34
АЛТЫН БЕСІК – А
ТАМЕКЕН
Қазақтың осы тайпалық одақ мезгілінен қалған жазба деректе
бір қызықты аңыз бар. Бұл жөнінде Қытайдағы белгілі қазақ
ғалымы Нығмет Мыңжани былай дейді: «Біздің заманымыздан
бұрынғы II-I ғасырда елін жау шауып, олардың көсемін өлтіріп,
жаңа туған баласын елсіз, сусыз иен далаға тастап кеткенде ол
нәрестені көкбөрі келіп емізіп, құстар су мен тамақ тасып беріп,
асырап есейткені ертедегі Қытай шежірелерінде жазылған. Бұл
уақиғаны қытай оқымыстыларының қағазға түсіргеніне 2 мың
жылдан артық уақыт өтті.»
Сондай-ақ, Персия патшасы Кирдің (529-558) Лидия
патшалығымен соғыспақ болып Сақ тайпасымен одақ жасасып,
көмек алғаны туралы да аңыз бар. Бірақ сақтар мен масагеттер
Кирдің бұл жорығын сәтсіздікке ұшыратады. Бұл жөнінде грек
тарихшысы Герадот былай деп жазады: «Масагеттердің әйел пат-
шасы Томирис парсыларды жеңгеннен кейін, жарғақ қапқа қан
толтырады да, оның ішіне Кирдің басын салғызып: «Аңсағаның
– қан еді, ал ендіше іш соны» дейді. Гректің Ктейс деген тарих-
шысы: «Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыста ерлерге көмек
көрсетеді. Қоғамдық жұмысқа ерлермен тең қатынасады.
Соғысқа да кіреді» деп жазған.
Қазақ аңызындағы аты әйгілі кейіпкерлер деп біз Қорқыт ата,
Асанқайғы сияқты тұлғаларды айтамыз.
Қорқыт – тарихта болған адам, ол қазіргі Қазақстанның
Қызылорда облысы, Қармақшы өңірінде туған. Әкесі Қарақожа
– Оғыз тайпасының Қайыспас руынан шыққан, ал шешесі –
Қыпшақ қызы. Сондықтан Қорқыт – Оғыз, Қыпшаққа бірдей
ортақ тұлға. Ол Жетісу, Талас, Сауран, Қазығұрт Ұлытау, Кішітау,
Есіл, Нұра, Алтай, Ертіс өңірлерін билеген Ниял қаған мен
Күлеркен, Қалыңқожа қатарлы хандардың уәзірі болған. Соның
нәтижесінде Қорқыт мемлекет билігіне қатысты әлеуметтік
тәртіп пен заң-ережелер жасап шыққан. Олар мыналар: «Ата-ана
жасаған жерді «Ұйық» деп білу, оны сыртқы жау шабуылынан
қорғау; жер-суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалды
ақылмен шешу, кінәлі болған адамдарды жазалау. Әскерді сапқа
тұрғызғанда ортасын алқа-қотан етіп, оң қол, сол қол деп екіге
бөлу. Халық жиналыстарында тәртіппен отыру; ас, той үстінде
мүше беру, шұлен тарату.
Қорқыт ата туралы Римдегі Ватикан кітапханасының
мұрағаттарында «Расул пайғамбар заманына жақын кезде (VII-
VIII ғ.ғ) Баят (Сырдария) бойында Қорқыт атты бір ер болыпты.
Ол Оғыз ішіндегі барлық уалаятты өзіне қаратып, неше түрлі
ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Қорқыт Оғыз қауымының мүшкіл
халін сөйлер еді. Бір іс болса жұрттың бәрі оның алдында келіп
кеңес сұрап, ол не бұйырса соны қабыл етер еді», - деп жазылған.
Міне, бұл деректерге қарағанда Қорқыт әлеуметтік, қоғамдық,
саяси қайраткер ретінде танылған. Ал қазақ ортасында Қорқыт
айтты делінетін «Ескі мамық бөз болмас, ескі дұшпан ел бол-
мас, өлген қайта тірілмес, өткен қайтып келмес»; «Шөлді жердің
отын - киік білер, шытырманды қойнауды - түлкі білер»; «Ақын
– тілді, ат – тұяқты келеді»; «Атасыз ұл – ақылға жарымас, ана-
сыз қыз – жасауға жарымас»; «Есекті жүгендегенмен жылқы бол-
мас»; «Қорқаққа қылыш жұмсаудың қажеті жоқ», – деген сияқты
мақал-мәтел, ақылия, ғибаратты сөздер өте көп. Бұған қарап, біз
Қорқытты философ, ақын, шежіре, шешен, ақылғөй, дана ретінде
танимыз.
Басқа бір аңызда Қорқыт – қазақ ән-күйін жаратушы әулие,
күй пірі және домбыраны жаратушы ретінде бейнеленеді..
Сондықтан бақсылар жын шақырғанда ең алдымен Қорқыт
күйін шертіп «Ей, толғауы тоқсан Қорқыт күй-ей, шақырдым
бабам медет пірі» дейді. Мен өзім мұны 1952 жылы Қытайдағы
Бодық бақсыдан естідім. Қазақта «Қорқыттың күйі» дейтін күй
бар. Яғни, Қорқыт қобызды жасаушы әрі оны жақсы ойнаушы
болған. «Қобызшы Қорқыт» деген атау осыдан қалған.
Қорқыт – халықтың қамқор атасы, даңғыл дана адам.
Қорқыт туралы бір аңызда ол халықты ажалдан арашалап қалу
үшін желмаяға мініп, жер бетін шарлаған. Бірақ дүниенің төрт
бұрышының қай жағына барса да, ол көктемде қаулап өскен гүл-
бәйшешектің қуарып солғанын, асқар таудың мұқалып, мұжылып
шөккенін, айбынды алып асау өзендердің мұз болып қатқанын,
қалың қара орманның жапырағы сарғайып түскенін көреді.
Және алдынан үнемі көр қазғандар шығады. Бұл кімнің көрі
десе, олар «Қорқыттың көрі» деп жауап береді. Ақыр соңында
Қорқыт дүниеде адам пендесін өлтірмеудің шарасы жоқ екенін,
тек өмірді ұзарту үшін қобыз күйін есту қажеттігін мойындап,
қалған ғұмырын қобыз тартумен өткізген. Бірақ бұл аңыздарда
Қорқыт қай заманда туып, қай жылы өлгені айтылмайды. Деген-
мен оның 95 жас жасағаны туралы сөз бар.
Халық Қорқыт сияқты өз қамқорын өлімге де қимаған
сияқты, соған орай кейде ол 195 жас жасапты деп те айтылады.
Қазір Қорқыт мазары жоғарыда айтылған Қармақшы өңіріндегі
Қорқыт атты теміржол бекетінен үш шақырым жерде тұр. Қорқыт
мазары туралы кезінде белгілі зерттеуші Ә. Диваев: «Күмбез
алты және сегіз қырлы дөңгелек киіз үйге ұқсайды. Ішкі еңсесі
уық саласы сияқты, қабырғаларына кереге өрнегі нақышталған»
деп жазған. Жоғарыда айтылған деректерден Қорқыттың тарихта
болған адам екенін аңғарамыз.
Халық Қорқыттың қадір – қасиетін жоғары бағалап,
есте қалдыру үшін «Дадам Қорқыт» (Қорқыт ата) дастанын
жазған. Жырда он екі батырдың ерлік істері баяндалып, оларға
35
МЕНІҢ Е
ЛІМ - ҚА
ЗАҚСТ
АН
Қорқыт ата басынан аяғына дейін данышпан ақылшы ретінде
қатынастырылады.
Қорқыт ата жыры алғашында Оғыз-Қыпшақ ортасында VII-
VIII ғасырда аңыз-әңгіме ретінде тарап, кейін XII ғасырда ғана
дастанға айналдырылған.
Қорқыт туралы аңыз бүкіл түрік тектес тайпалардың тұрмыс-
тіршілігі, салт-дәстүрі, ауыз әдебиеті туралы құнды деректер
екені даусыз. Сол үшін де әйгілі түрік ғалымы профессор Қуат
Коброло: «Барлық түрік сөз өнерін таразының бір табағына
салсаңыз, оның бәрін Қорқыт атаның салмағы басып түседі», -
деп жазған.
Қазақ аңыздарында жиі айтылатын тұлғалардың бірі –
Асанқайғы. Ол - тарихта болған адам. Яғни, Асанқайғы Алтын
орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген қазақ ақыны, философы
әрі аңыз кейіпкері. Ол Алтынорданың соңғы ханы Ұлымұхаммед
(Орманбет) ханның төбе биі болған. Асанқайғының ақындығын
дәлелдейтін:
«Тегінде Ноғай, Қазақ тегіміз бір,
Алтай, Ертіс, Еділді еткен дүбір.
Ордада Орманбет хан өлген кезде,
Қайғырып Асан ата толғапты жыр», - деген сөз бар.
Тарих бойынша Орманбет хан 1445 жылы өлген делінеді.
Яғни, бұл кезде Асанқайғы өмірде бар адам. Асанқайғы Дешті-
қыпшақ руынан шыққан. Кейін Жәнібек пен Керей хандардың
ақылшы уәзірі болған. Қазақ халқын батысқа - Жем, Жайық
бойына орналастыру туралы ақыл айтқан, ел іргесі берік бо-
лып, ағайын арасындағы татулықты сақтау, хандық үкіметті
күшейту үшін әскери қосын құру, бекініс жасау, қорғаныс қуатын
нығайту, туысқан руларды біріктіріп, бір орталықтанған билікке
бағынышты мемлекет етіп ұйымдастыру туралы Жәнібек ханға
ақыл айтып, жөн көрсеткен.
Асанқайғының Асан деген атына «қайғы» сөзінің қосылуы
да оның үнемі халық қамын ойлап жүретіндігінен туған. Соған
орай, халық кейін Асанқайғының Қазақ хандығын құруға ат
салысқан, халық қамын ойлаған қамқорлығын жоғары бағалап,
атақты «Қырымның қырық батырының» бірі деп танып, бір ба-
тырды «Асанқайғы» етіп жырлаған.
Асанқайғы бейбіт еңбекпен шұғылданатын, ел аласы, ру та-
ласы жоқ, берекелі де берік мемлекет құратын жерұйық мекен
іздеген. «Жерұйық» деген сөз түріктің «Ыруық иер суп» деген
сөзінен шыққан. Бізше болғанда, «Құтты жер-су» деген сөз.
Асанқайғы сол мекенді табу үшін желмая мініп, жаһан кезіпті.
Асқар таулар, құлазыған сары шөлдерді басады. Асау айбынды
өзеннен өтеді. Жүрген жолындағы жерлерге баға беріп отыра-
ды. Ақыры жер бетінен Жерұйықты таба алмай, Ұлытауға келіп
қайтыс болады. Бұл аңыз - қазақ халқының бақытты тұрмыс,
сәулетті болашақ туралы арман-тілегінің жемісі еді. Сондай-ақ,
Асанқайғының «Жерұйық» атты шығармасы болған дейтін бол-
жам да бар.
Асанқайғы – көптеген ақыл-нақыл, шешендік, философиялық
толғаулардың авторы. Оның бұл шығармаларынан қазақ
халқының алғашқы ұйымдасу кезіндегі тарихи оқиғалар елесін
көреміз. Және оның тарихи өзгеріске сұңғыла көзбен қарап, тура
мөлшерлі баға бергенін де аңғарамыз. Мысалы, Асанқайғының
сол кездегі (XIV ғасырдағы) Алтынорданың орнына құрылған
ұсақ-түйек хандықтардың құрып жоғалатындығы туралы айтқан
сөзі кейін дәл шықты. Ал оның Жерұйықты іздей шыққан жо-
лында Алтайдың Сауыр деген жерін көріп: «Он жылда жүз ұсақ
– мыңға, он қара – жүзге жетер жер екенсің, шіркін-ай, көтеріп
алып кетер едім, ат сауырына сыймайсың-ау», - дейтін; Жоңғар
шөлін көріп «Тас табаны түрілген нарлар жүрер шөл екен,
төсегінен түңілген ерлер жортар жол екен», - дейтін сияқты
тарихының ізімен жасалатындығы. Бірақ аңызды нақтылы тарихи
шындықтың орнына қоюға да болмайтыны белгілі. Өйткені, аңыз
кейіпкерлерінің іс-әрекеттері мен сөздерінде халықтың бұрынғы-
соңғы арман-тілегі қосылып отырады. Аңыз-әңгіменің реалистік
ертегіден айырмшылығы – олардың кейіпкерлері халықтың та-
рихында болған, қоғамдық өмірде елеулі қызмет атқарған тарихи
тұлғалардың іс-әрекетін, өмірін бейнелеу негізінде көрінеді..
Қазақ аңыздары – қазақ халқының этникалық тарихын,
тіл тарихын зерттеуде табылмайтын қазына. Себебі, ондағы
кейіпкерлердің тарихта өмір сүрген адамдарға байланысты
нақты дерегі болады. Қазақ аңыздарынан қазақ халқының ру-
хани қазынасын және халықтың мәдени сана-сезімінің ояну,
өсу кезеңдерін, дәрежесін де көре аламыз. Өйткені, аңыз туған
қоғамдық категориялар сол аңыздардың мазмұны мен түріне,
тіліне өз ой-сана таңбасын салып отырған.
Аңыз-әңгіме – сөз өнерінде ертегімен егіз туған, басқа жанр-
лардан ерекше жанр. Ол әуелі ауызша туылып, кейін қара сөз
түрінде қағазға түсіріліп, сосын ауызша не жазбаша өлең сөз
түріне өзгеріп жырға айналады. Мұндай жайт қазірде де бар. Мы-
салы, аңыздар желісімен дастан жазған ақындарымыз аз емес.
Қазақ аңызының бір ерекшелігі – тілі мен құрылысында.
Аңыз тілі –лыпылдап тұратын алмас қылыштай өткір, қырғидай
іліп түсетін шалымды болып келеді.
Аңыз-әңгіме кейіпкерлерінің алуан түрлі болуына байланы-
сты оның идеялық мазмұны мен бейнелеу тәсілі де жан-жақты.
Ал тарихи адамның өмірі туралы аңыз қысқа да ұтымды, тайға
таңба басқандай нақтылы баяндауға құрылады.
Кез-келген аңыз халық мүддесінен, ел тілегінен туады.
Соған орай, халық әруақытта да аңыздағы өз кейіпкерлерін
шынықтырып, шыңдап, ел мүддесін қорғаған жаужүрек батырлар
дәрежесіне көтерген. Шешендікте жеңгізген, ақылдылықта алға
шығарған. Кейінгі ұрпақ осындай тұлғалардан үлгі-өнеге, тәлім-
тәрбие алған. Тарихи тұлғалардың аңызға айналып, халықтың
арман-тілегін, наным-сенімін, ақыл-парасатын бейнелуінің ба-
сты себебі, міне осында жатыр.
Ғазиз РАЙЫС, профессор.
сөздері ғасырдан ғасырға жалғасып,
біздің заманға дейтін жетті.
Сөзімізді қорытындылай келе
айтарымыз, қазақ аңыздарына тән
ерекшелік - олардың бәрі халық
36
АЛТЫН БЕСІК – Ж
Ер
Ж
үз
І
– Әбдімұса Мұратұлы, әңгімені өзіңізді таныстырудан
бастасасаңыз...
– Мен 1942 жылдың 4 маусымында Оңтүстік Қазақстан об-
лысы, Арыс ауданына қарасты №41 теміржол бекетінде дүниеге
келіппін. 1966 жылы Ташкент Мемлекеттік университетінің хи-
мия факультетін бітірдім. Ал қазір Қазақстан халықтары достығы
университетінің президентімін. Қазақ Ұлттық Жаратылыстану
ғылымдары Академиясының академигі деген құрметті атағым
бар. Сондай-ақ, П. Капица атындағы сыйлықтың лауреаты-
мын. 2001 жылы ҚР Президентінің Алғыс хатымен, 2002 жылы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен ма-
рапатталдым. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Сайрам
және Арыс аудандарының құрметті азаматымын. 500-ден астам
ғылыми еңбектердің, 5 монография мен 10-нан астам оқулықтың
авторымын.
– Өзіңіз де жақсы хабардарсыз, Өзбекстан Республикасының
Президенті Ислам Каримовтың арнайы шақыруына орай
2013 жылдың 13 маусым күні Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Ташкент
қаласына келді.
Екі мемлекет басшыларының Ташкенттегі кездесуі
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық пен
достықты одан әрі нығайта түсері анық. Осыған орай, бұл
салада ең алдымен қандай мәселелер қолға алынуы керек? Осы
жайлы пікір өрбітсеңіз.
– Екі ел Президенттерінің кездесіп, мемлекетаралық байланыс
мәселелерін талқылап, ұлттық мүдделеріміз бен бүгінгі заман та-
лабын ескере отырып, ынтымақтастығымызды тереңдетуді қолға
алуы – өте қуанарлық жағдай. Оған бәріміз де өте қуаныштымыз.
Себебі, қазақ пен өзбек халқын көп ғасырлық бауырластық
арқаулары, тарих пен тағдыр, рухани және мәдени құндылықтар
біріктіреді. Екі халық, екі ел Президенттері бірін-бірі уақыт
тезінен өткен сенімді көрші, шынайы дос санайды. Қазақ пен
өзбек халықтарының мызғымас достығы жайлы Ислам Кари-
мов: «Біз бір алып шынардың бұтақтарымыз» десе, Нұрсұлтан
ТАШКЕНТТІҢ ТҮЛЕГІ,
ДОСТЫҚТЫҢ ТІРЕГІ
Назарбаев: «Қазақты - өзбектен, өзбекті – қазақтан ажыратуға
болмайды» деп атап айтқан еді. Яғни, біздің халықтарымыздың
ортақ тарихи мұрасын, олардың бүгін мен болашаққа қатысты
арман-мақсаттарын ешқашан да бөліп-жарып қарауға болмайды.
Біз әрқашан бір-бірімізге жақын болғанбыз және бір-бірімізге
сүйенеміз.
Өзбекстан мен Қазақстан білім және ғылым саласында
да белсенді ынтымақтастық жасап келеді. Жалпы, Орта Азия
мемлекеттерінің саяси-экономикалық дамуы Қазақстан мен
Өзбекстанның өзара тығыз қарым-қатынасына да тікелей бай-
ланысты. Оның үстіне Өзбекстанда бір жарым миллионнан
астам қазақ тұрады. Ал Қазақстанда бір миллионға жуық өзбек
ағайындарымыз бар. Соған орай, Қазақстанда 150 өзбек орта
мектебі жұмыс істейді. Ал Өзбекстандағы қазақ тілінде білім
беретін мектептер саны – 541. Міне, осы мәліметтердің өзі
екі ел арасында үлкен достықтың, бауырластық пен шынайы
ынтымақтастықтың бар екенін көрсетеді.
Екі елдің осы байланысын одан әрі нығайту жолында
айтарлықтай жақсы істер қолға алынуда. Солардың бірі – екі
ел арасында бірлескен оқу орындарын ашу. Бұл – өмірдің
қажеттілігінен туындаған маңызды мәселе. Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ба-
стамасымен 2001 жылы Шымкент қаласында Халықаралық
Қазақ-Өзбек инженерлік-гуманитарлық университеті дүниеге
келді. Бұл – екі елде тұратын жастарға өз тілінде білім алу үшін
қолайлы етіп ашылған аймақтағы ең үлкен оқу орыны. Мұнда
қабылдау емтиханын өзбек мектептерін бітірушілер өзбек
тілінде, ал қазақ мектептерін бітіргендер қазақша тапсырады.
Бұл – әрине, екі елдің Президенттерінің келісімімен, сондай-ақ,
екі елдің Білім және ғылым министрлігінің рұқсатымен жасалы-
нып жатқан жағдай.
Менің айтарым, алдағы уақытта осындай игілікті істер өз
жалғасын таба беруі керек.
– Ташкент қаласында Қазақстанның Өзбекстандағы
елшілігінің жаңа ғимаратының ашылып, қазақ әдебиетінің
Таяуда Ташкент қаласында туысқан екі ел – Қазақстан
Республикасы мен Өзбекстан Республикасының
Президенттерінің кездесуі және Қазақстан елшілігінің
жаңа ғимараты мен қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы Абай
Құнанбаевтың ескерткішінің ашылу салтанаты болып,
оған жан-жақтан біраз қонақтар келген еді. Сондай
құрметті қонақтарымыздың бірі - Шымкент қаласының
тұрғыны, химия ғылымдарының докторы, академик
Әбдімұса Мұратұлы Қуатбеков болды. Ендігі сөзді құрметті
қонағымызға берейік.
37
әлем қа
зақт
ары сыр шер
теді
ұлы тұлғасы Абай Құнанбаевтың ескерткішінің бой
көтергенін көріп, қуанышымыз қойнымызға сыймай, мәре-
сәре болып жатқан жайымыз бар. Осы жайлы не айта ала-
сыз?
– Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің
Ташкент қаласындағы жаңа ғимаратын көріп, біз де риза болдық.
Ерекше атап өтерлік жәйт, елшіліктің бұл жаңа ғимараты
Астанадағы Ақордаға ұқсас екен, сонымен бірге ол өзбек
халқының ұлттық нақыштарымен де әшекейленген. Мұның өзі
екі елдың ұлттық мәдениетін бұрыңғыдан да жақындастыра
түседі. Ғимараттың алдыңғы фасадына анығырақ қарасаңыз,
қазақ пен өзбек халықтарының достық әуені жаңғырып тұрғандай
көрінеді. Екі елдің достығын архитектурамен байланыстыру –
сәулет өнерінің ең биік шоқтығы екені анық.
Бір сөзбен айтқанда, Абай ескеткішінің Өзбекстан жерінде
бой көтергеніне қатты қуандым. Бір қолына кітап ұстап, халқына
қарап терең ойға шомған Абай бейнесін көргенде құлағыма
ақынның:
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма» – деп айтқан өсиеті
қайта жаңғырып естілгендей болды.
Кемеңгер ақынның Ташкенттің төрінде бойтүзеген бұл
бейнесі біздің рухани байлығымызды тағы да бір асқақтатқандай
әсер берді. Яғни, ақын ескерткіші өзбек және қазақ халықтарының
ортақ құндылықтарының біріне айналды деуге толық негіз бар.
Кеше кешкілік сол маңайда қыдырып жүрсем, ескерткішті ай-
нала қарап тамашалаған балалар: «Бұл кісі – кім?» – деп сұрады.
Мен оларға: «Бұл кісі – қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы Абай
Құнанбаев. Сіздерде Әлішер Науаи қандай кемеңгер болса, бізде
Абай да дәл сондай ұлы тұлға. Сондықтан бұл кісі – бәріміздің
ортақ ақынымыз», – деп түсіндірдім.
Ақын ескерткіші тек қазақ халқына ғана емес, туысқан екі
халыққа, жалпы, түркі тілдес халықтардың бәріне керек. Оның
шығармалары –бәріміздің рухани байлығымыз. Ақын тұлғасы
қаншалықты ірі болса, оның ықпалы да соншалықты зор, айна-
ласына түсетін жарығы да мол.
– Енді өзіңіздің Өзбекстанмен байланысыңыз туралы
кеңірек айта кетсеңіз...
– Мен, жоғарыда айтқанымдай, Оңтүстік Қазақстан облы-
сында туып, өскенмін. Соған қарамастан бойыма біткен барлық
жақсы қасиеттерді –білімге құштарлықты, адамгершілік парасат
пен бауырмашылдықты Өзбекстан топырағында білім алып,
өзбек достарыммен аралас-құралас өскендігімнің жемісі деп
білемін.
Мен онжылдық мектепті бітірген соң, 1960 жылы Ташкент
Мемлекеттік университетіне оқуға түстім. Сол кездегі өмірімді
мен бүгін де аңсаймын. Менің көзіме Ташкент керемет сұлу қала
болып көрінетін. Адамдары ілгеріден таныс сияқты, сөйлесе
қалсаң шетінен кішіпейіл, іші-бауырыңа кіріп тұрады. Жастық
шағымда осындай кісілерден көп нәрсе үйрендім. Яғни, өзімді
Ташкенттің түлегімін деп айтсам да болады.
Студенттік дәуірде көп қызықты жәйттерді бастан өткердік
қой. Демалыс күндері би кештерін ұйымдастыратынбыз. Сондай
сәті түскен кештердің бірінде осы университетте оқитын, өзі
қазақ, бірақ тәрбиесі өзбекке жақындау, мінезі жібектей Кара-
мат деген қызбен таныстым. Жүрегіне адалдық қасиет қонған,
жан әлемі барынша таза, ақкөңіл, қардай әппақ қыз көзіме аты
затына сай керемет болып көрінді – оны құлай сүймеуге амалым
қалмады. Ғашық болдым!.. Сөйтіп, көңіліміз жарасып, мен оқу
бітірген соң үлкен той жасап, үйлендік.
Кеше сол қызбен, яғни бүгінгі жұбайыммен баяғы Ташкентті
қайта араладым. Қаланың көп жері таныс, ыстық – көз алды-
ма өткен шағым естетеді. Сонымен бірге қала қазіргі кезде
үлкен өзгерістерге ұшырағанын байқадым - көшелері ерекше
жаңарған, жасарған. Құлпырып, көздің жауын алады.
Ташкент топырағында Төле биден бастап біздің біраз ұлы
тұлғаларымыз жатыр. Солардың басына барып құран түсірдік.
Олардың өнегелі сөздерінен ғибрат алуымыз керек. «Өсемін,
адам боламын» дейтін жастар бұл ұлы тұлғаларды білуі қажет.
Бұл ретте, біз де бір кезде өрімдей жас болғанымызды
айта кеткім келеді. Мәселен, мен осы Ташкент қаласына оқуға
38
АЛТЫН БЕСІК – Ж
Ер
Ж
үз
І
түскенімде 17 жастан жаңа ғана асқан бозбала едім. Болашақ
жұбайым Караматпен танысқанда мен оны бірден Әлішер На-
уаи театрына баруға шақырдым. Бұл - жәй көңіл көтеру емес,
өнер ошағының табалдырығынан аттау, өмірге құлшыну, білімге,
парасаттылыққа ұмтылу еді. Қазір ойлап отырсам, жұбайым
екеуміздің білімге, өнерге, жалпы өмірге деген құштарлығымыз
содан бастау алған екен. Біздің бүгінгідей дәрежеге көтерілгеніміз,
мүмкін, сол тәрбиеміз бен мәдениетіміздің жемісі шығар.
Біз Ташкенттегі өзбек ағайындармен аралас-құралас болып
өстік, бірге оқыдық. Өзбектің нанын жедік, суын іштік, білімін
алдық. Ташкенттің шуақты, жанға жайлы жұмсақ ауасын жұтып
өскендігімнің нәтижесі болар; оған қоса сол кезде үнемі жақсы
адамдармен бірге жүргенім, өзбек халқының сыпайылығын,
ілтипаттылығын, адалдығын бойыма сіңіргенімнің әсері шығар,
әйтеуір, Аллаға шүкір, жұбайым Карамат екеуміз тату-тәтті от-
басы болдық. Мен өзім Ташкенттен алған білімімді одан ары да-
мыттым Соның нәтижесінде академик болдым. Үлкен оқу орнын
басқару дәрежесіне жеттім.
Өмір баспалдағымен биікке өрлеу үшін адам көп нәрсені
көруі керек. Төрлеу үшін – терлеу керек. Жақсылардан өнеге
алып, «болмасаң да ұқсап бағу» керек.
Біз Ташкенттегі университетте оқып жүрген кезде Садықов
деген ағамыз ректор еді. Өзі – профессор. Бойы да, ойы да – биік.
Біз сол кісіге еліктедік. Оның лекция оқу тәсілі, жүріс-тұрысы,
киінуі – бәрі-бәрі бізге ерекше ұнайтын. Сол кісідей болсақ деп
армандайтынбыз.
Университеттегі өнегелі ұстаздардың бірі – Шүкір Талипұлы
деген ағайымыз еді. Мамандығы – химик, ғылым докторы,
профессор. Кейін академик дәрежесіне көтерілді. Ол кісінің
айтқан әңгімелері, атқарған жұмыстары, студенттермен болған
кездесулері – бәрі-бәрі біз үшін мәңгі өшпес өнеге болды. Осын-
дай ұстаздарымыздың айтқан сөздері, берген білімдері миымыз-
да мәңгі сақталып қалды. Яғни, біз жақсы ұстаздардан үйрендік,
өнеге алдық. Нәтижесі жемісті болды.
Жұбайым Карамат Пердешқызы бүгінгі таңда Ақсукент
көпсалалы колледжінің директоры, химия ғылымдарының
кандидаты, профессор. Қазақстан Республикасы Білім беру
ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану
Ғылымдары Академиясының корреспондент мүшесі.
Жанұяда Карамат екеуміз – бір ұл, екі қыз тәрбиелеп, алты
немере сүйіп отырған бақытты ата-әжеміз. Құдайға шүкір,
перзенттеріміз ата жолын қуып, керуен артынан жүріп келеді:
Ұлымыз Нұрлан – техника ғылымдарының кандидаты,
университеттің вице-президенті.
Үлкен қызымыз Рабиға – медицина ғылымдарының док-
торы, профессор. Бүгінде Қазақстан халықтары достығы
университетінің ректоры.
Кіші қызымыз Роза – химия маманы. Таяуда Ташкент
қаласына барып кандидаттық диссертациясын қорғап келді.
Өмір – өткел!.. Әркім өз өміріне өзі иелік етеді. Жалғыз ағаш
ешқашан орман болған емес, сондықтан алдыңа үлкен мақсат
қойып, көппен бірге тату-тәтті өмір сүру керек. «Ынтымақ
– бұзылмайтын қорған, қосылып еккен ағаш – орман» дейді
үлкендер. Сондықтан ынтымақ-бірлігіміз кең өріс алсын! Қазақ-
өзбек халықтарының достық, татулық туы әрқашан да биіктен
желбірей берсін!
– Жақсы сұхбатыңыз үшін үлкен рахмет!
Марат АРЫНОВ,
суреттерді түсірген автор.
|