«Мен»
Мегафакторлар
Макрофакторлар
Мезофакторлар
Микрофакторлар
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
277
1-сурет. Жасөспірім тұлғасына әсер етуші факторлар
Ата-ана өз баласының жеке қасиеттері мен іс-әрекеттерін қалыпты бағалауы және оның кемшіліктерін
уақытында ескеріп, түзетіп отыруы тиіс. Бұл балада қалыпты өзіндік бағалаудың қалыптасуына маңызды
алғышарттың бірі болып табылатын өзін түрлі жағынан: түрлі іс-әрекет аумағындағы өз мүмкіндіктері
тұрғысын, белгілі бір саладағы өзінің білімі мен біліктілігінің деңгейін, өзінің рухани және сырт кейіпін
дұрыс бағалауына көмектеседі.
ХХ ғасырдың 60-жылдары тәрбиенің түрлі стильдерін зерттеген К.С. Бергер оларды төрт белгісі
бойынша ажыратты, ара қашықтықты сақтау, ата-ана жылуының пайда болуы, эмоцияциялық қатынас
тәсілі және балаға артылған үміт. Осы шамаларға сәйкес ол ата-ананың баламен қарым-қатынас
жасауының 5 түрлі стилін ұсынды [9].
1-кесте. Aтa-aнa мен бaлa өзaрa қaрым-қaтынaсындaғы стиль түрлерi (К.С. Бергер)
Стиль түрлерi
Сипaттaмaсы
1. Демокрaтиялық
стиль
Мiндеттердi орындaудa құқықты тaптaмaу және тaлaптың себебiн түсiндiрумен
сипaттaлaды. Ол келесi түрде көрiнiс бередi. Aтa-aнa мен бaлa белгiлi бiр ережелердi
сaқтaуғa келiседi. Мiндеттер нaқтылaнып, келiсiм бұзылғaн жaғдaйдaғы «жaзa» түрi
aнықтaлaды. Мұндaй отбaсылaрдa қaрым-қaтынaс сенiм мен әр отбaсы мүшесiнiң
пiкiрiне құрметпен қaрaуғa негiзделедi. Бұл өзaрa қaрым-қaтынaс стилi күрделi, көп
төзiмдi тaлaп етедi. Aлaйдa осындaй қaрым-қaтынaс түрi болaшaқтa бaлaны aтa-
aнaдaн шеттетпейдi.
2. Aвторитaрлық стиль
Қaтaң қaдaғaлaу, тaлaптың себебiн aтa-aнa түсiндiрмейдi («мен солaй aйттым,
солaй болуы керек!»). Жaсөспiрiм мұндaй қaрым-қaтынaс түрiне жиi қaрсы шығaды.
Ол екi түрлi мiнез-құлқы aрқылы көрiнедi:
- Бaғынбaу және күресу (егер жaсөспiрiм күштi типке жaтсa). Бұл жaғдaйдa бaлa
өз дегенiн жaсaу үшiн түрлi әрекеттерге бaруы мүмкiн және бұл стилде бaлaның aтa-
aнaмен қaрым-қaтынaсының бұзылуы дa жиi кездеседi.
- Өз-өзiне деген сенiмсiздiк, өз беттiлiктiң болмaуы (егер бaлa әлсiз типке жaтсa);
Мұндaй отбaсындa, көбiнесе, инфaнтильдi бaлaлaр өседi.
3.Эмоцияның
жеткiлiксiздiгi
жaғдaйындaғы қaтaң
қaдaғaлaу
Кейбiр aтa-aнaлaр тәрбиедегi бaсты нәрсе – бaлaның үлгерiмi мен ортaмен
қaрым-қaтынaсын қaдaғaлaу деп сaнaйды. Осылaйшa, қaрым-қaтынaсты «Сaбaғын-
ды орындaдынбa? Жaрaйсың. Ендi мaғaн кедергi болмaй бiрдеңемен aйнaлыс» деген
әңгiме төңiрегiнде ғaнa шектейдi. Бaлa өзiн тaстaнды, керексiз сезiнедi. Жылудың
жеткiлiксiздiгi бaлaдa сенiмсiздiктi, шектен тыс қaтaлдықты дaмытaды. Aтa-aнa
мaхaббaтынa деген қaжеттiлiктi ол қaтaрлaстaрымен қaрым-қaтынaс жaсaу aрқылы
толықтырaды. Мәселенi «ұмыту» құрaлы ретiнде нaшaмен әуестене бaстaуы мүмкiн.
Көбiнесе, мұндaй бaлaлaр құқықбұзушылыққa бaрып, ұсaқ ұрлықтaр жaсaйды.
Солaй олaр бейсaнaлы түрде өзiне және өзiнiң мәселелерiне нaзaр aудaртуғa
тырысaды.
4.Күштi эмоционaлдық
қaтынaс жaғдaйындaғы
гиперқaмқорлық
Мұндaй aтa-aнaлaр бaлaның өзбеттi дaмуынa мүмкiндiк бермейдi. Олaр бaлa
үшiн ойлaп, ненi қaлaй жaсaу керектiгiн шешiп қояды. Бiрде бiр минутты қaлт
жiбермейдi. Кейiн мұндaй тәрбие стилiнде өскен бaлaдa қaрым-қaтынaс жaсaу
қиындығы туындaйды. Бaлa өсе келе бaлaдa инфaнтильдi мiнез қaлыптaсып,
«aнaсының» бaлaсы/қызы болып қaлa бередi.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
278
5.Aтa-aнaның жоғaры
үмiтi.
Мұндaй қaрым-қaтынaс стилiнде aтa-aнa бaлaғa үлкен тaлaптaр қояды, бaлaны
көптеген үйiрмелерге жaздырaды. Сол aрқылы бaлaны шектен тыс жaн-жaқты
дaмытуғa ұмтылaды. Aлaйдa, бaлaның өз қaлaуы ескерiлмейдi. Сонымен бiрге,
жaқсы оқу, үй шaруaсынa көмектесу сияқты тaлaптaрды дa ескерусiз қaлдырмaйды.
Бaлa aтa-aнaсының өмiрлiк жоспaрын «жүзеге aсырушығa» aйнaлaды. Бaлaның
жетiстiгiне мaқтaнып, жеңiлiсiне «Әдеттегiдей, осыны дa жaсaй aлмaдың. Мен
сендей кезiмде...» деп өз ерлiктерiмен бaлaның ұмтылысын сөндiредi. Тәрбиенiң
мұндaй түрiнде жaсөспiрiм бойындa үрей, қорқыныш қaлыптaсып, сәтсiздiктен
қорқу мен қaшу өмiрлiк мотивiне aйнaлaды.
Жоғaрыдa келтiрiлген aтa-aнaның мiнез-құлық стильдерiн aтa-aнaның қaрым-қaтынaс мәдениетi
тұрғысынaн қaрaстыруғa болaды.
Жасөспірімдік жастың басты ерекшеліктерінің бірі – маңызды тараптардың ауысуы мен ересектермен
өзара қарым-қатынастың қайта құрылуы болып табылады. Әлеуметтенудің жеке қаралған факторлары-
ның ішіндегі ең маңыздысы ата-ана, отбасы болды және солай болып қала береді. Әлеуметтік шарттар,
яғни әлеуметтік жағдай, шығу тегі, материалдық деңгей және ата-ананың білім деңгейі, белгілі бір шама-
да, баланың өмірлік жолын алдын ала анықтайды.
Ата-ана беретін саналы, мақсатты түрде беретін тәрбиеден бөлек балаға отбасы ішілік атмосфера әсер
етеді, оның үстіне бұл әсер жылдар бойы жинақталып, тұлғалық жүйеде өзінше түсініледі. Отбасышілік
атмосфераға отбасындағы барлық мүшелердің, әсіресе, ата-аналардың, қарым-қатынас мәдениеті үлкен
әсер етеді. Бұл әсердің сипаты болып, бірінші кезекте, қарым-қатынас мәдениетінің эмпатия, психология-
лық өткірлік, өзге адамдарды және өзін қалыпты қабылдай білу қабілеті, қоршаған ортаға деген шыдам-
дылық, сонымен қатар өзін, өзінің жай-күйін, ақыл-ойын басқара білу біліктілігі саналады.
Сонымен, тиімді ата-аналық қарым-қатынас ұстанымы үш негізгі талапқа жауап беруі тиіс:
- қалыптылық;
- икемділік;
- болжамдылық.
Ересек ұстанымының қалыптылығы шынайы негізде өз баласының ерекшеліктерін бағалауға, баладан
не күтетіндігіне бағытталуы тиіс; баланың мүмкіндіктері мен бейімділіктерін есепке алу – дамудың сәтті
болуының басты шарты; Ата-ана ұстанымының икемділігі қарым-қатынас стилін өзгертуге дайындық пен
қабілеттілігі, яғни балаға оның ересектену шамасы бойынша әсер ету тәсілі ретінде қарастырылады.
«Қатып қалған», бейқамдылық ұстанымдар қарым-қатынастағы кедергілерге алып келеді. Болжамдылық
ұстанымы баланың жақын даму аймағы мен ертенгі күннің міндеттеріне бағытталады.
Орыс педaгогы В.A. Сухомлинский aйтқaндaй: «Өз бaлaлaрыңызды сүйе отырып, олaрды сiздi де
сүюге үйретiңiз, үйретпесеңiз – қaртaйғaн шaғыңыздa көз жaсыңызды төгесiз» . Осыны есте сaқтaй
отырып ұрпaқты дұрыс тәрбиелеу бiздiң бaсты мiндетiмiз.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 27-бaп, 2-тaрмaғы // 1995 жылы 30 тамыз.
2. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Қазақстан Республика-
сының Президенті –Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы //. 2012 жылғы 14 желтоқсан.
3. Я.А.Коменский Избранные педагогические сочинения. /В 2-х томах под ред. Пискунова. – М.:
Педагогика,1982.
4. Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық жинағы. – Алматы: Жазушы,1995. – 355 б.
5. Көбеев Спандияр. Баланы семьяда тәрбиелеу. – Алматы:Мектеп, 1965. – 100 б.
6. Коул М., Скрибер С. Культура и мышление. – М.: Издательство "Прогресс", 2001. – 262 с.
7. Обозов H.H. Психологическая культура взаимных отношений. – М.: Знание, 1986. – 48 с.
8. Тұрдалиева Ш. Т. Қарым – қатынас психологиясы. – Алматы, 2013.
9. Berger K.S. The Developing Person throughout the Lifespan. 5-th ed. – New York, 2001.
Резюме
Шағырбаева М.Д. – к.п.н., исполнитель обязанности доцента
Кеңесова М.Ж. – мaгистрaнт, Казахский национальный университет имени аль-Фараби
Культура общения в семье как фактор формирования личности подростка
Статья посвящена исследованию влияния культуры отношения в семье на формирование характера подростка, а
также на процесс социализации ребенка к среде. Основой задачи педагогической и психологической поддержки
вопроса отношений родителя и ребенка, часто встречающихся на теории и практике, является развитие культуры
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
279
семейных отношений. Недостаточный уровень развития культуры отношения родителей приводят к трудностям в
формировании отношения с детьми, в особенности в подростковом возрасте.
В данной статье культуры отношения родителей рассматривается, как способ урегулирования семейных
отношений, и как фактор, определяющий его свойства. Были разобраны структурные компоненты культуры
отношений и стили культуры семейных отношений, раскрыт смысл понятия «Культура отношений». Данная работа
описывает основные особенности подросткового периода кризиса, кроме того, были описаны факторы, влияющие на
формирования личности подростка, как отдельного индивида. Изложены основные требования к культуре семейных
отношений и принципы эффективных родительских отношений с ребенком.
Ключевые слова: семья, культура отношения, стиль воспитания, детско-родительское отношения.
Summary
Shagyrbayeva M.D. – candidate of pedagogical sciences, performer of the duty of the associate professor
Kengessova M.Zh. –undergraduate, Kazakh National University named after al-Farabi
Culture of communication within the family as a factor in the formation of the adolescent’s personality
The article investigates the impact of cultural relations in the family on the formation of the character of a teenager, and on
the process of socialization of the child to the environment. Task-based teaching and psychological support to the issue of
parent and child relationships, often encountered on the theory and practice, is to develop a culture of family relations.
Underdevelopment cultural attitudes of parents lead to difficulties in forming relationships with children, especially during
adolescence.
In this article the culture of parents is seen as a way of settling family relations, and as a factor in determining its
properties. Were dismantled structural components of cultural relations and cultural styles of family relations, revealed the
meaning of the concept of "culture of relations." This paper describes the main features of the crisis of adolescence; moreover,
they described the factors affecting the formation of adolescent's personality as an individual. The basic requirements for the
culture of family relations and the principles of effective parental relationship with the child.
Key words: family, communication culture, parenting style, parent-child relationship.
ӘОЖ 373.3.016.026. 52(574)
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Шатырбаева Г.Ж.
–
оқытушы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
e-mail:
gulnar.shatyrbaeva@mail.ru
Мақалада бастауыш мектепте оқыту процесінде халықтық педагогика элементтерін қолдану арқылы бастауыш
сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту проблемасы қарастырылған. «Танымдық қызығушы-
лық» ұғымының мәні ашылған. Оқыту процесінде қолдануға мүмкін болатын халықтық педагогика элементтерінің
түрлері, оларды пайдаланудың маңызы баяндалған, әдістемелік ұсыныстар берілген.
Тірек сөздер: бастауыш мектеп, оқу процесі,халықтық педагогика элементтері, танымдық қызығушылық .
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі
биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің
қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз - жеке тұлғаны дамытып, білімге деген
сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Заманауи ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен
жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік, бәсекеге
қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық
ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағды-
ларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой
жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою болып саналады.
Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білімге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше
көрінісі.
Таным теориясы оқу әрекетіне тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты. Оқудың
міндеті - табиғат, қоғам және оқушының психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы
санасына ендіру. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
280
Мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең.
Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгерту, оларды шығармашылық
бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Ана тіліміздің, мемлекеттік мәртебе алып, оны
өркендету кезеңінде жас бүлдіршіндерді халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары арқылы оқытып-тәрбие-
леу өте тиімді жұмыс. Себебі жастайынан халықтық тәлім-тәрбие негізінде тәрбиеленген жеткіншек бола-
шақта өз халқын, өз жерін ардақтайтын адал да парасатты азамат болып өсетіні сөзсіз. Сондықтан да
мектепте балаларға білім беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерін басшылыққа алу басты талап бұл міндетті
шешудегі шаралардың қайнар бұлағы сарқылмас көзі – халықтық педагогика. Әл-Фараби «тәрбиесіз
білім – адамзаттың қас-жауы» болады деп ескерткен. Білім беру мен тәрбиелеу – біртұтас әрекет екендігі
дәлелденген ғұламалар соған байланысты өз шығармаларын да сол екі негізге байланысты құра білді
[1, 194 б.].
Қазіргі кезеңде оқушыларға әрбір пән бойынша берілетін білімнің тарихи жағы мейлінше тереңдетіліп,
сапасы және оларға қойылатын талаптар арта түседі. Бұл үшін мұғалімдер оқушылардын өз беттерімен
ізденуін; ойлау қабілеттерін, пәнге қызығушылығын тәрбиелеу жолында жұмыс істеулері қажет. Бұл
мақсатқа қол жеткізу үшін бастауыш мектеп мұғалімдеріне оқушыларға оқулықтағы материалды берумен
ғана шектелмей, қосымша әдебиеттер пайдаланып, оларға тарихи есептерді шығартуы, оқулықта жоқ
кейбір теориялық мәселелерді қарастыруы, сондай-ақ сабақтан тыс жұмыстарды (әр түрлі кештер,
викториналық сұрақтар, қызықты ойындар, олимпиада есептері т.б.) ұйымдастыруы қажет болады.
Оқыту процесінде этнопедагогика элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Өйткені бүгінгі мектеп
оқушылары ертеңгі өндіріс жаңашылдары, болашақ мамандар. Сондықтан оларға ғылым негіздерін игер-
тіп, әртүрлі құбылыстарды бақылауда дұрыс қорытынды жасап, қарапайым заңдылықтарды анықтай
білуді үйрету керек. Білімге, еңбек сүйгіштікке берілетін тапсырманы шығармашылықпен орындап, ынта-
сын өрістетуге, қабілетін дамытуға назар аудару пән мұғалімдеріне жүктелетін негізгі міндет. Бұл
міндетті жүзеге асыру үшін пән бойынша тарихи материалдарды қолданудың әдістемелік жүйесін жасап,
ол мектеп бағдарламасымен тығыз байланыстыру қажет болады.
Этнопедагогика элементтерімен жұмыс оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады.
Әр халықтың дәстүрі де әр түрлі. Оған себеп: сол халықтың ежелден келе жатқан тұрмысы, мен
тіршілік еткен географиялық ортасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, өмірге көз қарасы, шаруашы-
лық тіршілігі жіне т.б. Сондықтан да халық дәстүрінің қай-қайсысы болсын ортақ ой, ортақ өмірден туған
ортақ қазынаға жатады.
Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері көп салалы «Өнер алды қызыл тіл» деп, әуелі аталы сөзді құрмет-
теген. Мұнысы даналықты, ақыл-парасатты, тапқырлықты құрметтегені. Не бір асыл ой, ардақты сезім
тілмен айтылған.
Халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерін ұлы ағартушыларымыз Абай, Шоқан,
Ыбырай негіздеген. Педагогикада қайта жаңғырту, реформалау барысында «этнопедагогика», «халықтық
педагогика», «тәрбиенің ұлттық жайы» және т.б. ұғымдар қалыптасты.
Халық педагогикасы-ежелден халықпен бірге жасасып келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі.
Математика пәні жаратылыстану ғылымдарының негізі және математикасыз олардың бірде-біреуін
терең меңгеруге болмайды десек, математика пәніне берілген диалектикалық анықтамадағы «математика-
адамдардың табиғатпен және техникамен қарым-қатынас құралы»-на қабілетімізді бастан-ақ дамыту
міндеті қойылады.
ХХІ ғасырдың ұрпағы жаппай компьютерден сауатты, интернет, мобильді телефондар, смартфондар
мен айфондарды толығынан бала жасынан меңгерген. Бұл өз кезегінде балалардың терең ойлау, логика-
лық талдау мүмкіндіктеріне ықпал етері хақ. Демек, бастауыш сыныптарда математикалық білімді оқып-
үйренудің, игерудің қиындығын оқушыларға түсінікті, қызықты бейнелі түрде халық «тілінің» көмегімен
игерту қажеттілігі туындайды.
Мектеп оқушыларының математика пәніне қызығушылығын қалыптастыру үшін қазақ халық педа-
гогикасы идеяларын өз кезегінде тиімді қолданудың маңызы зор. Олардың түрлері:
- қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ертегі, аңыз әңгімелер;
- санамақ, жаңылтпаш, жұмбақтар;
- ұлттық ойындар;
- ауызша есептер;
- төрт түлік туралы жырлар, тақпақтар.
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
281
Қазақ педагогикасының математикалық астарларына үңілер болсақ, олар біресе жұмбақ, біресе өлең,
біресе ұйқас табу, ертегі, ойын, біресе мақалдап сөйлеу, біресе ертегі, біресе даналы ой түрінде беріледі.
Халық педагогикасының негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар,
халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, үйелмен тәжірибелері т.б. жатады. Демек, халық педа-
гогикасы – ғасырлар бойы өмір тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәрбиесіндегі дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптың, мәдени ой-пікірлердің жиынтығы [2, 316-322 б.].
Демек, оқушылардың өн бойында білім, білік, дағды әрекеттерін қалыптастыру негізінде саналы,
сапалы ұрпақ тәрбиелеу, оның бойындағы адами қасиеттер мен тұрақтылықты қалыптастыру – қазіргі
білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болады. Мысалы, мектеп оқушыларының белгілі бір
арнаулы пәнге, атап айтсақ математикаға қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыру бала тәрбиесінің
жауапкершілігі мен бала бойына руханилықты дарытудың негізі болып табылады.
Математика сабақтарында халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрлерінен,
шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, ұлттық табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерді тиімді
қамтып отыру, математикалық білімнің өзіне тән: ақыл алғырлығы, зерттеу ынталылығы, заңдылықтарды
табуға қызығушылығы, дәлелдеуді логикалық ой тұжырымы арқылы іске асыруы, дедуктивтік ой қоры-
тындылауы, жалпылама және ықшамды пікір айтуға ұмтылуы сияқты сапалы сипаттамаларының басым-
дылығына ықпал етуімен қатар дамытуға қозғаушы күш береді. Осы арқылы математикалық ілім-білімге
тән ынталылық, қызығушылық, логикалық ойлай білу, ықшамдылық, сапалылық қалыптасады.
Халық педагогикасының тарихында өткен ұрпақтың ғасырлар бойғы жинақталған терең рухани
тәжірибесінің үлкен маңызы бар. Ол мұраның ішіндегі ең үздіктерін қазіргі заманғы жас ұрпақтың
тәрбие ісіне, көзқарасының қалыптасуына, ойлау қабілетіне және мінез-құлқын қалыптастыруға пайда-
лануға болады.
Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік
ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік жасайды. Математика сабағында халық ойындарын қолданудың
түрлі жолдары бар.
Ұлттық ойынның қасиеттерін халық ерте танып, өмірлік мәні зор ойындардың алуан түрлерін ойлап
шығарған. Қазақ халқы – халық ойындарына өте бай және оның түрлері де алуан салалы болып келеді.
Солардың бір парасы логикалық ойлау мен математикалық сызбаларға негізделсе, енді бір тобы тез
ойлап, жедел шешуді талап ететін ауызша есептер, сондай-ақ философиялық ой түйіндерін жасауға
арналған ойындар болып келеді. Бұл ойындарды жүйелі, тиімді пайдалана білсе, жастардың ой-өрісін
дамытып, дүниені танып, білу қабілеттерін кеңейте берері сөзсіз.
Логикалық есептер – кеңірек ойлануды қажет етеді. Есептің жауабы бір немесе бірнеше болуы мүмкін.
Есептің бұл түрі мұғалімнен де, оқушыдан да аңғарымпаз болуды талап етеді. Логикалық есепті шешу
қатаң дәлелге сүйеніледі. Сондықтан мұнда қысқа есептей салу, көрнекілікпен астарластыру болуы
ықтимал. Мұндай есептер логикалық ойлауға, қиялдауға, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.
Математика сабағында шешілетін есептер мына бағытта болғаны жөн: математикадан бастауыш
сыныпта өтілетін, бірақ қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық есептер
астарласып келуі тиіс. Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына шақталып, оқушыны жасытпай,
қайта жігерлендіретін, математикалық инициативасын арттыратындай түсіндіруі жеңіл, тұжырымдалуы
қысқа болғаны жөн. Есеп зерделілікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байқампаздыққа,
есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болғыаны дұрыс. Сондай-ақ, есеп мазмұны нақты
өмірден алынған болуы тиіс.
Қызықты есептер өлең, әзіл, викторина түрінде де болуы мүмкін.
Ұлттық дәстүрдің аясын тарылтпай, оны оқу процесінде қолданудың жаңа әдістерімен толықтыра
отырып, жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі мұғалімнің міндеті болып саналады. Мұғалімдердің математика
сабақтарында жоғарыда келтірілген халықтық тәсілдерді қолданулары өз пәндеріне деген қызығушы-
лықты да арттырады, сабақтарын да қызғылықты өткізуге мүмкіндік алады, әрі бастауыш сынып оқушы-
ларына халықтық салт-дәстүрден мол мағлұмат береді. Мұндай сабақтардан кейін балаларда халықтық
педагогикаға деген қызығушылық туындап, өз бетінше де іздену жолдарына түсуге тырысады [3, 11 б.].
Қарастырылып отырған проблема бойынша ойымызды қорыта келе мынадай тұжырым жасағанды
жөн санадық:
1. Қазақ халқының ұлттық педагогика идеяларын мектеп мұғалімдерінің өз сабақтарында қолдануы
оқушылардың бойындағы пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
282
2. Бастауыш сынып оқушыларына қазақ халқының салт-дәстүрлерімен тереңірек танысуға мүмкіндік
жасайды.
3. Балалардың мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ түрлерінде берілген ойындарды жаттап алулары, өз
бойларындағы танымдық және логикалық қабілеттерін кеңейте түсулеріне ықпал етеді.
4. Бастауыш мектепте оқыту процесінде халықтық педагогика элементтерін пайдалану арқылы
оқушылардың танымдық қызығушылығы дамиды, яғни:
- халықтық педагогика элементтерін оқыту оқушыларды ұлтын, халқын, Отанын сүюге тәрбиелейді;
- халықтық педагогиканың құрамды бөліктері: қазақтың ұлттық ойындары, мақал-мәтелдері,
жұмбақтар, ертегі есептер, санамақтар және т.б. жас буынның ой-өрісін кеңейтеді;
- халықтық педагогика элементтерін оқыту оқушыларды ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау
дәрежесі биік, талғамы жоғары, ар-ожданы мол, еңбекқор етіп тәрбиелейді;
- мектепте оқыту процесінде халықтық педагогика элементтерін пайдалану әдептілік, сыпайылық,
қайрымдылық, еңбек сүйгіштік, ілтипаттыққа тәрбиелейді.
1. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1973.
2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Астана. 1998.
3. Нұғысова А., Алпысбаева Н.С. Студенттерді дидактикалық құралдар арқылы оқушылардың танымдық
қызығушылығын дамытуға даярлау: Оқу-әдістемелік құрал. – Талдықорған. І.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университеті, 2014. – 134 б.
Достарыңызбен бөлісу: |