ЖАНҰЯ
- 24 -
дәрі-дәрмек алып беру. Күтуші, қызметші жалдаудың орнына
тікелей өзі қызмет етуге тырысу керек.
Қайтыс болғаннан кейінгі қырық ақысы:
1) Жерлеу ісіне ерте қамдану.
2) Мәйітті сүннетке сай жуу. Бұл істі білетін жақсы
адамдарға жудыру.
3) Сүннетке сай кебіндеу.
4) Дінімізде жаиз болмаған кебін жасамау.
5) Матаның сүннет болған мөлшеріне мән беру. Ерлерге
үш бөлік матадан артық қолданбау.
6) Кебіндеу ісінде матаны ысырап етпеу.
7) Кебінді халал ақшамен алу.
8) Жаназа намазын өзі білсе, өзі оқу. Бидғатшыларға
оқытпау.
9) Оларға әрдайым дұға ету.
Бір хадис шәрифте былай
делінеді:
«Әке-шешесіне дұға етпейтін адамның ризығы
кесіледі.» (Шира)
10) Мәйітін топыраққа өзі қою.
11) Мазарды қазған және қызмет еткен адамдарды разы ету.
12) Жақсы және салих адамдардың қасына жерлеу.
13) Жаман адамдардың қасына жерлемеу. Өйткені жаман
көршіден олар зардап шегеді.
14) Қабірдің үстін балықтың пішініндей етіп, дөңес қылып үю.
15) Топырақтан құйылған кірпіш қолдану.
16) Күйдірілген кірпіш қолданбау. Шеге,
кірпіш секілді
отқа күйдірілген нәрселерді қабірдің ішіне қолдану мәкруһ.
Қабірдің үстін, сыртын кірпіш және мәрмәр таспен қоршау
жаиз.
17) Қабірінің басында садақа беру.
18) Қабірінің басында дұға ету. (Садақа мен дұғаны
кешіктірмеу. Қырқы, жүзі
деген секілді бидғат болған
істерден аулақ болу.)