару  игеруге  құлшыныс  жасаушы  ретінде  халықаралық  қауымдастық  тарапынан 

Б.М.Балаубаева, А.Қабдулинова 
58 
Вестник Карагандинского университета 
айыпталуы.  Əлемнің  алпауыт  елдері  Иран  ядролық  əскери  қару  бағдарламасын  дамытып  отыр  деп 
күдіктенеді,  тіпті,  Иранды  Ядролық  қаруды  таратпау  туралы  келісім  ережелерін  бұзуда  деп 
айыптайды.  Сонымен  Иран  өзін  əлемдік  жетекші  елдердің  мүдделеріне  қайшы  жұмыс  жасайтын, 
сондай-ақ  қазіргі  халықаралық  қауіпсіздік  мəселелерінде,  ядролық  қаруды  таратпау  принципіне 
бойұсынбайтын ел ретінде көрсетісуде. 
Халықаралық  қауымдастықтың,  оның  ішінде  АҚШ-тың  Иран  Ислам  Республикасын  Ядролық 
қаруды  таратпау  келісімшарт  міндеттерін  бұзды  деген  айыптауы 1980-жылдың  соңында  айтыла 
бастаған еді. 2002 жылы Иран ядролық бағдарламасы айналасындағы жағдай 1974 жылғы МАГАТЭ-
мен жасалған Ядролық қауіпсіздік кепілдіктері жөніндегі келісімді бұзу фактілері анықтаудан кейін 
шиеленісіп, МАГАТЭ шеңберінде Иран ядролық бағдарламасы бойынша іс қозғалған болатын. Сол 
жылы  ядролық  отын  өндіру  бойынша  МАГАТЭ  құжаттарында  көрсетілмеген  екі  ирандық 
объектілердің (Натанз  бен  Арак  қалалары  жанындағы  уранды  байыту  кешендері)  жасанды  серікпен 
суретке  түсірілуі  Агенттіктің  кезекті  сапарына  себепші  болды. 2003 жылдың  ақпан  айында  келген 
агенттік сарапшылар Иранның атом энергетика саласында «жетістіктерге» жеткенін айтып өтіп, алты 
үлкен бұзушылықты ашты: 
  1991 жылы Қытайдан табиғи уранды эскпорттауы (түрлі формалар мен қоспаларда — 1800 
кг); 
  импортталған шикізаттың уранды конверсиялаумен байланысты технологиялық үдерістердің 
сынақтан өткізуі үшін пайдалануы; 
  1999  жəне 2002 жылдары  гексафторидті  Р-1  центрифугаларын  сынақтан  өткізу  мақсатында 
импортталған 1,9 кг уран қолдану, бұл тəжірибелер кезінде байытылған уранның өндірілуі; 
  1999–2000 жылдары
 
50 кг металл уранның экспортталуы, сонымен қатар 2002–2003 жылдары 
уранды лазерлік байыту бойынша тəжірибелерде қолдану; 
  импортталған  табиғи  уранды  байыту  үдерісінде  қолданылатын  уран  фторидтерін  өндіруде 
қолдану; 
  Тегеран  зерттеу  орталығында  урандық  нысаналардан  плутонийді  бөліп  шығару,  сонымен 
қоса бұл тəжірибелер нəтижесінде ядролық қалдықтарды өндіру. 
Оған қоса Иран Агенттікті жаңа ядролық объектілердің құрылуы туралы ақпаратты дер кезінде 
бермеді деп айыптаған болатын. 
Бұл  жағдай  Иранның  Ядролық  қаруды  таратпау  жөніндегі  келісім  міндеттерін  сақтау  мен 
Агенттікпен  Кепілдіктер  жөніндегі  келісімді  сақтауы  туралы  мəселені  көтерді. 2003 жылы  маусым 
айындағы Агенттіктің баяндамасында Иран Агенттік алдындағы өз міндеттемелерін жүзеге асырған 
жоқ  деп  көрсетілген.  Алайда  Агенттік  АҚШ-тың  қысымына  қарамастан,  Иранның  ісін  БҰҰ  ҚК-ға 
əзірше  бермеуге  шешім  қабылдады. 19 маусымда  Агенттік  Иранды  толыққанды  ынтымақтастыққа 
шақыратын мəлімдеме қабылдады. 
2003  жылдың  аяғында  Иранның  уранды  байытудағы  əлеуетті  мүмкіндіктеріне  халықаралық 
қауымдастықтың түбегейлі көзі жетті. Бұл жағдай МАГАТЭ-мен жүргізілген тексеруден кейін белгілі 
болды.  Дəлірек  айтсақ,  Натанздағы  уранды  байыту  өндірісінің  құрылысы  анықталған  болатын. 
Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл құрылымның қуаттылығы  жыл  сайын үш əскери оқ жасап 
шығару үшін қаруға арналған уранды өндіруге жеткілікті болады екен. Ирандық ресми тұлғалардың 
айтуынша,  бұл  зауыт  болашақ  АЭС-тарын  ядролық  жанармаймен  қамтамасыз  ету  мақсатында 
салынған. Алайда халықаралық сарапшылар оған күдіктене қарауда. 
2003  жылы  Иранның  ядролық  бағдарламасының  күшейтілуін  болдырмау  мақсатында 
Ұлыбритания,  Германия  мен  Франция  Иранға  бейбіт  мақсаттағы  ядролық  бағдарламаны  дамытуда 
техникалық  ынтымақтастықты  кеңейтуді  ұсынды.  Иран  өз  кезегінде  Агенттікпен  толыққанды 
ынтымақтастық жасап, Қосымша протоколды іске асыруға міндет алды. 2003 жылдың 21 қазанында 
«еуропалық  үштік»  Иранмен  МАГАТЭ  Қосымша  протоколына  қол  қою,  ядролық  технологияларды 
қолдану мен байытумен байланысты барлық қызметті тоқтату туралы келісімге қол жеткізді. Алайда 
осыдан  кейін  «байыту»  мағынасында  қандай  үдерістер  сөз  етілетінін  нақты  айқындау  бойынша 
мəселелер  туып,  тараптар  арасында  түсініксіздік  орын  алды.  Бұл  мəселе 2004 жылдың 15 
қарашасында  «еуропалық  үштік»  пен  Иран  арасында  өткізілген  Париж  келісімдері  бойынша  Иран 
уран байыту жұмыстарын тоқтауға міндеттелумен шешілген болды. 
Алайда 2005 жылы Иранның билік басына келген М.Ахмадинеджад уранды байыту жұмыстарын 
қайта  жаңғыртты.  Ұлыбритания,  Франция  жəне  Германияның  Иран  ядролық  бағдарламасы 

Иранның ядролық бағдарламасы айналасындағы ... 
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014 
59 
айналасындағы  дағдарысты  шешуге  талпыныстары  еш  нəтиже  əкелмеді.  Осылайша, 2003 жылдан 
бастап  МАГАТЭ  Иранға  қатысты 12 қарар, 40 баяндама  жарияланғанмен,  Иран  ядролық 
бағдарламасы  айналасындағы  мəселе  əлі  де  болса  шешімін  таппай,  екі  тараптың  талаптарын 
қанағаттыратындай деңгейге жеткен жоқ 
1. 
Иран  ядролық  бағдарламасы  айналасындағы  саяси-дипломатиялық  күресте  АҚШ-тың  алатын 
орны ерекше. АҚШ пен Иран 30 жылдан астам уақыт бойы бір-біріне жағымсыз саясат ұстанып отыр. 
АҚШ  Пехлеви  кезіндегі  Иран  ядролық  бағдарламасына  белсене  қатысқан,  алайда  Ислам 
революциясынан кейін Иранның сол ядролық бағдарламасы АҚШ-тың сыртқы саясатындағы негізгі 
мəселелердің біріне айналған. 
АҚШ-тың  Иранның  ядролық  менменділігін  бейтараптандыру  талпыныстары  ядролық  қаруды 
таратпауға бағытталған американдық саясатының басты бағыттардың біріне айналды. Бұл саясаттың 
көп  жағдайда  ядролық  қаруды  таратпауға  жол  бермеу  идеясынан  гөрі,  геосаяси  түсініктерге 
байланысты екенін Пəкістанның Штаттар тарапынан мұндай «қамқоршылықтан» тыс қалудан айқын 
көруге  болады.  АҚШ-тың  ядролық  қаруды  таратпау  мəселесіндегі  іріктеу  əдісі  жөнінде  мəртебелі 
американдық  ғалым, «Бомба  Индии»  жұмыстың  авторы  Дж.  Перкович  былай  деп  жазады: 
«Радикалды  түрде  əкімшілік  мүшелерінің  көзқарасы  бойынша,  мəселені  ядролық  қарудың  өзі  емес, 
оны ұстап тұрған «жаман жігіттер» ушықтырады». 
Не  себептен  Иран  АҚШ-тың  қызығушылығын  тудырады?  Иран — 80 млн-ға  жуық  халқы  бар, 
инфрақұрылымы  жақсы  дамыған  жəне  табиғи  ресурстарға,  əсіресе  мұнай  мен  табиғи  газға  бай 
мемлекет.  АҚШ-тың  Иран  мемлекетінің  бағытын  өзгертуге  талпыныстары  Американың  əскери- 
өндірістік  кешеніне  жаңа  мүмкіндіктер  туғызуы  мүмкін.  Иран  сияқты  елмен  соғыс  американ 
бюджетіне  триллион  долларға  түссе  де,  АҚШ-тың  жеңіске  жеткен  жағдайда  əскери-өндірістік 
кешеніне үлкен пайда əкелуі тіптен мүмкін. Алайда бұл тек қана АҚШ-тың жеңіске жеткен жағдайда. 
Кері  жағдайда,  АҚШ  президентінің   бұрынғы  Ұлттық  қауіпсіздік  жөніндегі  кеңесшісі  Збигнев 
Бжезинский  мəлімдегендей: «Иранмен  болатын  ықтимал  соғыстың  салдары  АҚШ-ты  апатқа  əкелуі 
əбден мүмкін» 
2. 
АҚШ  тарапынан  Иранға  деген  қызығушылығының  тағы  бір  себебі — «Жаңа  американдық 
ғасыр»  жобасы  аясында  Қытайды  екінші  алып  державаға  айналуын  болдырмау  мəселесіне 
байланысты.  Таяу  Шығыс,  дəлірек  айтсақ  аймақтың  мұнайы  бұл  мəселені  шешуде  маңызды  рөл 
атқарады.  Бүгінде  Қытай  өзінің  мұнайда  мұқтаждығын  Таяу  Шығыс  аймағынан  импорт  арқасында 
қанағаттандырады. Қытай қазақстандық  жəне  ресейлік  қайнар  көздер  арқылы  көмірсутек  импортын 
əртараптандыруға  талпынса  да,  оның  таяушығыстық  мұнайдан  толық  тəуелсіз  болатынына  сену 
мүмкін  емес.  АҚШ  аймақтағы  Қытайдың  негізгі  тəуелсіз  қамтамасыз  етушісі — Иранды  «басу» 
саясатын  жүзеге  асыруды  жөн  көреді.  Иран  мұнай-газ  секторына  бақылау  жасау  бүкіл  таяу-
шығыстық мұнай ағымдарын басқаруға мүмкіндік беретіні анық. 
Джордж  Буш-кіші  президент  кезінде (2001–2009), əсіресе  Иранда  Махмуд  Ахмадинежадтың 
билікке келгеннен соң екі ел арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. АҚШ экс-президенті Дж.Буш 
Пентагонның  жаңа  доктринасы  бойынша  АҚШ-қа  агрессия  актісін  жасаған  кез  келген  мемлекетке 
ядролық  қару  қолдануға  дайын  екендігін  жариялады.  Бұл  Иран  немесе  Ирақ  сияқты  ядролық  емес 
мемлекеттерге де байланысты еді. 
2002  жылдың  қыркүйек  айында  жарияланған  АҚШ-тың  «Ұлттық  қауіпсіздік  стратегиясында» 
«аласталған  елдер»  деген  ұғым  қабылданды [3]. Бұндай  елдер  тізіміне  Иранның  қосылуы  еш 
таңқалдырмайды. Сонымен қатар 2002 жылы 29 қаңтар күні Джордж Буш-кіші өзінің жыл сайынғы 
Конгреске Жолдауында «зұлымдық ошағы» елдерінің қатарына Иранды қосты. 
Барак  Обаманың  билікке  келуінен  кейін  Дж.Буш-кішінің  Иранға  деген  сыртқы  саясатынан 
толығымен  бас  тартылмаса  да,  көп  бөлігі  қайта  қарастырылып,  өзгертілді.  Өзінің  президенттік 
қызметіне  кірісуіне  бір  аптадай  уақыт  қалғанда,  америкалық  жаңа  Президент  Иранның  ядролық 
бағдарламасын  дамыту  мəселесін  бейбіт  түрде  шешуді  ұсынған  болатын.  Ең  басты  таңқалдырған 
нəрсе, Барак Обама өзінің Иранға қатысты америкалық саясатын өзгертіп, Иранмен тікелей сұхбатты 
бастауға дайын екендігін айтты. 
Алайда өзінің жағымды «уəделеріне» қарамастан, 2009 жылы 1 мамырда АҚШ-тың Мемлекеттік 
Департаментінің  жыл  сайынғы  баяндамасында  Иранның  лаңкестіктің  ең  белсенді  демеушісі  болып 
қала беретіндігі аталды [4]. 
Иранды  өз  райынан  қайтару  мақсатында  АҚШ 1995 жылдан  бері  Иран  энергетикасына 
инвестициялар  жасаған  бірқатар  ирандық  азаматтар  мен  компанияларға  біржақты  тəртіпте 

Б.М.Балаубаева, А.Қабдулинова 
60 
Вестник Карагандинского университета 
санкциялар қабылдай бастаған болатын. Олардың барлығына АҚШ-тан несие мен инвестиция алуға 
тыйым салынған болатын. Бұл санкциялар жыл сайын ұзартылуда. Осылайша 2013 жылдың наурыз 
айында АҚШ Президенті Барак Обама санкцияларды ұзарту жөніндегі өкімге қол қойды. Санкциялар 
ұзартылуының  басты  себебін  Барак  Обама  «Иран  үкіметінің  саясаты  АҚШ-тың  аймақтағы 
мүдделеріне  қайшы келіп, АҚШ-тың  ұлттық  қауіпсіздігі, сыртқы  саясаты  мен  экономикасына  қауіп 
туғызуды жалғастыруда» деп, өкім мəтінінде айқындап берді 
5. Бұдан бөлек 2005 жылы Иранның 
атом  энергиясы  жөніндегі  Ұйымға  қарсы,  бірқатар  шетел  компаниялар  мен  ұйымдарға, 2006 жылы 
Иран өндірістік «Санам» тобына қарсы санкциялар енгізілді. 2007 жылы  Bank Melli, Bank Mellat and 
Bank Saderat қарсы санкциялар қабылдады. 2008 жылы АҚШ Сенатының қаржылық комитеті Иранға 
қарсы  жаңа  санқцияларды  бекітті.  Олар,  негізінен,  мұнай  өндіру  мен  мұнай  өңдеу  саласындағы 
компанияларға,  ядролық  технологиялармен  айналысатын  фирмаларға  қарсы  бағытталды.  Сонымен 
қатар  Иран  кілемдері 2009 жылы  АҚШ  біржақты  негізде  Иран  энергетикасына 20 млн  долл. 
инвестициялаған жəне Иранға мұнай өңдеу тауарларын экспорттайтын тұлғалары мен компанияларға 
қарсы  санкцияларды  енгізді. 2010 жылдың  басында  Вашингтон  телекоммуникациялар,  қаржы  мен 
энергетика саласында қызмет ететін бірқатар Иран фирмаларына қосымша санкциялар енгізуге дайын 
екенін  жария  етті 
6. 2010 жылдың 9 маусымында  БҰҰ ҚК  дауыстың көпшілігімен (15-тен 12-уі — 
Бразилия,  Түркия  мен  Ливаннан  басқа)  санкциялар  қабылданып,  олар  банкаралық  аударымдар, 
сыртқы  экономикалық  операцияларды,  теңіз  тасымалын  бақылау,  Иранға  қару-жарақтың  кейбір 
түрлерін  сатуға  тыйым,  АҚШ  тізімі  негізінде  белгілі  бір  тұлғалар  мен  компаниялардың  активтерін 
байлап  қоюды  қамтыған. 2010 жылдың 26 шілдеде  Еуропалық  одақ  мүшелері  Иранға  қарсы 
санкцияларды  мақұлдап, 27 шілдеде  оларды  күшейтті:  ЕО-ға  келуге  тыйым  салынып,  визалық 
шектеулер қоя отырып, Иран мұнай-газ секторына инвестициялар құюды тоқтатты. Осылайша АҚШ 
жəне  оның  жақтастары  Иран  өзінің  уран  бағдарламасын  тоқтатуға  міндетті  деп  санайды.  Олардың 
пікірінше,  Тегеран  Келісімнің 4-бабынан  шығатын  елдің  құқықтарын  Келісімнің  басқа  барлық 
ережелерін сақтаған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Вашингтон Иран бағдарламасын заңсыз деп 
тану мақсатында қатаң халықаралық күш қолданудан да бас тартпайтын көрінеді. 
Иран қашанда өзінің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатқа бағытталғанын айтып жатады. 
Алайда  сөзі  ісімен  үйлеспейтін  Иран  билігі 2010 жылы  Иран  ғалымдары  уранды 3,5 %-ға  шейін 
байытуға қол жеткізіп, бұл жетістіктің негізінде өзін «ядролық мемлекет» деп жариялады 
7. 
Иранның  ымырасыз  сөздері  мен  іс-əрекеттері  Батыс  жағынан  қатаң  кереғарлықты  тудырды. 
Қажет  құжаттаманың  дер  кезінде  өткізілмеуі,  халықаралық  тексерушлердің  кіру  рұқсатына 
байланысты  мəселелер,  қатаң  риторика  басқа  державаларды 2006 жылы  Иран  мəселесін  Біріккен 
Ұлттар  Ұйымы  Қауіпсіздік  Кеңесінің  (ҚК)  қарауына  берумен  келісуге  мəжбүр  етті.  Сонда  да  Иран 
басшылығы  келіспеушілігін  танытты,  соның  салдарынан  ҚК  Тегераннан  Агенттікпен  мəселелерін 
шешуді жəне уранды байыту бойынша бағдарламаны тоқтатуды талап ететін бірқатар қарарлар (1696 
(2006), 1835 (2008)) жəне төрт санкциялық қарарлар қабылдады: 
  1737 (2006) — БҰҰ  ҚК  БҰҰ  мүше  елдерге  Иранға  ядролық  пен  зымырандық 
бағдарламаларда  қолданыла  алатын  материалдар  мен  технологияларды  ұсынуға  тыйым 
салды.  Ирандық  маңызы  зор  ондаған  компаниялар  мен  осы  бағдарламаларға  қатысы  бар 12 
тұлғалардың активтерін «мұздатты»; 
  1747 (2007) — Иран  қаруын  экспорттауға  тыйым  салу  жəне 28 тұлға  мен  ұйымдардың 
активтерін  «мұздату».  Иранға  қаруды  сатуды  жəне  Иран  үкіметі  үшін  ссуда  мен  гранттар 
ұсынуды шектеу; 
  1803 (2008) — азаматтық та, əскери де мақсаттарда қолданыла алатын тауарлардың саудасына 
тыйым салу. Қару контрабандасында күдікті ұшақтар мен кемелерді тексерістен өткізу.  Melli 
жəне Saderat иран банктерінің қаржылық мониторингі. 12 компания мен 13 жеке тұлғалардың 
активтерін «мұздату»; 
  1929 (2010) — ядролық  қаруды  жеткізуге  мүмкіндігі  бар  Иран  баллистикалық 
зымырандардың өндірісімен байланысты, сонымен қатар уран өндіру мен ауыр қаруларға ие 
болу  сияқты  қызметке  тыйым  салу.  Иран  ядролық  бағдарламасымен  байланысы  бар  иран 
банктерімен қаржылық операцияларды тоқтату. Иран ядролық бағдарламасына қатысы бар 40 
иран компаниялары мен ұйымдардың, елдің 40 азаматтарына қарсы санкция қабылдады 
8. 

Иранның ядролық бағдарламасы айналасындағы ... 
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014 
61 
Иран БҰҰ бұл қарарларын қабылдамай, елге салынған санкциялар заңсыз деп таныған болатын. 
Иранның  мұндай  жауапсыздығы  БҰҰ  тарапынан  Тегеранға  одан  да  қатаң  санкциялар  салуға  негіз 
болды.
 
Батыс пен Иран арасындағы дауды жаңа белеске көтерген бұл емес — МАГАТЭ-нің 2011 жылы 
жариялаған аты шулы баяндамасы 
9. Қарашаның 8-і күні МАГАТЭ жариялаған 25 беттен тұратын 
ресми  баяндамасында  Иран 2003 жылдан  бері  ядролық  қару  жасауға  бағытталған  жұмыстар 
жүргізген  деген  қорытындыға  келген  еді.  Əсіресе 2008–2009 жылдары  Иран  ғалымдары  ядролық 
оқтұмсық  жасауға  ден  қойған.  Қазір  де  сол  жолдан  тайынбай  отыр.  Тіпті,  компьютер  арқылы 
жобаларын сызып, жерасты сынақ алаңдарын да даярлаған. Осыдан кейін Батыс елдері Иранға қарсы 
санкциялар күшейтетінін жариялаған. 
Бірақ Иран Ислам Республикасының президенті Махмұд Ахмадинеджад өз еліне тағылған кінəні 
негізсіз  деп  жариялады.  Оның  ойынша,  МАГАТЭ  қазіргі  директоры  Юкио  Амано — «Американың 
қолбаласы»  болғандықтан,  халықаралық  қауымдастықтың  емес,  Вашингтонның  сөзін  сөйлеуге 
мəжбүр. Ахмадинеджад  не десе де, бұл майданда басымдық  Иран жағында емес. Мемлекеттің уран 
өңдеуін тоқтату мақсатында кейінгі жылдары Тегеранға қарсы қабылданған санкциялар саны жылдан 
жылға өсіп келді [10]. 
Жауап  ретінде  Иран  шығанақтағы  мұнай  қоры  сақталған,  əлемнің  мұнай  жеткізуінің 40 %-на 
тиесілі  Ормуз  бұғазында  онкүндік  əскери  теңіз  жаттығуларын  өткізген  болатын.  Иран  билігі,  егер 
Батыс елдері Иранды мұнай секторына қарсы санкцияларымен қорқыта беретін болса, Ормуз бұғазын 
жауып  тастайтындығын  бірнеше  рет  қайталады. «Ормуз   бұғазын  жабу — бір стакан  су  ішкеннен 
оңай».  Бұл — Иран  Əскери  теңіз  күштерінің  қолбасшысы,  адмирал  Хабиболла  Сайяридің 
Вашингтонға жасаған ескертуі. 
Ақ үй өз кезегінде Тегеран Ормуз бұғазын жауып тастайтын болса, Вашингтон ашық əскери күш 
қолданатынын жария етті. 
АҚШ Сенаты бірауыздан Иранға қарсы санкция жөніндегі заң жобасын қабылдап, оған сəйкес, 
АҚШ-тағы  шетелдік  банктер  ирандық  Орталық  банкпен  іскерлік  байланыстары  үшін  айыппұл 
төлейтін болады. 
Еуроодақ  басшыларының  шешімімен 2012 жылдың 1 шілдесінен  бастап  ЕО  барлық  елдері 
Ираннан  кез  келген  энерготасушы  экспортынан  бас  тартты.  Алайда  ЕО  басшылары  өзінің  алдына 
қойған Иранның қаржылық секторын əлсірету мақсатына қол жеткізуі екіталай, себебі американдық 
жəне  еуропалық  тұтынушыларынан  айырылған  Иран  өзінінің  Үндістан,  Қытай  мен  Оңтүстік  Корея 
сияқты  тұтынушыларын  сақтап  қалды.  Екіншіден,  Иранның  экономикалық  блокадалау  ел 
басшылығын ядролық саладағы зерттеуден бас тартуға мəжбүрлей алмады. 
Тығырыққа тірелген Иран ядролық бағдарламасын реттеудегі жаңа кезең 2013 жылы Иран Ислам 
Республикасының  билігіне  Хасан  Роухани  тағайындалуымен  басталғандай  көрінеді.Тамыз  айында 
Президент лауазымына тағайындалған Хасан Роухани Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты 
мəселені  жарты  не  бір  жыл  ішінде  шешуге  уəде  берген  болатын.  Сөзінде  тұрған  Иран  Президенті 
елдің  ядролық  бағдарламасы  бойынша  келіссөздерді  жаңғыртуға  дайындығын  білдіріп,  белсенді 
келіссөздер  жүргізу  барысында 2013 жылдың  қараша  айында  Женева  қаласында  өткен  кездесу 
нəтижесінде  тарихи  маңызы  бар  Уақытша  келісім  жасасуға  шешім  қабылдады 
11.  Аталмыш 
Келісімнің  Иран  ядролық  бағдарламасын  реттеудегі  рөлі  зор — осы  уақытқа  дейін  тараптардың 
ядролық  мəселені  бір  нүктеден  жылжыту  талпыныстары  еш  нəтиже  бермеген  болатын.  Келісімге 
сəйкес, Иран уранды  байытуды  азайтуға, ядролық бағдарламасын  МАГАТЭ-нің қатаң  бақылауында 
дамытуға міндет алады. Оған қоса, Иран ядролық бағдарламасы 6 айға тоқтатылды, яғни Иран жаңа 
центрифугаларды  орнатудан  жəне  уранды  байыту  бойынша  жаңа  объектілерді  салудан  бас  тартуға, 
уранды 5 %-ға дейін ғана байытуға келісті. 
Аталмыш  келісім  Иран  Ислам  Республикасының  сындарлы  саясатының  жемісі  деп  айтсақ, 
қателеспейміз.  Иран  басшылығы  бағыт  алған  жаңа  стратегиясының  арқасында  өз  мəртебесін 
ұлғайтып, əлем саясатының дегдарлы мүшесіне айналды. Хасан Роухани берген сұхбаттардың бірінде 
«Біздің басты мақсатымыз — өзіміздің бейбіт ядролық бағдарламасын халықаралық ережелерге сай 
үйлестіріп,  халықаралық  қауымдастық  тарапынан  алаңдаушылықты  жою.  Бүгінгі  таңда  біз 
келіссөздер нəтижелеріне қанағат болып, екі тарап арасындағы қайшылықтар көп ұзамай толығымен 
жойылады деп үміттенеміз» деп ашық жария еткен болатын 
12. 
Тараптардың жеткен тағы бір жетістігі — Иран Келісімге сəйкес теория жүзінде қаруға қажетті 
плутонийді  жасап  шығаруға  болатын  Арактағы  ауыр  су  реакторын  салуды  тоқтатуға  келісті. 

Б.М.Балаубаева, А.Қабдулинова 
62 
Вестник Карагандинского университета 
Женевалық  жоспарға  негізделген  құжатта  Иранның  ядролық  нысандарында  мониторинг  қалай 
жүргізілу  керектігіне  дейін  көрсетілген.  Келісімге  сай,  халықаралық  қауымдастық  өз  кезегінде 
Тегеранға  салынған  экономикалық  санкцияларды  жұмсартуға,  жаңа  санкцияларды  енгізбеуге  жəне 
Иранның бейбіт атом өндіру құқығын мойындауға міндеттеме алған болатын. 
Уақытша келісім 2014 жылдың 20 қаңтарында күшіне еніп, алты айдан соң аяқталады. Бұл алты 
ай ішінде Иран мен алты ел бұдан да ірі келісім жасасу мақсатында келіссөздерді ай сайын өткізбек. 
Осылайша жарты жылдан соң тараптар жаңа тұрақты келісімге қол қояды деп күтілуде. 
Қазіргі таңда Иран Уақытша келісімге сəйкес өз міндеттемелерін орындауда. Женева Келісімінің 
міндеттемелері бұлжытпай орындалу үдерісі тараптар арасында біршама сенім ахуалын туғызды. Ал 
сенім,  өз  кезегінде,  өзара  келісімге  келу  жолындағы  бірден  бір  құралы.  Иран  Президенті  Ислам 
революциясының 35 жылдығына орай ұйымдастырылған мерейтойда «Алтылықпен» келіссөз өткізу 
барысында  Иран  араздыққа  еш  ұмтылмайтынын  көрсеткіміз  келеді...  Иран  халықаралық 
уағдаластықтарды  қолдайды...  Еуропалық  мемлекеттер  ынтымақтасуға  ниетін  шын  білдірсе,  Иран 
тарапынан нəтижелі қадамдарды көре алады» деп Тегеранның ұстанымын қайталап жария етті 
13. 
Дегенмен, тараптар арасындағы диалог оңай болмайтыны анық. Келісімге қарамастан, АҚШ пен 
Иран арасындағы қатынастар əлі де шиеленіскен жағдайда. Иранға қатысты АҚШ санкцияларының 
жұмсаруы  Иран  экономикасының  қалпына  келуіне  мүмкіндік  бермейді.  Оған  қоса, 2013 жылдың 
желтоқсан  мен 2014 жылдың  ақпан  айында  АҚШ-тың  Иранға  санкцияларды  аттап  өтуге  қол  ұшын 
берген  бірқатар  компаниялар  мен  жеке  тұлғаларға  қарсы  жаңа  санкциялар  пакетін  қабылдауы 
келіссөздер  барысын  баяулатуы  əбден  мүмкін.  Израиль  үкіметі  өз  кезегінде  аталған  келісім  бүкіл 
əлемге  қауіп  төндіріп  тұрғанын  мегзеді.  Израиль  премьер-министрі  Биньямин  Нетаньяхудың 
айтуынша,  ядролық  бағдарламаны  уақытша  ғана  тоқтатып  отырған  Иран  қыруар  ақшаға  кенеледі, 
бірақ есесіне ештеңе де қайтара алмайды. 
Соған  орай,  жаңа  саяси  жағдайларға  қатысты  батыс  елдері  мен  Иран  Ислам  Республикасы 
арасындағы  келіссөздер  елдің  ядролық  бағдарламасының  қаупін  жоя  ма  деген  ой  көпшілікті 
мазаландыратындығы айқын. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  IAEA Resolutions // International Atomic Energy Agency. [ER]. 
Access mode: 
http://www.iaea.org/newscenter/focus/iaeairan/iaea_resolutions.shtml 
2  Балаубаева Б. М., Кабдулинова А. Иран ядролық бағдарламасы: АҚШ мемлекетімен қарама-қайшылықтары // ҚазҰУ 
хабаршысы. Халықаралық қатынастар жəне халықаралық құқық сериясы. — Алматы, 2012. — № 2 (58). — 47–53-б. 
3  Стратегия  национальной  безопасности  США — 2002 // Российский  правовой  портал. [ЭР]. Қолжетімділік  тəртібі: 
http://constitutions.ru/archives/5292 
4  Буш  продлил  действие  «чрезвычайного  положения»  в  отношениях  с  Ираном  еще  на  год // Новости NEWSru.com. 
[ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://palm.newsru.com/world/12nov2008/iran.html (дата публикации 12.11.2008) 
5  Санкции  США  против  Ирана  отметили  своё  совершеннолетие // Вестн.  Кавказа. [ЭР]. Қолжетімділік  тəртібі: 
http://www.vestikavkaza.ru/news/Sanktsii-SSHA-protiv-Irana-otmetili-svoye-sovershennoletie.html (дата публикации 13.03.2013) 
6  Сажин  В.И.  Иран:  декабрь 2009 г.  Военно-политическая  ситуация // Институт  Ближнего  Востока. 
[ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.iimes.ru/rus/stat/2010/27–01–10c.htm 
7  Давар А. Иран во внешней политике США: ядерный фактор // Вестн. КазНУ. Сер. междунар. отношения и междунар. 
право. — 2012. — № 2 (58). — C. 54–59. 
8  Резолюции  Совета  Безопасности  ООН // Комитет  Совета  Безопасности  ООН. [ЭР]. Қолжетімділік  тəртібі: 
http://www.un.org/russian/sc/committees/1737/resolutions.shtml 
9  Осуществление  Соглашения  о  гарантиях  в  связи  с  ДНЯО  и  соответствующих  положений  резолюций  Совета 
Безопасности  Организации  Объединенных  Наций  в  Исламской  Республике  Иран.  Резолюция,  принятая  Советом 
управляющих 18 ноября 2011 года. // МАГАТЭ. [ЭР]. Қолжетімділік 
тəртібі: 
http://www.iaea.org/Publications/Documents/Board/2011/Russian/gov2011–69_rus.pdf 
10  Иран  ядролық  қару  таратпау  келісімінен  шығуы  мүмкін // Азаттық  Радиосы. [ЭР]. Қолжетімділік  тəртібі:  
http://origin-kz.azattyq.org/content/news/1163261.html 
11  Иран  в 2013 году  сократил  продажу  нефти  на 15 
% // Международное  Информационное  Агентство. 
[ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.inform.kz/rus/article/2626753 (дата публикации 31.01.2014) 
12  Иран  и  страны-посредники  спорят  о  судьбе  ядерного  реактора // Финансово-аналитический  бизнес-портал. 
[ЭР]. Қолжетімділік  тəртібі:  http://livda.ru/news/politics/world/iran-i-strany-posredniki-sporyat-o-sudbe-yadernogo-reaktora-0367 
(дата публикации 20.03.2014) 
13  Хасан  Роухани.  Иран  выстоит  против  любого  агрессора // Информационное  телеграфное  агентство  России. 
[ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://itar-tass.com/mezhdunarodnaya-panorama/955693 (дата публикации 11.02.2014) 

Иранның ядролық бағдарламасы айналасындағы ... 
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014 
63 
Б.М.Балаубаева, А.Кабдулинова 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет