ЖАНҰЯ
- 23 -
3) Тамақты бірге отырып жеу.
4) Не қалайтындарын сұрап-біліп оларды қамтамасыз ету.
5) Үйлерін тазалау, сырлау, жөндеу.
6) Ақша беріп тұру. Ақша
қажет болып бірақ сұрауға
қысылып жүрген болулары мүмкін.
7) Мал-мүлікті, ақшаны олардың еркіне беру. «Қашан
керек болса да, не істеймін десеңіз де мал-мүлкім, ақшам
сіздер үшін пида болсын» деу.
Ашуланған кездері болса,
осындай жолдармен оларды жұбату, көңілін аулау керек. Ата-
анаға жұмсалған ақшаның сұрауы болмайды. Мұқтаж болған
ата-анаға көмектесу парыз болып табылады. Құран кәрімде
былай делінеді:
«Әке-шешеңе, туыстарыңа, жетімдер мен
кедейлерге, жолаушыларға напақа беріңдер!» (Бақара 215)
Кімге напақа беретінін сұраған адамға пайғамбарымыз:
«Алдымен өзіңе, әке-шешеңе, кейін әйелің мен бала-
шағаңа, қызметшіңе, одан кейінгілерін өзің біле
жатарсың» деді. (Нәсаи)
Әкесі сырқаттанып,
қарайтын ешкімі болмаса, қызы
күйеуінің рұқсатынсыз барып қызмет етуіне болады. Зимми
(мұсылман емес) әке үшін де үкім осылай. Бірақ бала бай
болған әкесіне қарауға мәжбүр емес.
(Бәззазийа)
Бай адамның әке-шешесі кедей болса оған напақа беруі
парыз болады. Кедей адамның
әке-шешесі де кедей болса,
оларға напақа беруі парыз емес. Оларды өз үйіне алып бірге
тұруы керек.
(Фәтауа-и Хайрийа)
Әке-шешенің біреуіне жақсылық жасағанда екіншісі
ренжитін болса, әкеге құрмет етіп,
бағыну керек, анаға
қызмет етіп, жақсылық жасап көмектесу керек.
Достарыңызбен бөлісу: