ЖАНҰЯ
- 31 -
Бүгіннің жастары ертеңнің қарттары деген сөз.
Қарттарға құрмет көрсеткенде
бай кедей деп бөлмеу
керек. Байға байлығы үшін құрмет етілмейді. Мал-мүлкіне
бола байды көтеріп, кедейлігіне
бола кедейді төмендеткен
адамның лағынетке лайықты екендігі білдірілген.
(Шира
Шәрһі)
Қартқа құрмет
Бір күні хазреті Әли таң намазын оқуға мешітке келе
жатып бір қарт кісімен жолдары тура келеді.
Хазреті Әли
қартқа құрмет етіп, алдына түспей артынан ақырын жүре
береді. Мешіттің есігіне келгенде қарт адам мешітке кірмей
ары қарай кете берді. Хазреті
Әли бұл қарттың христиан
екенін түсінеді. Мешітке кіргенде пайғамбарымыздың және
сахабалардың рукуға иіліп тұрғанын көріп дереу намазға
қосылды. Намаздан кейін сахабалар Расулуллаһтан неге
бірінші рукуде ұзақ тұрғанын сұрады. Пайғамбарымыз:
- Руку тәспілерін айтып тұрайын деп жатқанда Жәбрейіл
алейхиссалам келді. Басымнан ұстап тұрума кедергі болды.
Бұның
хикметінің не екенін білмедім,”- деді.
Сол кезде Жәбрейіл алейхиссалам пайғамбарымыздың
алдына келіп:
- Йа Расулаллаһ сен рукудан тұратын кезде Аллаһу та’ала
маған былай деп бұйырды:
«Бар Хабибімді ұста! Рукудан
Достарыңызбен бөлісу: