ЧУСОВОЙДАҒЫ БУРЛАКТАР
(Мамин-Сибиряктан )
Чусовой бір тамаша орын
1
. Оның сұлулығы – өшпейтін,
сөнбейтін, жылдың әр уақытына қарай құбылып, өзгеріп оты-
ратын сұлулық.
Жазғытұрым Чусовой екі жақтан ентелеп тұрған биік қия
жартастарға соғылып, секіріп ойнап, өкіріп-бақырып жататын
асау, долы тағы сияқты. Күздігүні ол қайғылы сұр пішінге еніп,
таудан жайылымға тасты далаңмен бірқалыпты жайлап ағып,
құбылып жататын, қой аузынан шөп алмас салқын, сабырлы,
мұңлы жуас өзен. Қыстыгүні мұз көрпесін оранып, қанды
ұйқыда қатып жатқан айдын жарық сұлудай.
Жаз келді. Чусовой шың таулардың тарау-тарау қия жан-
дарымен жас келіншектей бұралып, қатпарлы үшкір тұмсық
мүйістерімен жыланша иіріліп, жүз құбылып ағады. Тек кейбір
тасты құламаларға келгенде ғана көбігін сайға шашып, қатты
гүрілдеп сотқарланады.
Айнала жым-жырт. Оралдың әуе айналған ыстық күні жер-
көк ті рақымсыз өртеп тұр. Анда-санда қатты ұйқыда жатқан ауыл -
дар ғана көзге түседі. Кең шалғыннан жоны ғана қыл тыл дап,
еркімен жайылып жүрген бірнеше күзетсіз аттар бай қалады.
Бәрінен де біздің қайығымыз ойдан төмен жұлдыздай
ағып өте шығады. Жайылып жатқан көк жасыл дала өзінің
тыныштық рақатымен бойыңды билеп, басыңды айналдырып
мас етеді. Түсте көрген таң-тамаша, қызықты бір патшалықтың
ішін аралап ағып келе жатқан сықылды сезесің.
Мінеки, мына жерден бекерге емес, Чусовойдың атын
шығарып, даңқын зорайтқан тамаша биік құздары басталады.
Кей бірінің биіктігі алпыс саржан шамасы болып
2
ұзындығы
өзен бойымен жүргенде әлденеше шақырымға созылып жатыр.
188
Қалың тау, жақпар тастарды қақ жарып, астын тесіп,
қабырғасын бұзып Чусовойдың тентек суы өзіне еркін жол
салып алған. Бұл жерде ол қия тастардың қысып, тыны-
сын тарылтқанына, еркімен құлауға ерік бермеуіне қатты
назаланғандай долданып, кеудесінен шыққан саңырау үнмен
күңіреніп, күрсініп ағады. Ойнақшып келіп соғылған сулар
күміс тырнағымен қия тастардың жалтыр бетін тырнап, ше-
шек шыққан кісінің бетіндей бұжырлаған. Алып таудың зор
кеудесін ақ көбікті толқынымен минут сайын, сағат сайын неше
күн, неше жыл тынбай жалап, қайтсе әлсіретіп, жайын таппақ.
Сол жерде біздің қайығымыз бір зор қаланың астымен ағып
келе жатқан сықылды. Терең үңгірдің астынан гүрілдеп аққан
ағынды судың үні саңырауланып жөнді естілмейді. Толқынды
судың беті таудың көлеңкесімен қап-қарайып көрінеді. Жыл-
тыраған болымсыз күннің сәулесі терезеден білінген жарықтай
көмескіленіп, биік таудың төбесінен ғана түседі. Тұс-тұстан
ентелеп тұрған жалаңаш жартастар дыбыссыз күңіреніп, тырс
еткен тықырды өзеннің ұзын бойына жаңғырықтырып тұр.
Бір уақыт қарт бурлак
3
Ильия басын қайырып, шалқайып,
маған:
– Міне, басына қарасаң тақия түседі дейтін биік жартасың
осы, – деді.
Қарасам, шын бас айналып, тақия түсерлік биік екен. Басы-
на көз әзер жетеді. Ең үлкен ұшар басында, көз ұшында, қа раң-
ғыда түбі босап қисайған ағаш кереш көрінеді. Ішімнен: «Бұл
кереш дәуде болса анау тырбиып әр жақтан қарсы бетке кө-
мілген, уақытсыз қаза тапқап бір сорлы бурлактан қалған жал-
ғыз белгі ғой. Бұл жерден өткен бурлактардың мыңнан біреуі-
ақ ол байқұс жолдасына дұға қылмай өтетін шығар», – деймін.
Менің:
– Осы ағаш ағызып жүріп көбіне бурлактар суға кетеді, –
дегеніме Ильия томсарып. – Кім білсін, әртүрлі болады. Кейбір
ағаш ағызушы аман өтеді, бірақ ондай сирек болады. Әркімнің
бақытына қарай. Біздің бурлак жолдастардың талайын бұл Чу-
совой жалмады ғой, – деп ауыр күрсініп, жауап қайтарды.
Жаңа ғана бір ауылдан өтіп, енді бір жақпар тасты мүйістен
бұрыла бергенде, қайық үстінде отырған адамдар бір дауыспен:
– Ойбай, қайық батты! Жарылған қайық! – деп шулап қоя
берді.
189
Байқасам, Ильия бір қолымен күн тасалап, қадалып су бетіне
қарап тұр. «Бірден жарты шақырымдай жерде тақтайлары шо-
шайып, үстінде қарбаңдасып жүгіріп жүрген бірнеше адам-
дары бар қайық», – деп боларлық емес. Түссіз, түрсіз бір зор
нәрсе ағып келе жатыр екен. Ол Чусовойдың тасына соғылып,
талқаны шығып, кісілері тоғытқан қойдай суға батып бара
жатқан үлкен бір қайық екен. Ильия аянышты қайықтан көзін
алмай тесірейіп қарап тұр.
– Уай, сорлы-ай! Оң иығымен соғылған екен ғой. Әне,
кісілерін қара! Алда байғұстар-ай! Балықша терлеулері-ай,–
дейді өзіне-өзі күбірлеп. – Япыр-ай, жолымызды қамап алып
жүрмесе игі еді. Қарашы, арам қатқан сиырдай сұлқ ағып, тұп-
тура бізге таман келе жатуын, – дейді.
Бір уақыт бір нәрседен қатты шошынғандай ащы дауыспен
жылдам-жылдам:
– Уай, жолдастар! Қарақтарым, тарта көріңдер. Тарт-тарт!
Барыңды сал, тұмсығын оңға сала тарт, – деп әбігерленді де
қалды.
Қарасам, біздің қайығымыз жал болып өзенге тірелген бір
шоқпар тастың үшкір тұмсығына таман тұп-тура садақтың
оғындай зуылдап ағып келе жатыр екен.
Ильия құлындағы даусын құраққа шығарып, күрекшілерге
*
қарап:
– Масқара болдық. Соғылдық, ал тарт! Тарт! Бұра тартың-
дар – деді. Сол күздегі дұғалы ауыр минутты сипаттап болмай-
ды. Қайық үсті өлік шыққандай жым-жырт болды. Қүрекшілер
Ильяның айтқанын екі қылмай, екі иықтан дем алып барын са-
лып, тартып келеді.
Күректер ұшқан құстың қанат қаққанындай сермеледі.
Мөлдір суды күмістей жарқыратып маңайға бүркеді.
Қия жартасқа шейін бірнеше-ақ саржан жер қалды. Жұрттың
жаны аузында, тін алмай демін ішіне тартқан. Екі көздері
тұнжырап жартасқа қадалған. Өлім жазасына бұйырылған адам-
дарша үн жоқ, түн жоқ болашағын сабырмен күтіп тұрғандай.
Міне, жартастың қырлы үшкір ирек тастары анық байқала
бастады. Міне, оның тұсына келіп, құтырған қасқырдай көбігі
бұрқырап тулап келіп соғылған судың гүр-гүр еткен дүрілдегі
*
Күрекшілер — ескекшілер.
190
ашық естіледі. Міне, сол қия тасқа таман зымырап біздің
қайығымыз келеді.
«Ал жартасқа жарты-ақ кез жер қалды. Ал соғылдық, ал
талқан болдық, көз жұмылды». Бір уақыт зымырап келе жатқан
қайық құйрығын шалдырған түлкідей бұлаң етіп, бұлт берді.
Кірпік қаққанша қылыштың жүзіндей қырлы жартасқа ти-
ер-тимес болып өте шыққанда, қайық үстіндегі адамдар ауыр
күрсініп: «Уһ!» – деп тін алғандай болды.
Ильия қуанышты дауыспен:
– Құтылдық қой. Көрме, босат. Уһ, – деп бұршақтап шыққан
терін сыпырып тастап, бұрынғы орнына отыра кетті.
Қайық ашық судың ортасымен жылжып ағып, теңселіп
жүре берді. Біраздан есімізді жиып артымызға қарасақ, өзеннің
жағасында бірнеше адам иіріліп тұр екен. Үсті-бастары
сорағытқан су, бастары жалаңбас, дірдектеп бізге айқайлаған
сияқты. Бірақ не айқай екенін біз ести алмадық. Біреулерін
шешіндіріп, шайқап, жұтылған суын құстырып жатқандай бо-
лады. Біз аман-есен өтіп кете бердік.
Бір заман судың жағасындағы бір талды бұтаққа ора-
лып, су бетінде қалқып тұрған жыртық киімді екі адамның
өлігіне ұшырастық. Дәу де болса Чусовойдың рақымсыз долы
толқынымен ақырғы минуттарына дейін алысып, ақыры жеңіліп
зор толқынға бас иген. Бағанағы жарылған қайықтардың адам-
дары болса керек. Бұларды көріп, Ильия салқын қанмен қып-
қысқа:
– Екеуі марқұм, – деді.
Қанды Чусовойдың уақытсыз құрбаны болған бұл екі сор-
лылар кім екен? Қай ауылда, қай жерде, қандай үйдің іштері
көзінің жасын көл қылып күңіренер екен? Қандай қызыл қарын,
жас балалар шуласып, қандай үй ақырғы асыраушысынан айы-
рылып, қорғансыз жетім қалып сорлады екен?
Күнде көріп, Чусовойға дағдылы болған бұл аянышты ауыр
суреттер көңілге ащы ой түсіргендей, жүрекке терең жара
салғандай болды.
(
Арқалық
)
Пьесалар
|