кең кездеседі. Көбінесе тап деген ұғым тар мағынада жиі қолданылады.
Бұл мағынада тап дегеніміз, әлеуметтік топтар, страталар. Олардың ең
басты белгілері: кіріс, табыс, мамандық, билік, білім деңгейі, мәдениет,
т.б. Бұл мағынаны алғанда таптың кейбір белгілері, мысалы, меншік,
қоғамдық еңбектегі орны аса маңызды емес. Әлеуметтік құрылымға
кіретін топтардың бірі әлеуметтік-демографиялық топтар. Әрине, бұл
топтар социологияның арнайы салаларында қаралады. Мысалы,
демографиялық социологияда, не болмаса әлеуметтік демографияда.
Бірақта осы топтар әлеуметтік құрылымдағы орны туралы біз қысқаша
айтып кетуді жөн көрдік. Әлеуметтік – демографиялық топ дегеніміз әрі
әлеуметтік, әрі демографиялық белгілері бар топ. Қоғамда олардың
аттары белгілі. Олар, зейнеткерлер, жастар, әйелдер, ер адамдар. Мысалы,
зейнеткерлердің өзіндік демографиялық белгілері бар. Олардың
көпшілігі жасы үлкен адамдар. Олардың әлеуметтік белгілері өзіндік өмірі,
тұрмысы, психологиясы, әлеуметтік жағдайы, дүниеге, өкіметке,
мемлекетке көзқарасы бар. Әлеуметтік, материалдық тұрмысы да басқа
топтардан айрықшалау, соған байланысты әлеуметтік, саяси қимылдары
да ерекше. Социологиядағы әлеуметтік топтар түсінігі
Теңсіздіктер мен әлеуметтік стратификация проблемасы іс жүзінде
әлеуметтік және философиялық теориялардың барлығының да басты
назарында болады. Стратификация ұғымының қазіргі заманғы ғылыми
ойлаудың санаттық аппаратындағы орнының маңызы зор.
Әлеуметтік қауымдастықтар теңсіздігі жүйесін сипаттау үшін
әлеуметтануда “әлеуметтік стратификация” ұғымы пайдаланылады.
“Стратификация” терминінің өзі әлеуметтануға геологиядан келген.
Ағылшын тілінде “
strata”
немесе “
stratum
” сөзі алғашында геологиялық қабат
деген, ал “
stratіfісatіon”
сөзі қабатталу, қатталу деген ұғымды білдірген.
Әлеуметтанушылар әлеуметтік теңсіздікті белсенді түрде зерттей бастаған
кезде осы терминді алған, сөйтіп ол жаңа мағынаға, қоғамды белгілі бір
топтарға бөлу мағынасына ие болған. Қоғамда әртүрлі құрылым
болатындықтан, ондағы адамдар түрлі негіздер бойынша жіктеліп отыратын
болған.
Алайда теңсіздік табиғаты туралы сөз қозғалатын кез келген ғылыми
әдебиетпен алғашқы танысудың өзі стратификация процесі мен әлеуметтік
жинақылық проблемалары зерттеушілер арасында осы ұғымның мазмұны
мен көлеміне қатысты бірыңғай көзқарастың жоқ екендігіне көз жеткізеді.
Сол сияқты әлеуметтік қауымдас-тықтарды білдіретін әлеуметтік тап, топ,
страта, мәртебелік топтар сияқты талдау бірліктері де барлық уақытта бірдей
баяндала бермейді.
Әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдастықтар қоғамның әлеуметтік
құрылымының маңызды элементтері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: