ҚАРАЛЫ СҰЛУ
(1-н ұ с қ а)
Алты жыл. Қаралы, кайғылы алты жыл өтті. Әрбірі бір-бір
өмірдей сарылған ұзақ. Қара жел үзілмей соққан күздің суық
күніндей қуарған жүдеу жылдар... Содан бері Қаракөз – қара лы
тор бұлбұлындай тұл төсектің иесі. Сансыз көп күндер өтіп жат-
са да, небір жаңа үміт әкеліп сергіткен не болмаса жүдеу кө ңілді
бір сағатқа болса да селт еткізіп алаңдатқан мезгіл болған емес.
Қаракөз бұл өмірге әбден мойындап болған. Көп жыл бо йына
созылған қаралы күй Қаракөз өмірінің қалпы болған. Күн дегі
дағдысы, салты болып кеткен... Күздің айсыз қараңғы тү нінде,
түн қатып жүрген жолаушы ұзақ қараңғылыққа қалай мойын дап
бағынса, Қаракөз де сондай мойындап көніп болған... Қайғылы
әйелдің өз басына ендігі өмірден күтетін ешбір жаңалық жоқ.
Жарқылдап көз тартып, біреу болмаса біреуді қызықтыратын
шақ бұнда енді болмақшы емес. Қаракөз ондай күннің болуын
тілемейді де... Сондай халді көксететін әлсіз ой келсе, оны да
көңіліне дарытпай, өшіріп жоқ қылатын.
Сол Қаракөздің ауылы бүгін қалың таудың ішімен жайлау-
дағы көк шалғынды, салқын сулы, шалқар қонысқа көшіп келе
жатыр. Таң қылаңдап келе жатқаннан жүгін арта бастаған ауыл,
жаздыгүні жақын белден жаңа қызарып шығып келе жатқанда
ескі жұрттан жөнелген.
Қазірде кеш жарым жолға келіп қалды. Бүгін тау аса қонбақ-
шы болған ауыл қалың таудың ішімен жартасты, тоғайлы,
шалғынды өзекпен шұбатылған шұбар топ болып дабырлап,
шулап келе жатты...
Көш алдында айдап келе жатқан төрт-бес жүздей жылқысы
бар, басқа ірі қарасы да мол бай ауылдың қалың көші бір жыл-
102
дай иесіз тұрған таудың ішінде тусып кеткен қалың шөпті жа-
пырып, қызулы тіршілікті көшіріп келе жатқандай болады.
Көштегі көңілді қатын-қалаш, желікті қыз-келіншек ма ңай-
ласқан жігіттермен қалжыңдасып, күлісіп ойнайды. Арқы раған
семіз сұлу асауларды мінген жас жігіттер, үйіріне қарай жұл-
қынып, аласұрып жер сүзген айғырларды құтыртып ойнақ-
шытып келіп, қалың жылқыны дүрілдетіп, желдіріп айдайды...
Көрікті дүние қызықты мастық тойындай болып, буы ас-
панға шығып құтырынып желігеді. Шулаған желікті көш таңер-
теңгі көлеңке басқан қара жартас қалғыған өзекті де оятып
сергіткендей. Бұл көшке табиғат та жылдық ұйқысынан оянып,
көңілденіп қошемет білдіргендей...
Көшке қарсы өзек, шалғынның таңертеңгі көлеңкеден
шыққан салқын самалы да соғады...
Қаралы жылдай тұл болып тұрған жайлау бүгінгі күн жыл
құсындай еркін елін жаңа көріп көтеріліп сергігендей.
Қазіргі барлық сурет, барлық дүние, баршалық қызулы жан-
ды өмір адамды қызыққа, думанға, сағымды түс пен зор тілекке
қолын бұлғап шақырып тұрғандай. Бұл қызуға желікпеген жан
жоқ... Серпіліп, сергіп, күліп қарамаған жан иесі көрінбейді. Ең
аяғы шал қойшы Болат та үстінен көш етіп бара жатқанда, құла
шолақ биені тойтыраңдатып шауып келіп, көш жанында келе
жатқан қыз-келіншектің арасынан келіп килігіп, жауырынын
қиқақтатып қалжыңдаған болып кетеді...
Әрқайсысына көзін қысып, иек қағып, ізденіп соқтығады.
Қызыл шырайлы келіншектің құла биені қамшылап ұрып,
ойнағанына мастанып, мәз болып жігітімсініп шіренеді...
Үш ат жеккен пәуескенің ішінде келе жатқан Қаракөз Бо-
латтың қасынан арбасы өтіп бара жатқанда, аз сергіп күліп:
«Болат-ау, сенің де базарың тарқамағаны ма, жаным-ау?!» –
дейді...
Болат қарқылдап шіреніп күліп: «Несін айтасың, қарағым...
Қыз-келіншек тал бойымды ұйытып келеді... Ішімдегі жанған
от қыз-қыз қайнайды...» Бұл көште жалғыз жүдеу, жалғыз
жабырқаған қайғының тұсауында келе жатқан – Қаракөз... Осы
көп мал мен бай ауылдын иесі болған, салтанатты кештің бас-
шысы болған жалғыз жесір қатын – Қаракөз...
Қаракөз қазір отыз екі-ақ жаста. Қаралы жаулық салып,
қызулы базар есігін жапқанына алты жыл болды... Одан бұрын
103
Қаракөз де тіршіліктің қызығында жүзіп жүрген ерке еді. Бұның
өмірінің үстінде тұнжырап күлімсіреп тұрған күн шуақты
ашық көк аспан бар еді. Сол бақыт күннің ортасында бір-ақ
сағат ішінде түсі суық шоқ қара бұлт ойнап шыққан. Асатын-
нан келген қаза бір-ақ күннің ішінде Қаракөзді қаралы қылып,
қаңғыртып кеткен... Содан бері алыстағы сағымдай болған жар
жеткізбей... белгісіздікке батып жоғалған... Оған дәл алты жыл
болды.
Қаракөздің күйеуі Әзімқан ол кезде жиырма сегіз жаста
еді. Әзімқан бір атадан жалғыз жігіт болатын. Басқа аталас
ағайындары болса, барлығы да белек ауыл болып, бөтен сияқ-
та нып, өз тілегі, өз өмірімен бұлардан алыстап кеткен. Ағайын-
дарының кейбірі қартаң тартқан адамдар. Кейбірі көп балалы,
жеке шаруалы нашар адамдар болған. Әзімқанның туысқаны,
жалғыз сүйеніші – 70 жасқа келген кәрі әкесі Үсен қажы еді.
Бірақ Әзімқан жалғыз жігіт болса да, өз ортасының басты кісісі
болған. Екі ауылнай Жоламанның бас көтерген ретті адамы бо-
лып, бір болыс Ырғайлыға белгілі еді.
Бір жыл дәл осы жайлауға көшіп келе жатқан кезде бү-
гін гі көш келе жатқан өзектермен Үсен қажының ауылы
көшіп келіп Қайыңдыға қонып еді. Қайыңды – тау ішіндегі
шалғынды, тоғайлы өзен болатын... Жыпырлап қонған ақ ауыл
маңайындағы шұбартқан көп малмен, Қаракөздің бақытты
күндерінің көркі сияқты еді.
Ырғайлы көп жылдан келе жатқан дағды бойынша
Қоңыртау болысымен қатты жұлысқан араз еді. Сол жылы да
жаз шыққаннан бері қарай күнде қиқу, күнде аттан, жағалай
шабыс болатын...
Ырғайлының намысын өзге ел басшыларымен бірге жоқтап
жүрген Әзімқан артына ерген елі мен Қоңыртауға кейде
өзгелерден жырылып барып та соқтығушы еді. Қоңыртау бір
кезде өзгеден ерекше Үсен қажыға кіжінулі дескен. Бұл хабар
бір емес, әлденеше рет келген болатын.
Бірақ онымен Әзімқанды да, барлық Жоламанды да тоқтата
алған жоқ. Қоңыртау бір алса, бұлар кейде екі-үш алып
жіберетін... Қоңыртаудың Әзімқанмен ерекше жауығуына бір
себеп Қаракөздің басы еді. Басында Қаракөз Қоңыртау елінің
жесірі болған, сол елдің бір бай ауылы Сыбанбай еді. Жас
кезінде Қаракөзді Сыбанбайдың немересіне айттырған.
104
Бері келгенде, Қаракөздің күйеуі аяғы ақсақ, бір қолы шолақ,
кем бала болған. Оның үстіне, өзге балаларының ішіндегі
қадірсізі болатын.
Сондықтан бойжетуге айналған кезде сұлу Қаракөзден
наразылық сөздер шыға бастаған.
Қаракөздің әкесі жас кезінде өліп еді. Жесір қалған шешесі
Үсен қажының немере қарындасы болатын. Ол Үсен ауы-
лын төркін қылып ылғи араласып жүруші еді. Қаракөз де
кішкене күннен Үсен ауылын нағашы қылып, көңіліне ерекше
жақын тартып, кейде шешесімен, кейде жалғыз өзі де келіп,
көп уақыттар жатып қайтып жүретін. Сол халмен жүргенде,
Әзімқанның бұрынғы алған қатыны қайтыс болған. Қаракөздің
Сыбанбай ауылына барғысы келмей жүретіні көп жұртқа паш
болып қалған. Басында Қаракөздің сөздерін елеусіз көріп:
«Кезінде көрерміз», – деп іштегі нық байлаумен жүрген шешесі
Әзімқанның келіншегі өлген соң, баласының наразылығына
түзу қарап, ойлана бастап еді.
Сол халдің үстінде, белгісіздікте жүрген уақытта бір
күні Қаракөздің ауылына амандасып қайтқалы Әзімқан кел-
ген. Әзімқанның не оймен келгені бұл ауылға да, апасына да
белгісіз еді. Әзімқан өзі де белгілі бір байлаумен келген жоқ еді.
Бірақ үйге келіп кірген жерде бұрынғыдан көп өзгеріп кеткен
Қаракөзді көріп еді.
Бұл уақытқа шейін бала қалпында жүрген жиені ширатылған
нәзік, ұзын бойлы, қынай белді, толқынды ұзын қара шашы бар,
тұңғиық сұлу қара көзді бойжеткен болыпты. Көрмегеніне біраз
жылдың шамасы өтіп еді. Әзімқан алғашқы келген жерде-ақ
жүрегі белгісіз лүпілдеп соғып, көз алдында сәулелі сұлу жар-
ды көріп қалғандай болып еді. Әлденеден екені белгісіз, бұрын
бұл жайдан біраз сөз естімесе де, қазіргі халде Әзімқанның
жү регін соқтырған белгісіз сезім Қаракөзге де сол секунд-
та білінгендей болып еді. Әзімқан апасына амандасып, енді
Қаракөзге қарап: «Есен-саумысың, қалқам», – дегенде... ұялып
қараған Қаракөздің жүзінде әлдеқандай ыстық қан ойнағандай
болып еді.
Бұл күнге шейін кінәлі болып көрмеген ашық бала жүзі
өмірінде алғашқы рет әлдеқандай көмескі түс сияқты ойменен
қызарып, төменшіктеп қысылғандай болып еді...
105
Екі жас тілсіз сөзбен сөйлесіп қалғандай болды... Екі жүрек
бір-біріне ұялып, бұғып тұрып ым қақты. Басы осы еді.
Аздан соң арада сөз жүрді. Сүйек жаңғырту Қаракөздің басқа
ағайындарына да теріс көрінбеді. Әсіресе, бұл күнге шейін
өзінің жесірлігінде ерекше сүйеніші сияқтанып отырған. Үсен
қажымен қайтадан үй ішінен үй тігіп жақын болу Қаракөздің
шешесіне керекті, қызықты сияқтанды. Сондықтан аз күннің
ішінде астыртын құдалық сөзін байлап қойды...
Бірақ бұл алыстағы тілеу қиын асу мен биік асқардың ар
жағында жатқан асыл ниет еді. Сыбанбай бөгет шығармай
қоймайды. Қоңыртау жұлқыспай жесірін жібермейді... Үсен
жақтың хабары жансыздап Сыбанбайға барып қалғанда, олар
күпілдеп кіжіне бастап еді. Бірақ ашық сөз, ашық байлауға
екі жағы да жете алмай, енді жақындап келе жатқанда, енді
жаман аттары шығар деген мезгілде бірін-бірі сүйіп табы-
сып қойған екі жастың тілеуін тағдырдың өзі қостағандай
болып, Сыбанбайдың немересі өліп қалып еді. Бұдан кейінгі
араларындағы сөз ұзаққа бара алған жоқ. Сыбанбайдың өзге
балаларының барлығында не айттырған, не алып отырған
қатын бар. Бұрынғы ұстанған сөз бойынша Сыбанбай басында:
«Кейінгі балаларға қаратамын... құдамнан қол үзбеймін», – де-
ген болып еді.
Бірақ бұл сөз ұзаққа бармады. Үсен қажы Сыбанбайдан
алған барлық малды түгендеп қайыртып, өзі Қаракөзге құда
түсіп, арада бір жыл өткен соң ырғап-жырғап келінін алған...
Бұл уақиға өз кезінде Ырғайлы мен Қоңыртаудың арасына
көп салқындық салған. Алудың өзі де көп ырғасып тартысумен
барып зорға тынған. Үсен көбінесе мал күшімен жеңіп алды
деген сөз ел ортасына жайылған сайын Сыбанбай Ырғайлымен
болымсызды сылтау қылып соқтыға беретін болған.
Бірақ арада бірер жыл өткен соң жесір дауының қызуы
солғындап келіп басылып еді. Сөйтсе де басында бір шиеленісіп
қалған елдер енді жаңа дау, жаңа араздыққа жол тауып алып, ке-
зек алысып, ұстасып жүрді.
Бері келген соң Сыбанбай Үсен қажының басындағы кекті
өзгертіп, Ырғайлының басқа елімен, басқа жақсыларымен
көбірек ұстасып кетті. Араздық себебі жаңадан туып, жаңа
сөз, жаңа істермен қайта қозданған соң Жоламан да көп елінен
қалыспай, Ырғайлының басқа елімен бірге Қоңыртаумен анда-
106
санда алысып қалып, ұстасып жүрген. Осы халмен Қаракөзбен
Әзімқанның қосылғанына жеті жыл толғанда, Үсен қажының
ауылы жайлауына көшіп келе жатып Қайыңдыға қонып еді...
Жаңа қонысқа қонған күні түнде ауыл маңында жатқан
жылқыға жау тиген. Көптен сақтанып Қоңыртаудан кезек күтіп
жүрген Үсен ауылы күнде кешке екі-үш сенімді ат-айғырды ау-
ылда ұстаушы еді. Бүгін көшіп келген ел қирай жығылып шырт
ұйқының ішінде жатқанда тауды қақ жарып шыққан аттан да-
уысына өзгеден бұрын оянып, асығып қамданған Әзімқан еді.
Әзімқан арқандаулы тұрған бәйге жиренді алып келіп
асығын өрттеп жатқанда, Қаракөз жүрегі дірілдеп тұрып
үріккен пішінмен қасына келіп: «Басқаларды жіберсеңізші, тау
іші шабуға жаман», – деп еді. Бірақ жарық айлы тыныштық түні
жас жігіттің тұла бойын ысытып бір қызуға тартқандай бол-
ды. Ауылдан Әзімқаннан басқа да үш-төрт жігіт шапты, бұлар
тастақ төбелермен сатырлатып шулап жөнелді. Ауылда бұл
кезде азан-қазан болып, атсыз қалған жаяулар босқа дырду жа-
сап, айғайласып әрі-бері жүгірісіп жүрді. Әзімқандар сол бетте
барып жылқыны әкетіп бара жатқан жауға жетіп араласқан...
Жылқышылар көп жаудан қаймығып, батып ұрыса алмай кейін
келе жатыр екен... Көп жылқыны қалың жау ұзын өзекпен дү-
ріл детіп қиқулап әкетіп бара жатқан.
Осы кезде қуғыншының алдымен жеткен Әзімқан тос-
қауылға қалған төрт жаудың арасына келіп кіріп еді... Әзімқан
қорықпайтын ер жігіт еді... Бірақ бұрын көп соғыста болып
төселген емес. Оның үстіне, бір кісіге әлі жетерлік мықты да
емес еді. Жирен атты қуғыншы екіленіп келіп, екі-үш рет ара-
сына кіріп шығып, алдын орай берген соң, жау ішінен соғысқа
ыңғайланып қалған екі мықты барымташы артын айналып келе
жатқан Әзімқанды көргенде: «Күрең атты тағы келеді... Ортаға
ала бер... Ортаға ал», – деген. Әзімқан екі жаудың ортасына
солардың тілегінше еркіндеп келіп кірген... Бұл кіре берген
бетінде оң жағындағы боз атты еңгезердей жауды желкеден
қаға ұрып жіберді... Бірақ дәл сол секундта өзінің де желкесінен
сол жағындағы сары айғырлы жаудың қарасойылы мықтап тиіп
еді... Бұл сойыл Әзімқанға дене тауып меңдеп тиіпті. Алғашқы
сойыл тиіп жіберген жерде қолындағы ағашы ұшып түсіп, өзі
екпіндеп құлауға айналып, атының жалын құшып қалды... Дәл
107
сол уақытта бұрынғы ағынмен келе жатқан бәйге жирен боз
атты жаудан қиыс өтіп бара жатыр еді.
Оған Әзімқанның сойылы тисе де әлсіреткен жоқ екен. Жа-
нынан қиыс өтіп бара жатқан Әзімқанды аттың жалын құшып
қалғанда-ақ сойылды шыр айналдырып келіп, маңдай тұсынан
қағып ұрып жіберді... Әзімқан бір-ақ секундтың ішінде
жүрегінен оқ тигендей болып аттын артынан ұшып түсті.
Маңдайды меңзеп ұрған күшті сойыл дәл құндыздықтан тиіп,
басты айырып кеткен екен...
Әзімқан аттан тұмақша ұшып түскенде, бұрын талай соғыста
болып, қолы ауырлығынан талайды сорлы қылған боз атты жау
артына бұрылып қарап: «Қап, жығылуы тым жаман болды...
Жазым болмаса еді», – деді. Жазым болғаны шын еді...
Әзімқанның басы төрт елідей айырылып кеткен екен, кейінгі
жұрт шулап жылап үстіне келіп үйілген уақытта Әзімқан үзіліп
жүре берді. Бақытты, қызықты дәуренге, сұлу жарға ақырғы
рет «Қош!» деуге де тілі келмеді...
Әзімқандар ат қойып жөнелген жерден шошынып жы-
лап, тілеу тілеп, қалтырап тұрған Қаракөз үйіне кіріп жете
алмай, жылқы жақтан хабар күтіп тұрғанда, қайғыға толған
мұңлы түннің ортасында ауылға қарай шулап келе жатқан
қаралы айғайды естіп еді. Бұл – шулаған ауылға ат қойып «ой,
бауырым дап» келе жатқан жылқышылар мен қуғыншылар еді.
Алғашқы жылау, алғашқы қаралы қайғы осы түннен осындай
халдің ортасында басталып еді...
Бүгінгі көш, сол адыра қалған Қайыңдыға тағы қонғалы
келе жатқанда, Қаракөз пәуескенің ішінде келе жатып алғашқы
қаза түнін есіне алғанда, көзінен ыстық жас ағып-ағып кетті...
Әзімқанның өлімін ЬІрғайлы жоқтаусыз қалдырған жоқ. Ол
жақтан жылқы аламыз деп барып кісі де өлтірді, кегін де алды...
Әзімқан басына жүз түйенің құнын да алды... Қоңыртауды жа-
сытып ықтырды... Бірақ оның бәрі сүйген жар мен бір ауыз
сөзге келе алмай, арманда қалған қайғылы сұлуға түк жұбаныш
болған жоқ, алғашқы жылдай бір күн ойына тиянақ болуға
жараған жоқ...
Иесіз қалған мол дүние, ауыр дәулеттің ортасында жетпіс
жастағы кәрі атасы мен Қаракөз қалды. Онан соң бұл екеуінің
де, барлық ағайынның да үміті сияқтанып екі жасқа келген
кішкентай Мұқаш қалды...
108
Қаракөз бен Әзімқанның алғашқы көрген баласы осы еді,
бұдан басқа бала жоқ... Әкесі өлген соң кішкентай да бол-
са Мұқаш «өлі арыстан да тірі тышқан» дегізіп, Әзімқанның
артындағы қаралылардың сүйеніш тілегі болды. Әзімқанның
қырқы өткен соң, жалғыздың қайғысын көтере алмай, бұрын
кәріліктің өзі де жеңуге айналған қажы да қайтыс болды...
Маңайы тұлдыр болып құлазыған жалғыздық, сорлы болған
жас сұлудың бір өзінің басында ғана қалды... Күнде таңертең
тіршілігіне риза болған жұрт ұйқыда жатқан құлқын сәріде, онан
соң мұңайып кеш батқан уақытта Қаракөз қаралы жаулығымен
бетін жауып отырып зарланып дауыс айтатын.
«Жалғыз біткен бәйтеректей арманда өткен алғаным, қай ғы-
лы сұлу «алтын терек арысым!» – деп аңырап жоқтайтын... Көзі-
нен тамшылап аққан жаспен бірге шынымен егілген қайғының
сөздерін айтып, тыңдаған адамның сай сүйегін босататын...
Қаракөз қайғы ішінде кексе тартып, ұлғайып кеткендей болды.
Іштегі жалын мен күрсінген жүзі Қаракөздің басқа тіршілікті
талақ қылып, ұмытқанын анық білдірді... Қаралы тор тұтқыны
сүйген жарын жоқтай білді. Қаракөздің жоқтауымен айтқан да-
уысын барлық Ырғайлы жаттап алып... Зарланған жасқа жа ны
ашып, әнге салып айтып та жүрді. Барлық басалқа айтар лық
үлкендер тоқтау айтамын деп келгенде, Қаракөздің ыстық за-
рына шыдай алмай қоса жылап кететін болды... Бір болыс ел
түгелімен Қаракөзді аузынан тастамай мақтап, байының артын
мұндай жақсы қылып күткен әйел болған емес деп аңыз қылды.
Бірақ Қаракөз мақтан іздеген жоқ еді. Оныкі шын зар, шын
жетімдіктің қайғысы еді.
Жылау мен жоқтау ішінде Қаракөз барлық үмітті, жастық
дүниесін көрге көмді. Ол Мұқаштың тілеуін тілеп, енді ерге
тимейтінін, тұл қатын болып отырып қалуға өзіне-өзі серт
берді...
Дүниесін билеп, ауылына атасы мен жарының орнына ие
болып отырып қалды... Ендігі жалғыз үміт, жалғыз жұбанышы
Мұқаш болды. Сүйеуі мен ермегі бір соның тәрбиесі болды.
Жоламан ортасы бұл күнге шейін Қаракөзді қадірлеп
күтуден, алақанға салып аялаудан қалған жоқ...
Ұзақ қайғы өмірін өзінің мәңгілік зар-күйі қылып сақтап,
Қаракөз әлі күнге келеді...
109
Бүгінгі кешті бастап келе жатқан қаралы сұлудың жайы осы
еді... Әлі күнге Қаракөзді тіршілік аздырып, нық ұстанған жо-
лынан тайғыза алған жоқ...
Бірақ бұл күндерде Әзімқанның қайғысы жалғыз-ақ
Қаракөздің көңілінде ғана қалған, өзге маңайдағы адам-
дар мен желікті дүние, бұрынғы Әзімқан өлмеген күндей әлі
күнгі қызықты, желікті... Бұл күнде сегіз жасқа келген Мұқаш
Қаракөздің жанында келеді. Оның да көңілі қазіргі тіршілікке
мас болған. Айғайлап қуанады... Арбаның ішінде іші пысып,
секіріп, дауыстап күліп, маңайласқан кісілермен ойнайды... Бұ
да буыны бекіп, дені сау болып ержетуге Қаракөздің қаралы
алты жылы өтті. Бұл жылдардың ішінде сырттан қараған көз
қаншалық қадалса да, Қаракөздің сыртына шыққан, не әлсіздік,
не қобалжуды көре алған жоқ.
Бірақ сол уақыттарда Қаракөз көрген азапты білсе еді жұрт.
Дүниеде жастай қалған қаралылар аз емес шығар, ежелден
қайғылы қара мезгіл таңдап көрген емес. Өмір қызығына түсіп
болдым, қызулы базар(ды) жаптым деген күндегі не қайғы
келетін болса, дүниеде бақытсыздар болмас та еді.
Көп жас қыршынынан қиылады. Тіршілігін қарғат етеді...
Көпшілігінің сынығы жамалып, қайта түзеліп, ел санына қайта
қосылады... Бірақ солардың бәрінің ішінде Қаракөз қайғысы
бір алуан ұзақ мұңлы жыр еді...
Бұл – ерекше сұлу. Тұңғиық қара көздерінде сұлу ажар кет-
кен жоқ. Жас денесі әлі де уыздай аппақ толық, сау, бірақ барлық
ойы, барлық тілегі бір-ақ жерге шегеленді... Аясы азғантай
орынға бұл өзін-өзі сыйғызды. Қаралы күнге шейін тасқындап
келген сезімді тұсады, буды... Сонымен бірнеше жыл өтті...
Қаракөз күйеуі бар, бала тауып отырған әйел еді...
Ақ денесі сау, таза. Қызу қанды, қайратты, тіршілік үшін
жаралған жас денемен тілек үшін қайнаған қан, шойын есікті
тұтқын орнына қанағаттану қиын еді. Қаракөз ол қиындықты
тістеніп шыдап, басып жеңіп жүрсе де, кейбір кездерде таңды
таңға ұрғызатын азаптар болушы еді.
Жас әйелдің бұл түндері көр азабындай қинау түні бола-
тын. Үйіші қараңғыланып, тұл төсекке жатқанда әлдеқандай
қара жыланша иірілген, қараңғы сезім ойлары ене бойын би-
леп кететін. Тістеніп шыдап құтылар ма екемін деп дұға оқыса
да, қара жыландар ауыр басып, ақырындап жылжып келіп ақ
110
төсіне оралып, ақ тамағынан сүйіп, барлық денесін шыдамнан
айырып, ысытып, дірілдетіп жіберуші еді.
Шошынып қабағы түйіліп, дір-дір етіп жатып, көрпені
шиыршықтап қысып құшақтаушы еді. Шоқтай ыстық-ыстық
ойы таң ағарып атқанша, бір минут те босатпай, жанын жеп,
тозаққа салынып шығатын... Талай түндер Қаракөз шыдай ал-
май, қасына қызметкер кемпірді шақырып алып, денесін сипа-
тып, жарық жағып қойып, күрсініп жүдеп отыратын.
Қаракөзді бұл қинауға салып жүрген өз байлауының
әлсірегені емес. Қызықты тілеген қанағатсыздық емес... Ол –
ішінде тіршілікті тілеген жаңа өмір ұрығының жарық дүниеге
шыққысы келіп қозғалып тіленгені еді.
Бұл көп заман Қаракөзді қинап жүрді... Әлі күнге шейін
мезгіл-мезгіл жын буғандай болып, асау соқыр сезім құтырынып
келіп, бір тоңдырып, бір ысытып, қаралы Қаракөзді отқа сала-
тын... Барлық ұзақ қаралы күндер де ойлап өткен қайғы мен
әлгі сияқты азаптар Қаракөздің мінезін де өзгертті... Ол ерекше
сезімділіктің еебебінен дертті сияқтанды, бұрынғыға қарағанда
қаны бұзылғандай, тез ашуланып, тез жылап, тез күліп жібе-
ретін өткір сезімділік пайда болды... Қайғылы қабағы қазір
шытынып, түйіліп, болымсыз нәрсеге қиналып кететін, өкініп
қайғырып кететін шыдамсыз қылды...
Түндей тұңғиық көздері ыстық жас үшін жаралғандай бол-
ды. Бірақ сонда да Қаракөз бір байлауына тастай мықты болып
шыдап келе жатты. Өзге дүниеде өз көңілінен азғандай теріс
шыққан нәрсе қинап жібергендей болса, өміріндегі ең ауыр, ең
қайғылы түйінге келгенде, Қаракөз өзін аямастан қатты ұстап,
қандай қиын азапқа болса да көндіріп келеді.
Бүгінгі көш келе жатқан уақытта бірталайдан ұмытылып
кеткен азап Қаракөзді қайта қинап, толқытып келе жатыр еді...
Ораза күнде еткерме ұстап, аштыққа шыдаған тақуадай
Қаракөз өз көңіліне сенімді болса да, дене қинауын бар
ауырлығымен көтеріп келе жатты...
Жас Қаракөздің сопылығы, дүниеде сирек кез келетін сопы-
лық еді. Өзге жұртта өмірден суынған, түңілген адам болса,
өзін-өзі тоқтатып, нәпсі тілегін басу үшін өзге қызулы топтың
ішінен аулақ кетеді... Тіршіліктен күдер үзбеген елдің орта-
сында олар өмір сүрмейді. Жүдеу көңілдің күйіне күй қосатын
сопылық үйіне кетеді. Өмірден түңілгендердің тобына кіреді...
111
Маңында ескі қызық күнін, сезім күйін ескертетін белгісі
болмайды... Денені өлтіретін ауыр еңбек пен сезімді жоғалтатын
сүр дүниеге кіреді.
Ондағы сопылық, ол жүдеулік іздесек те көңілді алаң
қылатын суретті көрсетпейді... Әйел сопының көретіні – ылғи
әйел, еркек сопының керетіні – ылғи еркек... Қаракөз сопылығы
ол емес... Бұл бұрынғы молшылық, бұрынғы қызық дүние орта-
сында, бұрынғыдай қуанып елітуші еді... Бұрынғыдай қуаныш
күні туып, сезім күндері өтеді... Жазғытұрымғы жасарған
табиғат та желігіп еліреді... Жан кіргендей қызулы тіршілікті
көксегенден масаттанады... Жүз бұралады...
Бозбала асауменен теңселіп, құтырып шабады... Қыз-
келіншек назданып күледі... Өзгенің бәрі өз бетінде сал қойшы
болады да, Қаракөздің есіне қара жыландай ойларды салғандай
болып, құтырынып масаттанады...
Ыстық сезім буған Қаракөз көштен озып келіп, жылдағы ау-
ылдары қонатын Қайыңды өзеніне жетті... Өзен бойы қайыңды
тоғай... Сылдырлап су ағады. Таңертеңгі көлеңкеден шыққан
тоғай салқыны Қаракөздің бетіне ширатылып келіп соғады...
Іште ыстық сезім, сыртта қарсы соққан салқын леп... Қаракөз
пәуескесі иесіз жұртқа келіп тоқтағанда, өз үйін жылдағы қонып
жүрген жұртына тіккізбекші болып, арбадан түсіп, сол жерді
іздемекші болғанда, төменгі жақта, өзен бойында бір тоғайдың
көлеңкесінде доғарулы тұрған трашпеңкені көрді.
О да осы жерге көшіп келетін бір ауылдың алдынан келген
адамдары болуы керек.
Қаракөз ұйықтап жатқан Мұқашты оятпай, жалғыз өзі
аяңдап жұрт қарады... Аяғы әлсіз... Денесін ауыр өмір басқандай
зорға алып жүреді. Бірақ белгісіз тілек қинаған көңіл тоқталмай
жі ңіш келеп шаншады. Ескі жұртты көріп, енді арбаға қарай
жүруге айналғанда, Қаракөз арт жағындағы тоғай арасында
сақылдап күлген жас дауысты есітті. Бұрылып біраз тұрып
тоғайға қарай жүрді...
Көлеңкелі биік тоғайдың іші ертегінің күмбезіндей рақат-
ты... Сұлу... Жас тоғайдың салқыны жайлы тыныштығымен
денені мас қылып, сенделткендей... Тоғайдың шетіне кіргенде,
Қаракөз жылда осы қонысқа келгенде естіп жүретін дағдылы
бұлбұл дауысын есітті...
Елсіз таудың ішінде иесіз қоныста мәңгі жастық... Мәңгі
жарастық, ыстық жыршысы кішкене бұлбұл сайрайды...
112
Жаратылыстың қызығына қошемет айтумен бірге жайын
тау, жаралы жартастың жалғыздық күйін де шерлендіріп қоса-
ды. Кей кезде иесіздік пен құлазыған тыныштық күйі сияқ та-
нады. Кейде өзек бойында күрсініп соққан желдей, жібек жібі
сияқты жіңішке дауысын жүз бұралтып, суылдап ысқырады...
Тілсіз табиғаттың жүрегін үзгендей болып шаншылып
қадалады... Кейде жарық айлы түн ішінде қалың таудың ішінде
алыстан естілген көп кішкене коңырлардай болып жартаспен
жаңғырығып дірілдейді, тағы бір кезде Қаракөз жүрегінің
қайғысын айтқандай болып ұзақ мұңмен ырғалып, шұбатылып
тамылжиды... Елсізде жалғыз өзі жүз толғанып, жырлаған бұл-
бұл Қаракөздің ұзақ жылғы қайғысы мен жайын, табиғаттың
ессіздігін жыр қылғандай болады...
Қаралы сұлудың сұлулығын қошеметтеп, беріктігін
мақтағандай болады.
Бірақ бұ да сезім күйін шертеді... Онсыз да қинап жүрген
қанды бір тоңдырып, бір ысытып, Қаракөздің жүрегін қысып
ентіктіреді.
Әттең, қара жыландай нәпсі... Не күйге ұшыратасың? Қайда
апарасың? Қаракөз бұлбұлды тыңдап, тоғайдың ішіне кіріп
қалып еді... Бір мезгілде бағанағы естілген ашық күлкі тағы
естілді... Бұл уақытта жақыннан шықты... Екі күлкі... Бірі жас
әйел... Бірі жігіт болуға керек.
Қаракөз жаңылған жоқ. Алдында қалың ағаштың саясында,
жіңішке өзектің жағасында Қаракөзге сыртын беріп бір қыз, бір
жігіт құшақтасып ойнап отыр... Бұлар қатты даурығып күледі...
Құшақтасқан қалпында қатар жығыла кетіп, құмарлықпен
сүйіседі. Қаракөздің екі көзі тұнжырап, жасқа толып, екі бетін
ерекше ыстық қан басып кетті. Тамағы кеберсіп, қылғынып
жұтынады...
Таза аппақ көйлектің сыртынан қара желетке киген жас
жігіттің ұзын бұйра шашы бар. Сондай жарастықты киінген құ-
мар жас қыз екеуі құшақтасып жантайғанда, жалаңаш аяқтары
өзен суына малынып, салқын сумен шалпылдатып ойнайды...
Бұлар – Қаракөздің ағайыны Смағұл ауылының жастары. Жас
жігіт қыздың қайындап келіп жатқан күйеуі... Оқыған, сұлу
жігіт... Жаздай осы елде болатын... Бұларды аталары еркімен
жіберіп, жалғыз қыздың қызығын еркін қызықтайтын...
113
Қаракөз таныды. Бірақ өмірінде бұл күнге шейін болмаған
асаулық пен іштегі қара жылан жүз толғанып иіріледі... Бойы
ұйып кетеді. Қалың жапырақтың арасында үндемей көзін ала
алмай қатып тұрғанда, ыстық жас ағып-ағып барады...
Бірталай тұрды. Денені ерекше ыстық сенделтіп дүние
қарауытып айналып бара жатқандай болды. Бірақ құлаған жоқ,
зорға есін жиып, қайта түзелгенде, ішінде күшті намыс пен
жігер қайнағандай болып, әлсіреп ұйып кеткен денесін қайта
жиып билеп алды...
Көздің құрты сияқтанған мас жастарды сол орнында
қалдырып, қайта айналып жүріп кетті...
Ауыл қонды бұрынғысынша, жаңа қонысқа қонған ел көп
әбігердің арты тыныштық алып жайланды. Жарық айлы түн
болды...
Күндізгі толқынтқан ой бір басылып, бір көтеріліп түнге
жетті... Басылған уақытында Қаракөз бұл екі жылдан бері
бүйтіп қиналған жоқ еді... Әлде қайта айналып соққан шығар...
Өлейін, өлсем де шыдайын... деп көп күрсінген қайғы ішінде
шын бекініп еді. Төсекке жатысымен қараңғылық тағы ойна-
ды... Қаралы күңгірт көңілде, күндізгі көрген сурет неше түрлі
қызылды-жасылды пішінге мініп, күліп мазақтап қинай бас-
тады. Әрбір жаңа сурет, жаңа келген азаптай, қатты қысып,
жүректі инемен шабақтағандай болды.
Сағымды тілектің қара жыландай жат болып кеткен
сезімі, біресе белгісіз сұлу жігітке Қаракөзді қатты қысып
құшақтатқандай болады. Мас болып елтініп, тамағынан
сүйгізгендей болады... Біресе үстіне барлық денесіне ауыр
салмағын әкеп салғандай, біресе дірілдеген демді, тәтті сұлу
сыбырды естірткендей.
Шыдам біткендей... Жүрегі үзіліп бара жатқандай... Қаракөз
көрпесін сілкіп тастап, қатты күрсініп, дауыстап: «Алла-ай,
тұншықтым ғой, Құдай-ау мұнша неге сорлы еттің?!» – деп,
қайнап қызған қанмен, қайда барарын білмесе де, үйден асығып
шығып кетті...
Ауыл ұйқыда, жарық айдың қалқытқан сәулесінде жеңіл
күрсініп дем алады. Ішіндегі жанды жеген азаппен қиналып
шыққан Қаракөзді білген де жоқ.
Ол жалаң аяқ қалпында үстіндегі жалғыз көйлегімен, тар-
қатылған қара шашы арқасына жайылған қалпынша тоғайға
8–1247
114
қарай жүрді. Бұл уақытта Қаракөз ерекше сұлу еді. Қаракөз
жалғыз ғана жүзінің келістігімен сұлу емес, қазіргі сағатта
көңіліндегі тазалық пен құмарлыққа бойұрғысы келмеген ниет-
пен ерекше сұлуланғандай еді... Бұл уақытта қаралы әйелдің
шын жүрегін өзіне қаратқан жан болса, жарық түнде бақыт
құсын ұстағандай мұратына жетер еді. Қаракөзді қинаған дерт
әлі де басылмай қайнап келеді... Жүректен шыққан жауыз
дұшпаннан құтылу үшін жас әйел белгісіз ем іздейді.... Бүгінгі
түн салқыны ыстықтап күйген денесіне азғантай да сезілмейді.
Қаракөз күрсініп жылап келіп, екі аяғын тізесіне шейін
жалаңаштап суық суға матырып, жиекте жылап отырды...
Қаралы сұлу шын қайғымен жыласа да, жүректе белгісіз
құмарлық қарауытып шығып, жүз толқынып кетеді...
Әлдеқайдан шығып жатқан ыстық қан бойын сабыр сыз-
дықпен дірілдеткен сайын, соның уытын баспақ болып судағы
екі аяғын өзеннің екі ернеуіне қатты-қатты соғады... Екі аяғы
шаншып, солқылдап ауырғанға шейін өткір тасқа соққанда,
іштің белгісіз дерті бәсеңдеп басылғандай болады.
Қаракөз талай жылдан таппаған емін жаңа тапты. Іштегі
дертті басу үшін сол қара жыланды туғызып тұрған денені қи-
нау, жаншу керек екен, Қаракөз бүгін ғана білді... Таң атқанша
аяғын алмай отырғанда, тілім-тілім болып қалған дененің
ауырғанын сезді... Аяғын суырып алып қарағанда, әлденеше
жара түскенін көрді... Бұлардан тоқталмай қан ағып тұр еді...
Ақ етті құмарлық қаны былғап ағып жатты...
Қаракөз биттей де өкінген жоқ; кеселді арам қан... кете
бер, – деп күліп отырып еді...
Осымен таң ағарып атқанда, денесі әбден салқындап, барлық
асау қан басылды. Бұл заманға шейін қысып келген мастық
тілегі біржолата өшті. Баяғы қайғыға бекінген таза көңілі,
өмірінше алысқан қара жыланды жеңіп шықты. Қараңғы қайғы
күннің іші болса да бұл минуттар Қаракөздің бақытты болған
уақыты сияқтанып еді. Ол әбден ағарып тыныштық алған
жүрекпен ауыр күрсініп үйіне қайтты...
Бұның арт жағынан тоғай ішінде таң бұлбұлы, қаралы
жалғыздық күйін қошеметтеп, дұғадай сезімді тазалық жырын
жырлап тұрды... Қаракөз үйге кіріп, Мұқашты сүйіп-сүйіп жа-
тып, қатты ұйықтап қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |