Жинақтаған Сатаев Медет Аманжолұлы
80
«Мен өзімді....үшін мақтар едім»;
«Маған ерекше ұнағаны....»;
«Сабақтан соң мен... жасағым келді»;
«Мен... туралы армандаймын»;
«Бүгінгі сабақта мен....жасай алдым»;
«Мен... орындадым»;
«...қызықты болды»;
«...қиын болды»;
«...мен түсіндім»;
«Енді мен ...»;
«...сезіндім»;
«Мен үйрендім»;
«Мені... таңқалдырды» және т.б.
«Соңғы сөзді мен айтайын»
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: Мәтіннен үзінді оқу барысында оқушылар түсінік беруге лайықты
бір немесе бірнеше дәйексөз табады.
2-қадам: Оқушылар дәйексөзді кеспеқағазға жазып, қай беттен, қайдан алғанын
белгілеп қояды.
3-қадам: Кеспеқағаздың артқы жағына дәйексөзге берген өз түсінігін жазады.
Оқушылар онымен келіспеуіне де болады, оны қалай өзгертем десе де өз еріктері.
4-қадам: Мұғалім дәйексөзді дауыстап оқуға оқушылардың бірін шақырады.
5-қадам: Ол оқып болған соң, мұғалім басқа оқушылардан осы дәйексөзге өз
көзқарастарын білдіруін сұрайды. Ең бастысы – пікірталастың бағытын ұстап
тұру және пікірге, ащы мысқылға жол бермеу. Сондай-ақ, бұл уақытта мұғалім де
өз түсінігін беруіне болады.
6-қадам: Дәйексөз жайында пікірталасты аяқтау үшін мұғалім дәйексөзді оқыған
оқушыны шақырады және ол өз түсінігін дауыстап оқиды. Міне, осы жерде
пікірталас аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: