Дәріс тезистері – дәріс. Синтаксис ілімінің зерттелуі


- дәріс Жақты сөйлемдер. Мүшеленбейтін сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет21/31
Дата23.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#103252
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Байланысты:
лекция синтаксиса 2

11- дәріс Жақты сөйлемдер. Мүшеленбейтін сөйлемдер 
Субъектiнiң мәнi предикативтiк бас мүшедегi жақтық тұлғалардан аңғарылып, бастауыштың атау 
тұлғалы есiмдiктермен берiлуiн қажет етпейтiн бiр негiздi сөйлем түрiн белгiлi жақты сөйлем 
деймiз. І, ІІ - жақтық құрылымындағы сөйлемдер iшiнде есiмдiк бастауышты айқын талап етiп 
тұратын сөйлемдер болатын. Олардың бастауышын түсiрiп айтуға келе бермейдi, сөйлем 
семантикасына нұқсан келетiнi байқалады. Сол күнi кешке “Үшжүз” комитетiнiң жиылысы 
болды. Мен де бардым (Мүсiрепов). …Сол мешiтке сiз де барып, жұма намазында сiзге де 
сөйлесiңiзшi (Әуезов). Осы сөйлемдердiң есiмдiк бастауыштарын түсiрiп айтуға болмайды. 
Сондықтан бұлар екi негiздi сөйлемдер деп есептеледi. Осыған ұқсас екi негiздi сөйлемдердiң 
бастауышы кейде контекст ыңғайында түсiрiлiп айтылса, олар толымсыз екi негiздi сөйлемдер 
болады. 
Ал кей сөйлемдер арнаулы бастауышты қажет етпейдi, олар атап көрсету артық екенi, олар аталса, 
мағына әлсiрейтiнi байқалады. –Не айтам? Ойланайын… Қабырғаммен кеңесейiн (Домбаев). Сый 
дәметпе, берсе, алма еш адмнан (Абай). Осы тәрiздi сөйлемдерге толымсыз сөйлем тұрғысынан 
қарап, бастауышты қояр болсақ, мағынаға елеулi нұқсан келер едi. Сондықтан, мұндай 
құрылымдағы сөйлемдердi бiр негiздi белгiлi жақты сөйлем деп қараған орынды. 
Бiр негiздi белгiлi жақты сөйлемдер құрылымы жағынан жеке дара бас мүшеден де немесе оның 
басқа тұрлаусыз мүшелермен жайылмалануы ыңғайында да қолданылады. Осындай жағдайда 
сөйлем бiр компоненттi құрылымда деп есептеледi. Сөйлемнiң құрылымын айқындау үшiн 
құрылым негiзiнде сөйлемнiң семантикалық мазмұнын құрайтын ең қажеттi мүшелер алынады да, 
олардың әрқайсысы бiр компонент деп есептеледi. Сөйлемге жеке мүшелердi айқындай
толықтыра түсу үшiн болмаса, мағыналық құрылым үшiн аса мән алмайтын мүшелер де болады. 
Бiрақ, олар сөйлемнiң құрылымдық түрлерiн анықтауда есепке алынбайды. Жалпылама жақты 
сөйлемдер. Сөйлемнiң бас мүшесi қандай жақтық көрсеткiшпен берiлгенiне қарамастан, 
тыңдаушыны сөйлем мазмұнынан сол хабардағы iс-әрекет, қимыл-қозғалыстың өзiне де, 
сөйлеушiге де, бөгде жаққа да қатысы бар екенiн ұғынады. Сонда жалпылық – І, ІІ, ІІІ жақтардың 
бiрiнiң белгiлi бiр қимыл әрекетке қатысты бола алуын бiлдiру. Мысалы, Жер үстiнде адам баласы 
болудан артық не бар дейсiң?
Сөйтiп, бас мүшесi белгiлi бiр жақтық тұлғада тұрғанымен (көбiнесе 2 - жақ, iшiнара 1-3 жақ) 
сөйлем семантикасы жалпыланған жақтық мәндi бiлдiретiн, соған сай iс-әрекет үш жаққа тән 
болып келетiн бiр негiздi сөйлем түрiн жалпылама жақты сөйлем деймiз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет