Резюме
Кошкимбаева Р.Х.
–
Государственный университет имени Шакарима города Семей,
старший преподаватель кафедры педогогической психологии
Райымбек Л.
–
Южно-Казахстанский государственный педагогический институт,
преподаватель кафедры общей педагогики и психологии
Формирование коммуникативно-языковой компетентности детей дошкольного возраста через фольклор
В статье рассматриваются вопросы формирования коммуникативно-языковой компетентности детей
дошкольного возраста. Говорится об основных целях воспитательной работы в детском саду. Рассматриваются пути
развития коммуникативно-языковой компетентности детей дошкольного возраста. Отмечается коммуникационно –
языковой интерес детей дошкольного возраста, формирование его компетенций в социальной среде. Дается обзор
трудов ученых, на основе которых говорится в данной работе. Дана информация о понятиях «коммуникативные
компетенции», «компетентность», «компетенции», «интерес». Также дана полная информация о влияющих факторах
на развитие языка, интеллекта детей дошкольного возраста: сказки, стихи, загадки, пословицы, поговорки.
Ключевые слова:
дети дошкольного возраста, "компетентность", "компетенция", детский фольклор,
загадка,
пословицы и поговорки, сказки.
Summary
Koshkimbayeva R.H. – Shakarim state university of Semey, the Departament of Pedagogical psychology
Rayimbek L.
–
South Kazakhstan state pedagogical institute,
lecturer of the Department
Basic pedagogy and psychology
Formation of communicative and linguistic competence of children of preschool age through folklore
The article speaks of formation of linguistic-communicative competence of preschool children. Speaking about the main
purpose of the educational work in kindergarten. We consider the development of linguistic-communicative competence of
preschool children. There communicatively - linguistic interest of children of preschool age, the formation of its competences
in the social environment. A review of the works of scholars, on the basis set out in this paper. The information on the
concepts of «communicative competence», «competence», «competence», «interest». Also given complete information about
the influencing factors on the development of language and intelligence of preschool children: fairy tales, poems, riddles,
proverbs, sayings.
Key-words:
preschool children, "competence", "competence", a children's folklore, riddles, proverbs and
sayings , fairy
tales.
ӘОЖ: 371.321.4
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН КӘСІПКЕ БАУЛУДЫҢ
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ НЕГІЗІ
Ашикбаева Г.Д. – аға оқытушы, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, e-mail:gumi69@list.ru
Еркінбекова Қ.М. – бөлім меңгерушісі,
Мақтаарал гуманитарлық экономикалық және агробизнес колледжі, e-mail:karligach@list.ru
Мақалада жалпы білім беретін мектептегі жоғары сынып оқушыларын оқу-тәрбие жұмыстары барысында кәсіп-
ке баулу мен өндірістік еңбекпен байланыстыру керек екендігін және оларды еңбекке үйрету жолдарын зерттеуде
жасөспірімдерді өндірістік-бағдарлауға дайындау жолдарының өзгеруіне байланысты кезеңдермен ерекшеленетіні
қарастырылған.
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
267
Атап айтқанда мектеп бағдарламаларының тақырыптары оқушыларға түсінікті және іс-әрекетте қолайлы болу
мақсатында, оны практикалық сабақтармен байланыстыру ұсынылды және оларды еңбекке үйрету мақсатында
материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуімен, мектептердің өнеркәсіптік және ауылшаруашылық
кәсіпорындарға бекітілуімен жүзеге асырылатыны аталды.
Мұнда политехнизм принципі барлық нәрсеге оқыту емес, жалпы өндіріс негіздеріне оқыту деп түсіндірілді. Ол
арнайы пәндер түрінде, сонымен қатар, барлық пәндерді өндіріспен байланыстыра оқытуды бағдарлауда, бірыңғай
білім саясаты негізінде іске асырылды. Яғни еңбекке дайындау кешенінде жалпы білім жүзеге асырылды және одан
үлкен үміт күтілді. Атап айтқанда оқу шеберханалары құрылды және өнеркәсіптік өндіріс орындарымен байланыс-
тар нығайды. Сонымен бірге жоғары сынып оқушыларын пайдалы өндіріске қатысулары кеңейтілді және оларды
кәсіпкерлікке үйретілді, күшейтілді.
Жоғарыда аталған еңбекке оқыту мақсаттары қазіргі заманда педагогикалық маңыздылығын жоғалтпағандығын
тәжірибе көрсетеді және оларды оқу-тәрбие жұмысындағы жүйе ретінде қолдануға болатыны туралы ғалымдардың
еңбектеріненде көруге болады.
Атап айтқанда, жұмыс күшін мамандандыру дайындығын білім жүйесінің маңызды қызметтерінің бірі болып
табылды. Оқушыларды еңбекке дайындаудағы мақсатымыз – олардың материалдық өндіріс саласында практикалық
қызметке дайындығын қалыптастыру, жасөспірімдерді еңбек жолына, тәрбиелі болуына, белсенді жұмысшыны
еңбекқорлыққа бағдарлауды қамтамасыз етуге бағытталатыны нақтыланған.
Тірек сөздер: еңбекке оқыту, политехникалық білім беру, кәсіби бейімделу, политехнизм.
Жыл сайынғы Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның білім саласына
ерекше назар аударып келеді. Жаңа Жолдаудың жанымызғы жақын қуантатын жаңалығы бесінші бағы-
тында көрсетілген 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім»
бағдарламасы бойынша, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін жетілдіруге көңіл бөлінуі. Қазақстан-
ның одан әрі қарыштап дамуына техникалық және кәсіби білім сапасын арттыру үлкен үлес қосады.
Сонымен бірге «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағыт-
талған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-
тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу», – деп Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттері атап көрсетіледі [1]. Бұл міндеттерді іс жүзіне асыру мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне
байланысты. Оны жүзеге асыру педагогика ғылымының жүргізген зерттеу бағыттарының нәтижелеріне,
мектеп практикасына озық тәжірибелерді енгізуге қатысты.
Оқушыларды еңбекке үйрету жолдарын зерттеуде жасөспірімдерді өндірістік-бағдарлауға дайындау
жолдарының өзгеруіне байланысты төмендегі кезеңдермен ерекшеленеді.
Әлеуметтік-экономикалық үдерістерді тарихи-педагогикалық зерттеу ХІХ–ХХ ғасырлар кезеңінде
жергілікті өнеркәсіптік өндірістің қарқынды өсуі еңбек және кәсіптік мектептердің белсенді қалыптасуы
күрт өсе бастағанын көрсетеді. Педагогиканың өндірістік-бағдарлауының жүйелі дамуы алдыңғы қатар-
лы ғалымдардың әдістерді өңдеу салаларында және кәсіптік оқыту жүйелерінде жоғары нәтижелерге
жетуіне ықпал етеді.
Жастарды еңбекке баулу қай кезде де азаматтық тәрбиенің елеулі шарттарының бірі ретінде қарастыр-
ған. Сонымен қатар, XIX ғасырда орыс әдебиетінде еңбек мәселесін де көп қарастырылғаны белгілі.
Атап айтқанда, Ы.Алтынсариннің әңгімелері төменгі сынып оқу үдерісі арқылы іске асса, кейбір
сыныптарда тәрбие сағаты, сыныптан тыс оқу, конференцияларды, еңбек тәрбиесіне байланысты диспут-
тар т.б. басқа арқылы жүзеге асады. Яғни, педагогтың осындай прогрессивті идеялары мектептің оқу-
тәрбие жұмысы арқылы іске асып отыр.
Ы.Алтынсарин қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесін қалаған және ол қазақ халқының
экономикалық дамуына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән берді. Сонымен қатар қолөнер, ауыл-
шаруашылығы училищелерін ашуға күш жұмсады.
Сонымен бірге Ы.Алтынсариннің еңбек туралы пікірлері, идеялары қазіргі біздің экономикалық
жағдайға және қойылатын талаптармен сәйкес келеді.
Қоғамымыздағы өзгерістерге байланысты қазіргі пайда болған әлеуметтік жағдайларға еңбек етпеген
адам өмір сүре алмайды, қайыршылыққа, өлімге дейін барады. Яғни оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде
және оның шығармалары негізгі идеяларды қамтиды.
Ы.Алтынсарин адал еңбек етуді, қанағат қыла білуді адамгершілік қасиет деп санады. Оның «Біз
өзіміздің адал еңбегімізбен тіршілік етіп отырмыз дей алатын адам – шын бақытты адам» - дегені соның
нақты айғағы.
Ресей және Қазақ жерінде ХХ ғасырдың басында мектептерде еңбекке оқыту тенденциясы кеңейе
бастады. Онда қолданбалы даярлықтың, еңбекте өзін-өзі басқарудың, өндірістік еңбектің, техникалық
және ауылшаруашылық бағыттардағы үйірме жұмыстарының элементтері жүзеге асырылады. Тап осы
кезеңде теоретик және еңбек мектебінің тәжірибешісі С.Т. Шацкийдің «адам өзіндік зерделі және дене
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
268
еңбегіне белсенді қатысуы арқылы тәрбиеленеді» деп есептеген тәжірибесі шығармашылық жолдардың
басы болып табылады. С.Т. Шацкийдің пікірі бойынша, адам тәрбиесінің дамуы шығармашылық практи-
калық іс-әрекет негізінде орын алады. Өмірге дайындау және өзіндік өмір сүруге дамыту, оқушылардың
бекітілген пәндер тізімі бойынша емтихан тапсыруға бағытталған білім жүйесіндегі сәйкес құрамды оқу
жұмыстары ретінде анықталады [2].
Мектеп бағдарламаларының тақырыптары оқушыларға түсінікті және іс-әрекетте қолайлы болу
мақсатында, оны практикалық сабақтармен байланыстыру ұсынылды. Практикалық оқыту жүйесінде
С.Т. Шацкий оқушыны материалға және құралға берілген мақсатты орындау үдерісінде «лайықтау» деп
білді. С.Т. Шацкийдің басшылығымен 1906 жылы «Сетлемент» клубында балаларға слесарлық, ағаш
өңдеу, түптеу ісіне, сонымен қатар, тарих, химия, өнерді үйретті және «даусыз, әрбір оқушының
шығармашылығына жол беру» ұйымдастырылды.
С.Т. Шацкий және т.б. ғалымдардың бірлестігімен құрылған «Сергек өмір» колониясындағы жұмыста
практикалық оқыту және жастарды еңбекке тәрбиелеу қызметі 1911 жылы дами бастады. Педагогикалық
ұжым қызметі қамқорлыққа алынғандардың қызығушылықтарына сәйкес тәрбиеленушілердің шығарма-
шылық жасауға бағытталған болатын. Олардың жұмысында қоғамға пайдалы және өндірістік еңбектің оқу
бөлімдері, сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыс элементтері көрсетілген. Сонымен бірге С.Т. Шацкий-
дің пікірі бойынша еңбек адам мен табиғатты байланыстыратын буын болып табылады, сондықтан тек
еңбек мектебі гуманитарлық синтезді және табиғи-ғылыми білімді қамсыздандыруға қабілетті, яғни, ойлау-
ды дамытып қоймай, ерік, мінез-құлық, еңбек іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырады.
Оқыту және оқу әдістерінің жасалуы ресей орталық еңбек институтында зерттеу нәтижесінде дамы-
туға ХХ ғасырда қолдау тапты. Оның қызметкерлерінің ұйымдастыруымен еңбекті қабылдаудың ұсақ
элементтерін игеру негізінде, қызметкерлерді тез арада дайындау және оларды күрделі қызметке қатыс-
тыруға өндірістік оқыту жүйесі жасалынды. Орталық еңбек институтының жүйесі моторлы–жаттығу деп
аталды және өнеркәсіптік өндірістің дамуының төмендегі ескерілмей, мамандардың төмен дәрежедегі
дайындықтарына сын айтылды.
Политехникалық білім беру идеялары марксизм-ленинизм классиктерімен тұлғаны дамыту негізі сол
кезеңдегі заманауи экономика талаптарымен жән еңбек заңының өзгерістеріне сәйкес дәлелденген.
Мұнда политехнизм принципі барлық нәрсеге оқыту емес, жалпы өндіріс негіздеріне оқыту деп түсінді-
рілді. Ол арнайы пәндер түрінде, сонымен қатар, барлық пәндерді өндіріспен байланыстыра оқытуды
бағдарлауда, бірыңғай білім саясаты негізінде іске асырылды.
Ал С.М. Шапаловтың пікірі бойынша оқытуда политехникалық принципті ерекше іске асыру ғылыми
негізінің өндірістік тәжірибемен біріктірілуі және оқу үдерісін құрайтын теориялық, практикалық бірлікті
қамтуы болып табылады.
Сонымен қатар оқушыларды еңбекке үйрету материалдық-техникалық базаның қамтамасыз етілуімен
және мектептердің өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарға бекітілуімен жүзеге асырылады.
Уақыт өте мектептің оқу-тәрбие жұмысын өндірістік еңбекке ұштастыру ғана емес, сонымен қатар,
тұлғаны өндірістік және еңбек іс-әрекетін теориялық оқыту негізін мақсат етуге әрекет жасалды. Жалпы
білім еңбекке дайындау кешенінде жүзеге асырылды және одан үлкен үміт күтілді. Жоғары сынып
оқушыларын еңбекке дайындау жағдайларын дамыту мақсатында шешімдер қабылданды және 1927
жылдан бастап еңбекке оқыту оқу пәні ретінде қарастырылды. Сонымен бірге индустриаландыру және
ұжымдастыру кезеңі мектеп оқушыларының саяси-техникалық дайындықтарын нығайтуда, өндіріспен
жақындастыруды қажет етті және мектептің оқу жоспарына өндіріс негіздері қосылды. Атап айтқанда оқу
шеберханалары құрылды және өнеркәсіптік өндіріс орындарымен байланыстар нығайды. Яғни оқушы-
лардың қоғамдық пайдалы өндірісте қатысулары кеңейтілді, жоғары сынып оқушыларын кәсіпкерлікке
үйретілді және күшейтілді.
Политехникалық оқытудың теориялық негізін жасау жұмыстарымен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында
атақты ғалымдар мен ұстаздар П.П. Блонский, С.М. Шабалов, С.Т. Шацкий және т.б. айналысты.
Бұл уақытта еңбекке оқытудың педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік-экономикалық негіздерін,
кәсіпке бағдарлауды, оқытуды өндірістік еңбекпен ұштастыруды П.П. Блонский, А.П. Болтунов,
П.Н. Груздев, С.Г. Геллерштейн, В.И. Шульгин және т.б. ғалымдар үлкен теориялық жұмыстар атқарды.
Мұнда оқушылардың әлеуметтік маңызды еңбек іс-әрекеттері мен нақты өндірістік мамандық алуға
бейімделуі, өндіріс орындарымен таныстырудан бастап, оқушылардың еңбек дағдыларын үйрену қажетті-
лігіне дейін политехникалық білім мақсаттары кеңейтіледі. Жоғарыда аталған еңбекке оқыту мақсаттары
қазіргі заманда педагогикалық маңыздылығын жоғалтпағандығын тәжірибе көрсетеді. Оларды
К.А. Ивановичтің оқу-тәрбие жұмысындағы жүйе арқылы келісу әрекеттерінің қажеттілігі, жалпы білім
беретін пәндерді қосқанда еңбекке оқыту, қоғамдық пайдалы еңбек, сыныптан тыс және мектептен тыс
жұмыс ережелері толықтырады [3].
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
269
Атап айтқанда еңбекке үйретуді ұйымдастыру түрлері, оның кәсіптік бағдар беруді мектептің өндіріс
орындарымен байланысуы үйлестірілді. Жасөспірімдер мекемелерінде жас техниктер және жас натуралис-
тер станцияларында, сыныптан тыс жұмыстардың жаңа түрлері жүргізілді.
Политехникалық білім беру бағыттарына көңіл бөлген Н.К. Крупская еңбек мектебінің құрылуына жан-
жақты үлес қосты. Әлеуметтік-техникалық үдеріс М.И. Скаткиннің, П.И. Ставскийдің, В.Г. Зубовтың және
т.б. ғалымдардың жұмыстарында оқушыны обьект тұрғыда емес, сонымен қатар, еңбекке оқыту субъектісі
ретінде дамыта білді. Бұл көзқарастар оқу үдерісіне қатысушылардың әрекеттерін құрайтын және оқу
үдерісінің тұжырымдық жүйе негіздеріндегі өзгерістерін байқаулары жаңа талаптармен сәйкес болды.
Еңбекке баулу пәні орта мектептің оқу жоспары тізімінен 1936-1937 жылдары алынды. Сол кезде
оқушылардың академиялық дайындықтарына кәсіпке оқыту және жастарды қазіргі заман талаптарына
сай дайындау үшін сұраныстар күшейді.
Сонымен жалпы білім жүйесінен еңбекке дайындау пәнін алып тастау, жас жеткіншіктердің дамуына
және тәрбиеленуіне, гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімнің байланысуына, қоғамның
әлеуметтік-экономикасын дамытуды қамтамасыз етуге кері әсерін тигізді. Одан кейін жалпы білім беретін
мектеп бітірушілерін практикалық іс-әрекетке дайындауды жақсарту мәселелерін шешуге зейін аударған.
Сайып келгенде, жұмыс күшін мамандандыру дайындығын білім жүйесінің маңызды қызметтерінің
бірі болып табылды. Оқушыларды еңбекке дайындау мақсаты – олардың материалдық өндіріс саласында
практикалық қызметке дайындығын қалыптастыру, жасөспірімдерді еңбек жолына, тәрбиелі болуына,
белсенді жұмысшыны еңбекқорлыққа бағдарлауды қамтамасыз етуге бағытталады.
Оқушыларды еңбекке дайындау барысында қазіргі қоғам үдерісінің тұжырымдамасын жасауды және
еңбекке үйретудің баламалы жүйесін құруды, жалпы және арнайы оқытудың мәселерінің нақты ұқсас
нәтижесі жалпы білім беру мәртебесін сақтайды.
Яғни мектептегі еңбекке дайындау мақсатының орындалуы жалпы білімді дамыту тәжірибесін,
материалдық қаржының, кадрлық сәйкестігіне байланысты.
Жалпы білім беру саласындағы басқарушылардан бастап, олардың қоғамдық үдерістерге сәйкес кел-
мейтін мақсаттарын толық жоққа шығу деңгейлеріне байланысты оқушыларды еңбеке дайындау қажет.
Сонымен қатар, жалпы білімнің барлық жүйесінің дамуы келер ұрпақты еңбекке оқытудың сәйкес
жүйесінің мақсаттарының шешілуімен байланысты.
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007. – 27 шілде.
2. Шацкий С.Т. Педагогические сочинения: В 2 т. – М.: Педагогика, 1980. Т.2. – 30 ст.
3. Ушинский К.Д. Педагогика. –М.: 1988–1990. Т 2.
Резюме
Ашикбаева Г.Д. – старший преподаватель, МКТУ им. К.А.Ясави
Еркинбекова К.М. – заведующей отдела, Мактааральский гуманитарно-экономический и агробизнес колледж
Основы технологической подготовки старшеклассников к профессиональному труду
В данной статье рассматривается вопрос о приручении старшеклассников к профессиональному труду и
соответствия содержания учебно-воспитательного процесса с будущей производственной деятельностью учащихся,
и найти эффективные пути продуктивного направления подготовки.
В частности с целью обеспечения ясности школьной программы и для упрощения в применении теоретических
знаний предложены пути связывания с практическими занятиями, также для эффективного результата учитывается
важность обеспечения учебного процесса с материально-технической базой, затем оценивается возможность
прикрепления практики школьной программы к работам в производственных и хозяйственных предприятиях.
Приведен анализ принципа политехнизма, и оно было определено как направление обучения на основе
производства. Описана возможность его реализации путем создания специальной комплексной образовательной
политики, охватывающий процесс обучения всех специализированных предметов в соответствий с практическими
работами на производственных объектах. В свою очередь учтены всякие нюансы и возможности в подготови-
тельном процессе будущих специалистов. Приведены результаты создания учебных мастерских объектов на основе
реального производственных деятельностей. В ходе данного исследования возросла активность учащихся в
производственной деятельности и повышения уровня их квалифицированности в определенной сфере, что
подтверждает эффективность предлагаемой методики.
На основе анализа трудов ученых о трудовой деятельности будущих специалистов, установлено что рассматри-
ваемый процесс подготовки остается актуальным и на сегодняшний день, и на основе обзора выявлены возможности
системного применения специальных технологий трудовой деятельности для профессионального развития навыков
учащихся. Выделяются и описываются характерные особенности специализаций старшеклассников в современном
мире.
Статья раскрывает содержание необходимости приручения учащихся к трудовой деятельности, и показаны этапы
достижения поставленной цели данного исследования. Сначала нужно систематизировать процесс подготовки в
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
270
производственной сфере, дать шанс подросткам совершенствоваться и развивать их профессиональных навыков в
определенной деятельности, приучить молодых к труду и уважать труд других, при этом показывая перспективы
профессионального роста, который станет залогом их духовного развития и материального обеспечения.
Ключевые слова: приручить к труду, политехническое обучение, профессиональное приспособление,
политехнизм.
Summary
Ashikbaeva G.D. – senior lecturer, KH.A.Yassawi international kazakh-turkish University
Erkinbekova K.M. – lecturer, Maktaaral humanitarian-economic and agro-business college
Fundamentals of technological preparation of high school students to professional work
This article discusses the question of accustom high school students to professional work and conformity of the content of
the educational process to the future operations of students, and to find effective ways of productive areas of training.
In particular to ensure that the curriculum of clarity and simplification in the application of theoretical knowledge of the
ways of linking with practical exercises, and for effective result is taken into account the importance of the educational
process with the material and technical base, and then assessed the ability to attach the curriculum of practice to work in the
industrial and commercial enterprises.
The analysis of the principle of polytechnical, and it was defined as a field of study on the basis of production. Described
the possibility of its implementation through the creation of a special comprehensive education policy, which covering the
process of learning all specialized subjects in accordance with the practical work on production facilities. In turn, takes into
account all sorts of nuances and possibilities in the preparatory process of future specialists. The results educational
workshops based on real objects of industrial activity. In this study, increased activity of pupils in productive activities and
increase their level of qualification in a particular field, which confirms the effectiveness of the proposed method.
Based on the analysis of works of scientists about the work of future professionals, was found that the process in training
remains relevant today, and based on a review of the system revealed the possibility of the use of special employment of
technologies for professional development of student’s professional skills. Are allocated and described characteristics of
senior majors in the modern world.
The article reveals the contents of the need of taming the students to work, and shows the steps to achieve the goal of this
study. First, you need to systematize the process of training in the industrial sector, give a chance to young people to improve
and develop their skills in a particular activity, to teach the young to work and respect the work of others, thus showing the
professional growth prospects, which will ensure their spiritual development and material security.
Достарыңызбен бөлісу: |