25
ерекшеліктерін - мұғалім мен тəлімгердің арасындағы тəуелділікте
көрсетілген мұғалім мен білімалушылар арасындағы қарым-қатынастың
ерекшелігіне сүйенуді талап етеді.
Бұл тəуелділік - өзара əрекеттесуші тараптардың теңсіздігі бар
көптеген кəсіби қарым-қатынастардың субъективтілігінің көрінісі.
Педагогикалық этика жағдайында, бір мұғалімнің (олардың
болуы
немесе болмауы) кəсібилігі, мəдениеті, моральдық құндылықтары мен
идеалдары, лайықтығы, мейірімділігі жəне көптеген басқа адамдық
қасиеттеріне мінез,
тағдырлар, кейде жүздеген жəне мыңдаған адамдардың
өмірлері тəуелді болып жатады. Сондықтан тəуелділіктің объективті болуы
мұғалімге олардың еңбегінің нəтижелі болуы үшін қосымша жауапкершілік
жүктейді.
Мұғалімнің моральдық көзқарастарын қалыптастырудың негізі -
мораль нормаларын білу жəне педагогикалық
қызметте олардың нақты
көрінісі.
Педагогикалық этика мұғалім мінез-құлық нормасы, қоғамға, оның
мамандығына, жұмысына, əріптестеріне, оқушыларына жəне олардың ата-
аналарына қатынасы жүйесінде өзінің ұстанымына айналған моральдық білім
ретінде қарастырылады. Этикалық білім
мен моральдық көзқарастар
адамның əлеуметтік тəжірибе үдерісінде жəне жұмысының объективті
жағдайларының əсерінен жеке тұлғаның сеніміне айналады. Кəсіптік
педагогикалық этиканың талаптары шынайы адалдық, мінсіздік жəне өзіне-
өзі талап қоюмен біріктіретін сеніммен орындалады. Кəсіптік педагогикалық
этикада мұғалімнің моральдық сезімдері рухани белсенділігінің
эмоционалдық жағы ретінде қарастырылады. Моральдық сезім жеке тұлғаны
қалыптастыру құралы жəне адамгершілік тəрбиенің міндеттерінің бірі
ретінде əрекет етеді [10].
Мұғалімнің моральдық сезімдері
көрінген нысанға байланысты
бірнеше топқа бөлінуі мүмкін. Мұғалімнің өз кəсібіне деген көзқарасын
реттейтін сезімдердің тобында кəсіби борыш пен жауапкершіліктің сезімі
ерекшеленеді, өзін-өзі тану, мақтаныш, ар-намыс жəне т.б.
мұғалімнің
педагог мамандығының өкілі ретінде өзіне деген көзқарасын анықтайды [11].
Достарыңызбен бөлісу: