Ыстық ықлас, достық байланыс Қытай төРАҒасының



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата15.03.2017
өлшемі12,48 Mb.
#9521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

11

МЕНІҢ Е


ЛІМ – ҚА

ЗАҚСТ


АН

төрағасының бірінші орынбасары Талғат Асылұлы  Мамашевқа 

барлығымыздың атымыздан шын ниеттен ризашылық білдіремін. 

Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығының  өткен  уақытта 

атқарған рөлі аса зор, соңғы жиырма жылда бұл ұйым әлемнің 

әр  түкпіріне  тараған  барлық  ағайынның  басын  қосу  үшін 

көптеген игі шаруаларды жүзеге асырды. Әртүрлі жағдайлармен 

бірінен  бірі  ажырап  қалған  қазақтарды  қайта  табыстыруда 

айтарлықтай    істер  атқарды.  Сонымен  қатар  қазақ  халқының 

ұлттық мәдени мұрасын қорғау, оны жетілдіру, өркендету жолын-

да да аса маңызды  жұмыстар жүргізіп келеді. Қауымдастықтың, 

әсіресе, Моңғол еліндегі тіршілік етіп отырған ат төбеліндей аз 

ғана  ағайындарға    ерекше  көңіл  бөліп,  олардың  түрлі  қажетті 

мәселелерін шешуге назар аударуы әрі қуанышты, әрі құптарлық 

жағдай. 

Осыған  орай,  Моңғолия  қазақтарының  үшінші  кіші 

құрылтайының  маңызы  жөнінде  өз  пікірімді  де  айта  кетейін. 

Бұл  кіші  құрылтай  екі  ел  арасының  достық  қарым-қатынасын 

нығайтуға  және  Моңғолиядағы  қазақ  ағайындардың  хал-

ахуалын,  әсіресе,  рухани    сұранысын  орындауға  үлкен  үлес 

қосады  деп  сенеміз.  Бұл  ретте  Қазақстан  Республикасының 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «2050 – Стратегиясының» 

Моңғолия  үшін  де  айрықша  маңызды  екендігі  анық.  Өйткені, 

Қазақстан  –  бізге  ең  жақын    мемлекеттердің  бірі.  Қазақстан 

мен  Ресей  бір  кедендік  одаққа  кіргеннен  кейін  шекарамыз  ба-

рынша  жақындап,  барыс-келісімізге  кең  жол  ашылды.  Осыған 

орай, бүгінгі таңдағы бірнеше  көкейкесті мәселелерді  айта кет-

сем  деймін.  Оның  ең  біріншісі  –  Моңғолия  мен  Қазақстанның 

арасындағы  әлеуметтік-экономикалық,  мәдени-рухани  байла-

нысты қазіргіден де нығайтып, жаңа деңгейге көтеру. Моңғолия 

Парламентінің  мүшесі  ретінде  мен  бұл  жөнінде  Қазақстан 

Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі 

Қалдыбек  Қобландин  мырзамен  бірнеше  рет  сөйлесіп,  алдын 

ала  біраз  мәселені  ойласып  та  отырмыз.  Бұл  ретте  Қазақстан 

Республикасының    Ұланбатыр  қаласындағы      мәдени  күндерін 

өткізу  бірінші  кезекте  қолға  алынбақ.  Сондай-ақ,  Баян-Өлгий 

аймағында тұратын жұртшылық үшін Қазақстанмен екі арадағы  

әуе қатынасының маңызы өте ерекше. Қазір бұл мәселені  нақты 

шешу қолға алынуда. 

Дәрмен 

ҚҰЗЫКЕЙҰЛЫ, 

Баян-

Өлгий  аймағының  әкімі:  Баян-Өлгий 

аймағы  халқының  басым  көпшілігін 

қазақтар  құрайды.  Осыған  орай,  біз 

Қазақстандағы 

барлық 

жаңалықтарға 



үнемі  құлақ  түріп,  қадағалап  отырамыз. 

Яғни,  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясын-

да  көтерілген  мәселелермен  жақсы  таны-

спыз. Бағдарламада межеленген міндеттер жүзеге асқанда оның 

игілігін    Баян-Өлгей  аймағы  да  көреді  деп  есептейміз.  Бұл, 

әсіресе, мәдениет мәселелеріне тікелей қатысты. Біздің аймақтың  

бұл салада қол жеткізген жетістіктері де,  болашақта қолға алуды 

қажет ететін күрделі мәселелері де аз емес. Мысалы, Баян-Өлгий 

аймағында  1944 жылы жергілікті мұражайдың негізі қаланып, 

1956 жылы музыкалық драма театр ашылғанын; 1957 жылы 40 

адамнан  тұратын  қазақ    ұлттық  аспаптар  оркестрі  құрылғанын 

біз әрқашан да мақтан етеміз. Аймақта 1941 жылдан бастап қазақ 

тілінде   «Жаңа өмір» атты газет үзбей жарық көріп тұрды. Сондай-

ақ, 1965 жылы  ашылған радио да  бүгінге дейін күніне бір сағат 

қазақ  тілінде  хабар  таратады.  Бұған  қоса  Қазақстаннан  түрлі 

басылымдар,  оқулықтар,  газет-журналдар  үздіксіз  келіп  тұрды. 

Яғни, Баян-Өлгий аймағында да қазақ халқының мәдениеті мен 

өнері кезінде ойдағыдай дамып, өркендеп еді. Дегенмен,  1990 

жылдардың    басынан  Моңғолияның  нарықтық  жүйеге  көшуіне 

байланысты  мұндағы  қазақтардың  мәдени  өмірінде  біраз 

қиыншылықтар  басталды.  Ең  алдымен  «Жаңа  өмір»  газетінің 

жұмысы  тоқырап,  баспаханасы  жабылды.  Театр  саласында  да 

қиыншылықтар туындады. Қазақстаннан келіп тұрған оқулықтар 

мен түрлі басылымдардың легі тұтасымен тоқтады. Қазіргі кезде 

біздің Қазақ елімен байланысымыз тек көші-қон, білім беру сала-

сында ғана біршама үзілмей тұр.

Бүгінгі  таңда    Моңғолияның  экономикалық-әлеуметтік 

әлеуеті күн санап артып келеді. Осыған орай, еңсемізді тіктеп, 

жоғымызды  түгендей  бастаған  жағдайымыз    бар.  Яғни, 

жақында  ғана  аймақтағы  музыкалық  драма  театрының  атауын 

«Қазақ ұлттық театры» деп өзгерттік.  Ендігі кезекте театрдың 

музыкалық  аспаптарын  жаңалау,  артистер  мен  режиссерлердің 

мамандық  шеберлігін  шындауға  кірісіп  отырмыз.    Бұл  қара 

шаңырағымыздың  шығармашылық-көркемдік деңгейін көтеруге 

Қазақ  еліндегі  театр    мамандары  мен  құзырлы  органдардың  

көмегі ауадай қажет.

Аймақ  орталығында  мұражай  тұрақты  жұмыс  істеп,  

Моңғолиядағы  ғана  емес  жер  жүзіндегі  бүкіл  қазақ  жұртының 

мәдениеті мен тарихын насихаттауға өз үлесін қосып отыр. Бұл 

мұражайымыздың қорында аса құнды мәдени-тарихи жәдігерлер 

аз емес. Ал енді осыларды сақтау, көпшілікке насихаттау ісінде 

де  Қазақстан  тарапынан  қолдау  аса  қажет.  Бұл  ретте  жақында 

Астана  қаласында  Мемлекеттік  хатшы  Марат  Тәжинның 

төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының ұлттық тари-

хын зерттеу жөніндегі кеңестің нәтижесінен үлкен үміт күтеміз. 

Яғни, қазақ халқының ұлттық тарихын зерттеу қолға алынғанда  

қазақстандық  ғалымдар  біздің  жаққа  да  ат  басын  бұрар  деген 

сеніміміз мол. 

Сондай-ақ, біздегі мұражай қызметкерлерінің біліктілігін арт-

тыру, Қазақстандық әріптестермен тәжірибе алмасу мәселесінде 



12

АЛТЫН БЕСІК – А

ТАМЕКЕН 

    


де атажұрттан қолдау күтетінімізді жасырмаймыз.

Аймағымыздағы  ең  үлкен  мәдениет  ошақтардың  бірі  – 

Орталық  кітапхана.  Бұл  кітапханада  80  мыңнан  астам  кітап 

қоры бар. Бірақ соңғы кезде  Қазақстаннан келетін кітаптар ба-

рынша азайған. Бұрыңғы кітаптар  ескірген. Осының салдары-

нан Орталық кітапханамыз қазіргі таңдағы оқырман сұранысын 

толық өтей алмай отыр. Соған орай,  Қазақстанда жарық көріп 

жатқан  жаңа  кітаптар,  түрлі  басылымдар  бізге  де  жетсе  екен 

дейміз. Бұл жөнінде алдағы уақытта Қазақстан мен Моңғолияның 

тиісті министрліктері  өзара келісім-шарттар жасаса дұрыс болар 

еді.  

Баян-Өлгийдегі  қазақ балаларының ана тілінде білім алуы, 



өз  халқының    тарихын,  салт-дәстүрін,  әдет-ғұрпын  танып  

білуі бүгінгі  таңда ең көкейтесті мәселелердің біріне айналды. 

Моңғолия үкіметі  қазақ балаларына  арналған оқулықтар әзірлеуге 

белгілі мөлшерде қаржы бөліп, басқа да қажетті жағдайлар жа-

сап  келеді.  Дегенмен  білікті  мамандардың  жеткіліксіздігінен 

әзірленген  оқулықтардың    көпшілік  көңілінен  шықпайтыны  да 

рас.  Сол  себепті  Моңғолиядағы  қазақ  мектептеріне  арналған 

оқулықтарды  дайындауға Қазақстан жағы да ат салысып, екі ел 

мамандары бірлесе жұмыс істесе дейміз. 

Баян-Өлгийдегі ұстаздарға Қазақстан тарапынан әдістемелік 

және  теориялық-тәжірибелік жағынан да қолдау өте керек.

Баян-Өлгийде  қазба  байлықтар  барынша  мол,  бірақ  оны 

игеретін мамандар өте аз. Соған орай біздің жастар Қазақстанның 

кәсіптік білім беретін оқу орындарында білім алуға да  ынталы. 

Біз  айтыс  өнерін  де  айрықша  қадір  тұтамыз.  Бұл  ретте 

атажұрт  Қазақстанда  айтыс  өнерінің    өрге  басқаны  бізді  де 

қуантады. Болашақты мұндай өнер бәйгесіне Қытай, Өзбекстан, 

Моңғолия  сияқты  сырт  жерлерде  тұратын  айтыс  ақындары  да 

көбірек қатыстырылса  дейміз.. 

Қаржаубай 

 

САРТҚОЖАҰЛЫ, 

тарих  ғылымдарының  докторы:  Бүгінгі 

басқосу  ерекше  тартымды,  қызықты  өтіп 

жатыр.  Ортаға  қойылған  мәселелердің 

жалғыз  Моңғолиядағы  ғана  емес,  жер 

бетіндегі  бүкіл  қазаққа  ортақ.  Мен  өзім 

де  Моңғолияның  Баян-Өлгий  аймағында 

туып-өсіп,  осы  өңірде    ұзақ  жыл  қызмет 

істегенмін.  Қазір  Қазақстанда,  Астана 

қаласында тұрамын. Яғни, екі елдің де жағдайын жақсы білемін.   

Моңғолияның  қазіргі  Парламенті    мен  Үкіметі    бұрын-соңды 

болмаған жақсы  бастамаларды қолға алып жатыр. Моңғолияның 

мұндай дәрежеге жетуіне осындағы қазақ ағайындар да өздерінің 

ылайықты  үлесін  қосады  деп  сенемін.  Кезінде  Баян-Өлгий 

аймағының басшысы болып біз де істедік қой, бірақ ол кездегі 

жағдай  қазіргіден  мүлдем  басқаша  еді.  Экономикалық  жағдай   

әлдеқайда төмен болатын.  Бірақ соған қарамастан  біз шамамыз 

жеткенше  талпындық.  Ал  енді  қазір  іс  басына  жаңа  толқын  – 

жастар келуде. Сол жастар енді іске қызу  кірісулері керек. 

Ал енді бүгінгі басқосуымыздың негізгі тақырыбына келетін 

болсақ,  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясының  мән-мағынасы  да, 

маңызы да айрықша. Жолдауда айтылған мәселелердің бәрі толық 

жүзеге  асатыны  даусыз.  Өйткені,  қазақ  жеріне  жаратқан  тәңір  

бар  байлықты  үйіп-төгіп  берген.  Осы  мол  байлықты  төкпей-

шашпай игеру қазіргі ұрпақ – бізге байланысты. Қазақстан қазір 

осы  бағытта  алға  нық  басып  барады.  Бұл  ретте  елдің  Тұңғыш 

Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  еңбегі  аса  зор. 

Ол кісі асыққан жоқ, бәрін де парасаттылықпен, байыптылықпен 

жүзеге  асырып  келеді.    Қазақстанның  барынша  көп  ұлтты 

екенін  жақсы  білесіздер.  Мұндай  жағдайда  елді  басқару  оңай 

емес.  Осындай  жағдайда  Елбасының  мемлекет  басқарудағы 

шеберлігі барынша жарқырап көрінді. Бұрын Қазақстанмен бірге 

Кеңес  одағының  құрамында  болған  Тәжікстан,  Қырғызстан, 

Өзбекстанның азаматтары Ресейге көптеп кетіп, күн көру үшін 

сол жақта жұмыс істеп жүр. Ал Қазақстан бір адамын да  сыртқа 

шығарған  жоқ.  Керісінше,  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  тари-

хи  отанына  бір  миллионға  жуық    қандастарымыз  оралды.  Бұл 

да - Елбасының өз халқына шынайы жанашырлығының айқын 

бір  көрінісі.  Болашақта  Елбасының  бұл  саясатының  одан  әрі 

жемісті жалғаса берері анық.  Яғни, қазақ халқы ұлт ретінде өсіп, 

өркендеп,  жаңа  белестерге  көтеріле  береді.  Мұндай  дамудың 

алдыңғы қатарынан Моңғолия қазақтары да өз орынын алатыны 

анық.     



Ислам 

ҚАБЫШҰЛЫ, 

тарих 

ғылымдарының 

докторы: 

Бүгінгі 


құрылтайдың  негізгі  мәселесі  –  Қазақстан 

Президентінің  «  Қазақстан  –  2050»  Стра-

тегиясын»  Моңғолия  қазақтарына  таныс-

тыру  болғаны  біз  үшін  әрі  маңызды,  әрі 

қуанышты.  Моңғолия  қазақтарының  ба-

сын  қосатын  «Алтын  Орда»  деген  мәдени 

орталық  бар.  Осы  орталықта  Елбасының 

бұл  Жолдауымен  біз  де  арнайы  танысқанбыз.  Жолдаудың  

бағдарламасы толығымен  іске асатынына кәміл сенеміз. Бұдан 

21  жыл  бұрын  Мырзатай  Жолдасбеков  басқарып,  Қалдарбек 

Найманбаев ағамыз  қостап Моңғолия қазақтарының бүгінгідей 

алқалы жиынын тұңғыш рет өткізіп еді.

Содан  бері  мұндай  байланыстың  жалғасып  келе  жатқаны 

өте  қуанарлық  жағдай.  Осыған  орай,  Қазақстан  тәуелсіздік 

алғанда оған ерекше қуанғандардың бірі - Моңғолия қазақтары 

екендігін  әрқашан  да  ұмытпағанымыз  жөн.  Кеңес  Одағы  ыды-

рап, Қазақстан жеке бөлініп шыққан тұста бізге үлкен еркіндік 

берілді.  Соның  әсерінен  Моңғолиядағы  қазақтар    Қазақстанға 

дүркіреп  көшті.  Бұл  көшке  Қазақстан  Президенті  арнайы 

ұшақтар  бөлгені  де  баршаға  мәлім.  Бұл  Қазақ  елінің  бізге 

жасаған  тұңғыш  қолдауы  емес.  Кеңес  Одағының  тұсындағы 

сонау    1924  жылдың  өзінде    бізге  Қазақстаннан  белгілі  қоғам 

қайраткері    Тұрар  Рысқұлов  келіп,  жаңадан  құрылған  Моңғол 

мемлекетіне айқын жол көрсетіп, нақты көмек берген болатын. 

Яғни,  біз  Қазақстанды  әрқашан  да  өзіміздің  үлкен  тірегіміз, 

дүниежүзіндегі  қазақ  ұлтының  ұйытқысы,  қарашаңырағы  деп 

бағалаймыз. Менің өзім Қазақстанға сан рет арнайы  сапармен 

бардым.  Осыған  орай,  бірнеше  нақты  ұсыныс-тілек  айтқым 

келеді. Бүгінгі таңда Моңғолияда 76 телеканал жұмыс жасайды. 

Қазір  біз  Азиядан  бастап  Америкаға  дейін  бүкіл  елді  көреміз. 

Тек    Ұланбатырда    отырып    Қазақстанды  ғана  көре  алмай-

мыз. Жалғыз  Ұланбатыр ғана емес Шарынгол, Дархан сияқты 

қазақтар  біршама  көп  тұратын  өңірлердегі  жағдай  да  осыған 

ұқсас. Бұрын «Қазақстан» телеарнасы бізге де хабар таратушы 

еді, соңғы уақытта әртүрлі себептермен одан көз жазып қалдық. 

Бұл  мәселені  Қазақстанның  тиісті  орындарына  әлденеше  рет 

айтып,    өтініш  білдірдік.    Ол  мекемедегілер  бұл  мәселе  толық 

шешіледі    деп  уәде  де  берген.  Бірақ  әзірше  ешқандай  нәтиже 

шықпай  отыр.    Әйтеуір  бір  жақсы  жері,  біз  қазақша  хабарды 

Қытайдың  Шыңжаң  аймағынан  берілетін  «8-і»  арна  арқылы 

көріп    отырмыз.  Бұған  да  шүкіршілік!..  Дегенмен,    Қазақстан 

тарапынан  қолдау  мен  көмек  ерекше  болғаны  дұрыс.  Мысалы, 

сонау Ұлы Отан соғысы кезінде, Баян-Өлгей аймағы жаңа орнап 

жатқанда Қазақстанның мамандары мен мұғалімдері келіп бізге 

мектеп  ашуға  көмектескен,  дәріс  берген.  Осының  нәтижесінде 

Моңғолиядағы қазақ мектептері 1992 жылға дейін білім беруді 



13

МЕНІҢ Е


ЛІМ – ҚА

ЗАҚСТ


АН

Қазақстанның бағдарламасы бойынша жүргізіп келді. Бірақ қазір 

ол тоқталған. Соның салдарынан біздегі  қазақ жастарына білім 

беру  бағдарламасы  бір  жүйеге  түспей  отыр.  Осы  мәселені  екі 

елдің білім беру мекемелері  бірлесе отырып қолға алса дейміз. 

Ендігі бір мәселе екі ел арасындағы әуе қатынасына байланы-

сты. Бұрын Өскемен мен Өлгей қаласының арасына ұшақ ұшатын 

еді. Екі жыл болды – бұл қатынас тоқталды. Моңғолияның бұл 

жөніндегі мекемелерінен сұрасаң,  кінәны Қазақстанға артады. 

Қазақстан жағы мәселе Моңғолияға тіреліп тұр дейді. Әйтеуір, 

әзірше  ешқандай  нәтиже  жоқ.  Бір  таңқаларлығы,  Моңғолияда 

бірде  бір  қырғыз  ұлтының  өкілі  жоқ,  соған  қарамастан 

Қырғызстан  астанасы  Бішкек  қаласы  мен  Ұланбатырдың  ара-

сына ұшақ қатынайды. Моңғолияда жүз мыңнан астам қазақ бар 

екенін бәріңіз де жақсы білесіздер. Соңғы жиырма жылда  бұл 

елден Қазақстанға көшіп барған қазақтардың саны да осындай 

мөлшерге жетіп қалған шығар. Ал халық бар жерде торқалы той, 

топырақты өлім болады. Соған орай, жағдайы көтеретін қазақтар 

бұрын  Қазақстанға  Мәскеу  мен  Бейжің  арқылы  қатынайтын. 

Енді қазір Бішкек арқылы баратын болдық. Моңғолиядан ұшаққа 

отырып Қазақстанға тіке баратын күн қашан келеді?!.

Осыдан  төрт-бес  жыл  бұрын  Ұланбатыр  қаласында  қазақ 

мәдени  орталығы  ашылып  еді.  Ол  орталықты  Қазақстан  жағы 

қаржыландырып тұрған. Қазір оның жұмысы тоқтауға айналған.

Бүгінгі  бас  қосуымызды  Қазақстанның  Ш.Уәлиханов 

атындағы  Тарих  және  этнология  институтының  директоры 

Хангелді  Әбжанов  мырзаның  өзі  жүргізіп  отыруы  да  біз  үшін 

қуанышты  жағдай.  Өйткені,  Моңғолия  қазақтарының  тарихы 

да  жалпы  қазақ  халқының  тарихының  бір  бөлігі.  Соған  орай, 

тарихымызды зерттеу мен  зерделеуде Қазақстан мен Моңғолия  

ғалымдары бірлесіп көп  жұмыс жүргізуге тиіс. 

Сұлтан 

ТӘУКЕЙҰЛЫ, 

тарих 

ғылымдарының  докторы:  Қазақстан 

мен  Моңғолияның  арасындағы  саяси-

экономикалық,  мәдени-рухани  қатынастар 

жақсы  өрбіп  келеді.  Осыған  орай, 

Қазақстанның  инвестициясын  Моңғолияға 

барынша көбірек  алып келсек өте жақсы бо-

лар еді. «Қазақстан-2050» Стратегиясының 

жарыққа шығуы бұған нақты жол ашады деп 

сенеміз.  Бұл  Стратегия  Қазақстанның  жаңа  серпілісі,  халықты 

болашаққа  меңзеген  үлкен  бағдарлама,  енді  осыны  орындауға 

жан-жақты ат салысуымыз керек.  Мысалы, Стратегияның  3-ші 

бөлімінде  мемлекеттік  тіл  мәселесіне  айрықша  көңіл  бөлінген. 

Осы  игі    іске  тек  Қазақстандағы  ғана  емес,  дүниежүзіндегі 

бүкіл    қазақ  қолғабыс  көрсетуі  тиіс.  Бұл  ретте  Моңғолиядағы 

қазақтардың  мүмкіншілігі  айрықша  мол.  Мысалы,  Баян-Өлгий 

аймағы сияқты өңірлерде қазақ тілі барынша жақсы сақталған, 

қазақ  мәдениеті  мен  ұлттық  тарихымыздың  мұраларының 

қоры да барынша мол. Осы бай мұраны зерттеуді Қазақстанмен 

бірлесіп қолға алуға тиіспіз. 

Екіншіден, Қазақстан мен Моңғолияның арасындағы мәдени 

байланысты қазіргіден де  күшейту қажет. Бүгінгі мәжілісімізге 

қатысып  отырған  Қазақстан  Парламенті  Мәжілісінің  депутаты 

Әлихан Тойбаев мырза біздің осы тілегімізді құзырлы орындарға 

жеткізер деп үміттенеміз. 

Жалпы,  Қазақстанның  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігі 

мен  Моңғолия  Мәдениет  министрлігінің  арасында  тығыз  бай-

ланыс  өте  қажет.  Қазір  бұл  жөнінде  біраз  жақсы  мәселелер 

қолға  алынуда.  Осы  орайда  Моңғолия  үкіметінің  осындағы 

қазақ  мәдениеті  мен  өнеріне  деген  көзқарасының  өте  жақсы 

екендігін де  айта кеткен жөн. Әсіресе, қазақ театрына айрықша 

назар  аударып  отыр.    Тіпті,  бұл  мәселені  ЮНЕСКО-ға  дейін 

жеткізейік деген ұсыныс жасады. Бірақ театрдың көп мәселесі, 

әсіресе мамандар дайындау қалайда Қазақстанға барып тіреледі. 

Театрымыздағы бұрыңғы мамандардың біразы атамекенге көшіп 

кетті, біразы бақилық болды – енді солардың орынын басатын 

мамандарды даярлауға, сахнаны материалдық тұрғыдан жаңадан 

қайта  құруға  көмек  керек.  Сондай-ақ,  Астана  мен  Алматының 

өнер академияларында  моңғолиялық қазақ жастарын қабылдап, 

тәрбиелеу қолға алынса дейміз.

Екінші  бір  мәселе  –  қазақ  халқының  тарихына  байланыс-

ты.  Соңғы  уақытта  Қазақстанда  тарихқа  айрықша  назар  ауда-

рыла  бастады.  Бұл  –  Моңғолиядағы  қазақ  тарихшылары  үшін 

айрықша қуанышты жағдай. Өйткені, қазақ халқының тарихына 

қатысты құндылықтардың бір бөлігі Моңғолияда жатыр. Мұнда 

түркі  заманының,  ғұндар  заманының  ашылмаған,  зерттелме-

ген  ескерткіштері    барынша  мол.  Тек  Баян-Өлгий  аймағының 

өзінен  біздің  ежелгі  тарихымызға  қатысты  8  мыңнан  астам 

ескерткіштердің  тізімі  жасалды.  Болашақта  бұл  өңірден  әлі 

де  талай  алтын  адамның  табылуы  әбден  мүмкін.  Соған  орай 

Қазақстанның ғалымдары арнайы экспедициялар ұйымдастырып, 

бұл өңірге жиі келуге тиіс. 

Бүгінгідей  бас  қосуда  айтылуға  тиіс  үшінші  бір  маңызды 

мәселе – Қазақстаннан келетін кітаптар мен газет-журналдарға 

қатысты.  Кешегі  Кеңес  Одағы  кезінде  біз  бұл  мәселені 

бүкілодақтық  «Союзпечать»,  «Союзпочта»  сияқты  мекеме-

лерге  тапсырыс  беру  арқылы  оңай  шешетінбіз.  Кеңес  Одағы 

тарағаннан  кейін  ол  мекемелер  де  жұмысын  тоқтатты.  Неге 

бұлай?!. Кеңес Одағының тұсында еш қиындықсыз жүзеге асқан 

байланыс бүгінгідей заманда неге тоқырап қалды?! Осы мәселе 

біздің бәрімізді де ойландыруы керек!. 



Темірхан    КӘБДИҰЛЫ,    ұстаз: 

Қазақстан 

Президентінің 

«Қазақстан 

– 

2050» 


Стратегиясында 

біртұтас 

қазақ  халқының  болашақ  дамуы  жан-

жақты  қамтылған.  Бізді,  әсіресе  ұлттық 

мәдениет,  ана  тілі  жөнінде  алға  қойылған 

мәселелер  ерекше  қызықтырады.  Өйткені 

біз    атажұрттан  алыста  тұрсақ  та  өз 

мәдениетімізді,  салт-дәстүріміз  бен  әдет-

ғұрыпымызды,  ана  тілімізді  қаз-қалпында  сақтап  дамыта  бер-

сек  деп  жүрген  қазақтардың  біріміз.  Бұл  жиынға  менімен 

бірге  Шарынгол  аймағынан  Ермұрат,  Маратхан  деген  азамат-

тар келіп отыр. Біз осы азаматтармен бірлесіп өз аймағымызда 

қазақ  тілі  мен  қазақ  мәдениетіне  арналған  бірнеше  фестиваль 

өткіздік. Бұл фестивальдің мақсаты – жас ұрпағымызды ана тілін 

ұмытпауға,  өз  мәдениеті  мен  салт-дәстүрін  сақтауға  тәрбиелеу. 

Соған орай, фестивальдің бағдарламасына ұлттық өнер көрмесін 

ұйымдастыру,  ұлттық  ойындар  өткізу  сияқты  іс-шаралар  кірді. 


14

АЛТЫН БЕСІК – А

ТАМЕКЕН 

    


Фестиваль барысында Моңғолияның түкпір-түкпірінде тұратын 

қазақтардың  бір-бірімен  танысып,  білісуіне  айрықша  көңіл 

бөлдік.  Сөйтіп  мұндай  бас  қосуды  екі  рет  өткізгеннен  кейін 

кезекті  ең  мықты  зиялыларымыз  отырған  Ұланбатырға  бердік. 

Ұланбатырлық ағайындар  осы жақсы істі одан әрі жалғастырады 

деп үміттенеміз. 

Алдағы  уақытта  Моңғолияға  тек  Қазақстандағы  ағайындар 

ғана емес, өзге елдердегі қазақтар да келіп тұрса деймін. Мыса-

лы, Ресейдегі буряттар Ұланбатырға келіп, арнайы әдебиет пен 

өнер  фестивалін  өткізді.  Міне,  сол  сияқты  бізге  де  Қытайдың 

өзімізбен  көршілес    Шыңжаңдағы  қазақтар  келіп,  мәдени  іс-

шаралар  ұйымдастыруына  әбден  болар  еді.  Болашақта  осы 

мәселенің мүмкіндігін қарастырған жөн.

Жас ұрпаққа ана тілінде білім беру мәселесі бізді де  барын-

ша ойландырады. Жақында аймақтық оқу бөлімінен мектептер-

де қазақ тілін оқыту жөнінде арнайы рұқсат алған болатынбыз. 

Енді осы мүмкіндікті ойдағыдай жүзеге асыру үшін бізге қазақ 

тіліндегі оқулықтар жөнінен арнайы көмек керек.



Ержан  ҚАБЫШАЙ,  Моңғолияның 

жол және көлік вице-министрі: Негізінен, 

дөңгелек үстелге қатысушылар көп нәрсені 

қамтып  айтты,  аймақ  басшылары  да  өз 

тілектерін білдірді; соған орай мен қысқаша 

ғана бірер мәселеге тоқталайын. Қазақстан 

бізге  сонау  30-40  жылдардағы  қиын  кезде 

де қол ұшын берген; қазірде де көмектесіп 

келеді.  Мұны  Моңғолиядағы  ағайындар 

жақсы түсінеді, біледі. Соған орай  атажұртқа қол созып, қарап 

отыра  бермей,  екі  ел  арасындағы  байланысты  қазіргіден  де 

жақсартып, жаңа деңгейге көтеруге өзіміз де үлес қосуымыз ке-

рек.  Мұндай  байланысты  нығайтуға    Қазақстан  Президентінің 

«Қазақстан – 2050» Стратегиясында көтерілген міндет-мақсаттар 

толық  мүмкіндік  береді.  Бұл  Стратегияда  инфрақұрылымға, 

әсіресе,  көлік  пен  байланыс  мәселесіне  айтарлықтай  назар 

аударылған.  Демек,  алдағы  уақытта  Қазақстан  мен  Моңғолия 

арасындағы    байланыстың,  әсіресе,  көлік  қатынасының 

қазіргіден  де  әлдеқайда  жақсаратынына  сенім  мол.  Бұл  ретте, 

біз  үшін  Моңғолияның  Баян-Өлгий  аймағы  мен  Қазақстанның  

Шығыс Қазақстан облысының арасындағы 64 шақырым жолдың 

маңызы ерекше. Бұл жолды біз атажұртқа баратын төте жол деп 

атаймыз.  Бірақ  бұл  жол  Ресей  жерімен  өтеді.  Қазір  Қазақстан 

мен Ресей кедендік одаққа бірікті, соған орай бұл жолды қатарға 

қосу болашақта өз шешімін табады деп сенеміз. Егер бұл мәселе  

шешілсе  моңғолиялық  қазақтардың  Қазақстанға  барыс-келісі 

барынша жеңілдер еді. Мұндай жолды салып, пайдалануға беру 

–  ең  алдымен  экономикалық  жағынан  тиімді.  Мысалы,  қазір 

Қазақстан  арқылы  Қытайдан  Еуропаға  баратын  жол  салынып 

жатыр. Міне осыған орай, Қазақстан,  Моңғолия және Ресей үш 

ел бірлесіп қолға алса, 64 шақырымдық жол мәселесінің оп-оңай 

шешілетіні анық.

Жол  және  көлік  қатынасы  саласында  қызмет  істеп 

жүргендіктен  жұртшылық  менен  Қазақстанмен  екі  араға  ұшақ 

қашан  ұшады  дегенді  жиі  сұрайды.    Қазақстанға  қатынайтын 

ұшақ  2011  жылдан  бері  тоқтап  қалды.  Оның  әртүрлі  себептері 

болды; қазір оның бәрін айтып жатудың пайдасы шамалы. Енді 

осы ұшақтың ұшуын қайта қалпына келтіруіміз керек. Қазір бұл 

жөнінде нақты келісім-шарттар жасалынуда. Қазақстанның жаңа 

елшісі Қалдыбек Қобыландин келгеннен бері бұл мәселе нақты 

қолға алынуда. Мен өзім жақында осы жөнінде Қазақстанға ар-

найы іссапармен барып қайтпақшымын. Моңғолияның құзырлы 

мекемелері  Қазақстанмен  екі  арада  ұшақ  ұшқанын  толық 

қолдайды.  Сондықтан  да  жақын  арада  ұшақ  мәселесі  нақты 

тұрақтанады деп отырмыз.   

Ендігі  бір  маңызды  мәселе  –  екі  ел  арасындағы  автокөлік 

қатынасы.  Бұл  жөнінде  де  нақты  келісім-шарт  қажет.  Бүгінгі 

таңда  екі  ел  арасындағы  көлік  қатынасын  қамтамасыз  ететін 

жалғыз-ақ    компания  бар;  және  оның  да  мүмкіндігі  шектеулі. 

Болашақта осы жағдайды қайта қарап, барынша күшейтуіміз ке-

рек.


Сондай-ақ,  мені  Моңғолиядағы  қазақтардың  білім 

саласындағы  жағдайы  үнемі  ойландырады.  Шығыс  Қазақстан 

университетінің  Баян-Өлгийдегі  бөлімшесінің  қазіргі  жағдайы 

біршама қиын. Осы мәселе де өз шешімін табуға тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет