Ізденістер, №1 исследования, НƏтижелер 2015 результаты



Pdf көрінісі
бет60/66
Дата15.03.2017
өлшемі8,44 Mb.
#9299
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66

Result and discussion 

All of the above factors influence ecological-reclamation state Kazalinsk array’s irrigation. 

To solve the problems that arise in connection with the difficult crisis ecological and social situation 

in the region is necessary to carry out the following activities: 

 - Increase the flow of water from the post  Tomenaryk to Kazalinsk post; 

- Prohibit the discharge of drainage water in the Syr Darya; 

- Revise and restructure the area; 

- Reconstruct irrigation systems.  

Quantification contents of ingredients is dependent on the water flow expenses and reducing 

the amount of a substance in water, and increases with a decrease on the contrary. During the passage 

of large water consumption is neutralized ingredients, that is, in some extent the self-cleaning ability 

of the Syr Darya River. Therefore, in the current conditions it is very important to find a link between 

hydrochemical regime of the Syr Darya River. Hydrological regime lower reaches of the Syrdarya 

river depends on the flow coming from the mountainous part of the basin, situated on the territory 

of Tajikistan, Uzbekistan and Kirgiskoy Republic. In order to post Kazalinsk on mineralization of 

water does not exceed 1000 mg / L, post Tomenaryk water flow should not fall below 800m3 / s. 

The dynamics hydrogeological regimes of  Kazalinsk array’s irrigation is shown in  Figure 3.  

Fig. 3 - The dynamics hydrogeological regimes of  Kazalinsk array’s irrigation 

Primarily direction in the protection of surface water resources from pollution should be a 

complete cessation of discharges of polluting noih waste and wastewater. However, in the current 

conditions while it is impossible achieve complete cessation of discharge"Regulations for protection 

0

5000



10000

15000


20000

25000


30000

1975


1980

1985


1990

1995


2000

2005


2010

> 5,0 m


3,0‐53,0 m

2,0‐3,0 m



< 2,0 m

gectare


Depth of groundwater:

years


437 

of surface waters of the Republic of Kazakhstan" prohibits the discharge into water bodies return

drainage waters (CDW). Reusing CDW reduces pollution of surface waters.  

Structural adjustment areas under crops with relatively small material costs can give enough 

tangible results in terms of improving the quality parameters of the environment. Increasing the 

yield of cultivated crops provides with a substantial reduction areas under crops to maintain and 

possibly increase the production of agricultural products. This is accomplished through compliance 

technologies. The released square appropriateness to sow salt-tolerant perennial grasses. This 

measures, on the one hand, can significantly increase efficiency of irrigated area, but On the other 

hand - through the use of drainage waters for irrigation of grass - reduce intake of salts in the Syr 

Darya and the amount of irrigation water, which in turn will contribute to the stratification of soil 

on array.  

Through the reconstruction of old irrigation systems and application for them modern 

technical solutions can increase the utilization of water. Realization of this measure requires a solid 

capital investment and stretched in time, however, gives no doubt the positive effect from positions 

the formation of environmentally friendly human environment. 



Conclusion 

Decision difficult challenges of ecological and land reclamation in the Kazalins array’s 

irrigation is possible through the use of landscape-geographical approach to research and study the 

dynamics of hydrochemical parameters of flow areas. To improve the current ecological and 

meliorative problems in  the Kazalinsk array’s irrigation is necessary increase the flow of water 

from the post  Tomenaryk to Kazalinsk post, prohibit the discharge of drainage water and  effluent 

in the Syr Darya, revise and restructure the area, reconstruct irrigation systems, to reduce the salinity 

of soil. 



References 

1. Кошкаров С.И. «Мелиорация ландшафтов в низовьях реки Сырдарья» Кызылорда,

1998. 

3. Кошкаров  С.И.  «Вопросы  улучшения  эколого-мелиоративных  условий  низовьев



реки Сырдарья». Проблемы экологии АПК и охрана окружающей среды». Алматы, 1997. 

4. Головкин  А.И.,  Кошкаров  С.И.  «Регулирование  гидрогеохимического  режима

ландшафтов в низовьях реки Сырдарья». Алматы, 1996. 

          Тұрсынбаева Ə.Б. Қалыбекова Е.М.,  

ҚАЗАЛЫ СУАРУ АЛҚАБЫНЫҢ МЕЛИОРАТИВТІ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МЕСЕЛЕСІ ЖƏНЕ 

ОЛАРДЫ  ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 

Мақалада  Қазалы  суару  алқабының  экологиялық-мелиоративтік  жағдайына  əсер 

ететін  факторлар  жəне  оларды  жақсарту  жолдары  келтірілген.  Аймақ  жерлерінің 

экологиялық-мелиоративтік    жағдайына  өзен  суы  сапасының  нашарлауы  теріс  əсерін 

тигізуде.  Бұл  мəселе  тиімді  мелиоративтік  режимнің  жоқтығынан,  суару  жүйелерін  құру 

жəне  пайдалану  кемшіліктерінен   күшеюде.  Қарастырылып  отырған  аймақта  экологиялық 

дағдарыс  туындауының  негізгі  себебі  болып  ірі  суару  алаптарын  жобалау  кезінде, 

ландшафттардың  қызмет  ерекшеліктерін  елемеу,  гидрогеохимиялық  ағымды  тудыратын 

факторларды толық ескермеу жəне интенсивті суару салдарынан олардың параметрлерінің 

өзгеруі.  

Кілт сөздер: мелиорция, суару, тұздылық, гидрогеохимиялық жəне гидрогеологиялық  

режимдер, минералдау, қайта құру.  



438 

Турсынбаева А.Б. Калыбекова Е.М. 

К ВОПРОСУ О МЕЛИОРАТИВНО-ЭКОЛОГИЧЕСКИХ  ПРОБЛЕМАХ КАЗАЛИНСКОГО 

МАССИВА ОРОШЕНИЯ И ПУТЯХ ИХ РЕШЕНИЯ 

В  статье  приводятся  факторы,  влияющие  на  эколого-мелиоративное  состояние 

Казалинского массива орошения и пути их улучшения. На эколого-мелиоративное состояние 

земель региона отрицательное влияние оказывает сильное ухудшение качества речной воды. 

Это  усугубляется  отсутствием  оптимального  мелиоративного  режима,  недостатками 

строительства  и  эксплуатации  оросительных  систем.  Одной    из  основных  причин 

наступившего экологического кризиса в рассматриваемом регионе является игнорирование 

при  проектировании  крупных  орошаемых  массивов  особенностей  функционирования 

ландшафтов,  недостаточный  учет  факторов,  формирующих  гидрогеохимические  потоки  и 

возможные изменения их параметров под воздействием интенсивного орошения. 

Ключевые  слова:  мелиорация,  орошение,  засоленность,  гидрогеохимический  и 

гидрогеологический режимы, минерализация, реконструкция. 



ƏОЖ 631.12 

Туртаев Д.А., Бектанов Б.К. 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАНАПТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА 

ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫ САРАПТАУ 

Аңдатпа 

Мақалада жер ресурстарын тиімді пайдалану жəне шаруа қожалықтарының танаптарын 

ұйымдастыру  жұмыстарында  геоақпараттық  жүйелердің  мүмкіндіктерін  толықтай 

пайдалану  жолдары  сарапталған.  Қалыпты  жағдайда  жасалған  жобалардың  кемшіліктерін 

геоақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жою əдістері қарастырылған. 

Кілт сөздер: 

геоақпараттық жүйелер,шаруа қожалықтары, мемлекеттік жер кадастры, 

танаптарды ұйымдастыру, мəліметтер базасы. 

Кіріспе 

Жер  кадастры  мəліметтері  шаруа  қожалықтарының  жерлерін  ұйымдастырудың 

ақпараттық базасы болып саналады. Жер кадастрының мазмұны жер пайдаланушылырдың 

жерлерін  бір  орталықтан  басқарып  отыруға  байланысты  жоспарлау,  жерді  қорғау    жəне 

пайдалануды бақылау  мақсатында саны мен сапасын есепке алу болып табылады. Заманауи 

кезеңде жер кадастрының басты мақсаттарының бірі болып алғаш рет жерге салық салу жəне 

бағалық  құнын  анықтау  үшін  ақпараттар  базасы  жасала  бастады.Сондықтан,  Ел  басы 

жолдауында  ауыл  шаруашылық  жерлерін    игеруде  шаруа  қожалықтарын  құжаттандыру, 

геоботаникалық  жəне  топырақтық  зерттеулер,  жер  мониторингі  жұмыстары,  жер 

кадастрының  автоматтандырылған  ақпараттық  жүйесінің  мəліметтік  базасын  құру,  реттеу 

жұмыстарын  жетілдіруді  қажет  ететіндігі  атап  көрсетілді.Осыған  орай  бүгінгі  таңда, 

мемлекеттікжер кадастрын жəне оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесін облыстық, 

аудандық  кадастрлық    орталықтарда  мемлекеттік  бағдарлама  бойынша  өндірістік 

пайдалануға  жəне  стандарттауға  сəйкестендіруге  бағытталған  жетілдіру  жұмыстары 

жүргізілуде. 

Тиімді  жəне  дер  кезіндегі  міндеттерді  сапалышешіп,  жер  ресурстарын  басқаруды 

қамтамасыз ету үшін, жер кадастры жерге орналастыру, жер мониторингі, топографиялық-


439 

геодезиялық,  топырақтық,  геоботаникалық,  гидрогеологиялық  жəне  басқа  іздестірулерді, 

көптеген  қолданбалы  міндеттерді  шешуде  жедел  іздестіру  жəне  үлкен  көлемдегі 

ақпараттарды  пайдалану  қажеттілігі  туындайды.  Бұл  ақпараттарды  өңдеу,  сақтау  жəне 

пайдалануда қазіргі есептеуіш жəне телекоммуникациялық желіні пайдаланбау мүмкін емес, 

ол үшін республикада жер ресурстарының бірыңғай ақпараттық-есептеу жүйесін құру қажет. 

Біздің  ойымызша,  бұл  қызметтерді  республикада  қалыптасушы  мемлекеттік  жер 

кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі табысты орындай алады. 

Геоақпараттық жүйесін (ГАЖ) құрудағы басты мақсат- жер ресурстарын басқаратын 

барлық  саланың  қазіргі  өнімділігі  жоғары  компьютерлік    технологияларды    пайдаланып, 

жүргізетін  жер  кадастрының  жаңа  тəсілдері  мен  формаларына  көшуі  болып  табылады. 

Геоақпараттық  жүйеге  сəйкес  келетін  мəліметтер  базаларында  жер  ресурстары  туралы 

барлық деңгейдегі мекемелер мен қызметтер, тиісті министрліктер мен ведомстволар, жеке 

жəне  заңды  тұлғалар  арқылы  жинақталатын,  сақталатын  жəне  пайдаланылатын 

ақпараттарды шоғырландырады. 

Зерттеу нəтижелері 

Геоақпараттық жүйені мемлекеттік ақпараттық құрылым ретінде қарастыруға болады. 

Ол  жер  қатынастарының  қалыптасуын  қамтамасыз  етеді,  жерді  иеленудің  түрлі 

формаларына  негізделеді,  жер  нарығының  дамуын  қолдайды,  республиканың  жер 

ресурстарын  басқару  жүйесіне  ғылыми-ақпараттық  негіз  болады.  Оны  жер  ресурстарын 

басқаратын    Қазақстан  Республикасы  агенттігінің  мемлекеттік  жер  кадастры  жүйесінің 

құрамында құру жəне жүргізу қарастырылған. 

ГАЖ – бұл  күрделі  көп  мақсатты,  көп  қызметті,  көп  деңгейлі,  үздіксіз  дамитын, 

ұйымдастырушылық-технологиялық жүйе. Оған енетіндер: 

-

 



жер ресурстарын басқару процесіндегі ең жоғарғы толық ақпарат; 

-

 



аз уақытта басқарудың барлық деңгейінен ақпараттың өтуі; 

-

 



жерді пайдалану жүйесін басқарудың ең жоғары ықпалы; 

-

 



басқару  жүйесіндегі  болып  жатқан  барлық  өзгерістерді  дер  кезінде  байқау  жəне 

есепке алу; 

-

 

жер  ресурстарын  басқару  мақсатында  мемлекеттен  бөлінген  құралдарды  тиімді 



пайдалану. 

Кадастрлық  процеске  компьютерлік  технологияны  еңгізуге  байланысты,  соңғы 

жылдарда  жер  кадастрын  жүргізуді  автоматтандыру  мүмкіндіктері  шұғыл  кеңейді.  Жер 

ресурстарын  есепке  алуда,  жер  учаскелерін  тіркеуде,  жер  учаскесі  туралы  жəне  жер 

учаскелерін жеке меншікке берген меншік иелері мен жерді пайдаланушылар туралы барлық 

мəліметтер компьютерлік банкке енгізіледі. Жер учаскелерін тіркеу кезінде жер кадастрлік 

іс барлық құжаттарымен жүзеге асырылады жəне жер учаскесі туралы барлық ақпарат тиісті 

бағдарламаға  сай  компьютерге  енгізіледі.  Бұндай  бағдарлама  автоматты  түрде  ақпаратты 

сақтап қана қоймай, жердің негізгі жəне ағымдағы есебін жүргізуге, барлық пайдаланылатын 

жер  түрлерін,  санаттар  бойынша  сандық  жəне  сапалық  сипатында  анықтауға  мүмкіндік 

береді.  

Қазіргі  уақытта  жер  пайдаланушылардың  учаскелерін  тіркеу,  жерлерді  негізгі  жəне 

ағымдағы есепке алу, барлық деңгейдегі есепті дайындау толықтай  автоматтандырылған. 

Жер  учаскелері  бойынша  ГАЖ  жүргізуде  міндетті  ақпарат  тізбесі:  жер  учаскесінің 

кадастрлік  нөмірі;əкімшілік  аудан;учаскенің  орналасқан  жері  жəне  суреттелуі;мақсаттық 

белгілеуі;бөлінуі;пайдалану шегі жəне қиыншылықтар;учаске алаңы, т.б. Бұл құжаттарда бар 

барлық  кадастрлық  ақпарат  компьютерге  енгізіліп,  магнитті  тасушыларда  сақталады,  ол 

мəтіндік ақпаратпен бірге электрондық карталар деп аталатын учаске жоспарларынөңдеуге, 

сақтауға  береді.  Сонымен,  республикада  жер  кадастрлық  жұмыстар  мен  негізгі 

операцияларды  жүргізу  компьютерлік  технология  негізінде  орындалып,  ГАЖ  құруға 

ыңғайлы мүмкіндіктер тудырады жəне жер ресурстарын пайдалану тиімділігін жоғарылату 

жəне  ауыл  шаруашылығында  топырақтың  құнарлылығын  арттырумен  қатар,  жер  қоры 



440 

санаттары  бойынша  бөліп  беруде  бағалы  жерлердің  сақталуын,  экономикалық  қорғалуын 

қамтамасыз етеді. 

Бұндай  жағдайда  жер  учаскесінің  құқықтық  жайы  туралы  ақпарат  қана  беріліп 

қоймайды,  шару  қожалықтары  туралы  басқа  да  жер-кадастрлық  іс  құжаттарында  бар 

ақпараттарды алуға болады (учаскеге құқылы субъект, орналасқан жері, мақсаты, бөлінуі, 

сервитуттары мен ауыртпалық түсуі, алаңы мен құрамы, оның сапалық сипаты, бонитет балы 

жəне учаске құны, т.б. туралы мəліметтер). Яғни бір уақытта жердің негізгі, ағымдағы есепке 

алуына ақпарат енгізу, баланс пен есеп құру процестері жүреді. 

Бағдарлама негізінде шекараның бұрылыс нүктелерін, бұрыш мəліметтері мен сызық 

өлшемдерінің координатын компьютерге енгізе отырып, оператор шаруа қожалықтарының 

жер учаскесінің барлық алаңы есептелген жəне қажетті ақпаратты бар дайын жоспарын бере 

алады.  Осы  кезде  компьютерде  жоспар,  пайдалану  құқығы  немесе  меншік  құқығына 

мемлекеттік акт əзірленеді. 

Жерлерді  белгілі  жарамдық  санаттарына,  түрлеріне  пайдаланылатын  жер  құрамына, 

пайдалану  мүмкіндігіне,  қызметі  мен  сипатына  əсер  ететін  құрам  жəне  белгілер  бойынша 

жүргізіледі,  Жер  түрлері  негізінде  пайдаланатын  жердің  мөлшері  мен  сапасын  есепке  алу 

топырақтың  механикалық  құрамы,  сортаңдапнуы,  тұздануы,  батпақтануы,  тасқа  айналуы, 

эрозиялануы, гумус қоры, т.б. бойынша орындалады. 

ГАЖ-да жер жайлы дерек тақырыптық жүйеге сала бойынша бөлініп жасалады. Бұл 

дерек көзінің вертикалды талдауы болып табылады.  

ГАЖ ерекшеліктері: 

- аналитикалық қызметті дамытады; 

- дерек көзін кең түрде қамтиды; 

- белгілі дерек көзін дəйектеу мен қайта өңдеуге мүмкіндік береді.  

ГАЖ-дың артықшылығы:  

-  пайдаланушыға  дерек  жайлы  үш  жақты  тұрғыда  беріледі  (яғни,  кеңістік  толық 

қамтылады); 

- дерек көздері ұйым ішінде интеграцияланады, яғни, толық аудан көлемінде кез-келген 

туындаған сұрақтарға жауап бере алады, бəсекеге жетелейді.  

-  шешім  жасауға  негіз  бола  алады,  есепке  алу  мен  талдау  жасауда  мұндай 

автоматтандырылған  ақпараттық  жүйе  іс-əрекеттер  мен  түрлі  үрдістерді  жүзеге  асыруды 

тездетеді.  

- карта жасауда қолайлы дереккөзі болып табылады. ГАЖ-ғарыштық, аэрофототүсіріс 

деректерін өңдеуді жетілдіріп, жергілікті жердің жоспары мен тірек сызбаларын жасауа негіз 

болады, жер бетін сипаттаудың үшөлшемдік құрылымын қамтамасыз етеді.  

ГАЖ жүйесін құрудың жолдары біріншіден ақпараттық құрылымы қажет, екіншіден 

бағдарлама  болуы  керек.  ГАЖдың  көмегімен  деректерді  сақтау,  талдау  жəне  шығару 

мүмкіндіктеріне ие болады. ГАЖ əрекетіне деректерді енгізу, деректерді басқару, деректерді 

анықтау мен талдау, деректерді көру жатады.  

Шаруашылық кешені мен жер ресурстарын басқаруды тиімді ұйымдастыру үшін əрбір 

зерттелетін  кадастрлық  объектіні  жинақтау,  сақтау,  топтастыру,  өңдеу  жəне  пайдалану 

жайлы əртүрлі үлкен көлемді ақпараттармен қамтамасыздандыру қажет. 

Қол  еңбегін  жəне  есептеуіш  техниканы  пайдаланатын  жер  учаскелері  туралы 

мəліметтер өңдеу жəне есебін ұйымдастыру біріншіден жерді бағалау мəліметтерін жинақтау 

жəне  беру,  оны  сақтау,  жүйелендіру  жəне  өңдеу  болып  табылады,  екіншіден  оларды 

пайдаланушыларға ыңғайлы түрде жеткізу үшін жаңа талаптарға сай болуы керек. 

Жер кадастрының геоақпараттық жүйесі бірнеше арнайы мақсатта мамандандырылған 

жүйелерден тұрады. Олар өз алдына əртүрлі шешілетін мəселелерді қарастыратын модульді 

құрылымдардан  тұрады.Бұнда  модульді  жүйелер  өте  ыңғайлы  əрі  ақпараттық  жүйедегі 

қарастырылатын барлық мəселелердің  шешілуіне арналу деңгейі жоғары болады. 

Мемлекеттік  жер  кадастрының  автоматтандырылған  жүйесі  арқылы  жинақталған 

ақпараттарды пайдалану ауқымы: 


441 

-

 



жер ресурстарын мемлекеттік жəне аудандық деңгейде басқару; 

-

 



жерді мемлекеттік бақылау; 

-

 



жерді тиімді пайдалану мен қорғау, топырақ құнарлығын сақтау мен жоғарылатуға 

байланысты шаралар жүйесін жүзеге асыру; 

-

 

жерге орналастыру; 



-

 

жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау; 



-

 

жерге негізделіп қалыптасқан төлемді белгілеу; 



-

 

жер учаскелерін иелену, пайдалану, таратумен байланысты ұйымдармен қамтамасыз 



ету. 

Мұндай  модулдық  жүйелер  барынша  икемді  келеді,  демек,  қызмет  көрсетілетін 

ақпараттық жүйе міндеттерінің ауысуына да бейімделе алады. Бұған қоса жер кадастрының 

автоматтандырылған  жүйесі  жұмысының  тиімділігі  көбіне  пайдаланылатын  техникалық 

құралдардың  құрамымен  де  айқындалады  жəне  ол  солар  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Заманауи  компьютерлік  технологиялар  мен  бағдарламалық  өнімдердің  дамыған  жүйесі 

нақты  уақыт  ішіндегі  диалог  пен  өңдеу  режимдерінде  жұмыс  істейтін  жер  кадастрын 

жүргізудің геоақпараттық жүйесін құруды қамтамасыз етеді.  



         Қорытынды 

Ауылшаруашылық  жерлерін  тиімді  пайдалану  жəне  шаруа  қожалықтарының 

танаптарын  дұрыс  ұйымдастыру жұмыстарындағы  мəселелерді  шешуді  қамтамасыз  ететін 

геоақпараттық жүйелерді пайдаланудағы оның рөлі жəне пайдалану жолдары қарастырылды. 

ГАЖ  технологиясын  пайдалану  жолдарын  сараптау  барысында  келесідей  тұжырымдама 

жасауға болады: 

-

 

жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін өндірістегі барлық жер қатынастарының 



басты  элементтерін  ескеру  керек  (саяси,  əлеуметтік-экономикалық,  құқықтық  жəне 

ұйымдастырушылыққа бағытталған əкімшілік шаралар); 

         - жер ресурстарын пайдалану мен басқаруды қамтамасыз ету үшін жерге орналастыру, 

жер  кадастры,  жер  мониторингі,  топырақтық  жəне  геоботаникалық  ізденістерді  көп 

көлемдегі  мəліметтерді  пайдалану,  өңдеу  жəне  сақтау  қызметін  геоақпараттық  жүйесі 

табысты орындай алады; 

       -  қарастырылған    геоақпараттық  технология  жүйелері  бұрынғы  қолданыстағы 

əдістемелердің  кемшіліктерін  жоюға,  еңбек  өнімділігін  арттыруға,  мəліметтердің 

дəйектілігін  жоғарылатуға,  қажетті  ақпараттарды  дер  кезінде  табуға,  алуға  жəне  оның 

механизмдері ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануын қадағаланып 

отыруына  мүмкіндік береді. 

Əдебиеттер 

1. Землеустроительное  проектирование.  Гендельман  М.А.,  Подольский  Л.И.,  Резаев



В.В. и др., Астана, ТОО «ЭВЛЮ», 1999. 

2. Есполов Т.И., Сейфуллин Ж.Т. Жер ресурстарын басқару. Астана, «Парасат Əлемі»

баспасы, 2005.  

3. Дюсембеков  З.Д.  Государственный  земельный  кадастр.  Автоматизированная

земельно-информационная  система  Республики  Казахстан  (АЗИС  ГЗК) // Междунар.  с.-

х.журнал, 1995, №6. 

Туртаев Д.А., Бектанов Б.К. 

АНАЛИЗ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ГЕОИНФОРМАЦИОННЫХ СИСТЕМ ПРИ 

ОРГАНИЗАЦИИ УГОДИЙ КРЕСТЬЯНСКИХ ХОЗЯЙСТВ 

Аннотация  В статье приведены пути использования геоинформационных систем для 

рационального  использования  земельных  ресурсов  и  организации  угодий  крестьянского 



442 

хозяйства.  Даны  рекомендации  по  устранению  недостатков  при  использовании 

традиционных методов проектирования. 

Ключеые 

слова: 

геоинформационные 

системы, 

крестьянское 

хозяйство, 

государственный земельный кадастр, организация угодий, база данных. 

Turtaev D.A., Bektanov B.K. 

ANALYSIS OF THE USE OF GEOGRAPHIC INFORMATION  

SYSTEMS IN THE ORGANIZATION OF LAND FARMS 

Annotation    The article presents the way of using GIS for land management and 

organization of peasant farming land. The recommendation for corrective action when using 

traditional design methods. 

Key words: GIS, farming land, state land cadaster, organization of land database. 

УДК 630*228:636.083.62  

Түсіпова Т.Қ., Байтасов М.О. 

 Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

ҮШТӨБЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ЖАҒДАЙЫНДА 

СЕКСЕУІЛДІҢ КӨЛЕҢКЕСІНДЕГІ ЖƏНЕ АШЫҚ ЖЕРДЕГІ ТОПЫРАҚ БЕТІ 

ТЕМПЕРАТУРАСЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ   

       Аңдатпа   

       

20  жылдық  сексеуіл  ағашының  көлеңкесінің  тиімділігі 7-жылдық  қара  ағаштың 

көлеңкесімен  пара-пар  болатындықтан  жəне  көлеңкесінің  астындағы  топырақ 

температурасы 40,2 - 41,3% дейін  төмендейтіндіктен,  мал  көлеңкелейтін  жатақ  ретінде 

пайдалануға мүмкін екендігін көрсетеді.  

       Кілт сөздер:  Сексеуіл  ағашының  көлеңкесінің  тиімділігі  қара  ағаштың  көлеңкесімен  

пара-пар  болатындықтан.  Қара  ағаш, сексеуіл. 



Кіріспе   

Жануарлардың  демалуына  жасыл  екпелердің  көлеңкесі  қолайлы  жағдай  туғызатыны 

белгілі. Осыған байланысты жатаған шегіршіннің көлеңке түсіргіштік тиімділігі зерттелген, 

ал сексеуіл ағашының көлеңке түсіргіштік қасиеті жайлы мəліметтер аз. Сексеуіл ағашының 

көлеңке  түсіру  қасиеті  жоқ  жəне  осыған  орай  сексеуіл  ағашының  астында  жануарлар  күн 

сəулесінен қорғана алмайды деген пікір бар[1]. 

Осыған орай, біз сексеуіл ағашы астындағы топырақ бетінің күндізгі температурасының 

төмендеуінің басты тиімділік динамикасының құрылымы зерттелді. Осы мақсатта ауданы 1 

га, биіктігі 3,5-4 м, желегінің орташа өлшемі 4х4 м жəне биотоп болып орналасқан 200 дана 

сексеуіл екпелері таңдалынды. 

Бақылау  алаңшаларын  орналастыру, сексеуіл  желегінің  астыңғы  жəне  ашық  алаңға  

топырақ    термометрін    құру,  термометр    көрсеткіштерінің    жазбасы    нұсқау  бойынша  

жүргізілді. 

Бақылау бес реттік қайталау арқылы жүргізілді жəне нəтижелері 1-кестеде көрсетілген. 



443 

Кесте 1 - Сексеуіл желегінің астында жəне ашық алаңда топырақ бетінің температурасының  

динамикасын  бақылау нəтижелері  

Бақылау 


орны 

Бақылау 


уақыты 

Топырақ бетінің 

температурасының 

қайталануы, 

0

С 

Орташа 



темпера

тура,


 

0

С 



Температура 

айырмашы-

лығы,

 0

С 



I II III 

IV 


Сексеуіл 

көлеңкесін

де 


11 

26.5 27.7 27.5 24.0 23.3

25.8 

12 


27.5 31.2 28.0 25.5 24.0

27.2 


13 

28.7 33.2 31.5 26.2 25.5

29.0 

14 


30.2 35.3 33.7 27.0 27.6

30.8 


15 

31.2 38.2 35.0 30.0 33.0

33.5 

16 


30.4 35.5 33.6 30.0 33.0

32.5 


Ашық 

алаңда 


11 

42.5 40.8 40.5 45.5 45.8

43.2 

+17,4 


12 

49.0 47.0 46.5 45.5 45.8

46.7 

+19,5 


13 

54.0 52.5 52.0 52.3 53.7

53.1 

+24,1 


14 

56.6 56.6 55.5 56.5 56.5

56.3 

+25,5 


15 

57.3 58.5 56.4 56.5 57.0

57.1 

+23,6 


16 

55.5 57.6 55.0 55.0 54.6

55.5 

+23,0 


        

Топырақ бетінің қызуының үдеуі екі жағдайда да сағат 15-ке дейін белгіленді. Осыған  

орай    орташа    бестік    қайталауға    байланысты    сексеуіл    көлеңкесінде  топырақ  бетінің  

температурасы  түске  дейінгі  кезеңде  сағат 11-де  25,8

0

С  көтеріледі,  ал  сағат 15-те 33,5



0

С 

көтеріледі. Осы жағдайға байланысты температура көрсеткіштерінің айырмашылығы 7,7



0

С, 


1 сағатқа 1,9

0

С өзгеріспен есептелді. 



         Ашық  алаңдағы  топырақ  температурасы  сексеуіл  көлеңкесіндегі  топырақ 

температурасына қарағанда сағат 11-де 43,2

0

С, ал сағат 15-те 57,1



0

С қызуы жоғары болады. 

4 сағатта көтерілген температура 13,9

0

С немесе 1 сағатқа есептегенде 3,5



0

С.  


         Қызудың артуы кезеңінде температураның тез көтерілуі ашық алаңда сағат 11-ден 13-

ге  дейін 3,9

0

С-тан 6,4



0

С  дейін  белгіленді.  Кейін  температура 3,2

0

С-тан 0,8



0

С  дейін 

төмендейді. Сағат 15-тен  кейін беткі температура 1 сағатта 1,6

0

С төмендейді[2]. 



         Белгіленген бақылау уақыты бойынша сексеуіл көлеңкесіндегі топырақ ашық алаңдағы 

топыраққа қарағанда 17,4

0

С...23,6


0

С-қа қызуы төмен болды.  

          Алынған  мəліметтер айырмашылығының анықтығын  бағалау  үшін  екі факторлық  

дисперсиялық  анализ  жасалынды. (Кесте 2)  

 

Кесте 2 - Сексеуіл  көлеңкесіндегі  жəне  ашық  алаңдағы  топырақ  температурасының 



екіфакторлық дисперсиялық анализ айырмашылығының қорытындысы. 

Дисперсия 

Квадраттың 

сомасы 


Еркіндіктің 

дəрежелері 

Орташа 

квадрат 


F

ф

 



F

05

 



Барлығы

  

8775,5



59

-

- -



Участкелер (А) 7521,9  1  7521,9 

1419,2 


4,03 

Тəулік уақыты (В) 881,2 

176,2  33,2 2,40 



Əрекеттестіктер 

(АВ) 


116,7

5

58,3 



11 

2,40


Қалдық 

(қателіктер) 

255,7

48

5,3 - -



444 

  Кесте 2 мəліметтері  бойынша,  бақылау  алаңдарында  топырақ  бетінің  температурасы  

салыстырмалы  түрдегі  айырмашылығы  барлық    жағдайда (F

ф

>F



05

),  бақылау  уақыты 

(33,2>2,40) мен  əрекеттестігі (11>2,40) бойынша тиянақты. 

  Осыдан  сексеуіл  көлеңкесінде  топырақ  температурасы  қайталану  арқылы 

4,4

0

С...8,3



0

С  өзгеріп  отырды  жəне  ашық  алаңдағы  температураға  қарағанда  артты 

(1,1…5,0

0

С).  Бұл  екпелердің  көлеңке  түсіргіштік  нобайлары  əртүрлі  жəне  динамикалық. 



Осыған байланысты зерттелген 15-20 жылдық сексеуілдер 7 жылдық жатаған шегіршіннің 

көлеңке түсіргіштік тиімділігімен салыстырмалы[3]. 

  Демек, сексеуіл көлеңкесінде топырақ температурасының төмендеуі (40,2-41,3%), оның 

көлеңке  түсіру  жəне  ауа  темературасын  төмендету  қасиеті  жоқ  деген  пікірлерді  жоққа 

шығарады. Жəне де сексеуіл ағашын жайылымдарда, фермаларда мал көлеңкелейтін  жатақ  

ретінде  өсіруге болатынын дəлелдейді. 

Осы жоспарға  орай  20 жылдық  сексеуіл  екпелерінің  көлеңкелік  тиімділігі 7-жылдық  

жатаған  шегіршіннің көлеңкелік қасиетімен тепе-тең. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет