аралық категорияға жатады; екіншіден, атаулық тіркестер сөйлем құрылымды синтагманың
ықшамдалуынан қабысу, жартылай матасу формасына айналады. Жартылай матаса байланысқан
атаулық тіркестерде ілік септік жалғауының ашық
жасырын қолданысы болмайды, ілік септік
жалғауын ашық қолдануға қабілетті емес. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің бірі жалпы есім,
бірі жалқы есім болады. Семантикалық тұтастықта жұмсалып, зат атауы мәнін білдіреді,
құрамындағы синтаксистік байланыстың түрлерін тауып алуға болады.
Тілімізде номинативті
қызмет атқарады. Қабыса байланысқан атаулық тіркестердің құрамындағы зат есімдер
категориалдық мағыналар арқылы байланыспайды. Әр түрлі ұғымды білдіретін зат атаулары
арқылы байланысады. І изафет пен атаулық тіркестің қабысу формасында мынадай ерекшелік бар:
І изафеттегі қабысу сөз тіркесіне тән синтаксистік синтагмаға сүйенеді, атаулық тіркестегі
қабысу сөйлем құрылымды синтагмаға сүйенеді. (Ақын жігіт І изафет; мал қора - малға арналған
қора, темір пеш- темірден жасалған пеш)
Достарыңызбен бөлісу: