Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата15.03.2017
өлшемі0,71 Mb.
#9522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Нұрдәулет Ақыш
ЫБЫРАЙ  АЛТЫНСАРИН  ПРОЗАСЫ
«Ыбырай  Алтынсарин  қазақ  жазба  әдебиетінің  ба-
стау  көзінде  тұрған  тұлға»  деген  тұжырымға  нақты 
шығармашылық фактілер дәлел. Ыбырайдың құрастыруымен 
«Қазақ хрестоматиясының» алғаш рет кітап болып басылып 
шығуы – 1879 жыл. Ал оған енген көркем дүниелердің ал-
дын ала даярланып, кейбіреулері тіпті бірнеше жыл бұрын 
жазылғаны  да  хронология  қуалап  отырған  адамға  жақсы 
белгілі. Сондықтан да Ыбырай Алтынсаринды қазақ жазба 
әдебиетінің, оның ішінде қазақ прозасының негізін қалаушы 
деп батыл түрде айтуға болады.
Басып  шығару  барысында  осы  «Қазақ  хрестоматиясы-
ның»  құрылымы  туралы автор «Сөз басы» деп аталатын 
алғы сөзінде былай деп жазыпты:
«Бұл хрестоматияны мен екі кітап етіп шығаруды ойла-
дым.  Бұл  басылып  отырған  бірінші  кітаптағы  мақалалар 
мынадай төрт тарауға бөлінеді:
1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер, бұлар түрлі орыс 
хрсетоматияларынан,  көбінесе  Паульсонның  хрестоматия-
сынан алынды; мысалдар мен халық әдебиеті; балалардың 
туғандарына жазған хаттары.
2.  Әртүрлі  жастағы  адамдардың  өмірінен  алынған 
әңгімелер.
3.  Ең  жақсы  қазақ  ақындарының  өлең-жырларынан 
үзінді.
4. Қазақтың мақал мәтелдері» (1, 81-б. Алтынсарин Ы. Сөз 
басы/Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: 
«Ғылым», 1994. – 288 б.). Әрине, әлі жазбаша әдебиетіміз 
өмірге  келе  қоймаған,  қазақ  авторларының  кітап  шығару 
тәжірибесі  болмаған  уақытта,  оның  үстіне  әдебиет  теори-
ясы  туралы  ғылыми  түсінік  мүлде  жоқ  кезеңде  автордың 

130
Ыбырай Алтынсарин - 175 жыл
кітаптағы  шығармаларын  бұлайша  қарапайым  әдіспен 
жіктеп көрсетуі түсінікті жағдай. Енді бұл хрестоматияға ен-
ген прозалық туындыларды жанрлық талаптар тұрғысынан 
алып  қараған  кезде,  ғылыми  қалыптасқан  жүйе  бойынша 
басқаша жіктеп қарастырғанымыз қисынды болмақ. 
Хрестоматияға  кіретін  әр  алуан  көркем  туындылар-
ды  таңдап,  іріктеу  барысында  Ы.Алтынсарин  ең  алдымен 
олардың тәрбиелік-тағылымдық және танымдық қырларына 
баса  көңіл  аударғаны  байқалады.  Оларды  тек  жалаң 
жазушылық интуициямен ғана емес, интеллектуал педагог, 
ағартушы  қаламгер  ретінде  сараптай  білгендігі  көрінеді. 
Өзінің  төл прозалық туындыларына да сондай жоғары та-
лаптар қойғаны да даусыз. 
Бұл арада көрнекті ағартушы, жазушымызды тек проза-
шы деп жалпылай бағалаумен шектеліп қалмай, ол кісінің 
жазғандарын  жанр  бойынша  жүйелеп  көрсететін  уақыт 
келді  деп  білеміз.  Бірінші,  мысалдар  мен  ертегілері... 
«Тышқанның өсиеті», «Түлкі мен ешкі», «Қарға мен құрт», 
«Сауысқан  мен  қарға»,  «Жан-жануарлардың  дауласқаны» 
және  т.б.  Тіпті  бұлардың  кейбірінің  сюжеттік  қаңқасы 
кәдімгі қазақ ертегілерінінң ішіндегі жан-жануарлар туралы 
ертегілерді еске салады.
Екінші  топтағылар  –  аудармалары  мен  сюжеттік  өзегі 
басқа ұлттардың өмірлерінен алынған шығармалар. Оларға 
жататындар  -  «Талаптың  пайдасы»,  «Алтын  шеттеуік», 
«Мейірімді бала», «Силинші деген ханым», «Петр патшаның 
тергелгені», «Мұжық пен жасауыл», «Үнді», «Асыл шөп», 
«Әдеп», «Қанағат», «Әділдік», «Ақымақ дос», «Айуанның 
естісі көп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ», «Жамандыққа 
жақсылық»,  «Тәкаппаршылық»,  «Сақып»,  «Данышпан 
қазы»,  «Үш  ұры»  және  т.б.  Бұл  әңгімелердің  мазмұны 
басқа  ұлттардың  өмірінен,  атап  айтқанда,  соның  ішінде 
орыс, ағылшын, араб, қытай, тіпті өзімізбен көршілес өзбек 
халықтарының  өмірінен  алынғандығы  көрініп  тұрады. 

131
Ыбырай Алтынсарин - 175 жыл
Өйткені оларда, ең алдымен сол ұлттардан шыққан нақты 
тұлғалардың  есімдері  аталып  отырса,  екіншіден,  белгілі 
бір ұлтқа тән тұрмыстық штрихтардың қолданылғандығын 
байқаймыз.  
Үшінші  топтағы  дүниелер  –  таза  қазақ  топырағында 
туған автордың өзінің төл шығармалары. Бұлардың ішінде 
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Әке мен бала», «Сәтемір 
хан», «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған күштірек», «Полкан 
деген  ит»,  «Ізбасты»,  «Қара  батыр»,  «Байұлы»,  «Жәнібек 
батыр»,  «Бай  баласы  мен  жарлы  баласы»,  «Оқудағы 
балалардың  үйлеріне  жазған  хаттары»,  «Таза  бұлақ», 
«Әдеп», «Зеректік», «Жомарт», «Салақтық», «Сараңдық пен 
жинақылық» тәрізді туындыларын атап өткен жөн. 
Төртіншіден, 
кейбір 
шығармаларды 
көсемсөз 
жанрындағы  туындылар  деп  бөлек  қарастырсақ  дейміз. 
«Қыпшақ  Сейітқұл»,  «Дадандық», «Киіз  үй  мен  ағаш  үй» 
қазақ көркем көсемсөзінің бастауынан көрінеді деп айтуға 
болады.
Бұл  аттары  аталған  туындылары  Ы.Алтынсаринның 
атақты  хрестоматиясына  «Уақ  әңгімелер,  балалар  ту-
расында»,  «Үлкен  кісілер  тура  сындағы  әңгімелер»  де-
ген  ортақ  тақырыптармен  жарияланған  екен.  Яғни,  автор 
жіктеу  барысында  шығармалардың  жанрларына  қарап 
емес,  оқырмандардың  жас  ерекшелігіне  орай  жүйелеген. 
Соны-мен  бірге  хрестоматияның  сол  алғашқы  нұсқасына 
«Қарлығаш»,  «Тазша  бала»,  «Алтын  айдар»  тәрізді 
ертегілері енбей қалған екен. Оған, әрине, белгілі бір себеп-
тер әсер еткені сөзсіз. Сонымен бірге бұл аталаған ертегілер 
Ыбырайдың  өзінің  төл  туындылары  емес,  халық  аузынан 
жиналып алынған дүниелер деп тұжырымдауға негіз бар.
М.О.Әуезов 
атындағы 
Әдебиет 
ждәне 
қөнер 
институтының ұсынуымен 1994 жылы «Ғылым» баспасы-
нан  Ы.Алтынсаринның  таңдамалы  шығармалары  жарық 
көрген болатын. Оның соңында берілген «Түсініктерінде»: 

132
Ыбырай Алтынсарин - 175 жыл
«Осы тұста бір ескерте кетер жай: бұл тарауда автордың 
біз өзі жазған шығармаларымен қатар, сондай-ақ, хрестома-
тия иесінің ел аузынан жинап, алғаш рет өзі хатқа түсіре оты-
рып, ұстартқан, сондықтан, өзі авторы секілді қабылданып 
кеткен,  арғы  түбі  халықтық  прозаның  қатарына  жататын 
ауыз әдебиеті нұсқаларын да Ыбырай Алтынсариынның өз 
туындылары ретінде беріп отырмыз» (2,275-б. /Алтынсарин 
Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: «Ғылым», 1994. – 
288 б.) делінген. Бұл осыдан 22 жыл бұрын, тәуелсіздіктің 
алғашқы жылдарында жазылған пайымдау. 
Енді  бүгінгі  жиырма  бірінші  ғасырдың  биігінен  қарай 
отырып,  мүмкіндігінше  обьективті    тұжырымға  жүгінген 
дұрыс  сияқты  көрінеді.  Ыбырай  өзі  жинастырған,  сөйтіп 
өзі кітабына енгізген шығармаларды сол қазақ халық ауыз 
әдебиетінің  үлгілері  деп  санасақ  қайтер  еді?  Ондай  басы 
ашық дүниелерді Ыбырайға зорлап телігеннен ұтарымыз не 
деген ой келеді. Өйткені осы күнге дейін ауыз әдебиетінің 
толып  жатқан  басқа  үлгілері  жинастырылды  ғой.  Бірақ 
олардың авторлығын сол жинаған адамдарға телу тәжірибесі 
етек ала қоймағанын ескерсек, осындай тоқтамға келгеніміз 
дұрыс сияқты. 
Осы  уақытқа  шейін  Ы.Алтынсаринның  прозалық 
шығармалары  жанрлық  жағынан  толық  жіктеліп  болды 
деп  айта  алмасақ  керек.  Мысал  үшін  алғанда,  көптеген 
зерттеушілер  «Қыпшақ  Сейітқұл»  шығармасын  таза 
көркем әңгіме түрінде қарастырып келеді. Мысалы, Акаде-
мик  Қажым  Жұмалиев  «Қыпшақ  Сейітқұл»  әңгімесіндегі 
отырықшыландыру мәселесі Алтынсарин негізгі нысанасы 
– ағартушылық мәселесіне де дәл келді» (3,261-б. Ыбырай 
Алтынсарин  тағылымы.  –  Алматы:  Жазушы,  1991.  –  384 
б.)  дейді.  Әдебиеттің  үлкен  теоретик  маманы  осылай  деп 
отырғаннан кейін басқа зерттеушілер де осы үрдісті бетке 
ұстайды.
Бегежан  Сүлейменов:  «Мәселен,  «Қыпшақ  Сейітқұл» 

133
Ыбырай Алтынсарин - 175 жыл
әңгімесінде  еңбекші  халықты  кедейшілікке  ұшыратып, 
орасан  зор  зиян  келтірген  барымтаны  әшкерелей  отырып, 
іс  жүзінде  ол  феодалдық-патриархалдық  қоғамның  әдет-
ғұрпына,  соны  жасаушыларға  үкім  шығарады»  (4,  48-б. 
Сүлейменов  Б.  Ыбырай  Алтынсаринның  өмір  жолы  және 
қызметі /Ыбырай Алтынсарин тағылымы. – Алматы: Жазу-
шы, 1991. – 384 б.) деп, бұл шығарманың әңгіме екендігіне 
шәк келтірмейді. 
Ал  тарихшы  Тілеш  Шойынбаев  өзінің  «Халық 
мақтанышы»  деген  мақаласында  осы  туынды  турасында: 
«Қазақ  елдін  отырықшылыққа  айналдырумен  қатар,  оның 
егін  кәсібімен  шұғылдануға  жағдай  туатынын,  шаруа-
лар  бірігіп  күш  қосса,  олардың  тұрмысының  оңалатынын 
үгіттеп,  «Қыпшақ  Сейітқұл»  деген  көркем  әңгіме  жазды» 
(5,182-б. Шойынбаев Т. Халық мақтанышы/Ыбырай Алтын-
сарин тағылымы. – Алматы: Жазушы, 1991. – 384 б.) деп, 
оның көркем дүние екендігін одан арман тереңдете түседі.  
Ал осы шығарманың мазмұнына зерделей үңілсек және 
онда  аттары  аталатын  персонаждардың  өмірде  болған-
болмағанына  мән  беріп  сараптап  қарай  болсақ,  жанрлық 
тұрғыдан басқаша қорытындыға келеміз. Өмірде орын алған 
нақты оқиғаны қысқаша баяндап бергендіктен, әрі жазылу 
формасына қарап, бұл туындыны көркем очерк деп танысақ, 
Ы.Алтынсарин шығармашылығы ортайып қала қоймас еді. 
Жазушының  кей  шығармаларының  өзегіне  айналған 
сюжеттер – өзі көзімен көріп, қуә болған және белгілі бір 
дәрежеде  әсер  еткен  жағдаяттар.  Айталық,  «Полкан  деген 
ит» әңгімесі «Біз оқып жүрген шағымызда, ұстазымыздың 
қорасында бір Полкан деген зор ит бар еді» (90-б. Алтынса-
рин Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: «Ғылым», 1994. 
– 288 б.)  деп басталса, келесі бір туындысының алғашқы 
жолдары «1876 жылда, мен судьялық орнымда тұрғанымда, 
екі  ептеш  адам  бір  бірімен  ұрысып,  арызға  келді»  (126-
б.  Алтынсарин  Ы.  Таңдамалы  шығармалары.  –  Алматы: 

134
Ыбырай Алтынсарин - 175 жыл
«Ғылым», 1994. – 288 б.) болып келеді. Осы айтылғандарға 
қарап бұл шығармалардың сюжеттік өзегі нақты оқиғаларға 
құрылғанын байқау қиын емес.
Жалпы  Ы.Алтынсаринның  прозадағы  стилі  халық  ауыз 
әдебиетінің үлгісіне жақын болып келеді. Қазақтың жазба 
прозасындағы  стиль  әлі  қалыптаспаған  кездегі  алғашқы 
машықтардың  үлгісін  байқаймыз.  Олай  болуы  заңды  да. 
Автордың жазу мәнері ұзақ сонар баяндауға негізделмеген, 
көлденең жайттарға, артық суреттеулер мен пихологиялық 
толғаныстарға көңіл бөліп жатпастан, бірден оқиғаның өзін 
қысқаша  баяндап  беруге  бейім.  Мәселен,  кітаптың  жарты 
бетінен сәл ғана асатын «Үнді» атты әңгімесінде жазушы бір 
үндінің ағаш басында ілулі тұрған етінің ұрланып кеткені 
жайында баяндайды. Шығарманың бірінші мақсаты – жас 
оқырманды байқампаздыққа, тұрмыстық зеректікке баулу.
Ұрлық  болған  жерді  бір  рет  тексеріп  шыққан  үнді 
көшедегі адамдардан «-  Аласа бойлы, қолында қысқантақ 
мылтығы  бар,  соңында  тарақ  құйрық  кішкентай  иті  бар, 
бір  қарт  адамды  көрдіңіз  бе?»  (132-б.  Алтынсарин  Ы. 
Таңдамалы шығармалары. – Алматы: «Ғылым», 1994. – 288 
б.) деп сұрастырып отырып, ақыры ұрыны тауып алады. 
Басқа шығармаларының да жазылу сипаты осы мәнзелдес.
Бір сөзбен айтқанда, Ыбырай Алтынсарин шын мәнінде 
қазақ жазба әдебиетінің, оның ішінде қазақ прозасының бас-
тауында тұрған ірі рухани тұлға. Және прозаны жай ғана жа-
зып қоймай, оның эстетикалық болмысын жете түсіне оты-
рып, көркемдікпен көмкеріп, келістіріп жаза білген талант 
иесі.  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  министрлігінің 
Көркем  әдебиетті  насихаттайтын  сайты  қазақтың  ең  үздік 
100 әңгімесі атты ашық Жобасын жариялады. Соған мен өз 
тарапымнан Ы.Алтынсаринның «Бай баласы мен жарлы ба-
ласы» және «Таза бұлақ» аттың екі әңгімесін енгізу жөнінде 
ұсыныс  жасадым.  Ұлы  тұлғаның  қаламынан  туған  асыл 
дүниелер алдағы уақытта да осылайша ұлықтана берер де-

135
Ыбырай Алтынсарин - 175 жыл
ген үміттемін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Алтынсарин  Ы.  Сөз  басы  //  Алтынсарин  Ы. 
Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Ғылым, 1994. – 288 б.
2.  Тілепов Ж. Түсініктер // Алтынсарин Ы. Таңдамалы 
шығармалары. – Алматы: Ғылым, 1994. – 288 б.
3.  Жұмалиев  Қ.  Ы.Алтынсарин  –  педагог,  жазушы./ 
Ыбырай Алтынсарин тағылымы. – Алматы: Жазушы, 1991. 
– 384 б. 
4.  Сүлейменов Б. Ыбырай Алтынсаринның өмір жолы 
және қызметі // Ыбырай Алтынсарин тағылымы. – Алматы: 
Жазушы, 1991. – 384 б.
5.  Шойынбаев Т. Халық мақтанышы // Ыбырай Алтын-
сарин тағылымы. – Алматы: Жазушы, 1991. – 384 б.

136
Ыбырай Алтынсарин - 175 жыл
Н.Набиолла 
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ФОЛЬКЛОРТАНУШЫ
Ыбырай  туралы  Мұхтар  Әуезов  «Ыбырай  Алтынсарин 
қазақ  мәдениетінің  зор  қайраткері»  деген  мақаласында 
«Қазақ  ССР  тарихының  өткен  ғасырын  еске  алсақ,  көзге 
толық,  көңілге  медеу  үш  адамды  алдымен  айтамыз.  Олар 
кең Қазақстанның шалғай жатқан өлкелерінен шықса да бір 
туғандай сезілетін асыл жандар. Олар: үшеуі үш мұнарадай 
болған Шоқан, Ыбырай, Абай» [1, 20-21] деп атап көрсеткен 
болатын. 
Әртүрлі  қызметте  жүрген  Ыбырайдың  халық  ауыз 
әдебиеті үлгілерін жинап, оларды жүйелеп, жариялауда да 
еңбегі  зор.  1860  жылдары  Торғай  қаласында  мұғалімдік 
қызметті  атқарып  жүргенде  ол  ауыл-ауылды  жиі  аралап, 
көп уақытын халық арасында өткізген. Ауыл қарияларымен 
әңгімелесіп, олардың аузынан аңыздар, мақал-мәтелдер мен 
жұмбақтарды жиі жазып алып отырған. 
Ыбырайдың 1862 жылғы 26 қаңтарда Н.И.Ильминскийге  
жазған  бір  хатында  «Мен  қазақтың  ескі  өмірінен  ол-
пұл  жинап  алдым  және  әлі  де  жинап  жатырмын,  оларды 
кезінде өзіңізге жіберемін. Орақ-Мамайдың әңгімесінен Сіз 
қызығарлық  ештеңе  таппассыз,  сондықтан  мен  ондайлар-
ды қойып, қазір қазақтың әртүрі әдеп-ғұрыптары жөніндегі 
мәселелермен  шұғылданып  жүрмін.  Егер  реті  келіп  қалса 
оларды  да  жазып,  Сізге  жібермекшімін»  [2,  269]  –  дейді. 
Ыбырайдың қазақ фольклорлық мұрасын жинауға ден қоюы 
Орынбор  бекінісіне  тілмаштық  қызметке  барған  кезімен 
сабақтасып жатқанға ұқсайды. 
Ыбырайдың 
фольклорлық 
мұраларды 
молынан 
жинауының бір себебі – Балқожа би аулына келіп жүретін 
ірі  ақындармен  танысып,  олардың  жырларын  қызыға 
тыңдауында  болса  керек.  Сонымен  бірге  Ыбырайдың 

137
Ыбырай Алтынсарин - 175 жыл
фольклорлық  мұраларды  жинауына  мұрындық  болған 
адамның бірі Н.И.Ильминский екені белгілі. 
Бұл жөнінде Ыбырай 1862 жылы Н.Ильминскийге жазған 
бір хатында былай дейді: «Мен сіз бастырып шығарған «Ер 
Тарғын» жырын оқыдым. Бұған өте қатты қуанам... Қазақ 
тілінде еш уақытта кітап басылған емес. Сондықтан қазақтар 
өзінің ана тілінде кітап шыққанына өте қатты қуануда...» – 
дейді  де,  ел  арасынан  «Ер  Тарғын»  секілді  бірнеше  жыр, 
ертегі-әңгімелерді жинағандығын хабарлайды және оларды 
баспа  жүзіне  шығару  үшін  Н.Ильминскийдің  көмектесуін 
сұрайды [3].
Кейін  Марабай  ақыннан  Ыбырай  «Қобыланды  батыр» 
жырын  жазып  алады.  Ыбырай  Алтынсарин  Марабаймен 
жақсы таныс, дос болған. Бір кездерде Марабай Ыбырайдың 
шақыруымен  Балқожа  бидің  ауылына  келіп  жыр  айтатын 
болған.  Осы  сапарының  бірінде  Ыбырай  «Қобыланды  ба-
тыр» жырының «Тайбуырылдың шабысы» дейтін бір тара-
уын жазып алып 1879 жылы (Орынбор қаласында) шыққан 
«Киргизская хрестоматия» [4, 177] деген кітабына енгізеді. 
Бұл  жырды  Ыбырайдан  бұрын  ел  арасынан  жинап  жазып 
алған және баспа жүзіне шығарған адамды кездестірмейміз.
Алтынсариннің  қазақтың  ескілігін  жинағаны  тура-
лы  деректі  Ыбырайдың  шәкірттерінің  бірі  Ғабдолғали 
Балғымбаевтің  Ыбырай  Алтынсарин  туралы  жазған 
естелігінен  аңғаруға  болады.  Ол  бір  сөзінде  «қазақ  елінің 
тарихы  мен  батырлары  туралы  жазылған  Левшиннің 
қолжазбасы  бола  тұра,  ол  өзі  де  көнекөз  қариялардың  ау-
зынан  әңгіме-шежірелер  жазып  алушы  еді.  Меніңше  бұл 
әңгімелер  Ыбырай  өлгеннен  кейін    оның  орнына  келген 
Торғай  облысының  халық  училищелерінің  инспекторы 
А.В.Васильевтің қолына түскен болса керек» [5, 376] дейді. 
Бұл естелік де Ыбырайдың фольклордың әр жанрынан ма-
териал жинағандығының айқын дәлелі. 
Ыбырайдың  халық  мұрасын  жинауы  оның  «Қазақ 

138
Ыбырай Алтынсарин - 175 жыл
хрестоматиясына»  жазған  алғы  сөзінен  де  аңғарылады. 
Хрестоматияға қазақ фольклорының жанрлық түрлерін өте 
ұтымды  пайдалана  білген.  Яғни  фольклордың  тәрбиелік, 
ғибыраттық  мақсаттағы  функциясын  осы  еңбегінде  сәтті 
жүзеге  асырған.  Ыбырайдың  осы  оқу  құралына  жазған 
«Алғы сөзінде» хрестоматияны екі кітап қылып шығаруды 
ойлағаны  айтылған.  Және  де  оның  хрестоматияны  қазақ 
оқырмандарына  лайықтап  жазғысы  келетіндігін  де 
байқауға болады. «Бірінші кітабымды Паульсон кітабының 
құрастырылу тәртібімен жазып шыққалы отырмын. Әрине, 
мұны  қазақ  балаларына  лайықтап  жазамын.  Мысалдарын 
енгізгім келмейді. Өйткені қатаң тұрмыста өскен қазақ ба-
лаларына бұдан гөрі мәндірек әңгімелер керек болады. Мы-
салдарды  қазақ  балалары  оқығысы  келмейтіндігін,  оқыса 
оған  күлетінін,  ал  олардың  ата-аналары:  балаларымызға 
сауысқан мен қарға сөйлеседі деген сияқты жоқ нәрселерді 
үйретеді деп, тіпті ренжитінін тәжірибемнен білемін. Қазақ 
балаларына  менше  қызықты  анекдоттар,  жұмбақтар,  ой-
ына  ой  қосатын  әңгімелер  керек  ...  өлең  жағынан  мүмкін 
болғанша  қазақ  өлеңдерінің  арасынан  іріктеп  аламын»  [2, 
287-288] дейді. Осы айтылған ойлары өзі құрастырған оқу 
құралында көрініс тапты.
Хрестоматияға  жазған  алғы  сөзінде  кітапқа  енген 
мәтіндердің мазмұнын төмендегідей топтастырған:
1)  Балалар  өмірінен  алынған  әңгімелер,  бұлар  түрлі 
орыс  хрестоматияларынан,  көбінесе  Паульсонның  хре-
стоматиясынан  алынды;  мысалдар  мен  халық  әдебиеті; 
балалардың туғандарына жазған хаттары;
2)  Әр түрлі жастардағы адамдардың өмірінен алынған 
әңгімелер;
3)  Ең жақсы қазақ ақындарының жырларынан үзінді;
4)  Қазақтың мақал-мәтелдері.
Екінші кітапқа қазақтың төл әңгіме, аңыздарынан басқа 
табиғат  тарихы  мен  жалпы  тарих  жөнінен,  география, 

139
Ыбырай Алтынсарин - 175 жыл
өндіріс техникасы жөнінен және кеңсе ісін жүргізу жөнінен 
мақалалар  қоспақшымын  [5,  7]  –  дейді.  Алайда  бірінші 
кітабы  басылып  шығады  да,  екінші  кітабы  жарияланбай, 
күні-бүгінге дейін белгісіз күйінде қалып келеді. Бұлардан 
басқа Ыбырайдың авторлығымен 1879 жылы жарық көрген 
«Қазақ балаларына орыс тілін оқыту құралы», сонымен бірге 
1884 жылы басылып шыққан «Мұсылмандықтың тұтқасы» 
(Шариат-ул-Ислам) атты кітаптарын атауға болады.   
Ыбырайдың мектеп оқушыларына арнап шығарған «Қазақ 
хрестоматиясы» кез-келген жастағы қазақ оқырмандарының 
қызыға оқитын кітабына айналғаны белгілі. Осы оқулықтан 
оның жинап, жариялаған бірқанша фольклорлық мәтіндерді 
көруге  болады.  Яғни  автор  осы  кітаптың  көтеретін 
салмағына  байланысты  санаулы  мәтіндерді  сұрыптап 
кіргізген. Айталық ертегілерден «Сәтемір хан», «Жомарт» 
(«Новеллалық»  ертегі),  «Қара  батыр»  («Қиял-ғажайып» 
ертегі),  «Жиренше шешен», «Жәнібек батыр», Ізбасты  (та-
рихи аңыздар), «Байұлы» (ру аңызы) т.б. «Орақ батырдың 
баласы  Әлібек  мырзаның  бір  ханға  айтқан  сөзі»,  «Абы-
лай  хан»,  «Сейіт-Ахмет  деген  жігіттің  үйіне  түсірмеген 
құрбысына айтқан сөзі», «Нұржан бидің бір сөзі», «Әділдік 
көрмегені үшін бір төреге айтылған сөз», «Бір ақынның әділ 
төреге  айтқан  сөзі»,  «Орынбай  ақынның  Ерден  батырды 
мақтаған сөзі» қатарлы өлеңдер мен толғаулар, «Жанақ пен 
баланың айтысқаны», «Қобыланды батыр мен Тайбуырыл» 
атты батырлық эпостан үзінді,  сонымен бірге хрестоматияға 
өзі  жинаған  мақалдардан  тәрбиелік  қуаты  бар  65  мақал 
кіргізген [5, 12-105]. 
Ыбырай  фольклорлық  мәтіндерді  жинап,  жариялау-
мен  бірге  фольклорлық-этнографиялық  дүниелерді  зерт-
теуге  де  назар  аударған.  Яғни  фольклор  туралы  алғашқы 
қазақ  ғалымдарының  ізашар  еңбектерінің  қатарында 
Алтынсариннің «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда 
түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі» атты 

140
Ыбырай Алтынсарин - 175 жыл
зерттеу мақаласы мен «Орыбор ведомствосы қазақтарының 
өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі» 
атты  мақалаларын  атауға  болады.  (Осы  мақалалар  1870 
шыққан  Россияның  географиялық  қоғамының  Орын-
бор  бөлімінің  1-санды  запискасында  басылған).  Әрине 
этнографиялық  тұрғыдан  жазылған  бұл  мақалаларынан 
фольклорды,  соның  ішінде  ғұрыптық  фольклордың 
үлгілерін бағамдауға болады. 
«Орынбор  ведомствосы  қазақтарының  құда  түсу, 
қыз  ұзату  және  той  жасау  дәстүрлерінің  очеркі»  атты 
мақаласында автор ең алғашқы құдалықтан бастап, қыздың 
келін боп түсуіне дейінгі аралықтағы өтелетін жоралғылар 
мен салттарды, ырымдарды, рәсімдерді өте мұқияттылықпен 
тұжырымдап көрсеткен. 
Қыз  ұзату  мен  келін  түсірудің  бір  күннің  ішінде 
атқарылатын іс емес, әлденеше сатыдан тұратын, әр сатысы 
өзінше ғұрыптық салттармен рәсімделгенін осы мақаладан 
аңғаруға болады. Зерттеуде   құдаласу кезінде орындалатын 
жаушы  жіберу,  құдаласу,  қалыңмал  алысу,  ұрын  бару,  т.б. 
толып жатқан жол-жоралғыларды, келген құдаларды қарсы 
алу кезіндегі орындалатын әзіл-қалжыңдары (балшық жағу, 
киіз үйге кірген құдаларды шаңыраққа асып қою т.б.) атауға 
болады.  Және  бір  назар  аудартатын  жағдай  келіннің  бета-
шар рәсімін жасайтын кездегі ошаққа дейін үш рет сәлем 
етуі мен отқа май құюы, беташар өлеңінің айтылуы. Бета-
шар өлеңінің мәтінін толықтай мысал ретінде келтірмесе де 
өлеңнің мазмұны келіннің қайын атасын, апасын, күйеуінің 
туыс-туғандарын,  жарын  қалай  құрметтеп  қадірлеуі  ке-
рек  екендігі  жөнінде  айтылатын  ақыл  мен  нақылға  толы 
өлең жолдарынан тұратындығын ескертеді. Сонымен бірге 
келіннің  қайын  жұртының  адамдарын  сыйлап,  олардың 
есімдерін тура атмай, өзінше жанама атымен айтқаны тура-
лы төмендегідей нақтылы мысалды келтіреді:
Бір  қазақтың  бес  ұлы  болыпты.  Олардың  аты:  Көл, 

141
Ыбырай Алтынсарин - 175 жыл
Қамыс, Қасқыр,  Қой және пышақ екен. Бір күні келіні суға 
барса  көлдің  ар  жағында,  қамыстың  бер  жағында  қойды 
қасқыр жеп жатыр екен. Сонда келіні ауылға жүгіріп келіп: 
«Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында, 
маңыраманы  ұлыма  жеп  жатыр,  тезірек  жанығыш  пен 
кескішті  жеткізіңдер»[6,  157-158],  –  депті.    Яғни  келіннің 
қайын жұртына деген құрметін толықтай аңғаруға болады. 
Халқымыздың бойына сіңген дәстүр бойынша, келін бала 
алдымен түскен жерінің үлкен-кішісі, ерлер мен әйелдеріне 
өзінше ат қоя білуі тиіс. Ол «ат тергеу» деп аталады. Ат тер-
геу дегеніміз қайын жұртын тікелей атымен атамай, арнайы 
ишаралап ат қою дәстүрі. Бұл жас келіннің түскен жеріне, 
күйеуінің  туыстарына  деген  ізгі  құрметінің,  әдебінің  игі 
көріністерінің бірі болып саналады.  Келін боп алғаш түскен 
шаңырағындағы  күйеуінің  туыс-туғандарына  ат  қойып, 
сол өзі қойған атымен атау да келіндердің ибалылығы мен 
іззеттіліне сай болатын іс ретінде қаралады. Ыбырайдың өз 
мақаласына  мысал  ретінде  келтірген  мәтініне  ұқсас  мәтін 
жүз  томдық  «Бабалар  сөзі»  сериясының  92  томына  енген 
«Тапқыр келін» деген мәтінмен үндес.
Сонымен  бірге  қазақ  арасындағы  көп  әйел  алушылық, 
әмеңгерлік  жайлы  да  егжей-тегжейлі  түсіндіреді.  Қыз 
айттырудың  жақын  туысқандар  арасында  емес,  қайта 
бір-бірімен  туыстық  қатынасы  жоқ  екі  рудың  арасын-
да  жүргізілетін  жағдайлардың  ел  арасында  Есім  ханның 
тұсынан  бастау  алғанын  айта  келіп,  оның  қазақтан  басқа 
мұсылман халықтарда сақталмағандығын баяндайды. 
Ыбырайдың осы мақаласын оқып отырып, бүгінгі зертте-
улерге өзек болып жүрген отбасылық ғұрып фольклорының 
ішкі  жанрлық  түрінің  бірі  «үйлену  ғұрпының  фолькло-
рына»  қатысты  зерттеулердің  бастауын  осы  мақаладан 
алатындығын бағамдауға болады. 
 «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жер-
леу және оған ас беру дәстүрінің очеркі» атты мақаласында 

142
Ыбырай Алтынсарин - 175 жыл
қазақтардың өлімді жөнелтуі мен ас беру дәстүрі туралы ай-
тылады. 
Әрине  бұнда  өлімді  жөнелтуде  жергілікті  дәстүрдің 
сақталғандығын  айқын  байқауға  болады.  Ол  Ыбырайдың 
мына сөзінен аңғарылады: «Өлген адамды қазақтар әдетте 
үш-төрт  сағаттан  артық,  ал  көп  дегенде  жарты  тәуліктен 
артық  сақтамайды.  Сол  сағатта  өлген  адамның  үйіне 
төңіректегі  ауылдың  молдалары  шақырылады.  Олар  кел-
геннен  кейін  шариғат  заңы  бойынша  өлікті  арулап  жуып, 
көмгеннен кейін, оның киім-кешектері кедейлерге беріледі. 
Содан  кейін  молдаларға  садақа  үлестіреді.    Бұл  садақа  – 
Ысқат  деп  аталады»  [6,  158]  дейді.  Кей  жерлерде  қайтыс 
болған  адамды  бөлек  үй  тігіп,  болмаса  жер  үйдің  бір 
бөлмесіне бөлек төсек салып жатқызып, қонақасын берген-
нен кейін келесі күні жерлейтін де рәсімдер бар. 
Ері  қайтыс  болып  оны  үйден  шығарарда  әйелінің  дау-
ыс  шығарып  жылауы  Ыбырай  мақаласында  төмендегідей 
көрініс тапқан: «Сүйекті шығарарда өлген адамның әйелдері 
ойбай салып, дауыс шығарады, оған ауылдағы басқа әйелдер 
де  қосылады.  Беттерін  тырнап,  қан  қылады.  Бастарына 
түскен  қайғы-қасіретін  жұрт  алдында  қаншалық  күштірек 
көрсеткісі келсе, беттеріне де жара соншалық көп түседі» [6, 
159], – деп сипаттайды. Ыбырайдың мақаласында айтыла-
тын жоғарыдағы жағдайлар біраз өзгеріске түскен. Қазір ері 
өлген әйел бетін тырнап жыламаса да, сүйекті шығарғанда 
ауыл  әйелдері  болып,  дауыс  шығарып  қоштасатын 
жағдайлары сақталған. 
Ыбырайдың бейітті ауылдың шетіне, суға жақын жерге 
қояды деп айтқаны күні бүгінге дейін сақталған. Ал қайтыс 
болған  адамның  ер,  әйел,  бала  екендігін  айғақтайтын 
«Еркектердің  ескерткішінің  төбесіне  найза,  әйелдердің 
бейітінің төбесіне бақан немесе піспек, ал, балалардыкіне  
бесік  қойылатын  жағдайлар»  бүгінгі  күні  сақталмаған. 
Қазір басына ескерткіш тас қойып, қайтыс болған адамның 

143
Ыбырай Алтынсарин - 175 жыл
аты-жөні, туған жылы, айы, күні мен қайтыс болған уақыты 
жазылып, қорған жиналатын болған. 
Ыбырайдың  бұл  мақаласының  ішіндегі  жыл  бойы  аза 
тұтқан  отбасындағы  атқарылатын  рәсімдер  «үйдің  сол 
жағына ұшы сыртқа шығарылған ұзын найза қойылатыны, 
найзаның ұшына үлкен орамал байланатыны, егер қайтыс 
болған адам жас болса қызыл, орта жастағы адам болса қара, 
қарт  болса  ақ  орамал  пайдаланатыны»  туралы  айтылады. 
Бұл жүргіншілерге бұл үйде қандай жан қаза болғандығын 
білдіретіндігінің белгісі дейді. Қазір бұл рәсімдер жоғалған. 
Ыбырайдың  мақаласында  өлімді  жөнелтудің  бұрыннан 
қазақ  арасында  келе  жатқан  дәстүрі  мен  оның  ислам 
құндылықтары  негізінде  жүзеге  асатын  рәсімдерінің  бір-
бірімен  қабысатын  және  қабыспайтын  жақтарын  ашып 
көрсеткені байқалады. 
Ыбырайдың осы мақаласының көтерген тақырыбы қазір 
«Жерлеу ғұрпының фольклоры» деген атпен жеке қаралып, 
ғылыми  айналымға  түскені  белгілі.  Он  томдық  қазақ 
әдебиеті  тарихының  бірінші  томына  жазылған  «Жерлеу 
ғұрпының фольклоры» деген зерттеу мақала осының дәлелі.   
Ал отбасы ғұрпының фольклоры арнайы монографиялық 
деңгейде зерттелгені белгілі. 
Тағы  бір  назар  аударатын  жағдай  бұл  екі  мақалада  да 
көтерілген  тақырып,  жалпы  қазақ  халқының  ғұрыптық 
рәсімдерді атқаруы туралы емес, қайта белгілі бір өңірдің, өзі 
айтып тұрғандай Орынбор облысындағы өмір сүріп жатқан 
қазақтардың фольклорына, яғни аймақтық фольклорға тән 
ерекшеліктер. 
Жинақтай келгенде Ыбырай өзі жинаған материалдарының 
ішінен  фольклордың  алуан  түрлі  жанрларын  қамтумен 
бірге, авторлық ауыз әдебиетінің өкілдері Шәлгез жыраудан 
бастап, өзінің заманында өмір сүрген Нұржан Наушабаев, 
Орынбай, Сейітахмет секілді акындардың да шығармаларын 
көптеп жинап, кейбірін өзінің хрестоматиясына да жариялап 

144
Ыбырай Алтынсарин - 175 жыл
отырған. Ыбырайдың фольклор саласындағы негізгі еңбегі 
фольклорлық  үлгілерді  жинау,  жариялау,  сонымен  бірге 
фольклордың  тәрбиелік  бағытын  ұстай  отырып,  жастарға 
ғибраттық  тәлім  беру  мақсатына  мәтіндерді  сұрыптап 
қолданғанын аңғаруға болады.
Ы.Алтынсарин  фольклор  және  оның  жанрлары  тура-
лы  арнайы  зерттеу  жазбаса  да,  қолындағы  материалдар-
ды  жүйелеп,  бір  ізділендіруі  жағынан  оның  жанр  туралы 
көзқарасының  айқындығын  бағамдауға  болады.  Сонымен 
бірге  этнографиялық  тұрғыда  жазылған  мақалаларындағы 
айтылған  сүбелі  ойлары  фольклорлық  зерттеулерге  негіз 
болғандығы  белгілі.  Сондықтан  да  Ы.Алтынсаринды 
қазақ  фольклортану  ғылымының  басында  тұрған  санаулы 
тұлғалардың бірі ретінде қарастыруға әбден болады деп са-
наймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет