Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата15.03.2017
өлшемі0,71 Mb.
#9522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Ыбырай  Алтынсарин  –  қазақ  мәдениетінің  зор 
қайраткері  //  Ыбырай  Алтынсарин  тағлымы:  Әдеби-сын 
мақалалар мен зерттеулер / Құрастырған М.Жармұхамедов. 
– Алматы: Жазушы, 1991. 
2.  Алтынсарин 
И. 
Таңдамалы 
шығармалары. 
Құрастырып баспаға дайындаған: Б.С.Сүлейменов. – Алма-
ты: Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы, 1955.
3.  Классикалық  зерттеулер.  Көп  томдық.  Т.  24. 
Ғабдуллин  М.  Қазақ  халқының  ауыз  әдебиеті.  –  Алматы: 
Әдебиет әлемі, 2014. 
4.  Қобыланды батыр // Қазақ қолжазбаларының ғылыми 
сипаттамасы. Т.1. Батырлар жыры. – Алматы: Ғылым, 1975. 
5.  Алтынсарин  Ы.  Қазақ  хрестоматиясы.  –  Алматы: 
Білім, 2003. 
6.  Алтынсарин  Ы.  Таңдамалы  шығармалары.  –  Алма-
ты: Ғылым, 1994.

145
Әлихан Бөкейханов - 150 жыл
С.О.Смағұлова 
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ХХ Ғ. 
20-30-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚУҒЫН-СҮРГІН
Ұлт  зиялыларының  ішінде  дара  да  дана,  бірегей 
тұлғаларының  бірі  –  Әлихан  Бөкейханның  қазақ  халқына 
сіңірген еңбегі өлшеусіз. Қайраткердің қалам тартпаған  са-
ласы кемде кем. Жалпы оны біз ең бастысы, ұлтының мүддесі 
жолында күрескен саясаткер, қайраткер, елдің әлеуметтік-
экономикалық жайын ойлаған экономист, мәдениетін, тари-
хын, әдебиетін сүйген тұлғаретінде танимыз. 
Әлихан  Бөкейханов  –  ол  қазақ  зиялыларының 
көшбасшысы. ХХ ғасырдың басынан өмірінің сонына дейін 
қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, соның жолында 
өзін құрбан еткен азамат. 
Әлихан  патша  үкіметінің  де,  кеңестік  жүйенің  де 
қысымын  көрген.  Ол  патша  өкіметі  тұсында  да  бірнеше 
рет тұтқындалып, жер аударылса, ал кенес үкіметі тұсында 
1922-1937  жылдар  аралығында  үш  рет  абақтыға  оты-
рып  шыққан.  Алғашқы  патша  абақтысына  І  Мемлекеттік 
дума қарсаңында отырыпты. Бұл кезде Семей облысының 
халқыдепутат ретінде оны Думаға сайлады, өкініштісі сол 
оның жұмысына қатыса алмады. Себебі сол кезде ол Павло-
дар түрмесінен енді ғана босап шыққан еді. Барған күні Дума 
таратылып, басқа депутаттармен бірге Выборгқа қаласына 
барып,  «Выбор  үндеуіне»  қол  қойған  болатын.  Патша 
үкіметі осы үндеуге қол қойғандардың басымын тұтқынға 
алып,  абақтыға  жапты.  Әлихан  Санкт-Петербург  сот 
палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айғаСемей 
абақтысына отырғызылады. Кейін Самар қаласына жер ау-
дарылып, тек 1916 жылы ғана мерзімі бітіп, Орынборға ке-
луге мүмкіншілік алады.
Кеңес үкіметі толықтай орнағаннан кейінбасқару органда-

146
Әлихан Бөкейханов - 150 жыл
ры Әлихан бастаған алашордашылардың талап-тілектеріне 
құлақ асқан жоқ. Керісінше оларды биліктен шеттетуге ты-
рысты. Қызыл биліктің әккі саясатын әшкерелемек болған 
алаш  мүшесінің  бірі  Отыншы  Әлжанов  большевиктердің 
қолынан мерт болды. Дегенмен үкімет ұлт зиялыларының 
сағын    бірден  сындыруға    мүмкін  еместігін  түсінді. 
Сондықтан оларға кешірім бере, ақырындап биліктен алас-
тату арқылы күрес тактикасын күшейтті. 
Жалпы қазақ зиялылары мен оларға ниеттес болған аза-
маттарды қуғындау 20-жылдың басында өріс алды. Жасы-
рын  түрде  ақпараттар  жинап,      мемлекеттік  және  басқару 
органдарында  қызмет  еткен  алашордашылардың  кейбірі 
«кеңес өкіметіне қарсы» деген желеумен жұмыстан қуылды, 
Қазақстаннан тыс жерлерге жіберілді. 
Негізінде бұрынғы Алаш қайраткерлерін қудалау бары-
сы  20-жылдың  басында  Коммунистік  партия  қатарын  жат 
элементтерден тазарту барысында да байқалды. Осы кезде 
Қазақстанда түрлі ағымдардың пайда болғандығы жөнінде 
ақпарлар  пайда  бола  бастады.  Мұндай  ақпарлардың 
бірін  Қырғыз  (Қазақ)  облыстық  бюросына  партия-кеңес 
қызметкерлері  С.Жақыпов,   М.Өтегенов,  А.Сейітовтер жа-
зып,  қазақтардың  арасында  екі  саяси  ағымның  барлығын, 
оның бірі ұлтшылдық бағытта, ал екіншісі коммунистік рух-
та екендігін, бұл ағымдар бұрыннан бері келе жатқандығын, 
ұлтшылдық  идеяны  қолдаушылар  белгілі  кадет  Әлихан 
Бөкейханның  маңайына  топтасып,  «Алаш»  партиясы  мен 
Алашорда үкіметін құрғандығын айтқан болатын. Бұдан әрі 
кеңес  үкіметі  тұсында  бұл  бағыттағылар  ақгвардияшылар 
жағына  шығып,  «жергілікті  тұрғындарды  автономияны 
кеңес  үкіметі  емес,  ақгвардияшылар  беретіндігі»  жөнінде 
насихат  жүргізіп,  кеңес  қызметінде  жүрген  коммунист 
қызметкерлерге қысым көрсетіп отырғандығын  айта келе, 
«егер олар өз әрекеттерін бұл түрде жалғастыра берсе, онда 
бізге,  коммунистерге  бұл  партиялық  ұйымдарда  жұмыс 

147
Әлихан Бөкейханов - 150 жыл
істеуге мүмкіндік жоқ» деп мәлімдеген еді [1].
Большевиктік  биліктің  бұрынғы  Алаш  қозғалысының 
өкілдеріне  осылайша  шүйлігуінің  өзіндік  себебі  бар.  Ол 
алашордашылардың  ықпалының  коммунистер  арасында 
жайылып кетуі мүмкін деген қорқыныш. Бастапқы кездер-
де бұл мәселе ашық түрде айтылмаса да, бірте-бірте жай-
мен өлкелік партия конференциялары мен жиналыстарын-
да қозғала бастады. Мемлекет қызметіне тартылған  Алаш 
қайраткерлеріне    сенімсіздік  күшейді.  Оларға  «ұлшыл» 
ретінде күдікпен қарау орын алды.        
1922 жылдан бастап алашордашыларды үкімет пен пар-
тия  тарапынан  қудалау  саясаты  ашық  түрде  жүргізілген. 
Бір  сөзбен  айтқанда,  Кеңес  өкіметі  білімді,  елінің  қамын 
ойлаған,  талантты  азаматтардан  құтылуды  көздеді. 
«Ұлтшыл»,  «жікшіл»  деп  қаралау  белең  алды.  Сол  кездің 
өзінде М. Дулатов «Ақ жол» газетіне жариялаған «Қазақ зия-
лылары»  деген  мақаласында  қазақ  зиялыларын  «ұлтшыл» 
қылып  отырған  үкіметтің  әккі  саясаты  екендігін:  «Біздің 
қазақтың ұлтшылдары өзге жуан елдердің ұлтшылдарындай 
емес  екені  бәрімізге  белгілі.  Бізді  ұлтшыл  қылған  нәрсе 
біздің кемдікте, қорлықта жүргендігіміз, көрінгеннен соққы 
жегеніміз еді. Егер төңкеруші табылады екен, ұлтшылдықты 
ортақшылдыққа  айырбастауымыз  қиын  емес»  деп  ашық 
көрсетті [2]. 
Алашордашыл ұлтшылдармен күрес жүргізуде ел ішінде 
қандай топтар мен жіктердің барлығын анықтау Мемлекеттік 
Саяси басқарманың қолына берілді. Олар кеңестік жүйеге 
қарсы астыртын бірнеше топтың барлығын, олардың қандай 
іспен айналысып, әрекет жасап отырғандығын құпия түрде 
анықтап, тиісті орынға хабарлап отырды. 
Алаш  мүшелерін  қудалау  барысында  кеңестік  билік 
баспасөз  беттерін  де  шебер  пайдаланған.  Алашты  сынау-
да  «Қызыл  Қазақстан»  журналы  мен  «Еңбекші  қазақ» 
газеті  белсенділік  танытты.  Бұл  басылымдарда  Алаш 

148
Әлихан Бөкейханов - 150 жыл
партиясының өткен жолы, жүргізген қызметінде «жаңылыс 
басты, адасты» деген мазмұнда мақалалар жарияланған.
Қырғыз  (Қазақ)  облыстық  Мемлекеттік  Саяси 
Басқарманың  қызметкерлері  1922  жылы  23  қыркүйекте 
Қазақ өлкелік комитетіне «алашордашыл» және «ұлтшыл» 
қазақ  топтары  туралы  мәлімдеме  жасап,  республикада  3 
ағым  немесе  топтың  барлығын  айтып,  оның  біріншісіне 
алашордашылардың  тобын  жатқызды.  Топты  Ә.  Бөкейхан 
басқаратындығы,  оның  орталығы  Семей  губерниясын-
да  (Қарқарлы  уезінде)  екендігі,  бұл  топқа  Р.  Мәрсеков, 
Х.Ғаббасов, М. Дулатов, Ж. Ақбаев, А. Қозыбағаров және 
т.б.  мүше  болып,  коммунистік  партия  қатарын  әлсіретуге 
күш  салып,  осы  бағытты  жүзеге  асыруда  халық  арасында 
үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, «Алаш» бағдарламасын 
қолданып отырғандығы айтылды. 
Мәлімдемеде  көрсетілгендей,  екінші  топқа  бұрынғы 
Алашордаға  мүше  болған,  қазірде  коммунистік  партия 
қатарына  кіріп  алған  А.  Байтұрсынов  бастаған  зиялы-
лар,  атап  айтқанда,  Қазақ  ОАК-нің  мүшелері  А.  Кенжин, 
С. Сәдуақасов, М. Әуезов, Қырғыз азық-түлік бюросының 
төрағасы Ә. Нақымжан, ХКК-нің төрағасы М. Мырзағалиев, 
Жоғарғы  трибунал  төрағасы  С.  Арғыншиевтар  еніп,  бұл 
топтың  құрамындағылар  үкіметтің  жоғарғы  қызметінде 
жүре,  Түркістан  Республикасындағы  алашордашылардың 
бір  бөлігімен  (С.  Қожанов,  Т.  Рысқұлов,  Х.  және 
Ж.Досмұхамедовтар,  Ш.  Дивеев  –  С.С.)  тығыз  байла-
ныста  болды,  Ә.  Бөкейхан  тобының  басшылығымен 
«отаршылдарға»  қарсы  жүйелі  күрес  жүргізді,  комму-
нист  атын  жамылып,  партия  қатарына  іріткі  салды,  осы 
істе  мерзімді  басылымды  кеңінен  пайдаланды  делінді. 
Құжатта  көрсетілген  3-ші  топ  интернационалдық  қазақ 
қызметкерлерінен  құралды.  Бұл  топты  Қырғыз  ОАК-нің 
төрағасы С. Меңдешев басқарып, оның құрамында Қырғыз 
облыстық  комитетінің  хатшысы  А.  Асылбеков,  Ішкі  Істер 

149
Әлихан Бөкейханов - 150 жыл
халық  комиссариатының  төрағасы  Ә.  Әйтиев,  Азық-түлік 
халық  комисариатының  төрағасы  М.  Саматов,  Әлеуметтік 
қамсыздандыру халық комиссариатының төрағасы Ә. Жан-
гелдин,  ҚОАК-нің  мүшесі  Н.  Нұрмақовтың  болғандығы 
және қызмет барысындағы өз мақсаттары үшін Мемлекеттік 
Саяси  Басқарманы  пайдаланып  отырғандығы  келтірілді. 
Одан  әрі  әр  топтың  мүшелеріне  жеке-жеке  тоқталынып, 
олардың  немен  айналысып  жатқандығы  айтылды  [3]. 
Бұл  құжатқа  Мемлекеттік  Саяси  Басқарманың  (ГПУ) 
Шығыс  бөліміне  құпия  түрде  жіберілген  баяндамада 
толықтырулар жасалды. Онда  1922 ж. 1 қазаны мен 1923 
ж. 1 қаңтар аралығындағы Алашорда мен қазақ топтарының 
жағдайы  мен  әрекеттері  айтылды.  ІІІ  Жалпықазақ 
Кеңестерінің  съезіне  сайлау  барысында  Ә.  Бөкейхан  пен 
Р.Мәрсеков бастаған 1-ші топ халық арасында кеңес билігіне 
қарсы  үгіт  жүргізудің  арқасында  Семей  губерниясына 
қарасты  Қарқаралы  уезіндегі  Бошан  (Ақаев)  пен  Қарасор 
(Ақпаев) руларының арасында кикілжің туғызып, болыстық 
және  уездік  атқару  комитетінің  құрамына  өз  адамдарын 
немесе өздеріне ниеттес адамдарды (көпшілігі байлар деп 
көрсетілген – С.С.) өткізуге тырысты деп келтірілді. 
Семей  губерниялық  съезіне  Қарқаралы  уезінен 
делегаттыққа  Ш.  Тоқжігітовті,  губерниялық  комитетке 
С.  Кәдірбаевты  сайлап  үлгергендігі,  Ақмолаға  Түркістан 
республиксынан  Ө.  Омаров,  Д.  Әбілев,  Тоқжанов 
сияқты  алашордашылар  келіп,  съезге  жұмыла  басшылық 
жасағандығы, съезд ашылар кезде У. Танашев, Н. Құлжанова, 
Ә.  Нақымжанов,  Барлыбаев,  А.  Байтұрсынов  және 
басқа  алашордашылар  партияда  жоқ  делегаттарды 
біріктіріп,  фракция  құруға  тырысқандығы  айтылды. 
Алашордашылардың  президиум  құрамына  өз  адамдарын 
өткізбек  болған  әрекетінен  түк  шықпай,  олар  ұсынған 
тізімнен  тек  Н.  Құлжанова  ғана  сайланған.  Баяндама-
да  көрсетілгендей,  бұл  топтың  ІІІ  Жалпықазақ  съезіндегі 

150
Әлихан Бөкейханов - 150 жыл
барлық  әрекеттері  жүзеге  аспай,  Р.  Мәрсеков  Қытай  асса, 
Ж. Ақпаев Түркістанға қарай кеткен. Ал М. Мырзағалиев 
пен  А.  Кенжин  бастаған  2-ші  топ  өз  бағыттарын  анықтай 
алмай, біресе 1-ші топтың, біресе  3-ші топтың әрекеттеріне 
қолдау көрсетумен ғана шектелген.С. Меңдешев басқарған 
үшінші  топ  ІІІ  Жалпықазақ  съезінде  екі  топқа  қарағанда 
өздерін  күштірек  сезініп,  «Алашордашылар  жойылсын!» 
деген ұран көтергендігі көрсетілді [4].Сөйтіп, Қазақстанда 
большевиктік үкіметке қарсы әрекет еткен топтар әйгіленді. 
Бұдан  кейінгі  тағы  бір  Мемлекеттік  саяси  басқарма 
қызметкерлерінің  алашордашылар  туралы  мәлімдемесінде 
Ә.  Бөкейханның  Мәскеуге  келіп,  Халық  комиссариаты-
на  қызметке  кірмектігі,  оның  М.  Дулатов,  А.  Бірімжанов, 
А.  Кенжин  және  бірнеше  қазақтармен  кездескендігі,  М. 
Дулатовтың  осы  кездесу  барысында  баспасөз  саласының 
әлсіздігін, Орынборда қазақ тілінде бар-жоғы екі газет пен 
бір  ғана  журналдың  барлығын,  өзінің  осы  салада  қызмет 
етуді көздеп отырғандығын айтқандығы келтірді [5]. 
1922  ж.    2    желтоқсанында    өткен  РК(б)П  Комитетінің 
өкілдері  мен  Торғай  уезінің  Атқару  комитетінің 
төтенше  мәжілісінде  бұрынғы  алашордашыларды  жа-
уапты  қызметтерден  аластату  мәселесі  қарастырылды. 
Осындай  шешімдерден  кейін  баспасөздерде  бұрынғы 
алашордашылардың  кеңес  саясатына  аса  қауіптілігін 
дәлелдей көрсеткен мақалалардың жариялануына жол ашыл-
ды.  Онда  Қазақстанда  болып  жатқан  қиыншылықтардың 
шығу  себебіне  «алашордашы  ұлтшылдар»  кінәлі  деген  де 
пікірлер айтылды. 
«Қазақ  тілі»  газетінің  басқармасына  алашордашылар-
ды «жаңа экономикалық саясаттың тұсында баюды мақсат 
қылып, саудагершілікке айналдырды» деген мазмұндағы хат-
тар да келіп, соның ізімен газетке «Кім екенін білдік» деген 
атпен мақала жарияланып, үкімет тарапынан кешірім жасал-
са да, алашордашылардың кейбіреулері ұлтын көркейтудің, 

151
Әлихан Бөкейханов - 150 жыл
жетілдіруінің  орнына,  өз  пайдасын  ойлап,  үкімет  ісіне 
кедергі  келтіріп  отырғандығы  келтірілді  [6].  Міне,  осын-
дай  мазмұндағы  мақалалардан  кейін  «Алаш»  мүшелері 
Ә.  Бөкейхан,  М.  Дулатов  және  басқа  қайраткерлерінің 
қызметтері жіті тексеруге алынды. 
1922 жылғы Алаш қайраткерлері Ә. Бөкейхан, М. Дула-
тов, Ж. Ақпаевтардың соңынан қойылған құпия аңдулардың 
нәтижесінде  жинақталған  мәліметтер  бойынша  олардың 
үстінен  қылмыстық  іс  қозғалып,  Ә.  Бөкейхан  пен  М.  Ду-
латов  тұтқындалса,  Ж.  Ақпаев  та  Қарқаралы  маңында 
ұсталған [7]. 
Ә.  Бөкейханның  ұсталу  себебін  Қазобкомның  хатшысы 
Коростылев Мәскеуге жазған хатында Қазақ ОАК өкімдеріне 
бағынбауынан,  Түркістанға  қашпақ  болды,  қазақ  жастары 
арасына іріткі салды, Монғолиямен байланысы бар, Семей 
губерниясындағы Алашорда бөлімдерінің ыңғайға көнбеген 
басшыларын  жоюға  қатысты  деп  түсіндірген  [8,  7-8]. 
Сөйтіп, Алаш көсемі тұтқындалып, Мәскеуге жіберілсе, Ду-
латов Орынборда қалды, ал Ж. Ақпаев Семейде тұтқыннан 
босатылып, туған жеріне кетуге тиіс болған [9].
Большевиктік өкімет Алаштың көсемі Әлихан Бөкейханды 
Қазақстанда  қалдырудан  қауіптенді.  Сондықтан  ол  1922 
жылдың күзінде Мәскеуге жер аударылды. Қазақстанға жо-
латпай, 1937 жылға дейін үйқамақта ұстады. 
Алаш  қайраткерлерін  саяси  тұрғыда  қудалауға 
Қазақ  өлкелік  партия  комитетінің    хатшысы  болған 
Ф.И. Голощекиннің тікелей қатысы бар. Ол Қазақстанға кел-
геннен кейін «алашордашылардың бағытына тікелей қолдау 
көрсетті, кеңестік ұлт саясатын бұрмалауға тырысты» деген 
желеумен    мемлекеттік  қызметте  отырған  С.  Сәдуақасов, 
С.  Сейфуллин,  Т.  Рысқұлов  сияқты  азаматтарды  айыптап, 
іздеріне шам ала түсті. 1925 жылдың 23 қазанында болған 
РК(б)П Орталық комитетінің ұйымдастыру бюросының жи-
налысы  барысында  ол  қазақ  баспасөзіне  қатысты  жасаған 

152
Әлихан Бөкейханов - 150 жыл
есебінде    алашордашыл  зиялылардың  республиканың 
қазақ  тілді  баспасөздің  айналасына  топталып  алғандығын 
баса  айтқан  болатын.  Осыған  орай  ұйымдастыру  бюро-
сы қазақ өлкелік комитетіне  қазақ баспасөзіне партиялық 
қырағылықты күшейту, баспасөз бөлімін құруды міндеттеу 
және  дайындығы  мол  қызметкерлермен  қамтамасыз  етуді 
міндеттеді.  Сонымен  қатар  Орталық  баспа  Басқармасына 
қазақ  тілінде  шығатын  барлық  басылымдарды  қатаң 
тексерістен  өткізуді  жүктеді.  Бұл  жиылыста  қабылданған 
шешімнің бірі Ә. Бөкейхан редакциялық жұмыстан босату 
болды [10]. 
Сөйтіп,  «троцкийшілдерге»,  «жаңа  оппозицияға»  және 
басқа да антилениндік ағымдар мен топтарға қарсы күресуді 
мақұлдап,  елдегі  алауыздықтар  мен  жікшілдерге  қарсы 
науқанды  қолға  алуды  күшейтуді  тікелей  өзі  қолға  алды. 
Ә. Бөкейхан бастаған алашшыл бір топ баспа орындарындағы 
қызметкерлер жұмысынан босатылды, қазақ тілде шығатын 
бірнеше мерзімді басылымдар жабылды.  
Бұрынғы  «Алаш»  партиясының  құрамында  болған, 
кешірімнен  кейін  кеңес  аппаратында  қызметтегі  М.  Ду-
латов,  Ә.  Бөкейхан  және  басқа  қайраткерлер  «Ақ  жол» 
газетін  басқарып  отарғандығы  ашық  айтылды.  Қазақ 
Өлкелік  комитетінің  жауапты  хатшысына  жіберілген 
белгісіз  автор  хатында  аталмыш  «Бөкейханов»  тобындағы 
алашордашылардың 
ісінің 
әлі 
байыбына 
барып 
тексерілмегендігі, сот үрдісі барысында алашордашылар та-
рапынан іс жүргізушіні «отаршыл-демагог, қазақ халқын са-
тушы» есебінде сыналғандығы ашық айтылып, істі қайтадан 
тез арада қарау қажеттігі көтерді [11].
Ә.  Бөкейханмен  тығыз  байланыста  болғандар  да 
үкіметтің  назарына  ілікті.  Мәселен,  1927  ж.  қазанда 
Қызылорда  ОГПУ-ы  Елдес  Омаровты  Ә.  Бөкейханды 
Челябі  уезіндегі  Бузанов  хуторына  демалысқа  шақырғаны 
үшін тұтқындалған [12, 14]. 

153
Әлихан Бөкейханов - 150 жыл
20-жылдардың  соңына  қарай  республикадағы  саяси 
жағдай шектен тыс ушығып, зорлық-зомбылыққа жол ашыл-
ды. 1927-1929 жылдар аралығында қазақ зиялыларының ара-
сында өзіндік пікірі бар азаматтардың барлығы да «ұлтшыл» 
деген  айыппен  қызметтен  қуылды.  Кемшілік,  қателіктерді 
әшкерелеуде  сынды,  өзара  сынды  күшейту  мәселесі 
қолға  алынды.  Бүкілодақтық  коммунистік  партияның  XV 
съезд  шешіміне  орай  «Еңбекші  қазаққа»  1928  жылдың  8 
қаңтарында  Ф.И.  Голощекиннің  Қызылорда  қаласындағы 
коммунистердің жалпы жиналысында жасаған баяндамасы 
жарық көріп, «жікшілдер» деп атанған Троцкий мен Зино-
вьев  артынан  еріп  жүргендер  пролетариат  табына  қарсы 
шығушылар  бұл  шаруашылықтың  өсуіне  қиыншылық  ту-
дыруда деп келтірілді және жікшілдермен күресіп, олардың 
түп-тамырын құрту қажеттігін баса көрсетті [13]. 
1928-1930  жылдар  аралығында  «Алаш»  қозғалысының 
А.Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, 
М. Тынышпаев, Ж. Ақпаев бастаған жетекшілері мен бас-
шылары тұтқындалып, үстілерінен іс қозғалған. Жалпы осы 
жылдары Алашқа қатысты деген 44 азамат жауапқа тартыл-
ды. Қуғындалған азаматтарға «жапон тыңшысы», «шпион», 
«контрреволюциялық ұйым құрды немесе байланыс жаса-
ды», «зиянкес», «агент», «қандыбалақ қарақшы», фашизмнің 
жендеттері»,  «троцкийшілердің  ұясы»,  «жікшіл»  және 
тағы  басқа  айыптар  тағылыпты.Комиссариат  әшкерелеген 
«халық  жауларын»  жазалау  «үштік»  шешімімен  жүзеге 
асырылды.  Яғни  айыптау  құжатына  үш  адамның  қолы 
жеткілікті болған. Қазақтың белді азаматтарының көпшілігі 
осы «үштік» атанған комиссия шешімімен атылып, лагерге 
айдалған.
ХХ ғасырдың 
30-жылдың  басында  қазақ  баспасөзі 
партия жолынан ауытқыған, кеңестік партияға қарсы топтар 
мен  жікшілдерге  қарсы  күресті  өрістетті.  Кеңес  өкіметіне 
жат  пиғылдағыларды  «ұлтшыл-уклонистерді»  әшкерелеу, 

154
Әлихан Бөкейханов - 150 жыл
өзара сын айту басылымдардың негізгі тақырыбына айнал-
ды.  Осылайша  бірін-бірі  қаралаған  мақалалар  тізбегі  көз 
аштырмады. Бұл халықты бір-біріне айдап салу еді.
Ұлт теңдігі, қазақ халқының жарқын болашағын жолын-
да  сталиндік қуғын кезінде басқа өлкеге жер аударылған, 
одан  кейінгі  тағдырлары  белгісіз  немесе  құрбан  болған 
азаматтар мыңдап саналады. Мәселен, 1932 жылы ОГПУ-
дың  Қазақстандағы  өкілдігі  құрған  үштіктің  шешімімен 
Орталық  қаратопырақты  облысқа  жер  аударылған,  кейінгі 
өмірі белгісіз А. Ақпаев, «Алаш қозғалысына қатыстылығы 
және М. Шоқаймен байланыс жасады, контрреволюциялық 
ұйым  басшысы  болды»  деген  желеумен  тұтқындалып, 
Краснояр өлкесіне жер аударылған С. Алдабергенов, Алаш 
қозғалысының мүшесі болған О. Алпысбаев, А. Аңдамасов, 
Б.  Әбдікеев  және  сол  сияқты  азаматтардың  өмір  жолдары 
сол бетінде белгісіз қалып отыр.
Қазақстанда  құрбан  болғандардың  саны  әлі  де  болса 
нақты  анықталған  жоқ.  Бұл  қуғынға  тек  ұлт  зиялылары, 
үкімет  қайраткерлері  ғана  емес,  ауылдағы  шаруалар  да, 
қаладағы  жұмысшылар  да  іліккен.  Олардың  көпшілігінің 
тағдыры  сол  күйі  беймәлім  болып  қалды.  Қуғындалып 
құрбан  болғандар  жайында  зерттеушілер  түрлі  сандар 
келтіріп жүр. 
30-жылдардың  соңында  яғни  1937-1938  жылдары  ұлт 
зиялыларының басына тағы да қара бұлт үйірілді. Жалпы 
«халық  жауларын  әшкерелеу»  1936  жылғы  29  шілдедегі 
БК(б)П  ОК-нің  хатынан  кейін  кең  өріс  алған.  Осы  хаттан 
кейін Қазақ өлкелік комитеті екі рет  (5 тамыз, 1 қараша) 
жиналып, жыл соңына дейін үкіметке қарсы пиғылдағы 43 
контрреволюционер-зиновьевшылардың әшкерелеген. 
1937 жылдың ақпан-наурызында Мәскеуде болған  БК(б)
П ОК-нің пленумында кеңестік жүйені құртуға әрекеттеніп 
жүрген  диверсант,  шпион,  арандатушыларды  айқындау 
туралы  шешім  қабылдағаннан  кейін  ұлт  зиялыларын, 

155
Әлихан Бөкейханов - 150 жыл
мемлекеттік қызметтегі азаматтарды қуғындау өрши түсті. 
«Ұлтшыл-фашист» желеуімен А. Асылбеков, С. Нұрпейісов, 
М.  Ғатауллин,  Ұ.  Құлымбетов,  Ғ.  Тоғжанов  тұтқындалса, 
Қазақстаннан  шетте  жүрген,  яғни  Мәскеуде  жүрген  Н. 
Нұрмақов,  Т.  Рысқұлов,  Ә.  Бөкейхан,  С.  Қожановтар 
абақтыға жабылды. 
«Халық жауы» ретінде ұсталған қазақ зиялылары түрмеде 
отырған  кезінде  олардың  үстінен  айыптарын  айғақтайтын 
материалдар газет-журналдарға тоқтаусыз жарияланды.  
Әлихан  Бөкейханова  1937  жылдың  тамыз  айын-
да    тұтқындап,  бір  айдан  кейін,  яғни  1937  жылдың  27 
қыркүйегінде  Қазақстан  Кеңестік  Республикалар  Одағы 
Жоғарғы  Сотының  Әскери  Коллегиясының  шешімімен  
ату жазасына кеседі. Оған «Қазақстанға барған сапарында 
контрреволюциялық  пиғылменен  ішінде  төңкеріс  жасауға 
бағыттады,  пантүрікшілдік  идеяны  жақтаушылармен  
(Қожанов, Нұрмақов, Төреқұлов, Сұлтанбеков) тығыз бай-
ланыста болды» деген айыптар тағылды.  
Әлихан  Бөкейханов  ақтық  сөзінде  «Кеңестік  билікті 
сүйген  емеспін,  бірақ  мойындауға  мәжбүрмін»  деп 
мәлімдеген екен. Қайраткерді жазалау ісі қайта қаралып,1955 
жылы 8 қыркүйекте толықтай ақталған. Дегенмен кеңестік 
билік  оның  кінәсіздігін    халықтан  ұзақ  жылдар  бойы  жа-
сырып  келді.  Оның  ардақты  есімімен  тек  1989  жылы 
ғана  қауышып,  тәуелсіздігімізді  алғаннан  кейін  өмірі  мен 
қызметін зерттеу, еңбектерін қайтадан қалпына келтіру жол-
дарында ерен жұмыстар жүргізді. Алаш мәселесіне, соның 
ішінде  Әлихан  Бөкейханның  қоғамдық-саяси  қызметіне, 
Алаш  партиясы  мен  Алашорда  үкіметінің  қызметіне,  т.б. 
Алаш  қайраткерлерінің  саяси  қызметі,  қоғамдық,  тарихи 
көзқарастарына қатысты диссертациялар қорғалды. Алайда  
Әлихандай қазақтың қамын ойлаған қайраткердің өмірі мен 
қызметін, шығармашылығын  әлі де болса ол өмір сүрген 
қоғаммен,  айналасында  қызметтес  болған  азаматтармен, 

156
Әлихан Бөкейханов - 150 жыл
ниеттес  адамдармен  байланыстыра  зерттеу  аса  маңызды. 
Бұл болашақтың еншісінде. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет