Түйін сөздер: экология, экологиялық білім беру, пәндерді экологияландыру, металл, химиялық элемент,
материал, экологиялық компонент.
Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің міндеттері көрсетілген.
«Ең басты мәселе – білім алу үшін ұйымдастыруға бағытталған ұлттық және жалпы адамзаттық құнды-
лықтар негізінде тұлғаның дамуы және кәсіби шыңдауға, ғылым мен практика жетістіктеріне қажетті
жағдайлар жасау» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1].
Бүгінде тек тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экологиялық апат тұр. Адам ақыл ойы-
ның нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар мен фабрикалар, кейбір ғажайып көлік түрлері
ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта түсумен қатар, қауіп-қатер туғызуда. «Қоғамымызды
құруымызға қарай азаматтарымыз өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиға
ортаның таза болуы үшін күш салуы керек», - деп көрсетілген Елбасының халыққа Жолдауында [2].
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
18
Себебі экологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты қоршаған ортада болып жатқан өзгеріс-
терге адамның биологиялық – генетикалық құрылымы бейімделіп үлгере алмағандықтан, адам денсаулы-
ғына орасан зор нұқсан келуде. Табиғат тепе-теңдігін қалпына келтіріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен
қарау, табиғат қазынасының, оның ішінде адамның өзін сақтап қалу проблемасы әрбір адамнан экология-
лық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім беру – мектептің басты мінде-
ті. Дүниежүзілік тәжірибелерді саралай келіп, біздің республикамыздың оқу жүйесіндегі 1999 жылы
экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды.
Қазіргі жоғары білім беру жүйесі білім берудің жаңа стандарттарына өтуде. Профильді білім беру
жүйесі енгізіліп және оқу бағдарламасының мазмұны өзгертілу үстінде. Химия курсының да құрылы-
мында өзгертулер аз емес. Оның оқыту жүйесінде тұрмыстық өмірге және білім алушылардың алған
білімдерінің практикалық қолданысына көп назар аударылуда. Біршама өзгертулердің қатарында химия
курсын экологияландыру маңызды орын алып отыр. Яғни, оқу бағдарламасында химияның экологиялық
аспектілерінің қарастыру көлемін ұлғайту және оны тереңдетіп зерттеу болып табылады.
Химия экология ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болатын ғылымдардың бірі. Біріншіден,
әртүрлі заттардың химиялық қасиеттері экологиялық зерттеудің маңызды негізі болып табылатын таби-
ғаттағы зат айналым жағдайын пысықтайды. Екіншіден, өндірісте және тұрмыстық шаруашылықта
қолданысқа ие болған химия жетістіктері соңғы он жылдықта ғаламшардағы экологиялық жағдайлардың
ең маңызды себебіне айналып отыр. Халықтың экологиялық білімдерін тереңдету және кеңейту қажет-
тілігі ұлғаяды. Осыған орай, химияның оқу курсын оқыту жүйесінде оқу бағдарламасына экологиялық
тематиканы енгізу мүмкіншілігі туады. Заманауи жоғары білім беру жүйесінің ең маңызды мәселесінің
бірі білім алушының мектеп қабырғасында алған негізгі білімі болып табылады. Химияның экологиямен
байланысы білім алушының негізгі білімі мен күнделікті шынайылықты табиғи жолмен байланыстырады.
Осыған орай, химия курсын толық түрде экологияландыру білім алушылардың экологиялық оқытудағы
мәселелерін шешіп қана қоймай, негізгі білімді практика жүзінде қолданысымен жақындастыруға
мүмкіндік береді [3]. Қазір химия курсын экологияландыру әдісін педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу
тәсілдерімен Назаренко В.М., Безуевская В.А., Морозова Н.В., Гирусов Э.В., Данилов-Данильян В.И.,
Тарасова О.В., Ерыгин Д.П., Лисичкин Г.В., Коробейников Л.А., Чернобельский Г.М., Кузнецов Н.Е., т.б.
айналысқан. Олардың еңбектерінде экологиялық білім беруді
қарастыратын химияның маңзыды бөлім-
дері көрсетілген. Сонымен қатар экологиялық білім берудің
эффективті формалары мен әртүрлі әдістері
қарастырылған.
Әрқашан да көлемі өсіп отыратын жаңа химиялық, экологиялық, өндірістік-техникалық ақпараттар
білім алушылардан теорияларды, заңдарды және түсініктерді жетік меңгеруді талап етеді. Дәл сол уақыт-
та мыңдаған зерттеулер мен қадағалау нәтижесі бойынша білім алушының оқыту пәнге, әсіресе, химия
пәніне деген қызығушылығы төмен екендігі анықталған. Химиялық білім деңгейін көтеру жолдарының
бірі болып химия курсына қоршаған орта туралы мағлұматтардан тұратын экологиялық компонентті
енгізу табылады.
Материалдардың қасиеттерін зерттеумен айналысатын физика және химия ғылымдарының бір бөлігі
материалтану ғылымы болып табылады. XIX ғасырдың басынан бастап Материалтану өндірісінің негізі
ретінде металтану ғылымы қызмет атқарып келеді. Металға химия, физика және техника позициясы
тұрғысынан анықтама беруге болады.
Химияда металл – бұл Д.И. Менделеев элементтерінің периодтық жүйесінің сол жағында орналасқан,
басқа элементтермен, соның ішінде металдармен де химиялық реакцияға түсер кезінде ядроның валентті
электрондармен (иондар) өзара әсерлесу механизмімен ерекшеленетін химиялық элементтер.
Физика ғылымында металдар – түсімен, жылтырлық қасиетімен, балқу және қату қасиеттерімен, жылу
және электрөткізгіштігімен, магниттілігімен және басқа да қасиеттерімен сипатталады.
Ал техника ғылымында металдар – өндірісте кең қолданыс тапқан жоғары өңделгіш қасиетімен,
беріктілігімен, қаттылығымен, берік тұтқырлығымен және басқа да бағалы қасиеттерімен ерекшеленетін
конструкциялық материалдар.
Металдардың қоршаған ортаға және тірі организмдерге тигізетін зиянды әсері олардың жоғары
концентрациялы болуында. Сондықтан, металдар барлық салада міндетті түрде үнемі бақылауды қажет
ететін приоритетті ластағыш заттар болып табылады.
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
19
Кесте 1. Элементтердің қауіптілік (улылық) кластары (СанПиН 2.1.7.1287-03)
Қауіптілік кластары
Элементтер
І
Мышьяк, кадмий, сынап, қорғасын, цинк, фтор
ІІ
Бор, кобальт, никель, молибден, мыс, сурьма, хром
ІІІ
Барий, ванадий, вольфрам, марганец, стронций
Металдардың қоршаған ортаға тигізетін әсері олардың физико-химиялық, токсикологиялық, беріктілік
және ішкі ортада жиналу қасиетімен жүзеге асырылады. Сол қасиеттерді келесідей бөліп қарастыруға
болады:
1. Металдардың жоғары химиялық белсенділігі.
2. Токсикологиялық қасиеті – жоғары (улы) концентрациялы металдардың тірі организмдердің
физиологиялық функцияларына жағымсыз әсері.
3. Жоғары кумулятивті қабілеттілігі (биоконцентрирлеу үрдісі).
4. Жоғары миграциялық қабілеттілігі.
Кесте 2. Металдардың қоршаған ортаны ластаудағы басты көздері
Элемент
Ауаны ластаудың басты көздері
Pb
Электроэнергетика, металлургия, металөңдеу, электротехника, химия, құрылыс
материалдар өндірісі, автотранспорт тастандылары
Zn
Түсті металлургия өндірісі, зауыттар тастандылары
Cu
Түсті металлургия өндірісінің тастандылары (барлық антропогенді
тастандылардың 98,7% Cu)
Ni
Түсті металлургия өндірісінің тастандылары (барлық антропогенді
тастандылардың 97% Ni)
Fe
Құрылыс материалдар өндірісінің тастандылары
Mn
Машина жасау, металөңдеу, түсті металлургия, ұсақ өндіріс қалдықтары
(сваркілік жұмыстар және т.б.)
Cr
Металлургия өндірісінің (легирлегіш қоспалар, балқымалар) және машина
жасау (гальваникалық жабындылар) өндірісінің тастандылары
V
Автотранспорт, электроэнергетика, металлургия өндірісінің тастандылары
As
Электроэнергетика, құрылыс материалдар өндірісінің тастандылары
Химия курсын экологияландыру барысында танымдық оқыту циклі оқытудың экологиялық мәселе-
лерін комплексті ашып көрсетуге ықпал жасайтын оқыту үдерісінің ұйымдастыру әдістері мен форма-
ларды таңдау жүйесін анықтайды [4].
Химия курсының құрамына экологиялық компонентті енгізу жүйесі оң нәтиже бере бермейді. Оқыту-
әдістемелік құралдар, соның ішінде оқу құралдары экологиялық мәселелерді қарастыру жүйесіздігінен
көптеген экологиялық мәселелердің химиялық аспектілерін негізге ала бермейді. Осыған байланысты
химия пәнінің оқытушылары білім алушының химия-экологиялық білім беру жүйесін құрастырған кезде
біраз қиыншылықтарға тап болады.
Білім беру жүйесіне экологиялық компонентті кіріктіру көптеген жолдармен жүзеге асырылады:
- әр түрлі химиялық қосылыстардың тірі орагнизмге және қоршаған ортаға әсері жөнінде экология-
лық білім беру;
- қоршаған ортадағы әр түрлі қосылыстардың термодинамикалық және кинетикалық сипаттамаларын
қарастыру кезінде экологиялық білім беруді ұйымдастыру;
- экологиялық лабораториялық практикум жүргізу және экологиялық құрамдас есептерді шығару.
Экологиялық білім беруде химия курсының рөлі табиғат заңдарының, материя қозғалысының химия-
лық формалары мен оның қоғамдық адамзат өміріндегі маңыздылығын танымдық ғылымында ерекше
орын алады.
Табиғатты қорғау жұмыстарын жүргізетін химия пәнінің оқытушысының алдына келесідей міндетте-
мелер жүктеледі:
бейорганикалық және органикалық әлемнің бірегейлігін ашу, қоршаған ортаға адам қызметінің
әсерін және осы негізде табиғатты аялау қажеттілігін ұйымдастыру;
химиялық өндірістің табиғатпен қарым-қатынасында рөлін ашу;
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
20
білім алушыларды табиғатты қорғауға сана-сезімдерін оятып, табиғатты қорғауға мүмкіндік тудыра-
тын практикалық дағдылармен қамсыздандыру.
Табиғатқа және оның элементтеріне қарсы әсер ету әр түрлі бағыттармен әсер ететін өндіріспен, тран-
спортпен, халықтық шаруашылықпен жүзеге асырылады:
1. Табиғат аясында химиялық заттарды тұтыну.
2. Қоршаған ортаны адамзат қызметінің қалдықтарымен ластау.
3. Қорашаған ортада табиғи көздерінен және өндіріспен синтезделіп бөлінген жаңа жоғары белсенді
химиялық қосылыстардың пайда болуы.
Экологиялық білім беруді ұйымдастыру және дамыту мақсатында «ластағыштар», «ластану көздері»,
«табиғи және жасанды ластану», «тазалықтың санитарлы нормалары», «заттардың шекті рұқсат етілген
концентрациялары (ШРК)» сияқты түсініктерді қарастыру қажет болады. Ластану мәселелерін шешу –
бұл жаңа техника мен технологияны қалыптастыру және оны жүзеге асыру, өнімнің өндірісін арттыру
және сонымен бірге өндіріс қалдықтарын мөлшерін азайту, сумен жабдықтау айналым жүйесін қалыптас-
тыру, қалдықтарды утилизациялау жүйесін өңдеу мен тұйық технологиялық циклге өту болып табылады.
Химиялық оқыту үрдісінде экологиялық білім беруде табиғатты қорғау іс-шаралары жөнінде білімді
заманауи өндірістің экологиялық принциптерінің негізін көрсете отырып беру қажет. Лабораториялық
сабақтарда химиялық эксперименттен кейінгі қалдықтарды өңдеу жолдарын іздестіру және өңдеу саты-
ларын химиялық тәжірибелерге шектеу қоймай сол лабораториялық сабақтың әділ және қажетті
компоненті ретінде әдістемелік кешеннің құрылымына енгізу қажет болады. Дәл осы жағдайда өңдеу
барысында заттың (қалдықтың) жойылуы, олардың қоршаған ортада залалсыздандырылуы деген түсінік
қалыптасады. Осындай қадам білім алушылардың «экологиялық тазалықтың рефлексі» экологиялық
санасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады [5].
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қарастыру барысында білім алушыға химиялық-экологиялық
сұрақтар мен тапсырмаларды ұсынуға болады. Химиялық-экологиялық сұрақтар мен тапсырмаларды
құрастыру кезінде келесідей әдістемелік талаптар ұсынылады:
1. Тапсырманың талаптары мен нәтижелері практикалық мағыналы ақпарат беру қажет.
2. Бұл ақпараттар бағдарламалық материалдармен және шын мәнінде экологиялық мәселелермен
тығыз байланыста болуы міндетті.
3. Білім алушыларға арналған тапсырмалар мен сұрақтар сәйкесінше мағыналы маңызды болуы
міндетті.
4. Сұрақтар мен тапсырмалардың шешілу жолдары білім беру кешенінің мүмкіншіліктеріне сүйене
отырып жүзеге асырылу керек.
5. Сұрақтар мен тапсырмалар білім беруді жүзеге асыру, түсіндіру, тексеру барысында қолданылуға
арналған.
Химиялық-экологиялық сұрақтар мен тапсырмаларды құрылымына қарай үш түрлі типке бөлуге
болады:
1. Табиғи объектілердің химиялық сипаттамасына арналған сұрақтар.
2. Қоршаған ортаның ластау көздері мен ластағыштар түрлеріне арналған сұрақтар.
3. Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне және ластау көздерін залалсыздандыруға арналған сұрақтар.
«Жалпы химия» курсын экологияландыру мақсатында оның жүйелік құрамы ұсынылады, яғни, ең
басты негізде химия-экологиялық объектілерді жан-жақты қарастыру негізінде курсты меңгеруді ұйым-
дастыру болып табылады. Химиялық термодинамика, кинетика, зат құрылысы, элементтер қасиеттері
және олардың қосылыстарының сұрақтарын қарастыру экологиялық маңызды объектілерінің (реакция,
заттар) мысалдарында жүзеге асырылады. Ал экологияның химиялық аспектілеріне қатысты материал-
дарды қарастыру кезінде химияның теориялық бөлімі қолданылады.
Елімізде әлеуметтік-экологиялық және технологиялық жағдайында жоғары оқу орындарында физика
мамандықтарының студенттеріне химиялық және экологиялық білім беру мен тәрбие беруді қалып-
тастыру, болашақ физик мамандардың ойлау қабілеттерін дамыту - білім берудің басты міндеттерінің
бірі. Студенттерге химиялық білім беру жолдарының бірі - химия курсында экологиялық компонентті
енгізу.
Экологиялық мәселелерді шeшyдiң бip жoлы – экологиялық білім беру мен тәрбие беру болып
табылады.
Физика мамандықтарының студенттеріне химия курсын экологияландыруды мынадай ұстанымдармен
айқындауға болады:
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
21
1) экологиялық білім беруді пәнаралық байланыспен жүзеге асыра отырып беру;
2) экологиялық білім беру барысында жүйелілік пен үздіксіздік ұстанымдарын қолдану;
3) экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру.
Осы ұстанымдарға сәйкес экологиялық білім берудің бағыттарының бірі жеке пәндерден берілетін
ғылым негізін экологиялық материалдармен толықтыру.
Студенттердің химияның білім материалдарын меңгеруге экологиялық компоненттің оң әсері көрсе-
тілуі, ЖОО-дағы «Жалпы химия» пәнінің мазмұнына экологиялық компоненттерді енгізу қоршаған
ортаны қорғау үшін болашақ физиктер дайындауда зор септігін тигізеді.
Ғылыми, оқыту-әдістемелік және психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде химия-
экологиялық білім берудің әдістемелік үлгісі ұсынылады. Бұл әдістемелік үлгіде химиялық және эко-
логиялық білім беруді ұйымдастыру жүйесі қарастырылады. Сонымен қатар, дәрістік және семинар
сабақтарында экологиялық компоненттің химиялық мақсатты, құрамдас бөлік, қызметтік және диагнос-
тикалық-нәтижелі компоненттері кірістіріледі.
Экологияландырылған есептерді шығару, экологиялық лабораториялық жұмыстарды жүргізу білім
алушының қарастырылып отырған сұраққа деген қызығушылығын тудырып, химияны оқыту мотивация-
сын күшейтеді және химиялық білім беру жүйесін меңгеру тиімділігін арттырады.
1 Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы
2 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы
14 қаңтар. – [ЭР].
3 Шелуханова Ирина Николаевна. Экологизация курса химии в рамках ФГОС, Библиотека “МГУ-школе”,
Новые образовательные программы МГУ. – 2012.
–
83 бет.
4 Заплатин В.Н., Сапожников Ю.И., Дубов А.В., Духнеев Е.М., Основы материаловедения (металлообработка).
–
Москва: Академия,2013.
5 Магеррамов А.М., Алиева Т.И., Пашаева А.А., Рафиева Г. Л., Гаджиева С.Р. Сущность, методологические
основы, принципы, задачи экологического образования и воспитания. Содержание экологических знаний в курсе
химии средней школы.
–
Пермь: Меркурий, 2011.
–
С. 97-99.
Резюме
В статье рассматриваются проблемы экологического образования в курсе «Общая химия» для студентов физико-
технического факультета, которое является актуальным в настоящее время. Раскрывается проблема введения
экологической компоненты в содержание обучения химии, развития и формирования экологических знаний,
принципы экологизации курса "Общая химия" для студентов физико-технического факультета. В данной работе
рассматривается возможность экологизации темы "Металлы" для студентов физических специальностей.
Приводятся данные о влиянии тяжелых металлов на окружающую среду, раскрываются физико-химические, токсич-
ные и другие свойства химических элементов, приводится классификация их опасности (токсичности). В статье
рассматриваются различные пути формирования химико-экологических знаний по теме "Металлы", способы их
проверки и закрепления.
Ключевые слова: экология, экологическое образование, экологизация дисциплин, металл, химический элемент,
материал, экологический компонент.
Summary
The article considers with the problem of environmental education in the course "General chemistry" for students of the
Faculty of Physico-Technical, which is relevant in recent years. Expands the problem in the introduction of the environmental
component to learning content, development and formation of environmental knowledge, the principles of ecologization
«General chemistry» course for students of the Faculty of Physico-Technical. In the present paper provides opportunity on
the ecologization of theme «Metals» for students of physical specialities. It provides opportunity on the effect of metals on the
environment, disclose physical-chemical, toxic and other, properties of chemical elements, provide their hazard (toxicity)
classification. The article considers with the way of formation of chemical-environmental knowledge of theme «Metals» and
methods to test students' knowledge and conclusion.
Key words: ecology, ecological education, ecologization of discipline, metals, chemical elements, material, ecological
component.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
22
ӘОЖ 378. 147: 811. 512. 122(574)
ОҚУ ҮРДІСІН БЕЛСЕНДІРУГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Мұқанова Қ.Қ.
–
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының доценті, п.ғ.к.,
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
e-mail:
Mukanova.k@mail.ru
Мақалада оқу үрдісін белсендіруге негізделген жаңа оқыту технология түрлері қарастырылады. Білімалушылар-
дың ғылыми-зерттеу қызметіне бағытталған оқытудың жаңа технологиялары ұсынылады. Оқу әрекетін белсендіруге
негізделген жаңа оқыту технология түрлеріне талдау жасалады. Әр жаңа технология түрінің анықтамасы беріліп,
ерекшеліктері көрсетіледі. Оқыту мәселесіндегі жаңа технологияның теориялық, практикалық маңызы қарастыры-
лады. Оқу үрдісін белсендіруге ықпал ететін жобалап оқыту, модульдік оқыту, дамыта оқыту, проблемалық оқыту
технологияларының іске асырылу жолдары қарастырылады.
Тірек сөздер: оқу үрдісін белсендіру, оқыту технологиялары, білімалушылар, ғылыми-зерттеу, жобалап оқыту,
дамыта оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту.
Қазіргі білім беру жүйесінің қоғамның даму мақсатына сай құрылуы оқу үрдісіне жаңа технологиялық
әдістерді енгізуге ықпал етіп, оқыту әдiстемесiн жетiлдiруді көздейді. Білімалушылардың оқу әрекетін
белсендіруге негізделген және ғылыми-зерттеу қызметіне бағытталған оқытудың жаңа технологиялары
оқу үрдісіне енгізілуде. Жоғары оқу орындарында білім беруде қолданылып жүрген тиімділігі жоғары
модульдік оқыту технологиясын, проблемалық оқыту технологиясын, дамыта оқыту технологиясын, оза
оқыт технологиясын, деңгейлік оқыту, саралап, даралап оқыту технологиясын, компьютерлік оқыту
технологиясын, дебат технологиясын, ойын арқылы оқыту технологиясын, жобалап оқыту технологиясын
атап көрсетуге болады.
Проблемалық оқыту технологиясы
Проблемалық оқытудың негізін С.И.Архангельский, Т.А.Ильина, Р.А.Наумова салды.
Проблемалық оқыту әдісі студенттердің ой-санасының белсенді жұмыс атқаруы арқасында ғана
саналы жүзеге асады.
Дәстүрлі оқыту әдісінен проблемалық оқытудың екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі – оқытудың
мақсаты жөнінен, екіншісі – педагогикалық үрдісті ұйымдастыру қағидасы жөнінен. Біріншісі бойынша,
мұнда әдебиеттерде дайындап көрсетілген білімді қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді. Керісін-
ше, сол оқу әдебиеттерінде көрсетілген теориялық мәселелерден туатын жаңа пікірлерді, жаңа ұғымдарды
студенттердің өз беттерімен іздестіру мақсаты қойылады. Мұнда студенттердің білімге деген ынтасын
арттыру көзделеді. Екінші ұйымдастырудағы айырмашылық бойынша проблемалық оқыту әдісінде оқы-
тушы оқу материалын баяндай отырып, оған байланысты бірнеше сұрақтарды оқушылардың өздерінің
шешуіне жағдай жасайды. Яғни, проблемаларды студенттердің өздерінің шешуіне жол ашылады.
Проблемалық жағдай туғызуда мынандай ережеге сүйену керек:
проблемалық сұрақтарды студенттердің білмеуі;
проблемалық сұрақтарды шешуде студенттердің бұрынғы қалыптасқан білімін пайдалану, ол
жетіспеген жағдайда жаңа ұғымдарды іздестіру.
П.И. Пидкасистый проблемалық жағдай туғызу мен оны шешудің 5 кезеңін былай деп көрсетеді:
1. Проблемалық жағдай туғызу.
2. Проблеманы шешу және оған өз тұжырымын беруге әрекет ету.
3. Қиындық тудырған мәселе бойынша талдау жасау, себебін іздестіру, оны шешудің гипотезасын
беру.
4. Білімін жетілдіру арқылы гипотезаны дәлелдеу.
5. Проблемалық жағдайды шешу.
Проблемалық оқыту дегеніміз – оқытушы мен студенттердің бірлесіп оқу және іздену әрекеті. Проб-
лемалық жағдайларды шешу, студенттердің өз беттерінше саралау, түсіну, игеру, талдау, баға беруі
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |