ҚАЗАҚ ЖАҢА ЕМЛЕСІ ТУРАЛЫ ДЕКРЕТ
Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің қаулысы
Араб әліппесі қалың бұқараның хат тануына ауыр болды;
техникаға үйлеспеді; қазақ тілінің дыбыстарын дұрыс таңбалай
алмады және араб әліппесі дінмен астарлас болды. Сондықтан
араб әліппесіне көпшіліктің қолы жетпейтін, азшылдықтың
ғана әліппесі болды.
Араб әліппесінің бұл кемшіліктері қазақ тілінің емлесіне де
шалығын тигізді. Араб әліппесі тұсында сезілмеген бұрынғы
емленің бар кемшіліктері жаңа әліппеге көшкен соң көзге
айқын түсті.
Октябрь төңкерісінен соң ұлы мәдениет-шаруашылық жұ-
мысын өз қолымен істей бастаған қалың қазақ еңбекшілерінің
мүддесі, жұрнақшыл-үндесшіл қазақ тілінің дыбыс заңдары,
жаңа әліппенің айрықша қасиеттері – бәрі қосылып емлені
өзгертуді амалсыз керек қылды. Онан соң емлені социалдық
құрылыс жағдайына қарай, тілдің даму бағытына қарай өзгерту
керек-ті.
Жоғарыда айтылғандардың бәрін қорытқанда, қазақ
емлесін, емлелерінің ішінде ең оңай саналған дыбыс жүйелі
емле негізіне құру керек; қазақтың төл сөзі үшін де, шеттен
кірген сөздер үшін де бірыңғай емле жасау керек. Сондықтан
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті қаулы қылады:
1. Халық Ағарту Комиссариаты ұсынған, осы қаулыға
қосылып отырған, жаңа әліппе жолымен түзелген емле жобасы
бекітілсін, 1924 жылғы емле жойылсын
1
.
2. Осы қаулы «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған
күннен бастап
2
Қазақстандағы барлық мемлекет мекемелері,
әлеуметтік ұйымдар, барлық оқу жұрттары жаңа қазақ емлесін
қолдансын.
3. Қазақ тіліндегі барлық кітап, газет-журнал, штемпель
3
,
печать, кеңсе қағаздары, жарлық, этикет
4
, маңдайша қағаздары,
тағысын тағылар мұнан бұлай тек жаңа емлемен ғана басыл-
сын.
4. Халық Ағарту Комиссариаты мен Қазақ Кіндік жаңа
әліп комитеті жаңа емлені таратуға шара қолдансын. Бұл үшін
газет-журналға жазсын, кітапшалар, таблицалар, емле сөздігін
шығарсын.
5. Халық Ағарту Қомиссариаты жаңа емле мен шет сөздер
сөздігін шұғыл басып таратсын.
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті төрағасы:
Әуезұлы.
Хатшы: Әндіжанұлы.
Алматы, 25 июль, 1929 ж.
|