Ақнұр НҰРҒАЗИЕВА,
№69 орта мектептің мұғалімі,
Сапақ елді мекені.
...Адам баласына бір-ақ рет берілер
өмірде өз жолын таба алмай, жаман
әдеттердің жетегінде жүрген жандар
қаншама. Оны күнделікті баспасөз беттері
мен теледидар хабарларынан оқып та,
көріп те жүрміз. «Неге солай болды?»
деген сауал әрбіріміздің көкейімізде
тұрады. Дегенмен, түп-тамырына
бойласақ...
Есірткінің атауы мен зиянын
тәрбие сағаттарында мұғалімдеріміздің
аузынан естідік. Кітапханаға арнайы
барып, есті кетірер есірткінің тарихына
үңілгенде, оның зияны туралы алғаш
рет Шығыс ғұламасы Ибн Синаның
жазып қалдырғанынан хабардар болдық.
Атын естігенде-ақ денеңді түршіктірер
тажалдың нақ өзі. Ал, оның құрбанына
айналғандар туралы, әрине, айтуға ғана
оңай...
Бір ғана сәттен өмірінің тоз-тозы
шыққан түрлі жастағы адамдардың
өкінішті әңгімелерін теледидардан
көріп, тыңдағанда: «Әттең, ата-аналары
жасөспірімдік жастағы балаларының
тәрбиесіне көңіл бөліп, уақытын пайдалы
істермен шұғылдануға жұмсауын,
сондай-ақ, кімдермен жиі араласатынын
қадағалағанда, мұндай әдетке бармас
па еді?» деп ойлайсың. Жастардың
түзу жолмен бой түзеуіне отбасы мен
ортасының ықпалы өте зор. Мен мектеп
табалдырығын аттаған кезден бастап
аудандық оқушылар үйіндегі түрлі
үйірмелерге қатыстым. Ал, бауырларым
жасөспірімдер мен спорт мектебіндегі
және оқушылар үйіндегі үйірмелерге
қатысты. Келу бойына үй шаруасына
көмектесу, сабаққа дайындалумен-
ақ уақытымыздың қалай өткенін
білмей қаламыз. Туыстарымыз мен
көршілеріміздің балаларының да түрлі
үйірмелерге қатысуына ықпал ете білдік.
Мақсатымыз-ата-аналары жұмыста
болған кездері теледидар мен компьтердің
алдында телмірмей немесе көше кезіп,
жасы үлкен балалардың ізіне еріп кетпей,
өзіне пайдалы қосымша білім алып,
талаптарын шыңдауға құлшындыру
болды. Ал, Абай атамыздың «Тамағы
тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар
адам баласын» деген өлең жолдарының
мағынасына тереңірек бойласақ, дәл
қазіргі күннің шындығын айтқандай
көрінеді. Жасөспірімдердің алдарында
компьютер, қызығына шырмаған
интернет. Оған қоса түрлі әлеуметтік
желілер. Әдетте, жаман әдеттердің
еліктіргіш келетіні белгілі. Егер, талапқа
сай жабдықталған спорт залдары мен
алаңдары көбірек болса, күшін қайда
жұмсарын білмей жүрген жастар уақытын
сол жерде өткізіп, шынығып, шыңдалар
еді.
...Көп жасап, көпті көрген Күлпәш
әжеміз екі сөзінің бірінде: «Көздерің тек
жақсы нәрсені көріп, құлақтарың жақсы
нәрсені естісін. Жақсы әдетті үйреніп,
жаман әдеттен жиреніп жүріңдер» деп
айтып отыратын. Сондықтан, Тәуелсіздік
алғанына ширек ғасыр толған Қазақстан
мемлекетінің әрбір азаматы жаһандық
мәселеге айналып отырған есірткіге қарсы
күресе отырып, қазақстандықтардың
оның құрбанына айналмауына ықпал етсе
дейміз...
Әйгерім НҰРЖАНҚЫЗЫ,
№220 орта мектептің оқушысы.
«Адам ұрпағымен мың жа сай-
ды». Осы сөзде қаншама салмақты
ой жатыр десеңізші! Қазақ халқы
ежелден ұрпақ тәрбиесіне аса мән
берген. Сондықтан да ұрпақ өзі-
міз ден де жақсы өмір сүрсін деп
барлық жағдайды жасайды...
Осыдан бірнеше жыл бұрын
тәуелсіз еліміздің белгілі азаматы
болсын деген ниетпен Қарақұм ауылына белгілі кәсіпкерлер
Есенкелді, Алтынай Мүсіровтер өмірге келген немересінің
есімін қою жолын аудандық «Толқын» газеті баспасының
ұжымына берген еді. Нәрестенің ата-әжесінің жоралғысын
қабыл алып, ұжым бір ауыздан «Ақтолқын» деп ізгі тілек, ақ
ниетпен атын қойған екен. Енді міне, 1 наурызда Есенкелді
құда 75 жасқа, 5 наурызда Алтынай құдағи 70 жасқа толады.
«Қос тойың қабат болсын» демекші, әркімге арман болған
алтын тойларыңызбен де шын жүректен құттықтаймыз!
Қадірлі құда-құдағиымыз Есенкелді, Алтынай! Осыдан
аттай 13 жыл бұрын «Толқын» газеті редакциясында дүние
есігін ашқан кішкентай ғана періште жиеніміз Мұхаммедәли
Қуандықұлының тұсауын кесіп, елге белгілі, болашағы жар-
қын азамат болсын деген ниетпен ақ баталарыңызды берген
едіңіздер.
Алтын таққа лайықты асыл жандар,
Туысқанға құшақ боп ашылғандар.
Жетіпті Алтын тойдай асыл тойға,
Шаңыраққа нұр болып шашылғандар.
Көпке мәлім қолға алған әр істерің,
Ұл-қызыңның жасадыңдар ертеңін.
Құрметіне бөлендіңдер ауылдың,
Ұқтырдыңдар еңбек абырой екенін.
Еңбегіңнің зейнетіп көріп енді,
Отыратын ортада кезің келді.
50 жыл қыз өсіріп, ұл өсіріп,
Қиындықты тең бөліп, бірге жеңді.
Ортамызда отырыңыз қос шынар боп,
Жол сілтейтін балаларға қос жанар боп.
Ауырмастан 100-ге жетсін жастарыңыз,
Шөпшекке де жетіңіздер қос тұмар боп.
Құда-құдағилары: Алмаш, Айсұлу, Досаман-Гүлбанра,
Ерболат-Бадижамал, Құрмансейіт-Бақытжан,
Марат-Құралай, Әбілсейіт-Айымкүл, Жанғозы-
Құлпынай, Мұрат-Орнай, Қырымкерей-Сәндігүл,
Мейрамбек-Жұлдызай.
Қазіргі жаңа технологиялардың қарқынды
дамуы және Қазақстан Республикасының өн-
ді рісін жедел индустрияландыру білікті кадр-
лар ды даярлауды талап етуде.
Роботты техника-өндірістің қарқынды
да муы на маңызды техникалық негіз бо лып
табылатын қолданбалы ғылым және ав то мат-
тан дырылған техникалық жүйелерді әзірлейді.
Роботты техника бағытының болашағы зор.
ХХІ ғасырдың жаңа техника мен технологиялық
жетістіктерімен танысуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын да-
мытуға және практикалық тапсырмаларды
ше ше білуіне ықпал етеді. Сонымен бір ге,
математика, физика, информатика, тех но ло-
гия, инженерлік негіздері және тағы басқа са-
лалардың интеграциялануын қарастыратын
пә наралық элективті сала болып табылады.
Роботты техника-соңғы уақытта тез
дамып келе жатқан сала. Технология дамыған
сайын зерт
теулер де өзгеріп дамиды.
Соның арқасында робот
тардың қолдану
аймағы да ұлғаяды. Қазіргі таңда роботтар
үйде, кәсіпорындар мен әскери салада
қолданылады.
Сондай-ақ, ғылыми-техникалық бағытты
таң даған оқушылардың шығармашылық әле-
ует терінің анағұрлым толық ашылуын және
жас өс пірімдердің жаңа технологияларға деген
қызығу шылықтарын арттырудың маңызды
меха низмдерінің бірі.
Талғат ӨТЕГЕНОВ,
№83 орта мектептің мұғалімі.
·
·
Апталық
ЖИРЕН ЖАМАН ӘДЕТТЕН...
Таяуда Арал теңізі стансасындағы желілік
полиция бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Пойыз»
жедел профилактикалық іс-шара өтті. Іс-шара
мақсаты-жолаушылар пойыздарында орын алатын
қылмыспен күресті күшейту, ұрлықтың алдын алу,
түрлі деңгейдегі құқық бұзушылықтарды бол дыр-
мау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету еді.
Желілік полиция қызметкерлері пойыздағы
жо лаушылармен кездесіп, құқықтық тақырыпта
түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесуде Қа-
зақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұ зу шы-
лық туралы кодексінің 434-бабына сай 4 азаматқа,
ал, 440-бабы бойынша 2 азаматқа, 442-бабымен 1
азаматқа, 559-бабы негізінде 2 азаматқа, 517-ба-
бымен 1 азаматқа әкімшілік шара көрілгені баян-
далды.
Кездесуге қатысушылар стратегиялық маңызы
бар нысан саналатын вокзал тыныштығын сақтауда
желілік полициялардың қыз мет теріне табыс тіледі.
М. ТӨЛЕГЕНОВ,
Арал теңізі стансасы желілік полиция
бөлімшесінің полицейі, полиция аға сержанты.
ФОТОЭТЮД