Садырова М. С


Білім беру әлеуметтік институт ретінде



Pdf көрінісі
бет31/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72
Байланысты:
annotation15100 (1)

Білім беру әлеуметтік институт ретінде
Әлеуметтану білімді әлеуметтік институт ретінде қарастырады. 
Әлеуметтік институт — бұл өздерінің нормалары мен ережелері бар, белгілі 
бір қызметтер атқаратын, қоғамдық өмірдің жеке салаларындағы әлеуметтік 
қатынастарды реттеп отыратын институционалдық мекемелер немесе 
ассоциациялар (ұйымдар). С.С.Фроловтың айтуы бойынша, «әлеуметтік 
институт — бұл мәнді қоғамдық құндылықтар мен процедураларды 
біріктіретін, 
қоғамның 
негізгі 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын 
байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдастырылған жүйесі».
Осылайша, әлеуметтануда әлеуметтік институт түсінігіне көптеген
анықтамалар беріледі, сөйтсе де олар мазмұндары бойынша жақын. Егер де 
әлеуметтік институттардың маңызды жақтарын айтатын болсақ, онда 
келесілерді көрсетуге болады:
1.
норма мен статус енгізілген еркін жүйе;
2.
әдет, дәстүр, іс–әрекет, жүріс-тұрыс ережелер жиынтығы; 
3.
ресми және ресми емес ұйымдар; 
4.
қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттеп отыратын нормалар 
мен мекемелер жиынтығы; 
5.
әлеуметтік іс-әрекеттер кешені. 
Білім — ол әлеуметтік институт, өйткені ол өзінің тұрақты құрылымы, 
статусы, нормасы, ережесі, символдары бар, автономды түрде әрекет етеді. 
Әлеуметтік интитутқа тән, басқа да белгілері бар. Ең алдымен, білім беру 
институтциаландырылған, заңмен бекітіліп, мемлекет пен қоғаммен 
мойындалған. Білім бұл ең алдымен, келесілерді енгізетін жүйе: 


1) білім беруді басқару органдары; 2) білім беру мекемелер торы (мектептер, 
колледждер, гиназиялар, лицейлер, кәсіптік мектептер, университеттер мен 
академиялар т.б.); 3) шығармашылық одақтар, кәсіптік ассоциациялар, 
қоғамдар, ғылыми және методологиялық кеңестер мен басқа да бірлестіктер; 
4) оқытушылар мен білім алушылар үшін шығарылған оқулықтар мен 
әдістемелік оқулықтар; 5) білім беру бағдарламалары мен білім берудің 
мемлекеттік стандарттары; 6) журналдар мен жылдық басылымдарды 
енгізетін кезеңдік басылымдар; 7) білім беру мекемелері әлеуметтік және 
заңдық статусқа ие, өзінің Жарғысы және басқа да құжаттары болады. Олар 
ғимараттарда орналасады, жер көлемі болады, материалдық құндылықтары 
мен қаржыларға ие. Білім беру субъектілері мыналар: 1) білім алушылар, 2) 
мұғалімдер. Сонымен бірге, білім беру субъектілері мыналар бола алады: 
білім беру мекемелері (ұйымдар) — ішінде әлеуметтік қатынастар, нормалар, 
ережелер орын алатын кәсіптік белгілері бойынша біріккен адамдар топтары. 
«Білім беруге байланысты адамдар әрекеттерін реттеуші және 
ұйымдастырушы нормалар жиынтығы білім берудің әлеуметтік институт 
болып табылатынына куәлік етеді»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет