Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет46/52
Дата15.03.2017
өлшемі8,32 Mb.
#9314
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52

Резюме 
Шатырбаева Г.Ж. – преподаватель, Жетысуский государственныйуниверситет им. И.Жансугурова 
 
Развитие познавательного интереса учащихся начальных классов путем применения  
элементов народной педагогики 
В  статье  рассмотрены  проблемы  развитие  познавательного  ннтереса  учащихся  начальных  классов  путем 
применения  элементов  народной  педагогики.  Раскрыта  сущность  понятия  «познавательный  интерес».  Изложены 
виды элементов народной педагогики, используемые в учебном процессе, их зачение и методические рекомендации 
к их использованию. 
Ключевые  слова:начальная  школа,  учебный  процесс,  элементы  народной  педагогики,  «познавательный 
интерес». 
 
Summary
 
Shatyrbayeva G. – teacher,
Zhetysu state universitynamed after IlyasZhansugurov 
 
Development of informative interest of pupils of primary school through the use of elements of folk pedagogy 
The article considers the problem of development of informative interest of students through the use of elements of folk 
pedagogy in teaching in elementary school.  The essence of the concept of "educational interest". Stated kinds of items to of 
folk pedagogy used in the learning process, their importance methodical recommendations to their application. 
    Keywords: primary school, learning process, elements of folk pedagogy, "educational interest." 
 
 
ӘОЖ 371.927 
 
МЕКТЕПАЛДЫ БАЛАЛАРЫН ЭКСПЕРИМЕНТ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ  
ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУ 
 
Сәдуақас А.С.  
– 
магистрант 1 курс-ҚазМемҚызПУ 
Жетекші: Аймағамбетова Қ. - профессор  
 
Мақалада  мектепалды  балалары  үшін  эксперимент  әдісінің  орны  мен  маңызы,  ғалымдардың  эксперимент 
ұғымына берген анықтамалары мен аспектілері қарастырылған.  

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
283 
Мектеп алды балаларының табиғатқа бейімделе келе, түсініктері өзгеретін туралы мәселелері бойынша жазылған 
ғылыми  еңбектер  талданған.  Эксперимент  ұғымына  түйінді  сипаттамалар  берілген.  Мектепке  дейінгі  тәрбиеде 
эксперимент жүргізудің алдына нақты мақсаттар қойылған, олар: балаға түсіндіру, тәжірибесін дамыту, танымдық 
әрекетін дамыту, өзіндік дербестігін қолдау. Мектепалды тобындағы балалардың сөзді есте сақтауы айқын көрсетіл-
ген. Эксперименті ұйымдастыруда педагог  міндеттері айқындалған. 
Тірек сөздер: қоршаған орта; эксперимент; практикалық іс-әрекет; физиологиялық-психологиялық мүмкіндіктер; 
іс-әрекеттік мінез-құлық; қарым-қатынас ; интеллектуалдық көрінісі; өзін-өзі реттеу; өзін-өзі бағалау. 
 
Қазіргі  кезеңнің  басты  міндеттерінің  бірі  -  жаңа  ұғымды,  жаңаша  білім  алған,  жаңа  типтегі  азамат 
қалыптастыру.  Бұл  адам  табиғатпен  үндестікте,  бірлестікте  және  үйлесімділікте  тіршілік  етуге  тиісті. 
Яғни өзін қоршаған ортаның тиімді жақтарын қорғап, тиімсіздерін қорғанудың жолдарын біліп, онымен 
ғылыми  негізде  күрес  жүргізуге  дайын  болады.  Мұндай  жаңа  типтегі  жаңа  адамның  түпкілікті  негізі 
мектепке дейін қаланатыны белгілі. 
Мектепке дейінгі ересек топтағы балалардың педагогикалық-психологиялық еркшеліктерін зерттеген 
ғалымдардың қатарына: З.Икунина, Н.Поддьякова, Л.Венгер, А.Леонтьева  және басқа орыс ғалымдары 
жатса,  сонымен  қатар,  Қазақстандық  ғылымдар:  Х.Т.  Шериязданова,  М.Мұқановтың  еңбектерін  де 
атауымызға болады. [1] 
Мектепалды  балаларының  психикасында  біраз  өзгерістер  пайда  болады.  Олардың  есте  сақтауы, 
қабылдауы,  зейіні  сияқты  психикалық  үрдістері  нығая  түседі.  Осының  арқасында  оларда  өздерінің  іс-
әрекеттерін басқаруы, өзі туралы түсініктерінің өзгеруі, өзіндік ұғымы мен өзін-өзі бағалаудың күшеюі 
байқалады. Сол сияқты олардың өздерін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы да түсініктері 
де өзгеріске ұшырайды. 
Сонымен  қатар,  бұл  жастағы  балардың  физиологиялық-психологиялық  мүмкіндіктері  де  күшейе 
түседі.  Физикалық  және  ақыл-ой  үдерісінде  де  жақсы  жақтары  пайда  болады.  Олардың  эстетикалық, 
адамгершілік талғамдары да жалпы әлеуметтік тұрғыдан жоғары деңгейге көтеріледі. 
Балар өмірінің осы кезеңінде  олардың сөз байлығы да жан-жақты дами бастайды.  Олар ана тілінің 
барлық әріптерін дұрыс қолданып, сөзерді анық айқын қайталап айта алады. Өз ойларын еркін жеткізетін-
дей  сөз  қорлары  да  молайып,  сөз  байлықтары  дамиды.  Сөздерінің  тартымдылығы,  мәнері  өзгереді. 
Қарым-қатыста да, іскерлік, тұрақтылық, таңдампаздық пайда болады. 
Мектепалды  балаларының  дамуы  олардың  жаңа  білім  мазмұнына,  жаңаша  қажеттілігімен  ерекше-
ленеді. Жалпы алғанда, баланың жекебастық барлық ерекшелігі: интелектуальдық, адамгершілік, көңіл-
күйлік, қайрат-жігерлілік, практикалық іс-әрекеттері көрініс табады. 
Кеңес психологтары Л.С. Выготский мен А.В. Запорожец баланың осы кезеңін ерекше атап көрсетіп, 
бала жағдаяттық мінез құлықтан іс-әрекеттік мінез құлыққа көшетінін сол арқылы оларда адам арасын-
дағы қарым-қатысқа баса мән беру жағы басым болатынын айтады. 
Олар  үлкендерге  өзінің  бойындағы  ненің  ұнайтынын,  ненің  ұнамайтынын  аңғарады.  Сол  бойынша 
өзінің  тәртібін,  қарым-қатысын  өзгертуге  тырысады.  Өзін-өзі  бағалайды.  Өзін-өзі  ұстауға  да  дағдыла-
нады. [2] 
Егер  осыған  дейін  сурет  салу,  құрастыру,  жабыстыру  іс-әрекеттері  басым  болса,  енді  оларда  еңбек 
әрекеттері, басқаларға керекті, пайдалы іспен айналысу, табиғатта  жұмыс істеу  талаптары басым болып, 
үлкендердің  ісіне  араласуды  ұнатады.  Олар  жеке  дара  тапсырмаларды  орындаудан  гөрі  тұрақты  түрде 
еңбек етуге ұмтылады. Бұл еңбек нәтижесі оларға қуаныш әкеледі. 
Олар  енді  біртіндеп,  ойын  әрекетінен  гөрі  оқу  әрекетіне  көше  бастайды.  Оқу  әрекетімен  айналысу 
барысында баланың өзі де өзгереді. Олар жаңа білім мен білікке ие болады. Оқу әрекетінідегі ең бастысы-
жаңа білім алу. 
Бұл кезде олардың ойындарында мазмұнды рөлді ойындар басым болады.  Олар алдына айқын мақсат 
қоя алады. Олар өздерін қоршаған ортаға қызыға қарап, білгісі келетін жайлары көбейеді. Олардың таным 
үдерісі, білгісі келуі «Бәрін білгім келеді!» деген пікірі күшейеді. 
Бірақ олардың бұл талабына соншама көп ақпарат ағымынан таңдап керегіне қарай ықшамдау тәрбие-
шінің  жұмысы  болуға  тиісті.  Баланың  білігісі  келген  талабы  мен  оның  бүкіл  ақпаратты  өңдеу  мүмкін-
дігінің төмендігінің арасында қайшылықтар туады. 
 Осы қайшылықтарды жеңілтуге, баланың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшелігіне лайықтай 
отырып, өзін қоршаған ортадан ғылыми ұғым беруге эксперименттік жұмыс  ұйымдастыру арқылы қол 
жеткізуге  болады.  Эксперимент  -  бұл  іс-тәжірибелік  тұрғыда  балаларға  нақты  дерктерді  көрсету,  оны 
ұғындыру,  түсіндіру.  Өздері  орындаған  іс-әрекеттері  нәтижесінде  баланың  қортынды  шығаруына 
мүмкіндік туғызу. [3] 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
284
 
 
Мектепалды  тобындағы  балалардың  әсіресе  сөзді  есте  сақтауы  басым  болады.  Олар  сөз  арқылы 
жеткізген  білімді  көрнекіліктен  кем  есте  тұтпайды.  Тәрбиешінің  берген  түсінігін  жақсы  есте  сақтайды. 
Енді біртіндеп оларда жүйелі ой туындайды. Сондықтан олар тек көрген заттарынан басқа да құбылыс-
тарды білгісі, олар туралы көргендерін жинақтағысы келеді. 
Балаларды  қоршаған  орта  бұл  -  табиғаттың  бүкіл  шындығын  көрсететін  нақты    дүние.  Оның  қай-
қайсысын алсаң да, нақты нәрсе ғана емес, ол ғылыми шындықты көрсететін  көрініс, құбылыс, заттар. 
Бірақ мұны ғылыми  негізде ересек жастағы балаларға түсіндіру  тек қана  олардың өз қолымен жасаған 
эксперименттері арқылы жүзеге асуға тиісті. Қоршаған ортадан беретін білімді тек сөзбен жеткізу жеткі-
ліксіз.  Сонымен  қатар  ғылыми  ұғым  әр  уақытта  шындықты,  нақтыны,  деректі  тануға  негізделеді.  Ал, 
ондай ұғым беру ол эксперименттік жұмысқа негізделуі керек. 
 Баларды күнделікті  қоршаған ортада  түрлі нысандар бар. Оның бастылары: өсімдіктер, жануарлар, 
табиғаттың күнделікті құбылысы.  
Біздің  эрамыз  жаңа  адамды  қалыптастыру  эрасы  болмақ.  Ал  жаңа  адамның  бүкіл  болмысы  өзін 
қоршаған ортаны жете түсініп, оның пайдалылыларын дамытып, зияндыларымен күресетін, экологиялық 
көзқарастағы жеке тұлға болуға тиісті.  
Жеке  тұлғаны  қалыптастырудың  негізі  мектепке  дейінгі  кезеңде  басталатыны  белгілі.  Балаларды 
қоршаған табиғи орта бір жағынан экологиялық тәрбие берудің құралы болса, екінші жағынан балалар-
дың экономдық-экологиялық білімдерінің көзі деп қарауымызға болады. 
Сондықтан да, мектеп алды дайындығының балаларына қоршаған ортадан білім беруді экспериментке 
негіздеп жүргізу жағына айырықша көңіл бөлінуге тиісті. 
Қазіргі  жағдайда  білім  беру  жүйесінің  дамуына  орай  балаларға  қоршаған  ортадан  білім  беру  жаңа 
технологияларды қолдануды керек етеді. Балаларды дамыту берілетін білімнің экспериментке құрылуына 
негізделеді.  
Мектепке дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктерін айта келіп белгілі ғалым М. Монтессори 
олардың  әртүрлі  заттармен  ойын  үстінде  онымен  түрлі  іс-әрекеттер  жасау  арқылы  өзін  адам  ретінде 
сезінетінін  айтқан болатын. Өз қолымен өзінің жасаған еңбегі негізінде ақылды адамға айналады деген 
болатын.  Балалар  өзінің  табиғатында  ерекше  зерттеушілер.  Олар  зерттеп  байқағандары  бойынша 
қуанышпен,  таңырқау  арқылы  өзін  қоршаған  ортаның  сырын  ашады.  Олар  үшін  көргендерінің  бәрі 
қызық. [4] 
Бұл кезең баланың моральдық негізінің қалануымен ерекшеленеді. Олардың  физикалық-психология-
лық мүмкіндіктері дами түседі. Өздерінің құрдастарымен және үлкендермен қарым-қатыстары да мазмұн-
дық жағынан күрделенеді. Олар өз ойын еркін жеткізетін сөздік қорға ие болады.  Ақыл-ой, адамгершілік, 
көңіл-күй,  еркі,  іс-әрекеттік  сияқты  жекебастық  сапалары  дамиды.  Еңбек  іс-әрекеттері  де  қалыптаса 
бастайды. Енді оларда ойын әрекетінен гөрі оқу әрекеті басым орын алады.Ойын кезінде олар тек ойын-
шықпен байланысты әрекет етіп қана қоймай, адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсете алады. Олар 
өз іс-әрекеттерін өзінің тәртібін, қабылдау мен зейінін басқара алады.  
Өзінің  «Менінің»  мазмұны  үлкен  өзгеріске  ұшырайды.  Олар  бір  нәрсені  зерттегісі,  ізденгісі  келеді. 
Балалар өз табиғатында зерттеуші. Әрбір затты сындырып, қиратып, ішін ашып, қайта құрып, оны суға 
салып т.б. әрекеттер арқылы шын мәніндегі  қасиетін білуге тырысатыны анық. 
Сондықтан  да  осы  кезеңде  балаларға  қоршаған  ортадан  берілетін  білім  эксперименттік  жұмыстар 
ұйымдастырылу арқылы жүзеге асуға тиісті.  
Тіпті кіші жастағы балалардың өзі бір затты білгісі келсе оны ұстап көріп, айналдырып қарап,  жалап, 
иіскеп байқайды. Осының өзі баланың зерттеушілігінің алғашқы көрінісі деп қарауға болады. Ал, ересек 
топтағы балалардың ойына неше түрлі сұрақтар оралады. Мәселен, оларды Су неге қатады? Бу қайдан 
пайда болады? - деген сұрақтар ойландырмай қоймайды. Бұл жаста  суды сұйық екенін, оның пайдасын 
білмейтін бала жоқ. Бірақ оның басты қасиеттерін олар тек эксперимент арқылы ғана талдай алады. Мәсе-
лен, судың қыздырғанда буға айналтыны; олай болса, өзен суларының буланатынын, будың ауаға тарай-
тынын;  жауын-шашынның  содан  пайда  болатынын  эксперимент  жүргізу  арқылы  ғана  ғылыми  негізде 
ұғындыруға болады. Сол сияқты судың таза күйінде кездеспейтінін, оның бойында ауа, тұздар барын да 
эксперимент нәтижесінде біледі. Мұндай құбылыстарды өздерінің іс-әрекеттерінің нәтижесінде түсінген 
бала енді оны ешқашан ұмытпайды. Сонымен қатар, ол білімін кез келген жағдайда қолдана алады. 
Эксперименттік  жұмыс  балалардың  қызығушылығын  арттырады.  Олардың  алдына  мақсат  қойып, 
соның шешімін өздері іздестіруіне жағдай жасайды. Кейде сабақ барысында эксперименттің нәтижесіне 
жете қоймауы да мүмкін. Мұндай жағдайда оның жалғасын үйден бос кездерінде жүргізуге тапсырады. 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
285 
Мектепке дейінгі тәрбиеде эксперимент жүргізудің алдына мына мақсаттар қойылады: 
• Өздерін қоршаған дүниенің көптүрлілігі мен олардың бір-бірімен байланысын түсіндіру. 
•  Түрлі  көрнекіліктер  мен  керекті  материалдармен  қамтамасыз  ете  отырып,  балалардың  өзіндік 
танымдық  тәжірибесін  дамыту. 
•  Балалардың  қайта  құрушылық,  ізденушілік  әрекеттеріне  негіздей  отырып,  іздемпаздық-танымдық 
әрекеттерін дамыту. 
• Балалардың  ынталылығын,  зеректігі мен зейінділігін, талаптылық, сыншылдық, дербестігін қолдау. 
Эксперимент ұйымдастырудағы негізгі мақсат - қоршаған орта заттарының біртұтастығымен, олардың  
қасиеттерін меңгерту. Қоршаған ортамен таныстыру балалардың сезімдік тәжірибелерінің: ұқыптылыққа, 
қоршаған  ортаны  көруге,  есітуге,  бақылауға,  ұстауға,  сипауға,  иіскеуге  сол  арқылы  олардың  нақты 
қасиеттерін  ашуға  үйрету.  Бұл  балалардың  сезіну,  қабылдау,  елестету  сияқты  сезімдік  қасиеттерін 
дамытады. [5] 
Балалар өз ойын еркін жеткізе алатын сөз қорына да ие болады. Эксперименттік жұмыс олардың іс-
әрекетінде өзіндік белсенділігін, іздемпаздығын, жауапкершілігін, ынталылығын, табандылығын, мақсат-
тылығын дамытады. 
Тәжірибе мен эксперимент жүргізу кезінде бала  затқа яғни нысанға  оның қасиетін білу үшін әрекет 
жасайды. Бұл баланың ізденушілігінің ерекше формасы. Осыған байланысты оның көрнекі - бейнелі ойы 
дамиды.  Эксперимент жасау барысында бала ол құбылысқа басшылық ете алады, сол арқылы ақыл-ой 
операциясы яғни салыстыру, топтау, ажырату, қорытындылау сияқты әрекеттер жасау үстінде ақыл-ойы 
дамиды. 
Сондықтан да педагог балалар  жүргізілетін эксперименттік жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуі керек.  
«Эксперимент» деген атау  - белгісіз нәрсені табу үшін іздену. Белгілі бір құбылыстың не заттың көзге 
бірден  түсе  қоймайтын  қасиетін  іздену  арқылы  табу.  Бұл  шындықты  меңгерудің  ерекше  формасы. 
Дүниені тануда эксперименттің құндылығын  атап айтпаған бірде-бір педагог не психолог болған емес. 
Өз кезінде Я.А. Каменский, Н.Н. Поддъяков,  К.Д. Ушинский, И.Г. Песталоцци, Ж.Ж. Руссоларда мұны 
атап көрсеткен болатын. 
Қазіргі  таңда  бастауыш  буында  және  мектепке  дейінгі  балаларды  қоршаған  ортамен  таныстыруда  
ғылыми  еңбектер  жазып,  оны  жүзеге  асырудың  жолын  көрсеткен  зерттеушілер  қатарында 
Қ.Аймағамбетова, К.Жүнісова, Ә.Бірмағамбетов т.б. Қазақстан әдіскерлерін айта аламыз. 
Эксперимент барысында балалар өздеріне тән қызығушылығын қанағаттандырады «Неліктен?  Неге? 
Қалай?  Егер бұлай болса, қайтеді?»,  деген сұрақтарына жауап таба отырып, өздерін зерттеуші, ғалым, 
жаңалық ашушы ретінде қабылдайды. Мектепке дейінгі балалардың эксперимент қоюының ерекшелігі –
олар  мақсат  қойып,  оның  шешімін  өздері  іздену  арқылы  нәтижеге  жетеді.  Өздерінің  іс-әрекеті 
нәтижесінде құбылыстар мен заттар туралы жаңа білім алады. [6] 
Балалардың  өзіндік  әрекетінің  нәтижесінде  ұйымдастырылған  эксперимент  оларға    жаратылыстану 
ғылымынан  моделдеуге,  салыстыруға,  нәтижесін    қорытындылауға    мүмкіндік  тудырады.  Сол  арқылы 
бұл құбылыстың адамға, өзіне пайда зиянын бағалайды. Баланың бойындағы басты қасиеттердің бірі өзін 
қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың сырын белгісі келетіндігі. Үнемі ізденіс үстінде болатын-
дығы. Сондықтан да оларда туындайтын сұрақтардың молдығы. 
Ал, осы эксперименті ұйымдастыруда педагогтің рөлі қандай болмақ? 
Педагог  экспериментті  жүргізудің  әдіс-тәсілдері  жайында  бағыт  беретіні  анық.  Сонымен  қатар,  ол 
балалардың  қызығушылығын  тудыратын  жағдаяттар  жасауға  тиісті.  Эксперименті  ұйымдастыруда 
педагог  мына  төмендегі мәселелерді естен шығармауға тиісті: 
 
Балалардың қатесін бетке баспай, олардың ізденушілігінің тиімді тұстарын атауға тырысу. 
 
Баланың ізденісіндегі  өзіне-өзінің сенімін нығайту. 
 
Эксперимент жүргізуде табандылыққа тәрбиелеу, істеген ісінің нәтижесіне жетуге бағыттау. 
 
 Эксперименттің нәтижесін қорыту үшін балаларға жетекші сұрақтар беріп, олардың өз жұмыстарын 
талдауына қойған мақсаттарын, жеткен нәтижесін өздерінің талдауына мүмкіндік жасау. 
 
Қортынды жасалып болған соң педагог  -  «Осы қорытындының дұрыстығын  қалай білеміз?» деген 
сұрақ арқылы балалардың өз ісіне  сенімділігін арттырады. 
Мектепалды балаларын эксперименттік жұмысқа  үйретудің тиімділігі - осы арқылы тәрбиенің барлық 
түрін  біріктіре  отырып  жүргізуге  мүмкіндік  туады.  Бұл  ең  алдымен  білімқұмарлыққа,  адамгершілікке, 
ұқыптылыққа, жауапкершілікке, экологиялық тұрғыдан  тәрбиеге мүмкіндік туғызады. [7] 
 
1.Аймағамбетова Қ.Мектепке дейінгі балаларды айналамен таныстыру. – Алматы.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
286
 
 
2. «Мир природы и ребенок» /Л.М. Маневцова, П.Г. Саморукова.  – Санкт-Петербург, 1998 г. 
3.  Куликовская  И.  Э.,Совгир  Н.  Н.Детское  экспериментирование.  Старший  дошкольный  возраст.  –  М.: 
Педагогическое общество России,2003. 
4.  Организация  экспериментальной  деятельности  дошкольников:  Методические  рекомендации  /Под  ред.                 
Л.Н. Прохоровой. – М.:АРКТИ, 2008. 
5.  Тугушева  Г.  П.,Чистякова  А.  Е.Экспериментальная  деятельность  детей  среднего  и  старшего  дошкольного 
возраста: Методическое пособие. – СПб.:ДЕТСТВО- ПРЕСС,2007. 
6.  Менщикова  Л.  Н.Экспериментальная  деятельность  детей  4-6  лет:  из  опыта  работы.—Волгоград: 
Учитель,2009. 
 
Резюме 
Садуакас А.С. – магистрант. КазГосЖенПУ 
 
Экспериментальным путем ознакомить детей дошкольного возраста с окружающей средой. 
В статье рассматриваются роль и значение эксперимента в изучении обновленного содержания знания, а также 
определения и аспекты, данные учеными. 
В научных статьях написано что дети дошкольного возраста адаптируя себя, быстро меняют  понятия о  природе. 
К  эксперименту  дано  ключевое  понятие.  В  дошкольном  образованииставится  твердые  цели  к  эксперименту: 
объяснить ребенку, развивать  практику, развитие познавательной активности, поддержать их независимость. Явно 
показен  дети  дошкольного  возраста    быстро  запоминает  слова.  В  обязанности  педагогов  входит  проведения 
эксперимента 
Ключевые слова: кружающая среда; эксперимент; практические действия; физиологические и психологические 
возможности; поведение деятельности; отношения; интеллектуальный вид; саморегулирование; самооценки. 
 
 
Summary 
Saduakas A.S. – graduate student. KazGosZhenPU 
 
Experimentally introduce preschoolers to the environment. 
The article discusses the role and importance of the experiment in the study of the updated content knowledge as well as 
definitions and aspects of data scientists. 
The  scientific  articles  written  that  preschool  children  adapt  ourselves  rapidly  changing  notions  of  nature.  For  the 
experiment given the key concept. In pre-school education is put solid goal for the experiment: explain to your child develop 
the  practice,  the  development  of  cognitive  activity,  to  maintain  their  independence.  Clearly  Showing  preschool  children 
quickly memorize words. It is the responsibility of teachers is part of the experiment 
  Tags:  swirling  Wednesday;  experiment;  practical  actions;  physiological  and  psychological  capabilities;  conduct 
operations; relations; smart appearance; self-regulation; self-esteem. 
 
 
  ӘОЖ 373.016: 811.512.122' 36 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН   
ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Текесбаева Г.М. 
– 
PhD докторант 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ. 
e-mail: 
guljantal@mail.ru 
 
Мақалада  сөз  тіркесін  меңгерту  барысында  орындалатын  жаттығу  жұмыстарының  оқушылардың  коммуника-
тивтік  құзыреттілігін  қалыптастырудағы  маңызы  туралы  айтылады.  Құзыреттілік,  коммуникативтік  құзыреттілік 
ұғымдарының мәні ашылады. Коммуникативтік құзыреттіліктің міндеттері айқындалады. Сөз тіркесін оқыту бары-
сында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда қатысымдық әдістің маңызы баяндалады. 
Теориялық материалдарды берік меңгерту жаттығу жұмыстарының тиімді де жүйелі құрылуымен байланыстылығы 
сөз  болады.  Жаттығуларды  орындау  негізінде  оқушылардың  ақыл-ой  әрекеттері,  ақыл-ой  қызметінің  белсенділігі 
қалыптасып, дамытылады. Жаттығулар – бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын көр-
сетеді.  Ол  әрекеттер  тілдік  және  ой  операциясының  күрделенуіне  байланысты  бірінен  соң  бірі  орындалады. 
Жаттығулар белгілі бір іс-әрекеттің негізін қалайтындықтан, оқушының білімді меңгеру үдерісінде маңызды орын 
алады. Жаттығуларды орындау барысында оқушылар үнемі ізденіс үстінде болып, алдына қойылған міндеттер мен 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
287 
мәселелерді  шешудің  өзіне  таныс  жолдарына  сүйене  отырып,  жаңа  жолдар  табуға  ұмтылыс  жасайды.  Қазақ  тілі 
сабағында орындалатын жұмыстар негізінде оқушылар синтаксисті, оның ішінде сөз тіркестерін игере отырып, оны 
сөйлеуде,  әр  түрлі  сөйлеу  жағдаяттарында  колдана  білуге  дағдыланады.  Мақалада  автор  әдіскер  ғалымдар  еңбек-
теріне сүйене отырып жаттығу жұмыстарын жіктейді. 
Тірек  сөздер:  сөз  тіркесі,  құзыреттілік,  коммуникативтік  құзыреттілік,  жаттығу,  ауызша,  жазбаша,  әдістеме, 
оқыту 
 
Қазіргі  таңдағы  білім  берудің  түпкі  нәтижесі  жай  ғана  білім,  білік,  дағды  қалыптастыру  емес, 
оқушылардың өміріндегі кездесетін түрлі жағдаяттарды дұрыс шеше білуін талап ететін құзыреттіліктер 
түрінде  қалыптастыру болып отыр.  
Құзыреттілік – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрініс табатын білім нәтижесі.  Құзыреттілік ұғымы 
«білім», «білік», «дағды» және «тәжірибе» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік -  оқушының алған 
білім,  білік,  дағдыларын  іс  жүзінде,  күнделікті  өмірде  қандай  да  бір  практикалық  немесе  теориялық 
мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.  
Коммуникативтік құзыреттілік – оқушылардың күнделікті өмірде қатысымдық міндеттерді тіл арқылы 
шеше білу қабілеті, қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл құралдарын пайдалана алуы. 
Коммуникативтік құзыреттіліктің міндеті: 
 Ауызша және жазбаша қарым-қатынасты меңгеру. 
 Сөйлеу дағдыларын меңгеру. 
 Жеке тұлғаның құзыреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру. 
Сөз  тіркесін  оқыту  барысында  оқушылардың  коммуникативтік  құзыреттіліктерін  қалыптастыруда 
қатысымдық әдістің маңызы зор.  
Сөз тіркесінің ерекшеліктерін анықтап, оны дұрыс тани біліп, сөз тіркесін ұқсас тілдік құбылыстардан 
ажыратып, оның басты қасиеттерін нақтылай түсу қазақ тілі оқыту үдерісінде жүргізілетін жұмыстардың 
түрлеріне, мазмұнына, тиімділігіне байланысты. Аталған тілдік құбылысты игерту оқушының логикалық 
ойлау қабілетін, олардың ауызша және жазбаша тілін дамытуда маңызды рөл атқарады. Қазақ тілі саба-
ғында орындалатын жұмыстар негізінде оқушылар синтаксисті, оның ішінде сөз тіркестерін игере оты-
рып,  оны  сөйлеуде,  әр  түрлі  сөйлеу  жағдаяттарында  колдана  білуге  дағдыланады.  Оқушы  жаттығу 
жұмыстарын  орындау  арқылы  синтаксистік  ұғымдар  мен  ережелерді,  олардың  тілде  дұрыс  қолдану 
ерекшеліктерін  меңгере  отырып,  коммуникативтік,  яғни  адамдардың  қарым-қатынас  тілінде  қолдануға 
машықтанады. Осы тұрғыда ғалым Ф.Ш. Оразбаева «Сөйлеу ерекшеліктерін меңгерген оқушы өз ойын 
ауызша  және  жазбаша  түрде  іске  асырады.  Бұл  -  тілді  қолданудың  тәжірбиелік  көрінісі.  Сол  себепті 
оқушы тілі адамдармен қарым-қатынас құралы ретінде үйренгені дұрыс» [1, 151],  - дейді. 
Сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда жаттығу жұ-
мыстарының алатын орны ерекше. Жалпы әдістеме ілімінде жаттығулар жүйесін жасау мәселесі – оқыту 
жүйесіндегі күрделі мәселелердің бірі. Оқулықтар мен оқу құралдарына талдау жұмыстарын зерделесек, 
ХХ ғасырдың 60-жылдарына дейінгі тілдік,  яғни, грамматикалық жаттығуларға көп мән беріліп, оқыту 
үдерісінде оның үлес салмағының басым болғанын байқаймыз. Бұны сөйлеу әрекеті грамматиканы игеру 
негізінде ғана жүзеге асады деген пікірдің басым болғанымен түсіндіруімізге болады. 
Жаттығу арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге асырылады. Жаттығу-
ларды орындау негізінде оқушылардың ақыл-ой әрекеттері, ақыл-ой қызметінің белсенділігі қалыптасып, 
дамытылады. Жаттығулар – белгілі бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын 
көрсетеді.  Ол  әрекеттер  тілдік  және  ой  операциясының  күрделенуіне  байланысты  бірінен  соң  екіншісі 
орындалады. Жаттығу оқушының белгілі бір қызметі мен іс-әрекетінің негізін қалайтындықтан білім мең-
геру үдерісінде маңызды орын алады. Жаттығулар жүйесі қазақ тілін оқыту барысында оқушының тео-
риялық білімін тиянақтап, ойлау қабілеті мен жазбаша және ауызша сөйлеу тілін дамытуға үлес қосады. 
Жаттығулар әдісінің негізгі қызметі – оқушының алған білімі мен іскерлегінің дағдыға айналуы және 
практикалық жағдайда орындай алуға мүмкіндік жасау. Жаттығу жұмысын жүргізу – әр пәннің міндетті 
бөлігі. Теориялық материалдарды берік меңгерту жаттығужұмыстарының тиімді де жүйелі құрылуымен 
байланысты.  Жаттығу  жұмыстары  жеңілден  басталып,  бірте-бірте  күрделене  түсіп,  оқушылардың  ізде-
німпаздық қабілеттерін арттыратын шығармашылық деңгейдегі жаттығуға дейін көтерілуі тиіс. 
Әдістемелік еңбектерде жаттығу жұмыстарын әртүрлі топтайды. Әдіскер ғалым Ә.Әбілқаев: «Жаттығу 
тілді оқыту процесінің қажетті құрамды бөлігі болып табылады. Жаттығуларсыз қазақ тілі сабағын өткізу 
мүмкін емес», - дей келе, қазақ тілін оқытумен байланысты жаттығуларды орындай түріне қарай ауызша, 
жазбаша,  қиындық  дәрежесіне  қарай  оңайдан  қиынға  қарай  деп  бөлінеді  де,  жаттығулардың  түрін 
көрсетеді [2,87]. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
288
 
 
Хасен Арғынов сөз тіркестерін меңгертуге байланысты төмендегідей жұмыстарды атап көрсетеді: 
-  берілген  сөйлемдердегі  сөз  тіркестерін  тапқызу,  олардың  бағыныңқы,  басыңқы  компоненттерін 
атату, қай сөз табынан болғанын дәлелдету; 
-  сөздер  беріледі,  солардан  сөз  тіркестерін  жасату,  олардың  қайсысы  есімді  сөз  тіркесі,  қайсысы 
етістік сөз тіркесі деп аталатынын айтқызу; 
-  есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы компоненттерінің қай сөз табынан жасалғанын сұрау; 
-  етістікті тіркестерінің бағыныңқы компоненттерінің  қайдай тұлғада, қай сөз табынан жасалғанын 
сұрау; 
-  өлеңді  сөйлемдердегі  сөз  тіркестерін  атау,  олардың  сөз  тіркесінің  қай  түрі  болып  тұрғанын  айт-
қызу және дәлелдету [3,54]. 
Профессор  С.Рахметова:  «Грамматикалық  жаттығулар  оқушылардың  қандай  тілдік  материалдармен 
жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді» 
[4,63], - дейді. 
З.Бейсембаева:  «Сабақтың  дидактикалық  мақсатына  қарай  жаттығулардың  түрі  де  (дайындық  жат-
тығу, байқау-сынау жаттығулары, машықтану жаттығулары, т.б), өткізу формасы да (ауызша,  жазбаша) 
әр түрлі» [5, 47], - дейді. 
Н.Құрманова  өз  еңбектерінде  жаттығуларды  аналитикалық  (теориялық  материалдарды  игеруде  оны 
дағдыға  айналдыру  мақсатында),  синтетикалық  (грамматикалық  ішкі  заңдылықтарын  тілде  қолдана 
білуге),  аналитика-синтетикалық  (стильді  ажырата  білу,  редакциялау,  шығармашылығын  арттыру 
мақсатында жаттығулар) деп бөлінеді [6, 76]. 
Грамматикалық  жаттығу  жұмысын  орындау  сипатына  қарай  ауызша  және  жазбаша  орындалатын 
жаттығулар деп екі топқа жіктеуге болады.  
Жалпы, әдістемелік еңбектерге сүйенсек, тілдік және сөйлеу жаттығуларының қазіргі кезде отыз шақ-
тысы белгілі. Олар түріне, тәсіліне, мақсатына қарай жіктеледі. Жаттығулар жүйесін төмендегідей жік-
теуімізге болады: 
  мақсатына  қарай:  тілдік, сөйлеу, рецептивтік,  репродуктивтік, аспектілік, кешенді оқу, жаттық-
тыру, табиғи коммуникативтік, бақылау жаттығулары; 
  орындалу тәсіліне қарай: ауызша, жазбаша, бір тілдік, екі тілдік, механикалық, шығармашылық, 
сыныптық, үйде орындайтын, индивидуалдық, жұптық және топтық  жаттығулар; 
  оқу материалы табиғатына қарай: диалогтік тілдегі, монологтік тілдегі жаттығулар; 
  сөйлеу әрекетінің түріне қарай: айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым 
  сөйлеу формасына қарай: ауызекі сөйлеу тілі, жазбаша тіл жаттығулары  
  тілдің аспектілеріне қарай: фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. 
Жаттығулар түрін схема түрінде былай көрсетуімізге бола 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет