З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет16/76
Дата23.06.2023
өлшемі1,84 Mb.
#103141
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76
Байланысты:
Пед.этика

Педагогикалық этика
Педагогикалық 
борыш
Өз еңбегіне шығармашыл көзқарас, өз-өзіне қатаң талап 
қою, кəсіби білім-біліктілігін, педагогикалық шеберлігін 
арттыруға деген құлшыныс, оқушыға, ата-анаға құрмет 
көрсету жəне талап қою қажеттілігі, мектеп өмірінде 
кездесетін күрделі шиеленістерді шеше білу іс-
қимылдары.
Педагогикалық 
ар-намыс
Педагогтың өз кəсіби борышын орындау барысында 
айқындалатын моральдық сипаты мен сіңірген еңбегіне 
деген қоғамдық баға.
Педагогикалық 
бедел
Мұғалімнің оқушылар мен əріптестер ұжымындағы 
моральдық 
статусы. 
Оның 
деңгейі 
білімімен, 
зеректілігімен, шеберлік тереңдігімен, өз еңбегіне деген 
ерекше қатынасымен т.б.
кəсіби педагогикалық
қасиеттерімен анықталады.
Педагогикалық 
тәртіп
Мұғалім кəсіби қызметінде ойы мен əрекетінің ұштасып 
жататын педагогикалық моральды іске асыру түрі.
Педагогикалық тəртіп түрлері - мұғалімнің тұлғаға деген 
құрмет сезімі, жоғары талап қоюы, əңгімелесіп отырған 
адамды тыңдай жəне түсіне білуі, ұстамдылығы, іскерлігі, 
сабырлылығы, зейінділігі, сезімталдығы.


24
Педагог тəртібі оның педагогикалық əрекеттерін адамгершілік 
тұрғыдан реттейді. Оның толыққанды кəсіби этикалық мəні мен мақсатқа 
сəйкестігі келесі сипаттарда көрініс береді:
- талапшылдық, жеке бастың қасиетін қорламау;
- қарым-қатынас барысында табиғилық, қарапайымдылық танытып,
өрескелдікке жол бермеуі;
- ұстанымдылығы жəне табандылығы;
- зеректік пен сезімталдығы;
- тұлғаның жеке басын қорламайтын əзіл қолдана білуі;
- иландыру, нандыру, ескерту, ұсыныс жасау жəне қысымшылық пен
қорлықсыз жазалай білуі;
- өз білімі мен кəсіби даярлық деңгейінің артықшылығын атап айтпай-
ақ білімалушыларды оқыту жəне тəрбиелей білу қабілеті;
- білімалушыларды тыңдай білуі, сұрақтарға берген жауаптарына
тыңғылықты қарай білуі.
Аталған педагогикалық тəртіп түрлері педагогтың түрлі оқу-тəрбиелік 
міндеттерін шешу барысында көрініп, олардың кəсіби қызметінің тиімділігі 
мен сапасын арттыруға ықпал етеді.
Жоғарыда аталған кəсіби этика нормаларын білу жəне сақтау -
педагогикалық қызметтің мазмұнын ерекшелендіреді жəне өз еңбегіне 
қатынасының адамгершілік негіздерін қалыптастыруына көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет