З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет25/76
Дата23.06.2023
өлшемі1,84 Mb.
#103141
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76
Байланысты:
Пед.этика

Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:
1.Педагогикалық этиканың тұлғалық-шығармашылық компоненттеріне
жататын ұғымдарды мəтіннен теріп, түсінік беріңіз.
2. Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға арналған
жаттығулар түрлерін дайындап, топта көрсетіңіз.
1-тапсырма.«Менің тұлғалық өсуім» бағдарламасын толтырыңыз:


36
Мақсатыңыз
Бұл мақсат мен үшін маңызды, себебі...
Бұл мақсатқа жетуге болады жəне ол айқын...
Мен мақсатқа жетуге дайынмын, себебі...
Мен бұл мақсатқа...мерзімде қол жеткіземін.
Бұл мақсат мені жігерлендіреді, себебі оған жеткеннен 
кейін...
Менің бұрынғы 
қол 
жеткізген 
табыстарым
Өзімнің өмірімде мен...қол жеткіздім
Менің 
ресурстарым
Алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін менде ....бар
Алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін менде ....жоқ
Бірақ мен мынадай .... сапаларды қалыптастыра 
аламын.
Мүмкін болатын 
кедергілер
Мақсатқа барар жолымда маған тап болады
Бұл кедергілерді мен .......жеңе аламын
Мақсатқа жетудің кезеңдік жоспарын құрып көріңіз.


37
ІІІ ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЭТИКАСЫ 
МЕН МӘДЕНИЕТІ. «ПЕДАГОГ-ОҚУШЫ» ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ 
ЖҮЙЕСІ
3.1. Педагогикалық қарым-қатынастың жалпы этикалық негіздері
Кез келген əрекет қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Қарым-
қатынас - адамдар арасында бірлескен іс-əрекет қажеттілігін туғызып, 
байланыс орнататын күрделі процесс, екі немесе одан да көп тұлғалардың
арасындағы танымдық немесе эмоционалдық ақпаратпен, білім, білік, 
дағдыларымен, шеберлігімен жəне тəжірибесімен алмасу. 
Педагогикалық қарым-қатынастың басты мақсаты - өзара 
түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда білімалушыларды тыңдап, 
түсіне білудің маңызы зор, яғни тұлғаның ішкі жан-дүниесін түсініп, оған өз 
ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік беру. Жеке тұлға басқаларға өз ойлары мен 
көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-
жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға əрекет жасау. Яғни,
қарым-қатынас тəжірибе, іскерлік, қабілеттілік, материалдық жəне
əлеуметтік үрдіспен қоса, жеке тұлғаның өзін-өзі тануда жалпыадамзаттық 
құндылықтарды
игерудегі үйлесімді дамуының нəтижесі
ретінде
қарастырылады.
Құндылықтар тек объективті, яғни шынайы ғана болады, ол адамға 
тəуелді емес, солай бола тұра, субъективті, өйткені ол адам санасында орын 
алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны 
түсінуге болады, соның нəтижесінде тұлға құндылық бағдарын игереді жəне
іс-əрекет етеді.
3.1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет