Ыстық ықлас, достық байланыс Қытай төРАҒасының



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата15.03.2017
өлшемі12,48 Mb.
#9521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

30

АЛТЫН БЕСІК – ЖЕР ЖҮЗІ

күшін  салды.  Әрине,  ондағы  өзге  ұстаздар  да  алыстан  келген 

қандасымыз  ғой  деп  өз  білімдерін  бүкпесіз  көкейіме  сіңіріп, 

өнерге деген құлшынысымды арттыра түсті. 

-  Өнер  туындысын  сапамен  емес,  санмен  өлшеген  дұрыс 

бола  қоймас.  Десе  де,  жалпы  шығармашылығыңыз  туралы 

тоқтала кету керек сияқты...

-  Бұл  сөзің  өте  орынды.  Өнер  туындысын  жоспарлы  түрде 

сан толтыру үшін жазуға болмайды. Алайда, дүниеге тек қана са-

палы дүние әкелем деу де ағаттық. Сан бар жерде сапа да болады 

емес пе?!. Мүмкін, өзіңіз елемейтін кейбір  туындыңыз халыққа 

қатты ұнап қалуы ғажап емес. Ал өзіңіз шығармашылығымның 

шоқтығы    деген  туындыңыз,  керісінше,  тыңдарман  қауымның 

құлағына  жақпай  қалуы  мүмкін.  Өйткені,  өнерді  де,  өзіңді  де 

бағалайтын - халық. Ешуақытта халықтан асырып өзіңе және өз 

еңбегіңе баға бере алмайсың. Соған орай, мен өзім шығарған ту-

ындыларымды санай бермейтінмін. 2000 жылы Үрімжі қаласында 

жеке  шығармашылдық  кешімді  өткіздім.  Осы  орайда  нем  бар, 

нем  жоқ  деген  сұрақ  туындады  да,  барлық  шығармаларымды 

жинақтауым қажет болды. Сол кезде байқасам. 200 жуық ән жа-

зыппын.  Әндерімнің  көбі  ертеректе  шыққан  екен  де,  кейбірін 

өзім де ұмыта бастаппын. Оларды ел ішіндегі өнерпаздар есіме 

салды.

- Қай туындыларыңыз сізді сазгер ғана емес, тұлға ретінде 

қалыптастырды деп ойлайсыз?

-  Жоғарыда  айтып  өткенімдей,  сазгердің  барлық  туынды-

сы  сәтті  шыға  бермейді.  Менің  шығармаларымның  арасынан 

«Сары дала», «Қайдасың?», «Мен неге ұмытамын?», «Көктемгі 

сағыныш»,  «Бойжеткен»,  «Бұл  мекен»,  «Жолыңа  жүрмін 

қарайлап»  сияқты біршама әндер жұрт жүрегінен айрықша орын 

алды.  Мәселен,  Отанбек  Еңсеханұлы  орындап  жүрген  «Сары 

дала» әнінің дүниеге келгеніне жиырма жылға жуықтап қалды. 

Бірақ халық оны  күні бүгінге дейін тыңдаудан жалыққан емес. 

Кейінгі кездері Ақбота Керімбекова орындап жүрген «Көктемгі 

сағыныш» та дәл солай. 

- «Ән мен әнші егіз ұғым» дейді. Сіз қалай ойлайсыз?

-  Бұл  сөздің  жаны  бар.  Бір  әнді  әншісі  кез  болып  шегіне 

жеткізіп орындаса ән де, әнші де халықтың жүрегінен ойып орын 

алады. Ал ән қанша мықты болғанымен  орындаушысы келіспесе 

бабы  келмеген  жүйрік  іспетті  бағы  жанбайды;  халық  жүрегін 

көмбе етіп жан ұшыра жүгіргенімен жүлде ала алмайды. Әнші 

де – сол!.. Мың жерден керемет даусы болғанымен өзінің оң жам-

басына келетін ән жолықпаса қатардағы әншілердің бірі болып 

жүре береді.

- Ата-анаңыздың азан шақырып қойған есімі Бекеш болма-

са керек, солай ма?..

- Менің азан шақырып қойған есімім Бекмұхамед екен. Бала 

күнімде ол есімді балаға ауыр болады деп, әрі еркелетіп «Бекеш» 

деп  қысқартып  атапты.  Кейін  келе  азан  шақырып  қойған  бұл 

есімім сирек қолданылатын болды да, «Бекеш» атым өзімнің де, 

халықтың да  құлағына  сіңісті болып кетті. Көп адамдар менің 

азан  шақырып  қойған  есімімнің  бар  екенін  де  біле  бермейді. 

Сіздің қайдан біліп,  қалай сұрап қалғаныңызға өзім де  таңданып 

отырмын... 

-  «Шынжаңдағы  қазақтардың  ән  өнері  тоқырауға 

ұшырады», - деген  пікірге не дейсіз?

 

-  Ән  өнері  Шынжаңда  ғана  емес,  бүкіл  дүниежүзі  бой-



ынша  тоқырауға  тап  болып  отыр.  Нарықтық  экономиканың 

күн  санап  күшеюі,  техниканың  дамуы,  компютерлі  қоғамның 

интернеттік  желісі  шоу  бизнестің  жолын  кесіп  отыр.  Торапта-

су – әлемдік жаһандануға жол ашып берді. Соған орай, ұлттық 

өнердің қаймағын бұзбай сақтап қалуға үлкен күш қажет болып 

отыр. Жастар шетелдің ырғағына әуес болып барады. Ендігі бір 

мәселе,  әлемдік  қаржы  дағдарысы  да  өнердің  дамуына  өзіндік 

көлеңкесін  түсіруде.  Шынжаң  өлкесі  де  -  әлемнің  бір  бөлшегі. 

Сондықтан мұндай  тоқырау бізді  айналып өтеді дегенге   ешкімді 

сендіре  алмасымыз  анық.  Бірақ,  құдайға  шүкір,  халық  арасын-

да ашылмай жатқан қазына, жарық көрмей жатқан шығармалар 

жеткілікті.  Бүгінгі  таңда  мемлекет  тарапынан  Шынжаңдағы  аз 

ұлттардың  мәдениетін  дамытуға  ерекше  көмек  жасалып  отыр. 

Осы мүмкіндік мұндай олқылықтардың орнын толтырады деген 

ойдамын.

-  Туындыларыңыздағы  сахаралық  сарынды  қандай 

құдіретпен байланыстырасыз?

-    Менің туып өскен жерім - Буратала монғол облысы. Аты 

айтып тұрғандай, бұл облыста монғол ұлты басым қоныстанған. 

Буратала монғолша атау; қазақшасы «бура тал» дегенге келеді. 

Мен  кішкентайымнан  қырда  өстім.  Тау  мен  даланың  табиғаты 

менің қанымда тулап тұр. Әркез алыс сапарға шыққанда көліктің 

терезесінен сол далаға қарап «Мүмкін осы арада ата-бабалары-

мыз қылыш, қалқан көтеріп жауға шапқан болар; ал анау жер-

де  ғашықтар  сырласып  отырған  шығар»,  -  деп  үнемі  сан  түрлі 

ойда  жүремін.  Адамның  шығармашылдығына  балалық  шағы 

әсер  етпей  қоймайды  екен.  Қалада  тұрғаныма  қанша  жылдар 

болса да сол бала күнгі алысып-жұлысып ойнаған жерлер, сама-

лы кекілімді сылап өтетін сахара жатсам-тұрсам көз алдымнан 

кетпейді. Сөйтіп, жиі-жиі ойға батамын. Жүре келе осы ой әдемі 

әуенге айналып, шығармама арқау болады. Әрине, қазақ десе көз 

алдыңызға бірден көшпенділер мәдениетінің жалғастырушысы, 

киіз  туырлықты  сахара  халқы  елестейтіні  анық.  Қазіргі  таңда 

қалада тұрып жатсақ та мен өзімді сахаралықпын деп есептеймін. 

Тек менің шығармаларымда ғана емес, жалпы, қазақ музыкасын-

да сахара сарыны басым. 



- Өзіңізді жиі бақытты сезінесіз бе?

- Әрине, мен бақытты жанмын!.. Ұлтың, халқың үшін қызмет 

етуден артық бақыт бар ма?!.  Қазіргі таңда Үрімжі қаласында 

тұрамын.  Музыка  оқулықтарының  сапалы  шығуына  жауап 

беремін. Балаларымның - әкесі, жанұямның - отағасымын. Дос-

жаран,  туыс-туғандарымның,  елімнің  ортасында  сыйлымын!.. 

Міне сол үшін де өзімді  бақытты сезінемін. 

-  Арнайы  уақытыңызды  қиып,  сұрағымызға  шынайы 

жауап  бергеніңіз  үшін  Сізге  көп-көп  рахмет  айтамыз! 

Шығармашылығыңыз шырқау биікке көтеріле берсін!..

Тұрсынбек КЕШУБАЙ 


31

ӨНЕР ЖҰЛДЫЗ

ДАРЫ

– Сұхбаттың шымылдығын өнердегі 

жаңалықтарыңызбен  ашсаңыз  қалай 

болар екен?

–  Өкінішке  орай,  ауыз  толтырып  ай-

татын  жаңалықтарым  жоқ  болып  тұр.  

Құдай қаласа, үлкен ән кешіне дайындық 

үстіндемін.  Жаңа  әндер  жазылып  жатыр. 

Тағы  бір  жеке  ән  кешін  беру  уақыты  да 

келіп қалды деп ойлаймын. 

– Соңғы рет шығармашылық кешіңіз 

қашан болып еді? 

– Соңғы концертімді 2003 жылы Алма-

тыда берсем, 2004 жылы Астана қаласында 

қойдым.  Одан  бері,  міне  бірталай  уақыт 

өтті.  Бірақ,  облыс  орталықтарында 

тыңдармандарыммен  қауышып  жүремін. 

Көктемде  Шымкент  қаласында  ән  кешін 

қойдым.  Жалпы,  жеңіл  концерттер  беріп 

тұрамын,  ал  үлкен  шығармашылық 

кештердің  қойылмағанына  шынымен-ақ 

біраз болған екен. 

–  Сахнада  көрінбей  кеткеніңізді 

халық жақсы біледі. Оның себебін қалай 

түсіндірер едіңіз?

–  Соңғы  кездері  кештерге  онша  көп 

шығып  жүргенім  жоқ.  Шақыртуларға 

да  бара  қоймаймын.  Ол  –  шындық. 

Оның  себебін  шынымды  айтсам  өзім  де 

білмеймін.  Әйтеуір,  осындай  кезеңнің 

белуарыңда тұрған шығармын. 

–  Осы  жерде  отбасыңызға  байла-

нысты  бір  сұрақ  қойғым  келіп  отыр. 

САХНАДА СЫҢҒЫРЛАТЫП 

ӘН САЛҒАН...

жіңішке  екі  өрім  етіп  өріп,  ұшына  үлкен 

бантик  тағып  беретін.  Ондай  қызға 

жігіттер де қарай бермейтін...



-  Анаңызға  әлі  ренжулі  сияқтысыз 

ғой...

-  Ренішім  жоқ,  керісінше  кейіннен 

анама  «Мама,  мені  қалай  жақсы 

тәрбиелегенсің...»  деп  көп  рахмет  ай-

тып  жүрдім.  Себебі  балалық  шағымды 

ештеңеге  алаңсыз,  тек  оқумен  өткізуіме 

мүмкіншілік  берді.  Тіпті,  кейде  егер  сол 

кезде сезім мәселелері мазалайтын болса 

өнердің биік шыңына жетпес пе едім деп 

ойлаймын.  Себебі  болашақтан  көп  үміт 

күттім.  Кейін  әдемі  қыз  боламын,  оқуға 

түсемін,  сонда  жігіттермен  жүремін, 

үлкен сахнаға шығамын деп армандадым. 

-  Бүгінде  сіздің  де  қызыңыз 

бар.  Анаңыздан  көрген  тәрбиені 

қаншалықты жүзеге асырып отырсыз?

-  Расында  тура  анам  сияқты 

тәрбиелеуге  тырысамын.  Достарымен 

кездесіп қыдыратын жерлердің барлығына 

өзім  апарып,  сыртынан  қарап  жүремін. 

«Басқалардың  мамасы  олай  істеп  жүрген 

жоқ қой...» деп тағы ренжиді. «Енді саған 

кедергі  етпеймін  ғой,  алыстан  қарап 

жүремін...» деп мен де бой бермеймін. 

-  Мәссаған,  кейін  күйеуге  тигенде  не 

істейсіз?

- Әлі кішкентай ғой, бойжеткенде бір 

мәнісі болар...

- Қандай шетелдерде болдыңыз?

-  Кеңестік  кезден  бастап  санайтын 

болсам...  Аяғым  жеткен  біраз  мемлекет-

терде болдық қой.



-  Ендеше  шетелге  қатысты  орын 

алған қызықты оқиға айтып беріңізші...

- 1993 жылы біраз жылдар бойы бірге 

жүрген  жігітіммен  үйленемін  деп  шешіп  

отырғанбыз.  Бірақ  аяқасты  Америкаға 

гастрольмен  кететін  болып,  тойды  кейін 

шегеруге тура келді. Бірақ жігітім Фархат: 

«Саған Америка керек пе, әлде мен бе?!» 

деп рұқсатын бермеді. Мен не Фархатты, 

не Американы қимай қатты қиналдым. Бір 

кезде  қатты  ашуланып  кетіп  бара  жатты. 

Мен  артынан  жүгіріп  барып  құшақтап: 

«Фархат,  сен  енді  маған  келмейсің  бе?» 

деп жыладым. Оның да көңілі босап кет-

кен  «Келем  ғой...»  деп  қояды.  Сөйтіп, 

ақыры «Америка қайдасың?!» деп барып 

келдім.


-  Халқыңызға  айтар  тілегіңіз  бар 

шығар?

–  Үнемі  халықтың  амандығын  тілеп 

отырамыз,  әрине.  Еліміз  аман  жұртымыз 

тыныш  болсын.  Отанымның  берекесі 

кетпесін...

- Әңгімеңіз үшін көп рахмет! Сізге де 

сондай тілектемін.

Айдана АЛАМАН

Кезекті  бір  сұхбат  беруіңізде  сіз 

«қызым өнер жолын таңдайтын 

болса,  қолдаймын»  депсіз.  Жал-

пы, қызыңыз өнердің қай саласы-

на бейім?

–  Аллаға  шүкір,  қызымның 

менің  жолымды  қуатын  ойы  бар, 

оған  өзім  қуаныштымын.  Қызым 

домбырада  күй  ойнайды.  Әрине, 

өнердің  қай  жолын  таңдаса  да 

әрқашан 

қолтығынан 

демеп, 

қолдау көрсетемін. Биыл 9 сынып 



бітіріп,  Чайковский  атындағы  му-

зыка  колледжіне  ұлттық  аспаптар 

факультетінің  домбыра  бөліміне 

оқуға түсіп жатыр. Оқуын аяқтаған 

соң  басқа  салаға  ауысып  кетсе, 

оған  ешқарсылығым  болмайды. 

Өйткені, баланың тағдырына бөгет 

болғым келмейді. 



–  Өзіңіздің  мамандығыңыз 

өнерден  алыстау...    Ал  жалпы 

өнер  ордасына  келуіңізге  кімнің 

ықпалы болды?

– Маған ешкім де ықпал еткен 

жоқ.  Өзімнің  құштарлығыммен 

келдім. 


Алматыдағы 

Абай 


атындағы  қазақ  педагогикалық  институ-

тына  химия  биология  пәні  мамандығына 

түстім.  Сонау  студенттік  шақтан  бастап 

бойымдағы  дарынымды  байқап,  қолыма 

гитарамды  ала  жүріп  түрлі  жарыстарға 

қатысып, бағымды сынап көрдім. Өнерден 

құралақан емесіме сенімді болдым. Кейін 

оқуды  аяқтаған  соң,  университете  ұстаз 

бола жүргенімде телевизия, радионың ре-

дакторларынан  шақыртулар  түсіп,  кейін 

концерттерге шыға бастадым. Аспиранту-

раны оқи жүріп, әншілікті қатар ұстадым.



– Бұрыңғы қазақтар қыздарын өнер 

жолына  түсуіне  қарсы  болушы  еді.  Сіз 

де  сол  қиыншылықтарды  жеңген  әнші 

қыздардың қатарындасыз ба?

–  Расында,  ата-анам  бізді  қатал 

тәрбиеледі.  Қатал  болғанда  ұрып  соққан 

жоқ. Тек психологиялық тұрғыда ақылмен 

айтып  жеткізетін.  Мысалы,  құрбыларым 

сабақты  жақсы  оқымаса  да  жігітпен 

жүргесін  шаштарын  неше  түрлі  қылып 

жасап,  құлақтарына  әдемі  сырға  тағып, 

қасын  бояп  жүретін.  Жігіттер  де  соларға 

көп  көңіл  бөлетін.  Мен  де  солай  әдемі 

болып жүргім келді. Алайда анам «Кейін 

оқуға  түскенде  әдеміленіп  аласың.  Қазір 

кішкентай болып жүр. Себебі кейін  бала 

болғың  келсе  де  бола  алмайсың.  Үлкен 

өмірге  асықпа...»  деп  рұқсатын  бермеді. 

Шашым  кереметтей  ұзын  болып  өспеді 

де  және  өте  жұқа  болды.  Сонда  да  жіп-

Гүлмира Ақүрпекова, 

әнші:


32

АЛТЫН БЕСІК – А

ТАМЕКЕН

Аңыз – фольклордың бір жанры, ол  дүниедегі барлық ұлттың 



сөз өнерінде кездеседі.

Аңызды – грекше legenda, орысша – сказание, парысша – аф-

сена, ұйғырша – әфсәні, қытайша – шуан уын  деп атайды. 

       Аңыз – адамдардың жаратылыс пен қоғам даму заңын 

тануын, наным-сенімін, арман-тілегін бейнелейтін ақыл-парасат 

туындысы, ауыз әдебиетінің бір түрі.

Қазақ  халқының    аңызын  зерттегенде,  оны    елдің  бастан 

кешірген саяси-әлеуметтік, кәсіптік-шаруашылық, мәдениет пен 

өнер,  этникалық  қалыптасу  тарихынан  бөліп  қарастыруға  бол-

майды. Бұл ретте, қазақ халқының бір кезде бүкіл түрік тектес 

халықтармен  төркіндес,  тағдырлас  өмір  сүргенін  ешқашанда 

ұмытпаған жөн. 

Тарихқа, тарихи мұраға, міне, осы жүйе бойынша қарағанда, 

қазақ халқының аңыз-әңгімесін тудырған бірнеше  үлкен қайнар 

бар екенін байқаймыз.

Мысалы,  қазақ  аңызы  қазақ  халқының  араб,  парсы,  үнді, 

орыс, қытай, тағы басқа ұлттармен болған саяси, экономикалық, 

сауда, мәдениет алмасуының нәтижесінде сол ұлттардың аңыз-

әңгіме,  ертегі,  хисса-хикаяттары  қазақ  халқына  жеткенде,  олар 

қазақша  рең  алып,  қазақтың  өз  аңызы  болып  тараған.  Әсіресе, 

алғаш VIII ғасырдан басталып, XVI ғасырларға дейінгі кезеңде 

қазақ  халқының    рухани  мәдениетінде  ислам  дінінің  ықпалы 

ерекше    болды.  Осы  ғасырларда  араб  аңыздары  ислам  дінімен 

бірге  тарады.  Оның  ішінде  діндік  аңыз  да,  халықтық  аңыз  да 

бар  еді.  Арабтың  атақты  жазушысы  Әбул-Әбла  Әл  Мабрри 

(973-1057) бүтін арабтың тарихтағы аңыз, ертегілерін жинақтап 

«Мың бір түн» атты кітап жазып шықты; оны қазақта алғаш рет 

Тұрмағанбет, онан Жүсіпбек, онан Қалмұқан аударып таратты. 

Сондай-ақ,  осы  кезеңде  шығыстың  «Ләйлі  –  Мәжнүн», 

«Хүсрау-Шырын»  «Таһир  –  Зуһира»,  «Жүсіп-Злиха»,  «Сәйфул 

Мәлік  -  Жамал»,  «Мұңлық-Зарлық»,  «Шәкім  –  Шәкірат», 

«Жұмжұма», «Зарқұм», «Сал-сал соғысы»,  «Жиһанша» қатарлы 

хиса-дастандарын Рапхузи, Әли, Сайып Сарай, Ахмет Құрмаши, 

Құсам Кәтип, Құтып, Сайдахмет, Дубек, Шәді төре, Тұрмағанбет, 

Ақыт, Жүсіпбек, Қалмұқан сияқты қаламгерлер қазақыландырып 

қайта жырлады.

Қазақ  аңыздарының  қалыптасуының    екінші    қайнары  - 

қазақ  халқының  түркі  тектес  туысқан  ұлттармен  тағдырының 



ҚАЗАҚ ТАРИхЫ:

АҢЫЗ бЕН шЫНдЫҚ

ұқсас, мәдениетінің жақын болуы. Яғни,  біздің дәуіріміздің 522 

жылы шығыста Алтай тауын, батыста Каспий теңізі жағалауын, 

Сыр  бойын,  Жоңғар  Алатауы  мен  Тянь-Шаньды  мекендеген 

түркі тектес халықтардың «Алтай түріктері» атты алғашқы им-

периясы  шаңырақ  көтерді.  Жаугершілік  себебінен  581  жылы  

Шығыс    түрік,  Батыс  түрік  болып  екіге  бөлінгенге  дейін  бұл 

империяның  құрамына  кірген  қырғыздар  Есенай  маңын,  та-

тарлар  Монғолияның  шығысын,  ұйғырлар  Тұрпанды,  қаңлы, 

дулат,  үйсін  тайпалары  Алтай,  Ертіс,  Қашқар,  Жетісу,  Балқаш, 

Сырдария  бойын  мекендеді.  Бұл  халықтар  бәріне  ортақ  түрік 

тілінде  сөйлеген.  Саяси,  экономикалық,  шаруашылық  шарт-

жағдайларының  біртұтас  болуы  олардың  ортақ  мәдениетін 

қалыптастырған.  Осыған  орай,  олардың  көркемдік  мұралары 

ортақ  болып  табылады  да  бір-бірімен  мазмұндас,  үндес  болып 

келеді.


Бұл  жөнінде  қазақтың  ұлы  жазушысы  Мұхтар  Әуезов  бы-

лай дейді: «Қазақ эпосы бірнеше ғасырдан бері жасалып келеді. 

Оның  алғашқы  жасалу  тарихы  қазақ  халқының  шығу  тарихы-

мен  байланысты.  Қазақ  халқы  ескіде  Батыс  Түрік  қағандығы 

(V-VIII ғ), Ақорда және Ноғайлы ордасының жұртшылығы Өзбек 

хандарының  тайпаларына  (XV-XVIII  ғ)  кірген  рулардан  тарал-

ды. Қазақ батырлық жырының ежелгі ескерткіштері осы тайпа 

жөніндегі аңыз-әңгімелермен байланысты».

Сондай-ақ,  1960  жылы  жарық  көрген  «Қазақ  әдебиеті 

тарихының»  1  томында:  «Қазақ      сөз  өнері  -  қазақ  халқының 



33

МЕНІҢ Е


ЛІМ - ҚА

ЗАҚСТ


АН

ықылым  замандар  бойы  жасаған  тума,  көркемдік  қазынасы. 

Қазақтың  сөз  өнерінің  тегі  арыдан,  түрік  тілдес  тайпалардың 

өз  алдына  халық  болып  бөлінбей  тұрған  кезінен  басталады. 

Қазақ  фольклоры  мен  халық  өлең  сөз  өнерінің  (поэзиясының) 

негізі  сол  тайпалар  жасаған  аңыз-ертегі,  мақал-мәтелдерде, 

ауыз  екі  ақындық  дәстүрде  жатыр»  делінген.  Мұндай  ортақ 

мұраларымызды сөз еткенде бірінші кезекте Күлтегін батырдың 

(684-731) құлыптасына жазылған жазба ескерткіш ойға оралады. 

Онда былай делініпті: «Жоғарыда аспан, төменде қара жер пайда 

болған шақта екеуінің арасында адам баласы жаралды. Оларды 

басқару  үшін  ата-бабамыз  Бумин  қаған  мен  Истеми  қаған  жа-

ралды. Ол кезде дүниенің төрт бұрышындағылар бізге жау еді. 

Әскер ұстап бүкіл елді өзіне қаратты, дүниенің төрт бұрышына 

бейбітшілік орнатты. Бағынбағандардың басын иілдіріп, тізесін 

бүктірді.» Құлыптаста бұдан кейін Бұмын қаған мен Истеми өліп, 

түрік  тайпалары  әлсірегенде  Күлтегін  батырдың  әкесі  Құтлұм 

қағанның    (Елтеріс),  одан  Қапағанның  (Мохыжо)  хан  болғаны, 

Қапағанның орнына хан болған Күлтегіннің (Могилян) жеті жа-

сында әкесінен жетім қалып, он алты жасында халық кегін алу 

үшін қару алып соғысқа аттанғаны, 718 жылы қас жауы Табығаш 

елінің  шапқыншылығын  талқандап,  шығыс-батысқа  жорық 

жасап,  осыдан  кейін  ұзақ  уақыт  бойы  «қой  үстіне  бозторғай 

жұмыртқалаған жақсы заман орнағандығы» жазылған. Бұл жазба 

ескерткіштің түпкі тегі - тарихи шындық екендігі даусыз, соны-

мен  қатар  ондағы  уақиғалардың  біразы  бұрыңғы  уақиғалардан 

алынуы да мүмкін.

Сондай-ақ,  VII-VIII  ғасырларда  Оғыз-Қыпшақтан  тараған 

аңыз  негізінде  жазылған  “Қорқыт  ата  хикаялары»  да  («Қитаби 

дадем  Қорқыт»)  –  бүкіл  түрік  халқына  ортақ  осындай  асыл 

қазына.  Қорқыт  туралы  бұл  аңыз-әңгіме    XII  ғасырда    он  екі 

дастандық жырға айналған. 

Түрік  тектес  халықтардың  ортақ  мұраларының  ендігі  бірі  - 

IX ғасырда Сыр бойы мен Жетісудағы түрік тайпаларында кең 

тараған «Оғыз батыр хикаясы». Ол алғашында Оғыз батырдың  

ата-тегін, өмір жолын, күресін баяндайтын аңыз-ертегі еді. Кейін 

XI ғасырда ол қағазға түсіп, біртіндеп «Оғыз батыр» дастанына, 

яғни  «Оғызнамаға»  айналған.  Бұл  аңызда  Оғыз  жаратылысы-

нан    елден  ерекше  алып  туған  батыр.  Соған  орай,  Оғыз  өзінің 

қас жауы - жалғыз мүйізді қият деген жыртқышты өлтіріп, одан 

кейін  Айсұлу,  Күнсұлу  атты  қыздарға  үйленеді.  Ол  екеуінен 

үш-үштен  алты  балалы  болады.  Оғыз  қырық  жасында  дүниеге 

тыныш  заман  орнату  үшін  жорыққа  шығады.  Оның  Көкбөрі 

атты  киелі  пірі  бар  екен.  Ол  Оғыздың  жеңіске  жетуіне  пәрмен 

беріп,  жол  бастайды.  Оғыз  өзін  түрік  руларына  қаған  деп  жа-

риялап,  жорыққа  аттану  бұйырығын  береді.  Бұл  бұйрығында 

ол:  «Көкбөрі  –  ұранымыз,  күн  –  туымыз,  аспан  –  панамыз. 

Енді Батыс пен Шығысқа аттанындар!» деп бұйрық берді. Осы 

жорықта  ол  азығын  алып  жүретін  арба  жасаушы  Үйсінбекке  – 

Міне, осы соғыста Оғыз жеңіске жетіп, бейбітшілік орнатыпты. 

Сөйтіп ол шығысты – күн, ай және  жұлдыздарға, батысты – тау, 

теңіз және көкке бөліп беріпті де: «Оқ – садаққа  бой ұсынсын, 

батысқа – шығыс бой ұсынсын!» деп өсиет айтыпты. 

Бұл  аңыздан  бір  кезде  Үйсін,  Қаңлы,  Қыпшақ,  Қарлұқ, 

Түркеш,  Түрік,  тайпаларының  Оғыз  тайпасының  ұлысында 

болғандығын,  олар  көк  бөріге,  күнге,  айға  табынғанын  анық 

байқаймыз.

Еділ мен Сырды көп жазуына қарағанда дастандағы уақиғалар 

сол өңірлерде өткен болса керек.

«Оғұзнама» туралы Н. Я. Бичурин: «Бұл – II ғасырдың тари-

хи оқиғаларына байланысты жазылған шығарма», – дейді.

«Ежелгі Орта Азия халықтары жайлы деректер» жинағында: 

«Оғұзнама»  –  IVғасырдағы  үйсін  мемлекетінің  териториясын-

да,  оғұз-қыпшақ  тілінде  генологиялық  көне  аңызға  негізделіп 

жазылған этникалық көркем туынды» деп көрсетілген.

Ал  XI  ғасырда  Жүсіп  Баласағұни  жазған  «Құдатығұ  білік» 

кітабы  –  аңыз-әңгіме  ретінде  баяндалған  даналық  сөз,  өсиет-

ғибрат.


XII  ғасырда  түркістандық  Ахмет  Яссауи  жазған  «Диуани 

хикмет» атты кітаптың  желісі аңыз-әңгіме мен өсиет сөз негізіне 

құрылған.

XII  ғасырда  түркістандық  Сүлеймен  Бақырғани  жазған 

«Хакім ата» кітабы Лұқпан хакім туралы аңызға негізделген.

Жоғарыда айтылғандай, бұл шығармалардың бәрі де – түрік 

тектес халықтардың ортақ мұрасы. Оларды бірер ру-тайпалар не-

месе жеке ұлттың меншіктенуіне болмайды.

Қазақ  аңыздарының  қайнар  көзі  –  қазақ  халқының  өзіндік 

өмір  тарихынан  бастау  алады.  Яғни,  қазақтар  өздерінің  өнеге 

етерлік тарихи көсемдерін, шешендерін, батырларын, әділ білікті 

билерін, ғұламаларын аңызға айналдырған.

Қазақ  аңыздары  кең  де  көп  мазмұнды  қамтып,  сан-салалы 

тақырыпты, алуан-түрлі мазмұнды болып келеді.

Осы ретте, қазақ деген атаудың қайдан шыққаны туралы әр 

түрлі аңыз бар екендігін де айта кеткен жөн.. Осыдан 3000 жыл 

ілгеріде,  яғни  тас  ғасырында  сақтар  –  Хауамарга  сақтары,  Па-

радария сақтары, Тиграхауд сақтары болып Кеңгірес ұлысынан 

таралды. Бұдан кейін олар Дайлер, Масагеттер, Сарматтар, Би-

лер,  Хараттар,  Иседондар,  Асилер,  Арыммасилер,  болып,  ал 

кейін  Үйсін,  Қаңлы,  Қыпшақ,  Оғыз,  Чыли,  Алан  тайпаларына 

айналып,  бертін  келе    Үйсін,  Қаңлы,  Қыпшақ,  Арғын,  Дулат, 

Керей, Найман, Жалайыр, Қоңырат, Алшын  сияқты этникалық 

топтарға бөлінді. Осы кезеңдерде олар кейде басқа ру – тайпа-

ларды өздеріне қосып алып, кейде өздері басқаларға бағынышты 

болып  отырды.  Қазақ  халқының  арғы  тегі,  міне,  осы  ру-

тайпаларда жатқаны даусыз. Бұл ретте, қазақ халқының құлдық 

қоғамды баспай, бірден феодалдық қоғамға өткенін айта кеткен 

жөн.  Бұған  қазақтың    көшпелі  шаруашылығы  себепші  болды. 

Қаңлы  деп,  Еділден  өтетін  қайық  жа-

саушы  Құсшақ  Жасағанға  -  Қыпшақ 

деп,  астындағы  аты  жоғалғанда  та-

уып  келушіге  -  Қарлұқ  деп,  олжаны 

қараушыға - Қарашы деп, түс көргенде 

жорушыға  -  Түрікпен  деп  ат  қояды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет