Сөйлем мүшелерiнiң орын тәртiбi мен қызметi. Инверсия құбылысы Қазақ тiлiнде сөздер грамматикалық жақтан байланысудың тәсiлiне қарай жалғаулы және
жалғаусыз түрде байланысады. Осыған орай сөйлем мүшелерiнiң орын тәртiбi
анықталады. Әрбiр сөйлем мүшесiнiң қалыпты орны болады. Егер сөйлем мүшесiнiң орны
ауысып кетсе, сөйлем өз дәрежесiнен айырылып қалады. Қазақ тiлiнде сөйлемдегi
сөздердiң орналасу тәртiбi 2 түрге бөлiнедi. А) тұрақты б) жылжымалы.
Жалғаусыз қабыса байланысатын сөйлем мүшелерiнiң орын тәртiбi тұрақты болады.
Жалғаулар арқылы қиыса, меңгерiле, матаса байланысқан сөйлем мүшелерi жылжымалы
болады.
Сын есiм, сан есiм, есiмше, зат есiмдер жалғаусыз байланысқанда олар анықтайтын
сөздiң алына келiп, анықтауыш болады. Олар сөйлем iшiндегi басқа сөйлем мүшелерiмен
орын ауыстыруға көнбейдi.
Екi зат есiм не зат есiм мен етiстiк қатар тұрып, алдыңғысы бастауыш, соңғысы
баяндауыш болғанда олардың орнын ауыстырып айтсақ, сөйлемнiң синтаксистiк қызметi
өзгерiп кетедi. Мысалы, Оспан студент Студент – Оспан.
Жалғау арқылы байланысатын сөздердiң орны ауысқанда сөздердiң синтаксистiк қызметi
өзгермегенiмен, сөйлемнiң мағынасына өзгерiс енедi. Мысалы, Барлауға Сағынтай кеттi
дегендi Сағынтай барлауға кеттi десек, сөйлемдегi айтылатын негiзгi ойдың семантикасы
өзгерiске түсiп тұр. Алдыңғы сөйлемде ойдың негiзгi семантикасы барлау мақсатында
болса, соңғысында Сағынайдың кетуi негiзгi ойдың семантикасын айқындап тұр. Сөйлем
iшiндегi шылаулардың да орнын өзгерткенде сөйлемге тән семантикалық қасиет өзгередi.
Мысалы, Омарбек те бүгiн тойға барады, Омарбек бүгiн де тойға барады, Омарбек бүгiн
тойға да барады. Бiрiншi сөйлемнiң семантикасы – Тойға баратындардың iшiне
Омарбектiң де қосылуы; екiншi сөйлемде – Омарбектiң бiр емес екiншi рет тағы тойға
баруы; үшiншi сөйлемде – Омарбектiң тойдан басқа тағы басқа жаққа баратындығы
хабарланады.
Сөйлемдегi айтылатын ойдың семантикасына нұқсан келтiрмей, тек стильдiк қызмет
атқару мақсатында да сөйлем мүшелерi орын ауыстыра алады. Мысалы, Бұл жолы Рақым Омардың қалаға не жұмыспен барғанын бiлмедi; Рақым Омардың бұл жолы қалаға не жұмыспен барғанын бiлмедi. Бұл сөйлемдерде сөйлем iшiндегi сөздердiң қалыпты орны
ауысты. Сөйлемдегi сөздердiң қалыпты орын ауыстыруын инверсия деп атайды.
Жалпы ереже бойынша сөйлем мүшелерiнiң негiзгi орын тәртiбi былай болады:
Сөйлемнiң ең соңында – баяндауыш, бастауыш баяндауыштан бұрын, толықтауыш пен
пысықтауыш өздерiне қатысты байланысқан сөздерден бұрын тұрады.