туралы екенiн атайды, яғни информацияның тақырыбын (темасын) бiлдiредi. Баяндауыш
информацияның негiзгi мазмұнын(ремасын) бiлдiредi. Баяндауыштың осы салмағына сүйенiп, тiл
оның позициясын iлгерi амалмен актуализация үшiн пайдаланады.
Етiстiктi сөйлем тек
актуализация үшiн ғана жұмсалып қоймайды, ол ойды экспрессивтi түрде баяндау үшiн де
жұмсалады. Мысалы, Ағайынның өзiн көптен берi анықтап көргенi осы (Ә.Нұрпейiсов)
Етiстiктi сөйлемнiң ерекшелiгi
баяндауыш етiстiктiң есiмше тұлғасын алып, бастауыш
қызметiне ауысады, актуализацияға түсетiн сөз баяндауыш қызметiне ауысады.
Есiмдi сөйлемдер мен етiстiктi сөйлемдер грамматикалық жағынан да, функционалдық жағынан да
өзара байланысты бiрлiктер. Сөйлемдегi бастауыштың зат есiм не етiстiк болып құралуы оның
функционалдық бағытын өзгертедi. Сондықтан бастауыштың есiм не
етiстiк болуына сай жай
сөйлемдi есiмдi(номинативтi) және етiстiктi деп екiге бөлемiз. Бұл синтаксис жүйесiнде дара
функционалдық-грамматикалық тұлға ретiнде танылады.
Достарыңызбен бөлісу: