Бақыттың кілті



Pdf көрінісі
бет25/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   184
Қарттарға қамқор болу
Заманымызда адамдар батыстықтарда қандай жаман 
әдеттер бар болса алуды, қандай жақсы, пайдалы істері 
бар болса алмауды жеке ұстанымға айналдырғандай 
дәрежеде. Тіпті батыстықтар әлдеқашан қателігін түсініп 
артқа қайтуға, зияндарын жоюға тырысуда, ал біз әлі сол 
қателіктердің соңында жүрудеміз. Мәселен ағылшындар 
отбасы құрылымын сақтап қалу және ажырасу індетін азайту 
үшін отбасы жағдайын құптайтын үлкен буындардан, яғни 
ата-әжелерден қолдау сұрауда. Ата-әжелердің жаңа шаңырақ 
құрған балаларына және туылатын немерелеріне көбірек 
әсер етуі үшін оларды бірге немесе жақын жерлерге тұруға 
үгіттеуде.
Батыстықтарға еліктеп өзіне әр түрлі сылтаулар құрап 
шығарып ата-аналарын қарттар үйіне тапсырып жатқандар 
көбеймесе азайып жатқаны шамалы. Бұл да дәстүрлі 
отбасылық құндылықтардан жұрдай өскендердің қатарынан 
көруге болатын үрдіс. Мұндай үрдістер жеке басының 
рахатын ойлайтын, мейірімсіз ұрпақтардың жетілуіне 
жол ашуда. Өйткені әке-шешесін қарттар үйіне тапсырып 
жатқандар немесе бала-шағасының жәбірлеуіне төзе алмай 
қарттар үйіне қашып келген ата-әжелердің арасында ауқатты 
отбасылар жетерлік.
Дініміз ата-әжелерді қарттар үйіне тапсырып өмірлерінің 
соңын мұң шегіп өткізуін емес, бала-шаға немерелерінің 
жанында, оларға жылы шырай, жақсы мәміле етуді, оларды 
ренжітпеуді, тіпті “уф” деп айтпауды әмір еткен. Аллаһу 
та’ала Құран кәрімде: 
«Раббың тек Өзіне ғана ғибадат етулеріңді және әке-
шешелеріңе жақсылық етулеріңді әмір етті. Егер олардың 
бірі немесе екеуі де жаныңда қартайса оларға «уф» деуші 
болма, ауыр сөз айтпа, оларға сыпайы және жылы 
сөйле, оларға жанашыр бол, қарапайым бол. Ол екеуіне 


ЖАНҰЯ
- 35 -
мейірімділік құшағыңды жай да: “Йа Раббым! Ол екеуі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет