Ізденістер, №1 исследования, НƏтижелер 2015 результаты



Pdf көрінісі
бет57/66
Дата15.03.2017
өлшемі8,44 Mb.
#9299
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66

Выводы 

Всем  известно,  что  туранга  дает  отрицательные  результаты  при  размножении  их 

черенками. Они размножаются семенами и корневыми отпрысками. Из уцелевших деревьев 

от  пожара,  надо  выбрать  самые  лучшие  по  характеристикам.  Эти  деревья  можно 

использовать  как  материнские  или  плюсовые  для  получения  исходного  материала,  чтобы 

разработать  или  апробировать  методику  микроклонального  размножения  в  лабораторных 

условиях  с  дальнейшей  пересадкой  на  территории  Куртинского  ГУ(лаборатории  по 

микроклональному размножению имеются в Алматинском и Кокшетауском селекционных 

центрах).  Кроме  этого  с  этих  деревьев  можно  организовать  сбор  семян  с  дальнейшим 

посевом на питомнике или в теплице для получения посадочного материала. Полученный 

посадочный  материал  можно  пересадить  в  естественные  условия.  Кроме  этого  нужно 

запретить  выпас  скота  в  туранговых  насаждениях,  для  создании  условии  естественного 

возобновления корневыми отпрысками. 

А  также  учитывая  декоративные  качества  туранги  и  приспособленность  к  аридным 

условиям существования, нужно искать пути селекции для выведения гибридов обладающих 

физиологическими  свойствами  туранги  и  лесоводческими  качествами  тополя  белого.  При 

получении такого гибрида способного расти в суровых условиях пустыни, можно превратить 

неиспользуемые  земли  (пески,солончаки)  в  высокопродуктивные  угодья  путем  создания 

лесов из быстрорастущих пород. Так же доказано что туранга хорошо переносит засыпание 

песком при этом на занесенной песком части ствола образуются придаточные корни. Исходя 

из  этого  турангу  можно  использовать  при  заносе  песков  тугайные  леса,  туранга, 

лесоустройство, насаждения, лесные культуры [5]. 



416 

В  настоящий  момент  не  представляется  возможным  определить  площадь 

произрастающей  туранги  на  территории  Куртинского  ГУ,  потому  что  материалы 

лесоустройства сильно устарели (последнее л/у 1994 год). После пожара границы выделов 

сильно поменялись. А также  неизвестно какую площадь занимают туранга сизолистная и 

разнолистная.  Так  как  в  материалах  лесоустройства  эти  два  вида  проходят  просто  как 

туранга. В связи с этим нужно привлечь ботаников, специалистов лесоустройства и сделать 

полную инвентаризацию туранговиков, чтобы иметь ясную картину о состоянии туранговых 

лесов. 

Литература 

1.

Бессчетнов  П.П.,  Грудзинская  Л.М.,  «Туранговые  тополя  Казахстана»,

Алма-Ата 1981, 152 стр. 

2.

Прохоров А.И., «Тугайные леса Казахстана», Алма-Ата 1982, 80 стр.

3.

Отчет по биоразнообразию ПРООН



4.

Учет лесного фонда     РГКП «Казлеспроект» Алматы, 2014 год.

5.

Годовые отчеты Куртинского ГУ за 2013 год.



Тлепбергенов А.К.,  Кентбаев Е.Ж. 

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, БАЛҚАШ АУДАНЫНДАҒЫ ТОРАҢҒЫЛ  

ОРМАНДАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ 

           Бұл  мақалада  Алматы  облысы,  Балқаш  ауданындағы  Күрті  орман  жəне  жануарлар 

дүниесін қорғау мекемесі аумағындағы тораңғыл ормандарының жағдайы келтіріледі.  

           Кілт  сөздер:  тоғай  ормандары,  тораңғыл,  орман  орналастыру,  алқаағаш,  орман 

екпелері. 

Тlepbergenov А.К., Кеntbaev Е.Ж. 

STATE ASIATIC POPLAR FORESTS BALKHASH AREA 

    ALMATY REGION 

        This article summarizes the results of a study of the status of Asiatic poplar forests growing 

on the territory Kurtin РА on the protection of forests and wildlife Balkhash area, Almaty region 

         Key words: tugai forests, Asiatik poplar, forest management, plantations, forest plantations. 


417 

ƏОЖ

 

638.364.626.341

 

Тілеуқұлов А.Т., Масатбаев Қ.Қ.,

 Шомантаев А.А.,  Нұрабаев Д.М. 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда МУ, 

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ 

ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА  

ЕНГІЗУ ҚАЖЕТТІЛІГІН НЕГІЗДЕУ 

           Аңдатпа  

Жамбыл обылысы аумағында су тапшылығы мəселелерін шешу жолдарының бірі су 

үнемдеу  технологияларын,  оның  ішінде,  қол  жетімді  тамшылатып  суғаруды  енгізу 

қарастылылған.  Суғару  нормасы  жоғары  қант  қызылшасын  өсіру  үшін  полиэтиллен 

қауыздарының  жамылғысы  астында  тамшылатып  суғару  технологиясын  пайдалану 

қарастырылған.  

Кілт сөздер:

 су ресурстары, су тапшылығы, тамшылатып суғару технологиясы, қант 

қызылшасы, суғару нормасы.  

Кіріспе 

Елбасы  өз  жолдауында  еліміздің  су  ресурстарына  қатысты  тұжырымдалатын  жаңа 

саясаттың  ауылшаруашылығы  бойынша  негізгі  қағидаларын  атап  көрсетті.  Оларға  басқа 

елдердегі сумен қамтамасыз ету пробемаларын шешудің озат тəжірибесін мұқият зерделеп, 

оны біздің жағдайымызда пайдалану; елеулі қоры бар жер асты суларын зерттеу мен үнемді 

пайдаланудың ең озат технологияларын енгізу; агроөнеркəсіп секторларында ылғал  үнемдеу 

технологиясына кешенді түрде ауысу. 

Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстігіндегі суғармалы егіншілік бұрыннан дамып 

келе  жатқан  аймақтың  бірі  болып  табылады.  Жамбыл  облысының  аумағында  Қазақстан 

Республикасындағы суғармалы жерлердің 10 пайызы шоғырланған жəне оның ауданы 226,5 

мың  га  құрайды.  Оның  басым  көпшілігі  тау  етегіндегі  қуаңшылық  аймақта  орналасқан. 

Қазіргі кезде бұл жерлерге егілетін дақылдар түгелдей дерлік жер бетімен уақытша арықтар 

жүйесімен  суғарылады.  Бұл  суғару  əдісінің  көп  қолданылуының  басты  себебі  оның  басқа 

суғару əдістері мен технологияларына қарағанда арзандығы мен қарапайымдылығы. 

Дақылдарды суғарудың бұл əдісі экологиялық жəне суды ысырап ету тұрғысынан ең 

залалды əдістерінің біріне жатады. Себебі, бұл əдіс жер бетімен бет алды ағып кетуі жəне 

жер  астына  көптеп  сіңуі  арқылы  көп  мөлшерде  судың  ысырап  болуына  тосқауыл  бола 

алмайды. Онсыз да тапшы суғаруға арналған судың көп мөлшерде ысырап болуы, суғармалы 

жерлердің батпақтануы, тұздануы жəне топырақтың шайылуы сияқты экологиялық қатерлі 

құбылыстарға  əкеліп  соқтырады,  сондай-ақ  əрі  құнды  суғармалы  жерлердің  

ауылшаруашылық  айналымнан  шығып  қалуына себепші болады. 

Зерттеу əдістері жəне материалдар 

Жамбыл  облысының  негізгі  суғармалы  егіншілік  шоғырланған  жерлері  табиғи 

ылғалдану дəрежесі бойынша өте құрғақ (ГТК<0,3), құрғақ (ГТК=0,3...0,5) жəне тау етегі өте 

қуаң  (ГТК=0,5...0,7)  аймақтарға  жатады.  Осы  аймақтардың  жылумен  қамтамасыздығы 

бойынша бұл жерлерде техникалық жəне дəнді дақылдармен қатар көкөніс, бақша, жеміс-

жидек  дақылдарын  жəне  жүзімді  өсіруге  болады [1]. Сонымен  қатар,  табиғи  ылғалдану 

дəрежесіне  байланысты  бұл  аймақта  жаз  айларында  ауа  мен  топырақ  ылғалдылығының 

тапшылығының туындауы суғармалы егіншіліктің қажеттілігін анықтайды. 

Суғармалы жер көлемі осы аймақтағы су ресурстарына жəне бұл жерлерге егілетін 

дақылдардың сумен қамтамасыз етілу дəрежесіне тікелей байланысты. Жамбыл облысы су 

ресурстарының негізін Шу, Талас, Аса өзендерінің ағыны жəне басқа 265 кіші өзендер, көл 


418 

түріндегі (Билікөл, Ақкөл жəне т.б.) табиғи жəне жасанды су тоғандары, су қоймалары (30) 

жəне тоғандар (121), содай-ақ жер асты сулары құрайды. Жамбыл облысының өзендері Арал 

теңізінің  алабына  жатады  жəне  Шу,  Талас,  Аса  өзендерінің  алабының    жəне  оларға 

қосылатын  ағын  суларды  біріктіреді.  Шу  жəне  Талас  өзендері  аралас  мұзды-қарлы 

қоректенетін  өзендерге  жатады.  Негізгі  қоректену  көзі  болып  маусымдық  жəне  мəңгілік 

қарлардың  еріген  суы  болып  табылады.  Су  тасу  көктемде  (наурыз-сəуір)  қар  еруімен 

басталады жəне жаздың аяғына дейін созылады [2,3]. Көпжылдық орташа бағалау бойынша 

облыс үлесіне өтетін жер беті жалпы жылдық ағыны 4,5 км

3

 құраса, ал жер асты суларының 



көлемі 0,65км

3

 құрайды. 



Аймақтағы  су  ресурстарының  салыстырмалы  түрде  шектеулі  болуына  қарамастан, 

суғармалы  жер  көлемі  тұрақты  өсіп,  өзінің  ең  жоғары  шамасына  өткен  ғасырдың 80-

жылдары (1987 жылы -289,5 мың га) жеткен [4]. Дегенмен, өз уақытында облыстағы барлық 

алаптары  көптеген  гидротехникалық  құрылымдары  (ГТҚ),  су  алу  тораптары,  сорап 

станциялары  бар  ирригациялық  жүйелерге  айналды  деп  айтуға  болатын  еді.  Осының 

арқасында облыста 226,5 мың га тұрақты (суғару желісі бар) жəне 17,8 мың га көлтабандап 

суғарылатын жер пайда болды [2,3]. Суғару алаптарында əртүрлі техникалық жабдықталған 

38 суғармалау желісі салынды. 

Қазіргі кезде əртүрлі себептерге байланысты бұл ирригациялық жүйелерге қатысты 

гидротехникалық  құрылымдар,  су  алу  тораптары,  сорап  станцияларының  кейбірі  істен 

шыққан, кейбірі тозған. Ал науалы инженерлік жүйелер толығымен дерлік қираған. Осының 

салдарынан  ауылшаруашылық  дақылдары  егісіне  су  түгелдей  дерлік  жер  каналдарымен 

беріліп,  жер  бетімен  уақытша  арықтар  жүйесі  арқылы  суғарылады.  Қалыптасқан  жағдай 

аймақта  аса  тапшы  судың  ысырап  болуын  тудырады.  Сонымен  қатар  болжамдық 

бағалауларға сəйкес Қазақстанның басым бөлігінде (Жамбыл облысында да) територияның 

жалпы  ылғалдануының  төмендеу  үрдісі  қарқын  алды.  Атап  айтқанда,  жылдық  түсетін 

жауын-шашын 10-15% азаяды жəне су бетінен булану жылына 300 мм-ге дейін жəне одан 

астам ұлғаяды. Мұндай жағдайда экологиялық су жіберуге қойылатын талап айтарлықтай 

күшейеді. 

Жалпы,  ауыл  шаруашылығын  сумен  қамтамасыз  ету  мəселесін  екі  жолмен  шешуге 

болады: қолдағы бар су қорларын ұлғайту жəне оларды барынша үнемдеу. Қолдағы бар су 

қорларын  ұлғайту  шараларына  келесілерді  жатқызуға  болады:  бірінші-жаңа  жəне  де 

барланған  жер  асты  суларының  кен  орындарын  игеру  жəне  пайдалану;  екінші-жер  беті 

ағынын  територия  бойынша  қайта  бөлу  жəне  реттеу.  Ал  су  ресурстарын  үнемдеу 

шараларына, бірінші кезекте, суғару суын суды қатаң өлшеп, мөлшермен беретін жəне  жер 

беті  мен  жер  астына  судың  тасталуын,  топырақтың  сумен  шайылуын  жоюға  мүмкіндік 

беретін су үнемдеуші суғару техникасы мен технологиясын енгізуді жатқызу керек. 

Кез-келген  суғармалау  əдісі  мен  суғару  техникасының  белгілі  бір  жағдайда 

қолданылуы  мүмкіндігі  дегеніміз,  олардың  техникалық  экономикалық  көрсеткіштерінің 

суғарылатын  жерлермен  дақылдардың  табиғи – шаруашылықтың  жағдайына  сəйкестігі 

болады.  Орта  Азияда  тау  етегіндегі  шөлейт  аймақтарда  суғару  тəсілдерін  таңдау  жəне 

негіздеу мəселелерімен көптеп айналысқан В.А. Суриннің жəне де басқа да ғылымдардың  

еңбектерін талдау, Жамбыл облысының тау етегіндегі шөл жəне шөлейт аймақтарда келесі 

суғару  тəсілдерін  қолдануға  болатынын  көрсетеді:  жер  бетімен,  жаңбырлатып,  топырақ 

астынан жəне тамшылатып[4,5,6,7,8]. 

Біздің  пікірімізше,  жоғарыда  қойылған  талаптарды  орындауға  көбірек  мүмкіндік 

беретін  суғару  əдісі – тамшылатып  суғару  жүйесі.  Тамшылатып  суғару  жүйесінің  негізгі 

ерекшелігі болып, дақылдарға суды бүкіл вегетация мерзімінде жиі орналасқан полиэтилен 

құбырлармен  арнайы  тамшылатқыш  қондырғылар  арқылы  дақылдың  су  тұтыну  режиміне 

сəйкес, тамыр жүйесі орналасқан топыраққа, мөлшерлеп беру саналады. 

Қазіргі кезде Жамбыл облысының табиғи-климаттық жағдайында қант қызылшасын 

тамшылатып  суғару  жүйесін  енгізу  үшін  көптеген  ғылыми  негізделген  мəліметтер 

жетіспейді.  Оларға  қант  қызылшасын  тамшылатып  суғару  кезінде  ылғалданатын 


419 

топырақтың тиімді көлемі, тамшылатқыш тесіктердің (қондырғылардың) орналасуы осыған 

сəйкес  қант  қызылшасын  егу  схемасы,  қант  қызылшасының  тамшылатып  суғару  кезіндегі 

суды пайдалануының жиынтығы жəне тамшылатып суғару кезіндегі суды пайдалануының 

жиынтығы  жəне  тамшылатып  суғарудың  қант  қызылшасының  өсіп-дамуына,  өнімділігіне 

тигізетін  əсері  жатады.  Сонымен  қатар  біздің  елімізде  қант  қызылшасын  топырақты 

полиэтилен  пленкасымен  жауып  тамшылатып  суғаруды  қолданып  өсіру  бағытында 

зерттеулер əлі күнге дейін қолға алынбаған. 



Зерттеу нəтижелері 

Жоғарыда  келтірілген  мəліметтер  мен  баяндаулар,  қант  қызылшасын  тамшылатып 

суғарудың  технологиялық  элементтері  мен  параметрлерін  зерттей  отырып,  қант 

қызылшасын  тамшылатып  суғарудың  технологиясын  жасау  бүгінгі  күннің  көкейтесті 

мəселесі  екенін  қөрсетеді.  Бұған  дəлел  М.Х.  Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік 

университетінде  Шихези  университетімен  (ҚХР)  жаслған  білім  жəне  ғылым  саласындағы 

халыққаралық қарым-қатынас жөніндегі келісім-шарттың аясында 2010 жылдан қазіргі кезге 

дейін  «Қант  қызылшасын  топырақтық  полиэтилен  пленкамен  жауып  жəне  жаппай 

тамшылатып  суғару  арқылы  өсіру  технологиясын  зерттеу»  тақырыбында  орындалған 

халықаралық жобаның нəтижелері. 

Жоба бойынша тамшылатып суғару жүйесінің технологиялық параметрлері мен қант 

қызылшасын  егу  схемасын  сəйкестендіру  жəне  оның  тиімді  үлгісін  негіздеу  мақсатында 

«Мелиорация жəне агрономия» кафедрасын тəжірибелік талабында тəжірибелер қойылды. 

Қойылған тəжірибелік жұмыс 4 нұсқадан тұрады, қайталану 3 реттен. Тəжірибелік жұмыс 

нұсқалары: А1В1 – қант қызылшасын жабындап тамшылатып суғару,себу схемасы 75

*

15см;  



А1В2 – қант қызылшасын жабындап тамшылатып суғару, себу схемасы 50

*

20см; А2В1 – қант 



қызылшасын  жабындамай  тамшылатып  суғару,  себу  схемасы 75

*

15см;  А2В2 – қант 



қызылшасын  жабындамай  тамшылатып  суғару,  себу  схемасы 50

*

20см.  Ауданы 2200 м



2

 

тəжірибелік учаскеде қант қызылшасының Xintian 16 (Синьзянь Шихизи Қытай) сортының 



тұқымдары  себілді  жəне  тəжірибе  сұлбасына  сəйкес  тамшылатып  суғару  жүйесі 

құрастырылды. 

Осы тəжірибелер нəтижесінде қант қызылшасын топырақты полиэтилен пленкамен 

жауып  тамшылатып  суғарудың  тиімді  екендігі  жəне  оның  оңтайлы  технологиялық 

схемалары негізделді. Нəтижесінде полиэтилен пленканың астында қызылшасын50Х20 см 

схемамен  егу  тамшылатып  суғару  түтікшелерін  қатар  аттатып  жүргізу,  тамшылатқыш 

тесіктері əрбір 0,3...0,4 м орналастыру сияқты тамшылатып суғару желісінің технологиялық 

параметрлері анықталды. 

Тəжірибенің  бұл  нұсқаларында  қант  қызылшасының  өнімділігі 630-670 ц/га  жəне 

қанттылығы 15,5-15,8% құрады.  Ал  бұл  өнімді  алу  үшін 5200м

2

/га  сұғармалау  суы  қажет 



болды жəне өнім бірлігіне жұмсалған сұғармалау суы8,29м

2

/ц болды. 



Жоғарыда  аталған  жоба  бойынша 2012-2013 жылдары  қант  қызылшасын  полиэтилен 

пленканың астында қызылшасын 50Х20 см схемамен егіп, тамшылатып суғарудың режимін 

негіздеу  мақсатында  тəжірибелік  жұмыстар  жалғастырылды.  Жүргізілген  тəжірибелік 

жұмыс  нұсқалары:  СК – қант  қызылшасын  жабындамай  тамшылатып  суғару,  суғармалау 

мөлшері 9000м

3

/га; W1 – қант  қызылшасын  жабындап  тамшылатып  суғару,  суғармалау 



мөлшері 3000м

3

/га; W2 – қант  қызылшасын  жабындап  тамшылатып  суғару,  суғармалау 



мөлшері 5600м

3

/га; W3 – қант  қызылшасын  жабындап  тамшылатып  суғару,  суғармалау 



мөлшері 7200м

3

/га; W4 – қант  қызылшасын  жабындап  тамшылатып  суғару,  суғармалау 



мөлшері 9000м

3

/га; 



Вегетация  кезеңінде  суғару  мөлшері  өсімдіктің  морфологиялық  белгілеріне 

байланысты  берілді.  Бұл  тəжірибелерде  жапырақ  түсінің  өзгерісі  мен  соңғы  нұсқадағы 

олардың  сола  бастауы  суғару  қажеттігін  анықтайтын  дабыл  болды.  Суғарулар  бпрлық 

тəжірибе  нұсқаларында  бір  мезгілде  жүргізілді.  Жəне  де  бұл  кезде  суғарудың  алдындағы 

топырақ ылғалдылығы 0,6 ШДЫС төмен түскен жоқ. Суғарудың тəртібі бойынша вегетация 

мерзімінде қант қызылшасында 12 реттен тəжірибе нұсқаларына сəйкес 210-нан  

810 м

2

/га дейін суғару мөлшерінде су берілді (кесте1). 



420 

Кесте 1-Қант қызылшасының суғарудың тəртібі (2012жыл). 

Суғару 

реті, № 


Көрсеткіштер 

Варианттар 

CK W1 W2 W3 W4 

Суғару мерзімі



3.05 

3.05 


3.05 

3.05 


3.05

Суғару мөлшері, м

3

/667м


100 40 40 40  40 

Суғару мерзімі



12.06 

12.06 


12.06 

12.06 


12.06

Суғару мөлшері, м

3

/667м


100 14 31,4 42  54 

Суғару мерзімі



20.06 


20.06 

20.06 


20.06

Суғару мөлшері, м

3

/667м


- 14 


31,4 

42 54 


Суғару мерзімі

28.06 

28.06 


28.06 

28.06 


28.06

Суғару мөлшері, м

3

/667м


90 14 


31,4 

42 54 


Суғару мерзімі

6.07 


6.07 

6.07 


6.07

Суғару мөлшері, м

3

/667м


- 14 


31,4 

42 54 


Суғару мерзімі

14.07 

14.07 


14.07 

14.07 


14.07

Суғару мөлшері, м

3

/667м


90 14 


31,4 

42 54 


Суғару мерзімі

22.07 


22.07 

22.07 


22.07

Суғару мөлшері, м

3

/667м


- 14 


31,4 

42 54 


Суғару мерзімі

1.08 

1.08 


1.08 

1.08 


1.08

Суғару мөлшері, м

3

/667м


90 14 


31,4 

42 54 


Суғару мерзімі

11.08 


11.08 

11.08 


11.08

Суғару мөлшері, м

3

/667м


- 14 


31,4 

42 54 


10 

Суғару мерзімі

21.08 

21.08 


21.08 

21.08 


21.08

Суғару мөлшері, м

3

/667м


90 14 


31,4 

42 54 


11 

Суғару мерзімі

31.08 


31.08 

31.08 


31.08

Суғару мөлшері, м

3

/667м


- 14 


31,4 

42 54 


12 

Суғару мерзімі

30.09 

30.09 


30.09 

30.09 


30.09

Суғару мөлшері, м

3

/667м


40 20 20 20 20 

Суғармалау мөлшері,

м /


м

м /га


 

600


9000

200


3000

374


5600

480


7200

600


9000

421 

            Алынған нəтижелерді талдау  

Қант  қызылшасына  жүргізілген  бұл  тəжірибелік  шаралардың  тиімділігі  оның  

өнімділігімен,  қанттылығымен  жəне  бірлік  өнім  алуға  кеткен  судың  мөлшерімен 

анықталады.  Қант  қызылшасының  ең  жоғары  өнімділігі W4 (қант  қызылшасын  жабындап 

тамшылатып  суғару,  суғармалау  мөлшері 9000м

3

/га)  нұсқасында  алынса,  ең  төменгі 



өнімділік W1 (қант қызылшасын жабындап тамшылатып суғару, суғармалау мөлшері 3000 

м

3



/га) нұсқасында анықталады. Ал бірлік өнім алуға кеткен судың мөлшері  

бойынша ең тиімді болы, W3 (қант қызылшасын жабындап тамшылатып суғару, суғармалау 

мөлшері 7200м

3

/га) нұсқасы табылды. Бұл нұсқа бойынша қант қызылшасының өнімділігі 



631ц/га құраса, бірлік өнім алуға кеткен судың мөлшері 11,4м

3

/ц, қанттылығы 15,68% құрады 



(кесте 2.) 

Кесте 2-Қант қызылшасының өнімділігі жəне қаттылығы 

Нұсқалар

 

Суғармалау 



Көлемі 

(суғармалау 

нормасы) 

м3/667м2


м3/га

Тамыржеміс

 

массасы


, г

 

Қанттыл



ы

қ, 


Таңдап алынған 

тамыржемістің 

салмағы бойынша 

теориялық 

өнімділік,кг/га 

Нақты

 өнімділік



ц/

га



 

Бірлік өнім 

алуға кеткен 

судың 


мөлшері, м

3

/ц 



CK 

600


9000

2035 15,48 

2035 

428 


21,0 

W1 


200

3000


1496 5,72 

1496 


238 

13,67 


W2 

374


5600

2185 15,61 

2185 

454 


12,47 

W3 


480

7200


2489 15,68 

2489 


631 

11,4 


W4 

600


9000

2905 15,50 

2905 

658 


12,6 

Ескерту: *Таңдап алынған тамыржемістің салмағы бойынша теориялық өнімділік: 

Бір өсімдіктің қоректену ауданы (W1нұсқасының мысалында) S=0,5м*0,2м=0,1м

2

, тамыржеміс 



салмағы - м=1496 г=1,496кг, 1 гектардағы өсімдіктер саны - N=

м

=



,

=100000дана.  

Өнімділік: (W1нұсқасының мысалында) Y=m*N=149600кг/га=1496ц/га. 

**Нақты  өнімділік – бұл  барлық  эксперименттерден  кейін  танапта  қалған  өнім.  Бұған 

өсімдіктерді экспериментке таңдап жұлу, тұқымының толық өнім шықпауы, əртүрлі себептермен 

өсімдіктердің нашар жетілуі жəне т.б. əсер етті.



Қорытынды 

Сонымен,  Жамбыл  облысында  суды  ысырапсыз  пайдаланатын  тамшылатып  суғару 

технологиясын  енгізудің  қажеттілігі  жəне  мүмкіншілігін  талдай  отырып,  жүргізілген 

зерттеулер нəтижесінде төмендегідей тұжырым жасауға болады: 

-Жамбыл облысында дақылдарды суғаруға арналған судың тапшылығы суғару суын 

қатаң  өлшеп,  мөлшермен  беретін  жəне  жер  беті  мен  жер  астына  судың  тасталуын, 

топырақтың сумен шайылуын жоюға мүмкіндік беретін су үнемдеуші суғару техникасы мен 

технологиясын енгізуді қажет етеді; 

           -Зерттеулердің  нəтижелері  көрсеткендей,  біздің  облыс  үшін  топырақты  полиэтилен 

пленкамен жабу арқылы қант қызылшасын тамшылатып суғару технологиясы өте ыңғайлы, 

экономикалық тиімді жəне жеңіл бейімделеді. Тұқымды себу пленкаға жасалынатын тесікті 

күрделі  сепкіштің  көмегімен  жүргізіледі.  Бұл  сепкіштің  көмегімен  жалпақ  жиналмалы 



422 

тамшылатқыш шлангы, пленканы төсеу жəне себу бір мезгілде орындалады. Сондай-ақ бұл 

технология  бойынша  қол  еңбегі  қолданылмайды  жəне  оның  негізгі  артықшылығы – су 

шығынын азайтумен қатар, қант қызылшасының өнімділігін 2,5-3 есе өседі.  

-Суғару нормасы жоғары қант қызылшасын өсіру үшін полиэтиллен қауыздарының 

жамылғысы  астында  тамшылатып  суғару  технологиясын  енгізу  судың  мөлшерін 18-23 

пайызға дейін үнемдейді. 

Сондай-ақ  егісті  күтіп-баптауға  кететін  шығындар  бірнеше  есе  азаяды,  себебі 

өңдеудің  агротехникалық  тəсілдері  жəне  арамшөптермен  күресуге  деген  қажеттілік 

туындамайды.  Жамбыл  обылысында  суды  үнемдеп  пайдаланатын  тамшылатып  суғару 

технологиясын енгізу қажеттілігін – жоғарыда аталған зерттеу нəтижелерімен негізделді деп 

айтуға болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет