ержан Әбіш
Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Үкіметтің кеңейтілген отырысында
мемлекеттік органдарға берген тапсырмалары, аймақтық деңгейдегі
мемлекеттік құрылымдарды реформалау жоспары, Еуразиялық
экономикалық одақ аясындағы халықаралық ынтымақтастық шека-
раларын кеңейту мәселелері облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ
төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте талқыланды.
сында, ет пен сүт өңдеуде өзара тиім-
ді жұмыс істеуге болады. Бірлескен
іс-шаралар жоспарына біз аталмыш
мәселені енгізіп отырмыз. Міне, осы
шаруамен жете айналысу қажет. Бір
қуантарлығы, Шығыс Қазақстаннан
көршілес елдерге ет экспорттау
көрсеткіштері өсіп келеді, – деп атап
көрсетті аймақ басшысы.
Игерілмеген қаржы
қайтарылып алынады
Облыс әкімі қаржының игерілу
мәселесіне ерекше алаңдаушылық
білдірді.
Өткен
жеті
айдың
қорытындысы бойынша бюджеттің
орындалуы қарқынды жүрсе де, төрт
миллиард теңгедей қомақты сома
әлі игерілмей қалып отыр.
– Сегіз айдың қорытындысы
бойынша пайдаланылмаған респу-
бликалық қаржы өңірлерден қай-
тарылып алынады. Халықаралық
жағдайға байланысты бюджеттің
қысқартылуы да ықтимал. Қысқарту
ең алдымен 1 қыркүйекке дейін
пайдаланылмаған
қаражатқа
қатысты болады. Бізде бар-жоғы 15
күн қалды, сондықтан осы қаржыны
игеру үшін қолдан келгеннің бәрін
жасауымыз керек. Бұл, әсіресе,
«Ақбұлақ» бағдарламасы бойын-
ша нысандарға қатысты. Үкіметтің
кеңейтілген отырысында облыс аты-
на ешбір сын айтылмаса да, біз өзі-
міздің әлсіз тұстарымыз бойынша жұ-
мыс жүргізуге тиіспіз, – деп атап өтті
облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.
Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде
еліміздің Премьер-Министрі Кәрім
МӘСІМОВ жаңа нысандар құрылы-
сына әзірше қаржы бөлінбейтінін
атап көрсетті. Қаржыландыру тек
құрылысы басталған нысандар бо-
йынша ғана жүргізілмек. Бұл мәсе-
ле де облыс басшылығының жіті
бақылауында тұр. Өкінішке қарай,
өңірде жаңа мектептердің іске қосы-
лу мерзімдері кешігуі мүмкін.
Кеңесті түйіндей келе Бердібек
САПАРБАЕВ
басқарма
басшы-
ларына, қалалар мен аудандар
әкімдеріне бірқатар ішкі мәселелерді
шешу жөнінде тапсырмалар берді.
Атап айтсақ, Өскемен мен Се-
мей қалаларындағы базарлардың
жағдайын тексеру міндеті жүктелді.
Егер
оларда
қауіпсіздік
және
санитарлық нормалары сақталмаса,
ондай сауда нүктелері жабылуы тиіс.
Мұнымен қоса, аталған отырыста
мал басын көбейту, мемлекеттік-
жекеменшік әріптестікті дамыту, күзгі
жиын-терін жұмыстары мен қысқы
маусымға әзірлену мәселелерін де
басты назарда ұстау керектігі айтыл-
ды.
Сонымен қатар, аймақ басшы-
сы Өскемен қаласының әкімдігіне
тасымалдаушылармен
әлеуметтік
жауапкершілік туралы келісімшарт
жасасу қажеттігін қадап айтты.
тарбағатай ауданы
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
ДИДАР
Әлеумет
4
№93 (17030)
14 тамыз
шығыс-ақпарат
Ұлан жастары
жағалауларды
тазалады
«Таза жағалаулар» деп ата-
латын жастар акциясын Ұлан
аудандық жастар орталығы мен
денешынықтыру және спорт
бөлімі бірігіп өткізген болатын.
Ұйымдастырушылардың
ай-
туынша, Сібе көлдеріне демалуға
келетіндердің саны жылдан-жылға
көбейіп келе жатыр. Кез келген жа-
ғажайды тұрмыстық қалдықтармен
ластамау керек. Дегенмен, әртүрлі
сусындардан қалған полиэтилен жә-
не шыны құтылар көл жағалауында
бей-берекет шашылып жатыр.
– Біздің акциямызға демалушы-
лардың да білек сыбана кіріскені
қуантты. Демалушылар өз орын-
дарын міндетті түрде тазалап кетсе
екен дейміз. Қоқысты пакеттерге
салып, өздерімен бірге алып қайтса,
тіпті, жақсы болар еді. Біздің бұл
бастамамыз Сібе көлдеріне келіп
демалушыларға үлгі болады деп
ойлаймыз, – дейді Ұлан аудандық
жастар орталығының әдіскері Жанар
Ескендірова.
Қола қазан
табылды
Семейдегі облыстық өлкетану
мұражайы келушілер назары-
на жаңа жәдігер ұсынды. Қола
қазанның сынған бөлшектері
өткен ғасырдың басында Павло-
дар өңірінен табылып, мұражай
қорына 1912 жылы өткізілген
екен.
Содан бері шаң басып, қорда
жатып қалған жәдігердің өзіндік
тарихы бар көрінеді. Жергілікті
өлкетанушылар мұны сол кездегі
Орыс географиялық қоғамының
жазбаларын зерттеу арқылы анық-
таған. Деректерге сүйенсек, Орыс
географиялық қоғамының Павло-
дар және Семей қалаларындағы
бөлімшелерінің арасында тығыз
байланыс болған. Қазан VI-VIII
ғасырларда жасалуы мүмкін. Енді
міне, араға бір ғасыр салып семейлік
өнер зерттеушісі Советхан Назар-
хан экспонатты қалыпқа келтіріпті.
Қазанның биіктігі – 59 см, тұғырының
биіктігі – 12 см және қалыңдығы – 1,5
см. Ернеуіне тақау жері жарты доға
тәріздес қазақы оюмен өрнектелген.
Мұражай қызметкерлерінің ай-
туынша, Павлодар облысындағы
Қызылағаш ауданы, 7-ші ауылының
тұрғындары 1900 жылдардың ба-
сында жер бетіне шығып жатқан
қазан шетін көріп қалған. Оны жер-
ден қазып алғанда жандарында
Орыс географиялық қоғамы Се-
мей бөлімшесінің мүшесі Троин-
ский тұрған. Қала губернаторының
араласуымен көне қазан Семейге
жеткізілген.
Қосымша 200
бейнекамера
орнатылады
Өскемен қаласының
көшелерінде алдағы уақытта
тағы 200 бейнебақылау ка-
мералары орнатылуы мүмкін.
Бақылау құрылғылары қаржы
мәселесі шешіле салысымен ор-
натыла бастайды.
Қалалық ІІБ бастығы Әділхан
Уәлиевтің айтуынша, бүгінгі күні
облыс орталығында 92 бақылау
камерасы жұмыс істеп тұр екен.
Қала көшелеріне ауадай қажет
құрылғылардың арқасында осы
күнге дейін талай қылмыстың ізі
суымай ашылып, көптеген тәртіп
бұзушылықтың алды алынған.
– Қала әкімдігінің сұрауымен
біз қосымша камералар қажет
орындардың тізімін жасадық. Қазір
бұл жоба қаралу үстінде, қаржылық
мәселелер оң шешімін тапқан соң
бақылау құрылғыларын қажетті
нүктелерге орналастыра бастаймыз,
– дейді Әділхан Уәлиев.
Облыс әкімі: іссапар, бағыт-бағдар
Ветеринария
(Соңы. Басы 2-бетте)
Облыс басшысы Бердібек САПАР-
БАЕВ жобаның ойға қонымды екенін
атай келіп, алынатын жанармай
бағасы таскөмірден арзан болмаса,
жобаны іске асырудың қажеті жоқ
екенін ескертті. Аймақ басшысы аудан
орталығынан ашылған жастар және
ардагерлер орталығына бас сұққаннан
кейін аудандық әкімдікте жергілікті
активпен кездесті. Әуелі аудан әкімі
Нұрлан Сыдықов жеті айда жеткен
жетістіктерді тізіп, алда атқарылатын
шаруаларға тоқталды.
Бюджеттің кіріс бөлігін артығымен
орындаған аудан әкімдігі жеті айда
негізгі капиталға 1,5 млрд. теңге ин-
вестиция тарта білген. Ауданда мал
басы мен суармалы жердің көлемі ар-
тып отыр. Бес мектеп жөндеуден өтсе,
екі бірдей бастауыш мектеп жұмысын
тоқтатпақ. Жергілікті демеушілердің
қолдауымен барлық оқушыларды
сүтпен және балмен толық қамту
жоспарланып
отырғанын
айтқан
Н.Сыдықов Беген ауылында үшпәтер-
лі үйлер салына бастағанын жеткізді.
Ауданда шешімін таппаған мәселе-
лер де жоқ емес. Соның бірі – Қоянбай
ауылы мен Ресейдің Алтай өлкесін
жалғайтын 10 шақырым жолдың
жағдайы.
Халықаралық
маңызы
бар жолға асфальт төсеу қажеттігі
туындап отырса керек. «Жаңбыр»
агроөнеркәсіп алаңын құру жобасы
болса әлі тоқтап тұр.
Облыс басшысы әуелі республи-
калық және облыстық маңызға ие
жолдар жөнделу керектігін түсіндіріп,
шекарада орналасқандықтан, Қоян-
бай ауылының жолын асфальттау
мүмкіндіктері
қарастырылатынын
жеткізді. Ал «Жаңбыр» агроөнеркәсіп
алаңын құрудағы қағазбастылықты
шешуге облыс басшылығы да мүдделі
екенін айтты.
– Бұл жобаны о баста қолдағанбыз.
Әлі де қолдаймыз. Себебі, ол жүзеге
асса, облыс аумағында сегіз мың
га. суармалы жер пайда болады. Ол
дегеніңіз – үлкен мүмкіндік, – деді об-
лыс әкімі.
Аймақ басшысы жаңадан ашылған
мәдени және спорттық нысандардың
ауданда жұмыссыз жабық жататынын
сынға алып, аудан әкімінің орынбаса-
рына кемшілікті жою жөнінде тапсыр-
ма берді.
Активке қатысушылар тарапы-
нан орманшылардың еңбекақысын
көтеру, оларға баспана беру, Бірлік
ауылындағы
бастауыш
мектепті
жапқызбау, Қарабас ауылдық окру-
гіндегі алты бірдей көшпелі шаруа
қожалығына электр қуатын тартуға
көмек көрсету сынды мәселелер бо-
йынша сауалдар қойылды.
Орман инспекторларының еңбек-
ақысын
көтеру
мәселесі
тиісті
ведомствоның
алдына
қойылып
отырғанын айтқан аймақ басшысы
баспана беру ісі аудан әкімдігінің
қолында тұрған шаруа екенін тү-
сіндірді. Ал көшпелі шаруа қожа-
лықтардың жайлауына жарық тар-
ту ісінде балама энергия көздерін
өндіретін
құрылғыларға
сүйену
ұсынысы айтылды.
Бірлік
ауылындағы
бастауыш
мектептің тағдырына қатысты шыға-
рылған шешімнің себебін де облыс
басшысы елге өзі түсіндірді.
– Аталмыш ауылда бар-жоғы оннан
астам бала оқып келгенін білесіздер.
Олардың барлығына бір ғана мұғалім
сабақ берген. Сыныптары әртүрлі, оқу
жүктемелері сан алуан бір топ баланы
бір мұғалім бір мезетте қалай оқытуы
мүмкін? Мұндай жағдайда білім са-
пасы жайында айтудың өзі артық.
Көрші ауылға тасымалдау мүмкіндігі
тұрған кезде оқушылардың обалына
қалмауымыз керек. Алдағы уақытта
осындай болашағы бұлыңғыр елді
мекендердің балаларына арналған
интернаттар салу ісіне көңіл бөлмек-
піз. Өйткені, интернат жүйесі қай кез-
де де өзін ақтай білген. Ал тасымал-
дап оқыту әдісі қыс кезінде тәуекелді
болып табылады. Бірліктегі бастауыш
мектепті осы себепті жауып отырмыз,
– деді ол.
Кездесуді қорытындылаған аймақ
басшысы аудан басшылығына әр
салаға нақты талдау мен есеп жүргізіп,
экономикалық
өсімнің
қосымша
көздерін анықтауды жүктеді.
Бесқарағайда жаңа дәрігерлік
амбулатория мен балабақша ашылды
Мал індетінің алдын алу талаптары
қатаң сақталады
Жойылған малдардың иелеріне
өтемақы төленді. Қазір аудандық
ветеринариялық бақылау инспек-
циясы аусыл, сібір жарасы, қарасан,
пастереллез, құтырма ауруларын бол-
дырмау мақсатында жоспарлы вакци-
нациялауды қарқынды жүргізуде.
Аталған
инспекция
басшысы
Төлетай Қадыровтың айтуынша, жыл
басынан бері сарып ауруына 30 406
бас ірі қара мал тексеріліп, соның
142-сі аталған дертке шалдыққаны
анықталыпты. Ауырған малдар тү-
гелдей сойылып, ет комбинаттарына
өткізілген. Аудан ветеринарлары 19
923 бас қойды тексеріп, оның 24-
інің ауруға шалдыққанын анықтаған
және мал иелеріне жойылған малдары
үшін өтемақы алуға көмек жасалған.
Мал көмінділерін қауіпсіз жағдайда
ұстау мал дәрігерлері тарапынан жіті
назарда ұсталынады. Аудан бойын-
ша 18 мал көміндісі (биотермиялық
шұңқырлар) болса, оның 8-і типтік
жобамен салынған. Барлық ауылдық
округ мал қорымдарымен қамтама-
сыз етілген. Олардың санитарлық
жағдайын аталған инспекция үнемі
бақылауда ұстап отырады.
Иесіз қалған ит пен мысық мәселесі
біздің ауданның да бас ауруына
айналған. Сала маманының сөзінше,
бос жүрген ит-мысықтардан қауіп
жоқ емес. Қаңғыбас ит-мысықтар
ауылшаруашылық малдары арасын-
да індет таратады. Осыған орай
жыл сайын ауданда қаңғыбас ит-
мысықтарды жоюға қаржы бөлініп,
оларды жою жұмыстары жүргізіледі.
Бұл жұмыспен «Бородулиха аудандық
ветеринария қызметі» мекемесінің
мамандары айналысады.
Ауылдық округтерде малды ұрық-
тандыру жұмыстары қолға алынуда.
Бұл жұмыспен қазірде тек «Е.Зәйтенов»
сынды асыл тұқымды мал өсіретін
шаруашылықтар айналысуда.
Бородулиха ауданы.
серік әбілқасымұлы
Қауіпті жұқпалы аурулар еліміздің бірқатар аймақтарында тіркеліп,
ауырған малдардың жойылып жатқанын білеміз. Мал індеті Бородулиха
ауданын да айналып өткен жоқ. 2011 жылы маусым айының басында
Дмитриевка ауылдық округінің Боровое елді мекенінде аша тұяқты мал-
дар арасында аусыл ауруы тіркеліп, ауылдағы 223 бас ірі қара мал және
716 бас қой-ешкі жойылған-ды.
Суретті түсірген Сергей Суров
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
5
№93 (17030)
14 тамыз
Сүттің 70
пайызы сырттан
әкелінеді
Елімізде сүт өнімдері
импортының үлесі былтырғы-
мен салыстырғанда әжептәруір
өскен көрінеді. Бұл туралы
«Қазақстанның ет-сүт одағы»
ЗТБ төрағасы Иван Сауэр мәлім
етті.
– Қазір Қазақстанда 5 млн.
500 мың тонна сүт өндірілуде. Жан
басына шаққандағы сүт тұтыну
көрсеткіші бойынша дамыған үздік
үш елдің қатарына кіреміз. Егер бізде
шығарылатын сүтті өзіміз өңдей
алатын болсақ, онда елімізді да-
йын өніммен толық қамтамасыз ете
алатындай деңгейге жетер едік. Ал
бүгінде ресми статистикаға сүйенсек,
70 пайызға жуық сүт өнімдерін шет-
тен жеткіземіз. Бұл дұрыс емес, бізге
кооперация керек, – дейді И.Сауэр.
Оның
айтуынша,
Үкіметтің
кеңейтілген отырысында Мемле-
кет басшысы субсидиялау тетіктерін
қайта қарастыруға баса назар
аударған. Қазір Ұлттық кәсіпкерлер
палатасы Үкіметпен бірлесіп, осыған
қатысты ұсыныстар әзірлеп жатыр.
Субсидиялау тетігін өзгерту арқылы
2-3 жылда өнім өндірісі және оны
өңдеу бойынша жағдайды түбегейлі
өзгертуге мүмкіндік туады.
Метроның жаңа
станциялары
желтоқсанда
ашылады
«Метропроект» жобалау
институтының директоры
Мұратбек Көлбаевтың айтуын-
ша, Алматы метросының жаңа
станциялары желтоқсан айында
пайдалануға беріледі.
Жақында жұмысшылар метроның
«Мәскеу» станциясындағы сол жақ
туннельді жалғады. Олар «Сайран»
станциясынан жердің астымен 825
метр жүріп өткен екен.
Алматы метросының құрылыс-
шылары екі станциядан тұратын
бірінші іске қосу кешенінің ұзындығы
2,7 шақырым екенін айтуда. Оның
тереңдігі – 17 метр. Құрылыс екі
станцияда да ашық әдіспен жүріп
жатыр. Қазір станциялардың іші
әрленіп, инженерлік желілері мен
сәулет интерьері жөнге келтірілуде.
Мамандардың сөзіне сенсек,
2016 жылға қарай метрода жолау-
шылар ағыны 22-25 мыңнан 60-70
мыңға дейін үш есе өсуі тиіс. Екі жаңа
станция іске қосылғаннан кейін, бұл
көрсеткіш 20 пайызға артуы керек.
Елімізде спорт
комментаторлары
даярланбақ
Қазақстанда спорт комментатор-
ларын даярлау жолға қойылады.
Еліміздің бұрынғы Спорт
және денешынықтыру iстерi
агенттiгiнiң төрағасы Тастанбек
Есентаевтың айтуынша, қазір
спорт комментаторларын даяр-
лау жөнiндегi кәсiби стандарттар
әзiрленуде.
– Елімізде білікті спорт ком-
ментаторлары
тапшы.
Алдағы
уақыта осы мәселе жөнінде Бiлiм
және ғылым министрлiгiне өтiнiш-
ұсыныстарымызды жолдайтын бо-
ламыз. Бiздiң өтiнiшіміздің негiзiнде
олар қажетті мамандарды даярлау-
ды қолға алмақ. Жыл соңына дейiн
үш мамандық бойынша жауапты ай-
тулары керек, – дейдi Т.Есентаев.
Оның сөзіне қарағанда, елімізде
спорт комментаторларынан бөлек,
мүмкiндiгi шектеулi жандарды даяр-
лайтын бапкерлер, мектепке дейiнгi
мекемелердегi спорт нұсқаушылары
және халықпен жұмыс істейтін спорт
нұсқаушылары жетiспейдi.
Ел ішінд
Е
ДИДАР
Оқушы жазы
«Шүлбіде» ашылған «Дарын» орталығында
нағыз дарындылар демалады
Бұл – Қазақстанда тұңғыш қолға
алынып отырған жоба. Дарынды ба-
лалар лагерьде тегін демалып, әсіресе,
ғылым мен білімнің өздеріне қажет
салаларына тереңірек үңіле алады.
Аймақ
басшысы
Бердібек
САПАРБАЕВТЫҢ тапсырмасына орай,
облыстық
білім
басқармасының
ұйымдастыруымен ашылып отырған
лагерьге бұл күні өңіріміздің әр түк-
пірінен 11-16 жастағы 120 оқушы
жиналды. Олардың барлығы да –
оқу үздіктері мен қоғамдық өмірге
белсене араласып жүрген балалар.
Араларында пән олимпиадалары-
мен қатар, спортта да үлкен жетіс-
тікке жеткендер баршылық.
Лагерьдің ашылу салтанатына
облыстық білім басқармасының бас-
шысы Асқар Нұрғазиев қатысып,
балалардың жазғы демалыстарын қы-
зықты өткізуіне тілектестігін білдірді.
– Бұл лагерь алғаш рет ашылып
отырғандықтан, балалар тамыздың
21-іне дейін демалып, жаңа оқу жы-
лына ерекше күш-қуатпен қайтады
деген ойдамыз, – дейді өңірлік ғылы-
ми-практикалық «Дарын» орталығы
директорының орынбасары Жанна
Оразғалиева. – Мұндағы он күн ішінде
балалар мен жасөспірімдердің әсіре-
се, денсаулықтары қадағаланатын
болады. Өйткені, кітапқа көп қа-
райтын балалардың көз жанарлары
әлсіреуі немесе ағзаларында басқа
да ауытқушылықтар болуы мүмкін.
Сондықтан лагерьде бұл мәселелер
зерттеле қарастырылып, тиісті ем-дом
жасалатын болады. Демалушылар
үшін жаттығу залы, спорт алаңы, тіс
емдеу бөлмесі, кәсіби уқалау (мас-
саж) және физиокабинеттер жұмыс
істейді. Бұған қоса күн сайын көңілді
ойындар, би кештері, табиғат аясына
саяхат, сондай-ақ, спорттық белдесу-
лер ұйымдастырылмақ.
Ж.Оразғалиеваның
айтуынша,
«Дарын» лагері жаздық маусым-
нан соң қазан айында жұмысын
жалғастырмақ. Сөйтіп, балалардың
жыл бойы білім нәрімен сусындауы-
на мүмкіндік жасалатын болады.
Ұйымдастырушылардың
пікірінше,
бір жылда 20 күннен 20 маусым
өткізілмек. Әр маусымға облыстың
қала-аудандарынан 120-150 бала
келіп демалады. Лагерь тегін болған-
дықтан, квоталар оқушы санына
сәйкес, әр ауданға бөлініп беріліпті.
Соған орай, әр аудан Шүлбіде демал-
ту үшін дарынды оқушылар арасында
сайыс ұйымдастырады. Ал лагерьдегі
педагогтар әр баланың қызығушы-
лығын, сүйікті саласын зерттеп, жетіл-
діруге көмектесіп отырмақ. Егер мау-
сым математикалық болса, осы са-
ланың оқушылары келіп демалады,
әдеби болса, әдебиетті сүйетіндер
шақырылады, ал ән-биге лайықталса,
әнші-жыршы балалар жиналады.
Семей.
Раушан нұғманбекова
Семей өңіріндегі Шүлбі кентінде «Дарын» атты оқу-сауықтыру лагері
ашылды. Балалар жыл бойы жұмыс істеуге негізделген лагерьде
оқуларын жалғастыра жүріп, таза ауада серуендеп, салауатты өмір
салтын ұстанбақшы.
ЭкОлОгиялық білім
Ғылыми жобалар жасауды үйреніп қайтты
«Алтай Альпісі» демалыс орталығындағы жазғы экологиялық білім беру
лагері – «IQ-Terraда» өткен шарада 13-17 жас аралығындағы бір топ
жасөспірім ғылыми экожобалар жасауды үйреніп, ең бастысы, әлемге,
Достарыңызбен бөлісу: |