Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет34/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72
Байланысты:
annotation15100 (1)

Әлеуметтік қауымдастық
- салыстырмалы тұтастығымен ерекшеленетін 
және әлеуметтік іс-әрекеттің дербес субъектісі болып табылатын өмірде бар, 
эмпирикалық белгіленетін жеке адамдардың жиынтығы. Әлеуметтік 
қауымдастықтарды зерделегенде бірқатар сәттерді ескерген жөн: 


Біріншіден, әлеуметтік қауымдастықтар ғалымдар жіктеп бөлетін ойша 
құрылған абстракциялар емес. Олардың өмір сүруін эмпирикалық тіркеуге 
және тексеруге болады. 
Екіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар - жеке адамдардың, әлеуметтік 
топтардың немесе өзге де әлеуметтік құралымдардың жиыны емес, тұтас 
жүйелік сипаттамалары бар тұтастық. 
Үшіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар әлеуметтік қарым-қатынастар 
объектілері болып табылады. Бұл олардың өз дамуының және өзін-өзі 
ұсынуының көзі болып табылатынын білдіреді. Әлеуметтік қауымдастықтың 
қалыптасуы және қызмет атқаруы әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік іс-
әрекеттер мен қатынастар негізінде жүреді. 
Белгілерінің күрделі жиынтығы барлық қауымдастықтарды неғұрлым кең 
ауқымды екі ішкі тапқа, 
бұқаралық және топтық
қауымдастықтарға бөлуге 
мүмкіндік береді. 
Бұқаралық қауымдастықтар мынадай белгілерімен сипатталады:
белгіленбеген сапалық және сандық құрамы бар неғұрлым кеңейтілген 
шекаралы құрылымдық бөлшектелмеген солқылдақ құралым болып табылады;
оларға жағдайға қарай өмір сүру тән, яғни олар қандай да бір 
қызметтің негізінде және шекарасында құрылып, қызмет атқарады, олардан 
тыс болуы мүмкін емес, сондықтан да тұрақсыз, бір жағдайдан екінші 
жағдайға дейін өзгеріп отыратын құралым болып шығады; 
оларға құрамының әртектілігі, топаралық табиғат тән, яғни бұл 
қауымдастықтар таптық, топтық, этникалық және өзге де шекараларды 
бұзады; 
өзінің аморфтық құралуы салдарынан олар неғұрлым қалың 
қауымдастықтар құрамында болуға, олардың құрылымдық бірлігі болуға 
қабілетсіз. Бұқаралық қауымдастықтардың типтік үлгісі қалың саяси немесе 
экологиялық қозғалысқа қатысушылар, эстрада жұлдыздарына бас июшілер, 
спорт командаларының жанкүйерлері және т.с.с. 
Әлеуметтік қауымдастықтардың басқа бір маңызды түрі әлеуметтік топтар 
болып табылады. Әлеуметтік топ ұғымының әлеуметтануда бірнеше мәні 
бар. Барынша кең мағынасында ол тұтас қоғамды, тіпті барлық адамзатты 
қамтиды. Неғұрлым тар мағынасында бұл ұғым қоғамның ішінде белгілі бір 
жеке бастық, ұжымдық және қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге 
асыру үшін бірлесіп қызмет атқаратын адамдардың азды-көпті жиынтығы 
болып табылатын ішкі жүйені бөлу қажет болған кезде пайдаланылады. Бұл 
орайда “әлеуметтік топ” ұғымына адамдардың аса көп санды бірлестігі 
ретіндегі әлеуметтік қауымдастық және адамдардың сан жағынан 
салыстырғанда шағын жиынтығы ретіндегі әлеуметтік топтың өзі де кіреді 
(ал әлеуметтік топтардың өздері де үлкен және кіші болуы мүмкін). Бұдан 
әлеуметтік топты үшінші, бұдан да тар мағынасында түсіну қажеттілігі келіп 
шығады, ол көбінесе солай болады да. 
Әлеуметтік тап - әлеуметтік стратификация теориясындағы ірі 
таксонометриялық талдау бірлігі. Бұл ұғым стратификация теориясынан көп 
бұрын пайда болған. Әлеуметтік құрылымды талдаудың маңызды принципі 


таптық көзқарас болып табылады. Оның негізінде әлеуметтік қарым-
қатынастар мен материалдық өмірдің әр түрлі шарттарының себеп-салдарын 
түсіндіру жатыр. Тіршілік ету құралдарын өндіру процесі анықтаушы болып 
табылып, ал оның бастау алатын жері еңбек бөлінісі болғандықтан, қоғамдық 
өндіріс жүйесінде әр түрлі орынды иеленетін адамдардың топтары басым 
әлеуметтік элементтер болады. Тап ұғымы - айтарлықтай ірі “көлемді” 
талдамалық бірлік, ол қоғамдағы елеулі, шегіне жеткен жалпы өзгерістерді 
зерделеуге арналған және қазіргі заманғы қоғамдағы “ғаламдық” өзгерістерді 
зерттеуге арналмаған. Сондықтан сарапшылар талдаудың неғұрлым нақты 
және икемді бірлігін - “страта” немесе топ ұғымын бөліп қараған. Топтар - 
еңбек сипатындағы айырмашылық қажеттіліктерге, оларды қанағаттандыру 
құралдарындағы 
және 
өндірістен 
тыс 
қызметі 
құрылымындағы 
айырмашылықтарға әкеп соғатын кезде, бөлінген және біртекті емес еңбек 
нәтижесінде пайда болған әлеуметтік қауымдастық. 
Сонымен қатар, стратаны бөліп қарауға негіз болатын кез келген белгі 
емес, тек мәртебелік белгі, яғни осы қоғамда объективті түрде “жоғары-
төмен”, “жақсы-жаман”, “мерейлі-мерейсіз” сияқты салыстырмалы сипат 
алатын белгі екені ойда болуы қажет. 
Тек жіктелген, бірақ мәртебелілік емес топтарды бөліп қараудың негізін 
белгілердің тұтас қатары құрауы мүмкін. Мысалы, халық музыкасын 
ұнататындар немесе футбол командасының жақтастары көбінесе белгілі бір 
мәдени топтың мәртебелілік қырына қатысы жоқ өкіл ретінде 
қарастырылады. Алайда орын иелену қоғамда маңызды сипат алатын белгілі 
бір кіріс деңгейімен немесе әлеуметтік тұғырмен сәйкес келетін болса, онда 
бұл топтар мәртебелі болады. Бұл орайда әлеуметтік топ ұғымы - талдаудың 
әлеуметтік қабатқа қарағанда азырақ анықталған және белгіленген бірлігі. 
Кей кездері “қабат” ұғымының орнына “топ” деген ұғымды кездестіруге 
болады. Бірақ қабат ретінде анықтауға болмайтын, тек топ ретінде ғана 
анықталатын қауымдастықтар бар. Айталық, отбасы - шағын әлеуметтік 
топтың неғұрлым тұрпатты үлгісі. Алайда кірісі жоғары (немесе кірісі аз) 
отбасыларының өкілдері зерттеулерде қабат ретінде кездеседі. 
Дәреже ұғымы стратификацияны талдауда шешуші мәнге ие болады. Ол 
страталардың өмір сүруінде бағалау факторлары: адамның қандай да бір 
жағдайдағы мінез-құлқының желісі, оның өзін және айналасындағыларды 
дәрежелеуге көмектесетін белгілерге негізделген бір нәрсеге, ұстанымдарға 
көзқарасы үлкен рөл атқаратынын көрсетеді. 
Әлеуметтік икемділік - бұл әлеуметтік мәртебелер жүйесінде адамның 
жағдайының өзгеруіне байланысты әлеуметтік стратификациялар механизмі. 
Адам туылғанда аскриптивті немесе туа берілген мәртебе деп аталатын 
өзінің ата-аналарының мәртебесін алады. Ата-аналары, туыстары және 
отбасына жақын адамдар баланың бойына өздерінің мінез-құлық 
нормаларын, тиісті және мерейлі нәрселер туралы түсініктерін сіңіреді. 
Алайда, адам өзі қызметінің белсенді кезеңінде бұл қабаттағы жағдайына 
қанағаттанбауы, одан да зорына ұмтылуы және қол жеткізуі мүмкін. Соңғы 
жағдайда ол қол жететін мәртебеге ие болады. Егер де адамның мәртебесі 


неғұрлым мерейлі, жақсы мәртебеге өзгерсе, онда жоғарылауға икемді орын 
алды деуге болады. Алайда адам өмірде кездесіп тұратын күтпеген қауіп 
(жұмысынан айрылу, ауырып қалу, т.с.с.) салдарынан төменгі мәртебелер 
тобына өтуі де мүмкін - бұл кезде төмендеуге икемділік орын алады. 
Зерттеушілер әлеуметтік икемділіктің барлық түрлерін (ұрпақаралық, 
кәсіптік және т.б.) бөліп қарауға мүмкіндік беретін статистикалық рәсімдер 
мен көрсеткіштер жүйесін пайдаланады, бұл жалпы алғанда халық 
қозғалысының әр алуан түрлерін талдауға мүмкіндік береді. Тігінен орын 
ауыстырулардан (жоғарылау және төмендеу икемділіктері) басқа 
көлденеңінен орын ауыстырулар болады, ол табиғи икемділіктен (бір 
жұмыстан екінші жұмысқа мәртебесін өзгертпей ауысу) және аумақтық 
икемділіктен (бір қаладан екінші қалаға көшу) құралады.
Санасы, мінез-құлқы мен мәртебесі түйісіп отыратын, аралық жағдайда 
және көбіне қандай да бір себептермен өзара әрекеттес әлеуметтік топтардың 
біріне ұзақ уақыт бойы бейімделе алмайтын немесе бейімделгісі келмейтін 
адамдардың, қандай да бір әлеуметтік топтар өкілдерінің жиынтығы 
маргиналдар деп аталады
 
(ол латынның margіnalіs - шетте тұрған деген 
сөзінен шыққан). Олардың мәртебесінің шығу тобы мен басымдық 
танытушы топ арасындағы шекаралық, аралық сипаты болады, сондықтан 
бір жақты өзін-өзі сәйкестендіруге келмейді. 
Өз зерттеулерінде бұл проблематикаға соқпай өтпейтін әрбір 
әлеуметтанушы өзінің қоғамдық топтарға стратификациялайтын өзіндік 
белгілерін бөліп қараған, алайда барлық ғалымдар мұндай бөлінудің себебі 
әлеуметтік теңсіздікте деп есептеген. Стратификациялық белгілердің 
жинақталымы мен иерархиясы нақты бір қоғамның өз дамуының белгілі бір 
уақытындағы 
ерекше 
әлеуметтік, 
экономикалық, 
этникалық 
сипаттамаларына байланысты. 
Бұл ретте ойда болар маңызды нәрсе, әлеуметтанушылардың бір бөлігі 
“әлеуметтік 
топ” 
пен 
“әлеуметтік 
қауымдастық” 
ұғымдарының 
арақатынасын анықтаған кезде біріншісін негізге алып, әлеуметтік 
қауымдастықты үлкен, бұқаралық әлеуметтік топ ретінде қарастырады; ал 
басқалары - екіншісін негізге алып, әлеуметтік топты шағын әлеуметтік 
қауымдастық деп есептейді. Сондықтан аталмыш ұғымдарды бөлу неғұрлым 
шартты түрде алынады, өйткені бұл орайда тапты да, ұлтты да, отбасын да 
әлеуметтік қауымдастық ретінде де, әлеуметтік топ ретінде де қарастыруға 
болады. 
Әлеуметтік топтар бұқаралық әлеуметтік қауымдастықтардан өзгеше: 
1) олардың 
кеңістікте және уақытта өмір сүруінің беріктігі мен 
тұрақтылығына 
жағдай 
туғызатын 
орнықты 
өзара 
іс-әрекетімен; 
2) салыстырмалы түрде алғанда жоғары топтасу дәрежесімен;
3) құрамының айқын көрініп тұрған біртектілігімен, яғни топқа кіретін 
барлық жеке адамдарға тән белгілердің болуымен;
4) құрылымдық құралым ретінде неғұрлым қалың қауымдастықтарға 
кіруімен сипатталады. 


Бұдан шығатын қорытынды - адамдардың топқа бірігуінің кез келгені 
әлеуметтік топты құрай бермейді. Күнделікті өмірде біз адамдардың 
субъектілер арасындағы өзара байланыстар мен өзара іс-әрекеттердің 
тұрақсыздығы, қысқа мерзімділігі, тарлығы тән (тобыр, тыңдармандар 
аудиториясы, әлеуметтік топтар және т.б.) бірлестіктерімен жиі ұшырасамыз. 
Олар шынтуайтына келгенде әлеуметтік топтар болып санала алмайды, 
сондықтан да көбіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет