Ей мейірімділердің ең Мейірімдісі! Ей, тәубелерді қабыл ететін және дұғаларға жауап



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата09.06.2023
өлшемі136,88 Kb.
#99953
1   2   3
Байланысты:
Дұға

Дұға: 


 
Я Раббымыз! Әр ісіміздің негізгі болғандықтан 
дінімізді,өмір сүріп жатқан дүниемізді және кері 
қайтатын ақыретімізді қайырлы қыла гөр. Өмірімізді әр 
түрлі қайырлы істерді арттыруға, өлімімізді әр түрлі пәле 
жаладан құтылып жанымыздың рахатта болуына себеп 
қыла гөр. 
Я Раббымыз! Саған лайықты ғибадат етуді 
қалаймыз. Сенен тура жолда мақсатымызға берік, адал 
жандар 
және 
таза 
жүрек 
беруіңді 
сұраймыз. 
Тілдеріміздегі түйінді шешіп, тілімізге тұра сөз және 
шындықты жеткізе алу күш қуатын бере гөр. Ішіміздегі 
дұшпандық, зұлымдық және өшпенділікті өшіре гөр. 
 
Дұға: 
Ей, Раббымыз! Сенен қайырлы іс-әрекеттер 
жасауды, жамандықтардан бойымызды аулақ салуды, 
кедей-кепшікті жақсы көруді, бізді кешіруіңді, бізді 
мейіріміңе бөлеуді және адамдардың арасында дінге 
қарсы бұзақылық бастадғанда бізді сол бұзақы іс-
әрекеттерге бармай тұрып жанымызды алуыңды 
сұраймыз.
Ей, Раббымыз! Сенен Сенің сүйіспеншілігіңді, сенің 
жақсы көргендеріңнің сүйіспеншілігін және Сенің 
сүйіспеншілігіңе себепші болатын іс-әрекеттерді бізге 
жақсы көргізуіңді сұраймыз. 
Ей Раббымыз! Сенен тура жол, тақуалық, денсаулық 
және байлық тілейміз. Бізге бақытсыз және тоңмойын, 
қайырымсыз жүрек емес, керісінше Аллаһқа серік 
қосудан ада, тап-таза жүрек сыйла! 
 
Дұға: 


Ей Раббымыз! Біздің бойымызға қорқыныш сезімін 
ұялат, бұл қорқыныш Саған қарсы келіп, жаза 
бастыратын күнәлармен біздің арамызда кедергі болсын. 
Мойынсұнушылық сезімінен бізге пай бер, Сенің 
алдыңда осы сезіммен мойынсұнып, осы сезім бізді 
Сенің жәннатыңа жетелесін. Сенің жолыңда ғылым-білім 
нәсіп ет, осы білімнің арқасында басымызға қиыншылық 
келгенде беліміз қайыспасын. 
Ей Раббымыз! Жанымыз кеудемізден шыққанға дейін 
құлақтарымызды, 
көзімізді, 
күш-қуатымызды 
Сеніңжолыңда қолданайық. Бізден кейін келетін 
ұрпағымызға да осыны нәсіп ет.
Ей Раббымыз! Бізді азғындар мен зорлық-зомбылық 
көрсетушілердің алдында үстем ет! Бізге зұлымдық 
жасағандардан кегімізді қайтар, бойында рақымшылығы 
жоқ адамдарды алдымызға көсе-көлденең шығарма. Бізге 
діни тұрғыдан қиыншылық берме. өмір сүруіміздегі және 
білім үйренудегі негізгі мақсатымыз еш уақытта да бұл 
дүние болмасын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет