Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата15.03.2017
өлшемі0,71 Mb.
#9522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Колдонулган адабияттар: 
1.  Исаков Б. Манастын жети осуяты. – Б.: 1997
2.  Бириктирилген вариант. «Манас», II том. 1958
3.  «Манас». Сагымбай Орозбак уулунун варианты бо-
юнча. I том. – Ф.: 1978
4.  «Манас». Сагымбай Орозбак уулунун варианты бо-
юнча. II том. – Ф.: 1980
5.  «Манас». Сагымбай Орозбак уулунун варианты бо-
юнча. III том. – Ф.: 1981
6.  Манас энциклопедия. II том. – Б.: 1995
Түйін
Мақала  «Манас»  эпосындағы    пейзаждық    сурет-
теу    функцияларының  Сағымбай    Орозбаковтың    нұсқасы 
бейнеленуін қарастырады.
Резюме
В  статье  автор    рассматривает  картины  пейзажа  и  их  
функции в эпосе  «Манаса», вариант Сагымбая  Орозбакова.

118
Халықаралық  байланыстар
                           
    
       
           Тимур Талғат
ТҮРКІШІЛІКТІҢ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ МЕН 
ТҮРКИЯДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛІ 
ӨКІЛДЕРІ
Ұлттың және ұлттық сананың қалыптасуы мәселесі тек 
қана  ғылым  үшін  ғана  емес,  қоғамдық  пікір  үшін  де  өз 
көкейкестілігін жоғалтпады. Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу 
әдебиеттерінде  осы  күрделі  мәселелерді  шешу  жолдары, 
олардың  әртүрлі  тұс-бағыттары  қарастырылуда.  Қазіргі 
заманның  –  Ресей  Федерациясы  аумағында,  бұдан  басқа 
дербес мемлекеттерде өмір сүретін түркі халықтары өзінің 
қалыптасуының  айтарлықтай  ұзақ  жолын  өткерген.  Б.з.д. 
III–IV  ғасырлардағы  Халықтардың  ұлы  қоныс  аударуы 
кезеңінен  бастап  қазіргі  түркілердің  ата-бабалары  Еуропа 
мен  Азияның  алып  кеңістігін  мекен  еткен,  тарихта  терең 
із  қалдырған  Түркі  қағандығы,  Хазар  қағандығы,  Еділ 
Бұлғариясы, Жошы ұлысы (Алтын Орда), Әмір Темір им-
периясы, Қазан хандығы, Қазақ хандығы, Қырым хандығы 
және  т.с.с.  іспеттес  өздерінің  мемлекеттік  құрылымдарын 
құрып  кеткен.  Ал  XIX  ғасырдың  соңына  қарай  дүние 
жүзінде  жалғыз  егеменді  түркі  мемлекеті  –  Осман  импе-
риясы  (Түркия)  ғана  қалады.  Жекелеген  ұлттық  топтарды 
ескермегенде, қалған түркі халықтарының басым көпшілігі 
Ресей империясы, кейіннен Кеңестік Социалистік Респуб-
ликалар Одағы аумағында өмір сүрді.
Әртүрлі,  әлеуметтік-экономикалық,  саяси,  мәдени 
жағдаяттар  түркі  тілдес  ұлттардың  қалыптасуына  өзіндік 
әсерін  тигізеді.  XIX  ғасырдың  соңы  –  XX  ғасыр  тарихи 
кезеңінде түркілер үшін интеграциялық, жақындастырушы 
мән тасыған идеялық-саяси ағым – түркішілік (пантүркішілік) 
пайда  болады.  Алғашында  мәдени-ағартушылық  идеоло-
гия ретінде өмірге келген түркішілік, XX ғасырдың бірінші 

119
Халықаралық  байланыстар
жартысында болып өткен елеулі саяси оқиғаларға араласуға 
мәжбүр  болады.  Түркішілік  ілімі  Осман  империясының 
(кейіннен  Түркия  Республикасы),  Ресей  империясының 
(кейіннен КСРО және қазіргі Ресей) түпкілікті мүдделерін 
негізге  алғанымен,  бұл  мемлекеттердің  билік  жүйесі 
әрдайым  түркішіліктің  дамуы  үдерісін  бақылап  қоймай, 
сонымен  қатар,  кейбір  кездерде  шешім  қабылдайтындай 
бір негізде оның тағдырына араласуы тиіс еді. Түркішілік 
идеологиясы өзінің дамуына қайталанбас үлес қосқан алып 
ойшылдарды да өмірге алып келді. Ғасыр жалғастығы бой-
ынша  тек  ішкі  өсім  мен  тұрақталумен  сипатталмайтын, 
бұдан басқа оған сыртқы, саяси әсер етумен айқындалатын 
түркішілік  идеологиясының  түрлі  қасиеттік  кезеңдерін 
байқауға болады [1, 4].
1990  жылдары  әлемдік  саяси  өмірде  болған  өзгерістер 
Түркия  Республикасының  бастамасымен  түркішілік 
идеясының  мәдени,  рухани  тұрғыдан  жақындасу  амалда-
рын  қарастырып,  қайта  жаңғырды.  Әлемде  түркі  нәсілі 
өкілдерінің саны кейбір деректерде 160 миллионнан астам 
деп  айтылып  жүр.  Аталмыш  мақаланың  басты  міндеті  – 
түркішілік  тұжырымдаушыларының  көзқарастары  мен 
үлесін  сипаттау  және    түркішілік  түсінігін  көпшілікке 
ұғымды тілмен жеткізу. 
XX ғасырдың басындағы Түркиядағы түркішіліктің аса 
елеулі өкілі Зия Көкалп болып табылады. Зия Көкалп (1876-
1924) – ақын, тарихшы, саясаткер. Оның ең бағалы еңбектері 
– «Түркілену, исламдану, жаңару» мақалалар жинағы (1918 
жылы  Ыстанбұлда  жарияланды)  мен  «Түрікшілдіктің 
негіздері» (1923 ж.).
Зия Көкалп (шын аты – Мехмет Зия) күрдтер мен армян-
дар көптеп қоныстанған, сол жердегі жағдайдың өзі ұлттық 
мәселелердің  мүддеге  айналатын  ауылдық  Диярбакырда 
дүниеге келді. Көкалп жастайынан жер аударылғандардың 
мекеніне айналған Диярбакырда ереуілге бел буған саясат-

120
Халықаралық  байланыстар
керлер мен ойшылдардың жетегіне түсіп, әсерінде қалады. 
1896 жылы саясаткер Ыстанбұлда тұрып, сол жердегі мал 
шаруашылығы  мектебіне  түседі.  Осы  жерде  ол  саяси  оп-
позиция  жағына  көшіп,  сұлтан  режиміне  көтеріліс  жасау 
тәсілімен  шығып,  демократиялық  конституция  идеялары 
үшін күреседі. Сол кезден бастап қуғынға ұшырап, бір жылға 
түрмеге қамалуы бекерден емес еді. Осыдан кейін ол өзінің 
туған  Диярбакырына  қуғындалады.  1908  жылы  Көкалп 
Селаникте  (Солоник,  қазіргі  Грекия)  өткен  «Бірлік  және 
ілгерілік»  партиясының  құрылтайына  шақырылып,  осы 
партияның орталық комитетінің құрамына сайланады. 1918 
жылға дейін, яғни сол партияның таратылуына дейін мүшесі 
болды.  Балқан  соғысы  мен  Бірінші  Дүниежүзілік  соғыс 
кезеңдерінде Көкалп әртүрлі әлеуметтік, құқықтық, мәдени 
мәселелермен  айналысып,  айрықша  белсенділікпен  көзге 
түседі. Соғыс оқиғаларының аяқталуымен ол тұтқындалып, 
басқа  да  ұлтшылдармен  бірге  Мальтаға  жер  аударылады. 
1921  жылы  Мұстафа  Кемал  Ататүріктің  жеңісінен  кейін 
Көкалптың отанға қайтуына мүмкіндік туады. Алайда, ке-
малшыл Түркияда бұрынғы «Бірлік және ілгерілік» партия-
сы  басшылары  ерекше  бір  ықыласқа  ие  болмай  қалады, 
себебі  көп  жағдайда  оларды  соғыста  жеңілгендігімен 
қорлайды.  Сол  себептен  Көкалп  Диярбакырға  оралады. 
Онда  ол  ұстаздық  пен  тілші  қызметтерімен  айналысады. 
1921 жылдың маусым айында ол Мұстафа Кемал Ататүріктің 
саясатын қолдайтын апталық журнал «Күчүк межмуаның» 
(«Шағын журнал») жариялануын басшылыққа алады. 1924 
жылдың  25  қазанында  Зия  Көкалп  осы  өмірден  өтеді  [2, 
127].
Көкалптың 
саяси 
көзқарастары 
көптеген 
еуропалық,  бірінші  кезекте  француз  философтары  мен 
әлеуметтанушыларының  мұрасын  тереңдеп  зерттеу 
негізінде  қалыптасады.  Түркішілік  идеясының  біріктіруші 
фактор ретіндегі түсінігі оның санасында ұзақ уақыт бойы 

121
Халықаралық  байланыстар
қалыптасады. Көкалп француз философтарынан қоғамның 
құдаилығы туралы тұжырымды қабылдап, «қоғам» терминін 
«ұлтпен» алмастырды. Көкалптың алғашқы жұмыстарында 
біртүрлі  екіжақтылық  байқалады:  бір  жағынан  –  османлы 
ұлттық  мемлекетінің  идеалы,  екінші  жағынан  –  ұлттың 
жоғарғы  рухани  және  зайырлы  құндылық  кейіпіндегі 
қабылдануы.  Уақыт  өте  келе  Көкалп  османлы  идеалы-
нан тайынды. Мұны жоғарғы билікке деген бас июшілікті 
айқындай  алмаумен  түсіндірілетін  империяның  ішіндегі 
ұлттық  қозғалыстардың  белсенділігімен  байланыстыруға 
болады.  Көкалп  мемлекет  тек  қана  бір  ұлтқа  негізделген 
кезде  ғана  өмір  сүре  алады  деген  ой-тұжырымына  келеді. 
Сондықтан  Көкалптың  ойынша,  Осман  империясы 
күйреуінен қашып құтылуда шарасыз қалды.
Есептеуімізше,    Көкалп    түркішіліктің  нағыз 
уағыздаушысы  ретінде  1912-1913  жылдардағы  Балқан 
соғысы кезеңінде қалыптасты, алайда 1911 жылдың өзінде 
«Жаңа  өмір  мен  жаңа  құндылықтар»  еңбегінде  ол  өзінің 
көзқарастарының  негіздерін  мазмұндайды.  Олардың 
түпкілікті мәні неде?
Көкальптың  ойынша,  басқа  халықтардың  дәстүрлерін 
қабылдай келе, түркілер ғасырлар бойғы өзіндік дәстүрлерін 
жоғалтып  алды.  Оның  есептеуінше,  «көптеген  жаулап 
алушылық әрекеттерін іске асыра отырып, рухани тұрғыдан 
өзіміз біреудің жетегінде қалдық». Сол себептен түркілердің 
негізгі  мақсаты  түп-тамырына  оралу,  «өзін-өзі  тану»,  таза 
күйіндегі  «түркі  рухын»  қалпына  келтіріп,  жаңғырту. 
Осымен  ол  түркі  халықтарының  исламға  дейінгі  өткенін, 
олардың  саяси  және  мәдени  жетістіктерін,  Еділ,  Шыңғыс 
хан, Темір, Бабыр мен османлы сұлтандарының «батырлық 
әрекеттерін» идеал ретінде алады [3, 89-98].
Көкалптың  пайымдауы  бойынша  түркілер  үшін  тіл 
маңызды біріктіруші фактор болуы тиіс және де ол тілдің 
тәуелсіздігін саяси тәуелсіздіктің негізгі шарты етіп алады. 

122
Халықаралық  байланыстар
Тілдің ұлттық мемлекетте жаңаландырылуы, бөтен тілдердің 
әсерінен  тазартылуы  керек  деп  ескертеді.  Көкалптың  са-
науынша  мемлекетте  екі  тілдің  қатарынан  қолданылуы 
дұрыс емес. Олар: көптеген араб, парсы сөздері араласқан 
османлыша, екіншісі көпшілік халық сөйлейтін күнделікті 
түрікше. Бірақ сонымен қатар бөтен тілдердің әсерінен ары-
лу енген сөздерді мүлдем елемеу жолымен емес, ақылмен 
іске асырылуы тиіс.
Көкалп  үшін  мемлекет  ұлттың  синонимі  болып 
табылғандықтан,  ол  өзінің  түсінігінше  өз  құруы  мен 
күйреуіне душар болған көпұлтты империяларға қарсылық 
білдіреді.  Осыдан  туындайтыны  ұлттық  мемлекеттер 
көпұлтты мемлекеттердегі өздерінің туыстарына қолғабыс 
етуі  керек.  Осылайша,  Көкалптың  идеялары  Ресей,  Пер-
сия  мен  басқа  елдердегі  түркі  халықтарының  ұлттық 
қозғалыстарына қол ұшын беру үдерісімен сипатталды.
Саяси тұрғыдан Көкалып, мемлекет ұлттық демократия 
сипатында  деген  көзқараста  болады.  Бірақ  шындығында 
билік  көпшілік  халықтың  емес,  ұлттың  мүддесіне  сай 
басқаратын және өзінің қызметінде ішкі ұлттық сенімдерді 
басшылыққа алатын ұлттық элитаның қолында шоғырлануы 
керек еді.
Зия  Көкалптың  басты  тұжырымдамасы,  негізінде 
әзірбайжандық  түркішіл  пікірлесі  Әли  Құсайын-Заденің 
(1864-1940)  айтқан  «Түркі  ұлтынанбыз,  Мұсылман 
үмбетіненбіз,  Еуропа  өркениетіненбіз»  деген  ұранын 
қайталайды.  Көкалп  үшін  үш  бастаманың  осылай-
ша  тұтастығы  өте  болжамшы  болды:  Мысалға  Батыс 
өркениетінен  ол  ғылыми  жетістіктер  мен  тәсілдерді 
қабылдауды;  Ислами  ілімнен  –  жалпы  исламдық  сая-
си,  құқықтық  және  әлеуметтік  ғұрыптарды  түбірімен 
көшірместен  негізгі  діни  ұстанымдарды  қабылдауды  жөн 
көріп,  ұсынды.  Адамның  иманы  мен  сезімдеріне  қатысты 
көпшілік мәдени дәстүрлер таза түркілік болып қалуы тиіс 

123
Халықаралық  байланыстар
еді.
Көкалп  өзінің  саяси  көзқарастарын  оқырман  яки 
тыңдаушы  үшін  шұғыл  аңғарылуы  мақсатында  өлең 
шумақтары  немесе  романтикалық  әдіс-тәсілдер  арқылы 
көрсетуді жиі қолданады. Мысалға мынадай дәйек сөздерді 
келтіруімізге боларлық, 1911 жылы жазылған «Тұран» өлеңі 
дәл соны сипаттайды:
«Менің  қанымда  қиылысатын  әсерлер  мен  іздер 
менің  тарихымның  жаңғырығы  болып  табылады.  Менің 
бабаларымның әйгілі істері жайлы мен тарихтың сарғайған, 
шаң  басқан  беттерінен  емес,  өзімнің  жүрегімнен,  өзімнің 
қан  тамырларымнан  танып  білемін.  Менің  Еділім,  менің 
Шыңғысым,  менің  ұлтымның  даңқына  бөленген  осы 
батырлықтың кейіпі арсыздық пен ғайбат сіңген тарихтың 
шаң  басқан  беттерінен  көрінеді,  тіпті  ортаның  өзі  оларды 
ұят пен ұждансыздығымен басып, бірақ шындығында олар 
Ескендір  мен  Цезарьдан  еш  кем  емес.  Менің  жүрегімнің 
өзі тарих үшін белгісіз әрі бұлыңғыр бейне Оғыз Ханды да 
жақсырақ  таниды.  Менің  жүрегімде,  менің  қан  тамырла-
рымда ол әлі өзінің ұлылығы мен даңқының арасында өмір 
сүреді. Оғыз Хан – бұл менің жүрегімді елжірететін, маған 
қолқанат болып мені сөйлететін де осы: Түркінің атамекені 
Түркия емес, Түркістан да емес, мәңгілік әрі ұлаңғайыр ел – 
Тұран» [4, 58, 62-63].
Зия  Көкалп  қазіргі  түрік  мемлекетінің  жалпы  негізінде 
жатқан  түркішілдіктің  теориялық  іргетасын  қалаған  бола-
тын.
Екінші  Дүниежүзілік  соғыстың  аяқталуымен,  Түркия 
мен  КСРО-дағы  түркішілік  ілімінің  тағдыры  айтарлықтай 
ұқсас  бір  деңгейде  болып  келді.  КСРО-да  түркішіліктің 
ешқандай  ашық  түрдегі  айқындалуы  –  бағдарламалық 
идеологиялық  шығармалар,  ұйымдасулар,  тіпті  халықтың 
ашық  түрде  сөз  сөйлеу  оқиғалары  байқалмайды.  КСРО-
ның  түркі  республикаларының  байланыстары  қатаң 
бақылауға  алынып,  тек  қана  коммунистік  идеологияның 

124
Халықаралық  байланыстар
сылтауратқан  «халықтардың  бауырмалдық  достығы» 
туының  астындағы  ұранымен  жасалады.  Түркияда  да  бұл 
идея түркі халықтарының ынтымағы ретінде ресми жари-
яланбай,  қоғамдық  идея  кейіпінде  жағымды  бір  әсерлерге 
алып  келмей,  ал  мемлекеттік  саясаттың  элементі  ретінде 
мүлдем ескертіледі. Осыдан шығатыны – Түркия мен КСРО-
ның түркі республикалары арасындағы қызметтестік жайлы 
ешқандай сөз қозғалмайды. Осыған дейінгідей, КСРО-ның 
алдындағы қауіп әлі де тарқамай, сонымен қатар түрік бас-
шылары егер КСРО-ның түркі республикалары мен Түркия 
арасында байланыстар болса коммунистік элементтер еніп 
кете алады дегеннен қауіптенеді [1, 62-63-бет].
Әйтсе  де,  Түркиядағы  түркішілік  мүлдем  тоқырап  кет-
пей, белгілі тұлғалардың қызметін ғана қамтығанымен баяу 
дамиды. Осындай тұлғалардың ішінде Нихал Атсыз (1905-
1975), Алыпарслан Түркеш (1917 жылы туған), Тұран Язган 
(1939-2012) сияқтыларды атап көрсетуге болады.
Истанбул  университетінің  түлегі,  жан-жақты  дамыған 
тілші,  жазушы,  педагог  Нихал  Атсыз  (1905-1975)  XX 
ғасырдың 50-60 жылдары өте белсенді әрі ашық түркішіл 
қайраткерлігін  жүргізеді.  Өзінің  көзқарастарын  ол 
бағдарламалық  мақалалар  топтамасында  мазмұндап, 
кейіннен  олар  1972  жылы  жарық  көрген  «Түркі  идеалы» 
жинағына енеді.
Оның  ойынша,  түркішілік  –  бұл  түркі  ұлтшылдығы, 
түркілер  мен  барша  түркілікке  деген  сүйіспеншілік,  бұл 
«ұлан  ғайыр  түркі  жеріндегі  түркі  халықтарының  сөзсіз 
билігінің  идеалы».  Түркішіл  –  ұлттық  мүддені  жеке 
басындағылардан жоғары қойып, өз халқының өткені мен 
ұлттық  қасиеттілерді  қастерлейтін,  жоғарғы  әдепке  ие, 
әділетсіздікпен қорқынышсыз күресетін адам. Түркияда бар 
бүкіл  идеялық  ілімдер  мен  ағымдардың  ішіндегі  тек  қана 
түркішілік    жергілікті  әрі  таза  ұлттық  болып  есептеледі. 
Өзгенің барлығы сырттан әкелінген.

125
Халықаралық  байланыстар
Нихал Атсыз «Біз – түркі халқы, біз – түркі ұлты» деп 
тұжырымдап өтеді. Оның есептеуінше, «халық» пен «ұлт» 
ұғымдары  синоним  болып  табылмайды.  Халық  –  бұл 
қазіргі сәтте баршылық адамдардың қоғамы, ал ұлт болды, 
бар және болады. Ұлт – бұл ежелгі заманнан тамыр алып, 
жеңіске кенелген және өзінің мәдениетін құрып, болашаққа 
идеал  болатын  бір  мықты  қоғамдастық.  Халық,  негізінде 
санадан қалған. Ұлттың болса өзіндік ұлттық санасы бар. 
Ол нені және не үшін жасап жатқанын анық біледі. Атсыз 
бойынша түркі ұлты – белгілі мемлекеттердің саяси шека-
раларымен шектеуге келмейтін, Эгей теңізі мен Дунайдан 
бастап  Алтай  тауларына  дейінгі  кеңістікті  мекендейтін 
құрушы ұлт ұғымы. Ғалым түрік билігінің белсенсіздігімен 
көзге түскен елдің ұлттық саясатын сынға алады. Ол осы-
ны  Ататүріктің  «Елде  бейбітшілік,  дүниеде  бейбітшілік» 
ұстанымы белгілі бір тарихи жағдайларда және белгілі бір 
кезеңде  қалыптасып,  келесі  буын  саясаткерлерінің  сая-си 
жағдайдың  өзгеріске  түсуін  ескермей,  заңдылық  етіп  алу-
ымен  түсіндіреді.  Бейбітшілік  үшін  Түркиядан  тыс  түркі 
халықтары  тағдырдың  жазғанына  тасталып  кетеді.  Үлкен 
түркі әлемі (яғни Түркия) өзін қорғаштайды, себебі Түркиядан 
тыс  түркілермен  қызығушылық  түркілер  қоныстанған  сол 
елдердің  ашуын  тудырып  мазасын  қашырады.  Түркішілік 
саяси құбылыс емес. Бірақ Атсыздың есептеуінше ол саяси 
формаға түсіп, өзін қорғап барлық түркілерді құтқара ала-
ды.
Атсыз  түркішілік  ұғымына  саяси  кейіп  беруге 
тырысқанымен, ол нағыз саясаткер емес және бұл қалауы 
мен ұмтылысы тұжырым болып қалды [1, 64].
Мамандығы  бойынша  әскери  және  саясаткер,  Ұлттық 
Әрекет Партиясының жетекшісі Алыпарслан Түркеш (1917-
1997)  саяси  қызметке  ұстануға  оңды  болар  «Тоғыз  нұр» 
(Dokuz  Işık)  саяси  тұжырымын  негіздейді.  Бұл  келесідей 
ұстанымдар:

126
Халықаралық  байланыстар
 1.  Ұлтшылдық;
2.  Идеализм;
3.  Әдептілік;
4.  Ғылымилық;
5.  Арағайындық;
6.  Ауылға қатысты саясат;
7.  Еркіндіктің және тұлғаның дамытылуы;
8.  Ілгерілік пен халықшылдық;
9.  Индустриалдану мен техникалану.
Алыпарслан  Түркеш  түркішілік  идеяларының  нағыз 
саяси  өмірге  жүзеге  асырылуына  ұмтылған  сол  бір 
қайраткерлердің  бірі.  Оның  өзі  болса  рухани-мәдени 
қызмет саласында тараған түркішіліктің ресми билік тара-
пынан  қатаң  бақылауда  ұстағанын,  саяси  бұл  шектен  тыс 
шыға бастағанында түркішілікке ауыр соққы берілгенімен 
түсіндіреді.  Алыпарслан  Түркештің  есептеуінше,  осын-
дай  ахуалдың  орнауымен,  ұлтшылдар  саяси  билікті  жау-
лап  алу  жолын  таңдауға  мәжбүр  еді.  Бұл  болжамдар  тіпті 
шын өмірге ұласты. 1965 жылы Алыпарслан Түркеш өзінің 
бағдарламасына  түркішілдердің  мүдделерін  ашық  түрде 
қамтыған Ұлттық Әрекет Партиясының (Milli Hareket Partisi) 
негізін қалайды. Зерттеушілердің айтуынша, бұл партияның 
пайда  болуы  Екінші  Дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі 
түркішіліктің  іс-жүзіндегі  алғашқы  айқындалуы.  Жалпы, 
түркішілік  идеологиясының  саяси,  партиялық  рәсімделуі 
соғыстан кейінгі Түркияда өз жалғасын тапты. Осылайша, 
қоғамның  консервативті  ортамын  түркішілік  идеялары-
на ислам діні арқылы жинақтай білген және өз ісімен XX 
ғасырдың  басындағы  түркішілдердің  стратегиясына  ұқсас 
ұстанымдарды негізге алған Ислам Консервативті Партия-
сы (İslam Selâmet Partisi) пайда болды [5].
Атап  кететіні,  Алыпарслан  Түркеш  осыған  дейінгі 
ізашарларымен салыстырғанда «ұлт» ұғымын айтарлықтай 
толықтырып, кеңейте білді. Ол ұлт – бұл ұзақ жалпы тари-

127
Халықаралық  байланыстар
хи жолды басып өткен, жалпы тарихи санасына, ортақ діні, 
мәдениетіне ие, ортақ мемлекеттің қожасы әрі оның туының 
астында  сол  шекара  аумағында  өмір  сүретін  мемлекеттің 
құрушысы  әрі  қорғаушысы  болып  табылатын  адамдар 
қауымы деп есептейді [6, 405, 406-бет].
Экономист-ғалым Тұран Язган (1938-2012) қазіргі кезде 
1980 жылы негізі қаланған Түркі әлемін зерттеу Қорының 
жетекшісі болды. Егер де Алыпарслан Түркешті түркішіл-
саясаткер деп есептеуімізге болса, Тұран Язган – мәдениет, 
ағартушылық,  білім,  ғылым  және  өнер  салаларындағы 
түркішіл.  Ол  және  оның  басқаруындағы  қор  осы  шақта 
әртүрлі  түркі  халықтары  арасындағы  мәдени  жақындасу 
ісіне  айтарлықтай  зор  нағыз  берешегі  мол,  мәдени  айыр-
бас  саласына  үлес  қосуда.  Тұран  Язганның  арқасында 
түркі әлемінің көптеген ғалымдары түрлі құрылтайлар мен 
конференцияларында  өзара  танысуға,  өнер  қайраткерлері 
түрлі  елдерден  келген  сондай  қайраткерлердің  алдында 
өзінің  жетістіктерін  жария  етуге,  өздері  де  тамашалауға 
мүмкіндік алды. Қор «Түркі әлемінің тарихи журналы» мен 
«Түркі әлемін зерттеу» сынды айлық екі журналды басып 
шығарады,  бұдан  басқа  түркі  халықтарының  тарихы  мен 
мәдениетіне  қатысты  жеке  шығармалар  да  жарық  көруде. 
Осыған орай, Тұран Язганды «мәдени түркішіліктің» өкілі 
деп батылдықпен атауға болады [7, 187-190].
Қазіргі  кездегі  Түркия  Республикасының  кейбір  сая-
си  мәселелері  осы  тұжырымдамалардың  түрік  қоғамында 
берік  ұстануына  байланысты.  Бұл  Түркияның  Еуропалық 
Одаққа  шамамен  30-40  жыл  бойғы  мүддесін  танытып 
келуіне  қатысты.  Яғни  Еуропалық  Одақ  Түркияның  күрд, 
армян геноцидін мойындау, жаулық (хиджаб) мәселесін рет-
теу сынды өз талаптарын ұсынады, ал керісінше Түркияның 
осылардан  бас  тартуы,  әрине,  ислами  және  түркішілік 
идеяларының  қоғамда  әлі  орын  алып  келе  жатқандығын 
дәлелдейді.

128
Халықаралық  байланыстар
Әдебиеттер:
1  Гилязов И. Тюркизм: становление и развитие (характери-
стика основных этапов). – Казань, 2002. – 410 с.
2  Зия Көкалып. Түрікшілдіктің негіздері. – Алматы: Мерей, 
2000. – 130 б.
3  Şahin  GÜRSÖY,  İhsan  ÇAPCIOĞLU.  Bir  Türk  Düşünürü 
Olarak Ziya Gökalp: Hayatı, Kişiliği ve Düşünce Yapısı Üzerinde Bir 
İnceleme // Ankara Üniversitesi İlâhiyat Fakültesi Dergisi – AÜİFD 
47, 2006, sayı 2.
4  Gökalp  ZİYA.  Türkleşmek,İslamlaşmak,  Muasırlaşmak.  – 
İstanbul: Toker yayınları, 1992. – 80 s.
5  Бюшра  Ерсанлъ  (Истанбул).  “Турската  историческа 
теза”  и  нейните  резултати.  //  http://www.ilit.bas.bg/bi/include.
php?file=Busra (Април 2009 г).
6  Türkeş ALPARSLAN. Dokuz Işık. – İstanbul.: Burçak Ltd. 
Şti., 1993. –  571 s.
7  Мухамметдинов Р.Ф. Зарождение и эволюция тюркизма. 
– Казань: Изд-во «Заман», 1996. – 272 с.
Резюме
В данной статье раскрыты особенности и специфических ха-
рактеристиках понятия тюркизма в Османской империи и совре-
менной Турецкой Республике. Описывается жизнь и обществен-
ная, культурно-просветительская, образовательная, политическая 
деятельность, методы и приемы пропаганды идей тюркизма, зна-
чение в формировании национального самосознания известных 
на весь тюркский мир таких личностей, как Зия Гёкальп, Нихаль 
Атсыз,  Альпарслан  Тюркеш,  Туран  Язган.  В  статье  приводятся 
непереведенные до настоящего времени с иностранных языков на 
казахский язык  сведения.
Summary
In this article tells about the features and specific characteristics 
of the Turkism in the Ottoman Empire and modern Turkish Republic. 
There is describes the life and the social, cultural, educational, political 
activities,  methods  and  techniques  of  propaganda  of  Turkism,  the 
significance of personalities in national identity forming, who known 
to the all Turkic world such as Ziya Gokalp, Nihal Atsyz, Alparslan 
Turkesh, Turan Yazgan. In article presents some information, which 
not translated to Kazakh language by foreign languages.

129
Ыбырай Алтынсарин - 175 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет