Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет32/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
Байланысты:
annotation15100 (1)

Білім беру қызметтері
Қысқаша айтатын болсақ, білімнің кез келген деңгейде 2 негізгі 
қызметі бар. Олар: 1) Білім беру; 2) Әлеуметтену, тәрбиелеу. 
В.И.Добреньков және А.И.Кравченко білім берудің бірнеше қызметтерін 
бөліп көрсетеді: 1) бір ұрпақтан екінші ұрпаққа білімді беру және 
мәдениетті тарату; 2) қоғам мәдениетін сақтау және жетілдіру; 3) тұлғаның 
әлеуметтенуі, әсіресе, жастардың және олардың қоғамда интеграциялануы; 
4) тұлғаның статусының анықталуы; 5) әлеуметтік таңдау (селекция) қоғам 
мүшелерін дифференциациялау, бірінші кезекте жастарды, оның нәтижесінде 
қоғамның әлеуметтік құрылымы қайта өндіріледі және өзгереді, 
индивидуальды мобильділік; 6) жастарды кәсіби бағыттауды және кәсіби 
таңдауды қамтамасыз ету; 7) сатылы үзілісіз білім беру үшін білім базаларын 
құру; 8) әлеуметтік-мәдени новация, жаңа идеялар мен теорияларды, 
жаңалықтарды өңдеу және құру; 9) әлеуметтік бақылау (Сонда .219, 220б.). 
Айта кететін бір жайт, бұл орайда білім беру қызметінің екі негізгі 
қызметінің бөлшектенуі туралы сөз болады. Барлық оқу орындарындаек2 
негізгі процесс орын алады — ол оқу және тәрбиелеу. Осылар білім беру 
орындарының қызметтері болып табылады. Мысалы мектеп үшін, ең негігі 
міндеттер мыналар: 1) базалық білім беру; 2) тұлғаны қалыптастыру; 3) 
оқушыларды кәсіптік бағдармен қамтамассыз ету. 
 Жоғары білім берудің социологиядағы зерттелу деңгейі 
Білім берудің адамзат тарихындағы орны зор. Ол қазіргі заманғы қоғам 
мен мемлекет дамуының фундаменталды механизмі болып табылады. Білім 
берудің қоғам дамуындағы орны жөніндегі ойлар Аристотель, Платон секілді 
көне грек ойшылдарының, XVIII ғасырдағы әйгілі Ағартушылық кезеңнің 
Вольтер, Руссо, Дидро және Гельвеций сияқты атақты энциклопедист-
ғалымдарының, сонымен қатар Гегель, И. Кант, Г. Спенсер, П. А. Сорокин,


П. Уорд, Д. Дьюи, К. Ясперс, Э. Дюркгейм және т.б. аты әлемге әйгілі 
ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.
Білім берудің философиялық аспектілері Э.М. Андреев, П.И. Бабочкин, 
С.К. Булдаков, Б.С. Гершинский, О.П. Долженко, А.Ж. Кусжанова, А.Л. 
Маршак, Г.К. Овчинников, П.П. Панова және т.б. ғалымдардың еңбектерінде 
қарастырылса, білім берудің модернизациясы мен информатизациясына 
қатысты мәселелер А.И. Арнольдов, Д. Белл, Е.П. Велихов, В.И. Вернадский, 
Т.П. Воронина, В.В. Громов, В.И. Добреньков, В.И. Жуков, Г.Е. Зборовский, 
М. Кастельс, Э.Г. Кочетов, Н.Н. Моисеев, В.Я. Нечаев, В.А. Садовничий, 
Л.В. Скворцов, Э. Тоффлер, А.И. Уваров, А.Д. Урсул сияқты ғалымдардың 
еңбектерінде қарастырылған. 
Жоғары кәсіби білім беруді басқару стратегияларына талдаумен В.И. 
Жуков, Ю.Г. Волков, Е.Н. Жильцов, С.Ф. Егоров, А.В. Миронов, А.М. 
Новиков, И.В. Орлова, Ф.Р. Филиппов, Р.Г. Яновский, В.Н. Ярская 
айналысып келеді. 
Қазіргі заманғы қоғамдағы білім берудің атқаратын функциялары мен 
оның қоғамның басқа әлеуметтік кіші жүйелерімен қатынасын В.Н. 
Гурченко, Э.Д. Днепров, Ю.А. Зубок, В.Г. Пряникова, З.И. Равкин, В.Г. 
Харчева, В.И. Чупров зерттеген. Ал білім беруге құрылымдық-
функционалдық талдау жасаған Т. Парсонс, Р. Мертон, Р. Дрибин, К. 
Бейлиф, М. Фай, М. Арчер, Дж. Александер, П. Коломи және т.б. ғалымдар 
болып есептеледі. 
Жоғары білім беру жүйесі дамуының экономикалық аспектілері Н.П. 
Литвинова, А.М. Бабич, Е.В. Егоров, Е.Н. Жильцов, Г.В. Балашов, А.Б. 
Дайновский, В.И. Марчинкевич, В.А. Малова, Ф.Р. Филиппов секілді 
ғалымдармен зерттелген. 
Білім беруді басқару проблемасын өз еңбектерінде Л.К. Аверченко, Е.М. 
Бабосов, Е.М. Вербицкий, Н.Винер, В.И. Гладышев, В.И. Жуков, Ю.Л. 
Егоров, П. Карсанье, В.Г. Каменская, А.И. Ковалев, Г. Кунц, С. О'Доннел, 
А.В. Милехин, В.С. Лазарев, А.П. Пунев, П.И. Мухамедов, К.Ушаков, Ф.Э. 
Шереги, Н.И. Яблокова қарастырған.
Отандық және шетелдік жоғары білім беру жүйелерін салыстырмалы 
талдау Н.М. Абросимова, О.Л. Ворожейкина, А.И. Галаган, Н.И. Давыдова,
С.Л. Зарецкая, Н.В. Косолапова, А.И.Ковалев, К.Н. Цейкович, Л.Н. Тарасюк 
еңбектерінде кездеседі.
, А.Л.Маршак, Г.К.Овчинников Л.П.Панова
XX ғасырдың екінші жартысында-ақ XXI ғасырда алдыңғы қатарлы 
елдер қатарына білім берудің тиімді жүйесін қалыптастырып, жас ұрпақтың 
рухани және интеллектуалды дамуына бүкіл күшін (қаржыландыру, ғылыми 
негізделген даму стратегиясын қалыптастыру және т.с.с.) жұмсаған 
мемлекеттердің қосылатыны анық болды. Мұндай мемлекеттердің қатарына 
Америка Құрама Штаттары мен Батыс Еуропаның дамыған елдерін 
жатқызуға болады. 
Тіпті білім беру тиімділігінің таза экономикалық аспектісін алғанның 
өзінде, әлеуметтік өмірдің ешбір саласы білім берумен бәсекеге түсе 
алмайтынына көз жеткізуге болады. Мәселен, XX ғасырдың 30-жж. академик 


С.Г. Струмилин білім берудің ұлттық табыс өсіміне қосқан үлесінің 20-30% 
жететінін есептеген болатын. Ал XX ғасырдың 70-ші жылдары В.А. 
Жаминнің есептеулері бойынша, бұл көрсеткіш 40%-ға жеткен. Осылайша, 
бүгін әлемдік қауымдастық мемлекеттердің экономикалық жетістіктері 
олардың білім беру жүйелерімен, азаматтарының сауаттылығымен, белгілі 
бір кәсіби сала үшін арнайы оқытылған жұмыс күшінің даярлық дәрежесі 
мен сапасымен анықталатынына көзін жеткізіп отыр. Осы себептен болар, 
соңғы онжылдарда жоғары мектеп мәселелерін зерттейтін алуан түрлі 
зерттеулер 
санының 
күрт 
артуы 
әлемдік 
қауымдастықты 
аса 
таңдандырмайды. 
Білім беру саласы білім беруді, шеберлік пен дағдыны қалыптастыруды, 
тәжірибемен бөлісуді және осының барлығын сақтауды қамтитын көп 
сатылы да, көп факторлы сала.
Білім беру көптеген әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттеу 
объектісі болып табылады. Осыған байланысты «білім беру» ұғымына түрлі 
анықтамалар беріліп жатады және оны зерттеудің түрлі бағыттары 
қалыптасады. Осылайша, Г.Е. Зборовскийдің пікіріне сүйеніп айтатын 
болсақ, білім беруді зерттеудің негізгі төрт ыңғайы бар: педагогикалық, 
философиялық, экономикалық және социологиялық ыңғайлар.
Педагогикалық ыңғайды ұстанушы зерттеушілер білім беруді ең 
алдымен оқу-тәрбиелік процесс ретінде қарастырады. Педагогика арнайы 
әдіс-тәсілдер мен педагогикалық қызметтің түрлі формалары мен құралдары 
арқылы оқу-тәрбие процесі барысында тұлғаны қалыптастыру мәселесін 
зерттеумен айналысады.
Философиялық 
ыңғай 
білім 
берудің 
даму 
заңдылықтарын, 
перспективаларын түсінуге, қазірде көп айтылып жүрген білім беру 
кеңістігін ұғынуға мүмкіндік туғызады. Бұл ыңғайды ұстанушылар соңғы 
уақытта білім беруді зерттейтін жаңа сала – білім беру философиясының 
қалыптасуы жөнінде сөз қозғап отыр. Алайда ғалымдар (Б.С. Гершунский, 
Ф.Т. Михайлов және т.б.) бұл мәселе бойынша әлі де болса бір тоқтамға келе 
қойған жоқ.
Білім беруді зерттеудің экономикалық ыңғайы С.Г. Струмилиннің 
зерттеулерінен бастау алады. XX ғасырдың 20-жылдарында бұл ғалым 
жұмысшылардың білім беру деңгейінің қоғамдық және индивидуалды еңбек 
өнімділігінің артуына тікелей әсерін зерттеген. Сонымен, экономикалық 
ыңғайды ұстана отырып келесідей сұрақтарға жауап табуға болады: 
1.
Ел экономикасы мен білім берудің арасында қандай өзара ықпал бар; 
2.
Білім берудің экономикалық тиімділігі қандай; 
3.
Білім беру өндірістің дамуына, жалпы ел экономикасының өркендеуіне 
қалай әсер етеді. 
Экономикалық ыңғайды ұстанушы ғалымдар (Ф. Котлер, Д. Маккормик, 
Р. Моррис, Х. Маккей, М. Портер, Г. Болт, Р. Баззл, П.С. Завьялов, В.Д. 
Маркова, Р.Б. Ноздрева, В.М. Тарасевич, В.Е. Хруцкий және т.б.) білім 
беруді көп жағдайда қызмет көрсетудің бір түрі ретінде, ал студентті 
тұтынушы ретінде қарастырады.


Социологиялық ыңғай ең алдымен білім берудің қоғамдағы алатын орны 
мен атқаратын рөлін анықтауға бағытталған. Білім беру әлеуметтік құбылыс 
және процесс, әлеуметтік жүйе және әлеуметтік институт, яғни қоғамның 
элементі бола тұра ондағы барлық өзгерістерден тысқары тұрмайды, 
трансформацияға ұшырап отырады. Яғни, білім берудің қоғамның басқа да 
экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени салаларымен, қоғамдық 
құрылымдар, институттар мен ұйымдармен байланысы, олардағы білім 
берудің алар орны зерттеледі дегенге сайып келеді.
Социологиялық ыңғай тұрғысынан білім беру адамдардың өмір сүру 
бейнесінің негізгі элементтерінің бірі ретінде қарастырылып, оның еңбекке, 
тұрмысқа, бос уақытқа, өмір сүру жағдайы мен құндылықтық бағдарларына 
әсері зерттеледі. Сонымен қатар, білім берудің бұларға деген кері ықпалы 
қарастырылады. Білім беру социологиясы үздіксіз білім беру, білім беру 
саласындағы әлеуметтік комфорт пен дискомфорт, әлеуметтену және т.б. 
мәселелерімен де айналысады. 
Сонымен социологиялық ыңғай білім беруді екі – қоғамдық және 
индивидуалды – тұрғыдан зерттеуге мүмкіндік береді.
Социологияда білім беруді зерттеудің негізгі үш ыңғайы бар: 
1.
білім беру іс-әрекет, әлеуметтік-мәдени әрекет ретінде (іс-әрекеттік 
ыңғай); 
2.
білім беру әлеуметтік жүйе ретінде (жүйелік ыңғай); 
3.
білім беру әлеуметтік институт ретінде (институционалды ыңғай).
Іс-әрекеттік ыңғайға сәйкес білім беру, оқу процесі тәжірибені игеру 
процесімен байланыстырылады. Яғни, әлеуметтенудің құрамдас бөлігі 
ретінде қарастырылады деген сөз.
Іс-әрекеттік ыңғайды ұстанушы А.П. Егоршинның редакторлығымен 
жарық көрген оқу құралында білім беру – бұл 1) азаматтың (оқушының) 
мемлекет бекіткен білім беру сатыларына (білім беру ценздеріне) жетуімен 
қатар жүретін адам, қоғам және мемлекет мүддесіне сәйкес оқыту мен 
тәрбиелеудің мақсатты бағытталған процесі; 2) қоғамның ұйымдастыруы мен 
нормалауымен жүретін алдындағы ұрпақтың онтологиялық тұрғыдан 
тұлғаның генетикалық және мәдени бағдарламалармен сәйкес қалыптасуын 
білдіретін әлеуми маңызды тәжірибені үздіксіз беру процесі; 3) тұлғаны 
(ұрпақтың бір ғана өкілін) әлеуметтендіру мақсатында социум жүйесінде 
мәдениетті тасымалдау (трансляциялау) процесі; 4) оқыту мен оқудың 
(индивидуалды танымдық қызмет), тәрбиелеу және тұлғаның өз орнын 
анықтау мен индивидуалдылығының синтезі; 5) адамның қоғамдық өмір 
үшін қажет әлеуметтік тәжірибені, білім, шеберлік және дағды жүйесін игеру 
нәтижесі мен процесі. 
В.Н. Турченко жүйелік ыңғайға сүйене отырып, білім беру 
социлогиясының пәні ретінде білім берудің жүйелері мен кіші жүйелерінің 
бірегейлігін атап көрсетеді.
Институционалды ыңғайды жақтаушы Л.Н. Коган бойынша, білім беру 
– бұл шеберлік пен дағдыны қалыптастыру, жалпы және арнайы білімді беру 
және игеру процесі; ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін мәдениет 


құндылықтарын сақтау және үлестіру жүйесі; тұлғаның белгілі бір үлгісін 
қалыптастыратын оқытушы және тәрбиелеуші қызмет; белгілі бір оқу циклы 
немесе өз бетінше білім алу нәтижесінде алынған жалпы және арнайы білім 
көлемі; білім беру және тәрбиелеу мекемелері жүйесінің қызмет етуін 
білдіріп, қамтамасыз ететін әлеуметтік институт. 
Егер Л.Н. Коган білім беруді ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін берудің 
тәсілі мен нәтижесі ретінде қарастырса, Р.В. Рывкина оны тұлғаның рухани 
қажеттіліктерін қанағаттандыратын жеке бөлек құндылық және басқа да 
өмірлік игіліктерге қол жеткізудің құралы деп біледі. 
Ал В.В. Герчикова білім беруді ғылыми-техникалық прогресті
қамтамасыз 
ете 
алатын 
жоғары 
мамандандырылған 
мамандарды 
дайындайтын, әлеуми бірыңғай қоғамға жақындататын, қоғамның ақырында 
тұлғаның 
жанжақты
дамуына 
негізделген 
рухани 
потенциалын 
қалыптастыратын бірқатар маңызды каналдардың бірі болып табылатын 
әлеуметтік институт ретінде қарастырады.
Ескеретін бір жайт, тек институционалды ыңғай ғана білім беруді 
әлеуметтік (тіпті социеталды), қауымдастық (топтық) және жеке 
индивидуалды деңгейде қарастыруға мүмкіндік туғызады. Институционалды 
ыңғайды анығырақ түсіну үшін оны жүйелік ыңғаймен салыстырып көрейік. 
Себебі бұл екеуі білім беру саласындағы аналитикалық, зерттеу, басқару 
және реформаторлық қызметте әлдеқайда жиі қолданылатын ыңғайлар 
болып есептеледі.
Сонымен, институционалды ыңғайдың жүйелік үлгісінен үш негізгі 
айырмашылығы бар. Біріншіден, институционалды ыңғай тұрғысынан білім 
беру қоғамдық қатынастар жүйесінің басқа құрамдас бөліктерімен тығыз 
байланыста болатын элементі ретінде қарастырылады. Ал жүйелік ыңғай 
бойынша, білім беру – бұл автономды құрылым, жеке тұрған жүйе. Яғни, 
институционалды ыңғай тұрғысынан білім берудің өндіріспен, ғылыммен, 
мәдениетпен және басқа әлеуметтік институттармен, жүйелермен 
арасындағы функционалды байланыстарын қарастырса, жүйелік ыңғай мұны 
талап етпейді, себебі білім беру мұнда жетік феномен ретінде түсіндіріледі.
Екіншіден, білім берудің институционалды сипаттамасы оны оқыту, 
тәрбиелеу және кәсіби даярлау салаларындағы қоғамдық өмірді 
ұйымдастырудың динамикалық және тұрақты формасы ретінде зерттеуге 
бағыттайды. Жүйелік ыңғай білім берудің ұйымдасуына емес, оның 
атқаратын функцияларына байланысты құрылымына көбірек көңіл бөледі.
Және, үшіншіден, институционалды ыңғай білім беру саласындағы 
нақты қауымдастықтардың қызметі мен өзара қарым-қатынасын зерттеуге 
бағытталған, ал жүйелік ыңғайға бұл тән емес. Осы ерекшелікті ескере 
отырып, жүйелік ыңғайдың нақты субъектілері жоқ деген қортындыға келуге 
болады. 
Социологияда қолданылатын ыңғайлардың ешқайсысын әмбебап деп 
тануға болмайды. Олардың әрқайсысы социологияның ғылым ретінде 
қалыптасу және даму тарихында ерекше орынға ие және нақты мәселелерді 
шешуге байланысты туындаған болатын. Жоғарыда аталып кеткендей


социология білім берудің алуан түрлі аспектілерін қарастырады және 
әрбіреуінде түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Яғни, біріншісінде тиімді деп 
танылған ыңғай екіншісінде жарамсыз болып қалуы мүмкін. 
Жоғарыда айтылғанның барлығын ескере отырып айтатын болсақ, 
«білім беру» ұғымына анықтама берудің критерийлері алуан түрлі. Бұл 
анықтамаларда білім беру процесс, мақсат, қызмет және оның нәтижесі 
ретінде қарастырылған. Алайда, ұсынылған анықтамалардың басым 
көпшілігі білім беру – әлеуметтік институт дегенге сайып келеді.
Сонымен, білім беру (жоғары білім беру мағынасындағы) дегеніміз – 
бұл өзара байланысты және өзара әрекеттесуші, талапкердің білімі, 
шеберлігі, дағдысы мен тәртіптілігін маманның кәсіби біліктілігі мен 
мәдениеттілігіне айналдыратын, сол арқылы әрдайым қоғамның құрылымын 
жаңғыртып отыратын оқыту және тәрбиелеу қызметтерінің үздіксіз, 
мақсатты бағытталған, ұйымдастырылған және тұрақты жиынтығы, 
студенттің кәсіби маман ретінде қалыптасуына жауапты әлеуметтік 
институт. 
Білім берудің көп жағдайда әлеуметтік институт ретінде қаралуы заңды 
да. Оны білім беру формаларының тарихи үлгілерінен байқауға болады. 
Алдымен, күнделікті өмірге қажет білім атадан балаға беріліп отырды. Еңбек 
түрінің кеңеюіне байланысты кәсіп пайда болды және, тиісінше, осы кәсіптің 
иелері басқаларды үйрететін жағдайға жетті. Осылайша, білім берудің 
әлеуметтік институт ретіндегі сипаттары біліне бастады. Антикалық заманда 
Платон және Аристотель тарихта алғашқы болып оқу орындарын ашты. 
Қазіргі заманғы білім беру болса күрделі инфрақұрылымы бар әлеуметтік-
мәдени институт болып есептеледі. Білім берудің деңгейлеріне байланысты 
(мектепке дейінгі, орта, орташа кәсіптік және жоғары білім беру) тиісті 
мекемелер (балабақша, мектеп, колледж, жоғары оқу орны) қызмет етеді.
Білім 
берудің 
институционалды 
анықтамасы 
бүгінде 
шетел 
әріптестермен ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның да көптеген 
әлеуметтанушыларымен және басқа да мамандық иелерімен қолданылады. 
Олардың қатарында Аитов Н.А., Әженов М.С., Әбсаттаров Р.Б., Дәкенов М., 
Садырова М.С., Гуревич Л.Я., Нургожина А.Р., Кусаинов А.М., Каланова Ш., 
Чередниченко В., Елманова В.К. және т.б. социолог, политолог, педагог 
ғалымдарды атап өтуге болады. 
Бүгінде білім берудің қоғам дамуындағы, экономиканың жоғары 
бәсекеге жарамдылығы мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін 
түсінген мемлекеттер өз білім беру жүйелерінің осал жерлерін анықтау 
арқылы тиісті реформаларды жүзеге асыруға бет алды. Әр мемлекетте 
мұндай реформалар олардың білім беру саласындағы саясатына байланысты 
әр түрлі жолдармен жүзеге асады. Алайда, кез келген мемлекеттің білім беру 
жүйесі келесілерді қамтамасыз етуі тиіс: 

жоғары сапалы білім беруге жағдай туғызып, кепілдік беру; 

үздіксіз білім беру тұжырымдамасына сәйкес білім беру жүйесі 
сатыларының (мектепге дейінгі, орта, жоғары және жоғарыдан кейінгі 
білім беру сатылары) сабақтастығын қамтамасыз ету; 



білім берудің халықаралық сипатын қамтамасыз ету (оқушылар, 
зерттеушілер мен оқытушылардың мобильдігіне жол ашып, оны 
жоғарлату, білім беру жүйелерін ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, 
барынша халықаралық стандарттарға жақындату және т.с.с.); 

білім беру философиясының үздіксіз жаңғырып отыруын қамтамасыз 
ету (білім беру саласын демократизациялау); 

білім беруді қоғамның білім алуға тілек білдіретін кез келген тобы үшін 
қолжеткізімді ету; 

білім берудің мемлекеттік стандарттарын жетілдіру және т.б. 
Алайда, білім беруге қойылатын негізгі талап, ол – өзінің қоғамдық-
мемлекеттік институт ретіндегі сипатын сақтауы. Білім беру – қоғамдық-
мемлекеттік институт дегенде, оның ашықтығы мен мемлекетіміздің кез 
келген азаматы үшін қолжеткізімділігін айтамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет