Әдебиеттер
1 Рустемова Г.Р. О приоритетах современных научных исследований. Материалы международной научно-
практической конференции: Актуальные проблемы борьбы с преступностью на современном этапе» посвященной
50-
летию доктора юрид.наук, профессора Алауханова Е.О. / отв.ред. Қайыржанов.Е.И. - Алматы: Қазақ
Университеті, 2008. – 286 с. 53-58.
2 Қазақстан Республикасының Конституциясы. түсініктеме. Ред. бас-қарған Сапарғалиев Ғ. / Ауд.
Бақтыгерейұлы С. – Алматы: « Жеті Жарғы», 1999. – 424 б.
3 Молдабаев С.С. Проблемы субъекта преступления в уголовном праве Республики Казахстан: монография. –
Алматы: ТОО «Аян Эдет», 1998. - 156 с.
4 Тишкевич И.С Борьба с преступностью – долг каждого гражданина (Беседы о советском законадательстве). -
М.: «Юрид.лит», 1973. - 56 с.
5 Чаадаев С.Г. Уголовная политика и преступность: проблемы, пути решения: пособие для слушателей
народных университетов. - М.: Знание, 1991. – 112 с.
6
Криминология: учебник / Под ред. акад. Кудрявцева В.Н., проф. Эминова В.Е. – М.: Юристь, 1997. – 512 с.
7 Михлин А.С. Последствия преступления. - М.: «Юридическая литература», 1969. – 104 с.
8
Загородников Н.И. Советская уголовная политика и деятельность органов внутренних дел. - М.,1979. – 100 с.
Қорғанбаева Е.А.
мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң
университеті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ МЕН АЗАМАТТЫҒЫ
ЖОҚ АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
64
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г.
________________________________________________________________________________
Аннотация: В данной статье рассматривается правовой статус инностранных граждан и лиц без гражданства в
Республике Казахстан.
Summary:
This article examines the legal status of foreign citizens Processing and stateless persons in the Republic of
Kazakhstan.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық
жағдайы Республика Конституциясымен, “Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы” 1995 жылғы 19
маусымдағы ҚР заңымен, «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР заңымен, «Халықтың көші-
қоны туралы» ҚР заңымен, Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының,
сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібімен және бірқатар өзге де арнайы
актілермен белгіленеді.
Конституцияға сәйкес Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе,
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен
бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады. Шетелдіктер – бұл Қазақстанда тұратын,
оның заңына бағынатын бірақ оның азаматы болып табылмайтын тұлғалар. Заңнамаға сәйкес Қазақстан
Республикасындағы шетел азаматтары болып Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзінің
басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар есептеледі. Ал, Қазақстан
Республикасындағы азаматтығы жоқ адамдар – бұлар Қазақстан Республикасының азаматы емес,
сондай-ақ өзге мемлекеттің азаматтығында болмайтын адамдар.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары адамдардың құқықтық мәртебесі Қазақстан
Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық
жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады. Шетел
азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық құқықтық мәртебесі олардың жалпы
құқықтық мәртебесінің негізгі, маңызды бөлігін құрайды және көптеген заң актілері мен заңға тәуелді
актілерде бекітіледі.[1]
Қазақстандағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық құқықтық
мәртебесінің мазмұнын келесідей элементтер құрайды:
-
конституциялық құқық нормаларымен бекітілген құқықтары мен міндеттерінің кешені;
-
бұл құқықтар мен міндеттерді заңмен қорғау және мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарымен қамтамасыз ету механизмдерін қоса алғанда оларды жүзеге асыру кепілдіктері.
Қазақстан Республикасының Конституциясы тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік
жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне
қарамастан адамдар мен азаматтардың (оның ішінде шетелдіктердің де) құқықтары мен
бостандықтарының теңдігіне кепілдік береді. Конституция адамдардың барлығының құқықтары мен
бостандықтарының теңдігін бекіткеніне қарамастан түрлі жағдайларға байланысты адамдардың жеке
категорияларының теңсіздігі байқалып қалып жатады. Өйткені, адамдардың кейбір топтарының
құқықтық мәртебесінде мәнді ерекшеліктер бар. Мысалы, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ
адамдар ҚР азаматтарымен теңдей құқықтардың шегін пайдаланбайды.
Республика заңнамасына, ғылыми доктринаға қарап отырып, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдардың саяси құқықтарды иеленбейтінін көреміз. Саяси құқықтарға мынадай құқықтар жатады:
мемлекеттік қызметке кіру құқығы, қоғамдық бірлестіктерге бірігу құқығы, сайлау және сайлану
құқығы, референдумға қатысу құқығы, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекетті басқару ісіне қатысу
құқығы. Ал, жеке және әлеуметтік-экономикалық құқықтардың кейбірін шетелдіктер белгілі бір
шектеулермен пайдаланады. Олардың бірі – еңбек ету бостандығына құқық. Республика заңнамасына
сәйкес адамдардың бұл санаты республика азаматтарымен теңдей еңбек ете алады. Сондай- ақ ҚР
аумағында еркін жүріп тұру құқығы, жоғары білім алу құқығы да т.б. шетелдіктер үшін біршама
шектелген болып табылады.
Қазақстанда жүрген шетелдіктерді үш топқа бөлуге болады: 1. Қазақстан Республикасында тұрақты
тұратын шетелдіктер; 2. Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдіктер; Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер деп тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілеген тәртіппен рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдіктер танылады.[2]
“Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы” 1995 жылғы 19 маусымдағы заңда белгіленген
жағдайларда шетелдіктердің Қазақстанға келулеріне тыйым салынуы мүмкін. Нақты ашып көрсетсек,
шетелдіктерге мына жағдайларда Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады: 1) мемлекеттік
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті немесе халықтың денсаулығын сақтау мүдделеріне
орай; 2) егер оның іс-әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса; 3) егер ол
Қазақстан Республикасының егемендігіне қарсы шықса, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға
шақырса; 4) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты тұтандырса; 5) егер бұл Қазақстан
65
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г.
________________________________________________________________________________
Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін
қажет болса; 6) егер ол террористік әрекеті үшін сотталған болса не сот оны аса қауіпті рецидивист деп
таныса; 7) егер ол, оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы
мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан
Республикасында болу және одан шығып кету үшін қажетті қаражатының бар екендігі туралы растауды
ұсынбаса; 8) егер оның Қазақстан Республикасында бұрын болған кезінде шетелдіктердің құқықтық
жағдайы туралы заңнаманы, Қазақстан Республикасының кеден, валюта немесе өзге де заңнамаларын
бұзған фактілері анықталған болса; 9) егер ол келу туралы өтініш хатпен жолданған кезде өзі жөнінде
жалған мәліметтер хабарлаған болса немесе қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етпесе Шетелдіктердің Қазақстаннан кету тәртібіне келсек,
егер тиісті елмен жасалған келісімде өзгеше белгіленбесе, әдетте шетелдіктер
Қазақстаннан жарамды шетелдік паспарты немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша кету визасы
болған жағдайда кетеді.
Қазақстан Республикасынан кету шетелдікке мына жағдайларда рұқсат етiлмейдi: а) егер оны қылмыстық
жауапкершiлiкке тарту үшiн негiздер болса iстi жүргiзу аяқталғанға дейiн; б) егер ол қылмыс жасағаны үшiн
сотталған болса - жазаны өтеп болғанға немесе жазадан босатылғанға дейiн; в) егер ол өзiне сот жүктеген
мiндеттемелердi орындаудан жалтаратын болса мiндеттемелер орындалғанға дейiн;
Шетелдіктер мына жағдайларда Қазақстан Республикасының шегiнен қуылуы мүмкiн: а) егер оның
iс-әрекетi мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы
келетiн болса; б) егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершiлiк қасиетiн сақтау, Қазақстан
Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн
қажет болса; в) егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса; г) егер Қазақстан
Республикасының азаматымен некеге тұруы оны Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру
үшiн негiз болып табылып, заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен неке заңсыз деп танылған жағдайда
Қазақстан Республикасының шегiнен қуылуы мүмкiн.[3]
Әдебиеттер
1.
Сапаргалиев Г.Е. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы.: Алматы, Жеті Жарғы, 2010 жыл
2.
Баишев Ж. Конституционное право РК. Учебно-методическое пособие.-Алматы., 2004.
3. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы.
Қорғанбаева Е.А.
мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң
университеті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАЛА ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚОРҒАЛУЫ МЕН БАЛА
АСЫРАП АЛУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация: В данной статье рассматривается проблемы защиты прав ребенка, правовые основы и механизмы
усыновления (удочерения).
Summary:
This article discusses the problem of protecting children's rights, the legal framework and mechanisms for
adoption (adoption).
Бала – он сегіз, яғни кәмелеттік жасқа толмаған адам. Тегіне, нәсіліне және қай ұлтқа
жататындығына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге көз қарасына,
тұрғылықты жеріне, денсаулық жағдайына, балаға және ата – анасына немесе басқа заңды өкілдеріне
қатысты өзге де мән – жайларға қарамастан барлық бала тең құқыққа ие.
Халықаралық және ұлттық дәрежеде көптеген арнайы бала құқығы туралы нормативтік құқықтық
актілер бар. Халықаралық дәрежедегі бала құқығы туралы ең негізгі акт болып «Бала құқығы туралы
Конвенция» болып табылады.
Бала дүниеге келген сәттен бастап мемлекет тарапынан қорғалады және де құқықтарының жүзеге
асырылуын қамтамасыз етеді. Бала туылған бетте тіркеуге алынады және туылған сәттен бастап оның
есімі қойылып, азаматтық алуға, сондай-ақ мүмкіндігінше өз ата-аналарын білуге және олардың
қамқорлығына ие болуға құқылы. Мемлекет өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес осы құқықтардың
жүзеге асуын және осы саладағы тиісті халықаралық құжаттарға сәйкес, атап айтқанда, егер өзгеше
түрде баланың азаматтығы болмаған жағдайда, өздерінің міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Әрбір мемлекет ата-анасының екеуінің де баланың тәрбиесі мен дамуы үшін ортақ және бірдей
жауапкершілігін тану қағидаттарын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін күш-жігерлерді қабылдайды.
66
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г.
________________________________________________________________________________
Ата-анасы немесе тиісті жағдайларда заңды қамқоршылары баланың тәрбиесі мен дамуы үшін негізгі
жауапкершілікті мойына алады. Баланың ең қажет мүдделері олардың негізгі қамқорлығының мәні
болып табылады.[1]
Қазақстан Республикасында Бала құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан
Республикасының Бала құқықтары туралы 2002 жылы 8 тамызда қабылданған заңымен және өзгеде
нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдарында баланың негізгі құқықтары мен міндеттері
баянды етілген.
Баланың негізгі құқықтары: баланың денсаулық сақтауға құқығы; баланың даралық ерекешелікке
және оны сақтауға құқығы; баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және
жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы; баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық
өмірге араласуға құқығы; баланың қажетті тұрмыс деңгейіне құқығы; баланың мүліктік құқығы;
баланың тұрғын үйге және білім алуға құқығы; баланың экономикалық қанаудан қорғану құқығы;
баланың мемлекеттік көмекке құқығы; баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқықтары
бар.
Әрбір бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың
құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, Республиканың мемлекеттік нышандарын
құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың
сақталуына қам-қаракет жасауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауға, табиғатты сақтауға және
табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті.[2]
Бала асырап алу және қамқоршылық – ерекше жауапкершілік пен маңызды шешуді талап ететін
қарым-қатынастың екі түрі. Бала асырап алу және қамқоршылық туралы маңызды шешімді қабылдай
отырып, тек моральдық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар моральдық және материалдық, сонымен
қатар заңдық тұрғыдан дайын болу қажет.
Алдымен ата – ана мен асыранды баланың қарым – қатынасын сипаттайтын түсініктерді талдайық.
Неке (ерлі –зайыптылық) және отбасы туралы кодекске сәйкес заңдық қарым-қатынастардың түрлері
мыналар болуы мүмкін: асырап алу, қамқоршылық немесе патронаттық тәрбие. Әрқайсына толығырақ
тоқталайық.
Бала асыра алу-сот шешімі негізінде баланы отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны,
нәтижесінде шығу тегі бойынша туысқандық міндеттерге және құқықтарға теңестірілетін жеке мүліктік
және мүліктік емес міндеттер туындайды.
Патронат-жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынан қалған балалар қамқорлық пен қорғаншылық
бойынша қызметтерді жүзеге асыратын орган немесе баланы тірбиеге алуға тілек білдірген адамның
арасында жасалатын шарт бойынша отбасына патронаттық тәрбиеге беріледі.
Қамқоршылық-14 жасқа толмаған балалардың және сотпен қабілеті жоқ деп танылған адамдардың
құқықтармен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.
Қорғаншылық-14 және18 жастағы баланың, сондай – ақ спирттік ішімдіктер немесе нашақорлық
заттарды шамадан тыс қолдану салдарынан әрекет қабілеттілігі сотпен шектелген кәмелетке толмаған
адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.
Қамқоршылық пен қорғаншылық жалпы көбіне мұліктік құқықтарды анықтайды, алайда бұл
қамқоршы немесе қорғаншы қамқорлыққа алынатын тұлғанын қамын ойлау дегенді білдірмейді. Асырап
алудан қамқорлық пен қамқоршылықтың басты ерекшелігі әрекет қабілеттілігі және жасын шектеудің
аспектілері болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл көмек өзінің жасы мен денсаулығына байланысты
өздігінен өмір сүре алмайтын, өз құқықтарын қорғай алмайтын және мүлікті басқара алмайтындарға
көмек.[3]
Неке (ерлі –зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 84-бабына сәйкес асырап алуға ата-
анасының бірі немесе екеуі де:
Қайтыс болған;
Баладан бас тартқан;
Ата-ана құқығынан айырылған және қайта берілмеген;
Баланы асырап алуға келісім берген;
Сот тәртібінде әрекетке қабілетсіз, із-түссіз жоғалған немесе қайтыс болған деп жарияланған;
Беймәлім балалар жатады.
Егер баладан ата-анасы бас тартса, туысқандары өзінің азаматтығы және тұрғылықты жеріне
қарамастан асрып ала алады.
Әр түрлі отбасыларға ағалы-інілі немесе апалы-сіңілділерді асырап алуға болмайды. Бұл
жағдайда асырап алу егер балалар туысқандығы туралы білмесе, бірге тұрып, тәрбиленбесе ғана мүмкін.
67
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г.
________________________________________________________________________________
Отбасында баланың қалыпты физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік даму, тәрбие
және білім алуы үшін шарттар болғанда рұқсат етіледі. Асырап алушылар болып төменде келтірілген
тұлғалар тізімде жоқ кәмелетке толған адамдар ғана бола алады.
Сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе әрекеті шектеулі деп танылған адамдар;
Сотпен әрекетке қабілетсіз әрекеті шектеулі деп танылған ерлі-зайыптылардың бірі;
Сотпен ата-ана құқығынан айырылған тұлғалар немесе ата-ана құқығы сотпен шектелген
адамдар;
ҚР заңдарымен оған жүктелген міндеттерді тиісті емес орындау үшін қамқоршы немесе
қорғаншы мәндеттерінен шеттелетін адамдар;
Егер асырап алу олардың кінәсы бойынша сотпен жойылса, бұрын бала асырап алғандар;
Денсаулық жағдайы бойынша ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдар;
Тұрғылықты жері жоқ адамдар;
Дәстүрлі емес сесуалдық бағдарды ұстанатын адамдар;
Асырап алу сәтінде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы
бар адамдар;
Азаматтығы жоқ адамдар;
Анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқығынан айырылуына байланысты үш
жылдан кем емес баланы нақты тәрбиелеру жағдайларын қоспағанда тіркелген некеде тұрмайтын ер
адамдар;
Асырап алу сәтінде ҚР заңнамасымен белгіленген, асырап алынатын балаға ең төменгі күнкоріс
деңгейін қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдар;
Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдар.
Сондай-ақ жастағы айырмашылықты да ұмытпау керек. Асырап алушы мен асырап алынатын
баланың жасындағы айырмашылық 16 жастан кіші емес және 45 жастан үлкен болмауы тиіс. Сотта
негізді деп танылғансебептер бойынша жастағы айырмашылық қысқартылуы мүмкін. Баланы ерлі-
зайыптылардың бірі асырап алғанда, егер баланы ерлі-зайыптылардың екеуі деп асырап алмаса, екінші
ерлі-зайыпттының жазбаша келісімі талап етіледі. Бұл жерде егер ерлі-зайыптылар отбасылық қарым-
қатынастарды нақты тоқтатса немесе 1жылдан артық бөлек тұрса, онда рұқсат етілмейді [4].
Әдебиеттер
1.
«
Бала құқығы туралы конвенсия» 1989 жыл 20 қараша.
2.
Қазақстан Республикасының Бала құқығы туралы заңы, 2008 жыл 8 тамыз
3.
Антокольская М.В. Семейное право. Учебник.-М.: Юрсит, 1997 г.
4.
Пралиева Г.К. Основы Семейного право в Республики Казахстан. Учебник .: Алматы Жеті Жарғы, 2007 г.
68
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г.
________________________________________________________________________________
Кунырбаев Б.Б.
магистрант 2 курса Казахского гуманитарно-юридического инновационного университета
Утебаев Е.К.
к.ю.н., профессор кафедры УПД Казахского гуманитарно-юридического инновационного
университета
КРИМИНОЛОГИЧЕСКАЯ ХАРАКТЕРИСТИКА ПРЕСТУПЛЕНИЙ, СОВЕРШАЕМЫХ В
МЕСТАХ ЛИШЕНИЯ СВОБОДЫ
Түйін: мақалада бас бостандығынан айыру мекемелерінде жасалатын қылмыстардың криминологиялық
сипаттамасы берілген.
Summary: The paper attempts to describe the exemplary criminological characteristics of crimes committed in prisons
.
В настоящее время в колониях и тюрьмах страны содержатся около 1 млн. человек. Чаще всего они
работают на устаревшем оборудовании, заняты тяжелыми видами труда. Неволя здесь убивает
творчество. В колониях находятся трудоспособные, преимущественно молодые люди. После 5-7 лет
непрерывного нахождения в местах лишения свободы наступают необратимые изменения психики.
В Республике Казахстан это также одна из наиболее острых проблем и, несмотря на кардинальные
изменения в обществе, преступность в местах лишения свободы до сих пор имеет место. В
исправительных учреждениях постоянно существует высокий риск совершения осужденными самых
различных преступлений в отношении как к себе подобным, так и представителям администрации.
Вероятность их возникновения во многом определяет криминогенная характеристика самой среды
осужденных к лишению свободы, а также состояние организации процесса исполнения наказания, его
правового обеспечения. Совершение преступлений осужденными в исправительных учреждениях
препятствует нормальной деятельности уголовно-исполнительной системы и достижению целей
уголовного наказания.
По своему характеру пенитенциарная преступность - совокупность всех (самых различных)
преступлений, совершаемых осужденными в процессе исполнения наказания в виде лишения свободы, -
достаточно неоднородна и разнообразна по структуре: преступления против личности, общественной
безопасности и общественного порядка, здоровья населения, порядка управления, правосудия,
собственности и другие. Что касается воспитательных колоний для несовершеннолетних, то для них
характерно высокая преступная активность осужденных. В среднем этот показатель превышает
преступность взрослых осужденных в 3 раза. В ряду весьма распространенных в ИУ преступлений
является незаконные действия с наркотиками. Т.е. здесь уже необходимо рассматривать преступное
взаимодействие сотрудников ИУ и осужденных. Вызывает интерес интенсивность совершения побегов
из мест лишения свободы и покушения на них. Наивысший такой показатель отмечается в колониях-
поселениях. Большинство преступлений в местах лишения свободы совершаются в состоянии
алкогольного и наркотического опьянения. В подавляющем большинстве случаев спиртные напитки
осужденные изготовили сами. Это, как правило, брага или самогон, изготовление которых не требует
сложной технологии и приспособлений.
Криминальное поведение со стороны осужденных можно разделить на две группы: - насильственные
преступления и насильственные проступки; - не зарегистрированные в качестве преступных, но
укалывающиеся в статистических данных и отчетах как «предотвращенные преступления».
Специфическим тюремным преступлением с высоким уровнем латентности является насильственный
гомосексуализм. Лица, которые подвергаются этому, как и те, которые вступают в гомосексуальные
связи добровольно, как правило, умственно отсталые, замеченные в двурушничестве, краже вещей или
продуктов питания у других осужденных, просто слабые по характеру и физически неспособные
противостоять угрозам и насилию, образуют строго изолированную группу «отвергнутых», или так
называемых «опущенных». Туда же входят лица, совершившие сексуальные преступления против детей
и подростков, их убийства, нанесение им телесных повреждений, содействовавшие правоохранительным
органам или имеющие родственников в этих органах.
В местах лишения свободы подавляющая часть преступлений — это насильственные преступления.
Это наиболее опасные преступления, поэтому и регистрируемость их достаточно высокая. В целом же,
агрессивные проявления можно разделить на две большие группы: насильственные преступления и
насильственные проступки, не зарегистрированные в качестве преступных. В местах лишения свободы
люди с помощью насилия пытаются компенсировать все то, что они потеряли, попав под стражу. Но
насильственные действия не всегда представляют собой протест. Чаще они являются привычным
69
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г.
________________________________________________________________________________
способом разрешения данной жизненной ситуации, когда субъект даже не желает задумываться над тем,
что можно прибегнуть к другому, неагрессивному поведению.
Преступность в местах лишения свободы можно разделить на две неравные и непохожие друг на
друга части: преступления, совершаемые арестованными и осужденными, и преступления, совершаемые
представителями администрации этих мест. Если первые по большей части насильственные, то вторые
корыстные.
Особую тревогу вызывает моральное разложение должностных лиц учреждений и органов
пенитенциарной системы, выражающееся в совершении общественно вредных либо общественно
опасных деяний, содержащих признаки коррупции. Таким образом, в исправительных учреждениях, с
одной стороны, объективно складывается благоприятная ситуация для совершения коррупционных
правонарушений, проступков и покровительства или попустительства по их сокрытию, и, с другой
стороны, есть готовый участвовать в этой коррупции контингент осужденных, с их противоправными
взглядами и убеждениями, способствовавшими совершению ими преступлений. Некоторая часть из них,
«подкованная» криминальной идеологией, безусловно, стремится путем подкупа вернуться на свободу и
заниматься своим привычным «делом». Поэтому они ищут и, нередко, находят тех, кто, пренебрегая
принципами морали и права, во имя наживы или иной выгоды, готов «торговать» своими властными
полномочиями, честью и достоинством. Можно констатировать, что беззаконие, выражающееся в
совершении самых различных по степени общественной опасности правонарушений, как связанных, так
и не связанных с коррупцией, в ряде исправительных учреждений становятся привычным стилем
деятельности некоторых должностных лиц.
Достарыңызбен бөлісу: |