Оқулық Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 6 Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет20/43
Дата14.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#101180
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Байланысты:
Инвестиция негіздері

тінің негізгі бағыттары ҚР инфрақұрылымының, транзиттік 
әлеуетінің, қазақстандық тауарлардың, жұмыстардың, қызмет-
тер мен капитал экспортының дамуына ықпал ететін жобалар 
болып табылады.
Қазақстан Даму Банкінің инвестициялық басымдықтарына 
сәйкес келетін жобалар үшін банк келесідей қызметтерді 
ұсынады: 
 орта мерзімді (5 жылдан 10 жылға дейін) және ұзақ 
мерзімді (10 жылдан 20 жылға дейін) несие беру, оның 
ішінде:
 жобаларды бірлесіп қаржыландыру және қайта 
қаржыландыру;
 жобаларды жобалық қаржыландыру.
Қазақстан Даму Банкі инвестициялық жоба бойынша беретін 
қарыздың ең аз сомасы 5 млн АҚШ долларына баламалы мөл-
шерде белгіленеді. Қазақстан Даму Банкіне келесілерді қаржы-
ландыруға тыйым салынады: 
қару-жарақ шығаруға;
 алкоголь өнімін өндіруге;
 есірткілерді, есірткі құралдарын және психотропты зат-
тарды өндіруге;


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
69 
 
 темекі бұйымдарын өндіруге;
 тұрғын үй құрылысына;
 мемлекеттік оқу және медицина мекемелерін, қоғамдық-
сауықтыру кешендерін салуға;
 геологиялық барлау жұмыстарына.
Қазақстан Даму Банкінің қаржыландыру көмегімен жаңғыр-
тылған өндірістер пайдалануға берілді, оның ішінде келесілерді 
атап өтуге болады: 
 көлік саласында (Ақтау Теңіз Халықаралық Сауда 
Портын солтүстік бағытта кеңейту және Түпқараған 
шығанағында теңіз операцияларын қолдау базасын 
дамыту шеңберінде айлақ салу жөніндегі жобалар);
 Оңтүстік Қазақстан облысында тоқыма кластерін құруға 
байланысты тоқыма және тігін өнеркәсібі («Ютекс» АҚ, 
«Меланж» АҚ);
 құрылыс индустриясында («Экотон+» АҚ, «Амитех 
Қарасай Пайп» ЖШС, «Хобас Пайпс Қазақстан» ЖШС);
 машина жасау саласында («Агромашхолдинг» АҚ, 
«Оңтүстік полиметалл» өнеркәсіп корпорациясы» АҚ);
 целлюлоза-қағаз өнеркәсібіндегі жобалар («Іле Картон-
қағаз комбинаты» АҚ, «Қазақстан қағазы» АҚ), 
биоэтанолды өндіру жөніндегі «Биохим» өндірістік 
кешенін құру жобасы және т.б. көптеген жобалар.
Негізгі несие қызметін жүзеге асырумен қатар, Қазақстан 
Даму Банкі келесілерге қызмет көрсету бойынша агент 
функцияларын орындайды
 қайтарымды негізде қаржыландырылатын республика-
лық және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар 
(бағдарламалар); 
 мемлекет кепілдік берген қарыздардың есебінен қаржы-
андырылатын жобалар. 
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ шетел валютасымен теңгеге қар-
сы және валютаны басқа валютаға қарсы айырбастау операция-
ларын жүргізеді.


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
70 
 
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ төлемдерді негізгі әлемдік валю-
таларда жүргізеді және шоттарға түсетін ақшалай қаражаттар 
туралы ақпаратты шынайы уақыт режимінде алады. Банк 
корреспонденттік қарым-қатынастар белгілеген және әлемдік 
клирингтік банктерде JPMORGANCHASE BANK (США), ING 
BANK AG (Голландия) және т.б. корреспонденттік шоттары 
бар. Сонымен қатар, SWIFT (Sosiety for Worldwide Interbank 
Financial Telecommunication) қатысушысы болып табылады, бұл 
әлемнің кез келген еліндегі банктермен тез және құпия, жабық 
түрде ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
Банктің инвестициялық мүмкіндіктерінің өсуін қамтамасыз 
ету және Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру үшін 
халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға 
көп көңіл бөледі. Банктің іскерлік байланыстарын кеңейту тек 
ірі қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтасуға ғана емес, 
сонымен қатар экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндет-
терді тез арада шешу мақсатында елге шетелдік инвесторларды 
тартуға мүмкіндік береді.
Банк құрылған сәттен бастап Дүниежүзілік банк, HSBC, 
Merrill Lynch, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Bank of 
Tokyo Mitsubishi UFJ және т.б. ұйымдармен бірқатар 
меморандумдар мен келісімдерге қол қойды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет