Баят
ҚАБАНҰЛЫ,
ақын:
Қазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан-2050» Стратегиясын мен де
мұқият оқып, танысып шықтым. Өзім
ақын болғандықтын, бұл Бағдарламаның
мәдени-рухани мәселелеріне бірінші кезек-
те көңіл бөлгенім де рас. Елбасы өз Стра-
тегиясында ұлттық мәдениетімізді одан әрі
дамытудың нақты жолдарын көрсетіп бер-
ген. Моңғолиядағы қазақтар тығыз отырған Баян-Өлгий сияқты
аймақтарда ұлттық мәдениетіміз айтарлықтай өркен жайған.
Ал Моңғолияның ішкі өңірлерінде тұратын қазақтардың бұл
жөнінде біраз қиыншылықтары бар. Олардың жас ұрпағы ана
тілінен алшақтап бара жатыр. Қазақтың әнін, жырын айтушы-
лар да сиреген. Соған орай, Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің де
әлсірей бастағаны байқалады. Осы отырған бәріміз болып енді
осы мәселелерді түзеуге үлес қосуымыз керек.
Гүлнәр ШӘКЕРХАНҚЫЗЫ, профес-
сор: Мен өзім Ұланбатырда туып, өскенмін.
Осында оқып, жоғары білім алдым. Әйтсе
де, атамекен Қазақстанмен әрқашан да
байланыс жасап тұрамын; ол жақтағы
жаңалықтардан толық хабарым бар.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясымен де жан-
жақты танысып шықтым. Бұл Стратегияда
көп мәселе көтерілген. Оның ішінде біз
үшін тіл жөніндегі мәселелер айрықша маңызды. Елбасы «Қазақ
тілі – біздің рухани негізіміз» деп айта келіп, «Біз ұрпақтарымызға
бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің
де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға
қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес ше-
шуге тиіс міндет» деп атап көрсеткен. Қазақстан Президентінің
бұл аталы сөзі жер бетіндегі бүкіл қазаққа ортақ. Мен өзім
Моңғолиядағы жоғарғы оқу орнында сабақ беремін, онда қазақ
жастары да баршылық. Міне, осы жастарымыз өз ұлтының
салт-дәстүрі мен ана тілін ұмытпаса екен деймін. Соған орай,
Моңғолияның 21 өлкесіне тарайтын онлайн жобасымен қазақша
электрондық кітапхананы қатарға қосумен айналысудамын.
Қалыбек ҚОБЫЛАНДИН,
Қазақстан
Республикасының
Моң-
ғолиядағы Төтенше және Өкілетті
елшісі: Қазақстандағы биылғы үлкен
жаңалықтардың
бірі
–
Елбасының
«Қазақстан – 2050» Стратегиясының
жарыққа шығып, оны жүзеге асырудың жан-
жақты қолға алынуы. Соған орай, Моңғолия
жерінде де осы мәселе жөнінде бүгінгідей
15
МЕНІҢ Е
ЛІМ – ҚА
ЗАҚСТ
АН
басқосудың өтуі біздің бәріміз үшін ерекше маңызды. Өйткені
бұл Стратегияның жүзеге асуына Қазақстанның шетелдердегі
елшіліктері де өз үлестерін қосуға тиіс. Яғни, қай жерде жүрсек
те, қай салада қызмет істесек те, біздің ең бірінші мүддеміз –
Қазақстанды әлемнің ең өркендеген мемлекеттерінің қатарына
қосу; ал екінші мақсатымыз – алыс-жақындағы ағайындармен
байланысымызды жақсарта беру. Шетелдегі қазақтардың ең көп,
тығыз орналасқан өңірлерінің бірі – осы Моңғолия. Соған орай,
бүгінгі басқосуда айтылған ұсыныстар мен өтініш-тілектерді
Қазақстанның тиісті орындарына толығымен жеткізетін бола-
мыз. Және олардың іске асуының мүмкіншіліктерін қарастырып,
Елшілік тарапынан қозғау салып та отырмақшымыз. Осыдан
біраз бұрын Баян-Өлгий аймағына да барып, жергілікті бас-
шылармен кездесіп, біраз мәселені алдын ала талқылаған бо-
латынбыз. Әрине, бұған қарап сіздер көтерген мәселелердің
бәрі бірден шешіледі деп асығыс айтуға да болмайды. Бұл
үшін ең алдымен осы отырған барлығымыз ақылдаса отырып
бірінші кезектегі мәселелерді қолға алуымыз керек. Бұл рет-
те Моңғолиядағы ағайындардың мәдени-рухани, оқу-білім,
ана тілі саласындағы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуге тиіс.
Моңғолия үкіметі осында тұратын қазақ ұлтының өкілдеріне
қажетті қамқорлықтың бәрін жасап отыр, бұл – қуанарылық
жағдай. Соған орай, Қазақстан жағы да өз тарапынан қажетті
мәселелерді шешуге тиіс. Мұндай іс-шаралардың арасынан
Ұланбатыр қаласындағы Қазақ мәдени орталығының жұмысын
қайта қалпына келтіру бірінші кезекте ескерілуі керек. Бірақ
Қазақстанның тиісті заңдары бойынша шетелдегі ұйымдарды
қаржыландыруға жол берілмейді; Ұланбатырдағы мәдени
орталықтың қиындығы осыдан туындап отыр. Соған байланы-
сты бұл мәселені шешуге Моңғолияның, оның ішінде Ұланбатыр
қаласында тұратын ағайындардың да жанашырлығы өте қажет.
Тіпті, басқаны былай қойғанда мәдени орталық ғимаратын жалға
алу, жарық, жылу сияқты төлемақыларын төлеу мәселелеріне
қол ұшын берулеріңіз керек. Осындағы ағайындар күш қоса
кіріссе мұндай жағдайлардың бәрі өз шешімін табатыны анық.
Қазір біз Қазақстан елшілігінің жанынан қосымша жер телімін
алуды қарастырып жатырмыз. Егер бұл мәселе шешілсе онда
жеке қазақ мәдени орталығын салу жоспарымызда бар. Ал
қазақша кітаптар мен түрлі басылымдар, компьютер сиқты басқа
да құрал-жабдықтар жөнінен көмектесуге қазірдің өзінде дай-
ынбыз. Бүгінгі басқосудан кейін бұл сияқты мәселелерді нақты
қолға алатын боламыз.
Талғат
МАМАШЕВ,
Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығы Төралқа
төрағасының
бірінші
орынбаса-
ры: Құрметті ағайындар, қазіргі кезде
Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратеги-
ясын жүзеге асыру мәселесі Қазақстанда
жан-жақты қолға алынуда. Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығы Елбасының бұл
маңызды бағдарламасын шетелдердегі
ағайындарға жеткізіп, таныстыруға айрықша көңіл бөліп отыр.
Мысалы, жақында ғана Францияның астанасы Парижде Еу-
ропа қазақтарының кіші құрылтайын өткіздік. Бұл жиында да
Еуропаның түкпір-түкпірінен жиналған қазақ диаспорасының
өкілдері Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясын талқылап,
Қазақ елінің бүгіні мен болашағы туралы ой-пікірлерін, өтініш-
тілектерін ортаға салды.
Алыс-жақындағы ағайынның басын қосып үлкенді-кішілі
жиын өткізгенде біз ең алдымен оның барынша нәтижелі болуына
көңіл бөлеміз. Яғни, мұндай жерде айтылған сөз тиісті шешімін
табуы тиіс. Қазақтардың Кіші құрылтайларын өткізгенде де
осы мәселе ерекше есте болады. Осыған орай, бүгінгі басқосуда
ортаға қойылған мәселелер болашақта өз шешімін табады деп
толық сеніммен айта аламыз. Өйткені, шетелдегі қазақ диаспо-
расына қолдау мен қамқорлық жасау – әрқашан да Елбасының
айрықша назарында. Жақында ғана Мемлекеттік хатшы Ма-
рат Тәжиннің қабылдауында болып, шетелдегі ағайындардың
өзекті мәселелерін жеткізген едік. Соған орай, ҚР Президент
Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев біраз
министрліктердің жауапты қызметкерлерін жинап, арнайы кеңес
өткізді. Кеңес нәтижесінде қазір қазақ диаспорасына қатысты
мәселелер нақты қолға алына бастады. Алдағы уақытта Прези-
дент Әкімшілігінде мұндай басқосулар тұрақты өтіп тұрмақшы.
Сондықтан да бүгінгі жиында айтылған ұсыныс-тілектердің бәрі
тиісті жерлерге жететіні анық.
Әрине, Моңғолия мен Қазақстан арасына ұшақ ұшыру, жол,
көлік қатынасын жақсарту сияқты күрделі мәселелер екі ел
үкіметінің арасындағы деңгейде шешілуге тиіс. Сонымен бірге
біраз мәселені Моңғолиямен шекарасы жақын Шығыс Қазақстан
облысы арқылы да жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Бұл облыстың
әкімі – Бердібек Сапарбаев қазаққа шынайы жанашыр, іскер аза-
мат. Соған орай, Баян-Өлгий аймағының басшылары Өскеменге
арнайы іссапармен барып қайтқаны дұрыс. Егер алдын ала
хабарлассаңыздар бұл кезде Өскеменге Қауымдастық атынан біз
де барар едік. Сөйтіп бірге отырып, ақылдасып, кеңесер болсақ
бүгінгі қозғалған мәселелердің біразын сол Өскеменнің өзінде де
реттеуге болады.
Сөзімізді қорыта келе айтарым, бәріміздің де мүддеміз
ортақ. Соған орай, күш қосып, бірлесіп қолға алсақ көздеген
мақсатымыздың бәрін де жүзеге асырамыз. Сондықтан ылғи да
басымыз қосылып, осындай жақсы күндерде кездесе берейік...
С.БАЗАРБАЙҰЛЫ
16
АЛТЫН БЕСІК – ЖЕР ЖҮЗІ
Қытайдың батыс терістігінен Тарым
мен Тәңіртау алабына енетін жол - Хыши
дәлізінің батыс қақпасына орналасқан
Қаратау деген жердегі петроглифтерде
осыдан екі мың жыл бұрын қашалған
топтық би көрінісі бар екендігін және
олар байырғы сақтардан, үйсіндерден,
иүзлерден, ғұндардан қалған «Қаражорға»
Ясиын ҚҰМАРҰЛЫ, «Шыңжаң
қоғамдық ғылымы» журналы
бас редакторының орынбасары,
мәдениеттанушы, профессор
қашалған уақыты (б.з.б. 5 ғ. - б.з.б.1 ғ. )
қазақтың ең басты этникалық тегі саналып
келе жатқан сақ, иүз, үйсін, ғұндардың
осы өңірде бірінен соң бірі мекендегені
тарихи жазбаларда анық көрсетілген және
қазіргі ғалымдар да бұл деректерді дұрыс
деп есептеген.
Үшіншіден, археологиялық және
қазақтан ғана табылады.
Бұл
мақаламызда
Қытайдың
Қаратауында қашалған қаражорғаның
біздің арғы аталарымыз сақтардың биі
екенін сөз етеміз. Бұл ретте, тарихтағы
үйсіндер мен иүзлер де сақтардың
тармағы деп қаралатынын айта кеткен
жөн. Өйткені, сақтар мен үйсіндердің
биі деген байқауым мен көзқарасымды
мен бұдан бұрын да әлденеше рет
жазған болатынмын. Яғни, Қытайдың
Қаратауындағы би көрінісі - қазіргі
қазақтың «Қаражорғасы».
Қаратау петроглифтеріндегі биді
«Қаражорға» биі дегенде мен мынадай
төрт негізге сүйенген едім:
Бірінші, бидің көрінісі дәл қазақтың
«Қаражорға» биінің өзі;
Екінші, би кескіндерінің тасқа
антропологлиялық зерттеу нәтижелеріне
орай, сақ тайпалары қола дәуірде немесе
одан да бұрын осы өңірлерді мекендеген
және одан да ішкерлеп, Сарыөзен бойы-
на дейін жетіп, өз мәдениетін таратқан;
кейінгі иүз, үйсін этностары да осы
сақтармен тығыз байланыста болған.
Төртіншіден,
тастағы
билеген
адамдардың киімі, әсіресе, шошақ әрі
биік бас киімі мен оған таққан үкісі ары-
сын қусаңыз сақтардан, берісін қусаңыз
АЛТЫН АДАМНАН
«ҚАРАЖОРҒА» БИІНЕ ДЕЙІН
17
ӘЛЕМ ҚА
ЗАҚТ
АРЫ СЫР ШЕР
ТЕДІ
Есік сақ алтын адамы үшеуінің арасы-
нан ортақтық қарастырамыз. Өйткені
бұлардың пайда болған дәуірлері
қарайлас, авторлары түгелдей сақтарға
байланысты.
Құтыби Қызылқысаң топтық би
петроглифі - дүниедегі петроглифтердің
ішіндегі ең әйгілілері қатарында. Ол пе-
троглиф Үрімжінің батысындағы Құтыби
ауданы орталығының батыс оңтүстігінен
70 шақырым қашықтықтағы Еренқабырға
тауының теріскей қапталындағы теңіз
деңгейінен 1500 метр биіктіктегі жартаста
бейнеленген.
Қызылқысаң петроглифіне жасалған
талдауларға сәйкес, оның қашалған
уақыты қауымдық қоғамның соңғы
мезгіліне яғни аталық рулық қоғамға
тән деп тұжырымдауға болады. Құтыби
Қызылқысаң петроглифі бір бірінің үстіне
қабатталған көп суреттерден құралған.
Оның салыну ерекшелігі, қамтылған
мазмұнына қарай отырып ғалымдар ол
алғашында б.з.б. бірінші мың жылдықтың
алғашқы жартысында бастап қашалып,
кейінгі нұсқасының қалыптасуы сандаған
ғасырды бастан өткерген болуы мүмкін
деген тұжырым жасаған.
Құтыби, Манас өңірі өте ертеде
сақтардың қонысы болған. Үйсіндер
шығыстағы Хыши дәлізі маңынан б.з.б.
2 ғасырдың басқы мезгілдерінде Іле
аңғарына ауып келгеннен кейін, бұл
ара, негізінен, сақтардың байырғы бір
тайпасы саналатын касилердің қонысы
болған. Ал хан ордасы мен ғұндар Каси
өңіріне таласқан аласапыран мезгілде,
тау арасын кең аңғар бөліп жатады,
ортада - Жаюгуән қаласы. Қаратауды
Шилантаудың тармағы деп қарауға да бо-
лады. Ал, Шилантау деген ат көне түркі
тіліндегі «tengri» сөзінің дыбыстық ау-
дармасынан келген деп қарайтын маман-
дар да бар. Дәл осы байырғы көшпелілер
қонысынан өткен ғасырдың 70 жылда-
ры мамандар көптеген петроглифтерді
байқап, естелікке алып, зерттей бас-
тайды. Бұл петроглифтер Қаратаудың
үш сайындағы бес орынға жайласқан.
Қытайдың Гансу өлкелік өкіметі олар-
ды 1981 жылы өлке дәрежелі қорғалатын
мәдени мұра деп белгілеген.
Қаратау
петроглифтерін
суретті
тасқа егеп-қашап салу тәсіліне қарай
ғалымдар үш топқа бөлген. Біріншісі - та-
спен немесе басқа да қатты құралдармен
егеп салынған суреттер. Қаратаудағы
би кескіндері, негізінен, осы бірінші
тәсілмен салынған. Ғалымдар Қаратау
петроглифтеріндегі осы би кескіндері
төңірегіндегі археологиялық деректер-
ге, тарихи жазбалар және суретті тасқа
қашап салу тәсіліне, ондағы бейнеленген
мәдениет үлгілеріне сүйене отырып, оны
жанго заманынан батыс хан династиясы
дәуіріне (б.з.б. 5 ғасыр - б.з.б. 1 ғасыр)
дейінгі сақтардың, иүзлердің (нүкіс),
үйсіндердің немесе ғұндардың туындыла-
ры деп тұжырымдайды.
Таң дәуірінің оқымыстысы Даушу-
ан: «Сақтар бұрын иұн науғылы номдар
еді, Дахатаны қоныстанған нүкістердің
қысымымен Көгарат тауының түстігіне
ауып кеткен»,- деп жазады.
шабуыл жасап бағындырды. Сонымен
Оксустың солтүстік жағасына астана са-
лып, орда тікті. Ұзап көше алмаған шағын
бөлегі Оңтүстік таудағы (Нәншән таула-
ры) қияндарды паналады. Бұлар кейінірек
«кіші жүз» деп аталды» делінеді.
Сондай-ақ, бұл жазбаларда үйсіндер
туралы «Күнбидің әкесі Нәнду би тегінде
Шилантау мен Дахата аралығындағы
ұлы жүздермен қанаттас отырған шағын
ұлыстың билеушісі екен. Ұлы жүздер
шапқыншылық жасап, Нәнду биді
өлтіріп, олардың жерін тартып алып-
ты. Халқы босып, ғұндарды паналап-
ты. Жаңа туған нәресте Күнбиді аталық
Бозоқ ябғұ қалың шөптің арасына апарып
жасырып қойыпты. Тәңірқұт бұл бала-
ны жақсы көріп, өз қамқорлығына алып
ержеткізіпті. Азамат болғанда Тәңірқұт
Күнбиге әкесінің бұрынғы ел-жүртын
қаратыпты» делінеді.
Демек, кезінде осы өңірлерде сақтар
болған, одан иүзлер ірге теуіп, олар
үйсіндерді шапқан, кейін ғұндардың
сүйемелімен үйсіндер ес жинап, елін
құрап қайта нүкістерге тап беріп, оларды
батысқа қуып тастаған. Оның соңынан
үйсіндердің өзі батысқа, Іле алқабына
ауған. Одан кейін бұл өңірге бір ме-
зет ғұндар үстемдік еткен. Демек, осы
өңірден сақтар, жүзлер, үйсіндер бірінен
соң бірі батысқа, Іле алқабына қарай
қоныс аударған. Шиланшан - биік, қарлы
салқын тау, ол жаз жайлауға бап келеді.
Ал, оның терістігіндегі бір аңғармен ай-
ырылып тұрған Қаратау Шилантауға
қарағанда қары жұқа түсетін ой тау есепті.
жерлеу салты мен басқа да мәдениет
деректерін зерттеген ғалымдар олар-
дан менмұндалап тұрған ешқандай
айырмашылықты байқай алмаған. Міне,
осыған орай, біз бүгінгі әңгімемізде
Қытайдың Қаратауындағы петроглифті,
Еренқабырғаның (Тәңіртаудың Үрімжіден
батысқа қарайғы орта бөлегі) терістік
қапталындағы таңғажайып топтық би
көріністері өрнектелген атақты Құтыби
Қызылқысаң петроглифін және әйгілі
бұл жерге ғұндардың ханы Езлікшенің
тайпасы қоныстанған. Осылар және басқа
да көптеген тарихи, мәдени деректер
Қызылқысаң петроглифінің авторы сақтар
екендігін ұғындырады.
Қытай Қаратауы байырғы Қытайдың
Орта жазығынан Тәңіртау және Тарым
алқабына енетін жолы Хыши дәлізінің
батыс қақпасы Жаюгуан қаласының
терістігінен 20 шақырым қашықтықта
жайғасқан. Қаратау мен әйгілі Шилан-
Қытайдың «Тарихи жазбаларында»
ұлы жүз туралы: «Олар көшпелі ел, мал
соңында көшіп-қонып жүреді. Ғүндармен
тұрмыс-салты ұқсас. Нүкістер бұрын Да-
хата мен Шилантаудың аралығында еді.
Ғұндардан жеңілген соң алысқа көшіп
кетті. Дад-уаннан өтіп, батыста Бактрияға
18
АЛТЫН БЕСІК – ЖЕР ЖҮЗІ
Ол Шилантауға жайлаған елдің жайлы
қыстаулығы болғаны даусыз.
Басына биік шошақ төбелі бас киім
киіп, оған екі үкі қадаған адам бейнесі
Сібірдегі Нана өзені аңғарындағы пе-
троглифтерден де байқалған. Ондағы
адамның қашалған бейнесі Құтыби
Қызылқысаң петроглифіндегімен ұқсас,
жоғарғы денесі төңкерілген үшбұрыш
тәрізді, иықты, қына бел. Бас киіміне үкі
қадаған. Археолог ғалым Окладников
бұл туындыны б.з.б. 1500 ж. - б.з.б. 1300
ж. аралығындағы қола дәуірінің туынды-
сы деп білген. Америкалық оқымысты
Есте Чокбосн да бұл сақтардың (Scythian
- скиф) көшпелі тұрмысын бейнелеген
туынды деп қарайды. Қытай ғалымдары
осы Құтыби Қызылқысаң петроглифі мен
Сібірдегі Нана өзені аңғарындағы билеген
адамдар бейнеленген петроглифін салыс-
тырып, бұларды түгелдей сақ мұрасы деп
таныған.
1969-1970 жылдары Қазақстандағы
Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі
Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы
Есік обасынан ежелгі замандағы Жетісу
сақтарының алтын киімді адамы та-
былды. Жасы 17-18 шамасындағы сақ
жауынгерінің мүрдесі қабірде басы
батысқа
қаратылып
жатқызылған.
Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір
құрсаулармен бекітілген. Алтын адамның
киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен
безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан,
таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін
лармен безендірілген. Киім үлгісі, жерлеу
рәсімі алтын адамның Жетісу жерінде
өмір сүрген сақтардың көрнекті тұлғасы,
елбасының ұлы, жас көсемі немесе әскер
басы екендігін аңғартады. Есік алтын
адамының уақыты б.з.б. 4-3 ғасыр деп
тұжырымдалған.
Демек, Жетісудің Есік алтын адамы,
Тәңіртаудағы (Еренқабырға) Құтыби
Қызылқысаң топтық би петроглифі және
Хыши дәлізінің батысындағы Қаратау
топтық би петроглифі үшеуінің де авто-
ры сақтарға байланысты және олар б.з.б.
5 ғ. мен б.з.б. 1 ғ. аралығының туынды-
лары деп қаралады. Сондықтан бұларды
салыстыра зерттеудің тарихи-мәдени
мән-маңызы аса зор әрі олардан айқын
тамырластық пен желілестікті байқауға
болады.
Қытай Қаратауының петроглифі мен
Құтыби Қызылқысаң петроглифінен көп
адам қатынасқан әсем де ойнақы, екпінді
топтық бидің көрінісі айқын байқалады.
Алтын адам табылған Есік төңірегіндегі
таңбалы тастың петроглифінде де осын-
дай топтық бидің суреті бар. Демек,
осы өңірлердің ерте замандағы сақ
халықтары түгелдей ән, күй, биге бай
болған; әрі көп адам бір уақытта бір түрлі
қимылмен әсем де ретті билей білген.
Сондай-ақ, олар наным-сенімін, көңіл-
күйін бимен еркін бейнелуге әдеттенген.
Қытайдың тарихи жазбаларында («Хан-
нама батыс өңір баяны», «Соңғы Хан-
нама» және Жин Фуйуанның «Пипа
мен өлең сөзге кіріс сөзі», т.б.) хан
патшалығы дәуірінде ғұндар, үйсіндер
жасаған дабыл, сыбызғы, боздауық, пипа,
ғежек сияқты күй аспаптарының Орта
жазыққа кең таралғаны анық көрсетілген.
Қытайдың Шижұн ханышасы үйсіндерге
ұзатылғанда жол бойы ат үстінде ойнай-
тын күй аспаптарымен жүрген.
Қытай Қаратауының петроглифі мен
Құтыби Қызылқысаң петроглифіндегі
қашалған адам бейнесіндегі ең үлкен
ұқсастық - әр екі орындағы петроглифте
де адам денесі иығы кең, белі жіңішке,
одан қайтадан бөксесі кеңейтіліп, бел-
ден жоғарғы бөлегі төңкерілген үлкендеу
үшбұрыш болып, сосын белі барынша
жіңішкеріп, төменгі денесі қайтадан
кішілеу үшбұрышқа айналады. Бұлардың
барлығы кездейсоқ құбылыс емес, сақ
бейнелеу өнерінің ерекшелігі. Мыса-
лы, Сібірдегі Нана өзені аңғарындағы
сақ өнері деп танылған петроглифтегі
беретін «аң стилімен» жасалған. Бас киімі
кейінгі қазақ киіміне ұқсас шошақ төбелі.
Ұшында арқар бейнесі, сондай-ақ, таудағы
құстардың, жылқылар мен жолбарыстың,
маңдайшасында мүйізді арқарлардың
бейнелері мүсінделген әшекей жапсырма-
19
ӘЛЕМ ҚА
ЗАҚТ
АРЫ СЫР ШЕР
ТЕДІ
адам бейнесінде, Іле аңғарының жоғарғы
жағындағы Күнес бойынан табылған
сақ қола жауынгерінің мүсінінде, Алтай
Пазырық мәдениетіне тән сақ серісінің
кілемге түсірілген көрінісінде түгелдей
адамның белі жіңішке болып бейнеленген.
Бір өкініштісі, ғалымдар Құтыби
Қызылқысаң петроглифі мен Сібірдегі
Нана өзені бойындағы жартас суретіндегі
билеген
адамдардың
бейнелеуіндегі
ұқсастықтарға назар аударған да, олар-
мен Қытай Қаратауындағы топтық би
петроглифі мен Есік алтын адамы және
Пазырық мәдениетіндегі бейнелеу өнері
сияқты сақ өнер туындыларын салыстыра
зерттеуді елеусіз қалдырған.
Қытай Қаратауы петроглифі мен
Құтыби Қызылқысаң петроглифі және
Есік алтын адамының басына киген шошақ
төбелі биік қалпағы мен оған таққан үкісі
ұқсайды. Қаратау петроглифінде үкіні
биік шошақ бас киімнің алдынан қадау да,
төбесінен қадау да байқалады, Есік алтын
адамында үкі бейнесі шошақ бас киімнің
алдынғы жақ екі шекесінен шығарылған,
ал Құтыби Қызылқысаң петроглифінде
ол баскиімнің төбесіне немесе алдына
қадалған. Ал тарихқа үңілсек, ғұндар
баскиімнің төбесінің екі жағына екі үкі,
ортасына топ үкі қадаған. Ал біздің
ғалымдарымыздың зерттеуінде Алтын
адамның үкі таққаны туралы ауызға
алынбайды. Қазақ энциклопедиясында ол
«ұзын екі қос жапырақпен безендірілген»
деп жазылған. Ал шындығында ол - екі
жапырақ емес, баскиімнің маңдайының
екі жағына қадалған екі шоқ үкінің
бейнесі.
Қытай Қаратауы петроглифі мен
Құтыби
Қызылқысаң
маңындағы
петроглифтегі және парсы жеріндегі
сақ жауынгерінің бейнесіндегі киім
ерекшіліктерінде де ұқсастық байқалады.
Қызылқысаң петроглифінен тым алыс
болмаған тағы сол Құтбидегі Кеңсай
петроглифіндегі қолына садақ, найза
ұстаған екі адамның бейнесіндегі киіну
дәстүрі дәл Қаратау петроглифіндегі адам
киімімен бірдей. Садақ ұстаған адамның
басында үкі бары байқалады. Бірақ
мұндағы бір ерекшілік, суреттегі кісінің
қолындағы садағы өте үлкен, адам бойы-
мен бірдей. Садақ ауыр болғандықтан оны
біреу көтерісіп тұрғандай, жебесі де жуан,
әрі ұзын. Бұл ерекшілік - суреттердің тым
арыдан қашалғандығынан дерек береді.
Садақтың жаяу аңшы қолданатын көне
түрі түркі тайпаларында «қапшағай», ты-
валарда «хавшахай», моңғолдарда «хавт-
гай» аталып, Алтай төркіндес тілдерде
«жалпақ» деген мағына берген. Қапшағай
садаққа ұқсас, алайда одан үлкен болған.
Жебесі тебінді, алысқа жеткен. Демек, бұл
суреттің жартасқа тым ерте – сақтар зама-
нында қашалғандығынан дерек береді.
Қаратау петроглифі мен Құтыби
Қызылқысаң петроглифіндегі барысты
бейнелеу де өте ұқсас, ол Есіктегі алтын
адамдағы бейнелеу үлгісіне де ұласып жа-
тады.
Барысқа табыну - сақтардың арыдан
келген салты. Олардың алтын әшекейінде
көбінде барыс бар, әрі ол жануар
атаулының құдіреттісі түрінде жолығады.
Құтыби Қызылқысаң петроглифіне жақын
Үрімжінің Алғұй деген жеріндегі сақ мо-
ласынан барыс бейнелі 8 алтын әшекей,
барыс бейнесі бар 4 алтын жапырақша
табылған. Сақтардың Алғұйдағы ал-
тын әшекейі б.з.б.3 ғасырдың туын-
дысы болып, уақыты жағынан Құтыби
Қызылқысаң
петроглифімен
сәйкес
келеді. Барыстың өрнектелуі де осы
кезеңге жақын. Дәл осы Алғұйдан
табылған алтын жапырақшадағы барыс
бейнесі мен Есік алтын адамының бас
киіміне жапсырмаланған барыс бейнесінің
ұқсастығына
еріксіз
таңқаласыз.
Ресейдің Таулы Алтай аймағының
түстігіндегі Пазырық мәдениетіне тән
сақ ақсүйектерінің табытының сыртына
Құтыби Қызылқысаң петроглифіндегіге
ұқсас тік тұрған барыс бейнесі ойылған.
Пазырық сақ қабірінің мезгілі де
б.з.б. 5 ғ. деп бағаланады. Ал Қаратау
петроглифіндегі барысты бейнелеу мен
Құтыби Қызылқысаң петроглифіндегі
барысты бейнелеудегі ұқсастық бей-
не бір адамның қолынан шыққандай.
Мамандар Қаратау петроглифіндегі би
авторларын тұрақтандыруда шалғай
шығыс терістіктегі Шұғай тауында тасқа
қашалған ғұндардың барыс суреттеріне
ұқсайтындығын да көлденең тартады. Іс
жүзінде мұндай ұқсастықтың ең жақыны
Құтыби Қызылқысаңын петроглифінен
табылады.
Құтыби Қызылқысаң жартасындағы
топтық би петроглифі мен Есік ал-
тын адамының аралығындағы бейне-
лену жағындағы және бір ұқсастыққа
тоқтала кетейік. Құтыби Қызылқысаң
жартасындағы топтық би петроглифінде
денесін тік көтеріп, екі алдыңғы аяғын
бір- біріне қарама қарсы тиістірген екі
жылқының симметриялы көрінісі бар.
Ал Есік алтын адамының биік те шошақ
бас киімінің маңдайында да дәл осындай
бейнедегі яғни, алдынғы аяқтарын қарама-
қарсы тиістірген барыс бейнеленген. Жал-
пы, симметриялы бейнеленген қос ары-
стан, қос жылқы, қос бұғы, тіпті, қос адам
бейнесі сақ өнерінде жиі ұшырайды.
Құтыби Қызылқысаң петроглифі мен
Хыши дәлізінің батыс қақпасындағы
Қаратау петроглифтеріндегі, сондай-
ақ, Есіктегі алтын адамды қамтыған
сақтардың алтын, қола бұйымдарындағы
|