З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет19/76
Дата23.06.2023
өлшемі1,84 Mb.
#103141
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76
Байланысты:
Пед.этика

Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Педагогтың адамгершілік сезімдеріне (кəсіби жауапкершілік,
толеранттылық, мейірімділік, сенімділікпен құрмет көрсету) мəлімет 
жинақтап, топта ақпарат беріңіз.
2. Өзің үлгі тұтатын педагог қызметімен танысып, адамгершілік
құндылықтарын дəріптеңіз.
1-тапсырма. «Заманауи педагог» моделін құрастырыңыз.
2-тапсырма. Әр ойыншы өзінің сөйлейтін сөзіне, көпшіліктің алдында
айтатын ойын құрастырып, тыңдаушыларды сендіру мақсатында сіздер сеніп 
тұрған адам «ең лайықты», мысалға «жыл адамы» атағына қатысушы 
топтағы адамды онымен ақылдаспай-ақ таңдайды, топтағылардың 
ешқайсысы оның кімді айтайын деп тұрғанын білмеуі керек. 
- Үміткерлерді таңдау қиын болды ма?
- Сізге үміткердің құндылығын бағалауыңызға не көмектесті?
- Өзіңіздің пікіріңіздің дұрыстығын басқаларды сендіру үшін қандай
амал қолдандыңыз?


28
2.5. Педагогтың адамгершілік қызметі 
Педагогтың адамгершілік қызметі адамгершілік ұстанымдардан 
тұрады.
Адамгершілік ұстанымдар бұл кəсіптік моральға жəне тəжірибеге 
негізделген əлеуметтік қызметкердің ұстанымы. Адамгершілік ұстанымдар 
маманның тұлғалық дамуында жəне оның санасындағы жоғары деңгей. 
Адамгершілік ұстанымдар маманнан өз еңбегін істің қызығушылығы 
тарапынан қарауды, қоғам мен білімалушыға жағымды əркеттер жасаудың 
жəне қандай əрекеттер жасауға міндетті екенін анықтап алуды талап етеді. 
Адамгершілік ұстанымдар педагогтың кəсіптік қызметке теориялық жəне 
тəжірибелік тұрғысынан дайындығын көрсетеді, педагогикалық қызмет 
тəжірибесіндегі іс-əркеттері мен тəртібіне саналық қатынасының негізі 
болып табылады. Бұл тұлғаның еріктік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал 
етеді. Адамгершілік ұстаным мазмұнына кəсіби педагогикалық міндетті де
жатқызуға болады. 
Кəсіби педагогикалық міндет - педагогикалық этиканың ең маңызды 
категорияларының бірі. Бұл тұжырымдама қоғамда мұғалімнің жеке басына 
қатысты талаптары мен моральдық ережелерінің жиынтығы, өздерінің кəсіби 
міндеттерін орындау туралы идеяларды шоғырландыруы, білімалушылармен,
олардың ата-аналарымен, əріптестерімен қарым-қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет