Дәріс тезистері – дәріс. Синтаксис ілімінің зерттелуі


- дәріс. Сөз тіркесінің топтастырылуы, сөз тіркесіне ұқсас тұлғалар



Pdf көрінісі
бет7/31
Дата23.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#103252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
лекция синтаксиса 2

5- дәріс. Сөз тіркесінің топтастырылуы, сөз тіркесіне ұқсас тұлғалар
Қазіргі қазақ тіл білімінде сөз тіркесі мен еркін тіркес ұғымдары өзара мәндес болып, синонимдік 
қатар түзейді. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздер емін-еркін орын ауыстыруға қабілетті, 
сондықтан еркін тіркестер деп те аталады. Осыған орай еркін тіркестерді өз ішінде синтаксистiк, 
изафеттiк, атаулық тiркестер деп топтастыруға болады.
Синтаксистік тіркестерге таза синтаксистік қағидаға негізделген мына сөз тіркестері жатады:
А) Семасиологиялық мәндегі синтаксистік синтагмаға тән негізгі мағына мен тура мағынаның 
үйлесуі негізінде қалыптасқан қиысу, матасу, қабысу меңгеру формасындағы сөз тіркестері; 
Мысалы, студент оқыды, студенттің оқуы, оқыған студент, көзін жұмды. Б) Атауыштық 
синтагмаға тән нақты мағына мен абстракт мағынаның үйлесімі негізінде қалыптасқан қиысу, 
матасу, қабысу, меңгеру, жанасу формасындағы сөз тіркестері; Мысалы, Студент келді, 
студенттің келуі, келген студент, студентке келді, кеше келді.С) Семасиологиялық синтагмаға 
тән тура мағына мен негізгі мағынаның үйлесуі негізінде қалыптасқан қабысу формасындағы сөз 
тіркестері; Мысалы, жасыл жапырақ, сары жапырақ, сұйық сүт т.б Д) Атауыштық синтагмаға 
тән абстракт мағына мен нақты мағынаның үйлесуі негізінде қалыптасқан қабысу формасындағы 
сөз тіркестері; Мысалы, үлкен тас, қалың жапырақ, жақсы адам 
Изафеттік тіркестерге таза синтаксистік қағидаға негізделген мына сөз тіркестері жатады; 
А) Семасиологиялық синтагмаға тән негізгі мағына мен номинативті мағынаның үйлесуі негізінде 
қалыптасқан матасу, жартылай матасу формасындағы сөз тіркестері; Мысалы, ағаштың 
жапырағы, ағаш жапырағы. 
Б) Атауыштық синтагмаға тән нақты мағына мен нақты мағынаның үйлесуі негізінде қалыптасқан 
матасу мен жартылай матасу формасындағы сөз тіркестері; Мысалы, адамның үйі, адам үйі, елдің 
малы, ел малы, мемлекеттің мүлкі, мемлекет мүлкі, институттың ректоры, институт ректоры
С) Лексика-синтаксистік қағидаға негізделіп, категориалдық мағыналарының үйлесуі негізінде 
қалыптасқан қабыса байланысқан сөз тіркестері жатады. Мысалы, алма ағаш, нар түйе, оқушы 
бала 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет