Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет71/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
annotation15100 (1)

Инновациялық 
мінез-құлық 
экономикалық 
социологияның 
категориясы ретінде
Бүгінгі қоғам дамуы адамдардан инновациялық мінез-құлықты, яғни 
кез-келген қызмет түрінде белсенді жүйелік қатынастарды талап етеді. 
Инновация қоғамның бастапқы әлеуеті болып табылады. Оның көмегі 
арқылы экономикалық, әлеуметтік және т.б. мәселелерді шешуге болады 
және де қазіргі де, болашақтағы да ұрпақтарымыздың материалдық және 
рухани әл-ауқатын қамтамасыз ете аламыз. Бүгінде қалыптасқан жайт айқын 
көрініс беріп отырғандай, дәстүрлі жанасулар, әдістер, технологиялар, 
басқару мәселелерін қоса алғанда прогресті көптеген жылдарға тоқтатып 
қою, тоқтатпаған жағдайда адамзат тұрмысының негіздерін тоқтатып қою 
қауіпі бар. Бұл жердегі басты мәселе адам, қоршаған ортаны, тұтастай әлемді 
сақтап қалу. Бірақ сонымен қатар мына жағдайды да ойлану қажет. 
Инновация бұл қоғам дамуының бастапқы әлеуеті ғана емес, ол тұлғаның 
өзін-өзі тиімді танытуына да тікелей байланысты. 
Инновацияға күн өткен сайын, қандайда бір қоғамның мәдени 
процесінің индикаторы деген статусы беріліп отыр. Инновациялық әлеуеттің 
өлшемі қоғамның өмір сүру мүмкіндіктері мен оны қамтамасыз ету. 
Мұндай жағдайда инновациялық ақиқат пен әлеуметтік жағдайлар, 
механизмдерді басқаруды, қоғамның инновациялық дамуы мен адамды 
қалыптастыруды реттеуді социологиялық зерттеу ерекше маңыздылыққа ие 
болуда. Әлеуметтік прогресті талдаудың жалпы құрамдас бөліктеріне 
инновациялық 
жүйелер, 
инновациялық 
процестер, 
инновациялық 
қатынастар, сонымен қатар қоғамдық, топтық және жеке инновациялық сана 
мен қызметтер жатады. 


Инновациялар 
ғылыммен, 
конструкторлық-технологиялық 
базалармен, нақты сектордағы мекемелермен және т.б. институттар 
мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясатпен өзара қарым-қатынаста 
технологиялық өрлеудің негізіне айналады. Бұл ғылыми орталықтардың 
венчурлық фирмалардың, өндірістердің әлеуетінеде сонымен бірге 
Қазақстанның инновациялық жүйесі саясатын құруды жүзеге асыру 
механизміне де байланысты.
А.В.Дорин инновациялық процестердегі жұмыскерлердің рөлін 
келесідей бөліп көрсетеді: 
-
лауазымы бойынша инноваторлар, міндетті және өз еркі бойынша 
инноваторлар; 
-
кәсіпқойлар және кәсіпқойлық шеберлігі төмендер; 
-
идеялардың авторлары, оны жасаушылар, іс-жүзіне орындаушылар; 
-
белсенді және белсенді емес қатынасушылар; 
-
реалистер және идеалистер
-
индивидуалистер және коллективистер; 
-
рационализаторлар мен стратегтер, 
-
өзімшіл еместер мен өзімшілдер. 
Инновациялық тұлға ақиқатқа қатынасымен индивидтің әлемдегі рөлі 
түсініледі, көшбасшылық дағдысымен, жаңалықтарды енгізуге деген 
қабілеттілігінің жоғары болуымен анықталады.
А.И.Пригожин инноваторларды жіктеуде келесідей қырларын бөледі: 
-
инновациялық қызмет типі; 
-
негізгі мамандығына қатынасы; 
- инновациялық қызмет түрі. 
Қазіргі уақыттағы менеджерлердің инновациялық мінез-құлық 
үлгілерінің келесідей түрлері бар: 
Инвестициялық модель – бұл өз қорқынышы мен тәуекеліне 
венчурлық инвестициялық жобаларды енгізуді әзірлеу. 
Инвенторлық модель – бұл «ноу-хау» сату немесе оны жылжыту. 
Ұйымдық модель – бұл қандйда бір идеяларды ойлап табу және іс-
жүзіне асыру, төтенше шешімдерді қабылдау, жобаларды қажетті 
ресурстармен қамтамасыз ету, байланыстар орнату және т.б. 
Делдалдық модель – бұл төрешінің, делдалдың рөлінде болу және 
соның нәтижесінде пайда табу. 
Аквизициялық модель – бұл қолайлы деген уақытта қандайда бір 
ресурстарды айналымға шығаруға бағыттылық. 
Коммерциялық модель – бұл тауар, қызмет және ақпарат алмасуда 
жаңа арналарды құрушы. 
Консалтингті модель – бұл мәселелердің ауқымды шеңберіндегілерге 
кәсіби көмек көрсетуді қамтамасыз етуші.
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануда тұлға мен 
социумның инновациялық даму мәселесін өзекті мәселе етуде. Қоғамдық 
өмірдің барлық салаларында (әлеуметтік, экономикалық, саяси, ғылыми және 
техника-технологиялық) жеке және қоғамдық сананың өзгерістерге 


дайындығы, оған қатысу жаңа құндылықтарды қабылдау прогрестің талабы 
болып саналады. 
ХХ-ғасырдың 70-ші жылдары Гарвард жобасының аясында дамудың 
әлеуметтік және мәдени дамушы елдердегі жүргізілген салыстырмалы 
зерттеу (Аргентина, Чили, Индия, Израиль, Нигерия және Пакистан) 
инновациялық тұлға моделін құрастыруға мүмкіндік берді. Соған 
байланысты оған келесідей сипаттар тән: 
1.Тәжірбиелерге, инновациялар мен өзгерістерге ашықтық. Бұл жаңа 
дәрі-дәрмектерді немесе емделудің жаңа әдістерін қабылдауға дайын болу, 
қозғалыс көлігінің немесе ақпарат құралдарының жаңа түрін пайдалану, 
некенің жаңа үлгісін немесе жастардың жаңаша оқу түрін қабылдау. 
2.Пікірлердің плюрализміне дайын болу, керек болса плюрализмді 
мақұлдау. 
3.Уақытты үнемдеу, бүгін мен болашаққа бағыттылық. 
4.Өмірлік қиындықтарға төтеп беру мүмкіндігі мен сенімділігінің 
болуы. 
5.Болашақта алдына қойылған мақсаттарға жету үшін жоспарлау. 
6.Әрекеттерін есептеу үшін әлеуметтік өмірінің реттелетіндігіне 
сенім (экономикалық заңдар, сауда ережелері, үкімет саясаты ).
7.Әділетті үлестірушілікке деген сезімінің болуы яғни, сый-сиапаттар 
кездейсоқтықтан емес ал істеген ісінің шеберлігі мен қосқан үлесіне 
байланысты болу керек. 
Қазіргі Қазақстан қоғамының даму кезеңінде, инновациялық 
процестерді экономикалық және әлеуметтік жүйелердің, әлеуметтік 
модернизациялау тұрғысында методологиялық зерттеу өзекті болып отыр. 
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық саясатын жүзеге 
асырудағы қажетті шарт, бұл- инновациялық бағытталған, яғни әлеуметтік 
белсенді тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Инновациялық мінез-құлықты 
қалыптастыру дегенімізде, жаңа қоғамдық құрылыстың мамандарын 
даярлау, яғни ғылым мен инновациялық өндіріс менеджерлері, кәсібі 
бойынша мамандарды, патенттанушыларды түсінеміз. Мұндағы негізгі талап 
мамандардың сәйкестігі, әлемдік ғылым дамуының тенденциясы, Қазақстан 
Республикасының әлеуметтік-экономикалық басымдылықтары мен ғылыми-
технологиялық дамуына қызмет жасау. Инновациялық мінез-құлықтың 
құқықтық негізі бар. Қазақстан Республикасының инновациялық саясатқа 
байланысты құқықтық актілерін шыңдай түсу әлеуметтік топтардың 
инновациялық белсенділіктерін артыруға себепші бола алады. Инновациялық 
мінез-құлық индустриалды-инновациялық қызмет процесі барысында 
тұлғаның, әлеуметтік топтардың менталитеттері трансформациясының 
көрінісі болып табылады. Инновациялық тұлға бойынан көпшілік 
мойындаған 
халықаралық 
талаптар 
мен 
нарықтық 
экономика 
қажеттіліктеріне сай келетін жоғары дәрежедегі кәсіби шеберлік, соңғы 
өндіріс технологияларын меңгеру сияқты тұлғалық қырлары тән. Яғни, 
инновациялық мінез-құлықты жұмысшының құндылығы өте жоғары, ал 
әлеуеті тілмен жеткізіп болмайды.


Тиісінше, инноваторлар құрылымын рационализаторлар мен даналар; 
кәсіпқой мамандар мен өздігінше жұмыс жасаушылар; материалдық 
құралдар, әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік 
нормалар саласындағы инноваторлар құрайды. 
Аталған инновациялық мінез-құлықты тұлғалар сөзсіз қоғамның 
прогрессивті дамуына үлестерін қосады. Себебі, бүгінгі еліміздің елу 
дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу межесі тұрғанда мұндай 
инновациялық тұлғалар әбден керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет