Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы


жаттығулар  орындалу тәсіліне



Pdf көрінісі
бет47/52
Дата15.03.2017
өлшемі8,32 Mb.
#9314
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52

жаттығулар 
орындалу тәсіліне 
қарай 
мақсатына  қарай 
ауызша,  жазбаша,  бір  тілдік, 
екі 
тілдік, 
механикалық, 
шығарма-шылық, 
сыныптық, 
үйде 
орын-дайтын, 
жеке, 
жұптық 
және 
топтық  
жаттығулар 
 
тілдік, сөйлеу, рецептивтік, 
репродуктивтік, аспектілік, 
кешенді оқу, жаттықтыру, 
табиғи коммуникативтік, 
бақылау жаттығулары 
 
оқу материалы 
табиғатына қарай 
диалогтік тілдегі, 
монологтік тілдегі 
жаттығулар 
 
сөйлеу әрекетінің 
түріне қарай 
 
айтылым, тыңдалым, 
оқылым, жазылым 
 
сөйлеу формасына қарай 
тілдің аспектілеріне қарай 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
289 
Біз  ғалымдар  пікірін  ескере  отырып,  жаттығулардың  ішкі  мақсаты  мен  мазмұнына  қарай  ішінара 
талдау сипаты басым–аналитикалық  жаттығулар  және жинақтау, біріктіру сипаты басым – синтети-
калық  жаттығулар,  сөз  тіркестерінен  сөйлем  құрау,  оны  мәтінде  пайдалана  білу,  мәтіндегі  ойды  біл-
діруге  тірек  болып  тұрған  сөз  тіркестерін  таба  білуге  бағытталатын  –  шығармашылықсипаттағы 
жаттығулар деп бөліп қарастырдық. 
Аналитикалық жаттығуларды орындаудың негізгі мақсаты – оқушының аналитикалық ойлау қабі-
летін дамыту, тілдің грамматикалық құбылыстарын анықтау, грамматикалық талдау жасату. Аналитика-
лық жаттығулар сөйлем ішіндегі сөз тіркестерін таба білу, сөз тіркестерін салыстыру, сыңарларына сұрақ 
қою,  басыңқы,  бағыныңқы  сыңарларын  табу,  олардың  морфологиялық  белгілерін  анықтау  мақсатында 
жүргізіледі.  Бұл  жаттығулар  сөз  тіркестерінің  негізгі  ерекшеліктерін  тани  білуге  дағдыландырады. 
Жаттығулар бірте-бірте күрделене түседі. 
Синтетикалық  жаттығулардың  аналитикалық  жаттығулардан  мазмұны,  орындау  шамасы  күрде-
лірек.  Мұнда  орындалатын  жаттығулар,  негізінде,  сөз  тіркестерін  құрау,  бір-бірімен  салыстыру,  ұқсас 
тілдік тұлғалардан ажырату бағытын көздейді. Синтетикалық жаттығулардың мақсаты – сөз тіркесіне тән 
басты қасиеттерді үйрету, осы қасиеттер арқылы оларды өзіне ұқсас тұлғалардан ажырата білуге дағда-
ландыру, оқушылардың логикалық қабілетін дамыту. Кез келген тіркестің сөз тіркесі бола алмайтынын 
саналы түрде меңгертуді көздейді. 
Шығармашылық  сипаттағы  жаттығулар  негізінен  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін 
дамытуға  бағытталады.  Мұндағы  жаттығулардағы  тапсырмалар  белгілі  тұлғада  тұрған  сөз  тіркестерін 
құрау, сөз тіркестерінің сөйлем, мәтін құрауда алатын орнын көрсетуге арналады. Шығармашылық сипат-
тағы  жаттығулардың  мақсаты  –  оқушының  логикалық  ойлауын  арттырып,  шығармашылық  қабілетін 
дамыту,  кез  келген  толық  мағыналы  сөздер  сөз  тіркесі  бола  алмайтынын  дәлелдеп  көрсету,  сөз  тіркесі 
болу  үшін  мағыналық  тіркесімділік  болуы  шарт  екендігіне  көздерін  жеткізу,  тұрақты  тіркестердің  сөз 
тіркесі бола алмайтындығын мысалдар арқылы үйрету, сөйлем кұрату арқылы коммуникативтік құзырет-
тіліктерін дамыту. 
Сөз  тіркесін  оқыту  барысында  оқушылардың  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  жат-
тығу жұмыстарының да орны ерекше. Жаттығу жұмыстары арқылы сөз тіркесінің ерекшеліктерін анық-
тап, оларды ұқсас тілдік құбылыстардан ажыратып, басты қасиеттерін нақтылай түсеміз. 
 
 
1.  Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатысым: теориясы мен әдістемесі. – Алматы, 1999. 
2.  Әбілқаев Ә.  Қазақ тілін оқыту   әдістемесі.  – Алматы,1998 ж. 
3.  Арғынов Х. Жай сөйлем синтаксисін оқытудың методикасы. – Алматы, 1987.  
4.  Рахметова  С.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  тілін  дамытудың  ғылыми  әдістемелік  негіздері  (Ауызшы 
және жазбаша тіл амыту әдістемесі): п.ғ.д. автореф. – Алматы, 1994.  
5.  Бейсембаева З.Қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесін модульдік  технология негізінде оқыту. – Алматы, 2006 
6.  Құрманова  Н.  Қазақ  мектептерінде  сөз  тіркесі  синтаксисін  дамыта  оқыту  технологиясының  ғылыми-
әдістемелік негіздері: п.ғ.д. .. автореф. – Алматы, 2004 
 
 
Резюме 
Текесбаева Г.М. – докторант Казахского национального педагогического университета имени Абая, г.Алматы 
 
Формирование коммуникативной компетенции учащихся на основе упражнений 
 
В статье говорится о роли упраженений в формировании коммуникативной компетенции учащихся в изучении 
словосочетаний. Дается определение понятиям «компетентность», «коммуникативная компетентность». Выявляются 
задачи  коммуникативной  компетентности.  А  также  говорится  о  значении  коммуникативного  метода  в  формиро-
вании коммуникативной компетенции учащихся при изучении словосочетаний. 
Прочное  освоение  теоретических  материалов  зависит  от  правильного,  эффективного  и  системного  построения 
упражнений. На основе выполнения упражнений формируются и развиваютсямыслительная деятельность учащихся. 
Упражнения –  целенаправленная совокупность взаимосвязанных действий. Эти действия выполняются последова-
тельно, в зависимости от сложности языковой и мыслительной операций. Так как упражнения закладывают основу 
определенной деятельности они занимают существенную роль в учебном процессе. При выполнении упражнений 
учащиеся находятся в постоянном поисковой деятельности, устанавляют причинно-следственные связи.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
290
 
 
На основе упражнений, выполняемых на уроках казахского языка изучая синтаксис, в том числе словосочения 
учащиеся учатся использовать их в своей речи и разных речевых ситуациях.  
В статье автор классифицирует упражнения основываясь на различные труды ученых. 
Ключевые  слова:  словосочетание,  компетентность,  коммуникативная  компетенция,  упражение,  устно, 
письмено, методика, обучение 
 
 
Summary 
Tekesbayeva G.M.  Kazakh national pedagogical university named after Abai, Almaty 
 
Formation of pupils communicative competence on the basis of the exercises 
During  the development of the phrase  in the article  focuses on the  formation  communicative competence of exercises 
students'. Communicative competence will be the concepts of value. It determined by the objectives of the communicative 
competence. The formation of the communicative competence of students in teaching communicative phrasing sets out the 
importance of the method. Development of a strong theoretical material will be dependent on the establishment of an effective 
system  of  exercise.  Actions  of  the  students  on  the  basis  of  mental  exercise,  mental  activity  were  formed  and  developed. 
Exercises aimed at the same goal, the integrity of the related actions. The idea of the language and the actions carried out one 
after the other depending on the complexity of the operation. Desire of the exercise of certain activities, students will be able 
to  play  an  important  role  in  the  process  of  acquisition  of  knowledge.  During  the  exercise,  students  are  constantly  on  the 
search, tasks and familiar with the ways of solving the problems based on a desire to find new ways. Kazakh language lesson, 
the students on the basis of the work performed by the syntax, including the phrases spoken with the development of various 
skills of speech watch status. In the article, the author classifies the methods of training, based on the work of scientists. 
Keywords: word combination, competence, communicative competence, exercise, oral, written, method, teaching. 
 
 
ӘОЖ: 378.1.147 
 
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ 
 
Габдуллин Р.С. 
– 
PhD докторант, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 
e-mail: 
Rustem_GS_79@mail.ru
 
Кожабаев К.Г. 

 п.ғ.д., профессор, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 
e-mail: 
Labdid_2008@mail.ru
 
 
Бұл  мақала  математикалық  есептер  арқылы  оқушыларды  тәрбиелеу  мәселесін  зерттеуге  арналған.  Көпшілігін 
оқушыларды тәрбиелеу құралы ретінде қолдануға болады. Тек осы математикалық есептерді оқушының өзі оқығысы 
және есептеп шығару ынтасының болуына ықпал жасау керек.  Есепті шығару үрдісі барысында қиыншылықты өз 
бетінше  шешу,  өзіне  сыни  тұрғыдан  ойлау  және  т.б.  ғана  қалыптастырылмайды,  сонымен  қатар  тәрбиелік  әлеует 
есептің  желісінде  жатыр.  Авторлардың  ұсынып  отырған  әдіснамасы  есепті  шығару  үрдісі  барысында  қойылған 
тәрбиелік мақсатты шешуге мүмкіндік береді. 
Тірек  сөздер:  оқыту,  тәрбиелеу,  есептің  желісі  (фабуласы),  мектеп  математикалық  есептерінің  тәрбиелік 
мүмкіндіктері 
 
Оқушыларды тәрбиелеудің тиімді құралдарының бірі математикалық есептерді шығару болып табыла-
ды. Математикалық есептер өмірді жан-жағынан суреттейді, көптеген пайдалы ақпарат әкеледі, сондық-
тан ол есептерді шешу өскелең ұрпақты тәрбиелеудің маңызды буыны болып табылады. 
Дұрыс  таңдалған  және  әдістемелік  тұрғыдан  дұрыс  орналастырылған  есептер  оқушыға  теориялық 
материалды игеруге көмектеседі, математика курсын қызықты, жаңа білім алуға және оны өз бетінше алу 
дағдысын қалыптастырады. Бірақ тікелей әсер етуден басқа есептің мазмұнында жасырын «мәтіннен тыс» 
әсер ету бар. 
Есепті  шығармас  бұрын  оқушы  алдымен  есептің  формулировкасымен  танысу  керек,  есепті  шығару 
оның қызметінен тыс қалады. Сондықтан есептің мазмұнына қызығушылық таныту өте маңызды. Есеп 
мәтінінің оқушының ойына ғана емес, оның эмоциясына, қоғам алдында тұрған өзекті мәселені шешуге 
деген  қызығушылығын  танытуы  керек.  Сонымен  қатар  есеп  мазмұнының  тәрбиелі  әсер  етуі  тек  есеп 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
291 
шарты арқылы ғана емес, «мәтіннен тыс қыры» мәні арқылы жүзеге асырылады. Есептің «мәтіннен тыс» 
тәрбиенің маңызды бағыттары мен мынадай қасиеттерінің дамуына ықпал етеді: қоғам алдындағы жауап-
кершілік;  әлеуметтік  белсенділік;  азаматтылық,  отансүйгіштік,  еңбексүйгіштік,  өмірге,  оқуға  деген 
шығармашылықты  тәрбиелеуде  көрінетін  адамгершілік  құндылық;  салауатты  өмір  сүруге  қатысты 
құндылықтардың  қалыптастырылуы,  қоршаған  орта,  табиғатқа  деген  құндылықтар.  Яғни  кез  келген 
ақпараттың  шарты  осыны  қалыптастырумен  байланысты.  Осыдан  шешілетін  есептің  мазмұнының 
маңыздылығын түсінуге болады. 
Оқыту тәжірибесінде математикалық есептердің тәрбиелік мүмкіндіктері жеткілікті түрде қолданыл-
майды. «Есеп ойлауға ғана материал бермеу керек, сонымен қатар ол қиындықты шешуге деген ұмтылыс, 
ағымдағы жағдайға деген оқушының қатысуын шақыру керек», - деп атап өткен профессор К.Г. Кожабаев 
[1, 45 б.]. Мектепте математика пәні бойынша қолданылатын оқулықтар оқыту үдерісі барысында тәрбие-
лік  мақсатына  жетуге  ықпал  ететін  дәстүрлі  шағын  есептер  санынан  тұрады.  Педагогтан  да,  оқулық 
немесе есептер жинағы авторынан да оларды пайдаланудың тиімділігі көрінеді.
 
Кейбір  есептерді  сол  есептің  мазмұнының  жалғасы  болып  табылатын  қосымша  материалдармен 
толықтыру керек. Бірақ есеп мазмұнынын өзгертуге аса сақтық керек.  Оны  өзгерту барысында есептің 
математикалық  құндылығын  жоғалтпауы  керек,  сонымен  қатар  есептің  мазмұны  тиісті  тәрбиелік 
деңгейде болуы ескерілуі керек. 
Егер оқушы шешілетін есептің желісінде (фабуласында) берілген жағдайды терең сезінген жағдайда 
оқу үдерісі нәтижелі болады. Есептің желісіне (фабуласына) көлемі жағынан әртүрлі нақты ақпарат енеді. 
Бұл  өндірістің,  ауыл  шаруашылығының,  туған  жерінің  георграфиялық  сипаттамалары,  экологиямен 
байланысты мәселелер, қоғамдық-құқықтық, адам осы немесе басқа жағдайларда қатысу мүмкін кейбір 
жағдайды толық суреттейтін мәліметтер де болуы мүмкін. 
Еңбекке  деген  әдет  адаммен  бірге  тумайтыны  белгілі,  оны  тәрбиелейді.  Оқушыны  жүйелі  жұмыс 
істеуге дағдыландыру керек, үй жұмысының орындалуын үнемі бақылау арқылы, оқушының санасына 
оқу еңбегінің маңыздылығын ар және парыз екендігін түсіндіру қажет. 
Есеп шығару барысында сендіререлік дәлелдің қажеттілігі мынадай ерік қасиеттерін:  табандылық, өз 
бетінше қиындықты жеңу, өзіне және қоршаған ортаға сыни тұрғыдан қарау сияқты қасиеттерді дамытуға 
ықпал етеді. Өз бетінше есеп шығарудың және теореманы дәлелдеудің жолдарын іздеу барысында орын-
далатын  жұмысқа  шығармашылық  тұрғыдан  жаңашылдықпен  қарауға  мүмкіндік  туғызады.  Сондықтан 
оқушылар сабақ үстінде пассивті тыңдаушы ғана болмау керек. Сабақта адам өмірінің мәні еңбекте және 
кім  болсаң  да  ғалымсың  ба,  оқушысың  ба  оған  байланысты  емес  сені  тек  қана  шығармашылық  еңбек 
қанағаттандыратын әртүрлі қызметтің түрлері қолданылуы тиіс.  
Оқушыларды жүйелі түрде есеп шығаруды және есепті тексеруге дағдыландыру өз жұмысының нәти-
жесін  бақылау  әдетін  қалыптастыруға  жағдай  жасайды,  сапасы  мен  орындалған  жұмыс  нәтижесі  үшін 
жауапкершілік сезімін тәрбиелейді, еңбекке деген саналы қатынасқа баулиды.  Осымен аяқталған еңбек 
соңғы нәтижесіне деген жауапкершілік пен саналықты тәрбиелейді. 
Есепті саналы шығару оқушының белсенді ойлау қызметінің маңызды шарты болып табылады. Оқу-
шы ұсынған есептің шартын ғана түсініп қоймай, сонымен қатар осы есепті шығаруда сүйенетін теорема, 
заң, түсініктерді де саналы түрде игеруі тиіс. Мысалы, тепе-теңдікті түрлендіруді саналы түрде орындау 
төмендегі  есептерді  шешеудің  бөлінбес  бөлшегі  болып  табылатын  түрлендіруге  деген  арифметикалық 
әрекеттер заңын қолданбай орындау мүмкін емес. 
Біз жүргізген  зерттеулер  мұғалімдердің жұмыс  тәжірибесінде қарастырылатын есептер арасында әлі 
күнге  дейін  ақыл  «орамдылығы»  мен  оқушылардың  креативтілігін  дамытатын  шығармашылық  сипат-
тағы есептерге аз орын берілген. Шығармашылық тапсырмалар жаппай жұмыс талап етілген жағдайда да: 
өзекті мәселелерге жауаптар; оқығаны бойынша сұрақ құрастыру; теориялық мәселені суреттейтін мысал-
дар келтіру; есеп пен жаттығулар құрастыру жағдайларында қолданылуға болады. 
Мұғалімнің  қоржыныда  оқушы  соның  негізінде  есеп  шешудің  өнерін  игере  алатын  қиын,  қызықты 
есептер  мол  болуы  керек.  Ерекше  шешімді,  дәлелдемелерді  іздестіруде  өз  бетінше  шығармашылық, 
дәлелді бірақ қате пікірден логикалық қателерді табуды  талап ететін  ерекше есептер – осының бәрі оқу-
шыға үлкен ләззат беретін және өз-өзіне одан әрі жұмыс жасаудың теңдессіз ынталандыратын шығарма-
шылықтың элементтері. 
Сонымен  қатар  оқушылардың  өздеріне  есеп  құрастыруды  ұсыну  да  маңызды.  Өз  түре  бетінше  есеп 
құрастыру  –  оқушының  танымдық  қызығушылығының  тереңдігі,  білім  алушылардың  шығармашылық 
қызметке ұмытылуын танытудың дәлелді айғағы. Бұл жерде ол әрі есеп құрастыратын мұғалім, әрі сол 
есепті  шығаратын  оқушы  болады.  Өз  күшін  бағалай  келе,  ол  есепті  шешілетіндей  етіп,  сонымен  қатар  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
292
 
 
оны ынта қойып және тиісті шешімді іздеуді талап ететін есеп құрастыруға тырысады. Қателеспеу үшін 
есеп  құрастыру  барысында  әрбір  әрекетіне  жан-жақты  бақылау  жасайды.  Оған  есеп  шығару  керек, 
бірнеше рет оны талдап және оны жинақтау қажет, бірнеше рет есептің шартына қайтып келуі керек. Бұл 
сыни  тұрғыдан  өз  әрекетін  өзін-өзі  бағалау  мен  өзін-өзі  бақылау  қажеттілігін,  сонымен  қатар  ойлау 
қабілетін дамытуға төселдіреді.  
Күнделікті өмірде сыни тұрғыдан ойлау қабілетінсіз өмір сүру мүмкін емес. Ақпараттың мол ағынын-
да дұрыс бағыт тауып, қажетін таба білуі керек. Математиканың оқушылар бойында осы маңызды қабі-
летті дамыту үшін барлық қажетті құралдар бар. Оған бүркелген қате мәліметтері бар, геометриялық және 
оптикалық иллюзиялы есептер бар, есеп-софизмдер келеді. 
«Әзіл»  және  «жұмбақ»  есептер  өз  кезегінде  оқушылар  бойында  есеп  шартына  сыни  тұрғыдан  келу 
дағдысын дамытады, әруақытта бірінші көргенде дұрыс болатын осындай болуы мүмкін екендігін көрсе-
теді.  Мұндай есептер зейінді шиелендістіреді және ойлау барысында сыншылдыққа үйретеді. 
Біздің  мектептегі  тәжірибеміз  маңызды  қасеттерді  қалыптастыруға  ықпал  ететін  есепті  таңдаудың 
негізгі тәсілі келесі: 
 жинақтардағы кейбір есептердің берілуін өзгерту; 
 есептің тақырыбын дамытуға жағдай жасайтын кейбір есептерді сұрақтармен толықтыру; 
 тиісті желіге сәйкес келетін есептер құрастыру екендігін көрсетті. 
Осы мәселені тереңірек талдап көрейік. 
Есептердің тәрбиелік маңызын күшейту үшін кейбірінің желісін өзгерту жеткілікті. Математика тұр-
ғысынан дәл сол есеп оқушыға басқа практикалық мағынада алдына келеді. 
Мысалы, «Бір түзу және осы түзуден бір жақта жатқан А және В нүктелері берілген. Осы нүктелерден 
1 түзуге дейінгі ең қысқа қашықтықыты табыңыз» есебін келесі тапсырмамен ұсынуға болады «Бір жаға-
да  орналасқан  А  және  В  елді  мекен  пунктеріне  жол  салу  үшін,  өзен  арқылы  көпір  салуға  аз  құрылыс 
материалын қажет ететін және шығыны аз кететін құрылысты қай жерде ұйымдастыруға болады?» 
Сабақта шешілетін есептің бір бөлігі одан әрі әңгімелесу үшін қызмет етеді. Есептің тақырыбы бойын-
ша  әңгімені  жалғастыру  үшін  ең  маңызыды  элементі  сұрақтар  жүйесі  болып  табылады.  Мысалы,  есеп 
желісіне ауыл шаруашылық мәліметтері   енген, Ақмола облысының  «Труд»  ЖШС  механизаторларына  
32000 гектар егін алқабын алуы керек, оның 9726 га  арпа алынған.  Бидай биыл 18000 га егілген, оның  
шығымдылығы гектарына 17 ц. Ал арпаның орташа шығымдылығы гектарына 20 ц құрайды. Мың тонна-
дан  арпа  тұқымға  алынған.  ЖШС  қанша  арпа  септі?  Жиналған  жерден  неше  тонна  жинады?»  келесі 
сұрақтар ұсынылуы мүмкін: 
1)  Қанша арпа сатылымға шығарылады? Қанша бидай жиналды? 
2)  2015 жылы бидайдың орташа бағасы 38000 тг., арпа 22000 тг., ал статистикалық мәліметтер бойын-
ша дәнді дақылдардың орташа өзіндік құны бір тоннасы 13900 тг. болса сонда ЖШС дәнді дақылдарды 
өткізгеннен кейін табыс ала ма немесе шығынға батады ма? 
3)  Біздің республикада неге «қауіпті егін шаруашылығы аймақтары» бар? 
Осы  типтегі  есептер  оқушылардың  еңбек  өнімділігіне  тартуға  және  ауыл  шаруашылығына  қызығу-
шылығын дамытуға ықпал етеді. 
Кеелесі  есептер  желісі  қауіпті  адам  қызметімен  байланысты  мәліметтерді  құрайды  «Халықаралық 
табиғатты қорғау одағының мәлеметтері бойынша 1600 жылдан бастап Жер бетінде құстың 94 түрі жойы-
лып кетті. Оның ішінде құс өлімінің 86% пайызы адам қызметімен байланысты. Адам кінәсінен құстың 
қанша түрі жоғалып кетті?» 
«Адамның  қандай  қызметі  табиғатқа  зиян  келтіреді?»  деген  сұрақты  қойғанда,  мұғалім  оқушыларға 
осы мәселе бойынша өз бетінше баяндама жазуды ұсынады. 
Жоғарыда  ұсынылғандар  тиісті  мазмұндағы  тәрбиелік  сипаттағы  есептер  мына  талаптармен  байла-
нысты болуы керек: 
  математика бойынша бағдарламамен; 
  оқушыларға қолжетімді және математикалық мәнін жасыратын үлкен түсініктерді талап етпейтін; 
  оқушының болашақ еңбек қызметінің уәжін қалыптастыруға бағытталған; 
  шарты бойынша нақты және салыстырмалы мәліметтері бар. 
Кезінде А.Я. Хинчин: «оқушылар әртүрлі есептер шығаратын математика сабақтарын адамгершілікті, 
оқушының  тұлғасын  қалыптастыру  ісінен  алып  тастамау  керек.  Себебі,  математика  ғылымын  игеру 
жұмыстары сөзсіз ақырындап және біртіндеп жас адамның бойында оның толық әлпетін тәрбиелеуі, оның 
маңызды сәттері адамгершілік ажарында болуы мүмкін» - деген [2, 50-51б.]. 
Сонымен, математика сабақтарында шешілетін есептер теориялық материал мен тәжірибе арасындағы 
байланыстырушы буын, өскелең ұрпақты тәрбиелейтін құрал болып табылатыны анық.
 
 
 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
293 
1.  Қожабаев  К.Г.  О  воспитательной  направленности  обучения  математике  в  школе.  –  М.: 
Просвещение,1988. – 80 с. 
2. Математика как профессия (О воспитательном эффекте уроков математики): Сборник статей. –  М.: 
Знание, 1980. – 64 с. 
 
 
Резюме 
Габдуллин Р.С.  PhD докторант, Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова 
Кожабаев К.Г. –  п.ғ.д., профессор, Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова 
 
Математические задачи как средство воспитания 
Данная статья посвящена исследованию вопросов воспитания учеников посредством школьных математических 
задач. Многие из них можно использовать как средство для воспитания учащихся. Только надо сделать так, чтобы 
математические  задачи  учащимся  хотелось  читать  и  решать.  Большой  воспитательный  потенциал  заключается  не 
только  в  процессе  ее  решения,  где  вырабатываются  настойчивость,  самостоятельное  преодоление  трудностей, 
критическое отношение к себе и т.п., но и в фабуле задачи. Предлагаемая методология по утверждению авторов, дает 
возможность реализовать поставленные воспитательные цели в процессе решения задач.  
Ключевые слова: обучение, воспитание, фабула задачи, воспитательные возможности школьных математических 
задач 
 
Summary 
Gabdullin R.S.  PhD students, Sh. Ualikhanov Kokshetau State University 
Kozhabaev K.G. – Doctor of Education,  Sh. Ualikhanov Kokshetau State University 
 
Mathematical Tasks as a means of Education 
The given article studies the questions of upbringing schoolchildren with the help of school mathematical tasks. Many of 
them can be used as a means of educating schoolchildren. It is only essential to increase students’ interest in reading and 
solving such mathematical problems. Great educational potential is contained not only in the process of solving such tasks 
which are aimed at developing persistence, independent overcoming the obstacles, critical attitude towards oneself, but in the 
principle of the task as well. According to the authors the suggested methodology gives an opportunity to implement all the 
envisaged educational objectives in the process of solving these mathematical tasks. 
Key words: teaching, upbringing, principle of the task, educational potential of school mathematical tasks. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет