жұмсалып, соларға бағынып тұрады. Сөз тіркесінің алғашқы сыңары басыңқы кейінгі сыңары
бағыныңқы болады. Сөз тіркесі құрамындағы басыңқы – бағыныңқы құрылымнан иелік мән
қалыптасады. Ол бір заттың екінші бір затқа тәуелді екенін айқындайды.
Меңгеру формасында (
балаға қарады-киноға барды; баланы көрді, баладан алды -кинодан
білді; балада болды- кинода айтты; баламен сөйлесті-оймен шешті) алғашқы сыңардағы сөздер
екінші сыңардағы сөздердің объектісі болып, соған бағына байланысады. Сөз тіркесінің бірінші
сыңары бағыныңқы,
екінші сыңары басыңқы болып, бағыныңқы – басыңқылық құрылымда
болады. Объекті болып тұрған сөз (бағыныңқы сыңар) қарым-қатынасты айқындауда
оппозициялық топ құрайды. Мысалы,
балаға қарады, баладан алды, балада болды, баламен
сөйлесті сөз тіркестері
мен
киноға барды, кинодан көрді, кинода айтты, оймен шешті сөз
тіркестерінің бірінші тобында қимыл іс- әрекетің орындалуы объектіге бағытталып тұрады, екінші
тобында керісінше, іс- әрекеттің орындалуы объектіден шығады.
Қабысу формасында алғашқы сыңардағы сөздер екінші сыңардағы сөздердің сындық сапасын,
сандық
көрсеткіштерін білдіріп, соған (екінші сыңарға) бағына байланысады. Бағыныңқы –
басыңқылық құрылымға ие. Мысалы,
қызыл көйлек, бес алма. Алғашқы сыңар бағыныңқы, кейінгі
сыңар басыңқы болады. Бағыныңқы- басыңқылық құрылымнан сөз тіркестері бір заттың нақты
сынын, санын анықтайды.
Жанасу формасында алғашқы сыңар екінші сыңарға бағынып, бағыныңқы- басыңқылық
құрылымға тәуелді болады. Бағыныңқы- басыңқылық құрылым
белгілі бір іс- әрекеттің
орындалу амалын, мезгілін, себебін, мөлшерін, мекенін анықтайды. Мысалы,
кеше келді, күле
қарады
Достарыңызбен бөлісу: