Ұлықбек Есдәулет,
Мемлекеттік сыйлықтың иегері
жыл бұрын ұлы Абайдың ескерткіші
қалай орнаған болса, іле-шала
қазақтың тағы бір талантты ұлы,
үлкен жазушысы Оралхан Бөкейдің
ескерткіші еңсе көтерді. Енді міне,
Қалихан ағамыз өзінің Топқайыңы-
на барып, мәңгілік мекенін тауып
отыр.
Мен
әдебиеттің
өлшеусіз
биігін биіктерге жалғаған Қалихан
Ысқақтың болмысына сүйсінетін,
ынты-шынтысымен құлай беріл-
ген замандас-інісі ретінде қайғы-
ра, қамыға отырып, қалың елге,
перзентін сағынған Алтай жұртшы-
лығына көңіл айтамын. Қалихан
ағамыз жалғыз Алтайдың перзенті
емес, ұлан-байтақ алаш жұртының
абыройын асқақтатқан санаулы саң-
лақтарымыздың бірі, бірегейі еді.
Бақұл бол, асыл аға!
Нұрлан Оразалин,
Қазақстан Жазушылар одағының
төрағасы, сенатор
зушылар келіп қосылды.
Қалиханмен қазақ әде-
биетіне бір құдірет келді. Мен
ағаларды төмендету үшін айт-
қалы отырғаным жоқ, оларда
көп нәрсені айтуға мүмкіндік
болмады. Айтарын анық айт-
қан Әуезовтің өзі өмірінің соң-
ғы кезінде кібіртіктеп қалға-
ны шын. Себебі айқын, бәріңіз
білесіздер. Ал біздің буынның
бақытына орай 60-шы жыл-
дары әдебиетке бір жылы-
мық келе қалды. Біз сол
жылымық арқылы біраз кө-
сіліп, адам болып, атымызды
шығарып қалдық. Сол жы-
лымықтан қуаттанып қалған
біз заманға көне қоймадық,
одан кейін егемендігімізге
ілініп кеттік...
Алтай деген ұғымды, Ал-
тай деген асқақтықты, Ал-
тай халқының көркем обра-
зын әдебиетке алғаш әкелген
Қалихан еді. Соңынан Оралхан
Бөкей, Әлібек Асқар, Дидах-
мет Әшімхан бастаған інілері
ілесті...
Қалихан өзінің балалық
шағы туралы «Ақсу – жер
жәннаты» романында мөлді-
рете жазып кетті. Мен ол бәрін
беріп кетті деп ойламаймын.
Әлі де берері көп еді. Бірақ
соңғы жылдары денсаулы-
ғына байланысты күйзеліп
қалды. Бірнеше жыл бұрын
мен Астанаға көшіп кеткен
соң, бір-бірімізден біраз алыс-
тап кеттік. Бірақ телефон-
мен үнемі хабарласып тұр-
дық.
Сол Қалиханымыз дүние-
ден өтті... Қазақстан бар-
да Қалихан мәңгі өшпейтін
шамшырақтардың бірі деп
білемін. Қазақ барда Қалихан
досым мәңгі өлмейді.
Әкім Тарази,
жазушы,
Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері
(Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ көрнекті жазушы Қалихан Ысқақты соңғы сапарға
шығарып салуға арналған қаралы жиында сөйлеген сөзі)
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
23
№93 (17030)
14 тамыз
Көлемі 6 баспа табақ
Апталық таралым 41500
Тапсырыс 93
Газет «Шығыс-Ақпарат»
ЖШС-нің
баспаханасында басылды.
Өскемен қаласы,
Бажов көшесі, 12.
Баспаханалық
қызметтер:
75-44-78. 75-28-78.
«Шығыс-
Ақпарат»
жауапкершілігі
шектеулі
серіктестігі
Директор
Нұржан
ҚуАНтАйұлы
Қабылдау бөлмесі:
тел/факс: 75-15-38.
Директордың
орынбасары
Александр НИКИШИН
Тел.:
75-15-38.
газеті
Редактор
уәлихан тоҚпАтАев
Редактордың
орынбасары
Азамат ҚАСыМ
Қабылдау бөлмесі:
тел/факс: 75-96-19.
Меншікті тілшілер:
Семей – 87051593521,
Күршім – 2-19-12,
Үржар – 3-41-13,
Көкпекті – 87777499510,
Тарбағатай – 87786889717.
Бөлімдер:
қоғамдық-саяси – 75-37-74,
экономика – 75-36-52,
рухани мәселелер –
75-28-22, 75-28-65,
хабар – 75-36-52,
фототілші – 75-28-39.
Нөмірдің кезекшісі
Нұржан
КеНЖеұлы
Индекстер: 06001, 06002
Хаттар мен қолжазбалар
қайтарылмайды. Жария-
ланған материалдардағы
пікір редакциянікімен
сәйкес келмеуі мүмкін.
Редакция тапсырысымен
жазылмаған материалдар
үшін қаламақы төленбей-
ді. белгісі қойылған
материалдар коммерция-
лық негізде жариялана-
ды. Материалдарды ре-
дакцияның келісімінсіз
көшіріп басуға тыйым
салынады.
P
R
070003, Өскемен
қаласы,
Космос көшесі, 6/3,
www.didar-gazeti.kz;
е-mail: didar@media-
vko.kz, жарнама бөлімі:
22-41-95,
reklamadidar@media-
vko.kz
Шығыс
Қазақстан
облысы әкімдігі
ішкі саясат
басқармасының
«Шығыс-
Ақпарат» ЖШС
«Дидар» газеті –
Қазақстан
журналистика
академиясының Алтын
жұлдызының иегері.
«Дидар» газеті Қазақстан
Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрлігінде тіркеліп,
2012 жылғы 8-қарашада
№13142-Г куәлігі берілген.
Жауапты хатшы
Бекәділ
СӘДІБеКов
Тел.: 75-29-23
Қаламына тәу етем
Жетпісінші жылдардың басында жас жазушылардың
республикалық кеңесі өткен. Семинарлар бойынша бірнеше
классикке бес-алты талапкер бөлінген.
Классик атанып үлгергендер
Асқар Сүлейменов, Қалихан
Ысқақ, Төлеген Тоқбергеновтер
еді. Сонда ғой, Қалихан ағамыз
Дидахметтің, Әлібектің және
менің бір-бір шығармамызды
биіктете көтеріп, бір-бір әң-
гімемізді сойып салғаны. Содан
бері Қалиханды қасиетті ұстаз
тұтатынбыз. «Қоңыр күз еді»
повесі үшін бұрыннан-ақ қолын
сүйгіміз келетін.
Қайран-ай, Қалекеңнен де
айырылып қалыппыз-ау... Қазақ
прозасының қара нары еді ғой
ол. Бәрі еске түсіп отыр. Сексе-
нінші жылы Нәсіреддин Се-
ралиевтің елу жылдығына келіп,
талантты жас әнші Құрманбек
Шойынбаев «Абай» операсы-
нан ариялар орындағанда, «Сен
бала, Шымкентте неғып жүр-
сің?! Сенің орның Алматы-
да, опера театрында! Тез жет
астанаға!» деп айқай салғаны,
Асқар Сүлейменовпен, Дулат
Исабековпен бірге Созақта,
Отырарда жүрген күндері...
Қалихан көкемнің әр сөзі мен
сөйлемі бір сабақ еді, шіркін-
ай...
2010 жылы «Егеменнен»
тасқын туралы жазуға тапсырма
алып, Қалбатау, Тарбағатай,
Алтайды аралап едім. Катон-
қарағайда жүргенде, Қалағам-
ның қара шаңырағына да ба-
рып, келінінің қолынан шай
ішіп, жүрген көгалына аунап,
рахаттанып едім. Ағаш үйдің
ескі тақтайы арасынан көне-
ленген көксия қалам тауып
алып, тәу етіп, қойныма тыққам.
Алматыда ағама айтқанымда,
жанары жасаурай күліп еді.
Арқамнан қағып.
Енді біздің жанарымыздан
жас тамады. Бақұл бол, Қали-
хан көке!
Мархабат Байғұт,
жазушы,
Халықаралық «Алаш»
әдеби сыйлығының
лауреаты, Қазақстанның
еңбек сіңірген қайраткері
Шымкент.
Асыл аға ретінде
жүрегімізде қалды
Алматы өңіріндегі ақын-жазушылар қауымы қазақтың
көрнекті жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалихан
Ысқақтың қазасына байланысты жерлестеріне, ағайын-туған-
дарына, жанашыр-жақындарына қайғыра көңіл айтады.
Қалағаңды мен сонау бала
кезімнен жақсы білемін. Жазу-
шылар одағына барған сайын
кездестіретінмін. Талай-талай
әңгіме, сұхбат құрдық. Ол кісі
Әкім Тарази екеуі керемет дос
болатын. Менің алғашқы жаз-
баларымды газет-журналдарға
жариялаған осы екі ағам еді.
Қалекең менің ең алғашқы
жазған «Таудан түскен тұман»
атты повесімді оқып, қатты риза
болып, «Жұлдыз» журналына
ұсынып шығарды. Ол кісі менің
сол шығармам жайында «менің
«Қоңыр күзім» сияқты жазы-
лыпты, тағдырың да, шығар-
маң да маған ұқсайтын қоңыр
қозымсың» дейтін...
Кейін де ол кісінің 60, 70
жылдық мерейтойларында бір-
ге болып, барлық шаралары-
ның басы-қасында жүрдім.
Мейлі қай уақытта қоңырау
шалсам да, кездесе қалсам да,
құрдасындай, замандасындай
сырласатын еді. Әділет төңі-
регінде, ұлт болашағы жайында
білікті, салиқалы ойлар айта-
тын. «Жақсының жақсылығын
айт, нұры тасысын» демекші, ол
кісі көптеген жас қаламгерлерді
тәрбиеледі.
Кезінде жас ақын-жазу-
шылардың кеңесі өткен сайын,
мені шақырып, шығармала-
рымды
дәріптеп
отыратын.
Ол
кісінің
қазақтың
ұлы
перзенттері жайында жазған
дүниелері ғажайып сезімдерге
толы. Әсіресе Тәкен Әлімқұ-
лов, Мұқағали Мақатаев, Ас-
қар
Сүлейменовтің
әртүрлі
қырларын сәтті ашқан. Қалекең
не жазса да, терлеп жазатын,
тергеп жазатын, түсініп жаза-
тын мықты суреткер. Қалағаң
өз бағытынан таймаған нағыз
ақжол қаламгер, асыл аға
ретінде ел-жұрттың сыйлайтын
асыл тұлғасы ретінде жүрегі-
мізде қала берді.
Нағашыбек Қапалбекұлы,
Қазақстан Жазушылар
одағы Алматы облыстық
филиалының директоры
Бұл қаза бізге де ауыр тиді
Алматыдан жеткен суық хабарды естігенде, өзегімізге
қорғасын құйғандай қиналдық, Алтайдағы ағайынның
қайғысына басу болар сөз таппай дағдардық.
Қарт Ертісті тел емген өлке
төл перзентінен, асқақ рухты
жыршысынан айырылса, күллі
қазақ аймүйіз абызынан көз жа-
зып қалды. Қалихан Ысқақтың
шығармашылығына дүлей ағыс-
қа қарсы жүзіп жүрген жалын-
ды жас шағымызда-ақ ғашық
болдық. Қазақ әдебиетінің ай-
дынына соңынан төр Алтайдың
бір шоғыр талантты қаламгер-
лерін ерте келген Қалағаң еңсе-
лі шығармаларымен, есті өмірі-
мен артына өшпес із қалдырға-
ны анық. Оның қазақ прозасы-
на сіңірген еңбегі бір төбе де,
Шығыс жұрты көрнекті қаламгерін ақтық
сапарға шығарып салды
Кеше Шығыс жұрты көрнекті жазушы, белгілі драматург,
Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалихан Ысқақты туған жері
–Катонқарағай ауданындағы Топқайың ауылында ақтық
сапарға шығарып салды. Ал алдыңғы күні кешке Өскемен
әуежайында Алматыдан әкелінген қаламгердің мәйітін облыс
әкімі Бердібек САПАРБАЕВ бастаған арнайы топ қарсы алды.
Одан кейін жарты ғасырдан
астам уақыт төр Алтайын талмай
жырлап өткен қаламгердің мәйіті
кіндік қаны тамған Топқайыңға
жеткізілді. Жанарларында жас
боталап, иісі қазақтың асыл ұлын
соңғы сапарға шығарып салуға
облыстың, еліміздің әр жерінен
асыға жеткендердің қарасы
мол болды. Олардың арасын-
да Қалағаны қаламдас, ең бір
рухани жақын ағасы санайтын
жазушылар мен журналистер-
ден өзге, әртүрлі деңгейдегі
билікте, басшылықта болған,
қазірде де ел тізгінін ұстаған аза-
маттар жүрді. Сонымен қатар,
бұрындары Катонқарағай ау-
данын
басқарған
Күршім,
Үржар, Глубокое аудандарының
әкімдері Алтайбек Сейітов, Серік
Зайнулдин, Арман Бекбосынов
және Аягөз, Зырян, Көкпекті
аудандарының өкілдері болды.
Төр
Алтайынан
мұрты
енді ғана тебіндеген бозба-
Шығыс Қазақстан облыс-
тық ішкі саясат басқармасы
көрнекті қаламгер, Қазақстан
Республикасының
еңбек
сіңірген қайраткері
Қалихан Ысқақтың
қайтыс болуына байланысты
туған-туыстарына қайғылары-
на ортақтасып көңіл айтады.
«Шығыс-Ақпарат» ЖШС жә-
не облыстық «Дидар» газетінің
ұжымдары көрнекті жазушы,
драматург, Мемлекеттік сый-
лықтың иегері
Қалихан Ысқақтың
қайтыс болуына байланысты
туған-туысқандарына қайғыла-
рына ортақтасып көңіл айтады.
Катонқарағай ауданының әкімдігі мен мәслихаты Қазақстанның
еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекет-
тік сыйлығының иегері, Катонқарағай ауданының Құрметті аза-
маты, алты алаштың мақтанышына айналған кесек тұлға, айтулы
азамат, жазушы-драматург
Қалихан Ысқақтың
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен ағайын-
туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
ла болып кетіп, алты алаштың
ардақтысына,
қимасына
айналған хас суреткерді соңғы
сапарға
шығарып
салуға
арналған қаралы жиынды оның
соңынан ерген інісі, ауылда-
сы, жазушы-журналист Әлібек
Қаңтарбай жүргізіп, алғашқы
сөзді облыс әкімі Бердібек
САпАРБАЕвҚА берді. Аймақ
басшысы Қалихан Ысқақтың
қаламгерлігіне, ерекше туған
дарын иесі екендігіне, еліне,
жеріне
сіңірген
өлшеусіз
еңбегіне, тағы басқа да асыл
қасиеттеріне кеңінен тоқталды
(облыс әкімінің қаралы жиында
сөйлеген сөзін газетімізде жа-
риялап отырмыз).
Қаралы жиында Қаратай
еліне жазушы-драматург Қали-
хан Ысқақтың қайтыс бо-
луына байланысты көңіл айт-
қан президент Әкімшілігінің,
премьер-Министр Кәрім Мәсім-
овтің, парламент Сенатының
төрағасы Қасымжомарт То-
қаевтың жеделхаттары оқыл-
ды. Бұлардан басқа Мұхтар
Құл-Мұхаммед сынды таны-
мал тұлғалардың да көңіл
айтқан
жеделхаттары
бар
екендігі ауылдастарына, жинал-
ған қауымға хабардар етіл-
ді.
Алматыдан
Қалағаның
мәйітін алып келіп, қайғыдан
қабырғасы қайысып, қан жұтып
отырған
марқұмның
туған-
туысқандарын,
елін
жұбата
келген Қазақстан Жазушылар
одағы төрағасының орынбаса-
ры Жанарбек Әшімжан клас-
сик жазушының суреткерлігін,
адамгершілігін,
ағалығын
жеткізе айтты. Сондай-ақ, ол иісі
қазақтың ардақты ұлы болған
жазушыны соңғы сапарға шы-
ғарып салуға көмек көрсеткен
облыс, аудан басшылығына,
ел азаматтарына, марқұмның
жерлестеріне өз ризашылығын
білдірді.
Қаралы
митингіде
Қалағаңның әріптес інісі, ау-
ылдасы, халықаралық «Алаш»
сыйлығының иегері Дидах-
мет Әшімханов, марқұмның
жақын досы, сыныптасы Фрун-
зе Жақсылықов, Катонқарағай
аудандық ардагерлер кеңесі
төрағасының
орынбасары
Төлеген Бекішов, абайтанушы,
жазушы Төкен Ибрагимов сөз
сөйледі.
Қалихан Ысқақтың туған
інісі, зейнеткер-ұстаз Сайлаухан
Қабатаев қорытынды сөзінде
қайғыларын бөлісе келген, қол
ұшын берген барлық ағайын-
туыстарға,
ауылдастарына,
билік басындағы азаматтарға
өз әулеті атынан ризашылығын
білдірді.
Жәнібек Қызыр
Катонқарағай ауданы.
қазақ драматургиясы мен кино
саласына қосқан үлесі бір төбе.
Асылдарымыздан аңдаусызда
айырылып қалатынымыз қандай
өкінішті?! Қазақ әдебиеті кезекті
бір қайғылы қазаға қамығып
жатса, Алтайдағы ағайын бұдан
былай Оралханмен бірге Қали-
ханның есімін қоса айтып күр-
сінетін болады.
Қандай өкініш десеңізші!
Кереку халқы қалың Қаратай
елінің, қала берді бүкіл Шығыс
жұртының қайғысына қайыса
отырып көңіл айтады.
Арман Қани,
ақын, Қазақстан
Жазушылар одағы
Павлодар облыстық
филиалының директоры
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
24
Алқоңыр
№93 (17030)
14 тамыз
езутартар
– Сіз саясатпен айналысасыз
ба?
– Әрине!
– Сіз қай топқа жатасыз? Бел-
сенділер қатарына ма, жоқ әлде
керісінше жаққа ма?
– Түсінбедім.
– Менің айтпағым, сіз депутат-
сыз ба, әлде жай ғана теледидар
көресіз бе?
– Әке, сіз үнемі «отбасы –
шағын мемлекет» дейсіз. Сонда
сіз кімсіз?
– Әрине, президентпін!
– Анам ше?
– Ол билік.
– Ал апам ше?
– Ұлттық қауіпсіздік комитеті!
– Мен ше!
– Ал сен халықсың!
тіл бітсе, сурет не дейді?
Мәдениет
ДИДАР
Әр елден келіп, сайысқа түскен жеті
команда бірінші күні түске дейін қаз-
қатар киіз үй тікті. Түстен кейін команда-
лар арқан тартып, күштерін сынасты. Күні
бойы уақыттарын қызықты да әсерлі
өткізіп, кешке қарай қазақтың ұлттық
ойыны – ақ сүйек ойнады. Арғы тектері
Алтайдан шыққан бұл қатысушылардың
қазақтың салт-дәс-
түріне деген жа-
қындығы байқа-
лып тұрғандай еді.
Келесі
күндері
шоуға қатысушы
жігіттер ат ерттеп
мініп, белгіленген
нысанға
шалма
лақтырды. Ал қыз-
дар жағы бие са-
уып, сауған сау-
малдарынан бал-
дай тәтті қымыз пісті. Қыздар сондай-ақ,
сиыр сауудан да құр қалған жоқ. Одан
қалса, от жағып, құрт қайнатты.
Сонымен қатар, қатысушылар ұлттық
спорт түрлерінен де бақтарын байқап
көрді. Білекті де жүректі жігіттер асауды
ауыздықтап, аударыспаққа шықты. Аттың
Берелде «Номад» атты реалити-шоу өтті
Мерей Қайнарұлы
Берел қорғанында «NOMAD» жобасы бойынша реалити-шоу ұйымдастырылып,
Түркия, Татарстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Венгрия, Моңғолия елдерінен келген
жастар қазақтың дәстүрімен, мәдениетімен жан-жақты танысып қайтты.
Үш кәсіпкер жігіт бәстесіп тұр:
– Сен «Тойотаны» неше айда
сатып ала аласың?
– Бір айда!
– Ал сен ше?
– Үш айда…
– Ал сен?
– Екі-үш жыл қор жинап, біраз
несие алған соң...
– Неге сонша ұзақ мерзім?
– Енді, «Тойота» дегенің үлкен
фирма ғой!
18 – 24 тамыз
ТоқТы. Қазіргі кез
кәсібіңіздің өсуіне ыңғай-
лы. Өз жанұяңызды ұмытып
кетпеңіз. Қолыңыздан кел-
се, аздап үй құрылысын
жүргізсеңіз болады. Туған-
туысқандарыңызға
көңіл
бөлуге уақыт табыңыз.
Торпақ.
Сыртқы
келбетіңізге де бір сәт
көңіл бөліңіз. Апта сауда-
саттық үшін қолайлы.
М а м а н д ы ғ ы ң ы з д ы ң
майталманы болу өз
қолыңызда.
ЕгіздЕр. Сіз қарым-
қатынастарыңыздың
ны-
ғаюынан
рахат
аласыз.
Соның арқасында өмірге
құштарлығыңыз артып, тың
ойлардың пайда болуы
ықтимал.
Шаян. Жұлдыздар
көңіліңіз көтеріңкі бо-
латынын меңзейді. Ал
ондай жағдайда қай
мәселенің де шешімі та-
былады. Бастысы, жақындарыңыздың
сізге деген қамқорлығы мерейіңізді
өсіреді.
арысТан. Жұмысыңыз алға ба-
сып, жетістіктерге жетуіңіз
мүмкін. Алайда жақындары-
ңызбен араларыңызда бол-
ған жағдайдан жан күйзелі-
сіне ұшырауыңыз ықтимал.
БикЕШ. Ешкімнің қол-
дауынсыз қиын жұмыстар-
дың да шешімін табу
оңай болмақ. Сіздің тың
ойларыңыз аз шығын ар-
қылы жүзеге асуы ықтимал.
Таразы. Сізге жеке
жобалармен
айналыса-
тын кез келді. Бұл – алдағы
үлкен жоспарлардың ірге-
тасы. Апта сәтті болғалы
тұр. Барлық iсте жолыңыз
болады.
сарыШаян. Қызметте
жоғарылаудың сәті түсіп
тұр. Ағайын-туыс арасын-
да да мәртебеңіз артады.
Сізді қолдаушылардың қам-
қорлығын сезінесіз.
МЕргЕн. Ойланып қабылдаған
шешіміңіздің арқасында
күтпеген қиындықтардан
құтыла аласыз. Қандай
қиын жағдай болмасын,
күш қолданудан сақ бо-
лыңыз.
ТауЕШкі. Айналаңыздағы адам-
дардың қалағанын істеуде кикілжің
тууы мүмкін. Дегенмен,
әрекеттеріңізге есеп беріп,
өзіңізді кінәлі санағыңыз
келмейді. Жақындарыңыз
үнемшілдігіңізге реніш біл-
діруі ықтимал.
суқұйғыШ. Жобаларыңыз бас-
шылыққа ұнап, қаржыландыратын
адамдар табылуы мүмкін.
Жобаңызға
қызығушылық
танытатын адамдар көбейеді.
Ерекше шабыттанып, маңыз-
ды шешімдер қабылдайсыз.
БалықТар. Кез келген қиындық-
тан оңай құтылып кетесіз.
Мәселелерді тез арада ше-
шуге күш салыңыз. Жаңа
келісімшарттарға отырып,
тамыры тереңге кететін
табыс көзін табуыңыз ық-
тимал.
Жұлдыз-ЖораМал
құлағында ойнайтын енді біреулері жүй-
рік мініп, қыз қууға қатысты. Мергенбіз
дегендері болса, қолдарына садақ алып,
көздеген нысанаға жебелерін жау-
дырды. Ұлттық спорттың бұл түрлеріне
қатысқан өзге елдердің қыз-жігіттері оң
нәтиже көрсетіп, түбі бір түркілерден
тарағандарын дәлелдегендей болды.
Жеті күнге созылған жарыста жеті елден
келген қатысушылардың ішінен шыққан
шебер жігіттер қайыстан қамшы өрді, тал-
дан иіп, садақ жасады. Қыздары құрақ
көрпе құрап, ұлттық оюдың түр-түрін
ойып шықты.
Бір апта бойы тамылжыған табиғат
аясында көшпенділердің ұлттық құнды-
лығымен, салт-дәстүрімен, мәдениетімен
танысқан шетелдіктер мен жерлестеріміз
мәз-мәйрам болып тарқасты. Облыстық
жастар саясаты мәселелері жөніндегі
басқарманың ұйымдастыруымен өткен
реалити-шоудың негізгі мақсаты қа-
зақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәде-
ниетін насихаттау еді.
«Тіл бітсе, сурет не
дейді?» жобасына
қатысушылар
қатары апта
санап артып
келеді. Жоба көші
ілгерілеген сайын
қатысушылардың
да ойы ұтымды
болып, ұйқасы
шымырлана
түсуде.
Редакцияға
келген жауап
хаттардың
ішінен төмендегі
үш автордың
өлеңдерін
қаз-қалпында
назарларыңызға
ұсынып отырмыз.
Түгімен түйе жеуді қойсын «бала»,
Өзін де жұта салар Ойсылқара.
«Дүние – кезек» деген атам қазақ,
Бұл сурет ой салар ма ойсыздарға?!
Б.Болаев
Катонқарағай ауданы.
Түгімен түйе жеуді қойсын «бала»,
Өзін де жұта салар Ойсылқара.
Ішіп-жеген томпайып, тау асады,
Тұтылатын момақан қойшы ғана.
Жамбыл Тұрағұлов
Қалбатау ауылы,
Жарма ауданы.
Түгімен түйе жеуді қойсын «бала»,
Өзін де жұта салар Ойсылқара.
Жабылған топ кісіге бой бермеуде,
Жегеніңді қайтар елге, жаның барда!
Сағдат Саманова
Ақбұлақ ауылы,
Күршім ауданы.