қонақ, айтар сөз.
Адвербиалданған типтегі сөз тіркестері. Сөз тіркесі құрамындағы басқа сөз
таптарының үстеуге айналуы барысында синтаксистік байланысқа түскен сөз тіркестері
адвербиалданған типтегі сөз тіркестері болады. Адвербиалданған типтегі сөз тіркестеріне барыс,
жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары арқылы байланысып,
іс-әрекеттің тоқтау шегін
(киноға барды), іс-әрекеттің шығу орнын(
кинодан келді), іс-әрекеттің мекенін (
кинода болды),
іс-әрекеттің орындалу амалын (
оймен шешті) білдіретін сөз тіркестері жатады. Сонымен қатар,
үстеуге айналатын сөз табы ─ сын есімдер және көсемше формасындағы етістіктер. Олар сөз
тіркесінің
алғашқы сыңарында болса, екінші сыңары сын есім және етістік болады. Мысалы,
баладай сүйкімді, жақын тұрды, күліп қарады. Басқа сөз таптарының үстеуге айналуынан сөз
тіркесі сыңарлары жанасу формасы арқылы байланысады. Аналитикалық тәсілге сүйенеді.
Салаласа байланысады. Сөз тіркесінің құрамындағы алғашқы
сыңар екінші сыңарға бағына
байланысып, олардың қатынасынан сынның сапаға қатысы мәнді синтаксистік мағына және
қозғалыстың амалы мәнді синтаксистік мағына туындайды.
Вербалданған типтегі сөз
тіркестері. Сөз тіркесі құрамындағы басқа сөз таптарының
етістікке айналуы барысында
синтаксистік байланысқа түскен сөз тіркестері вербалданған типтегі сөз тіркестері болады.
Мысалы, б
із екеуміз, мен жаспын, сен баласың. Вербалданған типтегі сөз тіркестері қиыса
байланысады. Синтетикалық тәсілге сүйенеді. Сабақтаса байланысады.
Сөз тіркесінің екінші
сыңары алғашқы сыңарға бағынады, олардың қатынасынан процессуалдық мағына туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: